Хордалылар типіне жалпы сипаттама туралы
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі Бұл тип тармағына бас хордалылар деп аталатын
бір ғана класс жатады. Бұлардың хордалары нерв түтігінен ұзынырақ алға
шығып тұратын болғандықтан — бас хордалылар деп аталған. Бұл класқа
жататындардың негізгі белгілері мыналар: хор-далары бас миынан да алға
шығып, созылып жатады, желбе-зектерінің айналасында (атриальдық) қуысы
болады. Басы де-несінен айқын бөлінбеген. Сезім мүшелері нашар дамыған. Бас
миы деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атаранмен де, оны қаптап тұратын бас
сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін атқарады. Аяқ-колдары
жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті болады
. Ланцетник — ұзындығы 5—8 *сж болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ,
балық пішіндес, мөлдір келген жән-дік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның
ұшына немесе ланцет-ке ұқсас болғандықтан — ланцетник деп аталған; Арқа
қанаты кұйрық қанатына келіп түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде жел-- безек
қуысына шейін созылады.
Денесінің, құрсақ жақ бүйірінде орналасқан екі метаплев-'ральдық
қатпар болады. Олар артқа қарай атериальдық тесікке дейін созылады.
Денесінің алдыңғы, бауыр жағында 10—12 пар қармалағышпен қоршалған, ас жолы
басталатын ауыз алды тесігі болады.
Курстық жұмыстың мақсаты- хордалылар типіне жалпы сипаттама, личинка
хордалылар немесе туникаттар тип тармағы, бассүйексіздер тип тармағына
жалпы сипаттамасы, бас сүйексіздер, ланцетник бас сүйексіздердің өкілі
көбеюі, дамуы, омыртқалылар тип тармағының морфологиялық және биологиялық
жалпы сипаттамасы жүйесін түсіндіру.
Курстық жұмыстың міндеті- хордалылар типіне жалпы сипаттама беріп,
олардың ерекшеліктерін толық түсіндіру.
I Негізгі бөлім
1.1 .Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Хордалылар типіне: ланцетниктер, дөңгелек ауыздылар, балықтар,
қосмекенділер, бауырымен жорғалаушылар, құстар және сүтқоректілер жатады.
Хордалылардың алуан түрлі болуына қарамастан олардың құрылысы мен дамуында
көптеген ортақ белгілері болады.
Хордалылардың басқа жануарлардан басты айырмашылығы мыналар: хордасы
немесе арқа желісінің болуы. Омыртқаның қызметін атқаратын серпімді
бунақталмаған иілгіш денесінің ұзына бойы созылған сым тәрізді желіні хорда
деп атайды. Ол ішінде вакуолі көп ерекше тканнен құралады. Хорда ұрықтық
ішек түтігінің арқа жағынан бөлініп пайда болады. Сондықтан хорданы
энтодерма қабатынан түзілген деп есептейді. Хорда төменгі сатыдағы
хордалыларда өмір бойы сақталса, ал жоғарғы сатыдағы хордалыларда ұрық
дәуірінде болады да, ересек жануарларда омыртқа жотасымен алмасады.
Орталық нерв системасы хорданың үстіңгі бөліміне орналасқан. Бұл
түтіктің ішкі қуысын невроцел деп атайды. Хордалыларда ұрықтың нерв түтігін
эктодерма бастамасының арқа бөлімінен пайда болады. Ас қорыту түтігінің
алдыңғы бөлімін, сыртқы ортамен екі қатар саңылаулар арқылы атысады, оларды
желбезек санылаулары деп атайды. Желбезек саңылаулары суда тіршілік ететін
төменгі сатыдағы хордалыларда өмір бойы сақталады. Басқа хордалыларда
ұрықтық даму кезінде болады [1].
Хордалылардың өзіне тәні ерекшеліктері.Хордалыларда тікентерілілер
сияқты екінші ауызды жануарлар. Дене қуысы — екінші қуысы (целом). Бұның
өзі оларды тікентерілілер мен буылтық құрттарға тегі жағынан жақын екенін
көрсетеді. Көптеген оргаңдардың метомерлі орналасуы төменгі сатыдағы
хордалыларда және ұрықтарда айқын байқалады. Құрылысының күрделенуіне
байланысты, жоғарғы сатыдағы хордалылардан метомерия айқын байқалмайды
хордалылардың денесін бунақталмаған, екі жақты симметриялы болады.
Хордалылардың систематикасы. Хордалылар 3 тип тармағына бөлінеді:
личинка — хордалылар немесе оболочниктер (Urochordata немесе Tunicata), бас
сүйексіздер (Асrаnіа), бас сүйектілер немесе омыртқалы жануарлар
(Vertebrata немесе Craniata) тип тармақтары деп аталады.
1.2 Личинка хордалылар немесе туникаттар тип тармағы
Личинка хордалыларға — асцидиялар (аsсіdiае), сальпылар (sаlрае) және
аппедикуляриялар (аррепdicиlагіае) жатады. Олар теңіздерде тіршілік етеді.
Бұлардың барлығының да денесі — туника деп аталатын қабықтың ішінде болады.
Туника — біріншіден тері эпителиясының туындысы; екіншіден туниканың ішкі
қалың қабатына келіп орналасқаң жас клеткалардың есебінен де ол қалыңдап
дамиды. Туниканың химиялық құрамы өсімдіктердің клетчаткаларына ұқсайды.
Өсімдік клетчаткасы жануарлар дүниесінде тек осы организмдерде кездеседі.
Хорда личинкалық дәуірінде болады, ал аппедикулярйяда ол өмір бойы
сақталады. Ересек личинка хордалылардың нервтері қуыс емес. Сезім органдары
жетілмеген, кан айналу системасы ашық. Жынысты, жыныссыз жолмен көбейеді.
Жыныссыз көбеюі бүршіктену арқылы орындалады (2-сурет).Олардың бірнешеуі
бірігіп, колония құрып немесе жеке жүріп тіршілік етеді. Қейбір турлері су
түбіндегі заттарға бекініп отырып, ал кейбір формалары қозғалып жүріп
тіршілік етеді.
Сурет 1. Асцидияның ішкі құрылысы:
1— ауыз сифоны; 2 — клоака сифоны; 3 — туника; 4 — мантияның
эктодермасы; 5 — мантияның қабаты; 6 — жұтқыншақ; 7 — жұтқыншақтық
іші; 8— желбезек сақы” лаулары; 9 — эндостиль; 10 —арқа сайы;11 — желбезек
айналасындағы қуыс;12 — желбезек айналасын-дағы қуыстың ке-регесі; 13
—қарын; 14 — бауыр өсінділері; 15— артқы тесіп; 16 — аталық безі; 17—анапық
безі; 18 — жыныс жолдары; 19 — жүрек қабы; 20 — жүрек; 21 — шажырқай; 22
— нерв түйіні.
Бұл тип тармағының өкілі асцидияның құрылысы көрсетілген. Личинка
хордалыларды көп уақытқа дейін омыртқасыздар-ға, оның ішінде моллюскаларға,
немесе мшанкаларға жатқызып келді. Тек қана 1866 жылы А. О. Ковалевский
бұлардың эмбриональдық дамуын зерттеп, хордалыларға жататынын дәлелдеді.
Асцидияның эмбриональдық дамуы ланцетниктердің эмбриональдық дамуына ұқсас.
Заттарға бекініп отырьш тіршілік ететін асцидиялар, өз бетінше еркін
қозғалып жүретін хордалылардан шыққандығы анықталды. Асцидиялар отырып
тіршілік етуге бейімделген. Соның салдарынан көпшілік органдары дамымай
қалған. Ересек формаларында хордалары жойылып кетеді [2].
1.3 Бассүйексіздер тип тармағы, Ланцетник бас сүйексіздер өкілі
Бұл тип тармағына бас хордалылар (серһаlосһогdаtа) деп аталатын бір
ғана класс жатады. Бұлардың хордалары нерв түтігінен ұзынырақ алға шығып
тұратын болғандықтан — бас хордалылар деп аталған.
Бұл класқа жататындардың негізгі белгілері мыналар: хор-далары бас
миынан да алға шығып, созылып жатады, желбе-зектерінің айналасында
(атриальдық) қуысы болады. Басы де-несінен айқын бөлінбеген. Сезім мүшелері
нашар дамыған. Бас миы деп нерв түтігінің алғашқы бөлімін атаранмен де, оны
қаптап тұратын бас сүйегі болмайды. Хорда және оның қабы скелет қызметін
атқарады. Аяқ-колдары жоқ, ал нефридиясы және жыныс системалары сегментті
болады.
Ланцетник бас сүйексіздер өкілі. Сыртқы түрі. Ланцетник — ұзындығы 5—8
*сж болатын, екі бүйірінен қысыңқы, сопақ, балық пішіндес, мөлдір келген
жән-дік. Құйрығының артқы бөлімі найзаның ұшына немесе ланцет-ке ұқсас
болғандықтан — ланцетник деп аталған; Арқа қанаты кұйрық қанатына келіп
түйісіп, одан ары тұтасқан түрінде жел-- безек қуысына шейін созылады.

Тері қапшыры. Ланцетниктің тері қапшығы екі қабаттан тұ-рады:
сыртқысын — эпидермис, ішкісін —кутис деп атайды. Жоғары дәрежеде дамыған
жануарлардың эпидермисінен, айырмасы ланцетниктің эпидермисі бір қабаттан
тұрады да, оның сыртын жұқа қутикула қаптап жатады. Эпидермистің көпшілік
клеткалары — цилиндр пішінді, бірқатары бокал тәрізді безді клеткалар, ал
бірқатар клеткаларында сезімтал түктері болады. Кутис қабаты нашар дамыған
және ол қоймалжың ткань-дерден құралады.
Ет системасы. Басқа хордалылар сияқты, бұлардың еті де денесіне
біркелкі орналаспаған. Ет әсіресе денесінің арқа бөлі-мінде көп болады. Ет
системасы ұзына бойы бөлінген екі — миомерлердеп аталатын бунақтарға
бөлінеді. Миомерлер бірінен-бірі миосепта деп аталатын дәнекер тканьдермен
шектеліп (бөлініп) тұрады. Сондықтан бунақтардың жіктері сырттан қарағанда
айқын 'көрініп тұрады. Бұлшық еттерінің бөлшектерінің үшкір жағы денесінің
алдыңғы жағына қарап орналасқан. Оң жағындағы миомерлері мен сол жағындағы
миомерлері бір-бі-ріне тұспа-тұс орналаспайды. Мұның өзі су ішінде жүзгенде
көлденең бағытта денесінің оңай иілуіне жағдай туғызады [3].
Сурет 2..Ланцетникгің ұзынынан -жарып
көрсеткендегі құрылысы:
1— қармалағыштармен қоршалған ауыз алды тесігі; 2 — құйрық
қанаты; 3—арқа қанаты; 4 —кұйрық асты қанаты; 5—метаплевральды қатпар; 6
— атриальдық тесік; 7—хорда; 8 — миомер (тек қана құйрық бөлімдегілері
көрсетілген) 9 — миосепта; 10 — нерв түтіп, 11 — желкен, 12 —желбезек
саңылаулары; 13—ішек; 14—ішектің бауыр өсіндісі; 15 — желбезек
айналасындағы қуыс; 16 — эндостиль; 17 — жыныс бездері.
Сурет 3.Ланцетник
Хордасы негізінен каңқа қызметін атқарады. Хорда ланцетниктің арқа
жағында бүкіл денесін бойлап созылып жатады. Хорда клеткаларының шығарған
заттарынан хорданың сыртын қаптап тұратын қабық пайда болады. Хорданың
негізгі денесі талшықты дискалардан тұрады. Олардың арасында іші сұйық
затпен толған вакуольдері бар. Қалың дәнекер ткані хорданы және оның
үстіңгі жағына орналасқан нерв түтігін қаптап тұ-рады. Бұл қапшықтан
миосепталарға, тері астындағы дәнекер тканьдерге, өсінділер тарайды.
Желбезек саңылауларының маңайында клеткасыз талшықты құрылысты тор бар. Ол
тор тірек қызметін атқарады. Тор көзіне тығыз орналасқан қоймалжың тканьдер
қанаттарын қозғауға сүйемелдейтін кұрал есебінде пайдаланылады. Ауыз алды
бөлімінде орналасқан-қармалағыш түктерінің түбінде де тіректік қоймалжың
заттары болады.
Нерв системасы. Ланцетниктерде орталық нерв системасы деп аталатьш
бүкіл дене бойына хордамен қатарласып созылып жатқан нерв түтігі болады,
Нерв түтігінің бас жақ бөлімі-нің ішкі қуысы кең, ал арқа бөліміндегі қуыс
тар болады. Бұл қуысты — невроцель деп атайды. Ланцетник ұрығының даму
кезінде невроцель сыртқы ортамен — невропор тесігі арқылы қатысады. Ересек
ланцетниктерде невропор болмайды. Мұның орнына дененің бас бөлімінің
үстіңгі жағында оязы қалады, оны иіс оязы деп атайды.
Бүкіл нерв түтігі бойымен, невроцельдің жиегіне, жарық сезгіш — Гессе
көзшелері орналасқан. Әрбір көзшенің өзі екі түрлі клеткадан тұрады.
Біріншісі — жарық сезгіш клетка, ал екінші-сі — пигментті клетка. Ланцетник
миының барлығы дерлік жа-рық сезгіш келеді. Перипериялық нерв системасы ми
түтігінен кететін нервтерден құралады. Нерв түтігінін, алдыңғы кеңейген
бөлімінен екі пар нерв кетеді де дененің алдыңғы бөліміне та-рамданып
кетеді, қалған бөлімдерінен басқа нервтер тарайды. Сөйтіп әрбір ет
сегментіне екі пар нерв келеді. Біреуі құрсақ, екіншісі—арқа нерві. Арқа
нервтері атқаратын қызметіне қара-ғанда аралас қозғалтқыш-сезгіш, ал құрсақ
нервтері таза қозғалыс қызметін атқаратын нерв болып саналады. Ланцетникте
осы нервтердің жұмысы бір-біріне байланысты емес, бұл көптеген
омыртқалылардың нервтерінен айырмашылығының бар екендігін көрсетеді [4].
Сезім органдары —өте карапайым. Олар Гессе көзшелері арқылы
жарықтарды, иіс оязы арқылы судың химиялық ка-сиеттерін ажырата алады.
Сонымен қатар денесінде — эпидермисте бытырап жатқан сезгіш клеткалары
болады.
Сурет 4..Ланцетниктің ішкі құрылысы
Ас қорыту және тыныс органдары. Ауыз алдындағы қармалағыш түктерінің
түп жағында ауыз орналасқан. Ауызбен жұтқыншақты бөліп тұратын, етті
сфинктер болады. Жұтқыншағы кең, ол жүзге жуық желбезек саңылауларын ара-
лап өтеді. Ол сыртқа ашылмай атриальдық немесе желбезек айналасындағы
қуысқа ашылады. Атриальдық қуысы бүйір қатпарларының өсуінен негізделген.
Қатпарлар құйрық бөлімінде өспейді соның нәтижесінде атриопор деп аталатын
тесік пайда болады. Сөйтіп су жұтқыншақтан желбезек сақылаулары арқылы
атриальдық қуысқа одан атриопор арқылы сыртқа шығады.
Жұтқыншақтық құрсақ жағындағы ішкі бетінде өзекшесі болады. Бұл өзекше
безді және кірпікшелі клеткалармен эндо-стильмен қапталып тұрады. Ауыз
маңына таянғанда-өзекше екі айырық болып, жүтқыншақтың үстіңгі бөліміне
қарай созылады. Бұл жерде олар ішекке қарай созылып жатқан желбезек үс-ті
оязына барып жалғасады. Эндостильдің шырын шығаратын бездерінің шырынына,
су арынымен ілесіп келген қоректік заттардың ұсақ бөлшектері жабысып
қалады. Эностильдік эпители кірпікшелерінің қозғалуы, шырынға оралған
қоректік заттардың ауыз бөліміне, одан әрі желбезек үсті өзек арқылы ішекке
түсуін қамтамасыз етеді.
Ішегі жіктелмеген бүкіл дене бойына созылған түтіктен тұ-рады. Ішектің
алдыңғы бөлімінің құрсақ жағынан бір қуыс жә-не тұйық өсінді шығады. Бұл
жоғары сатыдағы омыртқалылар-дың бауырынын, қызметіне ұқсас қызмет
атқарады. Сондықтан, бұл өсіндіні — бауыр өсіндісі деп атайды.
.Бұл айтылғандардан: ланцетниктер пассивті түрде тыныс алады және
қоректенеді деген қорытынды шығады. Анығырақ айтқанда, бұлардың тыныс алуы
және қоректенуі ауыз бөліміндегі — жұтқыншағындағы және ішегіндегі
кірпікшелі эпителийлерінің қозғалып тұруына байланысты. Ланцетниктер —
пассив организмдер [5].
Қан айналу системасы — қарапайым, бірнеше қан тамырларынан ғана
тұрады. Қаны түссіз. Жүрегі болмайды. Жұтқыншақтың астыңғы жағынан
басталран кұрсақ қолқасы-нан бірнеше желбезек артериялары тарайды. Бұл
артериялар желбезек саңылауларының арасындағы қатпарларға келіп ұш-тасады.
Желбезек артериялары ұсақ қан тамырларының торларын құрамай-ақ тотыққан
қанды қос желбезек үсті қан тамырларына немесе арқа қолқасының түбіріне
апарып құяды. Қос арқа қолқасының түбірі яғни желбезек үсті қан тамырлары
қатарласып келіп жұтқыншақтың соңғы бөлімінің тұсына келгенде қосылып, арқа
қолқасына айналады. Арқа қолқасы хорданың астыңғы жағынан дененісінің артқы
бөліміне дейін созылады.
Арқа қолқасынан ішкі органдарға қан тамырлары кетеді. Арқа қолқасының
түбірінен ланцетниктің бас бөлімдерін артерия қанымен қамтамасыз ететін
— ұйқы артериялары тарайды.
Денесінің алдыңғы бөлімдегі қан дененің артқы бөліміне апаратын
алдыңғы қос кардиналдық венаға жиналады. Ал денесінің артқы бөліміндегі
вена қандарын, артқы қос кардиналдық веналар денесінің алдыңғы бөліміне
алып келеді. Жұтқыншақтың артқы бөлімінде, алдыңғы және артқы кардиналдық
веналары өз ара қосылып, (оң және сол) екі кең, жұқа қабырғалы кювьеров
құйлысын құрайды. Кюзьеров құйылысынан вена қандары вена синусына құйылады.
Құрсақ қолқасы осы вена синусынан басталады. Ішкі органдардан жиналған вена
қаны — ішек асты венасымен бауырға келіп енеді. Бұл вена бауырға кірісімен
капилляр торларын құрап, бауырдың қақпа системасын құрайды. Бауыр венасымен
қан веңа синусына барып құйылады.
Жүрегі болмағандықтан ланцетниктің каны құрсақ жағын-дағы қолқаның
жиырылуы мен желбезектегі қан тамырлары-ның төменгі бөлімінің жиырылып-
жазылып тұруы нәтижесінде қозғалады.
Зәр шығару системасы — жұтқыншақ маңайына ор-наласқан көптеген (90
пар) нефридия түтікшелерінен тұрады
Нефридия түтікшелерінің бір ұшы желбезек маңындағы қуыспен жалғасады
да екінші ұшы целом қуысына еніп тұрады. Осы қуысқа еніп тұратын ұшында,
бірнеше тесіктер бар. Бұл тесіктердің іші қуыс, сырты түйреуіштің, басы
сияқты клеткалар-мен — .соленоциттармен қапталған. Соленоциттардың іші қуыс
оның ішіндегі қозғалып тұратын түктерінің көмегімен, целомның, ішіндегі зәр
заттары желбезек қуысына келіп, одан сыртқа шығарылады. Ланцетниктердің зәр
заттарын шығару органдары, кейбір буылтық құрттардын, зәр шығару
органдарының құрылысына ұқсайды.
Сурет. 5.Ланцетник
Жыныс бездері. Аталық және аналық жыныс бездері сырт жағынан ұқсас
болғандықтан, оларды бір-бірінен ажырату мүмкін емес. Олар көптеген (25
пар), шар тәрізді целом қуы-сының желбезек бөліміне орналасқан
денешіктерден тұрады. Жетілген жыныс клеткалары уақытша пайда болған жыныс
жо-лы арқылы, желбезек қуысына келіп, одан атриопор арқылы сыртқа суға
шығарылады. Жыныстық келеткалар су түбіне жа-қын қабатқа барып ұрықтанады,
яғни ланцетниктің ұрыктануы сыртта болады [6].
1.4 Ланцетниктің көбеюі және дамуы.
Ланцетниктердің көбеюы және дамуын бірінші рет А. О, Ковалевский
зерттеген. Бұл зерттеудің үлкен маңызы бар. Өйткені, өте қарапайым
хордалылардың дамуын зерттеудің нәтижесінде қазіргі тіршілік ететін
хордалылар тегінін, ертеде қалай дамығаны туралы керекті мәліметтер алуға
болады. Сонымен қатар ланцетниктің эмбриональдық дамуы басқа хордалылардың
эмбриональдық дамуының қарапайым, схемалық көрінісі болып саналады.
Уылдырықтарын шашуы және олардың ұрықтануы әдетте кешкі уақытта
болады. Ұрықтанған жұмыртқалары өте қысқа мерзімде дамиды. Кеште ұрықтанған
жұмыртқа, түн ортасында гаструлалық даму кезеңіне жетіп үлгіреді.
Жұмыртқанын. бөлі-не бастаған мезгілшен 36 сағаттан соң, ұрықтың аузы және
ал-ғашқы желбезек саңылауы қалыптасады.
Жұмыртқалары ұсак және олардың сары уызы аз болады. Сондықган да,
онын, бөлінуі толық және біркелкі түрде жүреді. Әйткенмен, бластула пайда
болғанда жұмыртқаның төменгі вегетативті бөлімінің клеткалары, оған сәйкес
анимальды (құрсақ) бөлімінің клеткаларынан едәуір ірі келеді. Бластуланың
төменгі бөлімінің ішіне қарай ояздануынан гаструла пайда болады. Сондықтан
да гаструланың ішкі қабатындағы клеткалары ірі болады. Гаструла ұзаруына
сәйкес гастропор біртіндеп тарылады. Осы мезгілде ұрықтың үстіңгі бетінде
медуляр тақтасы пайда болып, оның жиектері жиырылып, ұштасуынан түтік
түзіледі. Осылайша түзілген нерв түтігі алдыңғы ұшымен невропор арқылы,
уақытша сыртқы ортамен қатысады да арткы ұшы гаструла қуысымен, яғни
алғашқы ішекпен жалғасады. Ұрық бұдан әрі дамығанда, нервтік ішек қуысы
мулдем жойылып, невропордың орнында иіс оязы қалады.
Осы мезгілде энтодерма да жіктеледі. Алғашқы ішектің арқа бөлімінде
оның тұрқына сәйкес созылып жатқан өсінді пайда болады. Келешекте бұл
өсіндіден жіп тәрізді тығыз хорда пай-да болады.
Дәл осы кезде, хорда нұсқасының екі бүйірінен екі қатар бо-лып
симметриялы орналасқан ішек қатпарлары пайда болады. Олар өсе келе жіп
тәрізденіп, одан бір пар мезодерманың ал-ғашқы нұсқасы — метамерлі
орналасқан целом қапшықтары пайда болады. Ұрықтың келешек даму кезінде
әрбір целом қапшығы екі бөлімге үстіңгісі — сомит, астыңғысы — бүйір
тақтасына бөлінеді. Сомит қуыстары өз ара қосылмай, біртіндеп жойылып
кетеді де, керісінше бүйір тақталарының қуыстары өз ара қосылып екінші дене
қуысын, немесе целомды құрайды [7].
Сомитте мына төмендегі органдардың нұсқалары бар екендігі байқалды:
сомиттің ішкі төменгі бөлімін— склеротом деп атайды. Ол хорданы, нерв
түтігін, жүзу қанаттарын, тірек қауырсындарын қаптап тұратын дәнекер
қынаптарын құрайтын клеткаларды түзеді және одан миосепталар да қалыптасуы
мүмкін. Сомиттің хордаға тиіп жататын бөлімін миотом деп атайды Бұдан тұлға
еттері пайда болады. Сомиттің сыртқы бөлімі тері жапырақшасы деп аталады.
Бұдан терінің дәнекер қа,баты — кутис пайда болады.
Бүйір тақтасынан шарбы, шажырқай (бұлардан ұзын канал тәрізді қан
тамырлары пайда болады), ішек еттері, көлденең жолақты бұлшық еттер дамиды.
Нефридиалық түтіктер саусақ тәрізді өсінділер түрінде дененің екінші
куысының қабырғала-рынан пайда болады. Сомит және бүйір тақтасы екіге
бөлінген жердің аралығынан гонадылары дамиды, мұны гонотом деп атайды.
Ауыз гастропорға қарама-қарсы жатқан алғашқы ішектің ұшының ілгері
шығуымен эктодерманың оған қарсы түрілген жерінен пайда болады. Осылардың
түйіскен жерінің жарылуы-нан ауыз тесігі пайда болады. Ұрықтың астыңғы сол
жақ бетін-де ассиметриялы түрде ауыз тесігі және желбезек саңылаулары
дамиды.
Атриальдық қуыс бас сүйексіздердің денесінің құрсақ жа-ғындағы бетінде
алғаш науа түрінде пайда болады. Осы науа тәрізді қатпардың жиектері өсе
келіп, бірімен-бірінің үштасуы-нан дене қуысы пайда болады. Дененің артқы
бөліміне жеткенде бұл қатпарлардың беттеспеуінен тесік қалып, ол сырткд
ашылады. '
Бас сүйексіздердің тектері. Осы кезде тіршілік ететін бас
сүйексіздердің тегі туралы, палеонтологияда ешбір маглұматтар
жоқ. Сондықтан да, бұл жануарлар тобының тегі туралы, салыстырмалы анатомия
мен эмбриологияның мағлұматтарына ғана қарап қорытынды жасауға тура келеді.
Академик А. Н. Се-верцевтің айтуынша, бас сүйексіздердің тегі еркін жүзе
алатын екі жақты симметриялы жануарлар болған. Олардың атриаль-дьік қуысы
болмаған, хордасы бас бөліміне жетіңкіремеген. Желбезек саңылаулары аз
болған (17-20) және оларда сим-метриялы түрде орналасқан. Сол алғашқы бас
сүйексіздерден екі бұтақ тараған. Біреуі—еркін жүзіп жүріп тіршілік ететін
омыртқалардың шығуына себепші болған топ та, екшші — жай қозғалуға су
түбінде топырақты қазып тіршілік етуге бейім-делгендері. Бұдан осы заманда
тіршілік ететін бас сүйексіздер-дің ата тектері шыққан болуы мүмкін.
1.5 Омыртқалылар тип тармағының морфологиялық және биологиялық жалпы
сипаттамасы.
Төменгі сатыдағы хордалылармен салыстарғанда омыртқалылардың құрылысы
анағұрлым күрделі болады. Омыртқалылардың көпшілігі бір жерден екінші жерге
барып қоректерін активті түрде іздейді және оны ұстап жеуге өрекет етеді.
Омыртқалылардың тіршілік етуде әртүрлі жағдайларға бейімделуі олардың
морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты: мысалы,
олардың бас миы жақсы жетілген. Соншалықты жетілген сезім органдарының
денесін қозғайтын аяктарының, күрделі ауыз аппаратынын сүйек қаңқасының,
жүрегінің және бүйректерінің болуы омыртқалылардың эволюциялық даму
сатысының жоғарғы басқышына көтерілуіне мүмкіндік берген.
Қоректік заттарды іздеп табу, онымен қоректенуі сезім мүшелері,
әжептеуір жетілген нерв системасы, қозғалмалы жақ аппараты және аяқтарының
болуы секілді ерекшеліктер бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Қаңқасы
сезім мүшелерін және орталық нерв системасын қоршап тұрады. Қаңқа денеге
тірек болып желбезек аппараттарын, аяқтарын бекем ұстайды. Осы
қажеттіліктің нәтижесінде омыртқа жотасы ми сауытымен висцеральдық қаңқалар
және аяқ қаңқалары пайда болады. Денесіне қанның жылдам тарауына және оны
қан тамырларымен қозғап отыратын жүректің пайда болуына байланысты тіршілік
ету ерекеті жоғарылай бастайды. Денесінде зат алмасу күшейе түсуіне
байланысты денеден шығатын зәр заттарының мөлшері де артады. Сондықтан да
оларды денеден бөліп шығаратын органдар жетіледі. Омыртқалыларға мына
төмендегі кластар жатады:
1. Дөңгелек ауыздылар (Cyclostomata)
2. Балықтар (Pisces)
3. Қосмекенділер (Amphibia)
4. Бауырымен жорғалаушылар (Reptilia)
5. 5. Құстар (Aves)
6. 6. Сүт қоректілер (Mammalia)
Жалпы сипаттама. Дөңгелек ауыздылар осы кезде тіршілік ететін
омыртқалылардың ішіндегі өте қарапайым құрылысты жануарлар. Осыған сәйкес
олардың жартылай немесе толық паразиттік тіршілік жағдайына бейімделген
өзіндік белгілері бар. Сырт пішіні мен тіршілігі әрекеттеріне қарағанда,
олар балықтарға ұқсас, ал кейбір ерекше белгілері, оларды омыртқалылардын
ерекше тармағына жатқызады.
Дөңгелек ауыздылардың аяқтары мен жақтары болмайды. Мұның өзі олардың
құрылысының қарапайым екенін көрсетеді. Иіс капсуласы біреу, ол бір ғана
танау тесігі арқылы сыртқа ашылады. Желбезек аппараттары эндодермадан пайда
болган жапырақшалары бар желбезек қапшықтарынан тұрады. Сондықтан бұл
класты қапшық желбезектілер деп атайды. Паразиттік тіршілік етуіне
байланысты, сорғыш воронкаларының түп жағында ауыз тесігі болады. Дөңгелек
ауыздылар деп аталуы да осыған байланысты. Олардың мүйізді тістері болады,
терісі жалаңаш бірақ оның бездері соншалықты көп болады.
Қандауыршаның дене құрылысында буылтық құртқа үқсастық белгілер көп-
ақ. Алдымен сыртқы көрінісі созылыңқы — құртқа үқсас болып келді, сондай-ақ
мұнда ми дамымаған, қанайналымы — тұйық жүйелі, зәршығару мүшелерінің
құрылысы да құрттардыкіндей. Қандауыршаның бүкіл арқасын бойлай созылған
ішкі қаңқасы — желісі құрттардан байқалмайды. Қандауыршаның жүйке жүйесі
құрттардыкіндей шынжыр тәрізденіп құрсақ жағында созылмай, желінің үстінде
созыла орналасуы екі жануардың арасындағы негізгі айырмашылық болып
табылады. Қандауырша мен құрт денесіндегі ұқсастық пен айырмашылықты
толығырақ түсіну үшін оқулықтағы тиісті тақырыптарды оқып, екеуінің негізгі
байланысын саралап көріңдер. Қандауыршаның дене құрылысы құртқа қарағанда
күрделі екеніне айқын көз жеткізесіңдер. Қандауырша — аралық жануар. Желілі
жануарлардың шығу тегін зерттегенде қандауыршаның жануарлармен байланысы
айқынырақ түсіндіріледі.
. Тіршілік әрекеті су түбінде тіршілік етуге бейімделгендері
бассүйексіз жануарлар — қандауыршаларға, жыртқыштықпен тіршілік ететіндері
— бассүйекті жануарлар — сүйекті омыртқалыларға бастама берді. Әрине желі
ең алдымен шеміршекті омыртқаларға, соңынан сүйекті омыртқаларға айналып,
жыртқыш жануарлардың еркін қозғалуына, мінез-қылығының күрделілене түсуіне
негіз жасады. Сөйтіп, Жер бетінде омыртқалы жануарлар пайда болды [8].
Омыртқалы жануарлардың бүкіл эволюциялық өзгерісіне көз салсаңдар,
алғашында суда тіршілік еткен денесі созылыңқы жануарларда алдыңғы қос
жүзбеқанаттың пайда болғанын балықтар класынан еске түсірулеріңе болады.
Омыртқа жотасы шеміршектен түзілгеніне қарамастан мұндай жануарлар қорегін
қуып жетуде күрделі қимыл-әрекеттер жасап, табиғи сұрыпталу нәтижесінде
дене пішіні суда шапшаң жүзуге бейімделген, жүйке жүйесі күшті дамыған
акула тәрізді жануарлар дүниеге келді.
Жануарлардың кей тобы біртіндеп құрлықта тіршілік ете бастады да, қос
жүзбеқанаттар құрлықта жүруге бейімделіп, аяққа айналуы нәтижесінде
қосмекенді жануарлар пайда болды. Олар суда да, құрлықта да еркін тіршілік
ете алды, өйткені қаңайналым және тынысалу жүйелерінде өзгерістер болып,
өкпе арқылы тыныс алатындықтан, қанайналымның екі шеңбері пайда болды.
Өздеріңе белгілі, қосмекенділер тек өкпе арқылы ғана емес, терісі арқылы да
тыныс алатың, құрлықта тіршілік ететін жануарлар үшін бұл қасиет онша
жеткілікті әрекет болмағандықтан, эволюция барысында, тіршілік үшін күреске
төтеп бере алмаған қосмекенділер жойыла бастады да, дене температурасы
тұрақты жануарлар — құстар мен сүтқоректілер, терісі құрғақ жорғалаушылар
басымырақ тіршілік етті. Қатал ауа райына жорғалаушылар да шыдамады,
өйткені олардың дене температурасы тұрақты емес еді.
Қосмекенділер мен жорғалаушылардың ұрпағын дамыту әрекеті де тұр санының
сақталып қалуына мүмкіндік бермеді, сондықтан кейбір төзімді түрлері
болмаса, басым көпшілігі құрлықта тіршілік ете алмады. Сөйтіп, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz