Макроэволюция


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Ақтау қаласы ТОО Мейірбике колледж

СӨЖ

Тақырыбы:Макроэволюция

Орындаған:

Тексерген:

Ақтау 2018-2019

Жоспар

  • Қазіргі кездегі жүйелік топтар және жіктеу негіздері
  • Эволюцияның салыстырмалы тәнтанымдық дәлелдемелері
  • Онтогенетикалық дәлелдемелер
  • Филогенетикалық қатарлар
Макроэволюция

Макроэволюция ( макро және эволюция ) - түрден де жоғары деңгейдегі (туыс, тұқымдас, отряд, класс, т. б. ) ықпал ететін эволюциялық өзгерістер. Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға орыс ғалымы Ю. А. Филипченко енгізген (1927) . Қазіргі кездегі зерттеулер макроэволюцияның арнайы механизмі жоқ, тек микроэволюция процестерінің негізінде ғана жүзеге асады деген тұжырым жасады. Микроэволюциялық деңгейде көрінбейтін эволюцияның жалпы заңдылықтары мен бағыттарын макроэволюцияда байқауға болады. Микроэволюциялық процестер жинақтала келіп, макроэволюциялық құбылыстардан сырттай көрініс табады. Макроэволюция деңгейінде, микроэволюция кезінде байқалмайтын органикалық дүние эволюциясының жалпы бағыттары мен заңдылықтары белгілі болады. Кейбір биолог-ғалымдар (Р. Вольтерек, Р. Гольдшмидт) 20 ғасырдың 1-жартысында макроэволюция терминін өзгергіштіктің екі түрі: түраралық өзгергіштік (Мендель заңына бағынатын) пен ерекше өзгергіштікке (Мендель заңына бағынбайтын) де қолданады. Эволюциялық дамуды зерттеуші көптеген биологтар түр, туыс, тұқымдас, т. б. микроэволюция негізінде дамитынын айтады. [1]

Horseevolution Português.png

Макроэволюция, оның бағыттары - Биологиялық эволюция үдерісінің өзі - ағзалардың биологиялық алға басуға ұмтылысы, яғни тірі қалуға, тарихи мерзімде сақталуға ұмтылу. Ал бұл үшін барынша көп мүмкіндігі бар таралу аймақтарын игеріп, өте көп мөлшерде ұрпақ беру керек. Негізгі эволюциялық бағыттар анықталып, сипатталды. Биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде Алексей Николаевич Северцев үлкен үлес қосты. Оның теориясына сәйкес үш негізгі бағыт бар, олар: ароморфоз, идиоадаптация (ортаға бейімделгіштік) және жалпы дегенерация. Қазіргі кездегі жүйелік топтар және жіктеу негіздері

Макроэволюциялық әрекеттер нәтижесінде түрден жоғары жүйелеу топтарының пайда болатыны айтылды. Қазіргі кездегі жүйелеуде ағзаларды мына топтарға бөледі: Тип (өсімдіктер үшін -бөлім), класс, отряд( өсімдіктер үшін - қатар), тұқымдас, туыс, түр. Өте үлкен жүйелеу топтарында мынадай аралық категориялар:тип тармағы, класс тармағы, т. б. қосылады.

Өсімдіктерді немесе жануарларды жіктеген кезде осы күнгі тіршілік ететін, сондайақ өліп біткен түрлердің туыстық белгілері және тіршілік жағдайларына байланысты бейімделушілік белгілері ескеріледі. Олай болса, жүйелеуде түрлердің шығу тегін негізге ала отырып топтастыру немесе жіктеу эволюцияның жалпы бейнесін елестетеді. Эволюцияның белгісі - ол ағзалардың қарапайымнан күрделеніп жоғары көтерілуі. Ал табиғи жүйелеу - ол түрлерін туыстарға, туыстың тұқымдасқа, оның отрядқа, отрядтың класқа, кластың типке біріктірілуі болып табылады.

Эволюцияның салыстырмалы тәнтанымдық дәлелдемелері

XIX ғасырдың бірінші жартысында-ақ органикалық дүниенің біртұтастығын дәлелдейтін мағлұматтар көптеп жиналды. Бұлардың ең бастысы барлық эукариоттарға тән жасушалардың құрылысы мен қызметі жағынан ұқсастығы, атап айтқанда: ұқсас құрылыс құрамдас бөліктерінің болуы, генетикалық коденің әмбебаптығы, хромосомалар құрылысымен митоздық және мейоздық циклдардың бір типтілігі, сондай- ақ энергия алмасудағы биохимиялық әрекеттердің ұқсастығы. Бұл аталған дәлелдемелер жер бетіндегі барлық эукариоттардың ата тегінің бір екенін көрсетеді.

Аса көрнекті француз зоологы Ж. Кювье әр типтегі жануарлардың өзара ұқсастығын тапты. Мысалы, барлық омыртқалыларға екі жақты симметриялық, дене қуысы, бассүйекке жалғасқан омыртқа жотасы, бес бөліктен тұратын миы мен жұлыны, аяқ- қол сүйектері, ішкі мүшелер жүйесінің құрылысы мен орналасуы, т. б. көптеген ұқсастықтар, олардың бір ата тектен шыққандығын көрсетеді. Әйгілі ғалым Э. Жофруа Сент-Илер қазіргі жануарлармен қазба формаларының құрылысындағы айырмашылықтың болуы ішкі және сыртқы табиғи себептерге байланысты ағзалардың өзгерістерге ұшырауынан деп түсіндірді. Барлық жабық тұқымды өсімдіктердің гүлдерінде тостағанша мен күлтежапырақшаларының және аталығы мен аналығының болуы - олардың генетикалық жақындығының айғағы. Сондай-ақ өсімдіктерде байқалатын Мысалы, екпе бұршақтың мұрттары, сары ағаштың қылтандары, кактустың тікендері-түрін өзгерткен жапырақтар. Шаңжапырақтың, інжугүлдің тамыр сабақтары, картоптың түйнегі, пияздың түбіртегі-түрін өзгерткен сабақтар. Ендеше, осындай құрылысы мен шығу тегі бір- біріне сәйкес келетін мүшелер гомологиялық мүшелер деп аталады. Әр түрлі жүйелік топтарға жататын көптеген жануарлар мен өсімдіктердің ұқсас қызмет атқаратын мүшелері бар. Мысалы, құстың, жарқанаттың, көбелектің ұшу қанаттары. Бірақ көбелектің қанаты - көкірек бөлігіндегі дененің арқа жағындағы өсінді, ал құс пен жарқанаттың қанаттары - өзгерген алдыңғы аяқтар. Мұндай ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер аналогиялық мүшелер деп аталады. Органикалық дүние тегінің бірлігін дәлелдеу үшін тарихи даму барысында кейбір дене бөліктері ересек ағзада өзінің бастапқы маңызынан айырылып, жойылып кету сатысында тұрған рудименттердің ерекше маңызы бар. Мысалы, аяқсыз ұршықсаптың иық белдеуін, киттің артқы аяқтары мен жамбас сүйектерін, сол сияқты адамдарда кездесетін рудименттерді атауға болады. Органикалық дүниенің тарихи дамуының тағы бір айғағы- атавизм белгілері, яғни ата тегінде бар белгілердің ұрпағында қайталануы, мысалы, кейде адамда көп емшектің, құйрықтың болуы байқалады.

Онтогенетикалық дәлелдемелерӨңдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эволюция түрлері
Дарвинизм және биологиядағы қазіргі заманғы эволюциялық идеялар
Рухани тазалық тән-саулығының алғы шарты
Дарвиннің эволюциясы
Макроэволюция, оның бағыттары
Эволюциялық биология
Эволюциялық ілім пәні бойынша дәріс
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Эволюциялық ілім негіздері
Эволюциялық генетика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz