Этникалық ерекшелігі


Кіріспе
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайды қарау өткір қоғамдық мәселе болып отыр. Жемқорлық - қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне айналды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз, нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көреді. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас, қоғамда тамыр жайған сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай әлсіретеді.
Сонымен бірге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі тиіс.
Сондықтан, бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік пен адалдыққатәрбиелеу керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар.
Осынау құндылықтар өмірлерінде нақты бағдар болатын қазақстандықтар ұрпағын тәрбиелеу қажет.
Сондықтан да, нақ осы тәрбие мен білім үдерісі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін қалыптастыруының негізі болып табылады. Бұл жердегі негізгі орын отбасына және білім беру саласына тиесілі. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі тиіс.
Жемқорлық
Жемқорлық - көп қырлы, күрделі құбылыс. Оның таралуына, дамуына көптеген себептер (детерминаттар) бар және олар мемлекет пен қоғам өмірінің әр саласына қатысты. Детерминант латын тілінен аударғанда «анықтаушы» немесе «себепкер» деп аударылады. Қылмыстылықпен күресу тиімді болу үшін ең алдымен сол қылмысты туғызатын, соған себепкер болатын себептерді анықтау керек.
Жалпы алғанда көптеген заң және арнаулы әдебиеттерде сыбайлас жемқорлықтың себептері ретінде келесі жағдайлар аталады:
1. тиімді сыбайлас жемқорлыққа қарсы заң актілерінің болмауы немесе олардың тиімсіздігі;
2. Сыбайлас жемқорлықпен күресте құқық қорғау органдардың қызметінің тиімсіздігі;
3. Халықтың құқықтық санасының төмен болуы, ал ол төмен болса сыбайлас жемқорлықтың өсіп өркендеуіне жол береді.
ТМД соның ішінде Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа әкелетін келесі себептер бар:
1. Сыбайлас жемқорлығының кадрлық базасы реттеушілік шенеуніктер санының өсуі;
2. Көлеңкелі экономиканың кең дамуы және соның нәтижесінде заңсыз үлкен пайда көру;
3. Шенеуніктер аппараты мен бизнес құрылымдары арасындағы кадрлық алмасуының көбеюі;
4. Белгілі бір іс - әрекетке рұқсат етумен байланысты мемлекеттік қызмет сферасының үлкен болуы.
5. Бюрократиялық процедураларының күрделілігі;
Басқа демократиялық елдермен салыстырғанда бюрократиялық аппараттың үлкен мүмкіншіліктерінің болуы, яғни мемлекеттің басқа сфераға қол сұғу мүмкіншіліктерінің көп болуы.
Қоғамдағы әлеуметтік дифференциацияның, яғни әлеуметтік теңсіздіктің болуы (байлар мен кедейлер арасындағы әлеуметтік алшақтығының ұлғаюы) және т. б Елімізде сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы 1991 жылдан айта бастады. Сол жылдың наурыз айында Қазақстан республикасы Президентінің «Қылмыстың ұйыдасқан түрлері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту туралы» Жарлығы шықты. Бірақ, аталған құжатта сыбайлас жемқорлықтың ресми анықтамасы берілмеді. Сол құжаттан кейін бірнеше жылдар бойында сыбайлас жемқорлықпен күресті оны нақты анықтаусыз жүргізіп келдік. Тек 1998 жылы 2-ші шілдеде ТМД мемлекеттерінің арасында алғашқылардың бірі болып «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды және онда осы құбылыстың анықтамасы берілді. Заңға сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұсынылады.
Этникалық ерекшелігі
Сыбайлас жемқорлық - қауіпті әлеуметтік құбылыс. Осы құбылыспен күрестің тарихы тереңде жатыр. Сыбайлас жемқорлықтың пайда болуы алғашқы таптық қоғамдар мен мемлекеттік құрылымдар қалыптасқан уақыттар қойнауына жетелейді. Қазақ елінде XVI ғасырдың басында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын Қасым ханның заңы жүргізілді. Оның негізіне әдет-ғұрып құқығы енгізілді. Қазақтардың әдет-ғұрып құқығы XVIІ ғасырдың соңында Тәуке ханның тұсында біртұтас жинақ түрінде «Жеті жарғы» деген атаумен түпкілікті кодификацияланды және толықтырылды. Т. М. Культелеевтің айтуы бойынша, сол кезде қазақтың әдет-ғұрып құқығы үш негізден тұрды: әдет-ғұрып, сот билерінің тәжірибесі және би съезд ережелері. Сол кезеңде Қазақстанда сот қызметін қазақтың әдет-ғұрып құқығының негізінде хандар, сұлтандар және билер атқарған. Ханның сот талқылауы, соңғы сот инстанциясы ретінде қарастырылды. Сот талқылау үшін ол «хандық» деп аталатын сыйақының белгілі сомасын алып отырған. Хан әдет-ғұрып құқығының негізінде соттаған, әдет-ғұрып құқығындағы ақтаңдақтарды өзінің құқық шығармашылық қызметімен ауыстырып отырды. Осылайша, ханның сот шешімі әдет-ғұрып құқығын толықтырды және құқықтың жаңа нормаларын құруға алып келді. Әдет-ғұрып құқығы бойынша, судьяларға тарту, сыбаға және тағы басқаларды жасауға тыйым салынбады. Сондықтан, феодалдық жоғарғы өкілдер ірі мөлшерде сыйақы алу үшін қылмыстық істерді және басқа да дауларды әдейі ұзартқан, қиындатқан. Д`Андренің «Қырғыздың әдет-ғұрып сипаттамасында»: «Ордада әрбір сыйлы адам, лауазымды тұлға болса да, сыйлық алуына болады» деп көрсеткен. Осы жазбаның басқа нұсқасында, «мұндай тұлға сыйлық қабылдаудан бас тарта алмайды» деп айтылған. Қазақстанда құқық жүйесінің қалыптасуының келесі кезеңі, сыбайлас жемқорлықтың әлеуметтік-құқықтық мәнінің өзгеруіне объективті әсер етті. Бұл Ресей отаршылдық саясатын бекіту және империя шекарасын кеңейту кезеңінен басталды. Ресейге қосылған кезеңде Қазақстанның сот құрылымы екі қосарлас жүйе ретінде қолданылып жүрді: - жергілікті ұлттық сот - билер соты, қазақтар арасындағы болмашы қылмыстық және азаматтық істерді талқылады. Олар әдет-ғұрып құқығы және шариат негізінде әрекет етті; - жалпы империялық сот мекемесі - қазақтардың ерекше маңызды қылмыстық істерін және басқа халықтар өкілдерінің арасында туындаған барлық істерді талқылады. II Екатеринаның басқару кезеңінде парақорлық үшін санкция I Петр кезеңіндей қатал болмады. Осы уақытта билік органдарында сыбайлас жемқорлықтың таралуы көбейді. II Екатерина осы қылмысты жүзеге асырғаны үшін жазаның бұлтартпастық принципін қамтамасыз етуге көңіл бөлді. Жазалау шарасының қаталдығы және кең қолданылуы қылмыстың бұл түрінің санын азайтпады. Сондықтан, Ресейде сұғанақтықпен күрестің жаңа тәсілдері іздестірілді. 1845-жылы Ресейге қылмыстық және атқарушылық жаза туралы Ереже қабылданды. 1903-жылы Ресейдің «Қылмыстық ережесі» әзірленді. 1885-жылғы «Қылмыстық және түзеу жазасы туралы ережелердің» лауазымды қылмыстары туралы барлық нормалары осы ережеге автоматты түрде көшірілді. Алайда, 1903-жылы Ереже заңды күшіне енген жоқ. Қайта құрудың революциялық сипаттамасы Ресейде капиталистік қатынастың дамуын тоқтатты. Патша үкіметінің барлық заңдары, соның ішінде қылмыстық заңдар 1917-жылы күшін жойды. 1917-жылы қазан айында мемлекеттік құрылыстың және басқару нысанының ауыстырылуы сыбайлас жемқорлық құбылысын алып тастамады. 1918-жылы 8 мамырдың «Парақорлық туралы» декреті осы әрекеті үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырған Кеңес үкіметінің бірінші құқықтық актісі болды. Кеңес үкіметінің сыбайлас жемқорлықпен күресу тарихы, оның билігімен бірге аяқталды. Бұл күрес бірнеше маңызды және қызғылықты белгілерімен сипатталады: Біріншіден, билік «сыбайлас жемқорлық» сөзін мойындамады, тек 80 жылдардың аяғында қолданды. Оның орнына «парақорлық», «қызмет бабын теріс пайдалану», «бетімен кетушілік» және тағы басқа терминдер қолданылды. Екіншіден, кеңестің «құқықтық санасы» әрдайым сыбайлас жемқорлықтың себептерін қате түсіндірді. Революцияға дейінгі Ресейдің қылмыстық құқықтық нормаларын жетілдіру нәтижесінде сыбайлас жемқорлықтың келесі нысандары анықталды: парақорлық; сұғанақтық; қорқытып алу; мемлекеттік мүлікті ұрлау. Ресей елінің сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес туралы тәжірибесінің осындай көріністерін атай кетіп, бүгінгі қазақ елі ТМД елдерінің арасында алдыңғы қатарда келе жатқанын айтуға болады. 1997-жылы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының жоғарғы тәртіптік кеңесі туралы» Жарлық шығарды. Жоғарғы тәртіптік кеңестің басты мақсаты - мемлекеттік тәртіпті бекіту, мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершілігін көтеру, олардың қызмет бабын теріс пайдалануына және өкімет билігін асыра пайдалануына жол бермеу болды. 1998-жылы 2 шілдеде Қазақстан Республикасының № 267-I “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы” Заңы қабылданды. (2000-жылы 28 сәуір, 2001-жылы 8 маусым, 2001-жылы 12 шілде, 2002-жылы 9 тамыз, 2003-жылы 27 қыркүйек, 2007-жылы 21 шілдедегі өзгерістер және толықтырулар енгізілді) . Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1998-жылғы 30 қыркүйектегі Жолдауында былай деген: «Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді, сондықтан онымен күрес жүргізу - жалпы ұлттық міндет». 2005-жылы желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті 2006-2010 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізу туралы мемлекеттік Бағдарламаны бекітті. Ал 2006-жылы ақпанда осы стратегиялық құжатты жүзеге асыру жоспары туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінің Қаулысы шығып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Қорыта айтқанда, Сыбайлас жемқорлықтың тамыры тереңде жатқан қауіпті әлеуметтік құбылыс. Ресей тарихындағы I Петрдің кезінде пара алғанды да, пара бергенді де жазалап, өлім жазасын тағайындағанын көреміз. Одан кейін II Екатеринаның кезінде заңға сұғанақтық жасаған адамды қатаң жазалап отырған. Тарихқа үңілсек, осындай мәліметтер арқылы сыбайлас жемқорлық қылмыстарымен күрес бұрын да болғанын, бұл мәселенің әлі күнге өзекті мәселелердің бірі болып отырғанын көреміз. Бүгінгі таңдағы, Сыбайлас жемқорлықтың мақсаты азаматтардың құқықтарымен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін төмендегідей: 1. Қолма-қол айналымды азайту, есептесудің заманауи электрондық жолдарын кеңейту, есеп берудің ақша айналымын бақылауды жеңілдететін, қолма-қол пара беру мүмкіндігін қиындататын заманауи тұрпаттарын ендіру; 2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру; 3. Сыбайлас жемқорлықты азайту үшін қызметкерлердің жалақысын көтеру; секілді мәселелерді қарастырса, сыбайлас жемқорлықты түбегейлі жоймағанмен біршама азайтар едік.
Әртүрлі сфералардағы сыбайлас жемқорлық үшін моральдық-этикалық жауапкершілік
Қазіргі кезеңде баршамызды алаң-датып отырған мәселе - қоғамдағы сыбайлас жемқорлық. Осы індеттің салдарынан еліміздің әр азаматы зардап шегіп отыр десек қателеспейтін шығармыз.
Өйткені сыбайлас жемқорлық қоғам өмірінің барлық саласына тарап кеткені белгілі. Қоғамдағы орын алып отырған осы келеңсіз құбылыстың үдеп бара жатуы ұрпақ тәрбиесіне зиян әкелетіні алаңдатады. Бұл мәселеге тереңірек үңілетін болсақ, сыбайлас жемқорлық ел келешегіне, ұлттық қауіпсіздікке үлкен зиян әкелетіні аян. Яғни осы келеңсіз құбылыспен күресу барша халықтың алдында тұрған ортақ өте маңызды мәселе екені айқын. Және де бұл бағытта біз билік, оппозиция, тағы басқалар деп бөлінбеуіміз қажет. Өйткені қоғамның әр мүшесі өзінің тұрмыстық, әлеуметтік және құқықтық мәселелерін шешу кезінде еріксіз сыбайлас жемқорлықтың ықпалын сезінетіні шындық. Қарапайым халық арасында еліміздегі сыбайлас жемқорлықтың кең етек жаюын тек биліктегі адамдардың ашкөздігімен ғана байланыстырамыз. Бір қарағанда пікір дұрыс сияқты болғанымен, қоғам өмірін бір ғана қырынан бағалау шындыққа қиянат әкелуі мүмкін. Өйткені билікте қызмет істейтін адамдардың әрекеттері олардың білімдері мен рухани тәрбие алу деңгейі және өмірге деген көзқарастары мен ұстанымдарының әр алуан болуына байланысты, сондықтан да олардың барлығы дүниеқоңыздықтың құлы деп ұғу - адасушылық. Сонымен қатар, билік жүйесіне қатысы бар адамдардың сол жүйеде орын алатын келеңсіз құбылыстардың құрбаны болу мүмкіншілігі барын да естен шығармау қажет. Қазіргі қалыптасып отырған билік жүйесіндегі сыбайлас жемқорлықтың тамыры мемлекеттің даму бағытын таңдау кезіндегі жасаған биліктің қадамдарына байланысты екенін де жоққа шығаруға болмайды. Сондықтан да сыбайлас жемқорлықпен күресу үшін осы құбылыстың пайда болуы мен оның табиғи дамуының негізін түсіне білу қажет. Яғни сыбайлас жемқорлықтың тамырын анықтау үшін адамзат өмірінің даму заңдылығымен байланыстыратын терең ғылыми сараптама негізіндегі тұжырымдама қажет. Бұл - ғалымдардың міндеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz