Термограф және гигрографтың құрылысы және жұмыс істеу принципі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Термограф және гигрографтың құрылысы және жұмыс істеу принципі.
Дайындаған: :Жүргенбай М.А
Тексерген: Сүлейменова А.Р
Көптеген метеорологиялық станцияларда берілген бақылау мерзімдерінде ауа температурасын өлшеп қана қоймай, олардың өзгерісін үздіксіз тіркеп отырады. жолымен анықталады. Ауа температурасының өзгерісін тіркеу үшін өздігінен жазатын деформациялық термометр - биметалды сезімтал элементі бар метеорологиялық термограф М-16АС қолданылады.
Термограф (гр.there -- жылулық және grapho -- жазамын) -- температураның өзгеруін автоматты түрде жазып отыратын метерологиялық аспап. Термографтың жұмыс істеу принципі сезгіш элементтің бимелталдық тілімшенің ауа температурасы өзгергенде деформациялануына негізделген. Температура қағаздан жасалған таспаға өздігінен жазатын аспаппен жазылып отырады.
Ауа температурасының өзгерісін тіркеу жыл бойы үздіксіз жүргізіледі. Термограф метеорологиялық алаңда өздігінен жазатын аспаптар тұратын будкада орналастырылып, оның биметалды пластинасы жерден 2 м биіктікте орналасуы керек. Ауа температурасының өзгерісін тіркеу арнайы диаграммалық бланкаларда (ленталарда) ЛМ-4р № 1052 жүргізілуі қажет.
Бақылау мерзімінде, яғни психрометрмен өлшеу жүргізер алдында термограф бланкісіне уақыт белгісін салу керек. Уақыт белгісін салу үшін будканың есігін ашып, термографтың қақпағын ашпай, оның қорабының артқы қабырғасындағы уақыт белгілегіш баспасы басылады. Осы кезде қаламұш лентаның бетіне жазу сызықтарын кесіп өтетін вертикалды сызық салады.
Термограф
Термографтың диаграммалық бланкісін ауыстыру күнделікті белдеулік декреттік уақыт бойынша 14 сағатқа жақын бақылау мезгілі алдында, термографтың бланкісіне уақыттық белгі түсіруден бұрын жүргізіледі. Термографтың диаграммалық бланкісін ауыстыру келесі тәртіппен жүргізіледі:
1) аспап қорабының қақпағы ашылады;
2) қаламұш барабаннан алшақтатылады;
3) бланкі соңының жоғарғы бұрышына (қарындашпен) жазу біткен уақыт (яғни қаламұштың барабаннан алшақтатылған уақыты) 1 мин дәлдікпен жазылады;
4) барабан жоғары көтеріліп, орталық осьтен шығарылады;
5) барабандағы бланкіні ұстап тұрған қысқыш алынады;
6) бланк барабаннан алынады;
7) аптасына екі рет белгіленген күндерде сағат бұрау кілтімен барабанда көрсетілген бағыт бойынша бұралады;
8) барабанға жаңа бланкіні салғанда оның төменгі шеті барабанның төменгі жиегіне, ал екі шеті бланкідегі қарсы шетінің астына салу керек деген жазуды ескеріп, бір-біріне қабаттастырылады да, ол қысқыштың астына келтіріледі;
9) бланкінің екі ұшындағы горизонталды сызықтарды бір-біріне келтіріп, бланкінің барабанның беткейіне тығыз жабысқанын тексеріп, бланкінің екі ұшын қысқышпен қысу керек;
10) тісті доңғалақтардың ілінісуі кезінде абайлап отырып барабан орталық оське кигізіледі;
11) қажетті болған жағдайда қаламұшқа сия толтырылады, артық сия сол сия құйылған ыдыс қақпағындағы күрекшемен алынып тасталынады;
12) диаграммалық бланкінің сағаттық бөлімдеріндегі қаламұштың орналасу жағдайы бланкіні ауыстыру уақытына сәйкес келетіндей етіп, барабанды қолмен айналдыру керек;
13) қаламұштың кері тартпасын итеріп, оны бланкіге жақындатады да, қаламұштың қалай жазатыны тексеріледі;
14) бланкінің бас жағының жоғарғы бұрышына жазудың басталуының нақты уақыты 1 мин дәлдікпен карандашпен жазылады;
15) бақылау мерзіміндегі уақыт белгісі берілген мерзімге сәйкес уақыт сызығымен сәйкестендіріле отрып, барабан орналастырылады;
16) қаламұшпен бланкіге уақыт белгісі түсіріледі;
17) қораптың қақпағы жабылады;
18) алынған бланк қызмет бөлмесіне апарылады және оның артқы жағына қаламұшпен төмендегілер жазылады:
а) станция атауы;
б) аспаптың атауы және нөмірі;
в) бланкінің салынған және алынған күндері (күн, ай, жыл);
г) бланкіні ауыстырған бақылаушының аты-тегі;
д) бланкідегі жазудың басталу және аяқталу уақыттары (бланкінің бет жағынан көшіріліп жазылады).
Термограф бланкісі аспаптан алынғаннан кейін бірден өңделеді. Бланкідегі жазуды өңдеу келесі түрде жүргізіледі:
1) жазудың сапасы тексеріледі;
2) уақыт белгілері бойынша сағаттың жүру дәлдігі тексеріледі;
3) қисықтан әр сағаттағы ордината мәндері алынады;
4) тіркеу мәліметтері мен психрометр көрсеткіштерін салыстыру негізінде қисықтың ординатасына түзетулер анықталады;
5) тіркелген шаманың түзетілген әр сағаттық мәндері және оның тәуліктегі экстремалды мәндері есептелінеді.
Қисықтың әр сағаттағы ордината мәндері бланкідегі жазудан 0,1 0С дәлдікпен алыну қажет. Алынған мәндерді бланкінің төменгі бөлігіне сәйкес сағаттарға жазу керек .Бұл кезде бланкідегі жазу қисықтан алысырақ, көрініп тұратындай етіп, карандашпен жазылады.
Қисықтың ординатасына түзетуді анықтау үшін термограф бланкісіне негізгі бақылау мерзімінде белгіленген уақыт белгілеріне психрометрлік будкадағы құрғақ термометрдің осы мерзімдердегі түзетілген көрсеткіштерін жазып алып ,олардың астын сызып қою керек. Содан кейін әр негізгі бақылау мерзімі үшін құрғақ термометрдің көрсеткіші мен термограф көрсеткішінің арасындағы айырмашылығын есептеп, оны бланкіге жазу керек. Бұл айырмашылықтар мерзімдік сағаттағы (яғни, негізгі бақылау мерзімдерімен сәйкес сағаттар) қисықтың ординатасының түзетулері болып табылады. Егер құрғақ термометрдің көрсеткіші термограф көрсеткішінен жоғары болса, түзету оң таңбалы болып саналады, керісінше жағдайда түзету теріс таңбалы болып саналады.
Бір бланкінің соңындағы келесі бланкінің басындағы қисықтың ординатасына түзетуді анықтау үшін бланкілерді ауыстыру мерзіміндегі құрғақ термометрдің көрсеткішін қолдану керек.
Мерзімдік сағаттарға арналған түзетулерді анықтағаннан кейін келесі екі мерзім аралығындағы түзетулерді сызықтық интерполяциялау арқылы аралық сағаттар үшін термографтың қисығының ординатасына түзетулер анықтау қажет. Бұл кезде мерзім аралығындағы түзетулердің сызықты өзгеретінін ескеру керек. Анықталған түзетулерді термографтың лентасындағы сәйкес сағаттарға жазу керек .
Термографтың өңделген бланкісінің үлгісі
Мерзім аралығындағы түзетулерді интерполяциялау мысалы кестеде келтірілген.
Кесте .Термографтың жазуына арналған түзетулерді есептеу мысалы
Берілгені:
Мерзім,сағ
Есеп
Мерзімдегі түзету (есептеулер
құрғақ психрометрлік термометр бойынша
термографтың жазуы бойынша
18
21
21,6
18,2
19,1
16,1
+2,5
+2,1
1) 21 және 18 сағ мерзімдер аралығындағы түзетулер айырмашылығы есептеледі: 2,1 - 2,5=-0,4
2) Осы мерзім аралықтарында әр сағат сайын түзету қалай өзгергені анықталады: 18 және 21 сағ аралығында 3 сағ өтті, яғни түзету әр сағат сайын (-0,4:3) шамасына өзгерді.
3) Аралық сағаттар үшін түзетулердің мәндері есептеледі:
Сағат
Есептеу тәртібі
Түзету
18
19
20
21
2,5+(-0,4:3) 1
2,5+(-0,4:3) 2
2,5+(-0,4:3) 3
2,5
2,4
2,2
2,1
Түзетулер анықталғаннан кейін тәуліктің әр сағаты үшін берілген сағаттағы термографтың көрсеткішіне (ордината) осы сағаттағы есептелген түзетуді (түзетудің таңбасын ескере отырып) қосу арқылы ауа температурасының мәнін есептеу қажет. Нәтижелерді бланкіге жазу керек .
Тәуліктегі ауаның максималды және минималды температурасын анықтау үшін кезекті екі бланкіден берілген метеорологиялық тәулік үшін ең жоғарғы және ең төменгі нүктелерін табу керек және сол нүктелер үшін ордината мәнін алу керек. Осы нүктелерге арналған түзетулерді жақын сағат бойынша алу керек. Егер нүкте екі сағаттың арасында орналасса, онда осы сағаттар үшін түзетулердің орташа мәнін алу керек. Ауаның максималды және минималды температураларының есептеулерін бланкінің жоғарғы бөлігіне жазу керек.Бланкіде температураның экстремалды мәндері стрелкамен көрсетіледі.
Гигрограф көне грекше: ὑγρός -- ылғал және көне грекше: γράφω -- жазу) - салыстырмалы ылғалдылығын үздіксіз тіркеу үшін колданылатын метеорологиялық аспап.
Сонымен бірге ауа ылғалдылығын өлшеу үшін, салыстырмалы ылғалдылықтың өзгеруіне байланысты майсызданған адам шашының ұзындығының өзгеру қасиетіне негізделген шашты гигрометр қолданылады. Шашты гигрометр бойынша ауа ылғалдылығын өлшеу ауа температурасы минус 10 0С-ға дейін шкаланың бұтін бөлігі дәлдігімен жүргізіледі және КМ-1 кітапшасының Гигрометр деген бағанына жазылады. Бөлім дәлдігі 1 %.
Ауа температуасы минус 10 0С-тан төмен болған жағдайда су буының парциалды қысымы, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы, ылғалдылық тапшылығы және шық нүктесі гигрометрдің түзетілген көрсеткіші және құрғақ термометрдің көрсеткіштері бойынша Психрометрлік кестелердің көмегімен анықталып, К-1 кітапшасының сәйкес бағанына жазылады.
Гигрометр көрсеткіштері тұрақты аяз (минус 10 0С-тан төмен) түскенге дейінгі бір айлық мерзімде гигрометр мен психрометрдің көрсеткіштерін салыстыру бойынша тұрғызылған ауыстыру графиктері мен кестелері арқылы түзетіледі. Сенімді ауыстырма графигін жасау үшін 100-ге жуық нүктенің болғаны жеткілікті, яғни барлық бақылау мерзімдері бойынша 100 салстырмалы өлшеулер қолданылады. Осы нүктелердің жартысы темпетаура 0-ден минус 10 0С-ге дейінгі аралықта алынғаны дұрыс. Гигрометр және психрометр бойынша параллель бақылаулар жүргізу уақытын ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz