Баянауыл атауының сакральды астары


Е. А. Дүзмағамбетов
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік
мемлекеттік университеті
«Баянауыл» атауының сакральды астары
Ерте замандарда адам табиғатты өзінше таныды, яғни адам санасында мифологиялық әлем тану қалыптасты. Адам өзін әлемнің бір бөлшегі санап, қоршаған ортадағы құбылыстарға, заттарға (орман, су, тау, теңіз, аспан т. б. ) жан иесі ретінде көзқарас қалыптастырды. Сол замандарда пайда болған нанымдар осылай деп айтуға негіз береді. Бұл тұрғыда профессор Қ. Жұбановтың мынадай пікірі бар: “Адамдар бұрын табиғат сырының күштерін білмеген. Сондықтан олар табиғатқа адамша (жанды затша) тіл қатқан. Желді ысқырып шақырған, құйынды қуалаған, ауруды көшірген, түрлі жақсылық-жамандықтың иесі бар деп түсініп, оларды бірде шошындырып, бірде тамақ беріп ырза қылып отырған. Әр рудың иесі, қорғаны бар деп есептеп, соларды жәрдемге шақыратын болған. Келе-келе осы ұғым-түсініктен дін туған. Одағайдың қаратпа сөзсіз (шақыру сөзінсіз) болмайтыны - сол әр түрлі табиғат күштеріне: ай күнге, малға, т. т. қарап сөйлеп, соларға көңіл айтып, соларды жәрдемге шақырудан қалған қалдық. Кейін адам баласы оны ұмытып, әр одағай өзінің әніне қарай түрліше көңіл райын білдіретін сөз болып кеткен” [1, 100] .
Баянауыл атауының этимологиясын ашу үшін алдымен оның құрамындағы компоненттерін жеке-жеке талдап, шығу төркінін анықтап алуымыз қажет, сонан соң екі компоненттер қосылғандағы беретін мағынасын көрсету оңай тиеді. Сонымен Баянауыл атауындағы бай компонентінің этимологиясын ашуда белгілі татар зерттеушісі Р. Г. Ахметьянова оны көне моңғол тіліндегі bajydu “ әскердің жаңа жерде сап қуруы, орналасуы” деген сөзіне жақындатып, қазақ тіліндегі баяу ”жай, ақырын”, кейбір қыпшақ тілдеріндегі байау “тыныштық”, тағы да басқа түркі тілдердегі осы типтес мағына үстейтін сөздерге байланыстырып, байтерек атауының шығу төркінін былайша көрсетеді: “Иначе говоря, слово bajterek могло означать дерево или столб в центре кочевых владений. Это дерево (и птица на нем) в народном сознании наделялось ореолом святости и приобретало гиперболическое значение (и размеры) ”. [2, 89] .
Алтай, телеуіт, шор, саха және басқа тілдері бай буынына ана\днд + й (дәл сол мағынада, бай дегенмен бірдей), плеонастикалық тіркес құрап: байана\байднд майана, кейде бай\ май- “ана”, ана \ днд -“ана”деген мағынада жұмсалып, жалпылай құрғанда бәрі бір “ру басы” деген мағынаны береді, “әйел құдай”, “тотем”, ал якут (саха) елінде бұл тіркеске қосымша тағы да бір рет лексемасы қосылады. Н. Кудачина бұл байланысты: “якут (саха) Бай Байана < Бай (ана) + Бай (ана) + ана атап өтіп (сол мағынада) + й (аталым аффиксі) Байанай алдындағы байдың пайда болуын былай түсіндіреді: Байанай күрделі тіркесінің пайда болуының нәтижесінде “ана” сөзі маңызын жойып, тек қана “аңшылар мен балықшыларды қорғаушы -аруақ” ретінде семантикалық сипаттайтын ұғым” - дейді [3, 85] .
Ә. Қайдар плеонастық тіркес құрайтын компоненттердің семантикалық дамуының күрделі үдерісінің нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді: “Как видно, иногда плеоназмы являются результатом довольно сложных процессов семантического развития сочетающихся компоненттов. Плеоназм Бай Байанай в якутском языке интересен еще и тем, что здесь мы имеем дело с утроенной семемой, и такой случай в тюркских языках далеко не единичен” [4, 283] .
Алтай тілдерін зертеуші Н. Кудачина бай сөзінің төркінін алтай тілдеріндегі байат, байкайынг, бай агаш. бай терек, байкуш, байлу ат, байана якут тілінде байана сөзінің алдына тағы бай қосылып Бай Байана болып айтылатындығын айта отырып, былай деп түйеді: “Лингвистический и этнографический анализ соответствующих материалов показывает, что развитие семантики слова бай было обусловлено характером и особенностями религиозных верований. “Корень бай/пай/май в тюркских языках тесно связан с различного рода синкретическими действиями шаманских мистерий, радений, заговоров, колдовства, заклинаний, а в связи с этим и с празднествами жертвоприношения, веселья, пира, песнопениями, сказаниями и пр. ”. Это высказивание как бы подводит закономерный итог всем исследованиям, имеющим отношение к слову бай “ [3, 86] .
И. Н. Шершавидзе бұл сөзді иранизм деп атап, оған дәлел ретінде мынадай уәж келтіреді: “*baj “богатый”. Представлено в древнетюркском с ҮІІІ в. широко распространено в современных языках. В качестве тюркизма слово проникло в монгольский (с суффиксальным оформлением - bajа-n), новоперсидский и другие языки. Видимо, имя аварского вождя ҮІ в. - Bayan указывает на довольно раннее заимствование слова” [5, 72] Одан әрі ол аталған сөздің төркінін жалпы иран тілінде кездесетін “мырза”, “құдай”, “бай” мағынасын беретін сөздерге келтіреді.
Ежелгі түркі халықтарында Тәңір құдайымен қатар қамқоршы ретінде Ұмай-ана әйел жынысты құдай бейнесі де кездеседі. М. Аджи: «Қыпшақтарда Тәңірі-ханнан басқа Ұмай құдайы да болған. Ұмай - әйелдік тіршілік бастауы. Ол сәбилердің қорғаушысы. Оны қыпшақтар христиан иконаларындағы әйел құдайы секілді бейнелеген» [6, 98] .
Қ. Жұбанов: Ұмай, құдай, ұма - май. Ол заманда әйелдер құдайының аты Ұмай болған. Кейіннен сөз басындағы қысаң ұ дыбысы түсіп қалып, май деп айтылып кеткен. Қазақтың: «От ана, май ана, жарылқа!» дейтін және «Май әулие, майсыз жарылқайтын қай әулие?» - деген мақалы да осы ұғымнан туған (Ұйғыр мақалы) [1, 123] .
Баянауыл топонимі әр кезде түрлі ғалымдар тарапынан зерттелгендігі белгілі. Бірі оны Баян батыр мекендеген жер десе, басқалары баян аула деп түйеді. Біздің ойымызша, «Баянауыл» атауы көне түркі байана және ауыл сөздерінің тіркесімінен жасалған сияқты. Сонда бұл атаудың мағынасы «ана құдайының ауылы», яки мекені дегенді білдіретін болып шығады. Олай деуге негіз де бар секілді. Кең жазықтықта орналасқан тау оазисі іспеттес аймақ өзінің сұлу көрінісімен ғажайып әсемдіктің белгісі ретінде көрінеді.
Енді осы атаудағы байана сөзінің төркініне үңілсек. «Байана» туралы алғашқы жазба деректер М. Қашқаридің «Сөздігінде» кездеседі. М. Қашқари сөздігіндегі «Байана/бай» сөздеріне алғаш көңіл аударған А. Н. Самойлович былайша пайымдайды: «Слово bayat, которое можно рассматривать как древнюю форму множественного числа на - t от вышеупомянутого слова bayan, обозначало, по словам Махмуда Кашгарского, бога на языке племени аргу и вместе с тем, как это нам известно из других источников, служило названием, по видимому тотемного происхождения, одного из гузских племен» [7, 32] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz