ЕРЕСЕКТЕР ТОБЫНДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІНІҢ ДАМУЫНА АРНАЛҒАН ЭКСПЕРИМЕНТАЛДЫҚ ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Мектеп жасына дейінгі баланың ақыл ой
тәрбиесі мен даму мәселесі мектепке дейінгі педагогиканың маңызды
мәселелерінің бірі болып табылады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан
жолы-2050. Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ Қазақстан халқына арналған
жолдауында Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін
ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел
дегеніміз – белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз
не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей
білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын
жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-
6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту
жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту
әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды [1]. Бұл бағдарламаны
әзірлеудің өзектілігі сол, жастарымыздың білім деңгейін, қоғамның әлеуетін
арттыру қажеттілігіне негізделген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті Білім беру
стандартында еліміздегі оқу-тәрбие жүйесін жетілдірумен байланысты алға
қойған негізгі мақсат – Қазақстандық азаматтық, ізгілік және жалпы
адамзаттық құндылықтар идеяларының негізінде тәрбиеленушінің жеке тұлға
ретіндегі сапалық қасиетін қалыптастыру - көзделіп отыр [2].
Қазақстан Республикасында болып жатқан әлеуметтік-экономикалық
өзгерістер мен еліміздің білім беру саласының әлемдік білім кеңістігіне
шығуы - білім беру саласында, соның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен
оқытуға уақыт талабына сай өзгерістер енгізуді талап етіп отыр.
Қазіргі таңда адамзат қоғамына ғылыми жаңалықтар мен инновациялық
технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы
тәрбиелеу мен оқыту саласын да заман талабына сай, уақыт сұранысын
қанағаттандыратын жаңа бағдарламалармен, технологиялармен қамтамасыз ететін
[3].
Ұлы ғалымдар, педагогтар Я.А. Коменский, Ж.Ж. Руссо, И.Ф. Петровский
В.А.Кларина, Л.М.Дистервег, К.Д.Ушинскийдің оқыту арқылы балалардың ақыл-ой
қабілеттерін дамытуға баса назар аударғаны тегін емес[4-8].
Оқыту үдерісінде логикаға көңіл бөлген чех педагогы Я.А.Коменский
балаларды ой тұжырым жасауға үйретіп оларды өмірмен байланыстыра білуге ары
қарай логикалық ойлауын жетілдіру керектігін айтқан [4,65]. Ол қандай пән
болмасын ойлаудың формалары талдау, жіктеу және салыстыруға көп көңіл
бөлген. Бұл көзқарастар ары қарай ұлы педагог К.Д.Ушинскийдің еңбектерінде
көрініс тапты. Баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту – мектеп жасына
дейінгі оқытудың басты мақсаты. Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық
ойлау қабілетін дамыта оқытудың негізгі ерекшелігі – айнала қоршаған орта
және табиғатты бақылау және көрнекі оқыту болу керек – деп құнды пікір
айтады [8,89].
Сондай-ақ мектепке дейінгі кезеңдегі мектепалды даярлық балаларын
оқытуды зерттеуге өз үлесін қосқан ғалымдар: Л.А.Пеньевская, Е.И.Радина,
П.Г.Саморукова, В.Я.Воронова,А.П.Усова, Гринявичене Н.Т. және т. б. [9-14].
В.А.Сухомлинскийдің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі балалардың
логикалық ойлауын дамытудың негізгі жолы абстракциялық ойлауды
ұйымдастыруға көп көңіл бөлген. Өйткені абстракциялық ойлау заттардың
ерекшелігін, ұқсастықтарын және себептерін түсіндіреді – дейді. Балалардың
ойлау қабілетін дамыту туралы психолог ғалымдардың И.Б. Шустова,Л.В.Занков,
В.В.Давыдовтың және т.б. еңбектерінде көптеген пікірлер айтылған. Ойлауды
дамытудың қажеттілігі туралы әдіскерлер С.А. Козловабаланың логикалық
ойлауын дамыту туралы Б.Г.Ананьев, Ж.Пиаже, С.Л.Новосёловой, Э.Ж.Гингулис,
И.С.Якиманская, Ю.А.Самарин, Р.С.Немовта пікірлер айтқан. [15-26].
Кіші мектеп жасына дейінгі балалардың ойлауын дамыту туралы
С.Л.Новоселова еңбектерінде ойлауды дамыту оқытумен тығыз байланысты екені
айтылған [22, 327].
Қазақстандық педагог ғалымдар мектепке дейінгі білім беру жөнінде
Б.М.Қосанов, Б.С.Қуанова, Б.А.Тойлыбаев, С.А.Жолдасбекова, Т.И.Григорьева
балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту туралы Д.Рахымбек,
А.Сейдахметова,К.Ж.Бұзаубақова, Сатимбекова М.С., Қыдыршаев А.,
Айтмамбетова Б., Т.Иманбеков, Төтенаев Б. және т.б. еңбектерінде де құнды
пікірлер айтылған [27-39].
Балалардың логикалық ойын дамыту балабақшада оқытылатын білімдерді
және олардың ғылыми мазмұнын меңгеру үдерісінде жүзеге асырылады.
А.Байтұрсынов ұғымдарды қалыптастыру үшін ойлау заңдарын, ережелерін
дұрыс пайдалану керектігін айтады [40].
Т.Тәжібаев Адамның дүниетану үдерісі нақты қарапайым пайымдаудан бірте-
бірте дерексіз ойлауға көшіп отырады – дейді [41].
Ж.Аймауытов жас буынның дұрыс ойлап, дұрыс сөйлеуіне ата-ана мен
балалар бірден-бір жауапты деген құнды пікір айтады. Бұл пікірлер оқу-
тәрбие үдерісіндегі озық ой-пікірлермен үндесіп жатқандығын байқауға
болады. Қ.Жарықбаевтың еңбектерінде Баланың логикалық ойлауын дамыту,
ұғымдарын өсіру – науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде, барлық
тәлім-тәрбие үдерісінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда
оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі – делінген [42].
Сонымен, ғылыми-педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттер
мен зерттеу еңбектеріне және озық тәжірибелерге жасаған талдау авторлардың
өздерінің зерттеу нысаналарына қарай педагогика ғылымына айтарлықтай үлес
қосқанын, олардың зерттеу нәтижелерінің тәжірибеде қолданылып жүргенін, ал
біздің қарастырып отырған зерттеу жұмысымыздың проблемасы бұл еңбектерде
қарастырылмағанын дәлелдейді. Балабақшада оқу - тәрбие үдерісінде баланың
логикалық ойын дамыту жұмыстарын ұйымдастыру жолдары мен оны іске асырудың
теориялық негізделген әдістемесінің арнайы қарастырылмауы арасындағы
қарама – қайшылық біздің тақырыпты Ересектер тобындағы балалардың
логикалық ойлау қабілетінің дамуына компьютерлік ойындардың тигізетін
әсері деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау
қабілеті дамуының ғылыми-теориялық тұрғыдан негіздеу, баланың логикалық
ойлауына компьютерлік ойынның әсерін анықтау.
Зерттеудің нысаны: мектеп жасына дейінгі ересектер тобының балалары.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі ересектер тобындағы балалардың
логикалық ойлау қабілетінің дамуына компьютерлік ойындардың әсерін анықтау
жұмыстары.
Зерттеудің міндеттері:
- мектепке дейінгі ересектер тобы балаларының логикалық ойлауына
қатысты психолого-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау;
- мектеп жасына дейінгі баланың ойлау қабілетін дамыту жолдарын
анықтау;
- ересектер тобындағы балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына
эксперименталдық зерттеу жұмысын жүргізу.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: мектеп жасына дейінгі
балалардың даму заңдылықтары туралы ілімдер, логикалық ойлау, ақыл-ойының
өзара бірлігі жөніндегі қағидалар, баланың дамуы туралы теориялар,
психологиядағы, педагогикадағы тұжырымдамалар мен бағдарламалар, соның
ішінде компьютерлік ойындар баланың логикалық ойлауына әсері жайлы
еңбектері құрайды.
Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша педагогикалық, психологиялық
әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау; озат тәжірибелерді жинақтау,
бақылау, әңгімелесу, талдау, педагогикалық эксперимент.
Зерттеу базасы: Алматы қаласының №15, №18 балалар бақшасы (2 ересектер
тобының балалары: 25 бала эксперименталды топ; бақылау тобында 25 бала)
Барлығы 50 бала қатысты.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу тақырыбының көкейкестілігі, қарама-қайшылығы,
мәселесі және мақсаты, міндеттері және зерттеу әдістері таңдалды.
Екінші кезеңде зерттеу тақырыбына сәйкес әдебиеттер тізімі дайындалып
талдау, салыстыру жүргізілді және оның негізінде негізгі тұжырымдар
дайындалды.
Үшінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша тәжірибелік-эксперименттік
жұмыстар жүргізіліп, оның тиімділігі дәлелденді. Зерттеу міндеттері бойынша
қорытынды дайындалды.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, мектепке дейінгілердің оқу іс-
әрекетінде компьютерлік дамытушы ойындарды қолданса, логикалық ойлау
қабілеті артады, қызығушылығы жоғары болып, бір орында отыру, зейін,
қабылдау т.б. психологиялық қабілеттерін арттырады, өйткені компьютер
қазіргі заманның талабына сай, интерактивті білім беру жүйесіне кіретін
құрал болып табылады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін
балабақша тәрбиешілері мен мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту маманығының
оқытушылары, педагогтар, студенттер қолдануы мүмкін.
Диплом жұмысының құрылымы:Дипломдық жұмыс кіріспе, екі тарау,
қорытынды, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысанасы, пәні,
міндеттері, болжамы, әдіснамалық негіздері, әдістері мен негізгі кезеңдері
беріледі, практикалық мәні, мазмұндалады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілеті дамуының
теориялық негіздері атты бірінші тарауда зерттеудің ғылыми-теориялық
негізі тұсында мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін
анықтаған ғалымдар еңбектерін талдай отырып, балалардың ойлау
ерекшеліктерін зерттеуге арналған ғылыми әдістемелік әдебиеттер талданды
және дипломдық жұмыстың зерттеу тақырыбы, зерттеу жұмысының ғылыми аппараты
анықталды.
Ересектер тобындағы балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына
арналған эксперименталдық зерттеу жұмысы атты екінші тараудаересектер
тобындағы балалардың логикалық ойлау қабілетінің дамуына
арналғанәдістеменің жүйесі талданып, тәжірибелік-эксперименттік сынақтан
өткізіп, анықтау, қалыптастыру эксперименттерінен ұсынылған бағдарлама,
педагогикалық шарттары өткізіліп, әдістемесінің тиімділігі
дәлелденді.Мектепке дейінгі мекеме балаларының ойлау қабілеті, даму
ерекшеліктері, зерттеу нәтижелері талданды, ересек тобындағы балалардың
логикалық ойлау қабілетін дамытатын компьютерлік ойындар топтамасы
жүргізілді.
Қорытындыда зерттеу міндеттерін шешудегі нәтижелері тұжырымдалды.
Компьютерлік ойындар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау
қабілетінің дамуына жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыруды ғылыми тұрғыда
негіздеу, баланың ойлау қабілетін дамыту жұмыстарын ұйымдастырудың
ерекшеліктері, зерттеудің практикалық мәні мектеп жасына дейінгі балаларды
компьютерлік ойындар арқылыойлау қабілетін дамытудың әдістемелері ұсынылды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімінде 70 әдебиеттер тізімі беріліп,
баланың ойлау қабілетін дамыту жұмыстарын зерттеген, оның әдістемесін
зерттеген еңбектер тізімі берілген.

1 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТІ ДАМУЫНЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектеп жасына дейінгі баланың ойлау қабілетін дамыту жолдары

Баланың логикалық ойлау қабілеті дегеніміз – қарапайым математикалық
алғашқы ұғымдарын меңгертуден басталады десек қателеспейміз. Оны жүйелі
түрде шыңдау тәрбиешінің басты міндеті.
Педагогика және психология зерттеулері бойынша балалық шақ – баланың
жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы, демек адамгершілік
қасиеттер, ақыл –ойы, логикалық және басқада қасиеттерін қалыптастырудың ең
негізгі кезеңі болып табылады. Баланың ақыл –ойының дамуы тек белгілі бір
білім көлеміне емес, танымдық іс-әрекет амалдары мен тәсілдерін игерумен
бірге еске сақтау, ойлау, елестету, танымдық шығармашылық қабілеттерінің
дамуын тұтас қамтиды. Бала дамуы үшін есте сақтауы мен ойлау қабілетінің
мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта мен білім, білік дағдысының
қалыптасуы, есте сақтау және ойлау қабілетімен тығыз байланысты. Баланың
ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, арнайы
жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі анализ, синтез, салыстыру, топтастыру
жалпылау, тұжырымдау логикалық амалдарынан тұрады. Ойлаудың осы амалдарын
қолдана алуынан балалардың оқу әрекетінің жемісі көрінеді. Бұл жөнінде
М.Жұмабаев: Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым
ауыр. Сондықтан тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап
істеу керек -деген [43].
Логикалық ойлауды дамыту туралы сөз етпес бұрын логика туралы қысқаша
айтып кетейін. Логика (грек тілінен алынған logic –сөз, ой, ойлау, ақыл
–ой) ойлаудың заңдылықтары мен түрлері туралы ғылым. Обьективтік пікірлерге
негізделген процесс логикалық ойлау деп, ал дұрыс ойлаудың формалары мен
заңдары туралы ғылым логика деп аталады. Ойлау аса күрделі психологиялық
процесс. Бұлардың ішінде психология мен логиканың орны ерекше. Психология
бірнеше жас ерекшеліктердің ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни
жеке адамның ойлау ерекшелігі мен заңдылығын қарастырса логика –бүкіл
адамзатқа ортақ ой-әрекет заңдары мен формаларын айқындайды, ол адам ойының
нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пайым, дәлел сияқты ой формаларының
табиғатын зерттейді. Ойлау ерекшелігін таным мен ой процесінің сатысы
ретінде зерттеу ойлаудың білім мен тікелей байланысты екенін айқындайды
[44].
Баланың қажеттілігі мен қызығушылығын түсіне білу, балалардың ой -
өрісін іс – қимылын жан – жақты дамыту тәрбиешінің басты міндеті.
Балалардың логикалық қабілетін дамытуда қарапайым математиканың алғашқы
ұғымдарын ойын арқылы үйретудің заттары әр түрлі геометриялық пішіндерден
құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың
жұмбақтар жаттаудың маңызы зор. Өйткені жасырын тұрған ойдың нені меңзеп
тұрғанын ойлап табу баланың ми қыртысының жұмысын шыңдайды, логикалық ойлау
сезімін қалыптастырады. Логикалық ойдың ерекшелігі қорытындылардың
қисындылығы да олардың негізіне сай келуі. Логикалық ойлауға түскен құбылыс
түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Логикалық ойлауы
дамыған бала шығармашылыққа, ойлана әрекет етуге, өзінің іс-әрекетін
талдауға үйренеді.
Мектепке дейінгі білім беру үшін компьютерлік ойындар мультимедиалық
интерактивтік оқытатын бағдарламалар болып табылады және баланың танымын,
зияттық іс-әрекет тәсілдерін, қоршаған орта бейнесінің тұтастығын, құндылық
бағыттарын және т. б. дамытуды қалыптастыруды қамтамасыз ететін баланың
біртұтас ақпараттық білім беру ортасын жасауға бағытталған болады.
Балалар үшін ойын – бұл әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың бір ғана
тәсілі. Ойын – бұл танымдық іс-әрекет, ол оны қоршаған табиғат пен
әлеуметтік ақиқат туралы баланың ойлануының өзіндік практикалық формасы
болып табылады.
Мектеп жасына дейінгілердің мақсатқа бағытталған интеллектуалдық
біліктіліктердің ақылдың дамуын зерттеуші Венгер, Поддьяков жұмыстарында
көрсетіледі, олардың есептеуінше ақыл дамуының бір жолы ретінде
біліктіліктің құрылымы әртүрлі заттардың түрін көрсеткіші және нақты
заттардың байланысы мен қатынастарында көрініс табады. Оқытудың қазіргі
заманғы концепциясының тұжырымдамасы бойынша, қарапайым біліктілікті
меңгерудің негізі болып логикалық ойлауды дамыту және балаларды есептеуге
ғана емес, ойлануға да үйрету болып табылады.
Ересектер тобындағы балалардың логикалық ойлау біліктілігін
қалыптастыру үшін баланың күнделікті іс-әрекетінде ойын қызметінің түрлі
формасын ұйымдастырған жөн. Ойын қызметі баланың байқалмаған
интеллектуалдық қабілеттерін ашуға көмектеседі, олардың дамуына ақыл –ой
жұмыстары, түрлі ситуацияларды балалар қызыға орындайды. Компьютерлік ойын
түрлері және ойын ситуациялары арнайы жасалған.
Компьютердегі дидактикалық және оқытушы ойындарды қолдану біршама
артықшылықтарды береді. Компьютерлік ойындардың басқа ойындардан
айырмашылығы бар: ол ересектер тобындағы балаларға қызығушылық тудырады.
Қимыл, дыбыс, дисплейдегі экран түсі ақпаратты қызығарлықтай етіп береді,
сондай ақ жұмыстың жаңа түрі балада оқуға деген қызығушылығы артады.
Компьютер арқылы баланың әлеуметтік оқшаулануының алдын алуға болады,
сондай-ақ баланың интеллектуалдық мүмкіндігін анықтауға болады.
Компьютерлік ойынның, басқа ойындардан айырмашылығы бала өзінің қиялын,
ойынын, шығармашылығының динамикасын қалыпқа келтіре алады. Мұның барлығы
баланы мектеп жасынан бастап нәтижелерін дұрыс бағалай білуге, қызметінің
жүру барысын ойластыра алады, осының барлығы баланың логикалық ойлауының
дамуының негізі болып табылады.
Мектепке дейінгі мекеме жұмысында компьютерлерді пайдалану мәселесі
өзінің теориясын әлі құрған жоқ, ал практика эмпирикалық деңгейде ғана даму
үстінде. Арнайы сабақтарда компьютерлерді пайдалану эксперименталды
балабақшаларда ғана өткізілуде, онда компьютерлік ойын комплекстары мен өз
әдістері, бағдарлама сериялары құрастырылуда.
Мектепке дейінгі ұйымдарда білім сапасын арттыру аса маңызды мәселе, ол
үшін жалпы және негізгі жағдайларды жақсарту басты міндет болып табылады.
Біріншіден, білім мен тәрбие беруге арналған дамытушы ортаны жабдықтау
қажет десек, ол мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен
құндылықтарын сақтайтын, баланың балалығына бағытталуы шарт. Екіншіден,
тәрбие мекемесінің басшысы мен тәрбиеші педагогтар қауымы кәсіби
шеберліктерін үнемі шыңдап, білімін жетілдіруге жүйелі көңіл бөліп, ұжымның
шығармашылық бағыт-бағдарын айқындап, оны жүзеге асыруға белсенділікпен ат
салысуға және жағымды психологиялық ахуалдың тұрақтануына ықпал ету қажет.
Сондай-ақ, отбасының сұранысы мен талап-тілектерін қанағаттандыру және
білім мен тәрбиенің балаға берілген үрдісі жайында ата-анамен үнемі
бірлескен ынтымақты негізде жұмыс істеу де өте маңызды. Үшіншіден,
балабақшада еңбек етуге толық жағдай жасалып, тәрбиелеу мен білім берудің
технологияларын сауатты меңгеріп, жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдер жүйесін
кәсіби шеберлікпен игеріп, оны тәжірибеде пайдалануға шығармашылықпен үлес
қосып отырса. Баланы тәрбиелеу, дамыту және білім беру мәселелерінде отбасы
мен балабақша ұжымының бірлескен өзара тығыз байланыста болуы. Білім беру
жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Бұл мақсаттар
өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Баланы өмірге
дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму барысы: Зердесін, эмоциясы мен
сезімдерін, күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын, өзіне-өзінің
сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруін дамыту, танымдық үрдісін,
өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту, өзін-өзі көрсете алуына, өзін-
өзі жетілдіруге ынтасын дамыту А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір
бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі
арта түседі. алты жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап
ажырата бастап, олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді.
Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын
анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге
талаптанады. Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным
ынтасы дейді. Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды,
көп нәрселер оларды ойлантады. Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың,
құбылыстардың сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа
сұрақтар туады. Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені,
олардың түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше
сұрақтар балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын
сипаттайды. Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға
тырысқан жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан
жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден мүмкін
[45]. В.С.Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп
жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы
регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани
және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген
қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты әлеуметтiк
қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары болу, өзi жасай
алу сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады [46].
Мектеп жасына дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан
қиялдың дамуын төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (екі жастан алты-жеті
жасқа дейінгі аралықта): бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне
байланысты бір заттан басқа бір затты көре бастауы; екінші кезең – қиялдың
ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы; үшінші кезең – ойындағы
рөлдерге байланысты өзгеруі; төртінші кезең – бала қиялында өзіндік
көркемдік шығармашылықтың басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы). О.М.
Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала дамуында
қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады. Танымдық қиялдың
басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде бейнеленуі. Сезімдік қиял,
белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық болғанда, баланың өзіндік Мені
қалыптасқанда және оның құрастырудағы бір механизм болады [47]. C.Л.
Рубинштейннің зерттеуінде қиялдың даму қызметінде үш түрлі компонентті
бөліп көрсетті: көрнекілікке сүйену; өткен тәжірибесін қолдану; ерекше ішкі
позицияны қолдану. Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің
айрықша орнын анықтап, зерттеуге мән берілді. Мектеп жасына дейінгі кезеңде
қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі алғышарттары болып келеді, өйткені
балалар қоршаған ортаны, адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік
көзқараспен қабылдайды. Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Оның
айтуынша Қиял – бұл образдық форманы іске асыру, өзгеріске енгізу деп
түсіндіреді. [48]. Л.С. Выготскийдің тұжырымына сүйенсек, Бала қиялының
дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын
барлық образдар, қаншама таңғажайып болып көрінгенмен де, баланың өмірден
көрген-білгенінен негізделеді. Кейде бала өмірде кездескен кейбір
жағдайларды өзіндік қабылдаумен түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген
таңқаларлықтай болып естіледі. Л.С. Выготский мен А.Н. Леонтьев қиялдың
ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп қарауға мән береді
[49-50].
Ойын үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай белсенділіктерін
арттырады. Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал
бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни
ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл
болмақ. Ойын дегеніміз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын
құралдың бірі. Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, дене
шынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін
пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл-ойын
дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі
балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау
мүмкіндіктері жақсы дамыған. Тіл дамыту, сауат ашу сабақтарында да
рөлдік,сюжеттік ойындарды қолдануға болады. Рөлдік ойындар мектепке дейінгі
балалардың өмірінде елеулі орын алады. Бұл ойындар ұзақ та, қысқа да болу
мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеті болып
табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындықты көрсету
болып табылады. Мысалы Дүкен ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып
алушы әрекеттеріне еліктейді., ал Мектеп болып ойнағанда мұғаліммен
оқытушының әрекетіне еліктейді. Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді
бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне
пайдалануға төселдендіруге болады. Ұлттық қазақ ойындары: Қыз қуу,
Орамал тастау, Асықтар, Бәйге ойындары. Бала өмірінің кезеңі ойын
арқылы жетіледі. Ойындар әр топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі.
Тәжірибе барысында ойындарды көп қолдандық. Сабақ барысында да, күннің
жартысында да жүргізілді. Баланың тілін жетілдіру үшін оны әңгімеге тарта
отырып, баланың сөздік қорын жаңа сөздермен толықтырып, түсінігін молайту
қажет. Баланың тілін дамытуда ойын түрлерін жүргізу арқылы, ойын шарттарын
айта отырып та байытуға балады. Мысалы: Қуыршаққа қонаққа бару, Мен
кіммін, Қуыршақты киіндіреміз, Шарбақты құрастыру, Көлемі бойынша
қой деген секілді ойын түрлерін қолдануға болады. Кез келген ойын түрлерін
сабағымен тақырыбына сай таңдап аламын. Әсіресе дидактикалық ойындарды тіл
дамыту сабақтарында пайдаланудың тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Сабақты бекіту, баланың шығаршашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін
ойындар сабақтың тақырыбына, мазмұнына сай таңдап аламын. Мысалы: Телефон
ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты- бір нәрсе жайында сұралап,
баланың оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып
табылады. Рөлдік ойындар мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын
алады. Бұл ойындар ұзақа та ,қысқа да болуы мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар
бейнелеу құралы рөл мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан
бұлар көбінесе еліктеу, шындықты көрсету болып табылады. Мысалы Дүкен
ойынын ойнағанда балалар сатушы сатып алушының әрекеттеріне еліктейді.
Шаштараз, Отбасы ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға,
күнделікті өз өмірлерінен алған білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға
төселдендіруге болады. Педагог өтілген ойынға талдау жасап, оның балаларға
тигізген тәрбиелік ықпалы бағалауға, өз тобындағы сюжетті-рөлді ойындарының
одан әрі басшылық ету тәсілдерін ойластыруға тиіс. Қойылымдық ойындарда
рөлдер, ойын әрекеттері қандай шығарманың, ертегінің т.б. сюжеті мен
мазмұны шарттас болады. Ол сюжетті-рөлді ойынға ұқсас.
Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, ертегі айтып берсең бар ынтасымен
тыңдайды. Ертегі балалардың ой-қиялын, сөздік қорын дамытады. Құрылымдық
ойындар- балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді
алуан түрі құбылыстарды және соларға байланысты іс-әректтерді бейнелеу
болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас
келеді. Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір жолдар, театрлар,
цирктер т.б. ірі құрылыстар салады. Дидактикалық ойындар кішкене балаларға
мейлінше тән оқыту формасы болып табылады, оның арғы тегі ойынды өлең мен
қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсені үйрететін ойындарды жасаған халық
педагогикасында жатыр. Мысалы: Сиқырлы қалпақтың сырын ашайық- деген
ойынды ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта білуге үйрету,
олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті-
қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактикалық ойындар айналамен танысу
сабағында, әдебиет, сабақтарында жиі қолданады. Бала тәрбиесі қиын да,
жауапты міндет. Ол қоғамның, заманың бағыт-бағдармен, тыныс-тіршілігімен
бірге жүріп отырады. Осы орайда кез-келген бүлдіршін үшін бала тәрбиесі ата-
анасына берілген тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөзсіз.
Балабақшада тәрбиеленушілердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыруда негізгі
жұмыс түрі - ойын әрекеті. Бала саналы, мәдениетті, адамгершілігі мол болып
, жан-жақты дамуы үшін және тілін дамытып, сөз байлығын дамыту үшін және
айналадағы өмір құбылысын ұғыну үшін пайдаланудың маңызы зор. Ойын үстінде
баланың түрлі қасиеттері, қабілеті мен белсенділігі де көрінетіні туралы
аса көрнекті педагог А.С.Макаренко былай дейді: Ойында бала қандай болса,
өмірде кәсіби қызмет саласында, көбінесе сондай болады. Сондықтан
келешекке адамды тәрбиелеу- бәрінен бұрын ойын арқылы жүзеге асыралады.
Ойын- балалар үшін айналадағы танып, білу тәсілі. Ойын әрекеті мазмұнынан
әлеуметтік сипаты баланың қоғамдық өмір сүретіндігімен байланысты. Ол
алғашқы айлардан бастап-ақ маңайындағылармен қарым-қатынас жасауға
ұмытылады, соның арқасында жасау құралы, күш қуаты тілді біртіндеп
меңгереді. Ойын- бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын ойнағанда бөлме теңіз
де, ұшақ та темір жол вагоны да болуы мүмкін. Балалар ойын кезінде тыныш
отыра алмайды. Тіпті жалғыз баланың өзінде де сөйлесіп жүреді. Сондықтан,
ойын барысында тілдесім үлгісі қалыптасады. Ойындар мазмұнына қарай, өзіне
тән ерекшеліктеріне қарай сюжетті-рөлді, драматизациялық, дидактикалық
құрылыс ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.
Мектеп жасына дейінгі ұйымдардың алдында тұрған негізгі мақсат –
балаларға білім бере отырып ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын арттыру,
оқуға ынтасын ояту. Мектеп жасына дейінгі кезеңінде алған білімдерді бала
өз іс-әрекетінде қолдануға машықтанады және ой қорытынды жасай алу, себеп-
салдарды анықтау, түсінік беру, ойлау қабілетінің дамуы анық көріне
бастайды және осы кезеңде баланың ойлауы нақты-бейнеліден абстрактылы
ойлауға қарай дамиды, заттарды тиісті ұғымдарға жатқызып, өзінің ойын
дәлелдеуге үйрене бастайды. Дәлелдеу үшін бала тиісті жүйе – логикалық
ойлауға сүйенеді. Логикалық ойлау анықтылығымен, бірізділігімен,
дәлелділігімен ерекшеленеді. Мектеп жасына дейінгі балаларының логикалық
ойлауын дамытуға біріншіден – айнала қоршаған ортаны танып білу, екіншіден
– баланың тапсырмаларды шешуге деген өзіндік талаптардың күшеюі, үшіншіден
– сөздік қорының кеңеюі әсер етеді.
Логикалық ойлауды дамыту үшін іс-әрекеттерді нақтылы заттар мен
жағдайлардың орнына белгілер түріндегі сөздер сандар арқылы игерудің алғы
шарттары, бұрын айтылғандағыдай, сәбилік шақтың соңында, бала санасының
белгілер функциясы қалыптаса басталғанда қаланады. Бұл уақытта бала бір
затты белгілеуге өзге бір заттың, суреттің, сөздің көмегімен оның орнын
ауыстыруға болатындығын түсіне бастайды. Әйтседе сөз бен белгілердің басқа
түрлерін бала өздігінен ойлау міндеттерін шешуге қолдана алмайды. Көрнекі-
әсерлі әсіресе көрнекі-бейнелі ойлау сөйлеумен тығыз байланысты. Сөйлеудің
үлкендер баланың іс-әрекетіне басшылық жасайды, олардың алдында практикалық
және танымдық міндеттер қояды, оларды шешудің тәсілдерін үйретеді. Баланың
өзінің сөйлеу арқылы айтып жеткізетіндері, осы әркеттің өту барысы мен
нәтижелерін баланың түсіне білуі жағдай жасайды, міндеттердің жолын
іздестіруге көмектеседі. Сөйлеу жоспарлаушы функцияға ие болғанда оның мәні
бұрынғыдан да арта түседі [51].
Мектепке дейінгі кезеңдегі балаға алғашқы білім беру, тәрбиелеу
жұмыстары барысында түрлі әдіс-тәсілдерді ойын түрінде үйлестіре қолдану,
оқыту мен тәрбиелеу мазмұнын жаңарту арқылы баланың логикалық ойлау
қабілетін арттырудың негізгі мақсаты.
- танымдық, білімдік, іскерлік қасиеттері жан-жақты дамыған еркін ойлы,
тілі жетік, ерікті-жігерлі, өзіне сенімді балдырғанды келесі білім сатысына
- мектепке дайындау;
- баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту жұмысының қаншалықты маңызды
екенін ата-аналарға түсіндіре, жеткізе отырып, оқыту-тәрбиелеу жұмыстарына
ата-аналарды қатыстыру;
- баланың логикалық ойлауын дамыту бағытында тәжірибеде жүргізілетін
жұмыстар: оқыту мен тәрбиелеу жұмысын баланың жас ерекшелігі мен өзіндік
ерекшеліктерін ескере отырып, мектепке дайындау, мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбиелеудің бағдарламасы мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандарты талаптары негізіндерінде ұйымдастыру;
- балалардың бір орнында ұзақ уақыт отырып қалмауын, жалығып кетпеуін
ескеріп сабақтарды ойын түрінде ұйымдастыру (қимылды - әуенді ойын-
жаттығулар, қимылды-қозғалыс барысындағы тапсырмалар, шағын топтар жұмысы,
тапсырмаларды алма-кезек ауыстырып орындату, эстафеталық ойын барысындағы
тапсырмалар және т.б.);
- логикалық ойлау қабілеттеріне арналған тапсырмаларды (жұмбақ
суреттер, ситуациялық тапсырмалар, тест тапсырмалары, ертегі негізіндегі
тапсырмалар және т.б.) түрлендіре қолдану;
- балалардың өздерінің талаптануы, өзіндік қалауы еркіндігіне жағдай
жасап өзіндік іс-әрекеттерді орындау, бастаған жұмысты аяқтау
іскерліктеріне, өз ойларын еркін жеткізуге бейімдеу;
- көмекті қажет ететін балалармен жеке жұмыс түрлерін жүргізу;
- психологиялық ойындар, жаттығулар қолдану арқылы балаларға жан-жақты
жағдай жасау, жағымды микро ахуал туғызу;
- ата-аналарды сабақтарға, күн тәртібі бойынша жүргізілетін тәрбиелік
шараларға, тестік байқауларға, ойын сауықтарға, т.с.с. басқа шараларға тек
бақылаушы ретінде ғана емес, білімдік, танымдық жұмыстарда үлес қоса
отырып, балаларына білікті көмек көрсете алатындай жағдайда қатыстыру;
- балаларды мектепке дейінгі мекемеде педагогикалық және психологиялық
тұрғыдан дайындау мақсатында бастауыш сынып ұстаздарымен қарым-қатынаста
болу.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлауының дамуы екі негізгі
саты арқылы өтеді.
Бірінші сатыда балалар нақты заттарға немесе оның дәл баламаларына,
бейнелеулерге сүйенеді. Балалар заттар мен жағдайларды олардың қандай да
бір жеке сыртқы белгісі бойынша бағалайды. Балалардың ой қорытулары көрнекі
алғы шарттарға, қабылдау деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау логикалық
дәлелдер негізінде емес, қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен
жүзеге асырылады. Бұл кезеңдегі балалар жасайтын жинақтау заттардың көзге
түсетін белгілерінің күшті қысымымен болады. Бұл сатыда туындайтын
жинақтаулардың көпшілігі заттар мен құбылыстардың бетінде жататын нақты
қабылданған белгілер мен қасиеттерді қамтиды. Балалар жасаған жаттығулар
нақтылы бақылау жағдайларына, олардың егжей-тегжейлі сөзбен сипаттауға
сүйенетіндей етіп беріледі. Мұндай материалдарды салыстыруда балалар ұқсас
белгілерді табады және оларды тиісті сөздермен сипаттайды. Білімді толық
жинақтаудың негізгі критерийі баланың алған білімге сай келетін нақтылы
мысал келтіре білуі болып табылады. Осы кезеңде оқытудың көрнекілік
ұстанымын кеңінен қолдануға негіз болады.
Жүйелі оқу әрекеті негізінде бес-алты жастағы балалардың ойлау сипаты
өзгереді. Ойлаудың дамуының екінші кезеңі осы өзгерістермен байланысты. 5-6
жаста ұғымдар арасындағы қатынасты көрсетуді талап ететін тапсырмалар
көлемі ұлғая береді, балалар ұғымдардың кейбір белгілері арасындағы тектік-
түрлік қатынасты, яғни топтастыруды игереді. Екінші кезеңнің аяғына қарай
балалардың көпшілігі бұрынырақ жинақталған ұғымдары шеңберінде оларды ойша
талдау мен құрастыру арқылы қорытынды жасайды.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытудың
маңызды факторы, баланың психикалық, ақыл-ой іс-әрекет тәсілдерін
қалыптастыруға мүмкіндік беретін бүкіл оқу үдерісін жолға қою.
Бала бұл кезеңде де өзін ойлау іс-әрекетінде сөзбен емес бейнелермен
пайдаланады. Бұл балалар алдарынан шығатын көбіне ойлау іс-әрекеттерін
орындауды талап ететін міндеттерді шешетіндіктен және өз ойын сөзбен айтып
жеткізе алмайтын жағдайларға әдейі бұрын бұзып қойған ойыншықтарды
бергенде, көп жағдайда бұзылудың себебін дұрыс анықтап, оларды жөндей
білді, бірақ неліктен сол істелгенін сөзбен айтып бере алмайды, тек
ойыншықтардың болмашы белгілерін көрсетті. Осындай жағдай кнопканы баса
отырып қуыршақты ойыншық қаланың ішімен жүргізілетін ойын ойналғанда да
болады. Балалар қуыршақтың қимылын басқарады жақсы үйреніп алды, оларды
тағайындалған орындар мүлтіксіз дұрыс жеткізеді, бірақ әдеттегіше жеке
кнопкалар қуыршақтың қозғалыстарымен қалай байланысқанын айта алмайды.
Сөз бейнелерді пайдаланбай-ақ ақыл-ой мәселелерін шешуге мүмкіндік
беретін дербес ойлау құралы ретінде қолданылып бастауы үшін бала адамзат
жасаған ұғымдарды сөз арқылы бекіген заттардың белгілері мен болмыс
құбылыстарының жалпы әрі маңызды белгілері жөнінде білімдерді игеру тиіс.
Ұғым өзара бір білімнен екінші білім шығарарлықтай үйлесімді жүйелерге
біріккен. Ол жүйе заттардың өзінің не бейнелердің көмегінсіз-ақ ақыл-ой
мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Мысалы: барлық сүт қоректілер өкпемен
демалатындығы жөнінде жалпы ережені біле отырып және киттің де сүт қоректі
екенің түсінгеннен кейін оның да өкпесі бар екендігі жөнінде қорытынды
шығарамыз.
Балалар игеретін сөздердің мәні бұл сөздерге үлкендердің беретін мәніне
біртіндеп жуықтай бастайды. Баланың ойлауы көрнекі бейнелі болып қалып
отырғанда сөздер ол үшін заттар, іс-әрекеттер, қасиеттер, қатынастар
жөнінде түсінік білдіреді. Үлкендер балалармен қарым-қатынаста жиі
қателеседі, өйткені олар сөздердің үлкендер үшін де, мектеп жасына дейінгі
балалар үшін де, мәні бірдей деп шамаламайды. Шындығында балалар, белгілі
заттарға, жағдайларға, оқиғаларға қатысты сөздерді дұрыс бағыттай білуді
біршама терең тез меңгере де егжей-тегжейлі зерттеу балалардың түсінік
сөздері мен үлкендердің ұғым сөздерінің арасында айтарлықтай айырмашылықтар
балатынын көрсетті. Түсінік ұғымға қарағанда болмысты қунақы әрі айқын
белгілейді, бірақ ұғымға тән айқындыққа, анықтылыққа, жүйелікке ие бола
алмайды. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды.
Ұғымдарды қалыптастыру үшін түсініктерді пайдалануға болады. Ұғымдардың
өзінде және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын да
балалар ғылыми білімдер негізделген барысында меңгереді. Ұғымдарды жүйелі
меңгеру мектептегі оқу процесінде басталады. Бірақ кейбір ұғымдарды
мектепке дейінгі ересек балалар арнайы ұйымдастырылған оқыту жағдайларында
үйреніп алатындығын зерттеулер көрсетті. Мұндай оқытуда алдымен оқылатын
материалдарға балалардың ерекше сыртқы бағдарлау іс-әрекеттерінің көмегімен
заттардан және олардың қатынастарынан ұғымның мазмұнына кірерліктей басты
белгілерді айыра білуге керекті әдістер мен құралдарды алады. Мектепке
дейінгі баланы мұндай әдісті дұрыс қолдануға және алынған нәтижені оған
түсінікті схемалық формада ұстап қалуға үйретеді. Мысалы: бұйым сандық
қасиеттері мен қатынастары туралы ұғымдарды қалыптастырғанда балаларды
өлшемдер сияқты құралдармен пайдалануға үйретеді. Өлшемдер шаманың қабылдау
мен түсініктігі бірігіп кеткен көлемнің түрлі параметрлерін –
(көрсеткіштерін) ұзындық бір түрлі өлшеммен, аудан екінші түрлі өлшеммен,
көлем үшінші түрлі өлшеммен, салмақ төртінші өлшеммен өлшенетіндерін – бір-
бірінен бөліп, ажырата білуге мүмкіндік береді. Өлшемннің арқасында сан
сыртқы әсердің ықпалсыздығын объективті түрде анықталады. Балалар, өлшеу
нәтижесін белгілі бір таңбамен белгілеп бөліп қояды, мысалы, өзара бірдей
таяқшаларды қатарға тізеді. Егер баларға берілген көрсеткіш бойынша екі
затты өзара өлшеу арқылы салыстыру қажет болса, онда балалар таяқшаларды
екі қатарға орналастырады және әр қатардағы таяқшаға екінші қатардың
таяқшасы дәл келетіндей етіп тізеді. Шаманың берілген көрсеткіші бойынша
(ұзындық, аудан, көлем, салмақ) заттардың қатынастарының схемалық бейнесі
шығады. Егер таяқшалардың бір қатары ұзынырақ болып шықса, онда осы қатарға
бірдей екендігі байқалады.
Ұғымды бұдан әрі қалыптастырудың барысы баланың сыртқы іс-әрекеттерінен
ойша іс-әрекеттерге өтуді ұйымдастырудан тұрады. Мұнда сыртқы құралдар
сөздік белгілеулермен алмастырады. Тиісті міндеттерді ала отырып бала
нақтылы өлшемді пайдалануды доғара бастайды, оның орнынан өлшеу мүмкіндігін
көздей отырып сан жөнінде пайымдай бастайды. Бұл пайымдауларда баланы
заттардың сыртқы түрінің өзгеруі шатыстыра алмайды, білім тікелей әсерден
күштірек болып шығады. Ұғымдар жасалуда көрнекі-бейнелі ойлауды меңгергенге
қарағанда сыртқы бағдарлау іс-әрекетінің формасы ғана өзгеріп қоймайды, бой
үйрену процесі де басқаша сипатта болады. Нақтылы іс-әрекеттің сөз арқылы
толықтай ой жүгіртуімен алмастыру, сол іс-әрекеттің көздерін сөз арқылы көз
алдында елестету бала үшін міндетті сала бола бастайды. Ақырында, пікір
айту есіттіріліп емес, іште жүргізіле бастайды, пікір айту азая келеді де
дерексіз логикалық ойлау іс әркетіне айналады. Мектепке дейінгі шақта
баланың дерексіз логикалық ойлау іс-әрекеттерінің ерекше түрлі
математикалық сандармен және таңбалармен (+,-,=) жасайтын амалдар жатады.
Сөздерді қолдану сияқты балалардың сандармен математикалық таңбаларды
қолдану да логикалық ойлаудың тиісті нормаларын меңгергендігін көрсете
бермейді. Бала сандар мен математикалық таңбаларды нақтылы заттардың
топтарымен немесе сондай заттар жөніндегі түсініктерді орындайтын іс-
әрекеттермен байланыстыра, бөле және біріктіре отырып қолдана алады. Бірдей
жастағы балалар сандарды қолдану мен есептеудің, қарапайым арифметикалық
есептерді шығарудың түрлі тәсілдерін қатар қолданып жүреді.
Негізінде баланың логикалық ойлау қабілеті қарапайым математикалық
алғашқы ұғымдарды меңгеруден басталады. Себебі, бала сөйлей бастаған кезден
өзінің мекен-жайын, телефон нөмірін жаттайды. Міне, сан, санау да осыдан
басталады. Бірақ бастапқы математикалық білімді бейнелерге сүйене отырып
меңгеру кейінірек балалар мектепке матиматиканы жүйелі түрде үйренуге
кіріскенде айтарлықтай қиындықтар туғызады. Сондықтан мектеп жасына дейінгі
балаға кез келген заттардың сандық қатынастарының сипаттамасы ретінде
таңбалармен іс-әрекет жасауды бейнелерге сүйенбей үйрету ретінде
қалыптастыру, мектепке дейінгі шақта ақыл-ой дамуының маңызды жағы болып
саналады. Мектепке дейінгі бұған қоса матиматикалық ұғымдар мен амалдарды
игеру жағдайында толықтай қол жеткізуге болатындығын зертттеулер көрсетіп
отыр. Оны жүйелі түрде дамыту ата-ана мен тәрбиешінің, қоршаған адамдардың
– басты міндеті. Сезім тәрбиесі - түйсік пен қабылдаудың қатар дамуы.
Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ бала өзін қоршаған заттардың
қасиетін түсінуге талпыныс жасайды. Балада заттарды қабылдайтын көру
дағдысы оянады. Бұл кезде затты танып білу үшін бүлдіршіндер оның түр-
түсіне мән бермейді, заттың құрылымына (пішініне) көңіл бөледі.
Балалардың логикалық ойлау ұғымдарын ойын арқылы үйретудің,
математикалық диктант жазудың, заттарды әр түрлі геометриялық пішіндерден
құрастырудың, ауызша есеп шығарудың, көру арқылы салыстырудың, қиялдаудың,
жұмбақтар жаттаудың маңызы өте зор. Өйткені, жасырын тұрған ойдың нені
меңзеп тұрғанын ойлап табу үшін баланың ми қыртыстырының жұмысы шыңдалады.
Яғни, логикалық ойлау сезімін қалыптастырады. Ойын арқылы мектеп жасына
дейінгі балалар іс-әрекет кезінде айналадағы өмірден алған білімдерін,
әсерлерін, жинақтаған тәжірибелерін өз бетінше іс жүзіне асырады.
“Ойынарқылы бала өз еркімен қоршаған ортаның негізгі ерекшеліктерін
зерттейді ” - деген Э.Эриксонның сөзі дәл және анық айтылған [52].
Қоршаған орта, қоғамдық өмірдегі құбылыстар, олардың арасындағы
байланыстары мен қатынастары, адамның алар орны, табиғат пен оның
құбылыстары, өсімдіктер мен жануарлар туралы білімдері дамиды. Оларды
орындау барысында бала заттар мен құбылыстардың мәнді белгілерін
айқындайды, кейбір дерексіз ұғымдарды сипаттауды, уақыт қатынасын, себеп-
салдар, көлем, өлшем туралы түсініктерді игереді. Олар сөздерді еркін
қолданады, өз пікірін айтуды, оны негіздеуді, қарапайым заңдылықтарды
анықтауды, салыстыруды, талдауды, пайымдау логикасын, ойлауды үйренеді.
Сөздік қоры, тіл байлығы артады, сюжетті әңгімелер құру қабілеті дамиды.
Ойлауды дамытудың оқытуға тікелей байланысы осы дамуды мақсатқа
бағыттап басқаруға, оқытудың ойлау іс-әрекеттерінің белгілі типінің
қалыптасуына себепкер боларлықтай етіп құруға мүмкіндік береді. Бұл
мектепке дейінгі балалық шақта келешек өмірі үшін ең басты мән алатындығы
жөніндегі мәселені қоюға түрткі болады.
Психикалық дамудың жалпы заңдылықтары туралы мектепке дейінгі шақ
бейнелі ойлаудың дамытуға бағытталған үйретуге ерекше сезімтал, нәзік
келетіні, ойлаудың логикалық формаларын меңгерудің шамадан тыс жылдамдату
амалдары бұл жаста қолайлы болмайтындығы жөнінде айтылған. Отбасында ата-
ананың ықыласы мен мейірімінен нәр алған бала балабақшада тәрбиешілердің 
шұғылалы шуағына бөленеді. Баланың бойындағы жақсы қасиеттер мен
мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де тәрбиелі болып тәрбиеленуіне
тәрбиешілердің маңызы зор. Балаларды тәрбиелеуде  ойын әдісінің маңызы
көп.Мектепке дейінгі жастағы баланың ойынға деген құлқы, қарым- қатынасы,
мінез- құлық көріністері олар өсіп- есейгенде де жалғасы береді. Ойын
барысында бала өзін қоршаған үлкендер сияқты, өзінің сүйікті әңгімелері мен
кейіпкерлері сияқты өмір сүреді, әрекет жасайды. Ойынды қолданумен бірге
ойлауға, тілді дамытуға, шығармашылық әрекетін байытуға бағыт алады.
Баланың ойын кезіндегі қимыл- қозғалысы дене бітімін жетілдірсе, ал қарым-
қатынастағы пайымдаулары өзіндік таным- түсінік, мінез- құлық әдептерін
бекітуіне әсер етеді. Бала ойын арқылы бір әрекеттен екінші әрекетке ауыса
отырып, өзіне түрлі ақпараттар алады, дүние сырын ашады.
Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың негізгі іс-әрекеті ойын
болғандықтан балалардың оқу үдерісіне ену кезеңі. Психологтардың,
педагогтардың әрекеттеулерінше, баланың мектепке дейінгі кезеңдерінің
ішінде, әсіресе, мектепалды кезеңі баланың танымдық, шығармашылық
қабілеттерінің дамуына ең тиімді және қолайлы кезеңге жатады. Себебі осы
кезде балалардың танымдық іс-әрекеттерінің психологиялық негізі қалыптасады
және елестету, армандау, шығармашылық ойлау және ойлау операциялары талдау,
жинақтау, жалпылау. салыстыру және т. б жете дамиды.

1.2 Ересектер тобындағы балалардың ойлау қабілетінің даму ерекшелігі

Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой
қорытындыларының обьектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау
деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың
шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен
салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен
қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен
қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде
көрсетіледі.
Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, А.Н.Леонтьев, логикалық ойлау
ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше логикалық ойлау
дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды
қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі
Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.А. Парамонова,
Л.Н.Венгер еңбектері жарық көрді [53-55].
Жоғарыдағы авторлардың пікірлерінше Логикалық ойлауды дамыту
дегеніміз:барлық логикалық ойлау операцияларын (талдау, жинақтау,
салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;
белсенділігін, өзбеттілігін дамыту.
Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық
сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс. Логикалық ойлау дегеніміз – логика
заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді тұжырымдарды қолдануға
негізделген ойлаудың бір түрі. Баланың логикасын дамыту ұғымдарын өсіру,
оқу-тәрбие үрдісіндегі ұдайы жүргізілетін жұмыс.
Логика адам ойлауын өзінің нысанасы ретінде қарастыратын ғылым
болғандықтан оны философия, психология, педагогика, әлеуметтану, жоғары
жүйке қызметінің физиологиясы және басқа ғылымдардың зерттеу пәні.
Философия өз пәні ретінде тұтастай ойлау мазмұнын, адамдардың әлемге деген
көзқарасы мен әлемнен алатын орнын, олардың таным қабілеттерін зерттейді.
Адамның жоғарғы жүйке физиологиясы адам ағзасында өтетін физиологиялық
үдерістердің механизімі мен заңдылықтарын қарастырады. Психология адамның
түрлі топтарының ойлау ерекшеліктерін, олардың өзара әрекетін айқындайды,
олардың жас ерекшелігіне қарай дене және психикалық дамуын зерттейді. Ал,
педагогика ғылымы оқыту мен тәрбиені ерекше бірлік пен бүтіндік деп танып,
өсіп келе жатқан ұрпақты қоғам өміріне үйрету мақсатына бағытталған қызметі
ретінде зерттейді.
Кез келген ғылымдағыдай, логиканың өз заңдары бар, ол айрықша заңдар.
Олар, бір жағынан, ойлаудың негізгі қасиеттерін бейнелейтіндіктен ғылым
заңдарына, басқа жағынан, дұрыс ойлауға қойылатын негізгі заңдарды құрайды.
Ол заңдарға қайшылық заңы, тепе-теңдік, үшіншісінің болмау заңы және
негіздеу заңы. Логиканың формалары мен заңдары дұрыс орындалуы арқылы
балалар білімдерді меңгереді және логикалық ойлайды.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде баланың логикалық ойлауын дамыту негізгі
кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың
негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми
білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді. Тәжірибе барысында жасөспірімдерде
ой тұтастығының сақталмауы байқалады. Мұндай қателерді болдырмау үшін
баланың ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал –
тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу қажет.
Мектеп жасына дейінгі кезең, балада іс-әрекетінің қалыптасуының өте
ыңғайлы кезеңі. Балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту білімді,
дағдыны және шеберлікті белсенді меңгеру үрдісін мақсаты бағытталған түрде
басқару, оқушылар танымының қажетті әдістері мен тәсілдерін қамтамасыз
етеді. Әйтседе бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл бұзылыстары бар балалардың мектепте оқуға психологиялық даярлық деңгейін анықтау
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктеріне теориялық сипаттама
Мектепке дейінгі ұйымдардағы балаларға сюжетті - ролдік ойындарды қолданудың теориялық негіздері
Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау қабілеттерінің даму ерекшеліктері
Мектептегі оқу процесінің нәтижелі болуына танымдық әрекеттердің психологиялық әсерін зерттеу
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
Байланысты сөйлеуді дамыту - балалардың сөйлеу тәрбиесінің басты міндеті
Мектепке даярлық тобындағы балалардың мнемикалық қабілеттерін диагностикалау ерекшеліктері
Кіші топтағы балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру
Пәндер