Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы үлесі және Әлия Молдағұлованың ерлігі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

№46 А. С. Пушкин атындағы мектеп-лицейі

Тағызым етем, естен кетпес ерлігіңе!!!

Орындаған:

Қабылдаған

оқу жылы

ХХ ғасырдың алапат соғысы Екінші дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Ұлы Отан соғысы болды. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақтардың қолдарына қару бермей, ауыр тыл жұмыстарына алса, Ұлы отан соғысы кезінде Қазақстандықтар қолдарына қару алып бір кісідей майданға барып Отан қорғауға атсалысты. Қаншама қазақстандықтар ұрыс даласында мерт болды. Жеңіс бізге арзанға түспегені әрбір жанұяның тарихында із қалдырып кеткені баршаға аян.

Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды. Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер де, қала мен ауыл тұрғындары да соғысқа сұранды.

1939 жылдың дерегі бойынша, біздің республикамызда 6, 2 миллион адам тұрып жатқан. Соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған, 20-дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған. Фашистермен болған шайқастарда 328-ші, 310-шы, 312-ші, 314-ші, 316-шы, 387-ші, 391-ші, 8-ші, 29-шы, 102-ші, 405-ші атқыштар дивиясы, 100-ші және 101-ші ұлттық, 81-ші, 105-ші, 106-шы кавалериялық дивизиялар, 74-ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы, 209-шы Зайсан, 219-шы минометтік, 85-ші зениттік, 662-ші, 991-ші және 992-ші авиациялық полктер ерекше көзге түсті. Майданға 14 100 жүк және жеңіл автокөлік, 1 500 шынжыр табанды трактор, 110 400 жылқы, 16 200 арба жөнелтілді. Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындауға да лайықты үлес қосты. 1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандық жолданды, ал Қазақстанның аумағында сол жылдары жұмыс істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер дайындап шығарған.

Жеңіске Қазақстанның ауыл шаруашылығы да өз үлесін қосты. Атап айтқанда, еліміз 30, 8 миллион пұт астық, 14, 4 миллион пұт картоп және көкөніс, 15, 8 миллион пұт ет, 3 194 мың центнер сүт, 17, 6 мың центнер жүн берді. Бұл соғысқа дейінгі бес жылдағы көрсеткіштен бірнеше есе көп. Республиканың барлық экономикасы әскери «рельске» қойылды: бейбіт мақсаттағы шығыстар барынша қысқартылды, көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың бәрі армия қатарында болғандықтан, зауыттарда әйелдер, қариялар, жасөспірімдер еңбек етті. Еңбек тәртібі қатайтылды, жұмыс уақыты ұзартылды. Алты апталық, 23 сағаттық жұмыс күні бекітілді, демалыстар тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!» деген ұранмен еңбек етті.

КСРО-ның батыс өңірлерінен көшірілген халықпен қоса, 1941 жылдың күзінде Қазақстанға Полвольжеден жүздеген мың немістер мен поляктар жер аударылды. 1942-1944 жылдары 507 мың балқар, қарашай, ингуш, шешен халқы, 110 мың түрік-месхетиндер, 180 мың қырым татарлары күшпен жер аударылды. Оған қоса, күн сайын Қазақстанға жаралы жауынгерлер мен офицерлер тиелген пойыздар ағылып жатты. Әскери госпитальдердің көбісі Алматыда құрылды.

Ұлы Отан соғысы бірнеше кезеңнен өтті. Соғыстың 1 - кезеңі (1941 жылдың 22 маусымы 1942 жылдың 18 қарашасы) өте ауыр болды. Кеңес әскері аса қолайсыз жағдайда қалды, адамдар, техника мен қару - жарақ көп шығынға ұшырады. 170 дивизияның 28- і толық талқандалып, ал 70 дивизия өзінің адамдары мен әскери техникасының тең жартысынан айырылды. 200 - ге жуық жанармай, оқ - дәрі және қару қоймалары немістер басып алған жерлерде қалды. Алғашқы 6 аптада кеңес жеріне 850-1200 шақырым ендей кірген фашистер Латвия, Литва, Беларусь, Украина мен Молдованың көптеген жерлерінен көктей өтіп, Киев, Смоленск, Одесса қалаларының іргесіне жетті. Шегінген Кеңес әскерін соғысқа қажет материалдармен және адамдармен толықтыру қиынға соқты. Вязьма аймағында Батыс және Брянск мйданы күштері жартылай қоршауда қалды. Жау әскерлері Калинин, Волоколам, Можайск қалаларын басып алып, Мәскеуге қауіп төндірді. Қыркүйектің 8- і күні Ленинград қоршауға алынып, қаланың ауыр жағдайдағы ерлік күресі басталды. Мемлекеттік Қорғаныс комитеті жаңа әскери құрамалар мен бөлімдер жасақтауға шұғыл кірісті. 1941 жылғы 22 маусым - 1 желтоқсан аралығында қосымша 297 дивизия мен 94 бригада жасақталды. Қазақстанда 20- дан астам дивизия, 10- нан аса атқыштар бригадасы, 50- ге жуық полк және түрлі бағыттағы батальондар мен атқыштар дивизиялары құрылды. Олардың қатарында 29, 38, 100, 101, 238, 310, 312, 314, 316 - атқыштар дивизиялары болды. Мәскеу, Сталинград түбінде, Курск доғасында, Днепр өзенінен өткен кезде 316 - (8 - гвардиялық дивизия), 238- (30- гвардиялық) және 38- (73 - гвардиялық) дивизиялардың, ал Ленинград қаласы үшін боған ұрыстарда 310 - және 314- дивизиялардың даңқы шықты. Мыңдаған қазақстандықтар республикадан тыс жерлерде құрылған әскери құрылымдарға барып құйылды, армия мен майдан шебіне үздікссіз аттандырылды.

1941 жылдың маусым - қараша айларында Оралға, Сібірге, Еділ жағалауына, Қазақстанға және Орта Азияға 1533 кәсіп - орын, оның ішінде 1360 әскери зауыт көшірілді. Бір ғана 1942 жылы Қазақстанда қару - жарақ пен стратегиялық материалдар, азық - түлікке қатысты 110 ірі жаңа кәсіпорын іске қосылып, көшірілген 142 өндіріс орны орналастырылды.

Ұлы Отан соғысы жылдарында қазақ халқынан көптеген бойжеткендеріміз шыққан болатын. Солардың ардақтысы - Әлия Молдағұлова

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы ерлігі мен қатысуы (1941-1945)
1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігі: майдан мен тылдағы үлес
1941-1945 жылдардағы Қазақстанның Ұлы Отан соғысына қосқан әскери және тылдық үлесі
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлі мен ерліктері (1941-1945 жж.)
1941-1945 жылдардағы Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлі: майдан және тыл
1941-1945 жылдардағы Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы рөлі: мобилизация, өндірістік көшіру және тылдық еңбек
Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы майдан мен тылдағы рөлі
Әлия Молдағұлова: өмірі, Ұлы Отан соғысындағы ерлігі және тарихи-мәдени мұрасы
Қазақстанның Ұлы Отан соғысындағы қатысуы мен экономикасын соғысқа бейімдеуі (1941-1945 жж.)
Ұлы Отан соғысы (1941-1945): қазақстандықтардың әскери қатысуы және ерлігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz