Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасуы мен қазақтардың репатриациясы тарихын зерттеудегі негізгі тұжырымдар
Қазақстанның ерте заманнан қазірге дейінгі тарихын қамтитын жиырма кітаптан тұратын көптомдық Қазақстан тарихы басылымына Шетелдегі қазақтар. Этникалық қазақтардың қайта оралуы тақырыбындағы кітап енгізіліп отыр. Кітапта кеңестік тарихи танымдағы идеологиялық ұстанымға орай шындығы ашылмақ түгіл, тыйым салынған, зерттелуі құпталынбаған тақырыптың бірі - қазақтардың елден сыртқа кетуге мәжбүр болғандығы мен олардың Қазақстанға қайта оралуы тарихы қарастырылады.
ХVІІІ ғ. ортасынан бастап қазіргі күнге дейінгі көші-қон тауқыметін басынан өткізген қазақ халқының шетелдегі қауымының қалыптасуы, кеңес дәуірі мен тәуелсіздік алғаннан кейін ата- мекеніне оралуы және қазіргі дамуы тарихысарапталынады. Кітапты жазуға танымал тарихшылар тартылған: Зардыхан Қинаятұлы, Талас Омарбеков, Нәбижан Мұхаметханұлы, Абдуақап Қара, Жарас Ермекбаев, Бибизия Қалшабаева, Сәулебек Рустемов, Кулгазира Балтабаева және т.б. Қазақ тарихын тәуелсіздікке дейін және егемендік алғаннан кейін деп бөлетін болсақ, онда тәуелсіздік алғанға дейінгі отандық тарихи ғылымда шетелдегі қазақ қауымының қалыптасуы мен дамуы тарихын жазу мүмкін болмады. Кеңестік дәуірде бұл тақырыпты зерттеу - КСРО-дағы ұлттардың гүлдене да- муына көлеңке түсірер еді. Шындығына келгенде қазақтарды өздерінің туған жерінен сыртқа қарай үдере қашуына мәжбүр еткен жағдайларды (мысалы, ХХ ғасырдағы ашаршылықтарды) ашу кеңестік саясаттың тұтастай ұлттың тағдырына деген аяусыздығын көрсетер еді. Коммунистік тоталитарлық идеология үстемдік құрып тұрған кезде шетелдердегі қазақ диаспорасын құраған қандастарымыз өзге елдің азаматтары деп есептелінгендіктен, тағдыры мен тарихы мемлекеттің де ғалымдардың да наза- рынан тыс қалып келді. Қазақ диаспорасы тақырыбын ғылыми тұрғыдан зерттемегенін айтпағанда бұл атау ХХ ғ. 90 жж. дейін ғылыми әдебиеттер мен баспасөз беттерінен орын тапқан жоқ. Сондықтан, көптомдық Қазақстан тарихы басылымына осы тақырыптағы кітаптың енгізілуі Қазақстанның тәуелсіздігінің толыққанды жемісінің арқасында ғана мүмкін болды деп атап көрсетеміз.
Тәуелсіздік жылдарында қазақстандық тарих ғылымы ақтаңдақтар беттерді қайта қарап, көптеген тарихи оқиғаларға шынайы шындық тұрғысынан жаңаша қорытынды жасауда бірқатар жетістік- терге қол жеткізді. Соның ішінде, қазақтардың шетелге үдере көшуі, шетелдегі қазақ қауымының қалыптасуы, олардың қайта оралуы мен қазақстандық өмірге бейімделуі мен сіңуі тарихы зерттелуде, бірқатар тұжырымдар да жасалды. Онтомдық Қазақстан тарихы басылымына даярланып жатқан 17- кітаптағы Қазақ диаспорасының қалыптасуы мен олардың қайта оралуы мәселесі бойынша берілетін негізгі ой-қорытындыларымен таныстырайық:
Біріншіден, қазіргі таңда шетелде қазақ қауымдастығының сақталып отыруы - әлемдік саяси тарихи процестер салдарының көрінісі. Ол бір мезетте бола қалған кездейсоқ құбылыс емес, керісінше ХҮІІІ ғасырдан ХХ ғасырдың басына дейінгі мезгілде қазақ және әлем тарихында орын алған аса зор саяси өзгерістердің салдарынан пайда болған күрделі қоғамдық құбылыс. Екіншіден, бұл қоғамдық құбылыстың қайдан пайда болғанын анықтау және оның тарихи себеп- терін қарастыру үшін, ең алдымен, шетелдегі этникалық қазақ қауымының қалыптасу тарихын мер- зімдік принцип негізінде кезеңдерге бөліп зерттедік: 1 - ХVІІІ-ХХ ғасырдың басында шетелдегі қазақ қауымының пайда болу кезеңі - Бұл кезеңді Қазақстанның жоңғар шапқыншылығына қарсы күресінің Ресей империясының құрамына енуімен жалғасуына байланысты отарлық кезеңдегі деп атауға болады; 2 - 1916-1991 жж. - шетелдегі қазақ қауымының қалыптасуы, бір бөлігінің туған жеріне қайта ора- луы мен дамуы кезеңі. Бұл кеңестік дәуірмен тұстас; 3 - 1991 ж. бергi - тәуелсіздік жылдарындағы шетелдегі қазақ диаспорасының дамуы деп үш кезеңге бөле қарастырамыз. 1-кезеңдегі, шетелдегі ХVІІІ-ХХ ғасырдың басындағы қазақ қауымының қалыптасуы мен дамуының өзіндік ерекшеліктері бар. Бұл кезеңдегі қазақ қауымының қалыптасуы тарихына орай Н. Мұхаметханұлы өз пікірін білдіреді: ХҮІІІ ғасырда қазақ халқы өзінің ертеден қалыптастырған кең-байтақ этнотерри- ториясында, өз мемлекетінің - Қазақ хандығының басқаруында біртұтас ел ретінде өзінің дәстүрлі тір- шілік формасында өмір сүретін.
Ол кезде қазақ халқы Жүздік әкімшілік аумақтар бойынша орналасқан және бір-бірімен байланысты біртұтас ел болды. Бұл кезеңде Ресей, Орта Азия, Монғолия, Қытай жерлерінде қазақтардың жинақы орналасқан мекендері болды. Қытай жеріндегі қазақ қауымының қалыптасуын былай тұжырымдауға болады. Шоқан Уәлихановтың сөзімен айтқанда Абылай ханның қармағындағы, Талас жағасы мен Ташкентке дейін көшіп-қонып жүрген Ұлы жүз шығысқа қарай жы- лжып, қытайларды Кіші Алатаудан асыра қуып, өздерінің байырғы мекендеріне оралды.
Сонымен, қазақтардың айтуынша Ұлы жүз осы өңірді қалмақтардан қайтарып алған, сондықтанда қытайлардың бұл жерлерге көзалартуы дұрыс емес. Яғни, ХҮІІІ ғасырдың орта шенінде Тянь-Шань тауының батыс солтүстігіндегі атамекеніне қарай жылжып көше бастаған қазақтар, ХІХ ғасырдың орта шенінде Цин патшалығының қарамағындағы Іле, Тарбағатай және Алтай аймақтарының бірқатар аудандарына ба- рып қоныс тепті [1]. Қытайға қараған қазақтардың орналасқан аймақтары бойынша рулық құрылымы негізінен мынадай болды: Іле аймағына қоныс тепкендер Ұлы жүздің Албан, Суан рулары мен Орта жүздің Найман ұлысының Матай әулетінен тарайтын Қызай рулары; Тарбағатайға орналасқандар - Орта жүз Найманнан тараған Қаракерейдің бірнеше рулары, Уақ рулары және Абақ Керейдің ішінара рулары; Алтай аймағына қоныстанғандар - Орта жүздің Абақ Керей рулары (Он екі Абақ керей) мен Найманның кейбір рулары.
Қазақ халқының бұл бөлігі Қытайда қазақ қауымдастығын қалыптастырды. Одан кейінгі кездердегі тарихи саяси оқиғаларға байланысты, мысалы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының жанышталуынан Қытайға босып барған қазақтар (бұлардың көбі кері қайтарылса да) және 1931-1932 жылғы ашаршылықтан ауып барған қазақтар сондағы қазақтарды паналап, олардың қатарын көбейтті, негізін нығайтты [2]. Қытайдың Алтай аймағындағы ежелгі қонысына барып орын тепкен қазақтардың біраз бөлігі тіпті де жайлы жайлым жер іздеп, Алтай тауының теріскей бетіндегі моңғол жеріне барып тұрақтап, қазіргі Монғол еліндегі қазақ қоғамдастығының негізін қалады. Монғол жерінде қазақ қауымының қалыптасу тарихын зерттеушілер еңбектеріне сүйенсек, бұл кезеңдегі Монғолиядағы қазақ диаспорасының қалыптасуы қазақтардың малға жайлы жер іздеуі негізінде жүрген. Мысалы, Моңғолияда ХІХ ғасырдың орта шемесіне дейін қазақтар болмады. Батыс моңғолдармен көршілес жатқан керейлердің Моңғол жеріне қарай жылжу процесі ХІХ ғасырдың соңғы жартысынан басталды - деп тұжырымдаған зерттеуші т.ғ.д.
Зардыхан Қинаятұлы қазақтың Абақ керей тайпасының шет мекендерге қоныс аударуынан басталған Монғолиядағы қазақ қауымының қалыптасу тарихын ашады. Жылжу себептерін ішкі және сыртқы екі тарапқа бөліп қараған ғалым сыртқы себептерді Жоңғар хандығының ыдырауы және 1860 жылдардағы Тайпин және Дүңген көтерілісі қатарлы саяси оқиғалармен байланыстырады. Дәлел ретінде зерттеуші Моңғолия ғалымы Цэвэн Жамсрано Дархад... Хасаг, Хамнигандардың шығу тегі туралы атты еңбегіндегі Қазақтар алғаш Алтайдың арғы жағына сиыспағандықтан бергі беттен малына жайылым жер іздеп келген екен деген ой-қорытындысы мен Г.Е.Грумм-Гржимайлоның Өткен ғасырда қара Ертістің бойында басталған жер дауы Керейлерді мұнда (Қобда бетіне) қоныс аудармасқа шарасыз болдырды деп жазған тұжырымына сүйенеді. Қазақтардың Монғол жеріне қоныс аударуының себебі көшпенділер үшін жер тарлық еткеннен ауыр құбылыс ол - жұт жұтымшылығы екенін алға тартады. Көнекөз қариялардың естелігі және тарихи жазылымдарға қарағанда 1869 қоян жылы Алтай өлкесінде естен қалғысыз қатты жұт болып, тәмәм мал қырылып халық аштыққа ұшырағаны белгілі. Осы қоян жылғы жұт бір бөлім елдің мал жағдайымен күн көріс тұрмысы үшін бір қырқаны асып Алтай тауының арғы бетіне қоныс аударуының бірден бір басты себебі деуге болады деп жазады 1994 жылы Шыңжанда басылған Абақ керей тарихын құрастырушылар. Әйтеуір қалай дегенмен Қазақ халқы көшпенді мал шаруашылығына қолайлы, шөбі шүйгін, отын суы мол қоныс ізде- уі Абақ керейдің бір тобы Алтайдың күнгей бетінен теріскейіне ауа қоныстануының бірден бір себебі екендігі соншалықты дау-дамай тудырмайтын мәселе деп тұжырымдайды Зардыхан аға [3]. Сонымен, Абақ керейдің бір тобының Моңғолия жеріне қоныс аударып, жұрт жаңалауының бір- ден-бір шешуші себебі - малына жайлы жер, жанына жайлы қоныс іздеушілік болса керек. Алтайдың арғы бетінен келген Абақ керей ұрпағы Моңғолиядағы қазақтардың негізгі бөлімін құрайды. Мұндағы Қазақ тобының екінші бөлімін 1914-1917 жылдары Щуй арқылы Марқа көл, Зайсаннан асып келген наймандар құрайды. Олардың саны соншалықты көп емес.
Тарихта Моңғолиядағы қазақтар деп ата- латын құбылыс осылайша дүниеге келген еді деп қорытындылайды З. Қинаятұлы [4]. Орталық Азия жерінде қазақ қауымының қалыптасу тарихын жоңғарлардың 1723 жылғы Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама деген атпен ұлттық трагедия ретінде ел жадында мәнгілікке сақталып қалған, қазақ халқын өте ауыр күйзеліске ұшыратқан шабуылымен байланыстырады зерттеушілер. Осы шабуылдың нәтижесінде ойраттар Ташкент,Түркістан, Сайрам қалаларын басып алды, ауылдарды және бірқаншалаған Орта жүз бен Ұлы жүз руларын қырғындады. Ендігі жерде тұқымымен құрып кетпеу үшін қазақтар көше бастады, өздеріне жақынырақ маңдағы басқа Орталық Азиядағы халықтар арасына бытырап кетіп, Ортазиялық хандықтары жерлеріне барып қоныстанды. Осылайша Орта Азия жерлеріндегі қалыптасуы жоңғар шапқыншылығымен байланысты болды [5: 94.].
Орталық Азиядағы қазақ диаспорасы мәселесін жинақтап, онтомдық басылымға даярлаған ғалым Б. Қалшабаева тарихи деректердің негізінде жоңғар соғысы салдарынан ашаршылықты басынан өткізген Орта жүздің бір бөлігі Бұхараға көшіп, Бұхара хандығы қол астына өтсе, ал кіші жүздің бір тобы Хиуаға көшкендігі жайында айтады. Өзбекстанның Бұхара, Науай, Қашқадария, Қарақалпақстан автономиялы облыстарына кіші жүз қазақтары шоғырланған. Мұнда негізінен Әлімұлы, Байұлы рулары, жеті рудың: Табын, Тама, Рамадан, Жағалбайлы т.б. рулары кездеседі. Өзбекстандағы кіші жүз қазақтарын ХVІ ғасырдағы Тәуекел ханның Ташкент, Түркістан, Самарқандты басып алған ұрпақтарымен байла- ныстырады.
Бүгінгі қазақ жадындағы Күлтөбенің басында күнде жиын деген сөз Ханабад ордасы жа- нында, Ангрен өзенінің жағасындағы Күлтөбе деген жерде қазақ халқының заң шығарушы билерінің жыл сайын күзде бірліжарым айға бас қосатынынан қалған. Өзбекстанда қазақтың қыпшақ руы да көптеп кездеседі. Бұл жөнінде ғалым К.Ш. Шаниязов: Қыпшақтар ХVІ- ХVІІІ ғасырларда қазақ даласынан Мавереннахр мен Хорезмге қоныс аударып, жер- гілікті халықтардың (өзбек), тағы бір тобы Сырдарияның орта ағысы бойында қалып, қазақ халқының құрамына енген,- деп көрсетеді [6: 16, 81]. Сонымен бірге олардың кейбір тобы бұл өңірге ке- луін 1932-1933 жж. ашаршылық жылдармен байланыстырады.
Сондай-ақ, найман руының Бұхара, Самарқандтағы тобы ежелден атабабамыз мекен еткен қоныста отырмыз десе, Ташкент маңайындағы тобы ұжымдастыру, ашаршылық жылдары келгендігін айтады. Б. Қалшабаева Орталық Азия елдеріндегі қазақтардың негізгі бөлегі Өзбекстанда ежелден ата қонысында отырған және саяси қуғын-сүргінмен, тарихи зобалаңмен, басқа да өздерінің экономикалық қажеттіліктерімен барған қазақтар тобын құрайды деп тұжырымдайды. Сондай-ақ қазақтың шекара маңындағы кеңбайтақ шұрайлы, қазба байлығы мол, өмір сүруге ыңғайлы жерлеріне Ресейден қара шекпенділер мен мұжықтарды қоны стандырып, орыс тұрғындарының санының жергілікті қазақтардан артуына байланысты, ол жерлерді әртүрлі сылтаумен Ресей құрамына қосып отырды.
Биліктің бұл тәсілі өте ұтымды түрде шекара өңіріндегі қазақ жерлері мен тұрғындарын Ресей құрымына біртіндеп қосып отырды. 2- кезеңде ХХ ғасырдың екінші онжылдығынан бастап шетелдердегі қазақ қауымының қалыптасуы мәжбүрлі сипатта жүрді. 1916 жылғы босқыншылықтан бастап, кеңестік саясаттың қазақ жеріндегі ашаршылықтарды туындатуы негізінде сыртқа ағылған қазақ көшінің негізінде шетелдердегі қазақ қауымының дамуында қайғылы кезең орын алды. 1916 жылғы Ұлт-азаттық көтеріліс кезінде сыртқа кеткен қазақтардың босқыншылығы, 1917-1918 жж. Түркістан республикасында, 1921-1922 жж., азалы 1929-1933 жж. орын алған ашаршылықтар кезіндегі қазақтың қырылуы мен аштықтан қырылмас үшін сыртқа кеткендер тарихына қатысты да бірқатар тұжырымдар жасалды.
Осыдан кейін барған Қытайдан жеріне сыймаған қазақ шекара асып Үнді еліне, шөл мен тау-тастан өтіп, европалық елдерге барып қоныстануға мәжбүр болғандығы көрсетіліп, қазақтардың әлем елдері- не таралуы мен батыс елдерінде қазақ қауымының қалыптасуы мәселесі де қарастырылды. Ресейдегі қазақ қауымдастығының қалыптасуы - Патшалық Ресейдің қазақ даласын отарлауы және оның жүргізген әкімшілік реформалары мен Кеңес Одағының ұлттық автономиялық әкімшілік терри- торияларды анықтау нәтижесімен тікелей байланысты орын алған қоғамдық құбылыс. Кеңес Одағы бойынша жүргізілген Ұлттық-территориялық межелеу науқаны барысында, қазақтың билік басындағы ұлтжанды азаматтардың қатты қарсылығына қарамастан, шекараны ректификациялау деген желеумен, кеңестік билік 1925 жылы Орынбор губерниясы мен Орынбор қаласын және Торғай облысының бір аз жерін РКФСР құрамына өткізіп берді. Онда отырған қазақтар отырған жерімен бір- ге Ресейдің қарамағында қалып қойды. Ал, бұл жерлердегі қазақтар ресейлік қазақ диаспорасының қатарын толықтырды. Өзбекстанның Қазақстанмен шекаралас аудандардың кейбір аумағы Орта Азия қазақтарының ежел- ден тұрақтаған ата-мекені екендігі және ол аумақтың 1924 ж. ұлттық-территориалдық шекараны меже- леудегі территориалдық даулардың нәтижесінде қалыптасқан қазақ диаспорасының тобы екендігі де айқындалды. Ал, сол аумақты ежелден мекендеген қазақтар Өзбекстандағы қазақ диаспорасының бір бөлігі болып табылады.
3-кезең Қазақстанның тәуелсіздік алуымен байланысты. Бұл кезеңдегі қазақтардың шетелде- гі қауымының - қазақ диаспорасының даму тарихы оралмандар мәселесімен тығыз байланысты. Қазақтардың тұтастануы тарихи әділдік. Тарихи отанына қазақтардың қайта оралуы негізгі тренд. Ал, шетелдегі қазақ диаспорасы өздерінің отырған жерлерімен бірге басқа елдің құрамындағы этникалып топ болып есептеледі. Сондықтан Қазақстанның төңірегіндегі шекаралас мемлекеттерде өмір сүріп отырған қазақтардың қайқайсының да өз атамекенімізде отырмыз деуінде терең тарихи шындық бар. Дегенмен, ол жерлер кезінде сол елдің территориясына айналып кеткендіктен, олар да сол өздері тұрған мемлекеттің азаматтары.
Бірақ олар қазақ ұлтының құрамдас бөліктері. Қазақстан Республикасы Халықтың көші-қон Заңының анықтамасы бойынша айтқанда, олар этникалық қазақтар болып табылады. Демек, шетелдердегі қазақ қауымдастығының негізін отырған жерімен бірге өзге елдің құрамына қосылған қазақтар құрады (Н. Мұхаметханұлы). Үшіншіден, қазақтардың туған жеріне оралу процесі зерттелуде. Қазақтың отансүйгіштігін, патриоттығын бейнелейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЕТЕЛ ҚАЗАҚТАРЫ
Шетел қазақтары (тарихи-этнологиялық зерттеу)
КӨШІ - ҚОН ҮРДІСТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазақстанды 60-80 жылдардағы ғылымның дамуы мен жаңғыртудың кеңестік үлгісі
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
Қазақстанда тарихи білімнің қалыптасуы мен дамуы: тарихи-теориялық зерттеу (1920-2001 жж.)
Әлихан Бөкейхановтың өмiрi мен қызметi
Қазақ этнонимінің синонимі
Алыс, жақын шетелдік қазақтар тілінің зерттелуі
Қазiргi кезеңде материалдық мәдениет және тұрмыс ескерткiштерiн сақтау және насихаттау
Пәндер