Ақпараттық жүйелер ұғымы туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Білім және ғылым министрлігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Ақпараттық технологиялар факультеті

СӨЖ

Орындаған: Муптыхан Н.
Тексерген: Сәмбетбаева А.

Алматы 2018
Ақпараттық жүйелер ұғымы

Ақпараттық жүйелер - қойылған мақсатқа жету және ақпаратты тасымалдау, өңдеу үшін сақтауға арналғандарды қолданудың, әдістер мен қызметшілердің, құралдар жиынтығының өзара байланысы. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйелер түсінігін дербес компьютерде ақпаратты өңдеудің негізгі техникалық құралдары ретінде есептейді. Үлкен ұйымдарда дербес компьютермен бірге ақпараттық жүйелер техникалық базасының құрамына мэйнфрейм немесе суперЭЕМ-ді кіргізуге болады. Егер шығарылған ақпаратты және оларды алу мүмкіндігіне арналған адам ролін есепке алмаса онда өздігінен ақпараттық жүйелерді техникалық іске асырудың мәні болмайды. Копьютер мен ақпараттық жүйелердің түсінік айырмашылығы әр түрлі. Арнайы бағдарламалық құралдармен жабдықталған компьютерлер, ақпараттық жүйеге арналған құралдар және техникалық базасы бола алады.
Ақпараттық жүйе (АЖ) - экономикалық объектіні басқаруға қажетті ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, өңдеу және шығарып беру жүйесі [2].
АЖ - ақпараттық жүйе жобасы мен ақпаратты есептеу жүйесінен (АЕЖ) тұратын күрделі жүйе. Ақпараттық жүйе жобасы деп - ақпараттық жүйе тұрғызу мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты есептеу жүйесі АЖ жобасын жұмыс істетуге бағытталған ұйымдастыру техникалық кешен деп түсінуге болады. АЕЖ мәліметтерді жинауды, өткізіп беруді, өңдеуді, сақтауды, жинақтап толтыруды және шығарып беруді АЖ жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
Жүйе деп кез елген объектінің, бір мезгілде біртұтас қарастырылатын, басты мақсатқа жету үшін әртекті элементтердің жиынтығының бірігуі деп түсінуге болады. Мақсаттары бойынша және құрамы бойынша жүйелер өзара айшықтанады. Информатика саласында жүйе түсінігі көп қолданылады және әр-түрлі мағыналы болып келеді. Бағдарламалық және техникалық құралдар жиынтығына сәйкестендіріліп жиірек қолданылады. Жүйе деп компьютердің аппаратық бөлігі де атала береді. Қолданбалы есептерді шешуге, көптеген құжаттарды енгізуге және есептерді басқаруға арналған, процедуралармен толықтырылған бағдарламаларды жүйе ретінде көрсетуге болады. Жүйе түсінігіне қосымша Ақпараттық сөзі оның құрылу және жұмыс жасау мақсатын білдіреді. Ақпараттық жүйелер кез-келген аймақтағы есептерді шешу процесінде қажетті жинау, сақтау, өңдеу, іздеу, ақпаратты жіберумен қамсыздандырады. Олар жаңа өнімдер құруға және мәселелерді (маңызды проблемаларды) шешуге көмектеседі.

Ақпараттық жүйелердің даму сатылары
Бірінші ақпараттық жүйелер 50-ші жж. пайда болды. Бұл жылдары олар есептерді өңдеуге және еңбек ақыны есептеуге арналған болатын.
60-шы жылдар ақпараттық жүйелерге деген көзқарастың өзгеруімен ерекшеленеді. Бұл жылдары алынған ақпарат көптеген параметрлері бойынша периодтық есеп беру үшін қолданыла бастады. Ол үшін көптеген функцияларға қызмет көрсете алатын мүмкіндігі бар компьютерлік жабдық қажет болды.
70-ші жж. мен 80-ші жж. басында ақпараттық жүйелер шешім қабылдау процесін жеделдететін және қолдайтын басқарушы бақылауының әдісі ретінде кеңінен пайдалана бастады.
80-ші жж. аяғында ақпараттық жүйелерді пайдалану концепциясы тағы да өзгеріске ұшырады. Бұл кезеңнің ақпараттық жүйелері дер кезінде ақпаратты беру арқылы өндірістерге табыс әкелуге, тауарлар мен қызметтер құруға, өтімділіктің жаңа нарығын табуғы, өзіне теңдес серікті қамтамасыз етуге, төмен бағамен өнімді шығаруды қамтамасыз ету және т.б. көмектесті.
Ақпараттық жүйелердің барлығына дерлік көп аспектілік, көп функциялық, қолдану салаларының әртүрлі болуы тән. Сондықтан да ақпараттық жүйелерді жіктеу күрделі үрдіс. Жіктеу кім қандай мақсатта осы үрдісті жүргізетіндігімен сипатталады.
Басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты АЖ қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады. Қолмен жасалған АЖ ақпаратты қайта өңдеудің техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Автоматтық АЖ адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.Автоматтандырылған АЖ ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі ақпараттық жүйе терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады.
Басқару процесін ұйымдастыруда олардың кең пайдалануын ескере отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің әртүрлі боп жіктелуі 6-суретте берілген.

Сурет 3. - Әртүрлі белгілері бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі
Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша жіктесек, ақпараттық-іздеушілік жүйелер (сурет 3) енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді өндіреді. Мысалы, кітапхана, билеттер сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық-іздеушілік жүйелер.
Ақпараттық-шешуші жүйелер қандай да бір алгоритм бойынша ақпаратты қайта өңдеудің барлық операцияларын жүзеге асырады. Оларда шешім қабылдау процесінде нәтижелі ақпараттың іс-әрекет дәрежесі бойынша классификация жүргізуге және екі класты бөліп қарастыруға болады: басқармалы және кеңесші. Басқармалы ақпараттық жүйелер адамның шешім қабылдауына негізделген ақпаратты өндіреді. Кеңесші ақпараттық жүйелер адамның мағлұматына алынады және нақты іс-әрекет сериясына айналмайды. Бұл жүйелер интеллекттің жоғарғы дәрежесіне ие болады.
Қолдану сферасы бойынша жіктесек, өндірістік басқарудың ақпараттық жүйелері (сурет 3) басқарушы қызметшілердің функцияларын автоматтандыру үшін арналған. Жүйенің бұл класының кең қолданылуы мен әртүрлілігін ескере отырып, жиі кез келген ақпараттық жүйелер берілген талқылауда түсініледі. Бұл класқа өнеркәсіптік фирмалар, өнеркәсіптік емес объектілер: қонақ үйлер, банктер, сауда фирмалары мен т.б. ретінде басқарудың ақпараттық жүйелері жатады. Осы жүйелердің негізгі функциялары: оперативті бақылау және реттеу, оперативті есеп және анализ, перспективалы және оперативті жобалау, бухгалтерлік есеп және т.б. экономикалық-өндірістік есептер.
Технологиялық процестерді (ТП) басқарудың ақпараттық жүйелері өндірістік қызметшілер функциясын автоматтандыру үшін қызмет етеді. Олар металлургиялық және машина жасайтын өндірістердегі технологиялық процестерді қолдау үшін ұйымдастыру кезінде кең пайдаланылады.
Автоматтандырылған жобалаудың ақпараттық жүйелері жаңа техника немесе технология құру кезінде инженер-жобалаушылар, конструкторлар, архитекторлар, дизайнерлер функциясын автоматтандыру үшін арналған. Осындай жүйелердің негізгі функциялары болып мыналар табылады: инженерлік есептер, графикалық құжатнама құру (сызбалар, схемалар, жобалар), жобалық құжатнамаларды құру, жобаланатын объектілерді модельдеу.
Интегралданған (корпоративті) ақпараттық жүйелер ұйымның барлық функцияларын автоматтандыру үшін пайдаланылады және өнімді жобалаудан бастап, өткізуге дейінгі жұмыстың барлық циклін қамтиды. Бұл мекеменің құрылымын өзгертуге әкелуі мүмкін, бұған кез келген басқарушы бара алмайды.
Өңделетін ақпарат түріне байланысты құжаттық және фактографиялық АЖ болып бөлінеді. Құжаттық АЖ мәтін немесе графикалық құжаттардағы құрылымдалмаған ақпаратты (кітап, мақала, бұйрық т.б.) іздеуге бағытталса, фактографиялық АЖ мәліметтердің формальданған жазбалары жиынтығы түрінде берілген нақты мәліметтерге сүйенеді. Олар МҚБЖ арқылы ақпаратты енгізу, өңдеу, топтау, сақтау операцияларын орындайды.
АЖ қолданылатын саласына байланысты және басқару деңгейіне байланысты мемлекеттік, аймақтық, офистік, жеке болып та бөлінеді.
Атқаратын жұмысына қарай есептеуіш және ақпараттық (басқару) болып таралады.

Ақпараттық жүйе келесі қасиеттермен анықталады:
кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін; ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады; ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет; ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады. Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.
Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.
Ақпараттық жүйелерді ендіруден нені күтуге болады
Ақпараттық жүйелерді ендіруде келесілерді алуға мүмкіндік береді:
математикалық әдістер мен интеллектуалдық жүйелер және т.б. ендіруден басқару есептерін шешудің рационалды нұсқаларын алу; жұмысшыларды оны автоматтандыруда көптеген жұмыстардан босату; ақпараттың нақтылығын қамтамасыз ету; мәліметтерді қағаздық тасымалдағыштардан магниттік дискілер немесе ленталарға ауыстыру, ол компьютерде ақпаратты қайта өңдеудің рационалды ұйымдастырылуына және қағазда құжаттар көлемінің азаюына әкеледі; фирмада құжатайналым жүйесі мен ақпарат ағымының құрылымын жаңарту; тағамдар мен қызметтерді өндіруде шығынның азаюы; тұтынушыларға әмбебап қызмет көрсету.
Жобаларды басқарудың негізгі әдіснамалары
Әрбір жоба - бұл стандарттауға келмейтін бірегей іс-шара екендігі бәріне белгілі. Алайда, жобаларды басқару процестерін стандарттауға болады. Олардың форматтайтын құжаттар жобаларды басқару әдіснамалары атауына ие болды. Ең жиі қолданылатын әдістемелерді атап өтейік:

Дәстүрлі (Каскадты) жобаларды басқару әдіснамасы
Дәстүрлі жобаларды басқару әдіснамасы барлық салаларда пайдаланылуы мүмкін, бірақ құрылыста ең кең таралған. Ол сондай-ақ каскадты немесе сарқырамалы модель деп аталады,себебі, оның ұсынылып отырған жүйелілігі ағын фазаларына ұқсайды. Әдіснама жобалық басқарудың жеті дәйекті кезеңдерін бөледі:
:: Талаптарды айқындау
:: Жобалау
:: Іске асыру (құрылыс, өндіріс)
:: Енгізу
:: Тестілеу және дұрыстау
:: Орнату
:: Пайдалану және сүйемелдеу
Жобаның келесі фазасына көшу алдыңғы кезең аяқталып, тапсырыс берушімен қабылданған жағдайда ғана мүмкін. Орындау нәтижесі материалдық өнім болу шарт (мысалы, құрылыс жобалары, жабдықты орнату және т. б.) және іске асыру үшін нақты іс-әрекеттерінің реттілігі талап етілетін жобаларда бұл әдістемені қолдану неғұрлым пайдалы. Оған қоса, әзірленген жоспарларды болашақта оларға ұқсас жобаларда пайдалану мүмкін.
Алайда екінші жағынан, жобаны басқару дәстүрлі моделі жоспарлау кезеніңде инвестицияларды тартуды талап етеді. Әдетте алғашқы екі фаза жобаны орындаудың барлық уақытынан 20 - 40% алады. Құрылымдалған тәсіл салдарынан өзгеріс енгізу жұмыстары баяу жүреді, сондықтан егер клиент қандай нәтиже алғысы келетінін білмесе, бұл әдіснама икемсіз және қолайсыз болады.
PRINCE2 жобаларды басқару әдіснамасы
PRINCE2 (Projects in Controlled Environments) - бұл үдерістік-бағдарлы жобалау әдіснамасы, ол жоғарғы деңгейдегі процестерінде (басқару, ұйымдастыру, бақылау) фокусталады. PRINCE2 әдіснамасы жеті принциптерде, жеті тақырыптарда және жеті процестерде негізделеді. Принциптер әдіснаманың орталық элементі болып табылады: егер олардың ең болмағанда біреуі орындалмаса, онда жобаны PRINCE2 шеңберінде орындалады деп айтуға болмайды.
PRINCE2 әдіснамасының принциптері:

:: Экономикалық қажеттілікті тұрақты бағалау - жобаның бүкіл өмірлік циклінде экономикалық тиімділігі сақтала ма.
:: Оқыту тәжірибесі - жобаның командасы бұрынғы жобалардың тәжірибесін тұрақты түрде іздеп, зерттеу керек.
:: Рөлдік модельді анықтау - жобаның командасы ұйымның құрылымын айқындау және қажетті міндеттерді атқару үшін лайықты адамдарды тарту тиіс.
:: Кезеңдер бойынша басқару - жобаларды жоспарлау керек, сонымен қатар олардың орындалуының әр кезеңін бақылау және мониторингтеу қажет.
:: Ауытқуларды басқару - жауапкершілікті белгілеу мақсатында жобаның ауытқуларын рұқсат етілген шектерін нақтылау қажет.
:: Өнімдерге баса назар аудару - өнімдердің (нәтижелердің) сапасын анықтау мен қол жеткізуге шоғырлану қажет.
:: Жобалық ортаға бейімделу - процестер мен құралдарды жобаны басқару талаптарын жобалау ортасына бейімдеу жөн, сондай-ақ жұмыс ауқымына, оның күрделілігіне, маңыздылығына, біліктілік талаптарына және тәуекел дәрежесіне сәйкестігіне назар аудару.
Аспектілер жобаның барлық ұзақтығында назарда ұстау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйенің есептері
Ақпарат ұғымы, түсінігі
Мектеп информатикасында ақпараттық модельдеу тәсілдерін өткізу әдістері
Ақпарат, оның мазмұны, түрлері мен қасиеттері
Ақпарат және оны өрнектеу жолдары туралы
Информатиканы оқытудың мақсатты жүйесі
Ақпараттық жүйе ұғымы
Медицинадағы ақпараттық технологиялар
Ақпараттың жалпы құрлысы
Ақпараттық жүйелер ұғымы
Пәндер