Қазақстанда өлім жазасын жою қазіргі жағдайы және болашағы
Жоспар
Кіріспе
1. Өлім жазасы
2. Қазақстанда өлім жазасын жою: қазіргі жағдайы және болашағы
3. Өлім жазасына қарсы көзқарас
4. Сотталғандардың Қылмыстық-атқару кодексіне сәйкес құқығы
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары .
Сондықтан қандай жағдай болмасын, өлім жазасын қолданситетініуды мүлдем қолдамаймын. Лондон қаласында адам құқығына қатысты мамандар бас қосып, өлім жазасына қатысты мәселелерді талқылап, жиын өткізілді. Көптеген елдер қылмыскерге өлім жазасын қолдануға қарсы. Біздің еліміз осыдан сегіз жылдай бұрын өлім жазасына мораторий жариялады. Мораторийді бұдан әрі соза берудің қажеті жоқ. Алдағы уақытта өлім жазасын мүлдем алып тастауымыз қажет. Өйткені өлім жазасының елдегі қылмыс - тық ахуалды жақсартуға, қылмыскерді түзу жолға салуға ешқандай оң әсері жоқ.
Бұған әлемдегі талай зерттеушінің жүргізген көптеген зерттеуі мен ғалымдардың келтірген пайымдауларын дәлел ретінде келтіруге болады. Осы орайда әлемдік деңгейде терроризм секілді қауіпті әрекеттердің өршуіне орай елімізде өлім жазасын қалдырудың қажеттілігі жоқ.
Ал өте ауыр қылмыс түрлері саналатын әрекеттерге барған қылмыскерлерге өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолдану қажет. Бүгінде көптеген ел өлім жазасының орнына өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын қолданып жүр. Әлем бойынша өршіп бара жатқан терроризм қаупінің сейілуіне де өлім жазасы оң әсер етеді деп ойламаймын. Өйткені террористер - онсыз да басын өлімге тіккен жандар. Ендеше, олар - ды өлім жазасымен қорқытамыз деу - күлкілі нәрсе. Рас, соңғы кездері елімізде педо - филдердің әрекеті өршіп кетті. Өз басым педофилдерге кастрация жазасын қолданған дұрыс деп санаймын. Өйткені көптеген ел педофилдердің істеген қылмысына қарай ең әділ жаза ретінде кастрацияны қолдануда. Егер педофил өз әрекетін қайталайтындай қауіп танытса, онда өмірлік бас бостандығынан айыру қажет.
1. Өлім жазасы
Өлім жазасы қоғамдағы ауыр қылмыстармен күресу үшін қолданылған. Көне замандарда негізінен патшаның әмірін орындамаған адамды, иесіне қарсыласқан құлды, ұрлық жасаған адамды, бұйрықты орындамаған жауынгерді өлім жазасына кескен. Шыңғысхан әскерінде бір адам шайқас кезінде шегінсе немесе қашса құрамына сол жауынгер кіретін бір ондық түгел өлтірілген. 13 ғасырда Еуропада басталған инквизиция католик шіркеуінің ілімінен дүниетанымы өзгеше адамдарға өлім жазасын (өртеу) қолданды. Ислам елдерінде кісі өлтірушілер, зинақорлар осы жазаға кесілді. Қазақ қоғамында да жазаның бұл түрі ауыр қылмыс жасағандарға қолданылды. Қанға қан қағидасын бірте-бірте құн төлету жазасы ығыстырғанымен, соғыс кезіндегі сатқындық, туыс адаммен көңіл қосу сияқты бірқатар қылмыстар үшін өлім жазасына кесті (ат құйрығына байлау, таспен атқылау). 20 ғасырдың 2-жартысында адам қоғамын ізгілендіру ағымының күш алуы нәтижесінде өлім жазасын жоюға бағытталған халықаралық шаралар іске асырыла бастады.
Еуропа Кеңесі Адам құқықтары мен бостандығын қорғау туралы конвенцияға қосымша 1983 жылғы 28 сәуірде өлім жазасын жою туралы №6 хаттама қабылдады. БҰҰ Бас Ассамблеясы Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықар. пактіге қосымша 1989 жылы 15 желтоқсанда өлім жазасын жою туралы екінші қосымша хаттама қабылдап, әлем елдерін сол хаттамаға қол қойып, қосылуға шақырды. Осы шаралардан кейін әлемнің 80-нен астам мемлекеті өз қылмыстық заңынан өлім жазасын алып тастады. Қазақстанда өлім жазасы (ату) тек айрықша ауыр қылмыстар (лаңкестік, геноцид, айуандықпен кісі өлтіру, т.б.) үшін тағайындалады. 18-ге толмаған жасөспірімге, әйел адамға, сот үкімі шыққанға дейін 65 жасқа толған ер адамға қолданылмайды. Рақымшылық жасалған жағдайда өлім жазасы өмір бойына немесе 25 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылуы мүмкін.
Қазақстанда 2003 жылдан бастап өлім жазасына мораторий жарияланған.

Өлім жазасы тақырыбы жүздеген жылдар бойы бүкіл әлем халқын толғандырып келуде. Бұл адамзат баласын бітіспес екі лагерге: өлім жазасының жақтастары мен қарсыластарына бөліп тастаған, ғасырлар бойы оның ой-санасын сергелдеңге салып келе жатқан мәселе. Олардың алғашқылары елде өлім жазасының жоқтығы - оның өркениеттілігінің көрсеткіші деп бізді сендіріп бағады. Ал екіншілері болса, қоғам өркениеттілігін онда өлім жазасының мүлде болмауы емес, қайта керісінше өлім жазасы тағайындалатын рақымсыз да қатыгез қылмыстардың болмауы ғана айқындайды деп есептейді.
Қанға-қан, жанға-жан деген қанды кек қағидасы бойынша жазалау, қорқыту - бүгінгі таңда өлім жазасына кесу туралы үкімдердің пайдасына айтылып келе жатқан дәлел болып тұр. Енді сол үкімдердің қаншалықты тиімді екенін және алдын-алу шарасы ретінде өзін-өзі қаншалықты ақтайтынын қарастырайық. Бәрінен бұрын, кінәсіз адамды өлім жазасына кесу қаупі әр кезде де болғанын есте сақтаған жөн. Әлемде қылмыстық сот ісін жүргізудің әбден жетілдірілген жүйесі жоқ және олардың ешбірі де, заңдарда қарастырылған процедуралық кепілдіктердің санына қарамастан, білместікпен немесе әдейі жасалған қателерден сақтандырылмаған. Қателік жасау, соның ішінде орны толмас қателік жасап, кінәсіз адамды өлім жазасына кесу - бүгінгі күннің ащы шындығына айналып отыр. Өлім жазасын жақтаушылардың басты уәжі - ол қылмыс жасаудан қорқытудың, соны тежеудің факторы болып табылады. Алайда көптеген зерттеулер өлім жазасы қылмыс деңгейіне қалай әсер ететінін, ол жойылған жағдайда салдары қандай болатынын әлі күнге дейін ғылыми түрде дәлелдеп бере алмады. Қылмыс жасауды ойластыра отырып, қылмыскер әдетте тағайындалатын жазаның қатаңдығын емес, жауаптылықтан құтылу жолдарын ғана іздестіреді. Егер ол қылмысы ашылмауына сенімді болса, онда оны ең қатаң жаза да тоқтата алмайды. Осыдан туындайтын қорытынды: егер біз ықтимал қылмыскерді қорқыту факторы туралы айтар болсақ, онда бұл фактор ретінде жазаның қатаңдығы емес, оның бұлтартпастығы болуы керек. Қылмыстың уақтылы ашылатынына, ал айыптылардың сотқа тартылатынына қоғамның сенімі қылмысты тежеудің шешуші факторы болып табылады. Өйтпеген жағдайда өлім жазасы қылмыс деңгейінің төмендеуіне әсер ету құралына айналмай, құқық қорғау жүйесінің тиімсіздігін көлегейлейтін қатал бет перде болып қала береді.
Өлім жазасының тежеуші ролі туралы аңыз қоғамның санасына да тікелей әсер етеді. Әр елде жүргізілген әлеуметтанушылық сұраулар көрсеткеніндей, халықтың көпшілігі бұл жаза түрін қолдайды. Өлім жазасын жақтайтындар сондықтан оны өздерінің басты уәжі ретінде кеңінен қолданады. Бұл тұрғыда Қазақстан да шетте қалған жоқ, бізде сұралғандардың 70 пайызға жуығы өлім жазасын қалдыруды жақтап отыр. Сұрау салу қорытындылары біршама қызық жәйттердің бетін ашты. Өлім жазасына қарсы шығушылардың көпшілігі жазаның осы түрінен бас тарту қажеттілігін дәлелдей алатын сауатты адамдар екен. Соның негізінде, халықтың пікірін тыңдап қана қоймай, өлім жазасынан бас тарту тиімділігінің аргументтері, адамның түбегейлі құқықтары және аболиционисттік қозғалыстың мақсаты туралы толық ақпарат беру қажет деген ұйғарым жасалды.Тағы бір айта кететін ерекшелігі, өлім жазасынан бас тарту мүмкіншілігі туралы мәселені қарастыруды парламентшілер емес, Республика Президенті ұсынды. Бұл ретте өлім жазасын қолдануды шектеу алда тұрған мақсат емес, қылмыстық құқық саласын ізгілендіруге бағытталған ауқымды бағдарлама элементтерінің бірі ғана еді, оны жүзеге асыру мемлекетке жазалау құралдарын үнемдеп, қылмыскерді жазалаудың басқа тәсілдерін кеңінен қолдануға мүмкіншілік беретін, қылмыстық санкциялардың саралаулы және икемді жүйесін құруға әкеп соқтырды.
Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардың өзінде-ақ, елде құқықтық реформа басталуымен бір мезгілде өлім жазасын кезең-кезеңмен жоюға бағыт алынды, Қазақстан оны қатаң ұстанып келеді. Бұл еліміздің халықаралық ұйымдарға кіруі үшін өлім жазасынан бас тартуы міндетті шарт ретінде қарастырылатын халықаралық-құқықтық міндеттемелеріне немесе оларға мүшелігіне байланысты емес еді. Әуелі ұрлық, жалған ақша жасағаны, валюталық операциялар туралы ережені бұзғаны үшін тағайындалатын өлім жазасы заңнама арқылы жойылды. Кейінірек қарақшылық жасағандарға, түзеу мекемелерінде жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғандарға, кісі зорлағандарға және пара алғандарға қолданылатын өлім жазасынан бас тартылды. Өлім жазасын қолданудың аясын шектеу үрдісі 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген жаңа Қылмыстық кодексте де жалғасын тауып, ол осы жаза тағайындалуы мүмкін әрекеттердің санын екі есеге қысқартты. Нәтижесінде өлім жазасын соттар ауырлататын мән-жайларда қасақана кісі өлтіргені үшін ғана тағайындайтын болды. Кодекс өмір бойы бас бостандығынан айыруды өлім жазасының баламасы ретінде белгілеп, сондай-ақ өлім жазасын қолданудағы жаңа шектеулерді және осы жазаға кесілген тұлғалар құқықтарының қосымша кепілдіктерін бекітті. Өлім жазасын әйелдерге, сондай-ақ 18 жасқа толғанға дейін қылмыс жасаған тұлғаларға, және үкім шығарылатын кезде 65 жасқа толған ер кісілерге тағайындауға тыйым салынды. Кінәліге өлім жазасы барлық судьялардың бірауыздан қабылданған шешімі бойынша тағайындалатыны, ал үкім оның қолданысқа енгізілгенінен кейін кемінде бір жыл өткен соң орындалатыны туралы ереже заңнама арқылы бекітілді.
Осылайша, біз БҰҰ-ның Қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен қарым-қатынаста болу жөніндегі жетінші конгресі бекіткен Өлім жазасына кесілгендердің құқықтары қорғалуына кепілдік беретін шараларды ескеріп қана қоймай, жекелеген позициялар бойынша, мәселен өлім жазасын әйелдерге қолдануды толығымен жою бөлігінде алға шығып кеттік. Өлім жазасының қолданылу аясын одан әрі тарылтуда жасалатын келесі маңызды қадам - ол өмір бойы бас бостандығынан айыруды практика жүзінде енгізу болатын. Тек осы жаза ғана өлім жазасының ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz