Қылқан жапырақты ағаштардың биологиялық- шаруашылықтық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Қылқан жапырақты ағаштардың биологиялық- шаруашылықтық сипаттамасы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Қылқандылар тобының ортақ биологиялық ерекшеліктері.
2. Қылқанды жапырақты өсімдіктердің биологиялық-шаруашылықтық
сипаттамасы.
Қылқандылар - жалаңаш тұқымды өсімдіктер. Олардың тұқым бүршіктері аналық гүлшоғырлардағы қабыршақтарында бұршықтарда ашық жатады. Ұрықтанғаннан кейін тұқымбүршіктерден тұқым дамиды. Жемісі болмайды. Бұршықтардың қабыршақтарының астында дəндері піседі.
Қылқандылардың көпшілігі мəңгіжасылдар, балқарағайдан басқалары, бұлар қолайсыз факторлардан қорғану үшін қылқандарын тастайды. Сондықтан, балқарағайлар барлық қылқанды өсімдіктерден қысқа жəне газға төзімділеу.
Қылқанды өсімдіктердің сүрегінде түтікшелері (сосудтары) болмайды, су жəне тұз ертінділері трахеидтер арқылы өтеді, ол өсімдіктердің ылғалдық режимдерін нашарлатады. Қылқанның болуы ылғалды сақтауға бейімделгені болып табылады.
Барлық қылқандылар тамырларында микоризалары болады жəне онсыз дами алмайды. Дəндерімен көбейеді. Кейбіреулері қалемшелермен көбейе алады, мысалы майқарағай (пихта), шыршалардың, арша мен боз аршаның кейбір түрлері. Қылқанды өсімдіктердің көпшілігінің дəндерінің өнгіштігі нашар болады жəне стратификациялау қажет. Стратификация кезеңі 2-3 ай. Себінділері өте нəзік, күн күйігінен зардап шегеді сондықтан көлеңкелеуді қажет етеді. Себінділері өте жəй өседі. Қарағай мен балқарағайларда басқаларынан өсу тезірек жүреді. Қылқанды өсімдіктердің көкжелек құрлысында үлкен маңызы бар жəне жылдан-жылға олардың ролі артуда.
Қылқандылар мен жапырақтылардан құрылған парктер, скверлер, бақтар өте сəнді көрінеді. Сонымен қатар олар қоршаған ортаны сауықтырады, сондықтан олар жасыл егістер құрамында жетекші орын алуы қажет.
ТМД елдерінде қылқанды өсімдіктердің 60-тан астам түрі жабайы өседі, ал дүниежүзінде 500 астам саналады. Олардың көпшілігі Солтүстік жартышардың қоңыржай аймағында таралған.
Қазақстанда қылқанды өсімдіктер орман алқабының шамалы ауданында орналасқан, ал түр құрамы жұтаң. Басқаларынан жиірек кəдімгі қарағай, тяньшань шыршасы, майқарағай (пихта), сирегірек сібір самырсыны мен балқарағай (лиственница) кездеседі.
Ертеректе Алматы ботаникалық бағында 200-ден астам қылқандылардың жаңа түрлері сынақтан өтті. Олардың көпшілігі Алматының қатаң - континентальді климатына шыдай алмады жəне қурап кетті (өлді). Алматы қаласын жəне Қазақстанның басқада облыстарын көкжелектендіруге ұсынылатын түрлері мен болашағы молырақ өсімдіктері.
2. Қылқанды жапырақты өсімдіктердің биологиялық-шаруашылықтық сипаттамасы
Қарағай - (pinus L (сем. pinaceae Lindl - Сосна). Жас шағында ұшар басы конус тəрізді, қартайғанда жұмыр, шатыр тəрізді, тегіс келетін ағаш. Қылқаны ұзын жəне енсіз, бір шоқта 2-3 данадан орналасады, 3-6 жыл өмір сүреді. Аталық масақтары сары немесе қызыл, жылдық өркендердің түбінде ал аналық масақтары жеке өседі немесе өсіп тұрған өркеннің ұшына, əйтпесе түбіне жақын тобымен өседі. Жетілген түйіндері қатты, түзу, қисайыңқы, салбыраңқы. Тұқым қабыршақтары гүл табақшасына қарай жуандаған. Тұқымы жаңғақ тəрізді, көбінесе қанатты, 2-ші жылы пісіп жетіледі.
Қарағайдың көпшілігі жарық сүйгіш, топыраққа талғампаз емес, суық пен құрғақшылыққа төзімді, түтінге, ысқа жəне газға сезімтал. Қазақстанда 2 түрі жабайы өседі жəне 5 түрі жерсіндірілген.
Қарағай кəдімгі - (С. обыкновенная - P.silvestris L.). Биіктігі 20-40 м жəне диаметрі 1 м дейін жететін, жас шағында конус тəрізді, ал қартайғанда дөңгелектенген ұшар басты ағаш. Қабығы төменгі жағынан қызғылт-қоңыр, терең тілімді, жоғарғы жағы тегіс, бұтақтарында сарғыштау. Өркендері жасылдау, қызғылт-қоңыр үшкірленген, бүршіктері түксіз, шатырлы болады. Қылқанының ұзындығы 4-7 см, бір шоқта 2 ден, көкшілдеу-жасыл, 3 жыл тұрады. Гүлдеуі мамырдың аяғы - маусымның басы, түйіндерінің 3-7 см. Екінші жылдың қарашасында пісіп жетіледі, келесі жылдың сəуір айында ашылады. Тұқымның ұзындығы 3-4 мм, қанаты онан үш есе ұзын. 1000 дəнінің салмағы - 5-9 г. Жарық сүйгіш.
Құрғақ континентальды құбылмалы ауа райына төзімді. сезімталдығы аз. Өте құрғақ құнарсыз топырақта да өсе алады. Жас, аса құнарлы құмайт топырақ өте қолайлы. Өртке берік. Біршама жылдам өседі. Өмірінің ұзақтығы 300-350 жыл. Тұқыммен көбейеді.
Таралу аймағы: Еуропа, Сібір, Қиыр Шығыс, Қазақстанда Қостанай, Ақмола жəне Қарағанды (Сары-Арқа), Павлодар (орман жолдар), Шығыс Қазақстан (Қалба жотасы) облыстарында кездеседі.
Сүрегін тұрғын үй құрлысында, кеме, вагондар, ағаш бұйымдарын жасауда жəне де басқа өндірістерде пайдаланылады. Шатырынан канифоль жəне скипидар өндіріледі. Елді мекендерді, газы жоқ көкжелектендіруде пайдаланады.
Сары қарағай - (Сосна желтая - Pinus ponderosa). Шыққан жері Солтүстік Америка. Биіктігі 50 м жететін ірі ағаш. Қылқандарының ұзындығы 30 см дейін, 3 жəне 5 данадан, қалың. Аязға, қысқы-көктемгі кезеңдердегі температура ауытқуына төзімді, жарық сүйгіш жəне құрғақшылыққа төзімді. Университет алдында жəне Алматы қаласындағы 25 гвардиялық-панфиловшылар паркінде өседі. Тау қарағайы - Сосна горная. Батыс Европадан шыққан. Бұта тəріздіөседі. Бізде аздап үсікке шалдығады, бірақ тез қалпына келеді. Оларды партерлерде, көгалдарда (газон), парктердегі ашық жерлерде орналастырады.
Сібір самырсыны - Кедр сибирский - P.Sibirica Mayr. Ұшар басы конус тəрізді өте қалың жəне қоңыр-сұр қабықты, биіктігі 35 м дейінгі ағаш. Бұтақтары қысқа жақындасқан күлте басты келеді. Өркендері жиі жирен түсті, түкті. Бүршіктері конус тəрізді, шайырсыз. Қылқанның ұзындығы 13 см, бір шоқта 5 данадан, тығыз қоңыр-жасыл түсті, 3-5 жылға дейін тұрады. Мамыр айында гүлдейді. Түйіндері дөңгеленген ашылмайтын ашық-қоңыр, екінші жылы қыркүйек айында піседі: ұзындығы 10-14 мм, 40-тан 150-ге дейін қанатсыз (жаңғақша) тұқымдары болады. 1000 дəнінің салмағы - 250 г. Олардың өзектерінде - 50 пайызға дейін сапалы май болады. Көлеңкеге едəуір төзімді, топыраққа аса талғампаз емес, бірақ неғұрлым құнарлы сазды жəне ылғалды топырақты жақсы көреді. Қысқа шыдамды. Ауаның құрғақшылығына сезімтал. Біршама жəй өседі. Өмірінің ұзақтығы - 500 жыл. Құстар мен тышқандар таратқан тұқыммен көбейеді. Өмірінің 50 жылында жеміс салады. Таралу аймағы: Ресей федерациясының Европалық бөлігінің Солтүстік-шығысы, Сібір, Алтай. Қазақстанда Алтайдың таулы аймақтары. Олар терісі қымбат аңдар үшін жемшөптік қор болып табылады. Сүрегі өнеркəсіпте, тұқымы тағам үшін, май алуға пайдаланады. Шайыры емдік мақсаттар үшін қолданады. Қылқанына эфир майы жəне С витамині болады.
Шырша - Ель - Picea Dietrich (сем. Pinaceae Lindl). Ұшар басы қалың,
шашыраңқы күлте басты жəне түзу діңді биік ағаш. Бүршіктері шайырлы. Қылқаны ине тəріздес, 4 жақты, 7-9 жыл тұрады, қалалық жағдайда 3-4 жыл. Түйіндері салбыраңқы, қабыршақтары аса көрінбейді, бірінші жылдың күзінде піседі. Тұқымы уақ, қанатшаларынан қасық тəрізді шұңқыр қалдыра отырып жеңіл бөлінеді. Тамыр жүйесі топырақтың үстіңгі қабатында жатады. Көлеңкеге өте төзімді, ауа райының едəуір құбылмалығына жəне топырақтың аздаған батпақтануына шыдай алады. Газ бен ыстан зардап шегеді. Қазақстанда шыршаның 2 жабайы түрі өседі жəне 3 түрі жерсіндірілген.
Тяньшань шыршасы - Ель Шренка или Тяншаньская - PiceaSchrenkiana Fisch. Қазақстанның тауларында өседі. Биіктігі 40-45 м, диаметрі 2 м дейінгі конус тəрізді қою ұшар басты ағаш, ал үлкен ағаштарда бүгілген бұтақтары болады. Қабығының түсі қызғылт пен сұрдың арасында. Өркендері сұрғылт-сары, түксіз, кейде түкті. Бүршіктері біршама шайырлы. Қылқаны боз-көкшілдеу жасыл, ұзындығы 25-30 мм, ені 1-1,5 мм, сүйір, 4 жақты, 8-20(22) жылға дейін сақталады. Гүлдеуі мамыр-маусым айлары. Түйіндері ұзындау цилиндр тəрізді, ұзындығы 10-12 см, жуандығы 2,5-3 см, қыркүйекте піседі. Тұқымының ұзындығы 4-5 мм, қанаты тұқымынан үш еседей ұзын болады. 1000 дəнінің салмағы - 3,5-10 г. Жоғары сапалы. Көлеңкеге төзімді, бірақ таудың жоғарғы белдеуінде де жарық сүйгіштік байқатады. Топыраққа талғампаздығы аз тастақ топыраққа да көнімді. Топырақтың жəне ауаның құрғақшылығынан көп қиындық сезінеді. Өмірінің ұзақтығы 400 жыл. Тұқыммен көбейеді. 20-25 жылға дейін баяу өседі. Себінділері жылына 2-3 см-ге өседі, көп жарамсыз себінді береді. Таралу аймағы: Іле, Жоңғар Алатауы салаларында өседі.
Сібір шыршасы - Ель сибирская - P.obovata Ldb. Ұшар басы конус тəрізді, биіктігі 34 м дейінгі ағаш. Өркендері жіңішке, сəл салбыраңқы, сары- жасыл, аздап жылтырақ, қою түкті. Бүршіктері кегл тəрізді, сəл шатырлы. Қылқаны тікенекті, 4 жақты жуандау, қою-жасыл, ұзындығы 7-20 мм. Гүлдеуі - сəуір-мамыр айлары. Түйіні цилиндр-жұмыртқа тəрізді, ұзындығы 4-8 см жас кезінде қара қошқыл түсті, енді, дөңгеленген, тегіс жиектелген қабыршақты, тамызда піседі, қыркүйекте ашылады. Тұқымының ұзындығы 4 мм, 1000 дəнінің салмағы 5 г шамасында. Сапасы жоғары. Көлеңкеге төзімді. Сазды, орташа ылғалды топырақта жақсы өседі, Қысқа төзімді, 200-300 жылға дейін жасайды. Тұқыммен көбейеді. Таралу аймағы: Ресей, Орал, батыс жəне шығыс Сібір, Қиыр Шығыс. Республикада Шығыс Қазақстан облысы ормандарында (Алтай, Саур, Тарбағатай).
Кəдімгі немесе еуропалық шырша - Ель обыкновенная или европейская - P.excelsa link. Биіктігі 20-50 м дейін, диаметрі 1 метрден жоғары қартайғанша үшкір ұшты болып келетін ағаш. Өркендері жирендеу-сарыдан қоңырға дейін, бүршіктері үшкір, жұмыртқаға ұқсас, конус тəрізді. Қылқанның ұзындығы 10-15 мм күңгірт-жасыл тікенекті, 7-9 жылға дейін тұрады. Гүлдеуі - мамыр-маусым айларында. Түйіндерінің ұзындығы 15 см дейін, шеттерінде тісті қабыршағымен, қазанда піседі, қыстың екінші жартысында ашылады. Дəнінің ұзындығы 4-5 мм, үшкір бітімді жұмыртқа тəріздес, қоңыр қанаты ашық-қызыл қоңыр, ұзындығы 12-15 мм. 1000 дəннің салмағы - 5,5-8 г. Өнгіштігі 70-80 пайыз. Көлеңкеге көнбіс. Шыршалардың ішіндегі тым жылдам өскіші, қысқа төзімді, бірақ көктемгі үсіктерге сезімтал. Оған қолайлысы - сазды жəне жас құмайт топырақ. Топырақ құрғақтылығын нашар көтереді. Өмірінің ұзақтығы - 250-300 жыл. Тұқыммен көбейеді. Көкжелектендіруге, жаңа-жылдық шыршаларды өсіруге кең қолданылады. Таралу аймағы: Еуропадан Оралға дейін. Қазақстанның Солтүстік облысында жəне Іле Алатауында жерсіндірілген.
Сібір бал қарағайы - Лиственница сибирская - Larix sibirica Ldb. Биіктігі 40(42) м дейін, диаметрі 80-100(180) см болатын толық сүректі, қартайған шағында төменгі жағы жуандаған діңді, жаз бойы жасыл ағаш. Ұшар басы жас шағында жұмыртқа ұқсас, конус тəрізді, қартайғанда аумақты, көлденең ұзын бұтақтарының ұштары көтеріңкі болады. Өркендері сабақ тəрізді - сары жапырақ жастықшалардан бастап бүкіл бойына тілімделген. Бүршіктері ұсақ, жартылай сфералық сары қоңыр. Қылқанының ұзындығы 13-45, ені 0,6-1,6 мм, жұмсақ, ашық-жасыл көкшілдеу-сұр түсті, мамыр айында шығады да, қазанда түседі, ұзарған өркендерінде кезекпен, қысқарғандарында - 20-30 дан шоқ болып орналасқан. Аталық масақтары сарғыштау, жарты шар тəрізді, аналықтары - қызылдау, қарақошқыл түсті, күлгін-қызыл жəне жасылдау, жұмыртқаға ұқсас - конусты қылқан тəжбен қоршалған. Гүлдеуі мамыр-маусымның басы. Түйіндері ұзынша, жұмыртқаға ұқсас, жасыл, күлгін түсті, піскен кезінде қызыл-қоңыр жəне қатты; тамыздың аяғында пісіп жетіледі, қыркүйектің бірінші жартысында ашылады. 1000 дəнінің салмағы - 9,5(6-14)г. Өнгіштігі - 60-75%, нашар түсім кезінде 30-35% дейін төмендейді, ал жеке тұрған ағаштарда 6-10% аспайды. Тамыр жүйесі қуатты, өзекті микроризасы болады. Өте жарық сүйгіш, жас кезінде көлеңкеге көнімді. Топыраққа талғампаз емес, дегенмен жас қою түсті сазды топырақта жақсы өседі. Тез өседі. Жел жəне өртке берік. Өмірінің ұзақтығы 350 жылға дейін. Дəнмен көбейеді. Сүрегі су-техникалық құрлыстарда пайдаланады. Қабығында тері илейтін заттар бар. Қылқанынан желім өндіріледі. Венециялық терпантин деген атпен бағалы шайыр береді. Сағыз қарағайы орман шаруашылығында жəне көкжелектендіруде өте бағалы. Таралу аймағы: Еуразияның көлемді жер бөлігін алады. Қазақстанда Алтай мен Сару тауларында таралған.
Батыс бозаршасы - Туя западная - Thuja accidentalis. Солтүстік Америкадан шыққан. Өз отанында 12 м дейінгі биіктікке жетеді. Жапырақтары 3-4 мм ұзындықта, қабыршақты, түтесіп айқаса орналасқан. Бөрікбасы пирамидальді əдемі пішінді жəне күңгірт-жасыл түсті. Құрғақшылыққа, ыстыққа жəне аязға төзімді. Топыраққа талапсыз. Аллеяларға, жасыл жиектемелерге, жеке-дара егістерде жекелеп немесе топтап отырғызуға пайдалануға болады.
Арша - Можжевельник - Jniperus L (сем. cupressaceae F.W.Neger) Жапырақтары ине тəрізді немесе көпшілігінде қабыршақ тəрізді. Жайылып өсетін мəңгі жасыл ағаштар немесе бұталар. Түйіндері жидекке ұқсас, көкшіл сұр (тозаң) өңізбен қою жасыл түсті, күзде немесе келесі жылдың көктемінде піседі, ашылмайды. Тұқымы жаңғақ тəрізді, қатты қабықпен, қанатсыз; еккенде екінші жылға қарай өсіп шығады. Олардың өнгіштігі төмен. Сүрегі тығыз, шірікке берік, қызылқоңыр-қызыл түсті; исі жағымды кипаристің иісіндей, өңдеуге жеңіл көнеді. Жарық сүйгіш, көпшілігі құрғақшылыққа төзімді жəне топыраққа талғампаз емес, əйтседе жеңіл құнарлы топырақта жақсы өседі. Түтінге жəне шаң-тозаңға сезімтал. Баяу өседі. Тұқыммен, қалемшемен, жайылмалы түрлері сұлатпа сабақтармен, бағалы сирек кездесетіндері ұластыру арқылы көбейеді. Қазақстанда 11 жабайы өсетін түрі бар, олардың негізгілерін келтіреміз.
Кəдімгі арша - Можжевельник обыкновенный - J.communis SL Ұшар басы конус тəрізді, биіктігі 8 (12), көбінесе 3-5 м ағаш немесе бұта (қос үйлі). Діңінің бас жағы үшкірленіп келген сұрлау-қоңыр. Қопсыған қабықпен. Өркендері 3 жақты, қызылдау-қоңыр, қылқаны тікенекті, күлте баста 3-тен болады. Аталық гүлдері сары түсті, сопақша, аналықтары - ашық-жасыл. Жеміс беру уақыты - маусым-шілде айлары. Түйіндері отырыңқы, піспегендері - жасыл түсті, жетілгендері - көкшіл-қара көгілдір өңізді, екінші немесе үшінші жылы піседі. 1000 дəнінің салмағы - 18 г. Көлеңкеге төзімді. Суыққа жəне құрғақшылыққа төзімді, топыраққа талғампаз емес. 1000 жылға дейін жасайды. Қырқуды (күзеуді) жақсы көтереді.
Қазақстанның барлық аумағында эррозияға қарсы отырғызуға жəне көкжелектендіру үшін пайдалануға болады. Сүрегі токарлық заттар үшін жарамды. Түйіндері медицинада жəне шарап дайындағанда пайдаланылады. Қылқаннан эфир майы алынады, ал бұтақтарын ағаш ыдыстарды ыстауға пайдаланады. Таралу аймағы: Еуропа, Кавказ, Батыс жəне Шығыс Cібір, Солтүстік Америка. Қазақстанда Ақмола, Қостанай жəне Солтүстік Қазақстан облысы.
Виргиндік арша - Можжевельник виргинский - J.virginiana L. Солтүстік Американың шығыс бөлігінде таралған. Отанында биіктігі 15-30 м жетеді. Жас кезінде бөрікбасы жіңішке, кейінірек ауқымды. Қабыршақты жапырақтары ланцетті ұзындығы 1-2 мм. Салыстырмалы тез өседі. Қуаңшылыққа жəне аязға берік. Күзеуді жақсы көтереді. Топыраққа талғампаз емес. Біздің жағдайымызда жеміс салады. Түйіндері қара көкшіл өңізді. Түйінде 1ден 6 ға дейін дəні бар. Аллеяларда, топтарда жəне жекелеп отырғызуға қолданады.

Бұталардың биологиялық-шаруашылықтық сипаттамасы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Шырпуды (күзеуді) жақсы көтеретін бұталар.
2. Еркін өсетін бұталар.
1. Шырпуды (күзеуді) жақсы көтеретін бұталар
Тобылғы - Таволга, спирея - Spiraea L (сем. Rosaceae Juss). Биіктігі
0,5-2 (3) м бұта. Ақ өзекті, өркендері болады. Жапырақтары қарапайым, тізбекті, тісті. Гүлдері қос жынысты. Түрлі реңді - ақтан қарақошқылға дейін кездеседі. Жемістері - көп жапырақты - ұсақ, жалпақ қанатты, ұзындығы 2мм дейін тұқымдармен болады. Сəуір-шілде айларында гүлдейді. Тұқымы гүлдегеннен 1,5-2,5 айдан соң жетіледі. Тамыр жүйесі шашақты, терең емес. Жарық сүйгіш. Құрғақшылыққа жəне суыққа төзімді. Топырақтың құнарлылығын қалайды. Тұқыммен, қалемшелермен (жасыл, сүректі), түптерінің бөлінуімен көбейеді. Көшіріп отырғызғанды, қырқуды жақсы көтереді. Зиянкестерге төзімді. Бал бергіш. Сəнді бақ шаруашылығында кең пайдаланады. Қазақстанда 19 түрі өседі, оның 10 түрі жабайы өсетіндер. Келесітүрлері кеңірек кездеседі.
Вангутта тобылғысы (Спирея Вангутта). Гүлдері ақ 2 м дейінгі, иілген доға тəрізді сабақты бұта.
Тунберг тобылғысы (Спирея тунберга). Ақ гүлмен гүлдейді. Жапырақтары жіңішке, аласа бұта.
Орта тобылғы (Спирея Дугласа). Гүлдері қызғыш, пирамидальді гүлшоғырында.
Кəдімгі қына ағаш - Бирючина обыкновенная - Ligustrum vulgare
L. (сем. Oleaeceae Lindl). Ұзындығы 3-6 см, қияқты, тұтас жиектелген, жылтырақ жапырақтары бар, биіктігі 2-3(5) м бұта. Гүлдері ұсақ, ақ түсті, хош иісті, ұзындығы 4-8 см пирамида тəрізді шашақ гүлдерде отырады. Жемісі қара түсті, жылтырақ, ұзындығы 6-8 см. Тұқымы үш қырлы, күңгірт. 1000 дəннің салмағы 20 г жуық. Маусым айында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Сүрегі қатты, ауыр. Құрғақшылыққа өте төзімді, көлеңкені əжептəуір көтереді, ыстыққа шыдамды. Қысқа беріктігі төмен. Құнарлы топырақты жақсы көреді. Қала жағдайларына шыдамды. Күзеуді (қырқуды) жақсы көтеретіндіктен көмкермелер мен жасыл қоршаулар жасауға кең қолданады. Таралу аймағы: Еуропа, Кіші Азия, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде көкжелектендіруге пайдаланылады.
Ақ қаржидек - Снежноягодник белый, Снежник - (Symphoricarpus - сем. Жимолостных). Көкшіл реңді, майда жапырақты, аласа бұта. Шілдеден-қыркүйекке дейін гүлдейді. Қыркүйекте ақ жидек пайда болады, олар бұтада қыс бойы сақталады. Көлеңкеге шыдамды. Шырпуды жақсы көтереді.
2. Еркін өсетін бұталар.
Мамыргүл, бөртегүл - Сирень - (Syringa L. сем. Oleaceae Lundl).
Қарапайым, қарама қарсы, көп бөлігі тұтас келетін жапырақтарымен жəне
көптеген түтікті, түрлі түсті, хош иісті гүлдері бұтақтарының ұш жағындағы
шоқтарында орналасатын ірі бұта. Мамыргүлдің көптеген түрлері мен сорт-
тары қала жағдайына өте төзімді, көп күтімді керек етпейді жəне біршама
қысқа, ыстыққа, құрғақ ауа райына төзімді. Қалемшелермен, сұлатпа бұтақтармен, бұталардың бөлінуімен жəне дəнімен көбейеді. Қазақстанның барлық аймақтарында көкжелектендіруге жəне сəндік бақ өсіруге кеңінен пайдаланылады. Мамыргүлдің 20-дан астам түрлері белгілі. Олардың көп таралғандары: кəдімгі, қытай, түкті шашты (волосистая), салбыр, венгірлік, амурлық түрлері.
Кəдімгі мамыргүл (Сирень обыкновенный). Майда, ақ немесе ақшыл- көк, аңқыған гүлдері болады. Өткен жылғы өркенде гүлдейді. Жапырақтары ірі күңгірт-жасыл. Жарықсүйгіш. Құрғақшылыққа, аязға төзімді. Көп балаң- сабақ береді. Мəдени сорттарына телітушілік қызмет атқарады. Дəнімен, тамырабақтармен көбейе алады, қалемшелері - əлсіз тамырланады. Мамыргүлдің сорттары гүлдерінің түсімен, өлшемімен, гүлшоғырларының пішіні жəне өлшемімен ажыратылады.
Ақ гүлді сорттары (Белые сорта) - гүлдері түкті: Мадам Лемуа, Мисс
Элен Вильмот, Галина Уланова; қарапайым гүлдерімен - Мария Леглей, Вес-
талка.
Көкшіл - ақшыл-көк гүлді сорттары. Гвизо - ең ерте гүлдейтін. Генри
Матли, Доктор Майлот, Генцинтовая, Синяя Колесникова.
Қызғыштау- ақшыл-көк немесе қызғыш гүлді сорттары. Полина Осипенко (солғын қызғыш түкті, аққа жақын). Мечта (гүлдері ірі, гүлшоғыры салбырлы), Утро Москвы, Каприз (гүлдері түкті) Обманщица Бюфан, капитан Больт 7, Воспоминание о Людвиг Шпэт.
Қара-қошқылды - сиякөк гүлді сорттары. Память о Кирове (түкті),
Китайская красная (түкті), Шарль Жоли.
Ақ гүл - Жасмин, Чубушник - Philodelphus. Қарапайым қысқа сағақты жапырақты бұта. Жапырақтары қарама-қарсы орналасқан. Гүлдері ақ, хош иісті, шашақ гүлшоғырында 7 данаға дейін жиналған. Жемісі құрғақ қорабша. Дəндері майда. Ақ гүл көлеңкеге төзімді, бірақ ашық жерде бейпілдеу гүлдейді. Қысқа төзімді. Дəнімен көбейеді. Дəндерін жəшікке немесе жүйекке себеді. Себіндіні қара шірікпен немесе ағаш үйіндісімен жабу қажет. Қалемшелермен жəне сұлама бұтақтармен де көбейе алады. Жасмин (ақ гүл) түрлері: майда жапырақты, жалпақ жапырақты, түкті (шерстистый). Мəдени сорттары да бар. Көп сорттар Америкада шығарылған.
Қара ырғай - Кизильник - Cotoneaster Medic. Жапырақтары тұтас жиектелген, қарапайым, тізбектеле орналасқан бұта, гүлдері ақ немесе қызғылт түсті шашақты, гүл табақшаларында немесе жеке дара орналасады. Жемістері алма тəрізді, уақ, ұнтақты 2-5 сүйектері бар қара. Сабағында ұзақ
ілініп тұра алады, 1-2 жыл сақталады. Тұқыммен, қалемшелермен, сұлатпа сабақтармен көбейеді. Сүрегі сарғыш-қызғылт түсті, қатты, солқылдақ. Жарық сүйгіш. Суыққа берік, көпшілігі құрғақшылыққа төзімді. Жақсы бал бергіш.
Шалқын - Скумпия - Cotinus coggygria Soop (сем. Angcardiaceae Lindl). Ұшар басы шар немесе шатыр тəрізді, биіктігі 5-8(12) м жететін бұта не ағаш. Жапырақтары қарапайым, күзде ашық-қызыл түсті, уқалаған кезде, өркендерін кескенде сəбіз исі сияқты иіс шығарады. Қызғылттау талпиған шашақты ұсақ гүлшелері жетіле қоймаған гүлдердің гүл сабақтарында тұрады, бұл гүл шоғырына, мол шоқ шашақ сұлтанның кескінін береді. Жемісі - құрғақ сүйекті жеміс 1000 дəнінің салмағы 8-12 г. Мамыр айында гүлдеп, тамызда жеміс береді. Өте жарық сүйгіш, құрғақшылыққа жəне ыстыққа төзімді. Біршама суыққа берік. Тұқыммен, жасыл қалемшелермен, бұталардың бөлінуімен көбейеді. Суландыру топырақ қорғау, когалдандыру үшін қолданады. Тері илегіш шикізат көзі. Таралу аймағы: еуропаның оңтүстігі, кіші Азия, Қытай. Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде өседі.
Раушан гүл - Роза - Rosa L. (сем. Rosaceae Luss). Раушан гүлді ең жетілген сəндік өсімдік деп санайды. Қазіргі кезде 20 мыңнан астам сорттары бар. Олар көптеген топтарға бөлінеді. 1)бақ 2)парктік (француздық, центифольдық, провенскиліктер, мүктілер, альба немесе ақтар, дамасскілік, ортажілік тəрізді жапырақтылар немесе спинозиссима, тотық түстілер немесе еглантерия, сарылар немесе лютеа, қатпарлыжапырақтылар немесе ругоза). 3) 1843 ж - ремонтантты (жаздың екінші жартысында қайта гүлдейтіндер) сорттары шығарылды, 4) 1867 жылы - шай раушангүлі мен ремонтантты раушангүлден шай-буданды сорттарын алды. Бұлардың ремонтанттылардан айырмашылығы гүл түйіндері біржылдық сабақтарда пайда болады сондықтан үздіксіз жаз басынан терең күзге дейін гүлдейді. 5) 1900 жылы үрлендіруші Перне-Дюше, жаңа пернециандық түрін шығарды (өзінің құрметіне осылай атады) Олардың гүлдері сары жəне қызғылт сары өңді болды. Бұл түс ремонтанттыларға да шай-буданды раушан гүлдерге де тəн емес, ал олардың жапырақтары ақ ұнтақ ауруын қабылдамайтын болды. Кейінгі көп будандастырудың салдарынан бұл шекара жойылып кетті. 6) 1873 жылы жапондық көп гүлді раушан гүлмен ергежейлі хинензис (қытайлық) түрін будандастырып жоғары сəнді, жалпақ қылқантəрізді гүлшоғырлы, иісі жоқ майда гүлді, түктілігі əртүрлі дəрежедегі полиантты түрін алды. 7) 1924 жылы полиантты түрін шай буданды түрлерімен будандастырып буданды-полиантты түрі бөлініп алынды. Олар ірі гүлімен, түрлі түсімен ерекшеленеді, бірақ бұларда иіссіз болды. Бұдан басқа да түрлері бар, олар: Флорибунда (1935), Грандифлора, көген сабақты (плетистые) - ұзындығы 5м дейін, жартылай көген сабақты (1904), Кордес (1940-1950 жж), қатпарлыжапырақтылар мен Вихураян буданы - саңырауқұлақты ауруларға төзімді.
Шырмауықты жəне жеміс өсімдіктерінің биологиялық- шаруашылықтық сипаттамасы
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Шырмауықты өсімдіктердің топтасуы мен биологиялық-шаруашылықтық сипаты.
2. Жеміс өсімдіктерін көкжелектендіруде пайдалану.
1. Шырмауықты өсімдіктердің топтасуы мен биологиялық-шаруа- шылықтық сипаты.
Шырмауықты өсімдіктердің топтасуы.
Шырмауықты (лиан) өсімдіктер. Шырмауықтарға жоғары жəне жан- жағына тармақтанып өсу үшін тіреуіш қажет. Түрлі шырмауықтар тіреу- іштерге бекуге жəне өрмелеу үшін өздеріне тəн құрылғылары болады, оларға сүйеніштерге бекуге жəне онымен көтерілуге мүмкіндік береді. Шырмауықты бұталарды сүйенішке беку тəсіліне қарай келесідей бөлуге болады:
- тіреуге сүйенетіндер (көпгүлді жəне Бэнкса раушангүлі) - бұл кəдімгі бұталардан өрмелейтіндерге өтпелі топ, олардың көптеген тармақтары болады, солармен тіреуіштерге жатып, өрмелеп шығатындай болады;
- тіреуішті айналып шырмалатын сəнді жапырақты шырмауықтар (лиан) (кирказон, лимондық, актинидий, ағаш жойғыш) - бұл топтағы бұталардың сабақтарының оралу бағыты əдетте барлық өсімдіктер үшін тұрақты; шырмауықтар тік тұрған жуан емес тіреулермен (5-8 см) бəрінен жақсы көтеріледі одан жуан тіреуіштерден шырмауық сырғанайды жəне төмен құлайды (жуан емес сымдар, стержень немесе келтектер қажет);
- тіреуішті айналып оралатын сəнді гүлді шырмауық (хош иісті, америкалық, Бровна үшқаты сондай-ақ бальджуанның қарақұмығы);
- сорғыштар немесе ауа тамырларының көмегімен көтерілетіндер (қыз жүзім, тамырланатын текома) - қосымша торлар мен треляждарды қажет етпейтін жəне тығыз ағаштардың діңгегіне, шарбақтарға, үйлердің қабырғасына өздері өрмелейтін жəне əдетте əдемі өрнекті жасыл кілем құратын өсімдіктер;
- тіреулерге мұртшаларының көмегімен ілінетіндер (амур жүзімі, нағыз мəдени жүзім, иісті жүзім) - əдетте бұл өсімдіктер сəнді жапырақтарымен жасыл қалың масса құрайды жəне сұрықсыз қабырғаларды көгалдандыру үшін жарамды;
- тіреулерге жапырақ сағақтарының көмегімен көтерілетіндер (ломо-нос-клематис немесе княжник) - өсімдіктер əдемі ірі гүлдері мен бейпіл гүлдейтіндігімен бағаланады, тіреуіш үшін торлы трельяждарды қажет етеді.
- көген сабақты раушангүл - бұл көпшілігінде төзімді жəне сұлу өсімдіктер. Оны қабырғаларды, балкондарды, беткейлерді, пандустарды көкжелектендіруге қолданады. Кейбір сорттары жылына бір рет гүлдесе, өзгелерінікі күзге дейін жалғасады. Бұл гүлдерді байқап шырпу керек, өйткені гүл олардың өткен жылғы өркендерінде пайда болады. Тек əлсіз, құрғақ жəне ауру сабақтарын алу керек. Өсімдік жарықты, жылуды, жақсы желденетін орынды, азбаған, компостқа бай, жақсы су өткізетін топырақты сүйеді. Шілденің соңына дейін минералды тыңайтқыштар мен əк енгізген жақсы. Тамырланған қалемшелерін дұрысы көктемде отырғызу.
Шырмауықты өсімдіктердің биологиялық-шаруашылық сипаты.
Киркозан - Aristolochia - ұзындығы 8 м жететін шырмауықты өсімдік. Жапырақтары ірі, ені 25 см дейін. Гүлі ерекше түтіктəрізді сарыжасыл түсті, мамырдың соңында гүлдейді. Жемісі жасыл жидектəрізді. Дəні тамызда піседі. Жарықсүйгіш. Аязға төзімділігі жеткіліксіз. Республиканың оңтүстігінде көлеңкеленген жерлерде, борпылдақ, ылғалдылығы орташа топырақтарда жақсы өседі. Оңтүстікте үйдің төңірегіне отырғызу үшін іріжапырақты диаметрі 30 см-ге дейін жететін жапырақтарын қуатты сабақтары 10 м биіктікке дейін көтеріп кетеді. Аязға төзімділігіне қарамай республиканың солтүстігінде пайдаланбайды.
Қытай лимондығы - лимонник китайский (Schizandra chinensis Baill). Магнолия (Magnoliaceae) тұқымдасына жататын бұталы шырмауық, ағашқа оралатын, 15 м биіктікке жетеді. Жапырақтары ірі емес, етті, гүлдері жеке-дара, қызғылт-ақ, хош иісті. Жемістері - майда қызғылт сары-қызыл жидек, əдемі шоқты күрделі жемісте орналасқан. Өсімдіктің барлық бөліктерінде лимон қабығының хош иісіндей эфир майы болады. Жемісі мен
дəнінің сергітетін қасиеті бар, оларды фармакологияда қолданады. Лимондық топыраққа жəне ылғалға талапты. Жоғарыдан түскен ашық жарықта жақсы өседі, дегенмен тамыр түбі маңайын көлеңкелегенді қажет етеді. Күркелер мен жіңішке торларды сəндеуге толық жарамды. Дəндерімен, жасыл қалемшелерімен жəне сұлама бұтақтармен көбейеді.
Актинидий - (Актинидия коломикта, амурский крыжовник - Actinidia Lindl). Сүйеніш бойымен 8-10 м дейін өрмелейді. Жартылай көлеңкелі, құнарлы, желден қорғалған, жеткілікті ылғалды жерлерде жақсы өседі. Топырақ пен ауаның құрғақтығын көтере алмайды. Қысқа бекем. Жапырақтары ашық-жасыл, жұмыртқа пішінді, ұзынүшкірленген. Тек Коломикта актинидиіне тəн қасиет - күн сəулесінде жапырақтары ашық-қызғылт немесе шымқай қызыл жапырағының жоғарғы бөлігінде аққа өтетін түспен боялады. Гүлдері қосжынысты жəне дара жынысты. Олар майда, ақ немесе қызғыш-ақ, хош иісті. Аналық гүлдері 1-3 тен, аталықтары - 12-17 данадан гүлшоғырына орналасқан. Жеміс пішіні тұшалаға ұқсас, ұзындығы 3 см дейін, күңгірт жасыл түсті, тəтті, нəзік, хош иісті, дəмі жағымды, С витамині бар. Дəні - майда, қоңыр. Оларды күзде жинағаннан кейін немесе көктемде стратификациядан соң себуге болады. 6 жастан жеміс бере бастайды. Жасыл жəне сүректелген қалемшелермен, сұлатпа сабақтармен, ұрықтармен көбейеді. Құрлыстардың тік беттерін көкжелектендіруге пайдаланады.
Ағаш жойғыш дөңгелек жапырақты - древогубец круглолистный. Бересклет тұқымдасына жататын биіктігі 12 м-ге дейінгі шырмауық (лиан). Шыққан тегі Қиыр Шығыс, Сахалиннің оңтүстік бөлігі, Жапония, Қытай. Өркендері жасыл, кешірек қызғылт сары-қызылдан сұр-қоңырға дейін, аздап қарықты болады. Жапырақтары дөңгелек - элиптикалықтан дөңгелекке жуыққа дейін, 10х7см, кейде ұзын үшкір ұшты, тығыз, сидиған, жылтырайтын, төменгі жағынан күңгірттеу. Екі бетінен де ақшылдау жүйкелері көрінеді. Қоңырлау жапырақшалары тез төгіледі. Күзде жапырақтары аздап қызарады. Жасылдау гүлдері қолтық гүлшоғырға - қалқаншаға 2-7 ден, сирегірек бір гүлден, қысқа 1-2 мм гүлсабақтарда орналасқан. Маусымның екінші жартысында гүлдейді. Қазанның басында дəндері піседі. 5 жастан гүлдейді жəне жеміс салады. Бір немесе екіүйлі өсімдік. Дөңгелек жапырақты ағаш жойғыш кезкелген топырақта өсе алады, соның ішінде тастақты учаскеде, көлеңкеде. Қорғалмаған жерде кейбір жылдары сабақтарының жоғарғы бөліктерінің бірен-саран үсуі байқалады. Оны тамыр атпасабақтармен, сұлатпабұтақтармен, жасыл қалемшелерімен көбейтуге болады, бірақ негізгі тəсіл - тұқымымен көбейту. Түрлі бақ құрлыстарын - күркелерді, жаппаларды сəндеуге жəне беткейлерді, жартастарды көкжелектендіруге пайдаланады. Ағаш жойғышты ағаштарға жақын отырғызуға болмайды, əсіресе құнды тұқымдарға, өйткені діңгегіне оралады жəне оған терең кесіп кіреді де ағашты жояды.
Хош иісті үшқат - жимолость каприфоль, жимолость душистая (Lonicera caprifolium L.). Үшқатты тұқымдасына (Caprifoliaceae) жататын шырмауық. Ұзындығы 2-3 м жетеді. Жапырақтары дөңгелек, көкшіл сұр-жасыл жəне жетерліктей ірі (10 см дейін), өркендердің ұшында тостағанша құрылыммен бірігіп өседі. Гүлдері өте жұпар иісті, ірі, қызғылттау-сарылау, шоққа жиналған, біріккен жапырақтар тостағаншасының түбінде орналасқан. Топыраққа талапты, жарық сүйгіш, қала жағдайына төзімді, қысқа тұрақтылығы жетерліктей. Тіктемелі көкжелектендіру үшін үлкен қызығушылық тудырады. Шыққан отаны - Батыс Европаның орталық жəне оңтүстік бөліктері, Кіші Азия, Солтүстік Африка. Тұқыммен, жасыл қалемшелерімен көбейеді.
Жабайы жүзім - Виноград дикий (Vitis vinifera L сем. Vitaceae Lindl). Ұзындығы 20-30 м жететін, көпжылдық шырмауықтың бір түрі. Қабығы қызылдау түсті, қызылдау жолдармен бөлініп тұрады. Жапырақтары дөңгеленген 3-5 қалақты немесе тік қиылған, диаметрі 5-20 см. Гүлдері қос
жынысты, ұсақ, бос жəне күрделі шоқ гүлге жиналған. Жемістері дөңгелек, эллипс тəрізді, күңгірт-қызыл, қызғылт, сары-жасыл жəне жасыл түсті, бір шоққа бірікккен. Мамыр-шілде айларында гүлдеп, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Тұқыммен жəне жыныс мүшесінсіз көбейеді. Жеміс өсімдігі. Таулы өзендердің жағалауларындағы ормандар мен бұталы тоғайларда өседі. Сондай-ақ, Қаратаудың құз жартастары мен тасты шөгінділерінде, Талас (Машат), Іле Алатауының батыс шегінің сілемдерінде өседі. Жарықсүйгіш, аязға жеткілікті берік. Көкжелектендіруге өте жақсы лиан. Дəнімен, қалемшемен, сұлама бұтақтарымен көбейеді. Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген.
Шырмауық - Ломонос (Clematis L - Ranunoculaceae juss). Тік немесе иірілген сабақты бұталар, тірелген затқа ирелеңдеген сабақтары арқылы бекіп тұрады. Жапырақтары тұтас, үшжақты немесе жұпсыз қауырсынды; гүлдері гүл шоғырында, көбіне жеке дара, жəй гүлжапырақ тəрізді қабымен, түрлі бояулы болып келеді. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Жарық жəне ылғалды жақсы көреді, топыраққа талғампаз. Тұқыммен, қалемшелермен, атпа сабақтармен көбейеді.
Қазақстанда - Алтайда, Тянь-Шаньда, Жоңғар Алатауында, Үстіртте, Іле қазан шұңқырында жəне Қызылорда облысында кездеседі. Республикада 6 түрі жабайы өсіп-өнеді. Шырмауық биік қабырғаларды, жалаң діңгектерді жабуға, күркелерді желектендіруге қолданады. Жайылып өсетіндері - қабырғаларды жабуға, балкондарды əсемдеуге т.б. пайдаланады.
2. Жеміс өсімдіктерін көкжелектендіруде пайдалану.
Көптеген жеміс өсімдіктерінің ерекше көркемдік қасиеттері бар, сондықтан, оларды бақ-парк егістерінде пайдаланады. Көпшілігінде бұлар жабайы өсетін түрлері мен формалары, сорттары сирек қолданылады. Көкжелектендіру үшін кең қолданатын шекілдеуікті тұқымдар - алма, алмұрт, кəдімгі шетен, ырғай, долана, кəдімгі жəне жапон бекесі, қаражемісті шетен (арония). Сүйекті жемістілерден парктерде кездесетіндері - бадам, өрік, Писсарда алхорысы қызылдау жапырағымен, шиенің түрлері (түкті, дала, кəдімгі жəне құмдақ), мойыл.
Көк жиектемеге жəне топтап отырғызғанға сары қарақатты жиі қолданады. Сондай-ақ қара, қызыл, жəне альпілік қарақаттардың да сəнділік құны жоғары. Хош иісті таңқурай мен айрықша таңқурай (превосходная) бұталары өте сəнді: біріншісінің жапырақтары үйеңкінің жапырағына, ал екіншісінікі - жүзімнің жапырақтарына ұқсайды. Жаңғақтылардан парктерде грек, манчжур, қара жəне сұр жаңғақтар, пекан, шаттауықтардың əр түрлері кездеседі.
Алма - Яблоня (Malus Mill). Раушангүлді (Rosaceae) тұқымдасы ағаштар мен бұталар тегі. Алманың арасында айрықша тартымдылығымен ерекшеленетін түрлері мен сорттары көп. Бірақ оларды ландшафты архитектурада пайдалану тым шектелген. Қалаларды жəне магистральді жолдарды көкжелектендіргенде алманың жемістері көптеген улы заттарды сіңіреді, соның ішінде ауыр металдарды да, бұл қауіпсіз емес, əсіресе балалар үшін. Алманы жеке қоныстарды көкжелектендіруге ұсынуға болады. Көкжелектендіру үшін алманың ең жарамдылары көпгүлді (M. Floribunda Hieb.), Недзвецкі (M. niedzwetzkyana Dieck), сібір немесе жидек (M. Baccata Borkh), алхорыжапырақты немесе қытай (M. prunifolia Borkh.), үй алмасы (M. domestica Borkh.) сорттарының кейбірі де тым сəнді көрінеді.
Алмұрт - Груша (Pirus). Раушангүлді (Rosaceae) тұқымдасы, биіктігі 20 м дейінгі, кеңприамидалды немесе пирамидальді бөрікбасты ағаштар тегі. Бүйір бұтақтары кейде тікенекпен аяқталады. Жапырақтары дөңгелек немесе жұмыртқатəрізді - созылыңқы, тығыз, қыртысты, үстінен жылтырақ, күңгірт-жасыл. Алмұрттар жарықсүйгіш, қуаңшылыққа төзімді, топыраққа талапты емес. Келесі түрлері жасыл құрылыс үшін өте тартымды. Жидежапырақты алмұрт (P.elacagrifolia Pall.), кəдімгі алмұрт (P. Communis L.), уссурия алмұрты (P. ussuriensis Max.) т.б.
Жаңғақ - Орех (Juglans L.). Жаңғақты (Juglandaceae) тұқымдасы өсімдіктер тегі. Ірі жəне өте сəнді қауырсынды жапырақты жақсы дамыған ағаш. Топыраққа жəне ылғалға талапты. Келесі түрлері ерекше көңіл аударады. Грек жаңғағы - орех грецкий, волошский (J. regia L.) - күлгінсұр
тілімденген қабықты жəне тегіс діңгекті, биіктігі 20-30 м-ге дейін жететін ірі
ағаш. Бөрікбасы кеңшашыраңқы, жапырақтары ірі, ұзындығы 20-40 см-ге дейінгі, 2-4 жұпты жапырақшаларымен. Грек жаңғағы жылусүйгіш, дегенмен
толық қысқа шыдамды формалары бар. Қала жағдайына төзімді, сондықтан көшелерді, парктерді, бақтарды жəне орман парктерін көкжелектендіруге кеңінен пайдалануға болады. Жеке-дара, топтан жəне қатарлап отырғызуға
ұсынылады. Сондай-ақ манчжур (J. manshurica Max.), сұр (J. cinerea L.) жаңғақтарды да кеңінен пайдалануға болады.
Өрік - Абрикос (Armeniaca Mill.). Раушангүлді (Rosaceae) тұқымдасына жататын өсімдіктер тегі. Əдетте, шағын ағаш, кейде кең бөрікбасты ірі бұтатектес. Тамыр жүйесі тереңге енеді, сондықтан өрік қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Жарық сүйгіш, топыраққа талапты емес дақыл. Гүлі мол жəне ірі, ақшыл-қызғылт, жағымды иісімен. Ерте көктемде жапырақтары шыққанша гүлдейді. Бұтақтары түгелдей гүлмен жабылады, бұл оларға ерекше тартымдылық береді. Қалалар мен елді мекендерді көкжелектендіру үшін өріктің келесі түрлері өте тартымды көрінеді. Манчжур өрігі (A. manshurica (Maxim) Skvortz), кəдімгі өрік (A. vulgaris Lam.).
Себінді, қайырымды, жеуге жарамды, нағыз талшын - каштан посевной, благородный, съедобный, настоящий (Castanea sativa Mill.). Шамшат (Буковые - Fagaceae) тұқымдасына жататын ірі, биіктігі 30-35 м жететін, əдемі тығыз жапырақталған бөрікбасты ағаш. Жапырақтары қарапайым, ұзыншақ-сопақтау, өткір, жоғары иілген тістерімен. Гүлдері өте
тартымды жоғары көтерілген масақ тəрізді гүлшоғырда орналасқан. Салыстырмалы көлеңкеге төзімді, қуаңшылықты нашар көтереді, жылусүйгіш, карбонатты топырақтарға төзе алмайды. Табиғи жағдайда тек Кавказда өсе алады. Ағаштары шырпу мен күзеуге жақсы келеді. Атталшын, жалған талшын (конский каштан, лжекаштан - Aesculus L.) Атталшын тұқымдасы ағаштекті өсімдіктер тегі (Hippocastanaceae). Ірі саусақты күрделі түптес жапырақтары, күзде сарғылт-сары түске боялатын,салыстырмалы ірі ағаш. Гүлдері ірі, көпгүлді тіктұратын гүлшоғырында жиналған; жемістері ірі, тегіс немесе тікенекті шартəрізді. Ағаштары көлеңкеге шыдамды, ылғал мен топыраққа талапты. Барлық түрлері ерекше сəнді жəне егістердің барлық түрлерінде пайдалануға болады. Атталшынның екі түрі кəдімгі (A. hippocastanum L.) жəне сары (желтый - A. octandra Marsch) кең таратуға жарамды қысқа төзімділігі жетерлік, дегенмен қатты қыстарда үсіп кетуі ықтимал.

Жасыл желектердің негізгі түрлері жəне сəндік үлгілері (стилі)
Қарастырылатын негізгі сұрақтар:
1. Жасыл желектердің негізгі түрлері.
2. Негізгі сəндік үлгілер (стильдер).
1. Жасыл желектілердің негізгі түрлері
Жасыл өсімдіктер маңыздық міндеттеріне жəне көкжелекті объектерді пайдалануына қарай 4 категорияға (дəрежеге) бөлінеді:
1) Көпшілік пайдаланатын көкжелектер - Қалалық парктер, скверлер, бульварлар, көгалдандырылған көшелер, орманды - парктер, халық шаруашылығының көрмелері, көпшілік ғимараттарының көгалдандырылған жер бөліктері. Олар барлық тұрғындар үшін арналған жəне оған еркін кіре алады.
2) Пайдалануы шектеулі көкжелектер - Тұрғын үй аулалары, балалар мен оқу орны мекемелері, ауруханалар, өнеркəсіптік кəсіпорындар орналасқан жерлердегі желектер жатады. Оларды халықтардың шектелген ортас пайдаланады.
3) Арнайы міндеттегі көкжелектер - Ботаникалық жəне зоологиялық бақтар, санитарлық-қорғаныстық, желден жəне қардан қорғайтын егістер, сəндік өсімдіктер көшеттіктері, мүжілуге қарсы жəне суды сақтайтын егістер, автожолдар магистральдарын бөлетін бульварлар мен көгалдар.
4) Жеке пайдалымдағы көкжелектер - Ауылдарда, елді мекендерде, қала аймақтарындағы саяжайлар, бақтар.
1. Көпшілік пайдаланатын көгалды объектер. Олардың аудандары жасыл егістердің бір тұрғынға бекітілген мөлшері бойынша анықталады. Жалпы қалалық немесе елді мекендердегі жасыл егістердің мөлшері тұрғын басына: қалада - 7-10 м2, ал ауылды мекендерде - 12 м2. Көпшілік пайдаланатын көкжелектер объектілердің территориясында (сол алқапта) біркелкі орналас тырады. Жасыл өсімдіктер көгалды объектілер ауданының 70% кем болмауы керек
Парктер. Парктерді арналуына қарай келесі түрлерге бөледі: Мəдениет
жəне демалыс парктері, қалалық парктер, орман парктері, спорттық (стадион)
жəне балалар парктері.
Мəдиниет жəне демалыс парктері мен қалалық парктер - көкжелекті
объектілерден ауданы жағынан ең ірісі, олардың міндетіне тұрғындардың жақсы демалуын қамтамасыз ету жатады. Мəдениет жəне демалыс паркі территорясында əртүрлі жасыл өсімдіктермен барынша тығыздалған тыныш демалыс аймағы, спорт алаңшалары, аттракциондар, жазғы театрлар, эстрадалар, қайық станциялары жəне басқада құрылымдар орналасады. Мəдениет жəне демалыс паркі территориясының үлкен бөлігін (70-80%) көкжелекке бөледі, алаңшалар мен құрылымдарға - 20% аспайды. Мəдениет жəне демалыс парктерінің ауданы қала жəне елді мекендер тұрғындарының тығыздығы мен көлеміне байланысты болады. Қалалық парктерді отырғызғанда бір келушіге есептегенде 100 м2 таяу, ауылды жерлерде - 50 м2 жуық шамада есептелінеді.
Орманды парк - тұрғындардың демалуына бейімделген, қала құрылысы шекарасынан тыс орналасқан табиғи ормандар (угодья) жатады. Оларды қалыптастырғанда су көздері (көл, өзен) бойында орналасқан орман алқабын (учаскесін)таңдайды. Жергілікті өсімдіктерді, қоршаған ландшафтқа сəйкес келетін сəндік өсімдіктерді жасанды отырғызу арқылы байытады. Когалдар мен алаңдарды гүлдер мен қалыңдатады, олардың өсімдік жабындысын жақсартады. Орманды парктерде қыдыруға арналған соқпақтар тармақтарын салады, демалуға арнайы орындықтар, стол ойындарына арналған столдар, жағымсыз ауа райынан қорғауға жаппалар орнатады.
Сорттық парктер (Стадиондар) - түрлі спорт түрлерімен айналысуға, спорт жарыстарын ұйымдастыруға, сондай-ақ тұрғындардың демалуына жақсы жағдаймен қамтамасыз етуі қажет.
Балалар парктері - мектеп жəне мектепке дейінгі жастағы балалардың
демалуына, ойнауына, спорттық жəне мəдени-ағартушылық сабақтар өткізуге
арналған. Балалар парктеріндегі жасыл егістер 50%-дан кем болмауы керек. Оның аумағы шудан, шаңнан қорғалады. Сондықтан оның жиегімен ағаштар мен бұталарды көпқатарлап орналастырады. Пайдаланылатын өсімдіктердің құрамы мол, əрі жас натуралистер үшін қызықты болуы керек. Улы жəне тікененкті өсімдіктер, əсіресе мектеп жасына дейінгі балаларға арналған алаңшаларда болмауы қажет.
Скверлер- алаңдарда, көше қилыстарында, шағын аудандардың орталық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылқан жапырақты трансплантациялау ерекшеліктері. Құрылыс салуға бөлінген қала аумағынан ағаштар мен бұталарды қайта отырғызу
Бағалы жалпақ жапырақты өсімдіктерді өсіру
Жалпы питомник туралы түсінік
Қазақстан Республикасындағы ағашты өсімдіктері қызыл кітапқа енген ағашты өсімдіктердің систематикасының сұрыпталуы, түрлерінің систематикасы
Тұқымбақтарға арналған орман екпелері. Арша тұқымдасы
Баға және табиғат ресурстарын экономикалық-географиялық тұрғыдан бағалау теориялары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Өтпелі ағаш кесу
Азияның өсімдік жамылғысына сипаттама
Ағаш саңырауқұлақтары
Пәндер