Жоғары білімде Болон үдерісінің принциптері және Қазақстандағы кредиттік оқыту технологиясын ұйымдастыру ережелері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жоғары мектеп тәжірибесінде Болон үдерісінің негізгі қағидалары.

Болон процесі - еуропалық жоғары кәсіби білімде біртұтас жалпы-еуропалық білім кеңістігін қалыптастыруға бағытталған жаһандану үрдісінің көрінісі. Алғашқы еуропалық университеттің отаны - Болонья қаласының (Италия) құрметіне аталған Болондық декларациямен (1999 ж. ) бекітілген. 2004 жылға дейін Болондық процеске 40 ел мүше болды. Мүше-мемлекеттердің ағымдағы мәселелерін талқылау мақсатында мерзімдік кездесулерді ұйымдастыруды көздейді. Болон процесі демократиялық жоғары технологиялық ақпараттық нарықтық қоғам талаптарына сай келетін және жеке бағыттылықты, таңдау еркіндігін және өзіндік білім жолын игерумен, білім жинаудың ақпараттық-ізденімпаздық сипатын қалыптастыруды мақсат тұтады.

Болон процесі - жалпы қызмет принциптеріне негізделген жоғары білімнің біріңғай еуропалық жүйесінің құрылу процесі.

Еуропалық білімнің бәсекелестікке қабілеттілігін және тартымдылығын жоғарылату;

ұлттық білім жүйелерін жақындастыру;

жоғары білімнің ұлттық жүйесін реформалауды қарастыратын жоғары білімнің құрылымдық қайта құрылу процесі, көп дәрежелі жоғары білімді енгізу;

академиялық кредиттер жүйесін қабылдау;

білім сапасын бақылау;

студенттер мен оқытушылардың мобильділігін кеңейту;

нәтижелерге және студенттік орталықтандырылған оқытуға бағытталу - Болон процесі шеңберіндегі басты ұстанымдарға жатады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қарашадағы № 566 Бұйрығы бойынша Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі бекітілді.

  1. Жалпы ережелер
  1. Осы Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу үдерісін ұйымдастырудың ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Білім туралы» Қазақстан асыру мақсатында әзірленді.
  2. Ұлттық білім берудің оқу бағдарламаларының халықаралық танылуын, білім беру ұйымдарында білім алушылар мен оқытушылардың жұмылғыштығын қамтамасыз ету, сондай-ақ білім беру сапасын арттыру және білім берудің барлық деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ету үшін білім беру ұйымдарында бірыңғай кредиттік оқыту технологиясы жүзеге асырылады.
  3. Кредиттік оқыту технологиясы - білім алушы мен оқытушының оқу жұмысы көлемінің біріздендірілген өлшем бірлігі ретінде кредитті қолдану арқылы, білім алушының пәндерді таңдауы және реттілікпен оқуын өз бетінше жоспарлауы негізінде оқыту.
  4. Кредиттік оқыту технологиясы кезінде оқу жұмысының еңбек сыйымдылығының есебі оқытылатын материалдың көлемі бойынша, яғни кредит арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар, әрбір пән көлемі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары және үлгі оқу жоспарлары негізінде кредиттермен айқындалады.
  5. Кредиттік оқыту технологиясы білім берудің барлық деңгейлері бойынша бұрын жинақталған кредиттердің өспелі есебін білдіретін жинақтаушы болып табылады.
  6. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар қолданылады:

1) академиялық күнтізбе (Асаdеmіс Саlеndar) - оқу жылы бойына демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, практикаларды өткізу күнтізбесі;

2) академиялық кезең (Теrm) - үш нысанның біреуін таңдайтын білім беру ұйымының теоретикалық кезеңі: семестр, триместр, тоқсан;

3) білім алушылардың академиялық рейтингі (Rating) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша құрылған білім алушылардың бағдарламалық материалды игеру деңгейінің сандық көрсеткіші;

4) академиялық дәреже (Degree) - білім алушылардың қорытынды білім берудің оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесі;

5) академиялық сағат дәрістік, практикалық (семинарлық) сабақтың 1 байланыс сағатына (50 мин) немесе студиялық сабақтың 1, 5 байланыс сағатына (75 мин) немесе зертханалық сабақтың және дене тәрбиесі сабағының 2 байланыс сағатына (100 мин), сондай-ақ оқу практикаларының барлық түрлерінің 1 байланыс сағатына, педагогикалық практикалардың барлық түрлерінің 2 байланыс сағатына (100 мин), өндірістік практиканың барлық түрлерінің 5 байланыс сағатына (250 мин) тең;

6) белсенді үлестірмелі материалдар (КҮМ) (Hand-оuts) - білім алушының тақырыпты шығармашылықпен табысты игеруі үшін сабақ үдерісінде таратылатын көрнекі безендірілген материалдар (дәріс тезистері, сілтемелер, мысалдар, глоссарийлер, өз бетінше жұмыс істеуге арналған тапсырмалар) ;

7) оқу пәніне жазылу (Еnrоllmеnt) - білім беру ұйымдары белгілеген тәртіппен білім алушылардың оқу пәндеріне алдын ала жазылу рәсімі;

8) білім алушыларды қорытынды аттестаттау (Qualification Eхamination) - мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында қарастырылған олардың оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары оқу орындарында кредиттік оқыту технологиясын енгізу: TLA стратегиялары және Блум таксономиясының рөлі
Кредиттік оқыту жүйесі негізінде шет тілін оқыту: Болон үрдісі, инновациялық технологиялар және Еуропалық деңгейлер жүйесі
Болон декларациясы контекстінде Қазақстандағы жоғары білімді реформалаудың негізгі құрылымдық элементтері
Болон процесі: принциптері, негізгі өлшемдері және Қазақстандағы енгізілуі
Қазақстандағы Болон процесі: жоғары білімнің интеграциясы мен реформасы
Жоғары оқу орындарындағы кредиттік оқыту технологиясы мен модульдік оқыту ерекшеліктері
Қазақстандағы жоғары білім жүйесінің құрылымы, даму тенденциялары және кредиттік оқыту
Қазақстандағы кредиттік оқыту жүйесінің сипаттамасы мен тәжірибесі
Болон процесі: еуропалық жоғары білімнің гармонизациясы және Қазақстанның қатысуы
Жоғары білімдегі кредиттік оқыту технологиясы: SWOT талдау және басқару мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz