Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті
Жақас А. М.
Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В020700 - «Аударма ісі» мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері»
5В020700 - «Аударма ісі» мамандығы
Орындаған:
4-курс студенті
Жақас А. М.
Ғылыми жетекші:
магистр, аға оқытушы
Саймкулова Ш.
«Қорғауға жіберілді»
Аударма және
мәдениетаралық коммуникация
кафедрасының меңгерушісі
PhD Асанова Г. С.
АЛМАТЫ 2018
МАЗМҰНЫ
Кіріспе31 Тарау. Зерттеудің теориялық алғышарттары және негізгі ұғымдардың мәні 6
1. 1 Ағылшын тіліндегі деректі фильмдер - аудармалық зерттеулер нысаны ретінде. Олардың түрлері және жанрлары 6
1. 2 Деректі фильмдерді аудару ерекшелігі - бұқаралық ақпарат құралдары дискурсының негізгі түрі ретінде18
1. 3 Деректі фильмдерді аударуда субтитрлеудің ықпалы: анықтамасы, субтитр арқылы аударудың артықшылықтары мен кемшіліктері24
Бірінші тарау бойынша қорытынды29
2 Тарау. Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері31
2. 1 Деректі фильмдер аудармаларының талдауы: аудару әдіс-тәсілдері мен стратегиялары31
2. 2 Бейнефильм атауларын аудару жолдары55
2. 3 Деректі фильмдерді аударудағы прагматикалық аспекті және прагматикалық бейімделу58
Екінші тарау бойынша қорытынды66
Қорытынды68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі70
Қосымшалар 72
Кіріспе
Адамдар, халықтар, ұлттар арасындағы əлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми, мəдени қарым-қатынастың алмасу, айырбастау, ел танудың құралы болған аударманың деректі кино әлемінде де алатын орны айрықша.
Ағайынды Люмьерлердің техникалық өнертабысы ретінде туған кинематограф аз уақыт ішінде қарым-қатынастың жаңа құралына айналды. Оны сенімді ақпарат көзі ретінде - шынайы өмірдің деректі түсірілуі айқындады. Деректі фильм кеңістік пен уақытты жеңуге мүмкіндік беріп, осылайша, елдер мен халықтарды бір-біріне жақындатып қана қоймай, сондай-ақ көркем шығармашылықтың бірінші жаппай аудиовизуалды түріне айналды. Сонымен қатар, өмірдің деректі бейнеленуінің негізгі формалары мен әдістері кинода қалыптасқандығын да ұмытпауымыз қажет.
Жаһандану заманында ұлттар арасындағы əлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми, мəдени қарым-қатынас қарқынды дамып, кино арқылы ақпарат алмасу жүзеге асырылып жатқанда киноаударма қоғамдық-мəдени байланыстарды қамтамасыз етуге белсенді түрде қатысады. Ақпаратты дыбыстық (аудио) жəне бейне (видео) қатарлар көмегімен жеткізетін киноаудармада лингвистикалық және техникалық мәселелер жиі кездесетіндіктен, оны əлі күнге дейін жете зерттелмеген аударма түрінің біріне жатқызуға болады. Киноаударма мəселесінің толығымен зерттелмегендіктен, кинофильмдерді аудару барысында көптеген қиындықтар туып отырғаны сөзсіз.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі заманда киноиндустрия өнімдерінің кең таралуы және көрермендердің тек отандық фильмдерді ғана емес, сондай-ақ шетелдік туындыларды қарауға ықыласы аудиовизуалды өнімдерді, соның ішінде деректі фильмдердің қазақ тіліне аудару қажеттілігін арттырады.
Жыл сайын қазақ телеарналары экранында әлемнің әр түпкірінен жиналған киноиндустрия үлгілері тамашаланып жатады. Бұл әлемнің ең танымал режиссерлары ұсынған түрлі жанрдағы деректі фильмдерді қамтиды. Деректі фильмдер ауқымды аудиторияға көруге арналғандықтан, оны аудару үдерісі де соған сай біліктілік пен кәсіпқойлықты талап етеді. Кез келген кинофильм шетелде шығармашылық және коммерциялық жетістікке жетуі үшін сапалы аударманы қажет ететіні айқын. Қазіргі таңда көптеген шетел өнімдері қазақ тіліне аударылып экран беттерінде жарыққа шығып жатыр. Алайда, бүгінгі кинематографымыз бен телеарна саласында шетелдік деректі кино өнімдерін қазақ тіліне аудару мәселесі арнайы ғылыми түрде толық зерттелмегендіктен, қазіргі таңда тың тақырыпқа айналып отыр. Әрине, қазақ киносы аударма өнерінде біраз жетістіктерге жеткендігін жоққа шығара алмаймыз. Көптеген білгір, сөзге шешен мамандардың арқасында әлемге танымал ғажайып туындылар қазақ тілінде сөйлеп жатыр. Дегенмен, кинофильмдерді аудару барысында кейіпкерлер қазақ тілінде біркелкі тонмен, бірсараңдылықпен сөйлегені оқиғаның эмоциональды өңін бұзып, жағымсыз әсер қалдыру мәселесі бір болса, екінші жағынан, кейбір аудармалар көрермендерді негізге алмай, дәлме-дәл аударылып, стилистикалық нормаларды бұзып, қазақ қауымының құлағына оғаш естіледі. Сондықтан, кинофильмдерді ана тілге аударатын мамандар мәтінді қазақ аудиториясына ыңғайлап, түрлі техникалық және лингвистикалық қиындықтарды және оларды алдын алу жолдарын қарастырып, аударма заңдылықтарына бағынуы тиіс. Сонымен қатар, киноаударма көбінесе көркем фильм материалдары негізінде зерттелген, ал деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері іс жүзінде зерттелген жоқ.
Дипломдық жұмыстың нысаны: түрлі жанрдағы ағылшын тіліндегі деректі фильмдердің қазақ тіліндегі аудармалары.
Дипломдық жұмыстың пәні: деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: ағылшын тіліндегі деректі фильмдерді қазақ тіліне аудару барысында қолданылатын тиімді әдістер мен стратегияларды анықтап көрсету. Жұмыс мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылады:
- Аударматану саласында ағылшын тіліндегі деректі фильмдердің қазақ тіліне аударылу мәселелерін зерттеу бойынша отандық және шетелдік еңбектерге шолу жасау;
- Деректі фильмнің негізгі түрлерін және жанрларын анықтау;
- Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы деректі фильмдердің рөлін анықтап зерттеу;
- Деректі фильмдерді аударудағы субтитрлеудің ықпалын зерттеп, артықшылықтары мен кемшіліктерін көрсету;
- Деректі фильмдер мен олардың атауларын аудару кезінде қолданылатын әдістерге талдау жасау;
- Деректі фильмдерді аударудағы прагматикалық аспекті және прагматикалық бейімделуді зерттеу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері: Дипломдық жұмысты жазу барысында жинақтау, жүйелеу, салыстырмалы - аудармалы талдау, аударма трансформацияларына талдау жасау және т. б. зерттеу әдістері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ұсынылып отырған дипломдық жұмыс деректі фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудармасын, деректі фильмдерді аудару барысында қолданылатын әдіс-тәсілдерді, аударма барысында кездесетін қиындықтар мен оларды шешу жолдарын зерттеуге арналған алғашқы жұмыс болып табылады.
Теориялық маңыздылығы: Жүргізілген зерттеу жұмыстары киноаударманың, соның ішінде деректі фильмдер аудармасының мәдени және лингвистикалық маңыздылығын арттырып, киноаударманы дамытуға үлес қосады.
Практикалық маңыздылығы: Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері алдыңғы уақытта деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару үдерісінде қолданыла алады.
Дипломдық жұмыстың деректік негізін «Predicting Volcanic Eruptions», «Volcanoes: MEDC Response», «Volcanoes: LEDC Response», «Yellowstone: Supervolcano», «The Last Day of Pompeii», «Hubble Space Telescope» деректі фильмдердің ағылшын тілінен қазақ тіліне аудармасы құрады. Сонымен қатар, В. Н. Комиссаров, А. П. Чужакин, Я. И. Рецкер, В. Е. Горшкова, Бальжинимаева Е. Ж. және т. б. ғалымдардың зерттеулері құнды материалдар берді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: Бұл дипломдық жұмыста ағылшын тіліндегі деректі фильмдер бұқаралық ақпарат құралы ретінде қарастырылып, оларды қазақ тіліне аудару әдіс-тәсілдері зерттеледі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, нысаны, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық маңыздылығы, деректік негізі және жұмыс құрылымы көрсетіледі.
1 тарауда деректі фильмдер - аудармалық зерттеу нысандары ретінде қарастырылады. Деректі фильмдердің бұқаралық ақпарат құралы ретіндегі рөлі зерттеледі. Сонымен қатар, деректі фильмдерді аударудағы субтитрлеудің ықпалы және субтитрлер арқылы аударудың артықшылықтары мен кемшіліктері зерттеліп анықталады.
2 тарауда деректі фильмдерді және олардың атауларын аудару әдіс-тәсілдері мен стратегиялары зерттеледі. Деректі фильмдерді аудару барысында қолданылатын аударма трансформациялары зерттеліп анықталады. Сонымен қатар, деректі фильмдерді аудару кезіндегі прагматикалық аспекті және прагматикалық бейімделудің орны зерттеліп негізделеді.
Қорытындыда дипломдық зерттеу бойынша қысқаша тұжырымдамалар көрсетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде дипломдық жұмысты жазу барысында сүйенген зерттеулер тізімі беріледі.
Қосымшаларда зерттеу жұмыстары нәтижесінде құрылған диаграммалар және талдау жасалынған деректі фильмдер мен олардың аудармаларының транскрипттері ұсынылады.
- Тарау. Деректі фильмдерді ағылшын тілінен қазақ тіліне аударудың теориялық алғышарттары
1. 1. Ағылшын тіліндегі деректі фильмдер - аудармалық зерттеулер нысаны ретінде. Олардың түрлері және жанрлары
Қазіргі кездегі өмірді кинотеатр, теледидар, видеосыз елестету мүмкін емес. Теледидар мен кино индустрияның тарихы ұзақ уақытты қамтымағанымен, жаһандану үдерісі аудиовизуалды бұқарат ақпарат құралдарының таралуына түрткі болды. Бұл теледидар арналарының бағдарлама кестелерін түрлі шетелдік бағдармалармен толтырылуына кеңейтілген сұраныс алып келді. Жетілдірілген технологиялар көрерменге аудиовизуалды өнімді бейнетаспаларда, CD, DVD дискілерінде қарауға мүмкіндік берді. Осылайша, ақпарат пен сауыққа қолжетімділік беретін аудиовизуалды тіл аудармасы аса маңызды рөлге ие болды. Іс жүзінде, мұнда аударма тіларалық және мәдениаралық қарым-қатынас құралы ретінде өте маңызды рөл атқарады.
Кино - өнер саласы, кинематографияның техникалық негізде қалыптасқан көркем шығармашылық түрі. Кино - әдебиет пен театрдың, бейнелеу өнері мен музыканың көркемдік қасиеттерін және қазігі аудиовизуалды мәдениеттің техникалық жетістіктерін ұтымды пайдаланатын көп салалы өнердің түрі. Кино, негізінен, 4 салаға бөлінеді: көркем фильм, деректі, мультипликациялық және ғылыми-көпшілік кино.
Киноөнердегі ең маңызды орынды деректі фильмдер алады. Деректі фильмдер қазіргі заманғы адамның бөлінбес бір бөлшегі. Қызықты сұраққа жауапты іздеу үшін, мыңдаған кітаптың парағын ақтармай, деректі фильмді бір қарап шыққанның өзі жеткілікті. Деректі фильмдер көрерменге шындықтың пердесін ашады, бұл жерде қиял-ғажайып, ойдан шығарылған оқиғалар мүлде көрініс алмайды.
Деректі фильмдердің табиғаты - кәсіби-шығармашылық процесс, құрылымы күрделі психологиялық құбылыс, уақытқа және техникаға тәуелді тәсіл, ешнәрсесін түзетуге болмайтын, сол күйінде, қаз-қалпында айналымға түсетін қайталанбас әрекет, алып қосары жоқ шынайы дүние.
Деректі фильм - бізге шынайы өмір сүрген және белгілі бір тарихи кезеңде болған оқиғалар, кейіпкерлер, қауымдастықтар туралы айтып беретін кино өнерінің түрі.
Деректі фильмді жасаушы көркем фильмді түсірушіге қарағанда фильмнің сюжеттері мен фильм кейіпкерлерінің мінезін, құрылысын ойлап тауып, диалог жазбайды, сонымен бірге актер, гримм және декорация сияқты көркем фильмдегі басты бейнелер қажет емес, себебі оның ақпараты, оның дерегі - шынайы өмірдің өзі. Бұл өмір қоғамды таңқалдыратын бір сәттік бейнелік сезімдерді, үлкен ойлар мен шынайы сезімдерді сыйлайды, документалист осы мезетті бақылап, көріп және дер кезінде " камерамен" ұстап алу керек. Деректі киноның негізгі мақсаты, көрменнің өзі байқамайтын деректі фильмнің тұстарын тамашалауына мүмкіндік беру. Документалисттер өткеннің тарихында болған оқиғаларда шынайы тұлғаларды сонымен бірге білікті орындаушыларды, тіпті актерлерді пайдалана отырып, сол сәтті қайта жасауы мүмкін емес.
Бұл жанрдағы фильмдер тақырыбы негізін көбінесе қарқынды оқиғалар, мәдени құбылыстар, ғылыми фактілер мен гипотезалар, сондай-ақ танымал адамдар мен қауымдастықтар құрайды.
«Деректі» терминін алғаш рет, көркем фильмнен айырмашылығына көңіл аударту мақсатында, 1926 жылы ағылшын кинорежиссері Джон Грирсон ұсынды. Бұған дейін француз журналистері мен сыншылары деректі фильм деп саяхат түсірім материалдарын атаған болатын. Грирсон болса деректі фильмге «болмыстың шығармашылық талдамасы» деген анықтама берді.
Деректі кино алғаш хроникалық кадрдан бастау алып, түрлі жанрлық, стильдік өзгерістерге ұшырап, бүгінгі қалпына жеткенше өзінің адамзат тағдырында өзекті мәселелерді қозғап, маңыздылығын жоғалтқан емес. Алғашқы деректі түсірілімдер кинематограф пайда болған кезде жасалып бастады. Огюста мен Луи Люмьер ағайындыларының алғашқы фильмдері («Пойыздың Ла Сиота вокзалына келуі», «Люмьер зауытынан жұмысшылардың шығуы» 1895, Франция) тікелей өмірдегі іс-әрекеттерді жаңғыртады. Бұл фильмдерде уақыт және кеңістік қозғалысындағы шындықты көрнекі бекітудің әсері қолданылды. Люмьер ағайындыларының көмекшілері 1896 жылы түсірген әртүрлі елдердің өмірінен алынған кадрлар хрониканың бұқаралық ақпарат құралына айналуына бастау болды. Алғаш рет түсірілген күннен бастап осы күнге дейін ойынсыз кино өзектілігін жоғалтпай, телекоммуникация саласының маңызды бөлігі болып табылады. [1]
Қазақстанда 90 жылдары тәуір деректі фильмдер болса, олар тіпті отандық немесе шетелдік фестивальдерде ерекше аталып өткеннің өзінде (мысалы С. Дворцевойдың «Бақыт», А. Байғожинаның «Қызыл Империя», «Дінмұхаммед Қонаев. Өмірі мен ақырының жылнамасы», В. Тюлькиннің «Шыбындар билеушісі», «Айқыш тәжірибесі») көпшілік күткендей алға баспады. Бәлкім, бұл авторлардың субъективті саяси көзқарастары мен көрермендердің қызығушылығымен сәйкес келмегендіктен болар. Я болмаса, өнімнің техникалық жағынан өте сапасыз, автордың кәсіби біліксіздігі мен сауатсыздығынан болса керек. Бұл мәселе әлі де көкейтесті, өзекті тақырыптардың бірі. Мұнда мәселенің жауабын тауып қана қоймай, деректі фильмдерді қайта жаңғырту қажет. Қазіргі таңдағы отандық деректі фильмдердің тыныс-тіршілігін БАҚ-та бір шолып өткені болмаса, оны зерттейтін күрделі жұмыстар әлі жарыққа шыққан жоқ. Қазіргі таңның деректі фильмдері туралы тарауларда БАҚ беттеріне шыққан мақалалар, режиссерлер мен сыншылардың берген сұхбаттары және киножурналистика саласында істеген авторлардың мол тәжірибесі пайдаланылған. Деректі фильмдер таралымы мен оның кинематография тенденциясына әсерін зерттейтін мардымды жұмыс болмады.
Қазақстанда отандық және шетелдік документалистиканың тарихын кешенді зерттеу еңбектер жоқтың қасы. Осылайша, еліміздегі киноөнер саласы түбегейлі зерттелмеген, дамымаған. Өкінішке орай, біздің телеарналарда деректі фильмдер, бағдарламалар, журналистік зерттеулер, циклдік хабарлар қоры аз, сапасы да төмен. Бұл жайт ғарыштық технологиялар дәуірі жүріп тұрған кезде өте өкінішті жағдай. Осы орайда, осы кемшіліктің орнын толтыру үшін көрермендерімізге отандық арналарды тамашалау, отбасыларымен бірге отандық деректі фильмдерді көру үшін кинотеатрларға бару (осының өзін елестетудің өзі қиын екен…) мүмкіншілігін беруіміз керек сияқты. Сонымен қатар телевизиялық аудиторияның өзі өзгерді. Ол өте талапшыл, батыстың телевизиялық форматтағы бағдарламаларды сіңіріп алған телеарналардың көптігі мен олардың ақпаратты беру формасының сан-алуандығына құныққан, өте талғампаз көрермен. Олармен салыстырғанда, бірнеше жыл бұрын түсірілген өзіміздің деректі фильмдеріміз тым ұзақ, реңсіз және ең бастысы - тым көркем, осының өзі көзге оғаш көрініп, талғамсыздық пен бейәдептіліктің қатарынан орын алатын. Күні кешегі документалистер фильм түсіру мүмкіншілік жоқтығынан салдары суға кетіп, көркем фильмдерге ауысты, сабақ берумен айналысты, кейбірі тіпті, елді тастап шетелге кетті. Деректі фильмдер телеэкрандардан көрсетілмейтін болды. Телеарналардан сапалы, көрнекті өнім түсіруге қаржы алу немесе өз өнімін арнадан көрсеткені үшін қаламақы алудың өзі көптен бері мүмкін болмайтын. Жаңа мыңжылдыққа дейін шығарылған өнімнің барлығы дерлік мемлекет тарапынан қаржыландырылып, түсіру барысына әрең жететін. Бұл мәселемен документалистер ғана емес, масс-медиа мен мемлекетіміздің Мәдениет және ақпарат министрлігі тікелей айналысулары қажет. Басты мақсат - көрермендерді отандық ТВ мен жергілікті масс-медиаға қызығушылығын жаңаша тарату форматы (мысалы, сандық тарату), бағдарламалар мен хабарлар, циклді деректі фильмдер, телефильмдер, соның ішінде танымдық, ғылыми-танымдық, ойын-сауық, тарихи фильмдер арқылы тудыру. Жергілікті БАҚ өздері шығарып отырған өнімге қызығушылықтың дамуына, өнімнің сапасына, телевизиялық бағдарламалар аясындағы прогресін әлемдік телетарату тенденциясының заманауи формаларын енгізу арқылы дамытып отыру керек. Батыста телевизиядағы деректі фильмдерге көрермендердің сұранысы көп болғандықтан олар өте танымал. Танымалдылық - документалды жанрдың сәттілігінің тұғыры. Қазіргі таңда әлемдік телевизияда көптеген бағдарламалар, танымдық хабарлар «сөйлейтін бастардан», «бітпейтін пікір-таластардан» бас тартты.
Көрермен деректі фильмнен жұлдыздай жарқыраған ізгі идеяларды күтеді. Киноөнердің әлеуметтік, қоғамдық парызы өз халқының арман мүддесін айқындауға, ой-сезімін тереңдетуге, мәдениетін көтеруге қызмет ету болып табылады.
Деректі фильмнің құрамдас немесе негізгі бөлігі нақты деректер мен шынайылыққа құралған. Мұндай фильмдердің рейтингісі көрермен қауымның өздері танып білмеген, белгісіз, беймәлім, жұмыста немесе үйде отырып, соның куәсі бола алмай қапы қалған оқиғаларға деген сұраныстары арқасында көтеріледі. Егер теледидарларын күнде қосып жүрген көрермендердің таңдауына назар аударсақ, олардың көбінесе деректі зерттеулер топтамасын көрсететін «Discovery Channel», «History», «National Geographic» арналарын таңдайтынын байқаймыз. Олардың хабарлары циклді деректі фильмдер, ғылыми зерттеулер, деректер мен гипотезалар, пікірлер мен ой-түйіндер. Бірақ осының бәрі документалды жанрда түсірілген деректі фильмдер.
Ондай дүниелерді тамашалау әлемдегі алты құрлықтың көрермендері секілді қазақстандықтарға да қызықты екені анық. Бізде де талғамы таза, рухани сұранысы Ұлттық мүддені көтеретін телекөрермен бар. Батыс арналарының табыстылығы таралымында ғана емес, өнімдерінің мән-мағынасында, олардың көрсету формасы мен көрермендерді өзіне тарту тәсілдерінде. Олар көрермендерге расымен де қызықты өнім ұсынады. Телевизияның дамуында деректі жанрдың маңызы орасан-зор. Табыс, жоғары рейтингтер мен көрермендердің қызығушылығы сол арқылы жүзеге асатыны белгілі.
Халыққа, әсіресе жас буынға кітаптан гөрі телеэкранның ықпалы зор. Бұл - дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналып барады. Қазіргі көрермендердің өткен өмірімізге бір бойлап, тарихи оқиғалардың шындығына жетіп, қызықты тұлғалармен танысуға мүмкіндігі бар. Мұның барлығы тек деректі фильмдердің арқасында. Әрбір деректі фильмнің өзіне тән ерекше қасиеттері бар. Яғни ол фильмге түс пен қайталанбас табиғат сыйлайды. Мұны ертерек сезінген өзге елдер өз ұлтының ұлы тұлғаларының өмірін телеэкран арқылы көрерменге ұсынуды бізден бұрын қолға алған. Оған адамзат тарихында өзіндік жол-жоба көрсеткен әлемнің атақты адамдарының өмірі мен қызметі туралы түсірілген түрлі деректі драмалар дәлел. Біздің қазіргі ғасырымызда телекөрермендерге деректі фильмнің түрлі жанрлары көптеп көрсетілуде. Әрбір деректі фильмнің мақсаты - көрерменді фильмнің өн бойына бойлату.
Деректі киноның маңыздылығын ұғынбау әлемдік қоғамның санасында үлкен рухани кемшілікке әкеліп соғуы да мүмкін. Себебі, деректі киноның бірден бір ықпалды қаруы - адамзат баласы әрекеттерінің көркемдік-экрандық өнер арқылы бейнеленуі. Деректі фильмнің экранды көркем өнерге айналуы, бүкіл әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарына енуі, адамзат санасына сіңісіп кетуі бір ғасырлық даму мен зерттеулердің арқасында орын алды. Алғашқы хроникалық сюжеттен бастау алған бұл өнер қалыптасу сатысында құрылымы жағынан да, көркемдік жағынан да сан алуан процесстерден өтеді. Мәселен, сонау XIX ғасырдың аяғында ағайынды Льюмерлердің жер шарындағы кез келген құбылыстарды бейнекамераға түсіріп алуы процесінен бастау алады деуге болады. Яғни, әскери шеру, ақсүйектер өкілі, табиғи апаттар мен өрт оқиғалары, этнографиялық және экзотикалық көріністер, алғашқы жаңалықтар жаршысы болды. Осы процесті деректі кино өнерінің бұқаралық ақпарат құралына енген сәті деп санауға болады. Осы әрекеттен бастау алған деректі фильм көп ұзамай 1900 - 1910 жылдары ақпараттық деректер деректі кино жанрының алғашқы үлгілерін - қысқаметражды фильмдер мен киножурналдардың шығуына себеп болды. Деректі фильмдердің маңыздылығы бірінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде арта түсті, операторлар болған оқиғаны көрсетіп қана қоймай, оның қоғамдық мәніне көңіл бөле бастады.
Көркем және деректі фильмдердің аудармасына сұраным соғыстан кейін, 40-жылдардың соңында, КСРО кинотеатрларында шетелдік фильмдер алдымен орыс субтитрлерімен, ал кейінен дубляждалған үлгіде кең прокатқа шыға бастаған кезде пайда болды. Жыл сайын ел экранына 100-ге жуық шетел көркем фильмдері шығарылды. Олардың барлығы міндетті түрде орыс тіліне дубляждалған болатын. Бұл «Мосфильм», «Ленфильм», «Союзмультфильм» киностудияларында жасалды. Фильмдерді орыс тіліне аударумен жоғары білікті аудармашылардың тар шеңбері айналысты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz