Жыртқыштар отрядына жалпы сипаттама
Кіріспе
Курстық жұмыстың өзектілігі: Плацентарлы сүтқоректілер дүние жүзінің барлық жеріне таралған, тек Австралияда ғана болмайды. Оларға барлық үй малдарыны жатады. Плацентарлылардың ең жоғарғы тобы маймылдар - олардың шыққан дам да жатады.
Жоғарғы сатыдағы сүтқоретілерде жұмртқа салушы және қалталы сүтқоректілермен салыстырғанда барлық тіршілік жағдайы күрделенген. Алдыңғы ми және ми сыңарлары жақсы жетіліп нерв жүйесі жақсы дамыған, соған сәйкес әртүрлі тіршілік жағдайына бейімделу қабілеті артты. Сол сияқты жақсы жетілген қимыл, тыныс, қан, ас қорыту тағы басқа жүйелерін айтуға болады. Дене температурасы тұрақты, зат алмасу процесі үдемелі түрде жүреді. Плацентарлыға тән сипат ұрықтың қолайлы жағдайда дамуы, тірі тууы. Оларда ұрпақтарына деген қамқорлық (сүтпен қоректендіру, жауларынан қорғау т.б) басқа жануарлар тобында жоқ плацентарлы сүтқоректілерде жоғары сатыда дамыған.
Плацентарлы сүтқоректілерде сероздың бет жағында өсінділер пайда болады да, ол борпылдақ дене хорионға айналады. Хорионның бір бөлігі жатынның жұмсақ ұлпаларымен жабыса өсіп күрделі мүше ұрық орны немесе плацента пайда болады.
Хорионда да, жатынның жұмсақ ұлпаларында да қан тамырлары өте жақсы дамыған. Осы арада ана мен ұрықтың қан тамырлары өзара ұштасады, бірақ әрқайсысы жеке-жеке жатады. Соның нәтижесінде ұрықтың мүшелеріндегі газ алмасуы, қоректенуі және ыдырау өнімдерінің бөлініп шығуы орындалады. Осы ананың денесінен ұрықтың мүшелеріне жету осмос қысымы арқылы орындалады.
Курстық жұмыстың мақсаты: сүтқоректілер класы (Mammalia),жоғары сатыдағы аңдар (Eutheria) немесе плацентарлы инфракласс (Placentalia) класс тармағы,жыртқыштар отрядына жалпы сипаттама,иттер тұқымдасы, жанат тәрізділер тұқымдасы,аю тәрізділер тұқымдасы,сусар тұқымдасы мысық тәрізділер тұқымдасы.на сипаттама беру және түсіндіру;
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo Сүтқоректілер класы (Mammalia).
oo Жоғары сатыдағы аңдар (Eutheria) немесе плацентарлы инфракласс (Placentalia) класс тармағы.
oo Жыртқыштар отрядына жалпы сипаттама.
oo Иттер тұқымдасы..
oo Жанат тәрізділер тұқымдасы.
oo Аю тәрізділер тұқымдасы.
oo Сусар тұқымдасы .
oo Мысық тәрізділер тұқымдасы..
Негізгі бөлім
1.1.Сүтқоректілер класы (Mammalia)
Сүтқоректілер омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жоғарғы даму сатысында тұрған жануарлар. Олардың ерекшеліктері мынадай.
1. Оларда орталық нерв жүйесі жақсы дамыған. Оның ішіндегі жоғарғы нерв әрекетінің орталығы - үлкен ми жарты шарлары жақсы дамыған (сұр қыртысы). Соның нәтижесінде орта жағдайына байланысты бейімделуі жақсы жетілген.
2. Сүтқоректілер тірі туады. Баласын үтімен қоректендіреді. Бұл сүтқоректілердің әртүрлі жағдайда көбеюіне мүмкіндік береді және төлдерінің өніп-өсуіне қолайлы жағдайлар туады.
3. Дене температурасыныяң тұрақтылығына байланысты, жылу реттелуі жоғары дамыған. Сүтқоректілердің денесінің температурасы шамамен 37-480С дененің температурасының бұлай болуы, бір жағынан химиялық терморегуляцияның дамуы болса (организмнің жылу бөлуі), екінші жағынан физикалық терморегуляцияның жылуды реттеудің күшінің (терлеу, терінің қан айналысының өзгеру сипатында) дамуына байланысты. Денедегі жылуды реттеуде тері астындағы майдың, қаптап тұрған түктердің маңызы өте зор.
Қазір дүние жүзінде үтқоректілердің 4500 түрі белгілі. Соның 332 түрі ТМД жерінде мекендейді. Ал Қазақстанда сүтқоректілердің 178 түрі кездеседі.
Қаңқасы. Ересек сүтқоректілерде сүйекті болады. Хорда тек эмбриондық даму кезеңінде айқын білінеді. Омыртқа жотасы - мойын, арқа, бел, сегізкөз, құйрық омыртқаларынан құралады.
Мойын омыртқаларының саны әрқашан тұрақты болады. Алдыңғы екі мойын омыртқасын - ауыз омыртқа (атлант) және эпистрофей деп аталады. Мойын омыртқасы жеті омыртқадан тұрады. Бірақ сүтқоректілердің мойнының ұзындығы бірдей емес. Мысалы, тұяқтылардың мойыны ұзын, кемірушілердің мойыны қысқа болады. Демек, олардың ойнының ұзындығының түрліше болуы сүтқоректілердің мойын омыртқаларының санына байланысты емес, жеке омыртқалылардың денесінің ұзын және қысқа болуына байланысты. Арқа омыртқалары көпшілігінде 12-15 болады, ал кейбіреуінде 24 арқа омыртқасы болады. Бел омыртқаларының саны 2-ден 9-ға дейін болады. Сегізкөз көпшілігінде бір-бірімен бірігіп өсіп кеткен 3-4 омыртқадан тұрады. Құйрық омыртқаларының саны тұрақты болмайды. Мысалы, Гиббонда - 3 болса, кесірткеде 49-ға жетеді [1,52б.]
Ми сауыты. Миының үлкен болуына байланысты, сүтқоректілердің ми сауыты да үлкен болады. Жоғарғы жақ, 2 жақ аралық және жоғарғы жақ сүйектерінен тұрады. Төменгі жақ сүйегі бір жұп тіс сүйегінен қалыптасады. Буындасу сүйегі, есту сүйекшесі - балғаға айналады, шаршы сүйек есту сүйекшесінің екінші бір түрі төске айналады. Бұл екі есту сүйекшелері және үшінші есту сүйекшесі - үзеңгі ортаңғы құлақ қуысының ішіне орналасады. Ортаңғы құлақтың сыртқы бөлімі және есіту жолы - дабыл сүйегінен тұрады.
Сүтқоректілердің иық белдеуі негізінен жаырын мен бұғанадан тұрады. Каракоидты сүйектер барлық сүтқоректілерде рудиментті түрде кездеседі. Жамбасбелдеуі жер бетінде тіршілік ететін жануарларға тән шонданай , шап және мықын үш сүйектен тұрады. Осы үш сүйек тұтасып барып - жамбас сүйегін құрайды. Барлық жер бетіндегі қозғалатын сүтқоректілердің аяқтары бес сауақтан болып келеді. Мысалы, жер бетінде жүретін түрлерінде аяқтары ұзын болса, ал суда тіршілік ететіндерінде керісінше қысқа болады.
Нерв жүйесі. Сүтқоректілердің нерв жүйесі өте күрделі. Олардың миы үлкен, әсіресе алдыңғы ми сыңарлары мен мишықтың көлемді болуына, ал олар сүтқоректілердің неше түрлі қимылдар жасауына мүмкіндік береді. Алдыңғы ми сауыттарының қыртысы тегіс болмай, көптеген сайлар болады да оның еттік ауданын ұлғайтып тұрады. Баста 12 жұп нерв жүйесі бар.
Сезім мүшелері. Сүтқоректілердің тіршілік әрекетіне қарай жақсы дамыған. Иіс сезу мүшесі өте жақсы жетілген және тіршілігінде үлкен қызмет атқарады. Осы мүшелердің көмегімен олар жауларын сезеді, тамағын бірін-бірі іздеп табады [2,20б.]
Есту мүшелері жақсы жетілген. Оларға сыртқы құлақ (құлақ қалқаны), ортаңғы және ішкі құлақ енеді. Ортаңғы құлақ қуысында үш сүйек болады. Балға дабыл жарғағына тиіп тұрады, оған қозғалмалы болып төс бекіген. Төс өз тарапынан қозғалмалы болып үзеңгімен байланысқан. Ішкі құлақтың құрылысындағы бір көңіл ударатын нәрсе, улитканың каналында керіліп жатқан ыңдаған жіңішке талшық - кортьев мүшесінің болуы. Дыбысты қабылдаған кезде осы талшықтар оны күшейтіп, жануарлардың нәзік дыбысты естуін қамтамасыз етеді.
Көру мүшесі. Сүтқоректілердің көздері омыртқалылардың көз құрылысына ұқсас. Оларда жоғарғы және төменгі қабағы жақсы дамыған. Аңдарда көздің көру қабілеті құстардікінен нашар.
Сүтқоректілердің дене қуысының айырмашылығы сол, ол диафрагма арқылы бөлінген кеуде қуысы және құрсақ қуысынан тұрады. Кеуде қуысында жүрек пен өкпе жатса, ал құрсақ қуысында - қарын, ішек, бауыр, бүйрек тағы басқа мүшелер болады.
Ас қорыту мүшелері .күрделі және бірнеше бөлімнен тұрады. Ол ауыз қуысынан басталады. Қоректік заттар үстіңгі және астыңғы жақтарға орналасқан тістерден және сілекей бездерінің әсерінен механикалық және химиялық өзгерістерге түседі. Сүтқоректілердің тістері - күрек тістер, шошақ тістері жалған азулар және азу тістер деп бөлінеді. Жыртқыштардың шошақ тістері өте жақсы жетілген және олардың ұшы өткір болады. Олардың азу тістері үлкен және өткір болады да, олар жыртқыш азулар деп аталады. Кемірушілердің күрек тістері өте жақсы жетілген [3,32б.]
Сүтқоректілердің тістерінің жалпы саны және олардың топқа бөлінуі әрбір түрдің тұрақты систематикалық белгісі болып есептеледі. Тістерді белгілеу үшін бөлшек түріндегі арнаулы формула пайдаланылады. Бөлшек сызықтың үстіндегі сандар жоғарғы жақтағы тістің санын, ал сызықтың астындағы сан төменгі жақтағы тістің санын көрсетеді.
Тістері жақ сүйектерінің ұяшықтарына орналасқан. Төмендегі жақ сүйегінің арасында етті тілі орналасқан. Ауыз қуысының арт жағында жұтқыншақ орналасқан. Жұтқыншақтың төменгі бөлімінде өңеш тесігі жалғасады. Ауыз қуысында сілекей бездерінің түтіктері ашылып көмірсутек қосылыстардың крахмал мен қантқа ыдырауына себебін тигізеді.
Қарын басқа ас қорыту мүшелерінен айқын бөлінген және көптеген сөл шығаратын бездері болады. Қарынның көлемі мен құрылысы қоректік заттардың түріне қарай әрбір түрде түрліше болады.
Күйіс қайыратын сүтқоректілердің қарны өте күрделі құрылысты. Мысалы, сиырдың қарны төрт бөлімнен тұрады: 1) үлкен қарын; 2) жұмыршақ қарын; 3) жалбыршақ қарын; 4) ұлтабар немесе безді қарын үлкен қарынға түскен қоректік зат сілекейдің және бактериялардың әрекетінен ашиды. Қорек заты қарыннан оның перистальтикалық қозғалысының әсерінен жұмыршақ қарынға, одан күйіс қайырғанда - ауызға түседі. Ауызда тамақтық зат ұсақталып, сілекеймен араласады. Пайда болған жартылай сұйық зат жалбыршақ қарынға, одан ұлтабарға барады. Нағыз ішек - аш ішек, тоқ ішек және тік ішек деп үшке бөлінеді. Өсімдік тектес азықтармен қоректенетін жануарларда ішек өте ұзын, ал жануар тектес азықтармен қоректенетіндерінде қысқа болады.
Сүтқоректілердің астың қорытылуында бауырдан бөлінетін өттің, сол сияқты ұйқы безінің және ішек қабырғасында орналасқан бездердің әсері зор.
Тыныс алу мүшелері. Сүтқоректілердің тыныс алу мүшесі тыныс алатын көмекей, кеңірдек, бронхылар және өкпе. Кеңірдек көмекейден басталып жұтқыншаққа ашылады. Ауа танау тесіктері арқылы кіріп жылынады және әртүрлі қатты заттар қосылысынан тазартылады. Таңдайдың жақсы жетілуіне байланысты ауа жүретін жол ауыз қуысынан жекеленген,көкірек қуысында кеңірдек екі бронхыға бөлініп өкпеге енеді. Бронхылар өкпенің ішінде көптеген ұсақ тарамдарға бөлініп, жұқа қабырғалы көпіршіктер - альвеолдарды түзеді. Альвеолдар ұяшықтарына капиллярлардың ұшы келіп тұрады. Осы капиллярлар арқылы газ алмасу процесі жүзеге асады. Сүтқоректілердің тыныс алуына және шығаруына көкірек қуысының кеңейіп, ауа қабылдап немесе тарылып өкпеден газдың шығуына себепші қабырғаларды көтеретін қабырға аралық еттермен көк еттің (диафрагманың) үлкен әсері бар.
Қан айналу жүйесі. Сүтқоректілердің қан айналу жүйесі зат алмасу процесінің өркендеуінебайланысты төрт бөлімнен екі жүрекшеден, екі қарыншадан тұрады. Жүректің оң және сол жақ жартысы бір-бірінен толық бөлінген. Сондықтан сүтқоректілердің артерия қандары вена қандарынан толық бөлінген. Демек, олардың барлық мүшелері оттегіне қаныққан бай артерия қандарын қабылдайды. Жүректің атқаратын қызметінің көлеміне қарай тамырлары жақсы дамыған. Басқа омыртқалы жануарлар мен салыстырғанда жүректің қызметін нервпен қамтамасыз ету жоғары дәрежеде дамыған. Дененің барлық бөліктері қоректік заттармен және оттегімен жабдықталған және диссимиляция қалдытарынан да тез босайды. Олардың эритроциттерінің құрылысы өзінше сипат алады. Эритроциттерінде кішкентай ядролары болмайды. Сондықтан олар өте көп мөлшерде кездеседі (1 куб мм миллиондап болады.). Соның арқасында эритроциттердің бет көлемі артып, оттеін сіңіретін жалпы аумағы артады [4,56б.]
Сүтқоректілердің қаны суық жануарлардікіне қарағанда тез ұйиды. Ол жануарлардың жарақаттанған кезінде қанның көп ақпай, тез тоқтауына әсерін тигізеді. Қан айналу жүйесі кіші және үлкен қан айналым шеңберінен тұрады. Қан жасап шығарушы мүше - көкбауыр (талақ) болады.
Зәр шығару мүшелері. Сүтқоректілердің бүйрегі мықын бүйрегі деп аталады. Қосмекенділерге, балықтарға тән дене бүйрегі эмбриондық даму кезінде болады да, кейін жойылып кетеді. Сүтқоректілердің метанефридиалық бүйрегі пішінді болады. Ол бел маңайындағы омыртқалар жотасының екі қапталында орналасқан. Бүйректің ішкі жақтарынан несеп ағарлар шығып, қуыққа ашылады. Қуықтан несеп түтігі арқылы сыртқа шыығады. Клоакалы сүтқоректілердің несеп түтігі несеп - жыныс қуысына барып, одан қуыққа келеді. Қуықтың несеп арнаулы несеп каналы арқылы сыртқа шығады. Зәр шығару қызметін аздап та болса тер безі атқарады.
Көбеюі. Сүтқоректілердің көбеюі басқа жануарлардың көбею мүшелерінен ерекше болады. Ең негізгі бір сипаты артқы ішектен жыныс жолдарының толық бөлінуі.
Аталық жыныс мүшелері. Сүтқоректілердің аталық жыныс бездері алғаш дене қуысында болады да, есейген шағында төмен түсіп, шап бөлімінде сыртқа шығып тұрған ен (мошонка) қалтасының ішіне орналасады.
Аталық жыныс безіне беттесе орналасқан - ен сабағы болады. Ен сабағы аталық жыныс безінің өнімін сыртқа шығаратын көптеген аналдардан тұрады. Ол шағылыс мүшесінің түп жағынан келіп несеп шығаратын немесе тұқым шығаратын каналмен жалғасады.
Шағылыс мүшесінің түп жағында бір жұп бездері болады. Бұны предстательдік без деп атайды. Бұл бездің де жолы тұқым - несеп каналының ұшына ашылады. Аталық жыныс бездерінің сперматозоидтары жүзіп жүретін сұйықтарды осы без бөліп шығарады. Предстательдік және тұқым көпіршік бездерінен бөлінген секреттер сперматозоидтардың қозғалысын шапшаңдатады
Аналық жыныс мүшелері. Дене қуысына орналасқан жұп аналық жыныс безінен, бір жұп жұмыртқа жолынан, жұмыртқа жолының жоғарғы иіліп жатқан бөлімі фаллопиев түтігінен, жатын мен қынаптан тұрады. Сүтқоректілердің жатындары бәрінде бірдей болмайды. Кейбір сүтқоректілерде жатын жұп болып, оның оң және сол бөлімі жатын қынабына ербес тесік арқылы ашылады. Мұндай жатынды - қос жатын деп атайды.
Кейбір кемірушілердің, жарқанаттардың және жыртқыштардың жатыны төменгі жағынан қысылып - екі айыр жатын құрайды. Кит тәрізділердің, тұяқтылардың және кейбір жыртқыштардың жандарының оң және сол жағының көпшілік бөлімінің қосылып кетуінің салдарынан - екі мүйізді жатын пайда болады.
Приматтардың, жарқанаттардың, адамдардың екі жатыны да қосылып дара қарапайым болады.
Сүтқоректілердің кейбіреулері - полигамды болады, демек бір еркегі табынның қожасы болып, сол тобындағы барлық ұрғашы жануарларды ұрықтандырады (мысалы, ақбөкендер, жылқылар т.б.).Екінші біреулері моногамды болады, демек олар жұптасып тіршілік етеді (мысалы түлкілер, қасқырлар т.б.). Әрине,олар бір маусымда ғана жұптасуы немесе өмірінің ұзақ жылдарында жұптасып тіршілік етуі ықтимал.
Ұрық орны. Барлық сүтқоректілер қағанақтыларға (амниотаға) жатады. Өйткені ұрықтың даму барысында оларды ұрық қабығы пайда болады. Қазіргі сүтқоректілер балаларын тірі туып, сүтпен асырайды. Төменгі сатыдағы (ехидна, үйрек тұмсық), қалталылар, нашар дамыған, әлі жетілмеген балаларын туады.

Дамуы. Ұрық іші суға толы амнионмен қоршалған. Соның нәтижесінде ұрықтың мүшелеріндегі газ алмасуы, қоректенуі және ыдырау өнімдерінің бөлініп шығуы орындалады. Осы ананың денесінен ұрықтың мүшелеріне жету осмос қысымы арқылы орындалады.Соның арқасында ұрық аналық ішінде қандай жер болса да дұрыс бірқалыпты дамиды. Ұрықтың дамуы тек қана ұрық орнының пайда болуына емес, оның организмінің ұзақ уақыт ұрықты ішінде сақтауына бейімделуінде болып отыр. Ананың ішінде ұрық ұзақ жатқанда, ұрықтың барлық мүшелері жетіліп қалыптасады.
Кейбір сүтқоректілердің балалары туа сала өз бетімен жүріп аяқтанып кетеді, ал кейбіреулерінікі соқыр және дәрменсіз болып туады. Барлық жануарларда анасы сүтпен қоректендіріп, аналарының қамқорлығында болады. Нерв жүйелерінің жақсы жетілуіне байланысты балаларына қамқорлық жасау сүтқоректілерде жақсы жетілген. Сондықтан да бұл кластың өкілдері балықтар мен қосмекенділермен салыстырғанда, сан жағынан аз бала табады.
Қазір дүние жүзінде 4500 сүтқоректілердің түрі бар. Соның 3320 түрі ТМД-да болса, Қазақстанда 178 түрі қолайлы орын тапқан [5,52б.]
1.2 Жоғары сатыдағы аңдар (Eutheria) немесе плацентарлы инфракласс (Placentalia)
Плацентарлы сүтқоректілер дүние жүзінің барлық жеріне таралған, тек Австралияда ғана болмайды. Оларға барлық үй малдарыны жатады. Плацентарлылардың ең жоғарғы тобы маймылдар - олардың шыққан дам да жатады.
Жоғарғы сатыдағы сүтқоретілерде жұмыртқа салушы және қалталы сүтқоректілермен салыстырғанда барлық тіршілік жағдайы күрделенген. Алдыңғы ми және ми сыңарлары жақсы жетіліп нерв жүйесі жақсы дамыған, соған сәйкес әртүрлі тіршілік жағдайына бейімделу қабілеті артты. Сол сияқты жақсы жетілген қимыл, тыныс, қан, ас қорыту тағы басқа жүйелерін айтуға болады. Дене температурасы тұрақты, зат алмасу процесі үдемелі түрде жүреді. Плацентарлыға тән сипат ұрықтың қолайлы жағдайда дамуы, тірі тууы. Оларда ұрпақтарына деген қамқорлық (сүтпен қоректендіру, жауларынан қорғау т.б) басқа жануарлар тобында жоқ плацентарлы сүтқоректілерде жоғары сатыда дамыған.
1.3 Жыртқыштар отрядына жалпы сипаттама.
Бұл отрядқа күшті дене мөлшері әр түрлі болатын сүтқоректілер жатады. Олар омыртқалы жануарлармен қоректенеді. Ал бір қатарлы өсімдік тектес азықпен де қоректенеді. Мысалы, қоңыр аю, борсықтар өсмдіктерді пайдаланады.
Жыртқыш сүтқоректілердің тістері үшкір жақсы жетілген, әсіресе ит тістері мен азу тістері беткейіндегі үшкір бүрлері өткір қырлы болады. Ал күрек тістері нашар. Астыңғы жақ сүйектері бірінші азу тіс, үстіңгі жақ сүйектері ақырғы жалған азу тістері басқалардан үлкен үшкір өткір қырлы болып келеді. Оларды жыртқыш тістер деп атайды.Үстіңгі тістің өткір ұшы төменгі тістің сырт жағынан өткір қайшының жүзіндей айқасып тұрады да, етті қайшымен қиғандай турайды. Жыртқыштардың тырнақтары да үшкір, жақсы жетілген. Олар жемді тырнақтарымен бүріп те ұстайды.
Жыртқыштар отрядының өкілдері: қасқыр, ит, аю, түлкі, күзен т.б. жатады. Олар жер бетінде едәуір кең тараған. Жыртқыштар отряды бірнеше тұқымдастарға бөлінеді, олардың негізгілері:
1. Мысық тұқымдасына жабайы және үй мысығы, арыстан, жолбарыс
2. Иттер тұқымдасына ит, қасқыр, түлкі т.б.
3. Аюлар тұқымдасына қоңыр аю, ақ аю т.б.
4. Сусар тұқымдасына сусар, бұлғын, борсық, күзен, ақкіс, аққалақ
Жыртқыштардың тигізетін пайдасы да ба. Оларды зиянды кемірушілерді жеп, табиғатта олардың санын реттеп отырады. Көпшілік түрлерінің кәсіптік маңызы бар. Кейбір құнды жыртқыштар (қара күзен - норки), көгілдір түлкі(песцы) қолда өсіріледі. Кейбір жыртқыш аңдарды адамдар қолға үйретті. Соның ішінде ит бірінші үй жануары болды. Ит, шамасы қасқыр мен шиебөрінің шағылысуынан пайда болып, содан кейін әртүрлі бағытта қолдан сұрыптаудың нәтижесінде келіп шыққан. Қазіргі уақытта иттердің шамамен 350 тұқымы бар. Ит қасқырмен, шиебөрімен шағылысып жақсы өсімтал ұрпақ береді.
Үй мысығы Африкада, Орта және Орталық Азияда мекендейтін дала түз мысығы шыққан. Мысық ең бірінші Египетте қолға үйретілген.
Жыртқыштар үй малдарына және адамдарға шабуыл жасайды. Осы отрядтың ұсақ өкілдері үй құстарын жеп зиянын тигізеді. Ит тұқымдасына жататын жыртқыштар адамдар мен малдарды тістеп құтыру (бешенство) ауруын жұқтырады. Жыртқыштар белгілі бір жағдайлардан зиянды болғанмен, көпшілік жағдайда олар пайдалы (кәсіптік маңызы). Сондықтан оларды белгілі бір аймақтарда қорғап санын көбейту керек [6,32б.]
Қазіргі жыртқыштар эволюциялық дамудың барысында көне жыртқыш креоданттардан келіп шыққан. Қазақстан қызыл кітабына енген түрлері: қызыл қасқыр, Тянь-Шань қоңыр аюы. Орта Азия тас сусары, орман сісары, Европа қара күзені, шұбар күзен, ит аю, Орта Азия өзен құндызы, қабылан, шағыл мысығы, сабаншы, қарақал, Түркістан сілеусіні, барыс.
1-сурет Барыс
1.4 Иттер тұқымдасы.
Бұл тұқымдастың өкілдерінің дене көлемі орташа, аяқтары ұзын, саусақтарымен басып тез қозғалатын ұзын тұмсықты, әдетте құйрығы ұзын жүнбесті болып келеді. Алдыңғы аяғы 5 бармақты, артқысы -4. тырнақтары моқал. Жыртқыш тістер мен шошақ тістері жақсы дамыған. Иттер тұқымдасының өкілдері көбінесе жануар тектес азықпен қоректенеді. Систематикалық ерекшелігі бойынша үлкен орын алады, олар аюлар тұқымдасы мен жанаттар тұқымдасына жақын. Иттер тұқымдасы Антарктикадан басқа барлық жерге таралған. Қазақстанда 2 түрі-қасқыр және қорқау қасқыр таралған.
Отрядқа жануарларды азық көзі ретінде пайдалануға бейімделген сүтқоректілер жатады. Көлемі орташа, бірақ ірі түрлері де кездеседі (жолбарыс, ақ аю). Дене көлемі кіші жыртқыштарға ақ күзен, ақ кістерді жатқызуға болады. Көпшіл жыртқыштар құрлық жануарлары болғанмен, жартылай суда тіршілік ететін түрлері де кездеседі. Бас сүйегі әр түрлі пішінде: кейбір түрлерінде бет әлпеті алдыға созылыңқы болса, енді біреулерінде қысқа бірақ ми сауыты дамыған. Үлкен ми сыңарларында иірісдер айқын байқалады. Төрт тіс типтері де түбірімен дамыған, күрек тістері үлкен емес, шошақ тістері жақсы дамыған, ұзын және өткір. Үстіңгі жақтың соңғы жалған азу тістері мен бірінші азу тістері айқын байқалып жақсы формада дамыған. Бұл тістерді жыртқыш тістер деп атайды. Аяқтары табанды, жартылай табанды және төрт немесе бес болып келетін бармақты жақсы дамыған сүйек болып келеді. Бұғанасы кейбіреулерінде рудимент түрінде болады немесе мүлде болмайды. Құйрығы әдетте ұзын (дене ұзындығының жартысындай немесе одан да ұзын), сирек қысқарақ болады [7,20б.]
Денесі түктермен қапталған. Аталық бездері құрсақ бөлімінде орналасқан. Жатыры екі ұшты. Жыныстық диморфизм көпшілігінде әлсіз дамыған, немесе тіпті болмайды. Сезім мүшелерінің жақсы дамығаны есту мен иіс сезу мүшелері өру мүшесі. Көптеген жыртқыштар жылына бір ұрпақ әкелсе, кейбір түрлері екі жылда бір бала туады.
Жыртқыштардың экономикалық маңызы өте зор. Олардың арасында бағалы терілі аңдар да (бұлғын), спорттық және кәсіптік аңшылық объектілері де кездеседі. Бір түрлері малшаруашылығына зиян тигізіп, әр түрлі ауру таратушылар болса, енді біреулері ауылшаруашылығына зиянды кемірушілердің санын реттеуші болып табылады. ТМД да 6, Қазақстанда 5 тұқымдас мекен етеді [4].
Қасқыр-Canis Lupus Linnaeus.Систематикасы (жүйеленуі): Қазақстанда жануардың 4 түр тармағы кездеседі: сібірлік орман қасқыры (C. aliaicus), дала қасқыры (C. catpe-stris)- батыс және орталық Қазақстанда, шөлді жердің қасқыры (C. desertorum)- Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс жазық бөлігінде тибеттік қасқыр (C.chanco).
Сипаттамасы: сымбатты, күшті, үлпілдеген құйрығы мен аяқтары ұзын, ірі овчаркаға ұқсайды. Терісі ашық сұр түстен қара түске дейін болады.
Сібірлік қасқыр-ең ірі және бассүйегі көлемді келеді. Дала қасқыры дене пішіні жағынан сібірлік қасқыр мен шөл қасқырдың арасында, ал шөл қасқыры-ең кішісі: Ересек аналықтардың салмағы 25-28, аталықтарының салмағы 28-38 кг шамасында. Басүйегі кішкентай, ростралды бөлігінде сәл созылыңқы келеді. Көбінің түсі ашық сұр түсті болады, кейбіреулерінде қылшықтарының ұшы қара түсті болып келеді. Желке тұсында және құлағының сыртқы бөлігінде жирен түске ауысады. Жүні басқа түр тармаққа қарағанда қатты және азырақ сәнді болады.
Тибеттік қасқыр, дала қасқыры сияқты, сібірлік және шөлді қасқыр арасында орташа көлемді болып келеді. Арқасы тегіс, желке тұсы жоғары, артқы бөлігі жалпақтау және төмен орналасқан. Кеудесі үлкен, ауыр, күшті жақтары үлкен, мұрны ұзын, кең маңдайлы. Көздері алшақ орналасқан, үлкен емес, сәл қиқарлау келеді. Құлақтары үлкен емес, үшбұрыш пішінді, ұштары үшкірлеу келеді, алға қарай бағытталған, аралары алшақ.
Құйрығы үлкен, серпімділік буынына дейін түседі. Қыста жүні сәнді, ал шөлді қасқырдың жүні қатты болады. Жыл мезгіліне байланысты жүнінің түсінде айырмашылық байқалмайды. Шөл қасқырының бас сүйегі ірі және көлемді. Бет жағы мықты тістерінің орналасуына байланысты ұзыншақ, миы үлкен емес. Тістері өте күшті, жыртқыш тістері үлкен, тістері аса ұзын емес, бірақ негізі жалпақ келеді [8,12б.]
Апанын адам аз жерлерде борсықтың, түлкінің інін кеңітіп (1-2 м), таудың беткейінде, жыраларда кездеседі.
Таралуы. Қасқыр еуропа, Азия және Солтүстік Америкада таралған. ТМД-да барлық жерлерде кездеседі. Қасқыр көбінесе ірі және орташа көлемді жемтіктермен, үй жануарларымен қоректенеді.
Қазақстан территориясында қасқыр барлық жерінде кездеседі, бірақ біркелкі емес. Бұл жыртқыштар сулы және қорек бар жерде ғана жүреді. Қасқырлар өзінің ареалында санын өздері ретейді. Бұл табиғат санитар, себебі кез келген жыртқыш сияқты біріншіден, ауру немесе әлсіз жануарлармен коректенеді, яғни табиғаттағы табиғи сұрыптаудың маңызды факторы болып табылады.Қабан, құлан, елік қасқырдың негізгі жемтігі болып табылады. Қасқырлар 15-16 жыл өмір сүреді.
Жаз мезгілінде қасқыр өзін және бөлтірігін саршұнақпен, сұртышқанмен асырайды, ал қыста үй жануарларына шабады.
Көбеюі және өсу шегі. Ересек қаншық қасқырдың күйлеуі шағылысуға дейін 1 ай бұрын бастайды (2-ден 6 апта). Кейбір аналықтар наурыз айының бірінші жартысында шағылыса алады. Жас аналықтар жорыққа 22 айында шығады және шағылысу ересек аналықтарға қарағанда 7-14 күн кешігеді. Қасқырдың иттермен шағылысу жағдайлары да кездеседі. Қасқырлар өзара шағлысады: ата-ана х бала, бауыр х қарындас. Жануарлар бірін-бірі иіскеп, мұрындарымен бір-бірін итеріп, тістерімен терісін тістейді. Қаншық қасқырдың жүктілігі 62-63 күн шамасында. Аналықтар 22 айында жыныстық жетіледі.
Халықшаруашылығындағы маңызы. Адамдардың жыртқыштарға деген көз қарасы теріс. Қасқыр мал шаруашылығына көп теріс әсерін тигізеді, жыл бойына малға шабады .
Қасқырды қазіргі кезде жүн алу мақсатында көп пайдаланбайды, бірақ қасқыр жүнінің тауарлық бағасы жоғары.Бұдан жасалған бұйымдардың өткен уақыттарда маңызыз зор болатын.
Қазіргі уақытта қасқыр терісі көне заманның бұйымы ретінде қабылданады және унты, тұлұп т.б. тігуде таптырмас материал болып табылады.
Қорқау қасқыр-Canisauerus Linnaeus.Систематикасы (жүйеленуі): қазіргі уақытта қорқау қасқырдың 4 түрі эфиопиялық (C.simensisRuppel), жолақты (C.adustusSundevall), чепрачный (C.mesomelasSchreber) және қорқау (Canisauerus Linnaeus). Бірінші 3 түрі Африкада мекендейді, соңғысы Африкада, Еуропада және Азияды. ТМД территориясында 1 түрі-қорқау қасқырдың 2 түр тармағы кездеседі. Бұлардан Қазақстанда қорқау қасқыр таралған.
2 -сурет. Қасқыр
Сипаттамасы: Қорқау қасқыр -- ірі сүтқоректілердің өлекселерін жеп, тіршілік етеді. Сырт белгілері бойынша қасқырға ұқсайды. Мөлшері қасқырдан еі есе кіші. Үлкендігі иттей болады. Аяқтары нашар жетілген, алдыңғы аяқтары артқы аяқтарынан ұзындау, жерді қазып, кемген өліктерді ашып алуға бейімделген. Тырнақтары моқал әрі жасырынбайды. Бұлардың жақтары өте мықты, тістері үлкен, сүйектерді ұсатып жібереді. Емшегі 5 жұп. Жоғарғы ерінінің төмені бөлігі, басының төменгі жағы және тамағының алдыңғы бөлігі ақшыл-қызғылт түсті, мұрны көзіне дейінгі аралықта ақшыл қоңыр сұр түісті, арқасы көзге жақсы көрінетін дағы бар сұр, құйрығының үсті жирендеу, орта шені ашық түсті және төменгі бөлігі қара түсті. Бассүйегі қасқырдыкіне ұқсайды, бірақ бас сүйегі ұсақ және көлемі кіші.
Таралуы:Қорқау қасқырлар Африкада, Оңтүстік Азияда тараған. Бізде Кавказ маңыда және Орта Азияның оңтүстігінде бір түрі -- теңбіл қорқау қасқыр кездеседі.
Апандары өсімдік бұталарымен, жапрақтарымен және бұталы өсімдіктер шырмауықпен жақсы оралып жауын-шашын өткізбейтіндей жақсы қорған бола алады.
Көбеюі және өсу шегі. Қорқау 1 жылда 1 ұрпақ береді. 9 айында жыныстық жетіледі. Аналықтар 10 айында шағылыса береді. Балаларын көздері жабық күйінде, тіссіз туады.
Халықшаруашылығындағы маңызы.Терісі сапасы жағынан қасқырдікінен төмен, жылуды жақсы ұстайды, тері салмағының жеңілдігімен бағаланады. Өндірісте терісінен малақай, жаға, тон тігуге пайдаланады. Бұзау, лақ, қозыға шабады. Елді мекендерде құстарды ұрлайды.
Түлкі.Системетикасы (жүйеленуі): дене мөлшері кішілеу (денесінің ұзындығы 70-77 см, салмағы 6 - 7 кг) және құйрығы ұзын (55 см-ге дейін) үлпілдек, ұшы ақ аяқтары қысқалау болып келеді. Құлақтары үлкен, ұштары үшкір келеді. Түлкінің естуі, иіс сезу қабілеті ерекше жақсы дамыған бірақ көруі әлсіз. Аяғындағы бармақ сүйелдері үлкен емес [10,13б.]
Түлкі терісінің бояуы ашық сары түстенсұо-қызыл қошқыл түске дейін өзгереді.Қазақстандық түлкінің түкті жамылғысы үлпілдек, түсі ашық сары. Қарны мен құрсағы ақ түсті, ал аяқтары қаралау сұр жолақты болып келеді.
Ірі түлкі - караганка. Бұндай түлкі түрі қызылқұм, мойынқұм және шол даларында кездеседі. Бұл итүлкінің басқа түрінен ерекшелігі мынада: түкті жамылғысы қатты және ұзын болады, құйрығы ұзын, ұшы әлсіз ақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz