Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы
Жоспар
Кіріспе
1. Сыбайлас жемқорлықтың тарихи негіздері
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың қалыптасуы мен дамуы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Кіріспе
Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық - заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі.
Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық бүкіл әлемді алаңдатып отыр. Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналғанын атап өткен жөн.
Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Десек те, жемқорлық мәселесінің маңызы жыл өткен сайын артпаса, кеміген емес.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.

Сыбайлас жемқорлық тарихы адамзат өркениетінің тарихымен қатар келеді. Тіптен Таурат кітабында былай делінген: княздерің сенің заң бұзады, олар ұлылармен сыбайлас; олар сыйлықты жақсы көреді, пара іздейді, Айыптыны сыйлық үшін ақтап, заңдыны құқықтан айырғандар оңбайды..
Қазақ даласындағы рулық қауымдарда қабылданған әдеттік құқық нормаларын көшпенділер мәдениетіндегі дәстүрлер анықтады. Дегенмен Монғол хандығының да ықпалы елеулі болды.
Ж.А. Тұяқбайдың пікірінше, құқықтық жүйе негіздерінің Қазақстанда қалыптаса бастауының алғашқы кезеңін орта және кейінгі орта ғасырға - XIV-ғасыр мен XIX-ғасырдың бірінші жартысы аралығына жатқызу керек. Бұл кезеңде құқықтың дәстүрлі мұсылмандық жүйесі мен монғолдардың көшпенді өркениетінің құқықтық институттарының өзара үйлесу процесі жүрді.Бұл кезеңде қазақ қоғамында Сыбайлас жемқорлық ұғымы болмаған. Бірақ Қазақстан Ресейге қосылғанға дейін ақсүйектерге сый-сияпат жасау болған. Мысалы, қарапайым дихан, хан, сұлтан, билерге ұшыр салығын - алған өнімінің оннан бірін төлеп тұрған. Мал өсіруші зекет салығын - біршама малын беріп тұрған. Сонымен қатар шонжарлар үшін соғым мал немесе сыбаға жинастырылатын. Басқа да сыйлықтар болды.Ордада заң күші бар қырғыз әдеттерінің баяндауында былай делінген: Хан немесе сұлтан қыс бойы халық есебінен тамақтануы үшін күзде соғым беріледі, сол мақсатта сыбағаны көктемде береді. Ордада отырған адам қандай да бір қызмет атқарғанымен қарапайым қырғыздың сыйынан бас тарта алмайды.
XVI ғасырдың басынан бастап Қазақстанда Қасымның қасқа жолы деп аталатын Қасым ханның заңы күшіне кірді, оның негізіне әдет құқығының нормалары алынды. Бұл әдет құқығының нормаларын XVII-ғасырдың аяғында Тәуке хан өзінің Жеті жарғысында толықтырып бір жүйеге келтірді.Сот функциясын ол кезде әдет құқығына сүйеніп хандар, сұлтандар және билер ауызша атқарды. Олардың айтқаны ақтық шешім болып саналды. Ел ішіндегі дау-дамайды сол жерге барып шешетін, ол үшін ханлық деп аталатын сыйақы алып тұрды. Мұндай шешімдердің нәтижесінде құқықтың жаңа нормалары пайда болды. Дауласқан жақтардың төрелік айтқан билерге тарту жасауына рұқсат етілді. Сонымен қазақтардың сыйлық беру дәстүрі бұрыннан келе жатқан әдет болатын.
Жеті жарғыда қоғамдық қатынастардың барлық жағы қамтылған. Онда азаматтық, әкімшілік және қылмыстық құқық нормалары, дін, салық жайында ережелер бар. Бірақ бір орталықтан жүргізілетін мемлекеттік басқару жүйесі болмағандықтан парақорлық, қызмет бабын теріс пайдаланғандық, яғни Сыбайлас жемқорлық үшін жауапкерлік қарастырылған нормалар болмады.Ал, Сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнінің өзгеруі Ресейдің Қазақстандағы отаршылдық саясатының жүзеге асырылуымен байланысты болды. Қазақстан Ресейге қосылған кезде екі сот жүйесі қатар жүрді: жергілікті ұлттық соттар - қазақтар арасындағы кішігірім дау-дамайды қарастыратын жергілікті билер мен қазылар соты; қазақтардың аса маңызды істерін, ұлтаралық дауларды қарайтын жалпы империялық сот мекемесі.Парақорлық кең етек алғанмен Екатерина ІІ-нің санкциясы аса қатал болған жоқ.Романовтар әулеті патшалық етіп тұрған кезде парақорлық мемлекеттік қызметкерлердің табыс көзіне айналды. Мысалы, канцлер Бестужев-Рюмин Ресей империясына қызметі үшін жылына 7 мың сом алса, Британ тәжіне көрсеткен қызметі үшін сол валютада 12 мың алып тұрды.Бұл қылмысты ешқандай жазалау шарасымен тоқтату мүмкін болмады, сондықтан онымен күрестің жаңа тәсілдері іздестірілді.
1845 жылы Заңдар жинағына толықтырулар енгізіліп, қызмет бабын теріс пайдаланғандық, парақорлық үшін қосымша жауапкершілік қарастырылды. Оның 401-бабында алған парадан екі есе көп мөлшерде айыппұл төлеу түрінде санкция белгіленді. Пара алғыс білдіру және сатып алу деп екіге бөлінді. Егер лауазымды адамға оны сатып алу үшін пара берілсе, ол жұмысынан да босатылатын еді. Айыпты адам шын жүректен өкінген жағдайда жаза жеңілдетілетін.Лауазымды адам өзінің қызметтік міндетін бұзып, заңда көзделмеген сыйақы алса, онда ол бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға немесе 70-80 рет таяқпен ұруға және екі жылдан бес жылға дейінгі мерзімге арестанттық ротаға жіберуге жазаланды. Егер жеңілдететін мән-жай болса және шын өкінсе, қатаң сөгіс беру немесе қызметінен босату түріндегі жеңілдеу жаза қолданылды.
1903 жылы Ресейдің Қылмыстық жинағы жарық көрді, оған 1883 жылғы Жинақтағы лауазымдық қылмыс туралы барлық нормалар кірді. Бұл Жинақта алдыңғыға қарағанда прогрессивтік сипат болды, жаңа қылмыстық заңнама жасау жүйесі жеңілденді, баптар саны азайды, лауазымды тұлғаға анықтама берілді. Бірақ лауазымдық қылмыстарды саралауға қатысты проблема туындады. Мемлекеттік қызметтегі шенеуніктер жасаған қылмыстардан коммерциялық немесе басқа ұйымдардың лауазымды адамдары жасаған сондай іс-әрекеттің арасын ашу керек болды. Ол үшін лауазымды адам ұғымына анықтама беру қажет еді. 1903 жылғы Жинақ заңды күшіне енген жоқ. Патша үкіметінің барлық заңдары 1917 жылы күшін жойды. Ал Сыбайлас жемқорлық сол бетімен қалды, бірақ оған көзқарас екі түрлі сипат алды.Сот ұсталған төртеудің үшеуін он жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға үкім шығарады. Ленин Д.И.Курскийге хат жазып, парақорларды қатаң жазалау туралы заң жобасын тез енгізудің қажет екендігін айтады, парақорларға жеңіл жаза берген судьяларды партиядан шығару туралы мәселені Орталық Комитеттің күн тәртібіне қою жөнінде ұсыныс жасайды.ХКК-нің 16.08.1921 жылғы Декретімен баптың пара алушының іс-әрекетін саралауға қатысты бөлігінің формулировкасы біршама өзгертілді. Пара берушінің мүддесіне өз міндетіне жататын қандай да бір әрекетті жасағаны үшін өзі немесе басқа біреу арқылы қандай түрде болса да пара алған немесе алуға талпынған мемлекеттік, одақтық немесе қоғамдық қызметтегі адамның жауапкершілігі жаңа редакцияда көрсетілді.
1922 жылғы Қылмыстық кодекстің 105-бабының түсініктемесінде қандай да бір мемлекеттік (кеңестік) мекемеде немесе кәсіпорында, сондай-ақ шаруашылық, әкімшілік, ағартушылық және басқадай қоғамдық міндеттерді жүзеге асыруға заң бойынша құқығы, міндеті және өкілеттігі бар ұйымдарда немесе бірлестіктерде тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын адамдар лауазым иелері деп танылған. Нәтижесінде қылмыстық заңның юрисдикциясы қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің және қызметтегі, жұмыстағы лауазымдық теріс қылықтардың көпшілігіне тарады.
1926 жылғы Қылмыстық кодекстің 107-бабында да лауазымдық қылмыс субъектісі ұғымына да осындай түсініктеме берілді.
1959-1962 жылдар аралығында қабылданған республикалық кәсіпорында, мекемеде, ұйымда ұйымдастырушылық-билікті немесе әкімшілік-шаруашылық міндеттерді орындаумен байланысты қызмет атқарушы адам лауазымды адам деп танылды, ал жалпы мемлекеттік міндеттер атқарушы адам алынып тасталды.Кеңес үкіметінің Сыбайлас жемқорлықпен күресі табысты болмады. Оның бірнеше себептері бар.
Біріншіден, 80-жылдардың аяғына дейін Сыбайлас жемқорлық сөзі қолданылмады. Оның орнына парақорлық, қызмет бабын теріс пайдалану, бетімен кетушілік сияқты терминдер пайдаланылды.
1980 жылы парақорлықтың 6000 фактісі айқындалған, ол 1975 жылмен салыстырғанда 50%-ға көп. Ұйымдасқан топтар пайда бола бастады (КСРО Балық шаруашылығы министрлігіндегі ондай топта министрдің орынбасары басқарған 100-ден аса адам болған). Республи-каларда министрлер мен министрлердің орынбасарларының сотталғандығы, бақылаушы органдардың қылмыстық элементтермен жең ұшынан жалғасатындығы, прокуратура мен соттарда парақорлық-тың етек алғандығы туралы айтыла бастады.
Мұның себебі ретінде мыналар көрсетілді:
- кадр жұмысындағы елеулі қателік;
- азаматтардың заңды өтініштерін қараудағы бюрократизм;
- азаматтардың шағымдарымен жұмыстың нашарлығы;
- мемлекеттік, жоспарлық және қаржылық тәртіптің өрескел бұзылуы;
- парақорларға жұмсақ жаза беру.
Үшіншіден, жоғары тұрған кеңес және партия қызметкерлеріне заңның қолы жетпейтін. Тек үш-ақ істі: Г.О. Георгадзеге (КСРО Жоғарғы Кеңес Президиуымының төрағасы), С.В. Медуновқа (Краснодар өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы), С.Т. Щелоковқа (КСРО Ішкі істер министрі) қатысты істерді айтуға болады. Ал Сыртқы сауда министрінің орынбасары А.Р. Сушковқа қатысты іс қозғалып, министр А.П. Патоличевтің шетел фирмаларынан қымбат сыйлықтар алып тұрғандығы айқындалғаннан кейін Орталық Комитет істі жаптырды.Қазақстандағы Сыбайлас жемқорлықтың қазіргі жайы, негізінен, бағыт алған үрдісіне және көшпелі кезеңге байланысты.
1997 жылғы Қылмыстық кодексте лауазымды адамдар жасаған қылмыстар Мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы Сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстар деп аталатын 13-тарауда қарастырылған.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтің 1997 жылғы 21 қазандағы Қазақстан Республикасының Жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы Жарлығында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және оның алдын алу шараларына алғаш баса назар аударылды. Кеңес құрамына белгілі және беделді адамдар, жұртшылық, баспасөз өкілдері кірді Өз жұмысы барысында Кеңес Сыбайлас жемқорлықтың қазақстандықтардың күнделікті өміріне қатысы бар салаларда - денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында, мемлекеттік басқарудың төменгі орындарында кең етек алғандығын анықтады.Сонымен бүгінгі күні Қазақстан Республикасында Сыбайлас жемқорлықпен күрес көзделген заңнама бар және ол дамуда, Сыбайлас ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz