Меншік құқығы және оралымды басқарудың заттық құқықтар ретіндегі ұғымы


Меншік құқығы және оралымды басқарудың заттық құқықтар ретіндегі ұғымы
Меншік - экономикалық санат ретінде. Меншіктің экономикалық санатын ұғынудың негізі тіптен ХІХ ғасырдағы ғылыми жұмыстарда кездеседі. Ондағы ой меншік қоғамда, тек мемлекет ұйымдастырған қоғамда ғана болады дегенге тіреледі. Меншік, бұл- зат та емес, мүлік те емес. «Бұл- белгілі бір экономикалық қатынас».
Меншік дегеніміз тарихи қалыптасқан, белгілі бір қоғамдық қатынас, ол адамдар арасында затқа байланысты туындайды. Меншік ұғымы әрқашанда ұйымдасқан адамдар қоғамына тән. Адамзаттың алғашқы даму кезеңінің соңына қарай меншіктің туындауы мемлекеттің пайда болуына және қоғамның ары қарай екпінді дамуына әкеп соқты. Меншік қатынасы қоғамдық құрылыстың әлеуметтік- экономикалық мәнін білдіреді. Сондықтан да меншік мәселесі қоғам өміріндегі негізгі мәселе болып табылады. Қоғамның қалай ұйымдасатындығы және адамдар тұрмысы оның қалай тұрғызылғанына байланысты. Меншік пен өндірістік қатынастардың негізгі формалары қоғамның құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік сияқты типтерін тарихи анықтап берді. Сонымен қатар, меншікке дейінгі кезеңді- алғашқы қоғамдық және ғылыми жобаланған, бірақ толық іске аспай қалған социалистік кезеңді бөліп алуға мүмкіндік берді.
Меншік қатынастарының өзгеруі- қоғамның негізгі қозғаушы күші және барлық әлеуметтік сілкіністердің себебі. Ал, меншік қатынастарының өзгеруі қоғамды прогреске де, регреске де әкелуі мүмкін. Өзгерістердің тиімділігін анықтау қиын емес, ол үшін тиісті кезеңдердегі мемлекет пен азаматтың экономикалық және әлеуметтік дамуының статистикалық мәліметтерін салыстырса жеткілікті.
«Меншік» термині әртүрлі мағынада пайдаланылады. Күнделікті өмірде меншік, көбіне, мүлікпен немесе құқықпен теңестіріледі. Бірінші жағдайда «мынау менің (оның) меншігім (меншігі) » деуге болады. Екінші жағдайда- «меншік иемдендім (бердім) » дейді. Құқық тұрғысынан алғанда мұның екеуі де дәл емес. Меншікті меншік құқығынан айыру қажет. Меншік- экономикалық, ал меншік құқығы- заңдық санат. Біз келтірген бұл ұғымдарда меншіктің заңдық мәнін азаматтар меншіктің экономикалық санаты арқылы дұрыс білдірмейді. Сонымен қатар меншік нысанмен (мысалы, орындықпен, машинамен) теңестірілуге тиіс емес. «Мына зат маған меншік құқығы бойынша тиесілі» немесе «Ол сатып алу- сату шарты бойынша пәтерге меншік құқығын иемденді». Экономикалық және құқықтық санаттарды шатастырмау керек. Сонымен бірге меншік құқығы меншіктің экономикалық қатынастарының сипаты әрі көрінісі екенін білу керек. Сондықтан да меншік құқығын зерттеу меншіктің экономикалық санатымен танысудан басталады.
Ресейдің заң әдебиеттерінде «меншік, адамдар арасындағы мемлекеттік қатынастардан гөрі (қатынастардың бұл аспектісі көбіне міндетті құқық нормаларымен реттеледі), адамның заттарға өзінікі, өз меншігі ретіндегі қатынасы болып табылады» деген пікір айтылған. Бұл қағида қате. Ешқандай құбылыс тек өзі арқылы түсіндірілмейді. Адам өзіне ұнаған басқаның мүлкіне өз меншігіндей қарағанмен, егер заңды титулы болмаса ол оның меншік иесі бола алмайды (яғни оны иемдене алмайды) . Олай болған жағдайда қолына зат ұстағанның бәрі меншік иесі болар еді.
2. Меншік құқығы ұғымы. Меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және билік ету құқығы.
Меншіктің экономикалық қатынастарына қарағанда меншіктің құқықтық қатынастары адамның еркі бойынша қалыптасады, оған қатысушылардың санасынан және ырқынан пайда болады. Адамдар бұл қатынастарға құқықтар мен міндеттердің иесі ретінде кіреді, ол құқықпен реттеледі және қорғалады. Меншіктің құқықтық қатынастары меншіктің экономикалық қатынастарының мәнін сипаттағанмен, олар қондырманың кез келген құбылысы ретінде өзінше дербес болады.
Меншік қатынастарын реттеуді әртүрлі құқықтық тәсілдермен жүзеге асыруға болады. Соған байланысты, сондай-ақ проблеманы зерттеу тұрғысынан алғанда меншік құқығы ұғымы көп мағыналы. Оны түсінудің екі қырына тоқталайық. Құқықтық институт ретінде меншік құқығы құқық нормаларының жиынтығы болып табылады, ол материалдық игіліктің белгілі бір адамға тиесілік жағдайын бекітеді, реттейді және қорғайды. Бұл жерде әңгіме объективтік мәндегі меншік құқығы туралы болып отыр. Заңдық биліктің белгілі бір мөлшерін меншік иесіне бекітіп беру субъективтік мәндегі меншік құқығы туралы айтуға мүмкіндік береді. Меншік құқығы мүліктік, абсолюттік, заттық құқық болып заңға сәйкес белгіленеді, ол затқа тікелей ықпал ету мүмкіндігімен және иемдену, пайдалану және билік ету құқығының болуымен сипатталады. Қолдану және артықшылық құқығы меншік құқығына ілесе жүреді.
Меншік құқығы- негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланыста болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар, негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда оны жалдаушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол- тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.
Меншік құқығының міндеттемелі нышандарының бірі- оны заңмен белгілеу қажеттігі. Бұл нышан меншік құқығының АК-ның 188-бабында келтірілген «заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын» элементтер бойынша байқалады.
Меншік құқығы мемлекет танитын шекте ғана болады. Бұл дегеніміз меншіктің абсолюттік құқығы заң құжаттарымен шектелуі мүмкін деген сөз. Бірқатар жағдайларда меншік құқығын шектеуде арнаулы сипат болады, ол меншіктегі мүліктің ерекше құқықтық режимімен байланысты. Мысалы, азаматтық құқықтың кейбір нысандары азаматтық айналымнан толықтай немесе ішінара алынып тасталуымүмкін, оны мұндай мүлікке (мысалы, жерге, орманға, радиоактивтік заттарға. т. б. ) құқыты шектеу бар екендігімен түсіндіруге болады. Шетелдік құқықтық меншік құқығын мойындауы мүмкін. Бұл жағдайда халықаралық жеке құқық нормалары қолданылады, және қазақстандық заңнама юрисдикциясы шегінде меншік құқығы жоқ жағдайлар да болуы мүмкін. Меншік құқығын қорғаушылық нысаны оны азаматтық-құқықтық тәсілдермен қорғау мүмкіндігін білдіреді.
Меншік құқығы- неғұрлым толық құқық. Бұл меншік иесінен жоғары тек заң ырқы мен оның қоғамдық міндеттерінің ғана болатындығынан туындайды. Меншік иесі иемдену, пайдалану және билік ету өкілеттігін тек өз қалауы бойынша жүзеге асырады. Сондықтан меншік құқығы ең «күшті» заттық құқық. Сонымен қатар, меншік иесі шарт бойынша өзінің меншіктік өкілеттігін өзі шектей алады. АК-ның 188-бабының 3-тармағы «өз қалауы бойынша» әрекетке жуықтау анықтама береді. Мысалы, меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекет жасай алады, яғни ол мүлікті басқа адамның меншігіне береді, меншік иесі бола тұрып өзінің мүлікті иемдену, пайдалану және оған билік ету өкілеттігін береді, мүлікті кепілге береді және оған басқа тәсілдермен ауыртпалық түсіреді, оған басқадай түрде билік жасайды.
Меншік иесінің өз өкілеттіктерін жүзеге асыруы басқа адамдар мен мемлекеттің құқықтары мен заң қорғайтын мүдделерін бұзбауы тиіс. Құқықтар мен заңды мүдделерді бұзу басқа формалармен қатар меншік иесінің өзінің монополиялық және өзге де басымдық жағдайын пайдаланып қиянат жасауынан көрінуі мүмкін (АК-ның 188-бабы 4-тармағының 1-бөлігі) . Монополиялық жағдаймен қиянат жасау фактісін анықтауға мүмкіндік беретін критерийлер монополияға қарсы заңнама рыноктағы басымдық жағдайға бақылау жүргізетін органдарды және монополияға қарсы заңнаманы бұзушыларға қолданылатын санкцияларды анықтайды.
Сонымен, меншіккер құқығына заң пәс міндет артқан. Жоғарыда айтылғаннан басқа «меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті» (АК-ның 188-бабы 4-тармағының 2-бөлігі) . Меншік иесінің қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін қолданатын шаралары табиғат қорғау заңнамасында анықталған. Онда, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасының бұзылғандық критерийлері, оның сақталуына бақылау жүргізетін органдар, табиғат қорғау заңнамасын қамтамасыз ететін басқа да құқықтық тетіктер көзделген.
ҚР Конституциясы 6-бабының 2-тармағына сәйкес «меншік міндет жүктейді, оны пайдалану сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс». Келтірілген баптардың барлығын нақтылау заңнамада бекімін таппауы да мүмкін. Сондықтан, меншік иесі өз әрекеттерінде заңнамамен, құқықтармен және басқа адамдар мемлекеттің қорғалатын мүдделерімен, қоғам игілігіне қызмет етумен, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтірмеумен шектелген деп қорытынды жасауға болады.
Жалпы алғанда шектеу қандай да бір шамада кез келген меншік құқығына ілесіп жүреді. Оны басқаша да айтуға болады: меншік құқығы өзі үшін белгіленген шектеулер шегінде ғана болады. Оларға байланыссыз-ақ меншік құқығы кейде өз шектерінің ішінде жатқан әртүрлі негідемелер бойынша шектеледі, ол негіздемелер не меншік құқығының кейбір субъектілерінің жеке басына немесе субъектінің жеке басынан тысқары жатқан мән-жайларға байланысты болуы мүмкін. Шектеу меншік құқығының құрамдық бөлігінің әрқайсысына- иемденуге, пайдалануға және билік жасауға қатысты болуы мүмкін, бұл ретте ол меншік құқығынығ құрамдық бөлігінің тек біреуіне ғана, немесе басқаларына да таралуы мүмкін.
Меншік құқығының өзін шектеуді меншік иесі жасай алатын әрекеттер ауқымын шектеуден ажырату керек. Атап айтқанда, меншік иесінің бірқатар әрекеттеріне тыйым өртке қарсы, санитарлық, ветеринарлық, эпидемиологиялық және басқа ережелерден туындайды. Мысалы, азық-түлік тауарларымен сауда жасайтын меншік иесі тиісті медициналық тексеруден өтуі тиіс, оның жұмыс орны арнайы осы үшін жабдықталған аумақта орналасады және т. б.
Заң құжаттарында көзделген реттерде, жағдайлар мен шектерде меншік иесіөз мүлкін басқа адамдардың шектеулі пайдалануына жол беруге тиіс (АК-ның 188-бабының 6-тармағы) . Меншік иесінің мүлкін үшінші адамдардың мұндай пайдалануын сервитут деп атайды.
Оралымды басқару құқығы меншік иесінін қаражаты ёсебінен қаржыландырылатын мекеменің, мемлекеттік мекеменің, меншік иесінен мүлік алушы және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктік мақсатына сәйкес заң құжатгарымен белгіленген шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асырушы қазыналық кәсіпорындардың затгық құқығы болып та-былады (АК-тің 202-бабы) .
Бұл құқықтың субъектісі казыналық кәсіпорын немесе кез келген меншік түріндегі мекеме (бүрын оралымды басқару институты тек мемлекеттік мекемелерге ғана қатысты еді) болып табылады
Құқық объектісі казыналық кәсіпорынның мүлкі мен
мекеменің мүлкі саналады.
Оралымды басқару қүқығының мазмүнының шаруашылық жүргізу құкығына қарағанда аясы тарлау келеді. Мысалы, мемлекет кәсіпорынды қүрылған сәттен бастап оны қаржыландыруды тоқтатады, бұл мемлекеттік мекемеден басты айырмашылық болып есепгеледі. Мемлекеттік кәсіпорын кейбір жағдайда болмаса негізінен өз мүлкіне деген қүқықтық тәртіпті өзі айқындайды.
Оралымды басқару қүқығын алған мемлекеттік немесе коммуналдық тұлға сол мүліктерді иеленуге, пайдалануға және билік етуге заңда белгілленген реттерде құқылы болып табылады. Бұл орайда өз қызметінің мақсата, меншік иесінін тапсыр-масы, мүліктің мақсаты және заңның талабы сақталады (АК-тің 202-бабы) .
Берілген мүлікке байланысты меншік иесінін билік ету қүқығы айтарлықтай ауқымды келеді. Меншік иесі немесе уәкілді орган, егер заң күжаттарында өзгеше белгіленбесе, сот тәжірибесінен тыс ол мүлікті қайтарып алуға, не өзі құрған басқа занды тұлғалар арасында өз қалауы бойынша кайта бөлуге қүқылы.
Сонымен, оралымды басқару құқығы дегеніміз, заттық құқық екен, қазыналық кәсіпорын мен мекеменің езінің шаруашылық қызметін жүзеге асыру мақсатында меншік иесінің мүлкін заң талабына, өз қызметінің мақсатына, мешпік иесінің тапсырмасына және мүліктің мақсатына сәйкес заттық қүқықты пайдалану болып табылады.
- Қазыналық кәсіпорын мүлкін оралымды басқару қүқығының ерекшеліктері. Қазыналық кәсіпорын мемлекетке жататын мүлік негізінде ҚР-сы Үкіметінің шешімімен қүрылады. Олардың қүқықтық ережелері Президенттің. “Мемлекетгік кәсіпорын туралы” Жарлығының 3-тарауында реттеледі.
Қазыналық кәсіпорындар мына мақсаттарға арналады: 1) кездейсоқ апат, авариялық жағдайларда қүтқару жұмыстарьш, өрттен сақтауды, су тасқыны мен басқа да табиғи апаттан корғаудан атқару үшін; 2) мемлекеттік авто жолдарды және басқа инфроқұрылымдарды ұстап-күтіп, дамыту үшін (оны қаржыландыру арнайы заңмен белгіленеді) ; 3) почта, байланыс жүйесі мен теле байланыстар, жалпы республикалық және қалааралық байланыс жұйелерін пайдалану ұшін; 4) денсаулық сақтау, табиғат қорғау, білім беру, әлеуметтік қорғау, ғылым мен мәдениет салаларына өндірістік шаруашылык қызметті жүзеге асыру үшін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz