Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі


Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы қызметінің барлық салалары белсенді даму мен түрлендірудің сатысында тұр. Жалпылай алғанда, қоғамның мемлекеттің саясатында, экономикалық өсімінде, интерұлттық және этника аралық азаматтардың қарым-қатынастарындағы қанағаттанғандығы анық. Демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекеттің жағдайларында дауларды шешуге шақырылған барынша жетілген жүйе соттық болып табылады. Сот билігі негізгі бағыттардың бірі болып табылады, оларға біздің заманауи демократиялық мемлекетіміздің құрылысы негізделеді, соттарға Қазақстан Республикасының атынан соңғы шешімді қабылдаудың міндеттемесі қойылады. Судьяның жоғарғы лауазымы оны кәсіби дайын болуын, іскерлік қасиеттердің қажетті жиынтығына ие болуды, өзінің жұмысын ұйымдастыра білуді, сонымен бірге жоғарғы адамгершілік-этикалық қасиеттердің болуын талап етеді. «Бес институциялық реформалардың жүзеге асырылуы бойынша 100 нақты қадам» ұлттың Жоспарында ел Президенті Н. Назарбаев сот жүйесінің жетілдіру жолдарын атап көрсетті, сот жүйесінің жаңғыртылуына бағытталған 11 қадамды анықтады. Алайда республиканың сот жүйесі күйі тереңінен алаңдатады, ол ұзақ уақыт бойы күрделі жағдайда тұр. Сот жүйесінің дағдарысы сот өндірісімен мәжбүрлі түрде соқтығысатын тұлғалардың санында көрінеді, алайда мемлекеттің дамуының жалпы жағымды тенденциясында жаппай қозбайды. Сот жүйесін жетілдіру бойынша шаралардың жеткіліксіздігі, соттардың құқыққа қабілеттілігінің нашарлауы жеке азаматтардың наразылығын арттырады. Көптеген сот актілері басқа сот актілерінен мәтіндерді көшіру жолымен плагиат әдісімен ендіріледі, кейде тіпте тараптардың тегін өзгертусіз. Соттардың жұмыс бастылығы сот істерін объективті қарауға қабілетсіздікті тудырады. Істерді қараудың конвейерлі, ағылмалы әдістері жеке және жетеге қарағанда көбірек қолданылады. Көп жағдайларда жоғарғы тұратын сот инстанциялары отырыста істі қарастырады және ол бойынша шешімді бес минуттың ішінде шығарады. Соттармен шығарылатын күдікті шешімдердің санының артуы адамдардың құқықтарының сақталуы мен қорғанысымен жағдайлардың тұрақталмауына алып келуі мүмкін [1, б. 65] . Алдында біз айтып өткендей, құқық қорғау жүйесі заңдылықтың күйі мен оның бекітілуіне әсер етудің қарқындылығын негіздейтін элементтер жүйесінің маңызды құрам бөлігі болып табылады. Бұл ретте, осы жүйені құрайтындар құқық қорғау органдары мен құқық қорғау қызметтеріне ие болған органдар деп бөлінеді. Бірінші топқа - құқық қорғау қызметтері жалғыз немесе негізгі болып табылатын құқық қорғау органдары жатады (ІІМ, АФП, ҰҚК, прокуратура) .
1. Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Қазақстан Республикасының сот жүйесін - Жоғарғы Сот және жергілікті соттар - облыстық және оларға теңестірілген соттар, аудандық (қалалық) соттар құрайды. Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол бермейді. Бірақ бұл мамандандырылған соттарды құруға болмайды дегенді білдірмейді. Сот билігі сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген түрінде жүзеге асырылады. Соттардың адам мен азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіретін зандар мен өзге де нормативтік-құқыктық актілерді қолдануға құқы жоқ. Енді сот жүйесінің буындарын қарастырып көрелік.
Аудандық (қалалық) соттар - соттар жүйесінің негізгі буыны - сот әділдігін жүзеге асыруда ауқымды құзыретке ие және сот жұмысының елеулі блігін атқарады. Оларды ауданда, қалада (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда), қала ауданында Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент құрады. Мұндай соттар төрағадан және аудандық судьялардан тұрады. Аудандық (калалық) сот өзге соттардың жүргізуіне жататын істерден басқа бірінші сатыға жататын барлық істерді қарайды.
Облыстық және оларға теңестірілген соттар (мысалы, Астана мен Алматының қалалық соттары) - орта буын соттарын - Президент құрады. Бұл буындағы соттар жүгіну, кассациялық және қадағалау ретіндегі бірінші саты соттары ретінде, сондай-ақ аудандық (калалық) соттарға катысты жоғары тұрған сот ретінде әрекет етеді.
Қаралып отырған соттар сот төрағасынан, алқалар төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты - сот жүйесінің ең жоғары буыны. Жоғарғы Сот азаматтык, қылмыстық және жалпы сот ісін жүргізудің соттарда қаралатын өзге де істер жөніндегі жоғары сот органы болып табылады. Заңда көзделген іс жүргізу нысандарында езінен төмен тұратын соттардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады. Нормативтік қаулылар алу жолымен оларға сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады. Жоғарғы Сот төрағадан, алқа төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады.
Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасын, алқалардың төрағаларың және Жоғарғы Соттың судьяларын Республиканың Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың төрағаларың, алқаларының төрағаларын және облыстық соттар мен оларға теңестірілген соттардың судьяларын Жоғарғы Сот Кеңесінің кепілдемесі бойынша Президент тағайындайды. Басқа соттардың төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген Әділет министрінің ұсынуы бойынша Президент қызметке тағайындайды.
Сот жүйесінің бірлігі
Қазақстан Республикасының сот жүйесінің бірлігі:
1) Конститутцияда, осы Конститутциялық заңда, іс жүргізу және өзге де заңдарда белгіленген, барлық соттар мен судьялар үшін ортақ және бірыңғай сот төрелігі мен принциптерімен;
2) сот билігін барлық соттар үшін сот ісін жүргізудің заңдарға белгіленген бірыңғай нысандары арқылы жүзеге асырумен;
3) Қазақстан Республикасының барлық соттарының қолданыстағы құқықты қолданумен;
4) заңдарда судьялардың бірыңғай мәртебесін баянды етумен;
5) заңды күшіне енген сот актілерін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындаудың міндеттілігімен;
6) барлық соттарды тек қана Республикалық бюджет есебінен қаржыландырумен қамтамасыз етіледі.
Қазақстан Республикасындағы соттар қызметінің тәртібін және судьялардың мәртебесін белгілейтін заңдар
Қазақстан Республикасындағы сот құрылысы мен судьялар мәртебесі, сондай-ақ сот төрелігін іске асыру тәртібі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, осы Конститутциялық заңмен жне басқа да заң актілерімен белгіленеді.
2. Қазақстан Республикасы судьяларының мәртебесі
Қазақстан Республикасының жасы жиырма беске толған, жоғары заң білімі, заң мамандығы бойынша кемінде екі жыл жұмыс өтілі (стажы) бар және біліктілік емтиханын тапсырған азаматтары судья бола алады. Судья қызметін алғаш рет атқарып отырған адам ант қабылдайды. Соттардың тұрақты судьялардан тұратындығын атап көрсету қажет; судьялардың тәуелсіздігі мен олардың құқына қолсұғылмаушылығы Конституциямен және заңмен қорғалады. Судьяның өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы" Конституциялық заңда көрсетілген негіздемелер бойынша ғана тоқтатылады.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конститудия мен заңға ғана бағынады. Судьяға ешкімнің ешқандай ықпал етуге құқығы жок. Судья сот әділдігін іске асыру кезінде Конституция мен Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға міндетті, судьялық этика (әдеп) талаптарын сақтауға тиіс, заңсыз араласуға жол бермеу жөн. Судьялардың кеңесінің құпиясың сақтауға міндетті. Судья оқытушылық, ғылыми немесе өзге шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқара алмайды. Судьяны тұткынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, Республика Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьялар мен оның отбасы мүшелері және мүлкі мемлекет тарапынан қорғалады.
Конституциялық Кеңестің құқықтық мәртебесі
Конституциялық Кеңес мемлекеттік орган ретінде елілгіздің барлық аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз етеді. Конститудиялық Кеңес жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Республиканың экспрезиденттері ғұмыр бойы Конституциялық Кеңестің мүшелері болып табылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын Президент тағайындайды және қызметінен де Президент босатады. Конституциялық Кеңестің екі мүшесін Президент, Сенат төрағасы және Мәжіліс төрағасы сайлайды, қызметінен де солар босатады. Конституциялық Кеңес мүшелерінің жартысы әрбір үш жыл сайын жаңартылып отырады.
Конституциялық Кеңес кұрамына тағайындау үшін мынадай талаптар койылады:
- Қазақстан Республикасынын азаматы;
- жасы отызға толған;
- республика аумағында тұрақты тұратын;
- жоғары заң білімі бар;
заң мамандығы бойынша кем дегенде бес жыл жұмыс өтілі бар болуы керек.
Құқық қорғау органдары3. Жоғарғы сот
Жоғарғы сот - мемлекеттің сот жүйесін басқарушы ең жоғары сот органы. Айрықша сот істерін, атап айтқанда, жоғары лауазымды адамдардың қылмыстары туралы және аса ауыр мемлекеттік қылмыстар туралы істерді қарайды. Сонымен бірге ол елдің барлық төменгі соттарының шешімдері жөнінде шағым жасалатын ең жоғары орган болып табылады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, АҚШ-та, Үндістанда, Шри-Ланкада, Жапонияда) Жоғарғы Сот конституцияны түсіндіру және конгресс, штаттар мен федеральдік үкімет органдары қабылдаған актілердің конституцияға сай келуі туралы мәселелерді шешу, конституциялық бақылау міндеттерін де жүзеге асырады. Кейбір мемлекеттерде (Мысалы, Германияда, Ресейде) аталмыш міндеттер Жоғарғы Сотпен қатар арнаулы конституциялық соттарға да жүктелген. Қазақстан Республикасында бұл міндетті Конституциялық кеңес атқарады (Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі) . Конституциялық соты не кеңесі жоқ федеративтік мемлекеттерде Жоғарғы Соттың құзырына федерация мен оның субъектілері арасындағы, сондай-ақ федерация субъектілерінің өз арасындағы дауларды шешу жатады. Жоғарғы Сот түрлі мемлекеттерде түрліше ресми аталуы мүмкін. Мысалы, Қазақстанда, Австрияда, Ирландияда, Исландияда, Канадада - Жоғарғы Сот; Германияда - Жоғары федеральдік сот, Италияда - Жоғары кассациялық сот; Грекияда - Ареопаг; Эстонияда - Мемлекеттік сот; Швейцарияда - Федералдық сот, т. б.
Жоғарғы Сот, әдетте, істердің кейбір санаттары (азаматтық, қылмыстық, конституциялық) бойынша сенаттарды (палаталарды, алқаларды) қамтитын күрделі құрылым болып келеді. Мысалы, Ұлыбританияның (және Уэльстің) Жоғарғы Сотын төраға ретінде лорд-канцлер басқарады, ол дербес үш сот мекемесінен - Шағымдық соттан, Мәртебелі соттан және Тәж сотынан тұрады. Әдетте, Жоғарғы Соттың құрылу тәртібі, сондай-ақ, негізгі міндеттері (өкілеттіктері) елдің конституциясымен айқындалады. Жоғарғы Соттың судьясын мемлекет басшысы дербес немесе парламенттің (оның жеке палатасының) бекітуімен тағайындайды. Мысалы, АҚШ-тың Жоғарғы Сотның судьясын АҚШ Президенті Сенаттың кеңесімен және келісімімен тағайындайды.
Парламенттік елдерде Жоғарғы Сот судьяларын тағайындау кезінде үкімет шешуші рөл атқарады. Көптеген мемлекеттерде Жоғарғы Сот судьялары лауазымына үміткерлер ұсынуды сот қоғамдастығы органдары немесе сот қызметінің істері жөніндегі арнаулы комиссиялар жүзеге асырады. Көптеген елдерде судьялардың Жоғарғы Сот құрамында болу мерзімі заңда белгіленген жасқа толуымен шектеледі (әдетте 65 - 70 жас) . Жоғарғы Сотқа біліктілігіне қойылатын талаптарды (әдетте төменгі соттармен салыстырғанда) қанағаттандыратын кәсіпқой судьялар мүше болып тағайындалады. Бұл талаптардың ең бастылары - заңгер мамандығы бойынша бай жұмыс тәжірибесінің және кіршіксіз беделінің болуы. Дәстүрлі қазақ қоғамында пайда болған дау-жанжалдарды билер соты реттеп отырғаны белгілі. Қазақ хандығы нығайып, біртұтас мемлекетке айналған кезеңде жыл сайын шақырылып отырған билер кеңесі әрі қазіргі ұғымдағы парламенттің, әрі Жоғарғы Соттың қызметін атқарған.
Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы жылдарында Жоғарғы Сот билігін Қырғыз (Қазақ) АКСР революциялық трибуналы (1921 - 23), РКФСР Жоғарғы Сотның Қазақ бөлімі (1923 - 29), Қазақ АКСР Жоғарғы соты (1929 - 36) жүргізді. 1937 ж. 3 ақпанда қабылданған Қазақ КСР Конституциясының арнаулы тарауында сот ұйымдары мен прокуратура қызметін ұйымдастыру, құру тәртібі белгіленді. 1970 ж. 31 тамызда КСРО Әділет министрлігінің “Одақтас республикаларда Әділет министрлігін құру туралы қаулысына” сәйкес одақтас республикаларда әділет министрліктері құрылды. 1990 ж. 23 қарашада “Қазақ КСР-нің сот құрылымы” жөніндегі Конституциялық Заңға өзгерістер енгізу туралы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының қаулысы қабылданып, Жоғарғы Соттың бұрынғы алқаларына қосымша төраға және 4 судья құрамында әскери сот алқасы құрылды. 1992 ж. 22 желтоқсанда бұл Заң “Әскери соттар” деген арнайы тараумен толықтырылды. 1993 ж. 28 қаңтарда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында 16-тарау сот билігіне арналды. Оның 95-бабында Қазақстандағы сот билігі Конституциялық соттың, Жоғарғы соттың және Жоғары төрелік соттың, сондай-ақ, заң бойынша құрылатын төменгі соттардың құзырында екені атап көрсетілді. Конституциялық сот (қазіргі Конституциялық кеңес) Қазақстан Республикасы Конституциясын қорғау жөніндегі ең жоғары орган болып танылды. 1994 ж. 12 ақпанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасы туралы” Жарлығы шықты. Мұнда сот жүйесін реформалаудың бағыттары белгіленді. Сот жүйесін жалпы соттар мен төрелік соттарға жіктеудің қажетсіздігі атап көрсетілді. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында (1995, 30 тамыз) осы принциптер бекітілді. Жоғарғы Сот арнайы сот алқаларына бөлініп құрылды, судьялар құрамы да соған қарай іріктелді. 1995 ж. 20 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осыған орай бұған дейін дербес өкілеттік жүргізіп келген Қазақстан Республикасының Төрелік соты Жоғарғы Соттың құрамына қосылды.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты - мемлекеттің ең жоғары сот билігі органы, яки елдегі азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, т. б. істер бойынша ең жоғары сот органы болып табылады. Ол төменгі соттардың қызметіне сот қадағалауын жүзеге асырады және соттың іс-тәжірибесіне қатысты әр алуан мәселелер жөнінде түсінік береді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотн төраға, оның орынбасарлары, мүшелері құрамында Қазақстан Республикасы Парламенті 5 жыл мерзімге сайлайды. Оның құрылымы, мәртебесі, қызмет тәртібі 2000 ж. 25 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заңмен белгіленген. Бұл Конституциялық Заң Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық Заң күші бар Жарлығында белгіленген реформаларды одан әрі дамытты. Жоғарғы Сот құрамындағы әскери алқа таратылып, оның жаңа құрылымы белгіленді. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот қадағалауын ең алдымен төменгі соттардың нақты істерді шешуде заңдылық пен негізділікті сақтауын тексеру, олар жіберген қателерді түзету жолымен жүзеге асырады. Сонымен бірге Жоғарғы Сот республикадағы сот жүйесінің іс-тәжірибесін зерделеп, қорытындылайды, сот статистикасына талдау жасайды, осы негізде сот істерін қарау кезінде заңнаманың қолданылуы барысында туындайтын мәселелер бойынша түсініктер береді, заңи бастамашылық құқығын пайдаланады. Жоғары сот билігін жүргізуші орган ретінде Жоғарғы Сот істерді өзінің өкілеттік құзыры шегінде, бірінші сатыдағы сот дәрежесінде апелляциялық және қадағалау тәртібімен, сондай-ақ жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қарайды. Бұл орайда, Жоғарғы Сот қарайтын істер бойынша заңи хұкім жүргізу құзыры Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі мен Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес айқындалады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының құрамы төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Жоғарғы Соттың органдары: қадағалау алқасы, азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа, соттың жалпы отырысы. Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі алқасы мен қылмыстық істер жөніндегі алқасын - алқа төрағалары, ал қадағалау алқасын Жоғарғы Соттың төрағасы басқарады. Әр алқадағы судьялар саны Жоғарғы Сот төрағасының ұсынысымен соттың жалпы отырысында белгіленеді. Қадағалау алқасы Жоғарғы Соттың жалпы отырысында жасырын дауыс беру жолымен жыл сайын сайланатын судьялардан құралады. Азаматтық істер жөніндегі алқа мен қылмыстық істер жөніндегі алқа соттың жалпы отырысында талқыланғаннан кейін дербес құрамын Жоғарғы Сот төрағасы белгілейтін судьялардан құралады. Жоғарғы Сот төрағасы азаматтық істер жөніндегі және қылмыстық істер жөніндегі алқаларда мамандандырылған құрам құруы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz