Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
I. Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi
II. Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері
III. Атмосфералық ауаның ластануы және оны қорғау мәселелері
IV. Су ресурстары және оларды қорғау мәселелері
V. Жер ресурстары және оларды қорғау
VI. Биоресурстар және оларды қорғау
VII. Табиғатты қорғаудың экономикалық механизмі

3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Ғаламдық мәселелерді ерекше білім саласы -- глобалистика зерттейді. Ғаламдық проблемалар өзара тығыз байланысты және барлығы іс жүзінде жердегі экологиялық дағдарыстың даму процесімен қамтылады. Әрбір ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа -- өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Ғаламдық мәселелерді шешу үшін ғаламдық, аймақтық , ұлттық бағдарламалар жасалады, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді. Ғаламдық мәселелерді шешуге жұмсалатын шығындардың жартысына жуығын экологиялық проблемаларды шешу шығындары құрайды. Өйткені басқа проблемалардың ішінде ғаламдық экологиялық проблемаларды ең артықтау проблема деп санайды.
Ғаламдық экологиялық мәселелер -- ғаламдық, аймақтық және ұлттық деңгейлерде айқындалған экологиялық мәселелер кешені. Зор геосаяси мәселелердің экологиялық қауіптілігінің мынадай көріністері бар: табиғи экожүйенің бүлінуі, озон қабатының жұқаруы, атмосфераның, әлемдік мұхиттың ластануы, биологиялық әралуандылықтың азаюы және т.б. Олар тек қана барлық елдердің қатысуымен, БҰҰ-ның басқаруымен шешілуі мүмкін.
Экологиялық мәселелердің ғаламдығы орнын шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру болып табылады.

Қазақстан Республикасы үшін экологиялық қауiпсiздiк мәселелерi мен жағдайлары бүгiнгi таңда маңызды орын алып тұр. Мемлекетiмiздiң тәуелсiздiгiмен бiрге жаңа экологиялық қауiпсiздiк жүйелерiн басқару да бой көтерiп келедi. Дұрыс басқару қоршаған ортаны қорғаудың мемлекеттiк саясатын уағыздап, табиғи ресурстарды рационалды пайдалану үшін өте қажет. Өкiнiшке орай Қазақстанда көптеген жылдар бойы өндiрiсте табиғи шикiзаттарды өндiргенде, қоршаған ортаға зиянды қалдықтарды шығару көп мөлшерде болды.
Елiмiзде экологиялық қауiпсiздiктi және тұрақты экономикалық дамуымызды қамтамасыз ету мақсатымен, 2003 жылдың 3 желтоқсанында Президенттiң Жарлығымен Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған Экологиялық қауiпсiздiк концепциясы жарияланды. Бұл концепция қабылдағаннан бастап көптеген маңызды өзгерiстер болып жатыр. Қоршаған ортаны қорғау заңдылықтар негiзi құрылды. Бiрқатар халықаралық келiсiмдерге қол қойылды. Қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесi құрылды. Концепция қоршаған ортаны қорғау мониторингiнiң бiркелкi жүйесiмен iске асыруды ұсынады.
Экологиялық қауiпсiздiк ол - халық қауіпсiздiгiнiң маңызды бiр бөлiгi. Экологиялық қауіпсiздiк бағытында мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол - табиғи жүйенi қолданудың қорғалуы. Адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қатердi болғызбау үшін халық шаруашылығын, өндiрiстi байланыстыра отырып, экологиялық-экономикалық талдаудың әдiстерiн пайдаланып, қоршаған ортаға шығарылатын ластағыштар деңгейiн салааралық модель арқылы талдап көрсету қажет-ақ. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп былай деді: 2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс [1]. Сол себепті 2007 жылы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі бекітілді.[2] Қазіргі уақытта көптеген ғылыми еңбектердің ішінде экономика және экология мәселелері, экологиялық қауіпсіздік туралы теориялық ізденістердің ішінде отандық ғалым М.С.Тонкопийдің Экономика и экология еңбегін атап өтуге болады.[3]
Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
Экологиялық қауіпсіздіктің негізгі міндеттері:
-климаттың өзгеруі мен Жердің озон қабатының бұзылуына душар ететін антропогендік әсерді азайту;
-биоәртүрлілікті сақтау және жердің шөлейттенуі мен тозуының алдын алу;
-экологиялық апат аймақтарын, әскери-ғарыш полигондары мен сынақ кешендерін оңалту;
-Каспий теңізі қайраңының ластануының алдын алу;
-су ресурстарының тозуының және ластануының алдын алу;
-табиғи ластануларды, әуе бассейнінің ластануын, радиоактивті, бактериологиялық және химиялық, оның ішінде трансшекаралық ластануларды жою және олардың алдын алу;
-өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;
-табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қойылған міндеттерді шешу үшін:
-Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
-табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;
-қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
-халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.
Мемлекеттің экологиялық қауіпсіз дамуы мынадай қағидаттарға негізделеді:
-табиғи ресурстарды пайдаланудың экологиялық мүмкіншіліктерін айқындайтын және қоршаған ортаны сапалы теңгермелі басқаруды қамтамасыз ететін шектеулердің, нормативтердің және шаруашылық әрі өзге де қызмет жүргізу ережелерінің ғылыми-негізделген кешенін енгізу жолымен мемлекеттің тұрақты дамуы үшін барлық қоғамдық қатынастарды реттеуге экожүйелік тәсіл;
-экологиялық қауіпсіздіктің өңірлік және жергілікті міндеттерінің экологиялық қатерлердің алдын алудың жаһандық және ұлттық мақсаттарына бағыныштылығы;
.
-қоршаған орта мен адамның денсаулығына келтірілген залалды өтеудің міндеттілігі (табиғат пайдаланушылар мен ластаушылар төлейді);
-өндірістік күштерді дамыту мен орналастырудың экологиялық-экономикалық теңгермелігі (экологиялық сыйымдылық пен аумақтық жоспарлау қағидаттары);
-шаруашылық және өзге де қызметінің қоршаған ортаға әсерін одан кейінгі экологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық сараптамалармен бағалаудың міндеттілігі;
-халықтың экологиялық ақпаратқа қолжетімділігін қамтамасыз ету және оның экологиялық проблемаларды шешуге қатысуы;
-халықаралық ынтымақтастықтағы әріптестік және халықаралық құқық нормаларын сақтау және т.б.
Жеке адамның, қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінің адамзат өркениетінің даму жолында ұзақ әрі күрделі тарихы бар. Қауіпсіздіктің өзі бірнеше салаларды қамтитын кешенді ұғым. Жалпы қабылданған тұжырым бойынша, қауіпсіздік -- белгілі бір нысанның сыртқы және ішкі қатер әсерінен қорғана білу ахуалы. Ал ол қатер бірнеше сипатта болуы мүмкін. Солардың бірі экологиялық сипаттағы қатер. Елбасымыздың тікелей қолдауымен бұл бағыттағы проблемаларды шешуге аса көңіл бөлінуде. Соның арқасында Қазақстандағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының бірқатар тетіктері қалыптастырылды. Қазақстан мемлекеті бірнеше халықаралық шарттар мен келісімдерге қол қойған, экологиялық проблемаларды шешудің халықаралық деңгейдегі ұсыныстарына ие субъекті. Мемлекеттің экологиялық қатынастарды реттеуге қабілеттілік таныта алатын құқықтық қоры белгілі деңгейде қалыптасқан. Әсіресе, солардың ішінде Қоршаған ортаны қорғау туралы, Ұлттық қауіпсіздік туралы, Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы және басқа да бірқатар заңдардың мәні зор. Қоршаған ортаның қауіпсіздігі -- ол тиісті ортаның антропогендік және басқа да факторлардың қатерлі әсерінен қорғалуының жай-күйі. Демек, қоршаған ортаны қорғау динамиканы құраса, ал экологиялық қауіпсіздік -- табиғатты тиімді, кешенді пайдалану және қоршаған ортаны тиісті деңгейде қорғалу нәтижесін құрайды. Дұрыс нәтижеге жету немесе адам баласының талабын қанағаттандыратын қауіпсіздік көрсеткішінің сақталуы, осы бағыттағы заң нормаларының тиімді болуы мен тікелей байланысты. Адамзат өркениеті дамуының бүкіл тарихы көрсетіп отырғандай кез келген мемлекеттің қатардағы адамдарының әл-ауқаты, ең алдымен оларды қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздік дәрежесіне байланысты екендігін анық көрсетіп отыр. Кей уақыттарда экологиялық ахуалды жақсарту үшін атқарылатын шаралардың басымдықтарын, шарттарын, негіздерін, ерекшеліктерін, принциптерін, стратегиялық мақсаттар мен міндеттерді белгілеп береді.Осының аясында бірқатар құқықтық шаралар іске асырылады. Дегенмен де аталған тұжырымдамада көрсетілген бірқатар құқықтық шаралар іске асырылмай қалады олар:
1. Қоршаған ортаны қорғауды және табиғат пайдалануды басқару жүйесінің тиімді шешілмеуі. Дәлірек айтқанда, қоршаған ортаны қорғау органдарының жергілікті атқару немесе басқа да органдардан тәуелсіздік мәселесі шешілмейінше, бұл бағыттағы қандай да бір өзгеріс өз нәтижесін бермейді. Жергілікті және орталық атқару органдары үшін экологиялық мүддеден экономикалық мүдде басымдығы жоғары болып отыр. Бұған біздің заңдарымыз да мүмкіндік береді. Заң ешқашанда өздігінен жүзеге аспайды. Заңның орындалуы оны талап етуші субъектінің әрекетіне байланысты. Сондықтан қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық негіздерінің тиісті қоғамдық қатынастар мазмұнына сай орындалуы, оған күштеуші негіз болатын мемлекеттік басқару органдарының, сәйкестілік жүйесінің қалыптасуына тікелей байланысты. Бұл мәселелерді оңтайлы шешудің тиімді ұсыныстары мен теориялық қағидалары профессор Д. Байделдиновтың еңбегінде (Правовой механизм государственного управления в области экологии) өте жан-жақты тұжырымдалған. [6]
2. Реттеуші экологиялық заңдар мен тиісті қоғамдық қатынастар мазмұнынын, сәйкессіздігінің нәтижесінде құқық нормаларының декларациялық сипаталуы қандай да бір қоғамды заңға негіздеп құру, дамыту мүмкін емес. Керісінше заң қоғам ерекшелігіне негізделіп, оның дамуына ықпал жасап отыруы қажет. Бұл жерде сапа көрсеткіші тиісті қоғамдық қатынастардың реттелу нәтижесімен бейнеленеді. Заңның тиісті қатынастар ерекшелігімен үндесуі ғана тиімді нәтижеге қол жеткізетіндігі ғалымдар тарапынан нақты тұжырымдалған. [4]
Әрқашанда тиімді заңдар болуы үшін, ол заң тиісті қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне сай мазмұнда болуы қажет. Сонда ғана құқықтық реттеу өз нәтижесін береді, заңдар тиісті заңдық күшке ие болады.
3. Экологиялық қауіпсіздік -- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың оң нәтижесі. Бұл нәтижеге қол жеткізуде экологиялық жауапкершілік институтының алар орны ерекше.
Біздің құқықтық жүйеде экологиялық жауапкершіліктің көптеген жетілмеген теориялық және практикалық мәселелері көп. Тиісті жауапкершілік көрсетілген нормативтік актілердің өзі бағытталған құқық бұзушылардың мазмұнымен мүлдем сәйкессіз. Әкімшілік жауапкершілік санкциялары өте жұмсақ тұрғыда қарастырылған. Материалдық жауапкершіліктің тетіктері жетілдірілмеген. Мұндай құқықтық база елдің экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін шеше алмайды.
Жауапкершілік нормалары басқа нормалардың іс жүзіндегі орындалу мүмкіндігінің негізгі тетігі. Экологиялық заңдарды бұзудың салдарынан келтірілген материалдық жауапкершілікті өтеудің басқа да заң бұзушылықтан келтірілген материалдық жауапкершіліктен өзіндік ерекшелігі бар. Аталмыш бағытта да соңғы кездері нәтижелі табыстарға жеткен теориялық зерттеулер бар.[5] Елдің экологиялық қауіпсіздігі, азаматтардың бұл құқықтарының сақталуы -өркениеттіліктің ажырамас белгісі. Осыған орай жауапкершілік институтын жетілдіру туралы бірнеше ғылыми еңбектер жазылып, маңызды тұжырымдар жасалған. Осы тұжырымдарды іс жүзіне асыру, заң шығару барысында оны пайдалану, яғни жоғарыда көрсетілген үш мәселенің құқықтық тұрғыдағы міндеттерін шешу экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің оң жетістіктері болар еді.
Атмосфералық ауаның ластануы және оны қорғау мәселелері
Атмосфералық ауа және оның құрамы.
Біздің дәуірімізге тән ерекшіліктердің бірі өнеркәсіп өндірісінің ғылыми-техникалық прогресі болып табылады. Химия өнеркәсібінің мекемелері атмосфераны көмір сутектерімен, күкүртті көміртекпен, күкіртті ангидридпен,азот тотықтарымен, хлор және фтордыдың әр түрлі қоспаларымен, және т. б. ластықтармен ластайды. Химиялық зауыттар құбырынан шығатын шаң-тозан құрамында марганец, хром, қорғасын, қалайы, кадмий, сынап және басқа металлдар жиі кездеседі. Жылу станцияларында электр энергисын өндіру күлдің, күйенің, күкіртті қоспалардың және азот тотықтарының орасан зор мөлшерде атмосфераға қосылуына себеп болады.
Атмосфералық ауа көптеген газ тәрізді заттардың қоспасы болып табылады. Ауаның негізгі массасын құрайтын азот және оттегі болып табылады. Бұлардан басқа онда көмір қышқыл газ, аргон, неон, гелий және т. б. газдар бар. Оттегі атмосфералық ауаның ең маңызды құрам бөлігі. Оның ауадағы мөлшері тұрақты деуге болады. Азот атмосфералық ауаның басты құрам бөлігі. Ол азортты заттардың айналымына қатыса отырып, маңызды биологиялық роль атқарады. Көмір қышқыл газы немесе көміртектің қос тотығы атмосфералық ауада өте аз мөлшерде кездеседі. Тірі ағзалардың тіршілік әрекеттері, жану, шіру, ашу процесстері нәтижесінде ауаға бөлінеді. Бұл газдың пайда болу көздері әр түрлі болғанымен оның атмосферадағы мөлшері аса көбеймейді. Себебі ол өсімдіктермен сіңіріліп, органикалық заттар түзілуіне қатысып отырады.
Атмосфералық ауаның тұрақсыз табиғи қоспалары қатарында аммиакты, күкіртті сутекті және су буы мен шаң-тозаңды атауға болады. Соңғы уақытта ауадағы озон (О3 ) мөлшері адамзатты алаңдатып отыр. Озон ауаның жер бетіне жақын қабаттарына стратосферадан жетеді.
Су булары ауада әр түрлі мөлшерде болуы мүмкін. Ылғалдылықтың мөлшері жергілікті жағдайға және ауа температурасына байланысты болады.
Атмосфераның ластануында жердің өзінен шығатын шаң-тозаңның ролі зор.
Ауана ластаушы көздер және олардың бөлінділерінің қоршаған ортаға әсері.
Адам қоғамының өндірушілік әрекеті нәтижесінде табиғи заттар әртүрлі өңдеуге ұшырайды, осының нәтижесінде атмосфералық ауаға әр түрлі лас заттар қосылып отырады. Атмосфераны ластаушы көздер өте көп. Оларға бірінші кезекте әр түрлі отын жағу қондырғылары, автотранспорт, көптеген зауттар мен фабрикалар, темір жол транспорты, параходтар т. б. жатады.
Отын жағу - атмосфераны ластаушы көздердің бірі. Атмосфералық ауаны ластаушылар ішінде ең кең тараған түрі - отын жаққанда бөлініп шығатын түтін. Қазіргі уақытта отын ретінде көмірдің әр түрлі сорттары, мазут, сланец, торф, газ және т. б. қолданылады. Электр станциялары, әр түрлі қазандықтар, іштен жану қозғағыштары, пештер жұмыс істеуі үшін сұйық және қатты отын түрлері қолданылып, атмосфераға құрамында көміртегі тотығы, күйе, қарамайлы заттар күкіртті газ, жеңіл күл және т. б. заттар бар түтін бөлінеді. Күйе өз алдына улы емес, бірақ ол канцерогенді қасиеті бар қара майлы заттарды тасымалдаушы болып табылады (бензпирен). Адамның денсаулығына әсер етумен қатар ауадағы түтін қала микроклиматын нашарлатады. Күкіртті газдың түтін құрамындағы мөлшері де отын түріне байланысты. Мұнай жанғанда күкіртті газ өте көп бөлінеді, бірақ, күкіртті газдың басты көзі - көмір, торф, сланец жағу. Күкіртті газ - өте улы зат, оның әсері тыныс алу мүшелерін зақымдаудан басталып, асқазан-ішек жолдарын зпақымдап, тотығу-тотықсыздану процесін бұзады, ферментативтік әрекетті тоқыратып, организмнің иммунобиологиялық реактивтілігін төмендетеді және орталық жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі.Түтін ққұрамында көмірсутекті заттардың шала жануы нәтижесінде пайда болатын көміртегі тотығының (иісті газ) біраз мөлшері болуы мүмкін. Бір тонна отын жанғанда 20 кг көміртегі тотығы түзіледі. Әсіресе домнадан, кокстан және газды генераторлардан шығатын газдар құрамында СО көп болады.
Автокөлік - асмосфераны ластаушы көздердің бірі. Автомобиль көлігінің дамуы шудың көбеюіне және автомобиль газдарымен шығатын газдардың атмосфералық ауаны ластауына әкеледі. Бұл газдар құрамына 20-дан астам заттар кіретін күрделі қоспа болып табылады. Олардың ішіндегі ең қауіптісі - көміртегі тотығы (СО), оның автомобиль газы қүрамындағы мөлшері 12 % - ке жетеді, азот тотығы (NO) және азоттық қос тотығы (NO2). Бұлардан басқа ауаға көмірсутектер, олардың ішінде канцерогенді түрлері, күйе және т. б. заттар шығады. Пайдаланылатын жанармай түріне байланысты автомобиль газдары құрамында күкірт және қорғасын қосылыстары болуы мүмкін. Автомобиль газдарының құрамындағы заттар адам және жануарлар организміне, өсімдіктерге зиянды әсер етеді.
Өнеркәсіп мекемелері - атмосфераны ластаушы көздердің бірі. Қара металлургия өндірісі - атмосфералық ауаның шаң-тозаңмен, күкіртті газбен, көміртегі тотығымен ластауын туғызады.Түсті металлургия өндірісі де атмосфераның шаң - тозаңмен және газдармен ластайтын қуатты ластағыш болып табылады. Бұл мекемелердің ауаға шығаратын қалдықтары құрамында оларды өте қауіпті жасайтын токсиндік заттар бар (күкіртті газ, қорғасын тозаңы, мышьяк тотығы, қорғасын, сурьма, т.б.). Көмір өндірісінде ауаны ластаушы негізгі көз қатарына бос жыныс үйінділері (террикондықтар) жатады, олардың ішінде біраз уақытқа дейін көмір және пириттің жануы тоқталмайды, соның нәтижесінде атмосфераға күкітті газ, СО және қарамайлы заттарды қайта айдау заттары шығады. Мұнай өңдеу және өндіруатмосфераға көмірсутектердің, күкіртті сутектің және жағымсыз иісті газдардың өте көп мөлшерде бөлінуіне себеп болады. Цемент және құрылыс материалдарын өндіру - атмосфераның әртүрлі шаң - тозаңмен ластануын туғызады. Химиялық өнеркәсіп мекемелері атмосфералық ауаны әр түрлі химиялық заттардың буларымен және газдарымен ластануына себеп болады. Оладың көбі өте улы болып келеді.Химиялық өнеркәсіп ішінде ең маңыздылары - күкірт қышқылын, азотты тыңайтқыштар және суперфосфат өндіру.
Атмосфералық ауа ластануының зиянды әсері.
Ел орналасқан жерлердің ауасындағы лас заттар адамдардың денсаулығына зиянын тигізеді. Лас ауамен тыныс алғанда адам үстіртін тыныс алады, өкпе жеткіліксіз вентиляцияланады, организмге оттегі жетіспей, әр түрлі биохимиялық процесстер бұзыла бастайды. Бұл - адамның әр түрлі ауруларға бейім болуын туғызады.
Күкіртті газ, азот тотықтары, хлор сияқты кейбір заттар жоғарғы тыныс жолдарын тітіркендірсе, екінші біреулері, мысалы, қорғасын, фтор, бастапқыда әсері байқалмағанмен, организмде біртіндеп жиналып, ұзаққа созылатын ауырулар туғызады. Зерттеушілердің мәліметтері бойынша, алюминий зауыты орналасқан аймақта тұратын балалардың арнайы ауыру түрі - флюороз жиі кездеседі(тістің эмаль қабатында дақтардың пайда болуы). Соңғы уақыттарда атмосфералық ауа ластануының өкпе қатерлі ісігінің себебі ретіндегі ролінің мүмкінділігіне көп көңіл бөлініп отыр.
Атмосфераны ластаушы заттар ішінде басты роль атқаратындар - канцерогенді заттар болып табылады. Олардың бірі ретінде әр түрлі отын жаққанда, отынды термальдық жолмен өңдегенде түзілетін және автокөліктерден бөлінетін бензпиренді атауға болады. Адамдардың денсаулығына және санитарлық жағдайларына үлкен әсерін тигізетін - шаң-тозаң. Ол - өлшемі әр түрлі қатты түйіршіктер қоспасы. Шаң-тозаң түйіршіктерінің адам организмне әсері түрліше болуы мүмкін. Олардың ең ірілері мұрын қуыстығында және жоғарғы тыныс жолдарында іркіліп қалады, ал орташа және ұсақ түйіршіктер өкпеге жетіп, оның ұлпаларына зиянды әсерін тигізеді. Шаң-тозаңның, күлдің түйіршітері көзге тітіркендіргіш әсерін тигізіп, оны жарақаттауы, конъюнктивит және басқа да көз ауыруларын туғызуы мүмкін. Құрамында бос күйіндегі кремний қос тотығы бар шаң-тозаң өкпенің силикоз ауыруын туғызады. Бұл ауру қуатты электр станциялары маңайында орналасқан ел арасында жиі кездесетіндігі анықталған.
Сонымен, атмосферадағы ластықтардың зиянды әсерінің дәрежесі жағымсыз тітіркендіргіш әсерден бастап анық ауру белгілеріне дейінгі әсер аралығында өзгеріп отырады. Ел орналасқан жерлер ауасындағы шаң-тозаң, түтін, күйе және зиянды газдар киімді, үйлерді ластап, оларды тазартуды қиындатады, үйдің ауасын желдету мүмкіндігінен айырады, мұның бәрі тіршіліктің санитарлық - гигиеналық жағдайын нашарлатады. Терезе әйнектерінің беті шаң-тозаңмен, күйемен ластануы бөлмелерге күн сәулесінің мол түсуіне кедергі жасап, оның жарықталынуын нашарлатады. Шаң-тозаң, түтін өндіріс орталықтарында атмосфераның мөлдірлігін төмендетеді. Қалқыған қатты түйіршіктер мөлшері 0,03 мгм3 деңгейінде болғанда көру қашықтығы 4 км болса, 1мгм3 болғанда 1 км дейін төмендейді.
Ел орналасқан жерлер ауасының ластануы өсімдіктерге де теріс әсерін тигізеді. Өсімдіктердің зақымдануы, өлуі күкіртті газдың, хлордың, фторлы қосылыстардың және т. б. заттардың әсерінен туатындығы байқалған. Атмосфералық ауаның ластануы ғимараттар бетінің, мәдениет ескерткіштерінің бұзылуын, металлдардың коррозиясын, және т. б. зиянды нәтижелер туғызатындығы анықталған.
Сонымен, атмосферадағы ластықтардың кейбіреуі адам организміне тікелей әсер етіп, оның әр түрлі қызметтерінің бұзылуына алып келсе, екіншілері - халық тіршілігінің санитарлық жағдайларын нашарлату арқылы жанама әсер көрсетеді.
Ауаны ластанудан қорғау шаралары.
· Қоршаған орта мониторингін жүргізетін біртұтас кешенді бақылау жүйесін құру және қабылданған РШК сақталуын қатаң бақылау
· Өндіріс орындарында атмосфераға уытты, зиянды қалдықтар жібермейтін тазартқыш қондырғылар орнату.
· Елді мекендерде санитарлық-қорғау аймақтарын қатаң сақтау.
· Автокөліктер және жанармайлар сапасын арттыру, олардың жүрісін реттеу, зияны аз жанармайлар шығару, жанар-жағар май сапасының төмен болмауын қадағалау.
· Автокөліктерді техникалық тексеруден дұрыс өткізіп, олардың улылықты өлшейтін арнаулы құралдармен қамтамасыз етілуіне қол жеткізу.
· Ескірген, артта қалған технологияларды жаңартып, қалдықсыз, қалдығы аз технологияға көшу.
· Отынның (энергияның) қалдығы аз түрлерін ойлап табу.
· Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру.

Су ресурстары және оларды қорғау мәселелері
Судың жалпы қасиеттері және құрамы. Су өз молекуласының екпінділігіне байланысты өзімен жанасқан тұз молеклаларының иондарға ыдырауына ықпал етеді, бірақ судың өзі тұрақты күйінде қалады, сондықтан химиялық таза су құрамында Н+ және ОН- иондары өте аз болады.
Су - инертті еріткіш, ол өзі ерітітетін техникалық қосылыстар әсерінен химиялық өзгеріске ұшырамайды. Судың бұл қаситеті біздің планетамыздағы бүкіл тірі ағзалар үшін үлкен маңызға ие, себебі олардың ұлпаларына қажетті қоректік заттар тек судағы ерітінді күйінде ғана сіңіріледі. Тавбиғи жағдайда су құрамында әр түрлі қоспалар кездеседі, себеі су қатты және сұйық заттармен қоса, газлапмен де әрекеттесіп, оларды ерітеді.
Жаңа жауған жаңбыр суының құрамында да 1 литрінде бірнеше ондаған миллиграмм еріген заттар табуға болады. Абсолютті таза күйіндегі суды қай агрегатты күйінде болмасын осы уақытқа дейін әлі ешкім ала алмаған; еріген заттардан біраз арылған химиялық таза суды зертханаларда немесе арнайы өдірістік қондырғыларда ғана ұзақ уақыт тазарту көмегімен алуға болады.
Табиғи жағдайда су өзінің "химиялық тазалығын" сақтай алмайды, түрліше заттармен жанаса отырып, ол әр түрлі және күрделі қасиетке ие ерітінді ретінде кездеседі. Тұщы суда еріген заттардың мөлшері әдетте 1 гл-ден аспайды. Теңіз суында еріген тұздар мөлшері 1 литрде ондаған граммға дейін жетуі мүмкін. Мысалы, Балтық теңізінде ол 5 гл, Қара теңізде - 18, ал Қызыл теңізде - 41 гл. Су газдарды жақсы ерітеді (әсіресе төмен температура жағдайында), олардың ең бастылары оттегі, азот көміртегі диоксиді, күкіртті сутек. Судың жылу сиымдылығы өте жоғары және ол 1-ге тең деп қабылданған. Су біздің планетамыздағы температура реттегіш ретінде қызмет атқарады. Су реакцияға өте қабілетті зат: әрі тотықтырғыш, әрі тотықсыздандырғыш қасиет көрсете алады.
Әр түрлі заттар өз бетіне судың біршама мөлшерін молекулааралық тартылу күшінің көмегімен адсорбциялай (сіңіре) алады. Адсорбциялық типте қосылған су гигроскопиялық деп аталады; мұндай су кристаллданған суға қарағанда оңай ажыратылады.
Су табиғатта еш уақытта таза химиялық қоспа түрінде кездеспейді. Универсалды еріткіш қасиетіне байланысты оның құрамында әр түрлі элементтер мен қоспалар мол кездеседі. Жер үсті және жер асты табиғи суларының құрамына олардың техногенді жолмен ластануы үлкен әсерін тигізеді.
Суда химиялық қоспалар және олардың мөлшері су көзі қалыптасуының табиғи ерекшеліктеріне, және сондай-ақ, техногенді және антропогенді факторларға байланысты қалыптасады.
Гидросфера және оны ластаушы жүйелер. Жер бетінің 77.5 пайызын су алып жатыр. Су қорларына-өзен-көл, теңіз-мұхит, жер асты сулары, тоған, су қоймалары және шалшықты-батпақты жерлер жатады, олардың жиынын гидросфера деп атайды.
Жер шарының су қоры 1386 млн. км болып саналады. Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануын көптүрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Жер бетіндегі немесе жер астындағы суларға қосылатын заттарды, микроорганизмдерді, су сапасының нормасын бұзатын заттарды - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік қауіпсіздік
«Саясаттағы ұлттық қауіпсіздік, оның құрылымы»
Ұлттық қауіпсіздік ұғымы
ҚР аймақтардың экономикалық қауіпсіздік жағдайын талдау
Экология ғылымының дамуы
Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты
Азаматтық қорғаныс құрамалары
Аймақтық экологиялық қауіпсіздіктің теориялық негіздерін зерделеу
Қазақстан Республикасындағы экология ғылымының даму тарихы
Биоэкологиялық зерттеуледің жаппай сипат алу кезеңі
Пәндер