Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Жоспар
Кіріспе
1.Сыбайлас жемқорлық ұғымы
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет
Қорытынды
Кіріспе
Қоғамдық өмірде болып жатқан өзгерістер жағдайында елде қабылданған бағдарламалық құжаттарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне айрықша назар аударылады. 2014 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының басты ерекшеліктеріне қазіргі кезеңдегі жұмыстың басым бағыттарының бірі - қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жатады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруда барынша табысқа жеткен елдердің тәжірибесін талдау қоғамда сыбайлас жемқорлықты рухани- этикалық деңгейде қабылдамау ахуалын қалыптастыру мейлінше тиімді тәсіл екенін көрсетті. Осыған байланысты елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мақсатты жұмыс келешек түлектердің қызмет бейініне қарамастан барлық оқу орындарын қамтуға тиіс. Өткен жылдан бастап барлық жоғары оқу орындарындағы оқу процесіне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері атты жаңа пән енгізіле бастады. Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дүниетанымдық, этикалық, рухани аспектілерін жан-жақты көрсететін тиісті әдебиет әлі аз, ал бұл проблема бойынша қолда бар әдебиет көбіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық аспектілерін ашуға бағытталған. Қалыптасқан мән-жайды назарға ала отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ғалымдар тобы бұл проблема бойынша оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету үшін оқу құралын жасау туралы бастама білдірді.
Ұсынылатын оқу құралы Академияның профессор-оқытушылар құрамының жұмыс нәтижесі болып табылады, оқу орнының құрылымдық бөлімшелерінде құқық қорғау, экономикалық және тәрбиелік моделдерін қамтитын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың пәрменді тетіктері жүйелі түрде әзірленуде.
Сыбайлас жемқорлық ұғымы
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің мәнін сыбайлас жемқорлық ұғымының мазмұнын, осы этностық әлеуметтік құбылыстың тарихи түп-тамырын түсінбейінше, ұғыну мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық ұғымы қазіргі ғылыми және қоғамдық-саяси әдебиетте кеңінен қолданылады. Сыбайлас жемқорлық сөзі (латын тілінен corumper) көптеген мағынасы бар: бүлдіру, құлдырау, параға сатып алу, азғыру, тура жолдан тайдыру, притон, құбылмалылық, істі бұзу, күйреуге әкелу, бұрмалау, алдау, қорлау, ар-намысын таптау, rumpere көп мағыналы (бұзу, қирату, заңнан аттап өту, шартты бұзу) етістігімен қатар қолданылатын со қосымшасы сыбайлас жемқорлық - бұл бірнеше субъектілердің қатысуымен іс-қимыл жасау екенін көрсетеді. Бұдан өзге, латынша corruptio параға сатып алу, іріп-шіру дегенді білдіреді, сыбайласу етістігі біреуді ақшамен немесе өзге де материалдық игіліктермен параға сатып алу дегенді білдіреді. Рим құқығында corrumpire сөзі сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, алдау, бұрмалау, параға сатып алу, сондай-ақ құлдырау, бұзылғандық, нашар жағдай, (пікір немесе көзқарастың) құбылмалылығы деген мағынаны білдіреді. Сыбайлас жемқорлық ұғымының жалпыға танымал тұжырымдарымен қатар, латын термині corruptio екі түбірлі сөзден cor (жүрек, жан, рух, ақыл-ес) және ruptum (бүлдіру, бұзу) шығады деген пікір бар. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың мәні лауазымды тұлғаны параға сатып алуда немесе оларды байытуда емес, ал әлеуметтік жүйені, оның ішінде мемлекеттік билік жүйесінің бірлігін бұзуда (ыдырату, іріп-шіру), мемлекеттің, азаматтардың заңды мүдделерін қоғамдағы өзінің жағдайын жеке мақсатына пайдакүнемдік арқылы сатып кетуде.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феномені болып табылады. Сондықтан бұл параграфта сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың феноменін қарастырамыз. Қоғамдық сананың әртүрлі нысандары бар, олардың көмегімен адамдар оларды қоршаған табиғатты, қоғам мен өздерін сезінеді. Моральдық (адамгершілік) саяси, құқықтық, эстетикалық, діни сана болып бөлінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана ұғымы қоғамдық сананың барлық нысандарын қамтиды. Бұл интегративті ұғым, себебі ол өзіне әртүрлі ғылым саласынан ақпаратты сіңіреді, әртүрлі оқу пәндерінде зерделенеді және ол туралы білімді тұжырымдауда зерттелетін құбылысты түсінудің жаңа деңгейіне шығады. Осылайша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қоғамдық сананың өзге де нысандарымен тікелей өзара байланыста болады және қоғамдық санаға тән барлық қасиеттер және сипаттамаларды меңгереді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана - бұл адамдардың сыбайлас жемқорлыққа әлеуметтік зұлымдық ретіндегі қатынасын білдіретін ұғымдар, теориялар, түсініктер мен сезімдердің, көзқарастар мен эмоциялардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңында мүдделер қақтығысы жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды адамдардың жеке мүдделері мен олардың лауазымдық өкілеттіктері арасындағы қайшылық, мұндай жағдайда осы аталған адамдардың жеке мүдделері олардың өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше орындамауына әкеп соғуы мүмкін деп айқындалады . Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың ерекшелігі оның барлық көрінісінде мүдделер қақтығысына жағымсыз, төзбеушілік қатынастың призмасы арқылы өмірлік болмысты көрсетеді, содан кейін жаңғыртады. Ол жалпыға міндетті мінез-құлық нормаларын белгілеуді талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана адамгершілік және адамгершілікке жат қылықты, құқықтық және құқықтық емес, заңды және заңсыздықтың шегін көрсетіп береді. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез- құлықты қамтамасыз ету үшін моральдық-адамгершілік, идеологиялық, құқықтық шараларды талап етеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы санаға нысандандыру, белгілілік пен кесімділік тән. Сондай-ақ моральдық және құқықтық міндеттерді орындауға қатаң бақылау талабы тән. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың рөлі оның танымдық, реттеуші, бағалаушылық, болжамдық функцияларында көрінеді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананың танымдық функциясы (гносеологиялық) әлеуметтік зұлымдық ретінде сыбайлас жемқорлық туралы білімді жинақтау және оның негізінде адами өзара қарым- қатынастар әлемін одан әрі пайымдау мүмкіндігінен тұрады. Реттеуші функциясы. Белгілі бір жағдайларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері. Құндылықты бағдарлар арқылы қоғамдық қатынастардың реттеушісі болады. Осы реттеудің нәтижесі - сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарға нөлдік төзімділік болады. Бағалау функциясы өмірлік тәжірибе мен практика негізінде әлеуметтік өмірдің әртүрлі жағы мен құбылыстарына тұлғаның белгілі бір эмоционалдық қатынасынан көрінеді. Моральдық және құқықтық нормалар, моральдық-құқықтық жүйенің басқа элементтері бағалау объектісіне айналады. Бағалау функциясы тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қатынасын айқындайды. Оның көмегімен моральға және этикалық кодекске, құқық пен заңнамаға, құқық қорғау органдарына, азаматтық қоғамға, борышқа, айналасындағылар мен өзінің де сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқына деген қатынас бағаланады. Болжамдық функция моральдық-құқықтық жүйенің болашақтағы жай-күйін, қоғамдағы адамдардың мінез-құлқын көре білу мүмкіндігінен тұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана сияқты рухани мәдениеттің интегративті нысаны болып табылады. Мәдениеттің, сонымен қатар адам санасындай басымдықтары да бар, әлеуметтік деп айқындалатын барлығының қалыптасуы мен дамуында атқаратын рөлі де бар. Ақиқатты игеру тәсілі ретінде мәдениет - жекелеген бағалау, нормалар емес, олардың жиынтығы, сомасы емес, керісінше тұтастық ретінде алынған құндылықты элементтер. Мәдениет сана феномені ретінде тұтастықты білдіреді. Мәдениет - пассивті, қажетсіз, жүзеге аспаған білім, білік, сенімдер емес. Ол өзіндік процесті, ішкі қызметті білдіреді, оның негізінде өзара іс-қимыл, өзара өту және ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz