Қан жүйесіне сипаттама


Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
СӨЖ
Тақырыбы: “ Қан жүйесіне сипаттама”
Орындаған: Болатханов Н. Ғ
Тобы: ВМ-705
Тексерген: Билялов Е. Е
Семей қаласы
2018-2019 оқу жылы
Қан (гр. haemo ; лат. sanguis - қан) - ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларыныңтұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді. Қан - ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат -плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары - эритроциттер менлейкоциттер және қан пластинкалары - тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді.
Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе - судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады.
Қан келесі қызмет атқарады:
- асқорыту - қан, ұлпалар мен мүшелерге қоректік заттарды, суды, минералды тұздарды және витаминдерді тасымалдайды;
- бөліп шығару - қан бөліп шығару мүшелері арқылы ыдырау өнімдерін шығарады;
- тыныс алу - өкпе мен ұлпалардың арасында газ алмасу процесін қамтамасыз етеді;
- регуляторлық - әр түрлі мүшелердің гуморальдық реттелуін анықтайды, ағзада гормондар мен басқа заттарды жеткізеді, олар мүшелердің қызметіне әсер етеді (күшейтеді немесе бәсеңдетеді)
- қорғаныш - қанның құрамында фагоцит қабілеті бар жасушалар болады және арнайы ақуыздар - антиденелер болады, олар улы ағзалардың көбеюіне кедергі жасайды да оларды бөліп шығарады.
- терморегуляторлық - қан ағзаның тұрақты дене қызуын сақтайды.
- Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадантұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.
Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0, 3-0, 6%, май және липидтер 0, 1%, 120 мг/% глюкоза қанты, 0, 9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады.
Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4, 5%, ά, β, γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0, 2-0, 3 % жатады. Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады.
Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардың тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының гүрақтылығының маңызы зор. Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің корсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі бүкіл ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды.
Қалыпты жағдайда қанның рН = 7, 36 тең, Бұл әлсіз сілтінің реакциясы. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.
Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1, 055-1, 063 кг/м 3 . Жаңа туған нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1, 060-1, 080 кг/м 3 . Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1, 050 кг/м 3 шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта көтеріліп ересек адамдікіндей болып, өмір бойы сол мөлшерде сақталады.
Қанның тағы да бір физикалық қасиеті - оның тұтқырлығы. Қанның тұтқырлығын судың тұтқырлығымен салыстырады. Судың тұтқырлығы 1-ге тең деп алынса, жаңа туған сәбидің қанының тұтқырлығы алғашқы күндері 10, 0-14, 8 болады. 1-ші айдың соңында ол 4, 8 дейін төмендеп шамамен тұрақты болып, осы күйінде сақталады. Оның ауытқуы онша көп емес, алғашқы 1 жаста орта есеппен 4, 6, 1-3 жасқа дейін 4, 57, 3-15 жас арасында 4, 61 шамасында болады. Дегенмен 8-11 жас арасында ғана қанның тұтқырлығы айтарлықтай 2, 9-дан 5, 5-ке дейін (орта шамамен 3, 9) ауытқиды деген мәліметтер кездеседі. Қанның тұтқырлық шамасы жынысқа байланысты емес, орта есеппен алғанда ер балаларда 4, 6, ал қыз балаларда 4, 58-ге тең болады. Қан плазмасының тұтқырлығы оның жалпы тұтқырлығына қарағанда аз, не бары 1, 88.
Сонымен, қанның құрамы, оның мөлшері, физикалық және химиялық қасиеттері шамамен алғанда тұрақты болуы тиіс. Бұл тұрақтылықты жүйке жүйесі мен гуморальдық жүйелер реттейді.
Гемоглобин күрделі зат. Ол гем деп аталатын, құрамында екі валентті темірі бар бояулы заттан және глобин белогынан тұрады. Гемоглобин өкпе қуысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглобинге айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен 0 2 пайда болады. Босаған оттегі ұлпалардың клеткаларының тотығуына қатысады, ал глобин белогы ұлпаларда зат алмасуынан майда болған көмір қышқылын қосып алып карбокси-гемоглобинге айналады. Бұл да жеңіл ыдырайтын қосынды, қанмен өкпеге барып, көмірқышыл газын босатады, глобинге қайтадан оттегі қосылады. Сөйтіп гемоглобин өкпеден ұлпаларға оттегін, ұлпалардан өкпе қуысына көмір қышқыл газын тасиды. Көмір қышқыл газы деммен бірге сыртқа шығады. Оттегі мен көмірсутегін қосып алу екі валентті темірдің қасиетіне байланысты. Кейбір жағдайда (жыланның уымен немесе аиіс газымен" уланғанда) гемоглобиннің құрамындағы екі валентті темір үш валентті темірге айналып, ол С0 2 карбоглобиндеп аталатын берік қосылысқа айналады, содан барып уланған адамның денесіндегі тотығуға оттегі жетіспей, гемоглобиннің көп мөлшері карбоглобинге айналғанда бала өліп қалады. Мұндай жағдайда уланған адамды жылдам оттегі мол жерге шығару қажет, сонда гемоглобин екі иалентті темірі бар дұрыс қалпына келіп, адам тірі қалады.
Эритроцитгер қан плазмасының осмостық қысымының әсеріне аса сезімтал болады. Осмостық қысымның төмендеуі эритроциттерді бұзып, оның құрамындағы гемоглобин қан плазмасына шығады. Соның нәтижесінде эритроциттер өзінің басты міндеті - оттегін тасымалдау кабілетінен айырылады. Гемоглобиннің қан илазмасына шығуын гемолиз деп атайды. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүрісін киындатады. Егер қанды алып, пробирканың ішіне біраз уақыт қойса оның құрамындағы эритроциттер тұна бастайды да, бетіне қанның сары суы шығады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы, қалыпты жағдайда ер адамда 3-9 мм/сағ, әйелде 7-12 мм/сағ шамасында болады. Эритроциттердің тұну жылдамдығы аурудың диагностикасында аса маңызды көрсеткіш.
Лейкоциттер
Лейкоциттер - ядросы бар қан клеткалары. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар:
- дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер;
- дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер;
- моноциттер.
Гранулоциттердің 3 түрі бар:
- нейтрофильдер,
- эозинофильдер және
- базофильдер.
Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады.
Қанның құрамындағы лейкоциттердің түрлері жануардың жасына лайықты мөлшерде шамамен тұрақты болады. Бұл тұрақтылықты лейкоцитарлық формуладеп атайды. Лейкоциттердің саны мен бір-біріне қатынасы, яғни лейкоцитарлық формула түрлі әсерлерге (ауру, ауыр дене жұмысы, ас қабылдау, Ұйқы т. с. с. ) байланысты өзгеріп отырады. Лейкоциттердің саны да сыртқы және ішкі әсерлердің ықпалынан үнемі өзгеріп тұрады.
Тромбоциттер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz