Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы
2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие
3. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру ерекшелігі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

Кіріспе

Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани- этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан бастап барлық жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері атты жаңа пән енгізіле бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға бағытталған. Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдар тобы бұл проблема бойынша оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді. Ұсынылатын оқу құралы Академияның профессор-оқытушылар құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері жүйелі түрде әзірленуде.

1. Сыбайлас жемқорлық ұғымы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін сыбайлас жемқорлық ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. Сыбайлас жемқорлық сөзі (латын тілінен corumper) көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, rumpere көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын со қосымшасы сыбайлас жемқорлық - бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша corruptio параға сатып алу, іріп-шіру дегенді білдіреді, сыбайласу етістігі біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу дегенді білдіреді. Рим құқығында corrumpire сөзі сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу, сондай-ақ құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы деген мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині corruptio екі түбірлі сөзден cor (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және ruptum (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім және тәрбие

Ағарту және тәрбиелеу жұмыстары. Жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру жөніндегі ағарту және тәрбиелеу жұмыстары қазақстандық қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында сыбайлас жемқорлықты туғызатын және соған себеп болатын себептер мен шарттарды жою (барынша азайту) жөніндегі мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың бір бөлігі болып табылады. Бұл тұрғыдан алғанда білім берудің аса маңызды бағыты сыбайлас жемқорлық көріністерін қабылдамайтын білім беру ортасын құру, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын моральдық деңгейі жоғары, адамгершілігі мүліксіз азаматтарды тәрбиелеу болуға тиіс.
Бүгінде жас ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу жұмысының теориясы мен практикасына басқаша зер салу керек. Азаматтық қоғамды нығайту және дамыту, құқықтық көзқарас тұрғысынан сауатты, өзінің азаматтық құқықтары мен міндеттері туралы қажетті ілімдерге ие, бұл білімдерді күнделікті өмірде қолдануға қабілетті, сыбайлас жемқорлықты өзінің азаматтық құқықтарының бұзылуы деп түсінетін және бұл құқықтарды қорғауға дайын азаматтарды тәрбиелеу қажеттілігі Қазақстанның барлық білім беру мекемелерінің өзекті міндеті болып отыр. Бұл үшін, ең алдымен әртүрлі жас топтарындағы балалар мен жастарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие әдістері мен құралдарының мақсатын, олардың мазмұнының, нысандарының ерекшеліктерін педагогикалық тұрғыдан қайта салмақтау қажет. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбие педагогикалық кең мағынасында - бұл құнды ұстанымдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімді қалыптастыру және жас азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты азаматтық ұстанымдардың қалыптасуы үшін қажетті қабілеттерді дамыту мақсатында арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын ықпал ету. Ауқымсыз педагогикалық мағынада - бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұйымдастыруға бағытталған арнайы ағартушылық және тәрбие жұмысы процесі мен оның нәтижесі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен тәрбиенің мәні интериоразацияны білдіреді, яғни қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарын ішкі құндылық ұстанымдарына айналдыру және әрбір білім алушының соған көзін жеткізу. Бұл іске асқан жағдайда, ол оның кейінгі өміріндегі бет түзер бағыты болады. Бұл тұрғыдан сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мен тәрбие жөнінде олардың біртұтас процесс екенін айтуға болады. Бір жағынан білім алушыларға қажетті білім көлемін және тиісті моральдық идеалы туралы, рухани және адамгершіліксіз әрекет, моральдық қағидаттар мен нормалар туралы ұғымдарды қалыптастыруды болжайды. Екінші жағынан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие адамның рухани сана- сезімнің қабылданған және игерілген элементтеріне сәйкес әрекет етуінің терең ішкі қажеттілігін қалыптастыруды білдіреді.
Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру - бұл үздіксіз процесс, оның негізгі бағыттары: 1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды сіңіру; 2) тиісті моральдық сенімдерді, қасиеттер мен сезімдерді қалыптастыру; 3) қажетті моральдық қажеттіліктер мен әдеттерді дамыту. Бұл бағыттар сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие міндеттерін білдіреді. Бүгінде білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің мынадай негізгі компоненттері бөліп көрсетіледі: - білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық әрекеттері жағдайларының болмауы; - сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту ісі; - білім беру субъектілерінің өзара іс-қимылы негізіндегі өмір-тіршілігі проблемаларын шешу тәжірибесін алу; - білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптастыру бойынша педагогикалық қызмет . Бұл жүйеде әртүрлі жас кезеңінде қалыптасуы мүмкін бірқатар тұлғалық құрылымдарды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыста (3-6 жас - әлеуметтік маңызды тәжірибені қарқынды жинақтау және әлеуметтік кеңістікте бағдар алу кезеңі) балаларға Отанға деген махаббат, туған табиғатқа махаббат және оны қорғау қажеттілігі, өзін қоршаған адамдар мен қазақстандық халықты құрметтеу, тәртіптілік, адалдық сияқты құндылықтарды сіңіруге айрықша көңіл бөлу керек. Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы - бұл олардың рухани-адамгершілік және әлеуметтік-мәдени құндылықтарды, қоғамда қабылданған жүріс-тұрыс қағидалары мен нормаларын қалыптастыру. Кіші мектеп жасында (7-10 жас - кемел балалық шақ, дене және рухани күш жинақтау уақыты) біршама өзгермеген түрде өмір бойы сақталатын тұлғалық қасиеттер мен саралардың қарқынды қалыптасуы жүзеге асырылады. Сондықтан бұл жаста рухани мәдениеттің қалыптасуының маңызы зор. Ар-ождан, абырой, ұят, қайрымдылық, жанашырлық, адалдық, әділдік, жауапкершілік және т.с.с. рухани қасиеттердің қалыптасуына ерекше назар салған жөн. Бұл кезеңде балалардың сыбайлас жемқорлық пен оның залалы туралы дүниетаным сипатындағы түсінік пен ұғымның қалыптасуы маңызды. Негізгі дүниетаным идеясы қоғамды тану заңдарымен байланысты болуға тиіс. Бұл ретте баланың ұғымды салмақтау білуіне, өз көзқарасын айтуына үйрету, оны қиын жағдайға қойып көру қажет. Орта мектеп жасы - (10-14 жас - жасөспірім кезеңі, балалардың өміріндегі күрделі кез) - бұл балалық шақта сіңірген рухани-эстетикалық қорын бекемдеу, оны салмақтап, байыту кезеңі. Бұл өмірлік кезеңнің нақты қиындығы әлеуметтік қатынастар жүйесіндегі, рухани-эстетикалық пайымдауды дамытудағы өзіндік түйсіктің, өзін-өзі танудың, өзін-өзі бағалаудың бірте-бірте өспелі толқынын білдіреді. Бұл жаста патриотизм, интернационализм, өз Отанын мақтан ету, елдің қоғамдық құрылымын құрметтеу, еңбек сүйгіштік, жауапкершілік, тәртіп, адамның азаматтық құқықтарын білу және құрметтеу сияқты тұлғалық қасиеттерді сіңірудің маңызы зор. Бұл осы жас тобында құқықтық сана-сезімді қалыптастыру сияқты сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиенің негізгі міндетін айқындайды. Біздің көзқарасымызша бұл сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің негізгі міндеті. Жасөспірім жасында білім алушылардың өмірлік проблемаларды шешу қағидаларын саналы түрде қабылдау білу даңдысын қалыптастыру маңызды. Бұл үшін олар билікпен қарым-қатынаста өз проблемаларын тиімді шешу тәжірибесін жинайтын практикалық жағдай туғызу керек. Бұл тұста, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-ағарту бөлігінен басқа жеке таңдау негізінде өмірлік проблемаларды шешу жағдайларын туғызған жөн. Жоғары мектеп жасы (14-18 жас - жастық шақ) - бұл дене және психологиялық кемелденудің аяқталатын, қоғамдық пайдалы өндірістік еңбекке және азаматтық жауапкершілікке әлеуметтік дайын болатын кезең. Жоғары сынып оқытушылармен жұмыс кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие жүйесінің басты міндеті білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы нұсқама
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптасрыу ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы
Қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайлар
Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу
Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік
2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы
Сыбайлас жемқорлық сананың функциялары
Пәндер