Азық - түлікті, су көздерін радиоактивті, уландырғыш және бактериалық заттардан қорғау тәсілі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Жоспар:
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
I. Биологиялық ресурстар және шаруашылық қауіпсіздігі
II. Азық - түлікті, су көздерін радиоактивті, уландырғыш және бактериалық заттардан қорғау тәсілі
III. Мал шаруашылығы қожалықтарында жүргізілетін іс шаралар
IV. Қатты әсер ететін улы заттардың организмді зақымдауы

3.Қорытынды
4.Пайдаланылған әдебиеттер

Биологиялық ресурстар және шаруашылық қауіпсіздігі
Биологиялық ресурстарға микроағзалар, жануарлар және өсімдіктер жатады. Биологиялық ресурстарды тиімді пайдалану мен қорғауының негізгі міндеті - олардың биологиялық потенциалының ұлғаюы мен сақталуы, сонымен қатар шаруашылық қауіпсіздік мәселелердің шешілуі.
Аталған мәселені келесі шаралар арқылы шешуге болады:
- генетика және селекция, яғни жануарлар түрлері мен өсімдіктердің жаңа сорттарын өсіру, өсімдіктің өсуі мен даму процесіне араласып, вегетативті дәуірді қысқарту, аяз бен құрғақшылыққа төтеп беретін өсімдіктерді алу, ағза эволюциясын қалаған бағытта тездететін тәсілдерін зерттеу, гибридты жануарлар мен өсімдіктерді алу үшін арсенал құралдарын ұлғайту;
- өнімділіктің атмосфералық факторларға (жылу, ылғал, жарық, суық және т.б.) тәуелдігінін азайту;
- аурулар мен зиянкестермен тиімді күрес;
- популяцияның даму реттеу. Бұл дегеніміз, ауру қоздыратын микроағзалар мен зиянкестер санын және даму динамикасын ғылыми басқару болып табылады;
- кәсіпшілік балық, құс, жәндіктер акклимитизациясы;
- биік тау, шөлдала, экстремалды жағдайларда тұрақты популяцияны шығару;
- микробиологиялық резервтерді пайдалану. Микроағзалардың қатысуымен жер қыртысында көптеген үрдістер болады. Микроағза фармацевтикалық, азық-түлік, парфюмерия кәсіптігінде қолданылады. Микробиологиялық іс әрекеттің маңызы биосфераның экологиялық өзгеруінде, әсіресе топырақ жамылғысы, өсімдіктер, жануарлар әлемінде жеке элементтер концентрациясын өзгертуде, ағынды суды тазартуда үлкен маңызға ие;
- тұқым қуалаушылық механизмін, ДНҚ құрылымын, тіршілік әрекетінің ішкі үрдістерін зерттеу;
- фотосинтез тиімділігін өсіру;
- микроэлементтер мен минералды тынайтқыштарды орнықты пайдалану. Сонымен қоса, өсімдіктердің дамуы, өсуі және көректенуі үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Биосферадағы микроэлементтердің таралуын зерттеу нәтижелерін пайдалана отырып, өсімдіктердің дамуына, топырақтың физико-химиялық қасиеттеріне ұтымды әсер етуге, жерлердің құнарлығын көтеруге, тұрақты және жоғары өнімге қол жеткізуге болады;
- эрозияға қарсы шаралардың (орман мелиорациясы, ағын суларды реттеу, топырақтың агротехникалық өңдеуін жақсарту және т.б.) көмегімен биосфераны су және жел эрозиясынан қорғау.
Барлық жоғарыда аталған шаралардың мақсаты бір - тұрақты азық-түлікті қамтамасыз етуді кепілдендіру, сондай-ақ азық-түлік тәуелсіздігін қамтамасыз ету, ауылшаруашылық өнімінің көлемін қолдау, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
БҰҰ ауылшаруашылық және азық-түлік мекемесімен (ФАО) "Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін халықаралық міндеттер" құрылды. 1996 жылы жоғары дәрежеде өткен азық-түлік мәселелері бойынша Әлемдік кездесуде әлемдік азық-түлік қауіпсіздігі бойынша Римдік декларация қабылданды. Аталған декларацияда азық-түлік қауіпсіздігі мемлекет халқының деңсаулық пен кеңейтілген ұдайы өндірісін қамтамасыз ету, тұлғаның әлеуметтік және физикалық дамуына қажетті және жеткілікті, сапалы түрде әр азаматқа жеке азық-түлік, ауыз су және басқа да өнімдерге қол жеткізуге қамтамасыз етуді кепілдендіру бойынша экономика жағдаймен анықталады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - аграрлық сектор салаларының табыстығы және өнімділігі арттыру негізінде отандық агроөнеркәсіптік өндірісті тұрақтандыру болып табылады.
Қазақстан үшін азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің үш құрамдас бөлігі басым болып табылады:
- өнімділіктің физикалық қол жетімділігі: кез келген уақытта және қажетті сұрыптамасында мемлекеттің барлық аймағында азық-түліктің бар болуы;
- өнімділіктің экономикалық қол жетімділігі: әр қазақстандықтың табыс деңгейі азық-түліктің минималды жинағын алуға жеткілікті болуы қажет;
- тамақтану қауіпсіздігі: мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жүйесі шикізат өнімділігі және азық-түлік қауіпсіздігі минималды талаптарын кепілдендіру қажет.
Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігі жартылай қамтамасыз етілгендігін айтып өту қажет:
- өнімділіктің физикалық қол жетімділігі ФАО қабылдаған 84% халықаралық дәрежеге жетпеген. Мемлекет халқы отандық өнім азық-түлігімен шамамен 80% қамтамасыз етілген;
- азық-түліктің экономикалық қол жетімділігі әлеуметтік топтар мен аумақ тұрғысында біркелкі жеткіліксіз қамтамасыз етілген. Азық-түлік бағалары мемлекет тұрғындарының негізгі жұмыскер массасына қол жетімді;
- экологиялық таза және денсаулыққа пайдалы азық-түлік 50%-ды ғана құрайды;
- мемлекеттегі өндірістік қуат азық-түлік өндіруді арттыруға мүмкін береді.
Азық - түлікті, су көздерін радиоактивті, уландырғыш және бактериалық заттардан қорғау тәсілі
Қалалық және ауылдық жағдайларда тамақ (азық-түлікті) өнімдері мен сурадиоактивті, уландырғыш және бактериалық заттармен қамтамасыз ету керек.Үй тіршілігі жағдайларында азық-түлікті қолда бар материалмен мұқият жауып немесе сақтау ыдысына салып қою керек.
Азық-түлікті тығыз шегеленген жәшіктерге салып, жұқа қабықпен немесе кленкамен орап тастауға болады. Барлық сусымалы ( қант,ұн, жарма, вермишель және т.б. т.с.с.), сонымен бірге нан өнімдерін, әсіресе кептірілген нанды қатырма қағазға салып қойған дұрас, Болмаса, полиэтилен қаапшықтарға немесе тығыз қағазға орап,кастрюльге,шелекке,картон қорапқа,фанерден жасалған жәшікке орналастырылып,бетін қақпақпен немесе ауа өткізбейтін материалдармен(жұқа қабықпен,кленкмен) жабады.Қораптаудың мұндай тәсілі азық-түліктің зарарлану дәрежесін айтарлықтай төмендетеді.Бірнеше қабаттап қораптау азық-түлікті толық зарарланудан қорайды.Ет, балық өнімдері мұздатқыштарда, тығыз қиюластырылған қақпақты кеспектерде жақсы қорғалады. Адамдар уланып қалмас үшін, бұл тағамдарды мыс, мырыш немесе қалайыланған ыдыстарда сақтауға болмайды.
Сары май, қатты майларды шыны ыдыстарға салып, оның аузын қақпанпен жауып, целлофанмен, пергамент немесекәдімгі қағазбен орап тастаған жөн.
Оралып, қорапталған азық-түлікті мұздатқыштарда, шкафтарда,зат қоютын бөлмелерде, жәшіктерде сақтайды.Сұйық өнімдерді толық қиюластырылған тығындар, қақпақтармен жабылатын шыны ыдыстарда, бидондарда,термостарда сақталған жөн.Ал ауылды жерлерде азық-түлікті міндетті түрде герметикаланған жертөлелер мен жер асты қоймаларында (азық-түлікті кеміргіштерден қорғау үшін, оларды тартпа көмейлерін сыртынан метал торлармен тартып, ал ішкі жағынан ысырмамен немесе кенеппен жабылады) сақталуы тиіс.
Жер асты қоймалары мен жертөлелерде сақталатын картоп, сәбіз, қызылша, капуста, алмалардың бетін брезентпен,синетикалық жұқа қабықпен қымтаған дұрыс. Осы дәріспен тұздалған ет, балық қорларынсақтауға болады.
Ішетін су қорын залалдан қорғау мақсатында,оны шыны немесе метал ыдыстарда (нығыз тығынды термос,бидон,графин немесе банка) ұстайды. Мүмкіндігінше суды күнде тазасымен ауыстырып тұрған дұрыс. Сонымен бірге суды синтетикалық қабықтан жасалған сиымдылықтарда, жұқа қабықпен жабылған шелектер мен ванналарда сақтауға болады.
Герматикаланған ыдыстағы барлық азық-түлік түрлері радиоактивті, уландырғыш, және бактериалық заттардан сенімді түрде қорғалады.
Герметикаланған ыдыстарға: консервіленуге арналған банкілер, қақпағы бұралып жабылатын шыны банкілер, тығыны тығыз кигізілетінбутылкалар,герметикаланы п жабылатынқақпақты,сүт құятын бидондар, жабық түрдегі металлнемесе ағаш кеспектер, термостар жатады. Әрбір жанұя (барлық жанұя мүшесіне есептеледі) 2-3 тәулікке жетерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық және өндірістік уланудың профилактикасы
Химиялық қарудан сабақ өткізу
Тіршілік әрекетінің қаупсыздігін оқыту әдістері
Улы заттардың химиялық және физикалық қасиеттері және адам денсаулығына әсері
Радиобелсенді заттар қоршаған ортаға шыққан кездегі халықтың іс-әрекеті
Техногендік (өндірістік) сипаттағы төтенше жағдайлар
Антропогендік және экологиялық апаттар
Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар және олардан қорғау
Облыстың аумағындағы ықтимал авариялар мен апаттар, дүлей зілзалалар және олардың халық пен ұйымдар үшін салдары
Топырақ тіршілік ортасы
Пәндер