Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері
Кіріспе
Тәрбие - адамзаттың тарихи қалыптастырған әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үдерісі.
Тәрбие - тәрбиеленушілер бойында көзқарастар мен сенімдер, құндылықтар мен әлеуметтік қасиеттерді қалыптастыру мақсатындағы тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің өзара әрекеттесулерінің үдерісі.
Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекемелер, оқу тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды. Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Тәрбие кең мағынасымен алғанда, қандай болса да бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал, енді адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі . Демек, тәрбие кең мағынасында бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршаған табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыруды білдіреді.
Тәрбие жүйесі -- жеке адамды идеялық, саяси, адамгершілік, экономикалық т.б. жағынан қалыптастырудағы жүйелі процесс. Тәрбие жүйесі -- адамдарды мақсатқа бағытталған іс-әрекет үрдісінде тәрбиелеу кешені. Сонымен айналысушылардың өз арасында пайда болатын қатынастарды игеріп басқарынатын іс-әрекет, яғни тәрбиелік жүйенің өмір тіршілігіне қабілеттіліктерін қамтамасыздандырады.
Педагогикалық мақсатты және оқушының дамуын қамту үшін жасалады. Тәрбие заңы (қоғамдағы құбылыс ретінде) -- жас ұрпаққа аға ұрпақтың әлеуметтік тәжірибесін берудің міндеттілігі мен қажеттілігі. Тәрбие заңы оларды қоғамдық өмірге қосып, ұрпақ жалғастығын, қоғам тіршілігін қамтамасыз етуде жеке адам қуатын дамытуға жағдай туғызады.
1. Тәрбие
Тәрбие, тәлім-тәрбие - жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс.
Бесік тәрбиесі, балдырған тәрбиесі, өрен тәрбиесі, жасөспірім тәрбиесі, жастар тәрбиесі бір-бірімен жалғасып, өз ерекшеліктерімен жүзеге асырылады. Тәрбиенің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық тәрбие
Қоғамдық тәрбие - тарихи аренада адамдар қоғамының пайда болуымен бірге туды. Қоғамдық тәрбиенің мақсаты, мазмұны, құралы мен әдістері қоғамдық қатынастардың қарқынымен, қандай қоғамдық-экономикалық формацияның шарттарында іске асатынымен анықталады.
Ізгілік тәрбиесі
Ізгілік тәрбиесі - жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы адамзаттық моральдың ережелері мен талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде, мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды есептеуге болады.
Адамға ғылымнан бұрын тәрбие беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа апарады.
Тәрбие - адамға сапалы өмір сүргізеді.
Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды танытады.
Адам дүниеге келгеннен бастап өмір сүруге, дүние тануға құқылы. Адамның ерік-тілектері, іс-әрекеттері басқа адамның құқығын бұзбауы тиіс.
2. Тәрбиенің мақсат, міндеттері, қызметі, ерекшеліктері
Тәрбиенің мақсаты - қоғамға аса қажетті адамгершілік қасиеті жоғары, еңбексүйгіш, ғылыми дүниетанымы қалыптасқан, эстетикалық талғам сезімі мен дене күші мығым, белсенді, дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, өмірлік позициясы айқындалған, бойында басқа да игі қасиеттері қалыптасқан жеке тұлғаны дамытып қалыптастыру.
Тәрбиенің мақсаты - тәрбиенің жаңа технологиясын пайдалана отырып, ізгілікке бағдарланған,әсемдікпен қаруланған, ұлттық тәлім нәрімен сусындаған халық игілігін жасаушы азаматты, жеке тұлғаны тәрбиелеу. Тәрбиенің мақсаты мен жүйесі мемлекеттің саясаты мен экономикасына тәуелді.
Тәрбиенің міндеттері:
- Еліміздің рәмізін сыйлау, өзінің Отан, жанұя, қоғам алдындағы міндеттерін жете түсінуге, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтеуге тәрбиелеу;
- Рухани байыту принциптерін негізге ала отырып,салауатты өмір салтына баулу;
- Адам құқықтарын сақтау, өз құқығы мен міндеттерін жүзеге асыруға дайындық қабілетін, іскерлік қарым-қатынас жүйесі мен дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиенің атқаратын қызметтері:
Аналитикалық, диагностикалық, болжамдау (прогностикалық), жобалаушылық, ұйымдастырушылық, бақылау-бағалаушылық.
Тәрбие мәні:
- әлеуметтік мағынада - бұл аға буынның жинақтаған тәжірибені жас ұрпақ өкілдеріне беруі. Тәжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дәлірек айтсақ: адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тәсілдері, құқықтық, адамгершілік және т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада - бұл тәрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс - әрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс .
3. Тәрбие процесіне тән ерекшеліктер
- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігі- нің кепілі);
- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші);
- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді);
- көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді.
- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады).
- үздіксіздігі (ешқандай науқанды, бір мәртелік шара қаншама жарқын болмасын, аса ыждағаттылықпен жүйелі дайындалған тәрбие істерінің орнын баса алмайды);
- баламалылығы (тәрбиеленушілер даралық ерекшеліктері және әлеуметтік тәжірибесінің әр түрлілігімен ажыралады. Тәрбие процнсінде бұлар ескерілуі шарт, себебі әсері бірдей болғанның өзінде де тәрбиелік нәтиже әрқилы болуы ықтимал);
- екі тараптылығы (тәрбиелік ықпалды жүргізуші - мұғалім, ал ықпалды қабылдаушы - оқушы);
- тәрбие процесі - өмірлік, ол қозғалмалы да ауыспалы;
-тәрбиеші тұлғасы - тәрбие барысына ықпалды маңызды жағдаят (тәрбие процесінің өнімді болуының кепілі - мұғалім ептілігі, шеберлігі, құндылықты бағыт - бағдары, қызметтестік қатынасқа түсе білу қабілеті);
- қарама - қайшылықты болуы (қарама - қарсылықтар тәрбиенің қозғаушы күші ретінде қарастырылады).
4. Іс-әрекетті ұйымдастыру мен мінез-құлықты ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz