Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia)


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі . Бауырымен жорғалаушылардың құрлыққа шығуы жануарлар дүниесіндегі дамудың тарихи кезеңі. Құрлықта кең таралу мақсатында, бұл жануарларда алғы шарттардың бәрі жасалынды.

Қосмекенділердің ата-тегі су жануарлары болғандықтан олар сумен байланысын әлі үзбеген. Құрлықты толығымен меңгеру омыртқалылар эволюциясының келесі сатысында ғана жүзеге асады. Бұл саты бауырымен жорғалаушылар. Олар нағыз жер бетінде тіршілік етуге бейімделген. Әрине бауырымен жорғалаушылардың барлығы да судан біржолата шығып кетті десек, ол ағаттық болған болар еді. Көптеген бауырымен жорғалаушылар өзіне қажетті мекенді, қоректік заттарды судан табады. Оларға крокодилдер, кейбір жыландар мен тасбақалар жатады. Бірақ олар суда тіршілік еткенмен, құрлықта көбейеді. Сол сияқты жыландардың, кесірткелердің екінші рет аяқтарынан айырылуы, ол да ортаға бейімделгіштіктің салдары. Олай болса, эволюцияның барысында жануарлар, дүниесінде "екінші белгісі" ретінде бейімделу қабілеті пайда болды. Оны палеонтологияның, эмбриологияның және экологияның көптеген мәліметтері дәлелдеп отыр.

Бұл класқа жататындардың негізгі бір айырмашылығы барлық өмірін құрлықта өткізеді, демек бірінші құрғақ жерде жүретін жануарлар, сондықтан мекен еткен ортасына байланысты олардың сыртқы түрі және ішкі құрылысы қосмекенділерге қарағанда өзгеше болып келеді. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі қосмекенділер мен балықтарға қарағанда жақсы жетілген. Әсіресе, басын әр бағытқа қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Омыртқа жотасының алдыңғы екі омыртқасы өзгеше құрылған, біріншісі ауызомыртқа (атлас), екіншісін эпистрофея деп атайды. Мұндай болу себебі мүмкін бұлар өне бойы құрлықта тіршілік ететіндіктен, орталығына икемделудін нәтижесіңде бастарын шапшаң бұрып отыруынан болуы.

Курстық жұмыстың мақсаты- Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia), бауырмен жорғалаушылардың систематикасы қолтырауындар және оның ішкі құрылысы . қабыршақтылар, жыландар оның сыртқы құрылысы, бауырмен жорғалаушылардың ішкі органдарының топографиясы. туралы түсінік беру.

Курстық жұмыстың міндетте рі.

  1. Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia) .
Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia) .:
  1. Бауырмен жорғалаушылардың систематикасы.
  2. Қолтырауындар және оның ішкі құрылысы. .
Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia) .:
  1. Қабыршақтылар, жыландар оның сыртқы құрылысы.
Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia) .:
  1. Бауырмен жорғалаушылардың ішкі органдарының топографиясы.

Негізгі бөлім

1. 1 Бауырымен жорғалаушылар класы немесе рептиллилер (Reptilia)

Бауырымен жорғалаушылардың негізгі бір айырмашылығы барлық өмірін құрлықта өткізеді, демек бірінші құрғақ жерде жүретін жануарлар, сондықтан мекен еткен ортасына байланысты олардың сыртқы түрі және ішкі құрылысы қосмекенділерге қарағанда өзгеше болып келеді. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты бұлардың денесі қосмекенділер мен балықтарға қарағанда жақсы жетілген. Әсіресе, басын әр бағытқа қозғауына мүмкіндік беретін мойын бөлімінің болуы. Омыртқа жотасының алдыңғы екі омыртқасы өзгеше құрылған, біріншісі ауызомыртқа (атлас), екіншісін эпистрофея деп атайды. Мұндай болу себебі мүмкін бұлар өне бойы құрлықта тіршілік ететіндіктен, орталығына икемделудін нәтижесіңде бастарын шапшаң бұрып отыруынан болуы.

Денесін құрғап кетуден сақтайтын терісінде мүйізді қабыршақтардың болуы. Көбеюі сырты тығыз әкпен қапталған, қоректік заттары мол жұмыртқа салып көбейеді (сары уыз бен белогі көп) . Бауырымен жорғалаушылар кәдімгі төс сүйегі бар, оның қозғалуы ауаның өкпеге кіріп шығуына себепкер болады. Құрлықта тіршілік етуіне байланысты тек өкпемен тыныс алады. Бірақ ол қосмекенділер сияқты терісі арқылы дем ала алмайды. Қазіргі бауырымен жорғалаушыларға кесірткелер, жыландар, крокодилдер және тасбақалар жатады.

Ет жүйесі . Оларда мойын бөлімінің пайда болуы бес саусақты аяқтың дамуы, жалпы дененің бөліктерге жіктелуі мен осының бәрі ет жүйесінің күрделенуіне себепші болады. Әсіресе, тыныс алуды реттеуге қатысатын аралық еттердің пайда болуы бауырымен жорғалаушылардың тіршілігіндегі ерекшелік [1] .

Қан айналысы . Қосмекеңділердікі сияқты жүрегі үш камералы, бірақ қарыншаның төменгі жағынан қарыншаны бөлетін өскін пайда болады. Крокодилдерге бұл жерде толық жетіліп, қарыншаны қақ бөліп, төрт камера болады (екі жүрекше, екі құлақша) . Басқаларында қарынша толық екіге бөлінбеген. Сондықтан қосмекенділердікі сияқты жүректен бір ғана қан тамыры емес, бауырымен жорғалаушыларда үш қан тамыры кетеді. Сол жақ жүрекшеге артерия қаны келіп құяды - ол өпкеден келеді. Оң жақ жүрекшеге вена келіп құйылады - ол бүкіл денеден жиналып келеді. Өкпе артериясы вена қанымен келіп құяды. Содан кейін екі жүрекшедегі қан қарыншасында араласады. Қан қарыншада пайда болған өскіннің (перде) арқасында қосмекенділердікіндей толық араласпай, аздап қана араласады. Сайып келгенде бауырымен жорғалаушылардың мүшелері негізінен аралас қанмен қамтамасыз етіледі, бірақ қосмекенділерге қарағанда қан құрамында оттегі көп мөлшерде кездеседі де зат алмасу процесін шапшандатады. Бауырымен жорғалаушылар, қосмекенділер сияқты суыққанды жануарлар қатарына жатады. Олардың денесінің температурасы қоршаған ортаның (ауаның) температурасына байланысты болады. Салқын күндері кесірткелер мен жыландар аз қозғалады, ал суықта шалажансар болып қалады. Керісінше, ыстық күндері олардың тіршілік әрекеті артады.

A.

Сурет-1 . Бауырымен жорғалаушылар.

Ас қорыту жүйесі . Ас қорыту жолының үлкен бөлімдерге бөлінуіне және жаңа бөлімдердің пайда болуына байланысты қосмекенділердікімен салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Бауырымен жорғалаушылардың тісі болады. Олар жоғарғы жақ және төменгі жақ сүйектеріне орналасқан. Тістердің негізі қызметі азықтарын тістеп ұстау. Ауыз бездері қосмекенділердікімен салыстырғанда күшті жетілген. Тасбақа мен крокодилдердің мұрын жұтқыншақ жолы ауыз қуысынан тандай сүйектері арқылы бөлінген. Ауыз қуысының түп жағында атылып шығуға бейімделген тіл орналасқан. Тілінің (формасы) пішіні әртүрлі болады, ол қоректік заттарды ұстау тәсілімен сипатталады. Мысалы, жыландар мен кесірткелерде тілі жіңішке, ұшы екі айыр болады. Жұтқыншақ, өңеш және қарын жақсы дамыған. Бауыр мен ұйқы безі жақсы жетілген. Бауырдағы өт жолы да ұйқы безінің ашылатын жеріне келіп ашылады. Аш ішек тоқ ішекке қарағанда ұзындау, ал тоқ ішек клоакаға жалғасады. Қазіргі бауырымен жорғалаушылардың басым көпшілігі жануар тектес азықтармен қоректенеді. Ұсақ насекомдармен (кесірткелер) ірі сүтқоректілерге дейін (крокодилдер мен Сарбас жылан - удав) жейді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін (тасбақалар) аз кездеседі [2] .

Нерв жүйесі. Бауырымен жорғалаушылардың нерв жүйесі қосмекенділерге қарағанда күрделі құрылысты болады. Бауырымен жорғалаушылардың күрделі өмірімен байланысты алдыңғы ми сыңарлары сүр заттарының үстіңгі қабаты ми қабығына айнала бастады. Бұлардың жылдам қозғалуына байланысты мишығы күшті дамыған. Ми жарты шарлары үлкен, олардың мидың сүр затынан тұратын қыртысы болады, бірақ қыртысы әлі де жақсы жетілмеген. Жұлын құрылысы күрделенген ұзын болып келеді.

Тыныс алу жүйесі . Бауырымен жорғалаушылар тек қана өкпемен тыныс алады. Терісінде мүйізді қабаттың пайда болуына байланысты құрғақ тері қосымша тыныс алу мүшесінің қызметін атқара алмайды. Өкпенің құрылысы күшті қызмет етуге байланысты күрделіленген, қосмекенділердікіне қарағанда жетілген. Өкпесінің пішіні қапшық тәрізді оның іші өте ұсақ ұяшықтарға бөлінген. Көмекей қуысы оймақ тәрізді көмекейден ұзын кеңірдек кетеді. Кеңірдек екі бронхаға тарамдалып, өкпеге жалғасады. Тыныс алу және шығару көкірек қуысының кеңейіп, тарылуы нәтижесінде орындалады [3] .

https://encrypted-tbn1.gstatic.com/images?q=tbn:ANd9GcStl2mA1vtz9MqdDOaIRfkl0BPFsUFpwhAXOzK4l6BVPuKHTOG-1A

Сурет-2. Бауырымен жорғалаушылардың түрлері.

Көбеюі. Жыныс бездері дене қуысындағы омыртқа жотасының екі жақ бүйірінде орналасқан. Аталық бездері мен аналық жұмыртқалары жұп. Еркектерінде шағылысу мүшесі (копулятивті) болады. Жыныс диморфизмі еркектері мен ұрғашыларында сыртқы реңі (окраска) немесе үлкен-кішілігімен ажыратылады. Еркектерінің екі дөңгелек ұрық безі (два семенника), екі ұрық безінің қосалқы (придатка семенника), екі ұрық өткізгіші (вольфов каналы) және шағылыс мүшесі болады. Ұрғашыларында екі аналық жұмыртқа және клоакаға барып қосылатын екі жұмыртқа жолы (мюллеров каналы) болады. Ұрықтану тек қана ұрғашысының ішінде өтеді. Бауырымен жорғалаушылар жұмыртқа салу арқылы көбейеді.

Олардың жұмыртқалары қоректік сары уызға бай, ұрық осы уыздың есебінен өсіп жетіледі, содан кейін ересек түріне ұқсас бала жарып шығады. Жетілген аналық жұмыртқа жолының воронка тәрізді ұшына түседі. Ұрғашы және еркектің гаметалары жұмыртқа жолының жоғарғы жағында қосылып ұрық (зигота) түзейді. Ұрық жұмыртқа жолымен жылжи отырып, оның орта кезінде белокты қабыққа оралады, ал ұрық қолының артқы жағында известі сіңген қатты қабығы пайда болады.

Жыландар мен кесірткелердің кейбір түрлерінде ұрғашылары партеногенетикалық жолдармен көбейетіні байқалып жүр. Мұндай жолдармен көбейетін бауырымен жорғалаушылардың түрлерінде еркегі болмайды. Көбеюдің мүндай жолдары толығымен жер бетінде тіршілік етуіне тығыз байланысты.

1. 2 Бауырмен жорғалаушылардың систематикасы

А мфибилерге қарағанда рептилилер көп алуан түрлі және кең таралған класс. Қазір рептилилердің шамамен 5000-5500-дей түрі белгілі. Олар 4 класс тармағына, 9 отрядқа бөлі-неді.

І-класс тармағы . Алғашқы кесірткелер немесе Ящерогадылар (Рrоsаuгіа) 1-отряд, Тұмсықбастылар (Rһуnсһосеpһаlіа) .

ІІ-класс тармағы. Қабыршақтылар (Squаmаtа) . 2-отряд. Қесірткелер (Lасегtilіа) . 3-отряд. Хамелеондар (Сһаmаеlеоntеs) . 4-отряд. Жыландар (Орһіdіа) .

ІІІ-класс тармағы . Крокодилдер (Сгосоdіlіа) . 5-отряд. Крокодилдер (Сгосоdilіа) .

ІҮ-класс тармағы. Тасбақалар (Сһеlоnіа) . 6-отряд. Жасырьш мойындылар (Сrурtоdіга) . 7-отряд. Бүйір мойындылар (РІеuгоdiга) . 8-отряд. Теңізтасбақалары (Сһеlоnііdеа) . 9-отряд. Жұмсақ терілілер (Тгіоnусһоіdіае) .

1. 3. Қолтырауындар және оның ішкі құрылысы.

Қолтырауындар (лат. Crocodylia, - малта тастай құрт) - бауырымен жорғалаушылардың архозаврлар класы тармағының отряды. Дене пішіні кесірткелерге ұқсас. Қолтырауындардың қазіргі кезде 23 түрі мен түр тармақтары бар. Қолтырауын 3 тұқымдасқа (аллигаторлар, гавиалдар және нағыз қолтырауындар) жіктеледі.

Олар Африкада, Оңтүстік-Шығыс Азияда, Солтүстік Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарының өзен сағалары мен теңіз жағалауына жақын жерлерде, көпшілігі тропиктік және субтропиктік ендіктердегі тұщы су айдындарында (өзен, көл) тіршілік етеді. Тәуліктің көп мезгілін суда өткізеді. Денесінің ұзындығы 2 - 7 метр Басы жалпақ, тұмсығы ұзынша. Миының дамуы бойынша қолтырауын басқа бауырымен жорғалаушылардан жоғары сатыда тұр. Көру және есту органдары жақсы жетілген. Көздері мен танау тесіктері бас сүйегінен едәуір жоғары қарай шығыңқы. Ауыз қуысында екінші реттік таңдай пайда болған. Артқы аяқтарындағы саусақтарының арасында терілі жарғағы бар. Терісі тығыз, ірі мүйізше қалқандармен қапталған, оның астында сүйекті тақташалар (остеодермалар) орналасқан.

Қолтырауынның басқа бауырымен жорғалаушылардан ерекшелігі - жүрегі 4 камералы (қуысты) . Өкпесі үлкен әрі күрделі құрылысты. Қуығы жоқ. Қолтырауындар жыныстық жағынан 8-12 жылда жетіледі. Аналықтары 20-100-дей жұмыртқасын су жағалауындағы құмның немесе батпақтың шіріген жапырақтары мол жерлерге көмеді. Кейбір түрлерінің (Миссисипи аллигаторының) жұмыртқасынан 63 күнде, ал Ніл қолтырауынының жұмыртқасынан 3-4 айда ұрпақтары шығады. 50-85 жылдай тіршілік етеді. Балықтармен, судағы омыртқасыз жануарлармен, кейде құстармен, сүтқоректілермен де қоректенеді. Ніл қолтырауындары, жалды қолтырауындар адам үшін қауіпті [2] .

http://89.218.153.154:280/CDO/2005-2006/Zoology/Files/Lectures/5.1.files/image001.jpg

Сурет 3 . Крокодилдің сыртқы құрылысы

Қолтырауынның барлық түрі Халықаралық табиғат қорғау одағының “Қызыл кітабына” енгізілген. Қазіргі кезде біраз елдерде (АҚШ, Куба, Жапония, Мьянма, Кения, т. б. ) қолтырауын арнайы фермаларда қолда өсіреді. Ертеде Мысырда қолтырауындарды киелі санап, оған табынған, әрі арнайы мумиялап, фараонның мүрдесімен бірге жерлеп, пирамидаларда сақтаған. 1903 жылы Шығыс Африкада ұзындығы 7, 6 метр, Мадагаскар аралынан ұзындығы 10 метр қолтырауын ұсталған. Қолтырауынның ең ірісі Индонезияда, Австралияда және Жаңа Гвинея аралдарында таралған жалды қолтырауындар. Олардың ересектерінің денесінің орташа ұзындығы 4, 2-4, 8 метр, ал салмағы 408-520 килограмм. 1957 жылы ұсталған жалды қолтырауынның ұзындығы 8, 63 метр, салмағы 1 тоннадан астам тартқан. Белсенділігі түнде басталады. ХТҚО Қызыл кітабына 26 түр, оның ішінде 15 түрі нағыз қолтырауындар енгізілген. Осы кезде тіршілік ететін рептилилердің ішіндегі ең құрылысы күрделі жануарлар тобы - қолтырауындар.

Бұлардың денесі ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келеді.
Құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, жүзу қыз-метан атқарады. Алдыңғы аяғының бес саусағының арасында жарғақ болмайды, ал артқы аяғында төрт саусағы болады да олар өз ара жарғақпен жалғасады. Денесі мүйізденген қабыршақтармен қапталған, олардың астыңғы жағынан сүйекті пластинкалар дамиды. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі - төменгі жағының астында, иығының үстінде және клоаканың маңайында тері бездері болады. Олардың маңызы, әлі, анықталмаған. Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ және тіс сүйектеріне сүт қоректілердің тістері сияқты, альвеолға орналасқан. Сондай-ақ сүт қоректілердікі сияқты, крокодилдерде сүйекті таңдай болады. Сондықтан ауыз қуысы екіге: оның жоғарғы бөлімі - мұрын жұтқыншақ жолы, ал теменгісі - нағыз ауыз қуысы болып бөлінеді. Тамақты жұтқан кезде ғана аз уақытқа тыныс, жолы, жабылады.

Омыртқа бөлімдері айқын байқалады. Мойын бөлімінде 9 омыртқа, кеуде - 12 - 13, бел омыртқа - 2 - 4, сегізкөз омыртқасы - 2 - 3, құйрық омыртқалары - 30 - 40 болады. Омыртқалары процельді. Иық белдеуінде бұғана болмайды, ол тек қана жауырыннан және коракоидтан тұрады.
Суда тіршілік етуіне байланысты қоректенуі мен тыныс алуында өзіндік ерекшеліктері болады. Мысалы, таңдайдың артқы жиегінен төмен қарай түсіп тұратын ет қатпары болады Оны таңдай шымылдығы деп атайды. Оның төменгі жиегі тілдің көмекей жағына тиіп, ауызды жұтқыншақтан бөліп тұрады. Мұндай ерекшелік крокодилге судың ішінде аузын ашып, танауы ғана судан шығып тұрса да тыныс алуына мүмкіндік береді. Өйткені танауының жиегінде болатын клапандары крокодилдің басы суға батқан кезде танау тесігін жауып қалады. Қолытрауындар су түбінде үзақ уақыт болуына байланысты, өкпесі үлкен және күрделі үяшықтары болады. Жүрек қарыншағы дербес екі бөлімнен тұрады, яғни кроко-дилдердің жүрегі төрт камералы болады. Бірақ сол жақ қарыншадан шығатын оң қолқа доғасымен қатар, оң қарыншадан (веналық қан) сол қолқа доғасы шығады. Сол қолқа доғасы арқа қолқасымен байланысқан, бірақ онымен таза артерия қаны жүрмей аралас қан жүреді.

Қолытрауындар триас дәуірінде кеңінен тараған. Қазір бір тұқымдасқа жататын 25-ке жуық түрі бар. Тропикалық субтропикалық облыстарда Олар жүмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқасының үлкендігі қаз жұмыртқасындай болады да сырты қатты известі қабықпен қапталады. Жұмырткаларын жиекке жақын құмдарға, немесе қорыстардан жасалған шұңқырларға салады.

Жұмыртқасының саны бірнеше ондыққа жетеді. Крокодилдің кейбір түрінің ұрғашылары ұяларының маңында болып, жұмыртқаларын жауларынан қорғайды. Инкубация мерзімі 1, 5-2 айға созылады.
Қолытрауындар моллюскаларды, шаяндарды, құстарды және кейбір сүт қоректілерді жеп қоректенеді. Адамға да шабуыл жасаған кездері болған. Сумен жасырынып барып қорегін ұстайды. Оны көзінің және есіту органдарының көмегімен іздеп табады.

Қолытрауындар еті мен терісін пайдалану үшін жергілікті халық кәсіп етеді. Бұлар жорғалаушылардың жоғарғы сатыдағы тобы, Крокодилдер отряды 3 тұқымдасқа бөлінеді, Олар нағыз крокадил, қолтырауын және азғы гавиал тұқымдастар деп аталады, Халқымыз крокодилді «тәмсақ», аллигаторды «қолтырауын»деп атаған, Басында аналь тесігінің маңында аздаған бездері болады, тістерінің саны көп, Терісі қымбат бағаланады, сондықтан арнайы фермаларда қолдан өсіреді. Осы кезде тіршілік ететін рептилилердің ішіндегі ең құрылысы күрделі жануарлар тобы қолтырауындар.

Бұлардың денесі ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келеді. Құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, жүзу қызметан атқарады. Алдыңғы аяғының бес саусағының арасында жарғақ болмайды, ал артқы аяғында төрт саусағы болады да олар өз ара жарғақпен жалғасады. Денесі мүйізденген қабыршақтармен қапталған, олардың астыңғы жағынан сүйекті пластинкалар дамиды. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі - төменгі жағының астында, иығының үстінде және клоаканың маңайында тері бездері болады. Олардың маңызы әлі анықталмаған. Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ және тіс сүйектеріне сүт қоректілердің тістері сияқты, альвеолға орналасқан. Сондай-ақ сүт қоректілердікі сияқты, крокодилдерде сүйекті таңдай болады. Сондықтан ауыз қуысы екіге: оның жоғарғы бөлімі - мұрын жұтқыншақ жолы, ал теменгісі - нағыз ауыз қуысы болып бөлінеді. Тамақты жұтқан кезде ғана аз уақытқа тыныс жолы жабылады.

Қолытрауындар су түбінде үзақ уақыт болуына байланысты, өкпесі үлкен және күрделі үяшықтары болады. Жүрек қарыншағы дербес екі бөлімнен тұрады, яғни кроко-дилдердің жүрегі төрт камералы болады. Бірақ сол жақ қарыншадан шығатын оң қолқа доғасымен қатар, оң қарыншадан (веналық қан) сол қолқа доғасы шығады. Сол қолқа доғасы арқа қолқасымен байланысқан, бірақ онымен таза артерия қаны жүрмей аралас қан жүреді.

Қолытрауындар триас дәуірінде кеңінен тараған. Қазір бір тұқымдасқа жататын 25-ке жуық түрі бар. Тропикалық субтропикалық облыстарда ғана кездеседі. Гавиалдың (Gаvіаlіз gепgеtісиs) тұмсығыІ ұзын болады. Денесінің ұзындығы 6 метрдей, Индияның оңтүстігін мекейдейді. Нағыз крокодилдер Африкада, Азияда, Солтүстік Австралияда және тропиктік Америкаға тараған. Олардың бір түрі иль крокодилі (Сгосоdilиз піlotiсиs) ұзындығы 8-10 м болады және Қытай аллигаторы (Аllіgаtог sіпепsіs) ұзындығы 2 метрдей болатын үсақ крокодилдер. Крокодил құрғаққа сирек шығатын, көбінесе суда болатын организмдер. Құрғақка дем алуға, көбеюге, немесе мекенін ауыстыруға ғана шығады. Құрғақшылық болып, тіршілігіне қолайлы су қоймасы табылмаса су түбіндегі балшыққа еніп, ұйқыға кетеді. Олар жүмыртқа салып көбейеді. Жұмыртқасының үлкендігі қаз жұмыртқасындай болады да сырты қатты известі қабықпен қапталады. Жұмырткаларын жиекке жақын құмдарға, немесе қорыстардан жасалған шұңқырларға салады. Жұмыртқасының саны бірнеше ондыққа жетеді. Крокодилдің кейбір түрінің ұрғашылары ұяларының маңында болып, жұмыртқаларын жауларынан қорғайды. Инкубация мерзімі 1, 5-2 айға созылады. Қолытрауындар моллюскаларды, шаяндарды, құстарды және кейбір сүт қоректілерді жеп қоректенеді. Адамға да шабуыл жасаған кездері болған. Сумен жасырынып барып қорегін ұстайды. Оны көзінің және есіту органдарының көмегімен іздеп табады. Қолтырауындар еті мен терісін пайдалану үшін жергілікті халық кәсіп етеді. Бұлардың денесі ұзын және арқасынан құрсағына қарай жалпақтау келеді. Құйрығы екі бүйірінен қысыңқы, жүзуқыз-метан атқарады. Алдыңғы аяғының бес саусағының арасында жарғақ болмайды, ал артқы аяғында төрт саусағы болады да олар өз ара жарғақпен жалғасады.

Денесі мүйізденген қабыр-шақтармен қапталған, олардың астыңғы жағынан сүйекті пластинкалар дамиды. Басқа рептилилерден бір ерекшелігі - төменгі жағының астында, иығының үстінде және клоаканың маңайында тері бездері болады. Олардың маңызы әлі анықталмаған. Тістері жақ аралық, үстіңгі жақ және тіс сүйектеріне сүт қо-ректілердің тістері сияқты, альвеолға орналасқан. Сондай-ақ сүт қоректілердікі сияқты, крокодилдерде сүйекті таңдай бола-ды. Сондықтан ауыз қуысы екіге: оныңжоғарғы бөлімі - мұрын жұтқыншақ жолы, ал теменгісі - нағыз ауыз қуысы болып бөлінеді. Тамақты жұтқанкезде ғана аз уақытқа тыныс жолы жабылады

Сурет-4. Крокодилдің құрсақ жағынан көрсетшлген жүрепнің және артериалдық доғасының құрылысыныңсхемасы. 1 -ішкі ұйқы артериясы, 2 -сыртқы ұйқы артериясы (он жақ бөлімі шөжіп кеткен), 3 - қолқаның оң жақ доғасы, 4 - сол жақ доға, 5 - арқа қолқасы, 6 - өкпе артериясы, 7-атсыз артерия, 8 - ішек қарын.

Крокодилдерге бұл жерде толық жетіліп, қарыншаны қақ бөліп, төрт камера болады (екі жүрекше, екі құлақша) . Тұрқы 10 метрге дейін жететін ірі денелі жорғалаушылар - крокодилдер тропиктік елдерде ғана мекендейді, нілдік және жалды крокодилдер адам үшін өте қауіпті. Жүрегі төрт бөліктен құралады, көбінесе балықпен қоректенеді, жұмыртқа арқылы көбейеді. Крокодилдер отрядына 30- ға тарта түр бар, 3 тұқымдастан құралады. Олар: қолтырауындар, нағыз крокодилдер және гавиалдр. Осы кезде тіршілік ететін рептилилердің ішіндегі ең құрылысы күрделі жануарлар тобы - қолтырауындар.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/1/12/Cuban_Crocodile.JPG

Сурет-5. Крокодилдер.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хордалылар типіне жалпы сипаттама
Сырдария өзенінің мекен ететін балықтар
Бунақденелілер класы
Бауырымен жорғалаушылар тарауы бойынша электронды оқу құралы
Жорғалаушылардың эвалюциясы
Бауырымен жорғалаушылар туралы түсінік
Омыртқалылар тип тармағы
Омыртқалы жануарлар
Бауырмен жорғалаушылар және олардың жіктелуі
Әл – Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлардың био алуан түрлілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz