Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары


Дәрістер кешені.
1-тақырып - Мектепке дейінгі білім беру сапасының әдіснамалық тұғырлары
Жоспары:
1. Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары: тұлғаға бағдарлы тұғыры.
2. Тұғыр - білім беру үрдісінің тиімділігін арттыратын кешенді педагогикалық құрал.
Еліміздің өркениетті елдер қатарына қарыштап қадам басуы болашақ ұрпақты оқыту, тәрбиелеудегі басты тұлға педагог мамандардың кәсіби әзірлігіне талапты күшейтіп отыр. Бүгінгі студент болашақ тәрбиеші, ұстаз, әдіскер, зерттеуші. Осыған қарай Қазақсатан Республикасының жаңа формация педагогының үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында жаңа формация мұғаліміне қойылатын талаптардың бірі «Болашақ мұғалімдердің теориялық білімін тәжірибе жүзінде қолдана білуге даярлығын қалыптастыру» делінген.
Қазіргі білім берудің әлемдік кеңістікке бет бұру қарсаңында баланы мектепке дейінгі кезеңнен тәрбиелеудің инновациялық технологиясын меңгерген психологиялық-педагогикалық диагностиканы негізге алатын, педагогикалық үдерістегі қалыптасқан қабілетті, нақты іс-әрекетте өзіндік із қалдыруға икемді, шығармашыл, зерттеуші, интегративті ойлауға бейімді педагог талап етіледі.
Елбасының «Интеллектуалды ұлт-2020» жобасында қазіргі заманның білім берудің перспективалы міндеттерін атай келе, интеллектуалдық әлеует пен терең ақылымен, шексіз қызығушылығымен, өмірлік күш қуатымен ерекшеленуі тиіс деп бүгінгі жастарды іздемпаздыққа, шығармашылыққа, өздігімен білім алуға, жаңаны жасауға шақырады.
Қазіргі кезеңдегі нарықтық саяси-экономикалық жағдайдағы іргелі бетбұрыстардың қоғамдағы әлеуметтік жағдайларға әсер етуі ғаламдану үдерісінің рухани өмірімізде қарқынды дамуы жеке тұлға мен қоғам арасында жаңа қатынастар туғызады. Ең бастысы білім беру жүйесінің әлемдік білім кеңістігіне толығымен кіруге беталысы, ұлттық бәсекелестікке қабілеттілік бірінші кезекте тұлғаның білімділік деңгейімен анықталады. . Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жылдам өзгеріп отырған дүние жағдайларында алынған терең білімнің кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуде өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамтытуға және өздігімен дұрыс, адамнершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру жоғары оқу орындарында тұлғаның ғылыми ойлау белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана білуге үйрету қажеттілігін міндеттейді.
Педагогикалық зерттеу әдістерінің әдіснамалық негізі бойынша адамның қоршаған әлемге қатынасы практикалық және абстрактілі - теориялық (танымдық) түғырлармен байланысты шешіледі. Біріншісі адамның өзгермелі ортаға тез бейімделуі, екіншісі ақиқаттың заңдылығын тану мақсатын көздейді. Бірақ ғылыми таным ақиқатқа суйіспеншіліктен ғана емес, әлеуметтік қажеттілігін өтеу мақсатын жүзеге асырады. Соңғы жылдары педагогика ғылымында «тұғыр» деген ұғым білім беру үрдісінің стратегиясы және тактикасын белгілеуде қолданылып келеді. Сондықтан мектепке дейінгі білім берудің кез келген мәселесін шешуде әдіснамалық тұғырлар негізге алынады. Көптеген ғалымдар тұғырды білім беру үрдісінің тиімділігін арттыратын кешенді педагогикалық құрал деп түсіндіреді. Зерттеу жұмысының ғылыми негіздерін анықтауда әдіснамалық тұғырларды бөліп шығару бұл саладағы өзекті мәселелерді олардың иерархиялық ретімен анықтауға, осы мәселені шешудің стратегиясы мен тактикасын айқындауға, тәжірибелік жұмыстың жоспарланған нәтижелерін болжамдауға мүмкіндік береді.
Тұғыр - педагогикалық нысананы зерттеудегі тәсілдер жиынтығының қатынасы. Сондықтан зерттеу мәселесінің әдіснамалық негізін нақтылауда немесе шешуде тұлғаға бағдарлы, аксиологиялық, іс-әрекеттік, құзыреттілік тұғырларын басшылыққа алынуы шарт.
Тұлғаға бағдарлы тұғыр - бүкіл педагогикалық үдеріс пен құбылысқа жеке тұлғалық позициямен қарау, оның құрылымын, даму заңдылығын тексеру.
Білім берудің мақсат, міндеттері мен мазмұны мемлекетіміздің білім берудегі ізгілік пен демократиялық идеяларға негізделген стратегиялық бағытын айқындайды. Аталған идеяларды жүзеге асыру білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа үлгісін оқыту үдерісіне енгізу арқылы мүмкін болатыны белгілі. Осындай жаңа білім беру үлгілілерінің бірі - тұлғаға бағдарлы педагогика. Бұл педагогика мектепке дейінгі балалардың тұлға ретінде өзін -өзі жүзеге асыру мақсатындағы тәжірибеге бағыттау және оны есепке алуды қажет етеді. Осыған орай зерттеудің әдіснамалық бағытының бір түрі - тұлғаға бағдарлану тұғыры болып табылады. Педагогикалық сөздіктерде : « Тұлғаға бағдарлану тұғыры - қазіргі педагогиканың теориялық - әдіснамалық негіздері, баланың дара, шығармашылық ерекшеліктерін ашу және есепке алу» деп анықтама берілген . Тұлғаға бағдарлану тұғыры әлемдік деңгейдегі практикада қолданылып, бірнеше жолдары белгілі болып, тұлғаның рухани және зияткерлік сапаларының қалыптасуына бағытталады. Тұлғаға бағдарлану тұғыры - баланың субьектілі тәжірибесіне, өмірлік жеке тәжірибесіне сүйену арқылы даралығын, шығармашылығын дамыту және тұлға ретінде өзін - өзі дамытуға жағдай жасау. Бүгінгі таңда педагогикада оқытудың түрлі үлгілері мен технологиялары жасалуда, олардың әрқайсысы « тұлғаның дамуы», «оқыту тұғыры», «тұлғаға бағдарлы білім беру » ұғымдарын өзгеше түсіндіреді
Ә. Мұханбетжанованың зерттеуінде «тұлғаға бағдарлы білім берудің негізгі ерекшелігі педагогикалық технологияға қатысты қарастырылады. Оның негізі түсіндіруден- түсінуге, монологтан- диалогқа, әлеуметтік бақылаудан- дамытуға, басқарудан өзін- өзі басқаруға көшу, ал педагогтің негізгі міндеті қарым- қатынас болып табылады». Тұлғаға бағдарлы білім берудің басты идеясы оқыту үдерісіндегі субъектілік қатынастарды қалыптастыру болып табылады.
. Ғ. Қарашев «Мен бала тәрбиешісінің бала болуын артық көрер едім. Осындай болғанда тәрбие берушінің шәкіртіне ең жақын жолдас, ең сенімді сырлас болып, оның түрлі жолдарымен ортақтасар, бөлісер еді. Баланың әрбір істейтін ісі «сен солай ет» деп айтылғаннан емес, сол нәрсені істеуі өз ойынан болуы», - деген тұжырымынан баланың іс- әрекетіне үнемі тиым салу, оның көнбіс, жуас, өзіне қажеттіні ала алмағанда да шыдамды сыр білдірмейтін етіп шығаруға болады.
К. Өстеміровтың зерттеуінде білім беру сатыларының ерекшелігіне байланысты мектепке дейінгі білім беруде- жеке тұлғаға бағдарлана тәрбиелеу және дамыту, бастауыш мектепте- субъективті бағдарлана оқыту және дамыту, базалыққ білім беру сатысында- жеке тұлғаға бағдарлана тәрбиелеу, бітіруші сатысында- жеке тұлғаға бағдарлана оқыту, мектептен кейінгі білім беру сатысында- жеке тұлғаға бағдарланған кәсіби білім беру деп бөліп көрсеткен.
2. Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары: іс-әрекет тұғыры .
Жоспар:
- Іс-әрекет ұғымының мәні мен мазмұны.
- Педагогикалық әрекет және оның пайда болу түрлері.
Психологиялық-педагогикалық ғылымдарда кез келген білім беру жүйесінде оқыту, еңбек тек жеке тұлғаның білім алудың негізгі шарты немесе тәсілі ретінде ғана қаралмайды, оның дамуының алғышарты болуы тиіс деп есептелінеді. Соңғы жылдары педагогика ғылымында «тұғыр» ұғым деген білім беру іс-әрекетінің стратегиясы және тактикасы ретінде қолданылып келеді. Ш. Таубаеваның пікірі бойынша тұғыр- қойылған зерттеу міндеттемелерін шешудің негізгі жолы, ол осы шешімдердің бағыты мен стратегиясын ашады. Әдіснаманың философиялық деңгейінде материалистік диалектика тұрғысынан жеке тұлға дамуының негізі, құралы және шешу шарты- іс-әрекет. Бұл факті педагогикалық зерттеулерде және тәжірибелерде іс-әрекет тұғырының жүзеге асырылуын қажет етеді. Филососфтардың пікірінше, іс-әрекет- бұл адамдардың қоршаған дүниедегі ақиқатты жаңадан жасауы, оның бастапқы формасы еңбек.
«Үлкен Энциклопедялық сөздікте» және философиялық энциклопедияда: “іс-әрекет- адамның қоршаған әлемге белсенді қатынас формасы, мазмұны жағынан мақсатқа бағытталған өзгерту және қайта жасау . . . ” Ю. К. Плетников: “Іс-әрекет әлуеметтік іс-әрекетті жүзеге асырудың тәсілі ғана емес, сонымен бірге қоғамдық қатынастар мен оны өзгерту тәсілдерін енгізу”. Т. Ғабитов: “Адам іс-әрекеті саналылығымен ерекшеленетіндігі белгілі, өйткені іс-әрекет басталмай тұрып, оның қалаулы нәтижелері субъекті санасында туады, қалыптасады және нақтыланады”.
Педагогикалық зерттеулерде іс-әрекет тұғырын қолдану объектісіне қарау «тәрбиенің іс-әрекет тұғыры», «оқыту тұғыры» деген ұғымдар қолданылып келеді.
Қысқаша педагогикалық сөздікте «Тәрбиенің іс-әрекеттік тұғыры- қазіргі педагогиканың теориялық-әдістемелік негіздері баланың қызықты, нақты әрекеті арқылы тәрбие процесін ұйымдастыруға бағытталады».
Қорыта айтқанда, Іс-әрекет тұғыры- нақты ғылыми-әдіснамалық ұстаным ретінде танылады. Педагогикалық процесті кайта құру немесе өзгерістер енгізудің алғашқы формасы - еңбек. Баланың жас ерекшелігі кезеңдерінің бірізділігі заттық-манипуляциялық, ойын, оқу, еңбек іс-әрекетінің түрлерінің тікелей эмоционалды қарым-қатынасымен анықталады. Бұл іс-әрекеттің түрлері жеке тұлғаның дамуының іртүрлі кезеңдеріндегі жетекші іс-әрекет ретінде анықталады.
Іс-әрекеттің негізгі төрт түрі белгілі: еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас. Олардың әрқайсына көптеген психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің қай-қайсының болмасын көптеген түрлері бар, сондықтан әрқайсының ең маңызды ерекшеліктеріне тоқталайық.
Еңбек әрекетінің мәні - өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету. Бұл еңбек өндірісі әлеуметтік негізделген, саналы аңғарылған, ал нәтижесі - алдын ала болжанған, жоспарланған. Еңбектің психологиялық аспектерін, еңбек әрекеті жағдайындағы психиканы мақсат-бағдарлы түрде психологияның арнаулы саласы - еңбек психологиясы қарастырады. Адамның еңбек әрекетінің аясы зор және көптүрлі болғандықтан еңбек психологиясының көп қырларын қазіргі психологияның басқа да салалары қарастырады (жалпы, педагогикалық, әлеуметтік, спорт, шығармашылық психологиялары) .
Оқу әрекеті - тұлғаның қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні - оқу әрекетінің субъектісі.
Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.
Әрекет ретіндегі қарым-қатынасқа екі қасиет тән. Біріншіден, қарым-қатынас пәні келесі адам болады, субъект не адамдар тобы. Екіншіден, бұл әрекет үш аспектіні біріктіретін кешен: перцепция (қарым-қатынасқа қатысушылардың бірін-бірі қабылдауы), коммуникация (әңгімесушілер арасындағы ақпарат алмасу) және интеракция (әрекеттесу) . Аталған қарым-қатынас компоненттерінің тұтастай қарым-қатынаста алатын орыны түрліше болады, бұл олардың әр-түрлілігін түсіндіреді.
3. Мектепке дейінгі білім беру сапасын басқарудың әдіснамалық тұғырлары: құндылық тұғыры .
Қай ғасырда болсын халық ұрпағын өзіне дейінгі қоғамда қолы жеткен жалпы адамзаттық құндылықтарды жинақтап, қоғамдық-тарихи тәжірбиесін игеруді мақсат еткен. Әр бір қоғам өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, іс-әрекеттегі өмірлік тәжірбиесін пайдаланбай өмір сүрген емес. Бүгінгі таңда мәселенің қалыптасуын зерттеуден құндылықтар теориясы немесе аксиология «грек тілінде (ахіс» - құндылық және «logos» - ілім) теориясы қалыптасқан. Философиялық, психологиялық, педагогикалық создіктерде аксиология - құндылықтар жаратылысы, оның нақтылықтағы орны мен құндылықтың әлемдегі құрылымы, яғни әлеуметтік және мәдени факторлар мен тұлғаның құрылымы арасындағы әр түрлі құндылықтар байланысы туралы ілім деп түсіндіріледі.
Аксиология (грек, axios - құңды, logos - ілім) - құндылықтардың табиғаты, олардың әлеуметтік шындықта аталған орны және құндылық әлемінің құрылымы туралы философиялық ілім.
- «Құндылық» ұғымына тұңғыш рет анықтаманы Р. Лотце, Г. Коген берген.
- С. Р. Нұрмұратов рухани құндылықтар әлеміне әлеуметтік философиялық тұрғыдан талдау жасады.
- А. Г. Асмолов, Б. С. Гершунский, В. А. Сластинин, В. Н. Максимова, Е. Н. Шиянов, Г. К. Нұрғалиеваның зерттеулерінде аксиология тұғырының теориялық негізін қалаған.
- Ш. А. Амонашвили, И. А. Колесников педагогика ғылымында сонңғы он жылда білім берудің жаңа парадигмасы тәжірбиеде аксиология тұғыры бойынша адамның ішкі әлеміне бағдарланып, оның құндылығына, мотивіне, ерік, әсерленуіне көңіл бөлуді ескертеді.
- Аксиологиялық зерттеудің маңызды жақтарына психоанализ (Әсіре-Мен, Құндылық архетиптерін талдау - К. Юнг), құндылықтар сұхбаты (М. Бахтин), т. б. жатады.
Денсаулық сақтау құндылығы:
Денсаулық сақтауға құнды бағдар дегеніміз- ол адамның әрдайым түрлі жағдайларда өзінің ойлары мен мен іс-әрекеттерін денсаулығын сақтауға бағыттай алуы.
Ол құндылықтар:
- адамгершілік құндылықтармен сақтану.
- зиянды әрекеттерден аулақ болу
- дене еңбегімен сақтану.
- күн тәртібінің болуы.
- тамақтану тәртібін қадағалау
- өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау.
- салауатты өмір салтын ұстау .
Мәдени қалыптарға құндылық .
Өмірдегі мәдени қалыптарға құндылық қатынас орнату оқушының өзін-өзі күту мәдениеті, экология мәдениеті, еңбек ету, экономикалық мәдениеті, құқықтық, рухани, адамгершілік арқылы тәрбиелеу жатады.
Оқушыларды мәдени қалыптарға құндылық негізінде тәрбиелеуде жұмыс түрлері мынадай бағытта жүргізіледі
- тәрбиелік іс-шараларға қатысу
- үйірме жұмыстары
- кітапханамен байланыс
- мәдени мұра
- табиғатқа саналы көзқарас
Әлеуметтік қатынас құндылығы.
Адам өміріндегі әлеуметтік қатынасқа құндылық бағдар қалыптастыру - бала тәрбиесі үшін аса маңызды құндылық.
Өз ортасын, жолдастарын, ата-анасын, ұстаздарын сыйлау, қоғамдық қатынастар мәдениетін игеру, қоғамдық қызмет түрлерін түсіну, өз құқығын білу, қорғау- осы құндылық арқылы жүзеге асады.
Бұл жұмыстың бағыттары:
- Отбасы және оның әлеуметтік орны.
- Құрбылармен қатынас.
- Қоғамдық қатынас мәдениетін игеру.
- Құқық негіздерін үйрену.
Құндылықты бағыттар жеке адамның негізгі әлуметтік мүдделерін көздеп, оның қызметінің стратегиялық бағытын анықтайды. Құндылықты бағыттар индивидтің өмірлік позициясы, оның көзқарасы, адамгершілік қағидалары түрінде болады. Құндылықты бағдардың дамуы -тұлға кемелінің белгісі, оның əлеуметтенуінің көрсеткіші, құндылықты бағыттардың тұрақты бірлігі тұлғаның келесідей сапаларының дамып, орнығуына себепші болады: тұлғаның тұтастығы мен сенімділігі, белгілі мұраттар мен принциптерге адалдық, осы мұраттар мен принциптерді іске асыру жолында ерік күшін аямауға қабілеттілік, өмірлік ұстанымдарға орай белсенділік, мақсатқа жетуде табандылық пен өжеттік.
- Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеуге қажетті әдіснамалық тұғырлар.
Тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру жүйесі:
- Танымдық (В. И. Загвязинский, Г. Қ. Нұрғалиева, т. б. ) Жалпыадамзаттық құндылықтар. Ұлттық құндылықтар. “Адам- Қоғам-Табиғат“ жүйесіндегі құндылықтар. Тұлға - қоғамда және қоғамдық дамудағы негізгі құндылық
- Мәдениеттану (М. Н. Скаткин, И. Я. Лернер, В. В. Краевский, А. Сейдімбек, Ж. Наурызбай, т. б. ) Тұлғаны жалпыадамзаттық мәдениетті меңгеруге бейімдеу. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлттық мәдениеттің жиынтығының тұлға бойында көрініс беруі. Мәдениет аясында жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыруы.
- Өркениеттiк (Г. Б. Корнетов, т. б) Жалпыадамзаттық мәдениет пен құндылықтарды тұлға бойына менгертуге ықпал ету. Ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды кіріктіру арқылы жалпыадамзаттық патриоттық құндылықтар жүйесін қалыптастыруға бейімдеу.
- Жүйелілік (С. А. Смирнов, Г. А. Уманов, Т. С. Сабыров, т. б. ) Ақиқатты жүйелілік тұрғыдан қабылдау. Ұлттық, қазақ, қазақстандық, жалпыадамзаттық патриоттық құндылықтар жүйесі тұрғысынан іске асыруға бағыттау
- Тұлғалық (Л. С. Выготский, С. Л. Рубинштейн, А. А. Бейсенбаева, Ж. И. Намазбаева, т. б. ) Тұлғаны құндылық ретінде қабылдау. Тұлғаның субъектілік тәжірибесінің ерекшілігі (даралығы) . Тұлғаның әлеуеті мен мәндік күшін ашуға бағыттау. Тұлғаның қатынастар жүйесі мен бағдарының өзара әрекеттесуі.
- Іс-әрекеттік (С. А. Смирнов, Ж. А. Қараев, т. б. ) Объектінің біртұтастығын және оның тетіктерін ашуға бағыттау. Алдына мақсат қоя білу, іс-әрекетін жоспарлау, бақылау, баға беру.
- Әлеуметтік (А. М. Новиков, А. В. Мудрик, В. А. Сластенин, З. У. Кенесарина, т. б. ) Тұлға тәрбиесі - әлеуметтендіру үрдісі. Тұлғаның дамуына ықпал ететін әлеуметтік орта мен тәрбиелік кеңістікті орнықтыру. Әлеуметтік қарым-қатынас негізінде тұлғаның патриоттық құндылығын қалыптастыруға бағыттау.
Балаларға патриоттық тәрбие беру мәселесін зерттеуге қажетті әдіснамалық тұғырларға төмендегідей талдау жасалынды:
- Танымдық әдіснамалық тұғырлар - тәрбиеленіп отырған ортаның, ұлттың, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың мәдениетін баланың қолдана алуы. Бала - отбасының жеміс берер гүлі, алтын тіреу діңгегі болғандықтан да, тәрбиенің негізі осы кішкентай нәресте кезден басталуы керек. Ұлттық тәрбие бесіктен басталады. Отбасындағы ата мен әженің, әке мен шешенің, апа- қарындас, аға-інінің бір-бірімен күнделікті өмірдегі қарым-қатынасы, мінез- құлқы - ұлттық тәрбиенің бастау бұлағы. Этностық тәрбие - жеке тұлғаның этноәлеуметтік рольдер жүйесін игеруін мақсатты түрде реттеу.
- Балалардың мәденилік принципінің мәні бала тәрбиеленіп отырған ортаның, ұлттың, қоғамның, мемлекеттің, аймақтың мәдениетін қолдана алуы. Н. Б. Крылова бойынша мәденилік принцип - метапринцип, тәрбие мен білім беру, бір жағынан, мәдениеттің ерекшеліктері мен талаптары бірқалыпты болса, екінші жағынан, әлеуметтік қайта құруға қабілетті, яғни тек қана оның нормалары мен құндылықтарын тасымалдаушы ғана емес, жаңа мәдени формаларды ұйымдастырушы. Тәрбие мен білім берудің қабілеттілігі - мәдениеттің мәнін, қарқынын, мазмұны мен компоненттерін көрсетіп, мәдени өзін-өзі анықтауға және сәйкестілендіруге (идентификациялауға) шарттар тудыру. Бұл принцип бойынша тәрбие мен білім беру жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде пайда болып, оларға қайшылыққа келмейтін этно-ұлттық мәдени құндылықтар мен нормалар және аймақтық дәстүрлерге сәйкес құрылады.
- Өркениелік тұғырлары - өмір бойы жалғасатын біртұтас үздіксіз үрдіс, оның даму барысында адамның этнос субъектісі ретінде этностық құндылықтарды, этноәлеуметтік рольдерді және өз халқының салт- дәстүрлерінде шоғырланған этностық нормаларды меңгеруі, этностық өзіндік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастыру болып табылады.
- Тұлғалық тұғырлар - әр ұлт өзінің ұлт болып қалыптасуында өзінің рухани мәдениеті: әдебиеті, өнері, ғылымы арқылы мінез-құлық, болмыс, сана-сезім ерекшеліктерін анық көрсетеді. Сөйтіп, өзінің өмір сүру ұзақтығы, мәдениетінің ұрпақтан-ұрпаққа беріліп, ұлт бастамасы «баланың» өз мәдениетіне ену мүмкіндігімен анықталады.
- Іс-әрекеттілік - когнитивті, аффективті, мінез-құлықтық сәйкестілік компоненттері арқылы анықталады. Олар: Когнитивті компонентке жас ерекшелігіне этникалық өзіндік идентификация, ана тілін үйренуге талпыныс, өз халқының және басқа да этностардың тарихын, мәдениетін және ұлттық ерекшеліктерін білу жатады. Аффективті компонентке жеке тұлғаның сезімінде көрінетін сипаттамалар кіреді. Мінез-құлықтық компонентке мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың әрекетіндегі білім, эмоция, сезімдердің көрінуі, мінез-құлық ережелерін сақтауы жатады.
- Әлеуметтік тұғырлар - құндылықтарды, этноәлеуметтік рөлдерді және өз халқының салт-дәстүрлерінде шоғырланған этникалық өзіндік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, мәдениетіне деген мақтаныш сезімін және басқа ұлт өкілдеріне сыйластық, түсіністік сезімін қалыптастырады. Корыта келе, мектепке дейінгі жастағы балаларды патриоттық тәрбиелеу ерекшеліктері айқындалғаннан кейін, мынадай талаптар туындайды:
1) мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбие мен оқытудың мазмұны, түрі және әдістері гуманизм мен қоғамды демократияландыру рухына сәйкес құрылуға тиіс;
2) мектеп жасына дейінгі кезеңнің ерекшелігі сол, бұл кезеңде баланың адамгершілік қасиеттері, білімдік дағдылары мен икемділіктерінің негізі қалыптастырылуы қажет;
3) мектеп жасына дейінгі кезеңге қойылатын аса маңызды талап − балалардың танымдық қызығушылықтарын қалыптастырып, білімдерін жинақтау мен жүйелеу, олардың айналадағы құбылыстар туралы негізгі түсініктері мен қарапайым ұғымдарын қалыптастыру;
4) балаға мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық үдеріс арқылы қазақстандық рухани құндылықтарға сай адамгершілік, мәдениет негіздері дариды. Ұлттық мінез-құлық, талғампаздық, талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыру;
5) мектепке дейінгі ұйымдарға оқу және тәрбие мәселелерін шешуде өзіндік білімін пайдалана алатын, танымдық әрекеттері мен ойлануы жеткілікті даму деңгейіне көтерілген, жоғары білікті мамандар даярлау;
6) баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына, әлеуметтену процесіне ерекше көңіл бөлу.
Мектепке дейінгі ұйымдарда патриоттық тәрбие процесіне тән ерекшеліктер:
- мақсатты бағыттылық (мақсаттың түсінікті болуы нәтиже тиімділігінің кепілі) ;
- мақсаттар бірлігі (тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы қызметтестіктің көрсеткіші) ;
- нәтиже ұзақтығы (оқу процесіндегідей нәтиже бірден көрінбейді) ; - көп жағдаяттылығы (тұлға көп әрі сан қилы ұнамды да, ұнамсыз да ықпалдарға кезігеді. Тәрбие барысында олар реттеледі. Тараптардың тұлғаға болған ықпалы өзара сәйкес келсе, тәрбие нәтижесі тиімді болады.
- ауыспалылығы (тәрбиеленуші мақсатты, көзделген және кездейсоқ әсерлерге бірдей кезігіп отырады) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz