ОРМАН АТАУЫНЫҢ АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ӨРІСІ


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«ОРМАН» АТАУЫНЫҢ АССОЦИАЦИЯЛЫҚ ӨРІСІ

В данной статье автор строит ассоциативное поле понятия «орман» лес посредством ассоциативного эксперимента

Тұжырымның (концепт) ассоциациялық өрісі тұжырым репрезентанты - кілт лексема (стимул сөз) тудырған ассоциаттар жиынтығынан құрылады. Ассоциациялық эксперимент жүргізу арқылы тұжырым құрайтын мағыналық компоненттерді анықтауға қол жеткізе аламыз.

Ғылымда мәдениет иеленуші этностың сана образындағы өзгешеліктері мен өзіндік ерекшеліктерін анықтау үшін әдіс-тәсілдер жеткілікті. Еркін ассоциативтік эксперимент оның ең бір тиімді тәсілдерінің бірі. Тілдегі ынталандыру (стимул) сөздердің ассоциативтік өрістерінің бейнеленуі арқылы жалпы халық танымындағы әлем образының бейнесін көруге болады. Бұл тұрғыда Н. В. Уфимцеваның мынадай пікірі бар: «Белгілі бір ынталандыру сөздің ассоциациялық өрісі - тек адамның вербальді ойының үзіндісі ғана емес, белгілі бір этностың әлемдік образының да үзіндісі. Ол үзінді қарапайым мәдениет иеленушінің санасында, оның мотивтерінде, бағаларында, яғни оның мәдени таптауырындарында бейнеленеді» [1, 140] .

«Орман» ынталандыру сөзінің қазақ халқының тілдік санасындағы ассоциативтік өрістерінің көрінісін айқындау үшін Қазақстанның үш өңірінде, Алматы, Павлодар және Ақтөбе облыстарында тұратын респонденттер таңдап алынды. Барлық респонденттер саны 460 адамды құрады.

Ассоциативтік эксперимент жүргізуде З. Д. Попова мен И. А. Стернин ұсынған әдіс басшылыққа алынды. «Сөздің психолингвистикалық мағынасын суреттеу әдістемесін былайша көрсетуге болады:

1. Зерттелетін ынталандыру сөзі қатысқан ассоциативтік эксперимент жүргізу.

2. Зерттелетін ынталандыру сөздің ассоциативтік өрісін құрастыру.

3. Семалардың тілдік жаңа көріністер беретін ассоциативтік реакцияларын семантикалық талдау.

4. Жауаптардан алынған семаларды семемалық анықтау (семаларды денотатты принципі бойынша бөлек мағыналарға топтастыра орналастыру) .

5. Семалар жиынтығының байланысы болатын белгіленген мағыналардың құрылымы мен мазмұнын семалық суреттеу.

6. Семантеманы модельдеу. Бұл кезеңде семантемадағы көптеген жаңадан пайда болған семалар анықтығының (яркость) кемуі бойынша тәртіптеледі» [2, 117]

Сыналушы-информанттарға стимул-сөздің жанына (қатарына) оны оқыған кезде, сол сөзге байланысты ойға келген барлық сөздерді жазып толтыру керектігі сұралды. Алынған жауаптар өңделіп, ынталандыру сөздің ассоциативтік өрісі төмендегідей көрініс берді : ынталандыру сөз - орман ; экспериментке қатысқан сыналушылар саны -460 адам

Ақтөбе облысы 189
Алматы облысы 153
Павлодар облысы 118
Ақтөбе облысы 189: Ағаштар 189
Алматы облысы 153: Ағаштар 153
Павлодар облысы 118: Ағаштар 118
Ақтөбе облысы 189: Табиғат 187
Алматы облысы 153: Табиғат 152
Павлодар облысы 118: Табиғат 117
Ақтөбе облысы 189: Жануарлар 186
Алматы облысы 153: Қарағай 147
Павлодар облысы 118: Өсімдіктер 105
Ақтөбе облысы 189: Өсімдіктер 186
Алматы облысы 153: Өсімдіктер 146
Павлодар облысы 118: Қарағай 93
Ақтөбе облысы 189: Талдар 105
Алматы облысы 153: Жануарлар 141
Павлодар облысы 118: Өрт 91
Ақтөбе облысы 189: Қорғау 84
Алматы облысы 153: Өрт 137
Павлодар облысы 118: Құрылыс 78
Ақтөбе облысы 189: Аялау 82
Алматы облысы 153: Теректер 122
Павлодар облысы 118: Қорғау 72
Ақтөбе облысы 189: Ақ қайыңдар 81
Алматы облысы 153: Қорғау 106
Павлодар облысы 118: Емендер 71
Ақтөбе облысы 189: Таза ауа 81
Алматы облысы 153: Аялау 105
Павлодар облысы 118: Аялау 69
Ақтөбе облысы 189: Отын 67
Алматы облысы 153: Дем алу 103
Павлодар облысы 118: Серуендеу 67
Ақтөбе облысы 189: Құрылыс материалы 55
Алматы облысы 153: Орманшы 85
Павлодар облысы 118: Егерь 53
Ақтөбе облысы 189: Өрт тоғай 8
Алматы облысы 153: Тау 82
Павлодар облысы 118: Терек 6
Ақтөбе облысы 189: Орманшы 43
Алматы облысы 153: Отын 81
Павлодар облысы 118: Жануар 46
Ақтөбе облысы 189: Қасқыр 37
Алматы облысы 153: Таза ауа 73
Павлодар облысы 118: Таза ауа 41
Ақтөбе облысы 189: Құстар 35
Алматы облысы 153: Аю 45
Павлодар облысы 118: Жасыл желек 37
Ақтөбе облысы 189: Дем алу 34
Алматы облысы 153: Құрлыс материалы 43
Павлодар облысы 118: Оттегі көзі 23
Ақтөбе облысы 189: Жасыл ел 32
Алматы облысы 153: Құстар 34
Павлодар облысы 118: Орманшы 21
Ақтөбе облысы 189: Қара орман 17
Алматы облысы 153: Саңырауқұлақ 28
Павлодар облысы 118: Тоғай 16
Ақтөбе облысы 189: Азаюда 13
Алматы облысы 153: Оталған орман 15
Павлодар облысы 118: Қара орман 9
Ақтөбе облысы 189: Оттегі көзі 9
Алматы облысы 153: Қасқыр 8
Павлодар облысы 118: Қасқыр 4

Алынған жауаптар (әрі қарай ассоциаттар) реакциясына семантикалық талдау жасаймыз. Семантикалық талдау дегеніміз стимул-сөзден өрбіген семантикалық компоненттерінің (семалар) жаңа тілдік көріністерінің мәнін түсіну болып табылады.

И. А. Стернин сөздің лексикалық мағынасын мынадай принцип бойынша талдады [3, 39] ұсынады:

- мағына компоненттер (семалар) жүйесінен тұрып, семема құрылымын құрастырады;

- мағынаның барлық компоненттері жиналып бір ғана функционалды

бірлікті - семеманы құрайды;

- мағына құрылымында бір ғана түрге, сонымен қатар барлық түрлеріне

меншіктелген семантикалық компоненттер көрініс береді;

- мағына құрылымында, басқа мағыналық қатарда денотативті және

коннотативті макрокомпоненттер мен басқа макрокомпоненттер көрініс береді, олардың кейбірі өрістік құрылымға ие болады;

- макрокомпоненттер лексикалық мағынаның көлденең ұйымын бейнелесе, макрокомпоненттер (семалар) - тік компоненттер құрылымының ұйымын бейнелейді;

- мағыналардан ортақ (ядерные) және шеткі (периферийные) семантикалық компоненттері көрініс береді;

- мағыналардың өзегін тұрақты, мәнді, айқын әрі жиілік семантикалық компоненттер құрайды;

- өзек семалар жүйелі ішкі құрылысты парадигмалар қарама-қарсылығының негізін құрай отырып, мағынаны тіл жүйесіндегі басқа мағыналарға қарсы қояды; шеткі (периферийные) семалардың өзекті семалар мен шеткі семаларда нақты шекарасы жоқ, тек жақын және алыс жатқан мағыналар аумағы (периферия) болады;

- бір мағына құрылымындағы семалар басқа мағыналарда қайталанады, белгілі бір мағынада өзекті семалар басқа мағынада шеткерілуі мүмкін;

- мағыналар басқа семалармен үйлесіп (синонимдер, антонимдер, гипо-гиперонимдер), кейбір семалар арқылы ғана өзгешеленеді;

Біз жоғарыда келтірілген сөздердің лексикалық мағынасын талдау әдістемесін сөз мағынасының семантикалық-когнитивтік анализдің бастапқы кезеңі ретінде қолданамыз. Ол үшін ассоциаттардың мағыналары, ынталандыру сөздің мағынасын түзетін семантикалық компоненттер мағыналарына сай қайта тұжырымдалады. Алынған жауаптар талданып, қорытылады: семантика жағынан жақын, бірақ басқаша аталатын семантикалық компоненттер біріктіріліп, олардың жауаптарда кездесетін ассоциаттарының жиілігі жинақталады.

1. ағаштар, өсімдіктер, т. б. - ағаштар жиынтығы

2. жануарлар, қасқыр, аю, құстар - жан - жануарлар мекені;

3. табиғат, таза ауа - табиғат бөлшегі;

4. қорғау, аялау, - қорғалуға тиіс объект;

5. отын, құрылыс материалдары - маңызды экономикалық кешен;

6. орманшы, егерь - орман шаруашылығы;

Мұнда бір жәйтке көңіл аударуымыз керек. Ол - экспериментке қатысушылардың еліміздің әр өңірінде «ағаш» сөзімен қатар «тал», «қарағай» және «терек» сөздерінің қолданылуы. Мәселен, Ақтөбе облысы тұрғындары әдеби варианты «ағаш» сөзімен қатар «тал» атауын қолданса, Павлодар мен Алматы облысында тұратын сыналушылар «терек», кей жерлерде «қарағай» сөзін қолданады.

Аталған «орман» сөзінің мағынасын эксперименттен алынған жауап-

ассоциаттарды саралай келе, алынған мағыналық компоненттерін қосып, қазақтың тілдік санасындағы орман тұжырымының көрінісін былайша бейнелеуге болады:

1. Орман - ағаштар, өсімдіктер, жануарлар жиынтығын құрайтын тұтас жүйе;

2. Орман - табиғат жүйесінің бір бөлшегі;

3. Орман - қорғалуы тиіс;

4. Орманды өрт шалады;

5. Орман - отын көзі;

6. Орманда орманшылар қызмет етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақ және қара түр - түс атауларының тұлғалық дамуы
Ономастика
Жарнамадағы түс және психолингвистикалық зерттеу
Қазақ тіліндегі «Туған жер» концептісі
«Ақ» – «Қара» концепті: оппозициясы мен қызметі
«Аққу» концептінің лингвомәдени ерекшелігі
Сұлулық концептісінің тілдегі көрінісі
Интернет түсінігі
Қазақ тіліндегі өлшем бірліктеріне қатысты лексикалық қабат
Қазақ тіл білімінде концептілердің зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz