Малдың тұқымдық қасиеттерін бағалау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

СӨЖ

Тақырыбы: “Малдың тұқымдық қасиеттерін бағалау ”

Орындаған: Болатханов Н. Ғ

Тобы: ВМ-705

Тексерген: Көжебаев Б. Ж

Семей қаласы

2018-2019 оқу жылы

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлім
  1. Мал тұқымын асылдандыру
  2. Малдың сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар
  3. Малдың тұқымдық және асылдандыру кезінде қасиеттерін бағалау
  1. Қорытынды
  2. Пайдаланған әдебиеттер
  1. Кіріспе

Мал тұқымы - ауыл шаруашылық малдарының шығу тегі, дене тұрқы мен бітімі, пайдалы шаруашылық белгілері ұқсас және бұл қасиеттері тұрақты тұқым қуалайтын біртұтас топтары. Мал тұқымына шығу тегі бір болғанымен генотипі әр түрлі, ата-тегінің құнды қасиеттері ұрпағына берілетін асыл тұқымды малды іріктеп алады. Мал тұқымы өзіндік ерекшеліктері бар әр түрлі құрылымдық бөліктерден (аймақтық тип - бейім мал, яғни жергілікті жағдайға бейімделгендіктен өзіне ғана тән белгісі болатын бір тұқымға жататын мал тобы; зауыттық тип; аталық із және аналық ұя, т. б. ) тұрады. Осы ерекшеліктер мал тұқымы құрылымының күрделі екендігін көрсетеді. Ал бұл күрделі құрылым мал тұқымын асылдандыруда бірден бір басшылыққа алынатын - заңдылық. Мал тұқымы қарапайым, зауыттық және ауыспалы топтар болып бөлінеді. Қарапайым немесе аборигендік мал - белгілі бір табиғи жағдайда ұзақ жылдар бойы өсірілген және сол жағдайға бейімделген мал тұқымы. Мысалы, қарабайыр, жабы жылқылары, еділбай қойы, т. б. Зауыттық мал - қарқынды тауарлық өндіріс пен жоғары деңгейдегі зоотехникалық талаптарға сай жағдайда алынған мал тұқымы. Бұл топқа ата тегінің құнды қасиеттері және әр түрлі табиғи жағдайға байланысты өзгергіштік ерекшеліктері басым мал тұқымдары жатады. Мысалы, голланд және симменталь сиыры, таза тұқымды мініс жылқысы, т. б. Қазіргі кездегі шығарылған мал тұқымының дені зауыттық жолмен алынған. Мал тұқымын жетілдірудің ең негізгі әдісі - таза тұқымды мал өсіру.

  1. Негізгі бөлім
  1. Мал тұқымын асылдандыру

Мал тұқымын асылдандыру - малдың тұқымдық сапасын жақсартуға, өнімділігін арттыруға бағытталған шаралардың біртұтас жүйесі. Ол малды зоотехникалық тұрғыдан бағалау, тиімді белгілеріне қарай таңдай, сұрыптау, жұптау, төлді дұрыс өсіру сияқты басты-басты жұмыстардан тұрады. Тұқым жақсарту ережелері биологиялық әсіресе генетика жетістіктеріне негізделеді. Асыл тұқымды мал зауыттары, асыл тұқымды мал шаруашылықтары, мал тұқымын асылдандыру станциялары мал тұқымын асылдандыру базалары болып саналады. Асыл тұқымды мал шаруашылықтарының басты міндеттеріне малдың өнімділік және тұқымдық қасиетін жақсарту, өздерін және басқа өндірістік шаруашылықтарды қамтамасыз ету үшін сапалы тұқымды мал өсіру жатады. Mал тұқымын асылдандыру жұмысын жетілдіруге бағытталған мемлекеттік шаралар тұқымдық мал көрмесін ұйымдастыру және мал тұқымдарын әр түрлі аймақтар мен облыстар бойынша аудандастыру болып табылады.

Аудандастыру жоспарын жасағанда үш қағида басшылыққа алынады:

1. Халық шаруашылығына қажеттілігі;

2. Мал тұқымының биологиялық және өнімділік ерекшеліктері;

3. Аймақтың табиғи-климаттық және экономикалық жағдайы.

Өзге тұқымдарға араластырмай, таза күйінде өсірілген малдың бағалы қасиеттері сақталады. Mал тұқымын асылдандыру барысында аса бағалы асыл тұқымды мал алынып, белгілі бір тұқымдық топқа жатқызылады. Тұқымдық мал зауыттарында, станцияларында жаңа желілер, аналық ұялар, жаңа тұқымдар шығарылады. мал тұқымын асылдандыру жұмысында, мұнымен қатар, шағылыстыру гибридтеу әдістері кеңінен пайдаланылады.

  1. Малдың сүт өнімділігіне әсер ететін факторлар

Сүттің құрамында, оның мөлшері де көптеген жағдайларға байланысты . Солардың ішіндегі ең басытылары: тұқым қуалаушылық, азықтандыру, күту жағдайлары, бұзаулаған маусымы, сауын және суалу маусымының ұзақтығы т. б.

Тұқым қаулаушылықтың маңызы.

Сұрыптау және азықтандыру жағдайын, күтімін жақсарта түсу негізінде өнімділігі әр түрлі сиыр тұқымдары пайда болды. Сонымен қатар бір тұқымға жататын мал ішінде де ата-тегіне байланысты өнімділігі де әр түрлі сиырлар бар.

Мұндай тұқымаралық ерекшелік сиырды бонитировкалау талабында ескерілген.

Тұқым қуалаушылықтың және өнімділік көрсеткішінің жалпы әртүрлілігіне сыртқы ортаның тигізетін әсерін білу үшін тұқым қуалаушылық коэффициенті есептеледі. Тұқым қуалау коэффициенті дегеніміз жалпы әр түрлілік ішіндегі тұқым қуалаушылық қана әсерін тигізген өзгергіштік. Сүттілік пен тұқым қуалаушылық коэффициентінің О-ден 68% -ке дейін өзгеруі мүмкін. Тұқым қуалаушылық коэффициентінің көрсеткіші табын өнімінің деңгейіне, асылдандыру және алдын ала жүргізілген сұрыптау жұмысына, азықтандыру жағдайына, күтіміне және т. б. байланысты.

Тұқымдық қасиет атасынан ұрпағына тұрақты түрде берілген сайын бұл көрсеткіш те жоғарылай береді.

Сүттіліктің сиырдың жасына қарай өзгергіштігі.

Бірінші және екінші бұзаулаған сиырдан сақа сиырлармен салыстырғанда сүт 15-30% кем шығарады. Алтыншы, жетінші, сегізінші, бұзаулаған сиырлардың да сүттілігі азая түседі.

Сиыр сүтілігінің өзгергіштігі оның азықтандыру жағдайына, жетілгіштігіне, дене бітімінің мықтылығына байланысты.

Дұрыс азықтандырылған, күтімі жақсы мал 10-12 жыл бойы өте сүтті болады.

Алғаш ұрықтандыру жасы сиырдың келекшегі сүттілігіне әсерін тигізеді. Ерте ұрықтандырылған құнажын өспей қалады да, оның сүті де төмен болады. Сондықтан уақыты келген құнажының салмағын да ескеру керек. Құнажынды оның салмағы сақа сиырлар салмағының 70% жеткенде ұрықтандырған дұрыс.

Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданындағы Свердлов атындағы тұқыммал колхозында құнажындар алғаш рет 17- 18 айлығында салмағы 340-360 кг жеткенде ұрықтандырылады.

20-24 айлық, салмағы өсіп кеткен құнажынды кеш ұрықтандырудың да сүттілікке деген кері әсері бар.

Сүттіліктің сиырдың тірілей салмағына байланыстылығы.

Бұл көрсеткіш малдың жалпы жетілгендігі көрсетеді. Сиырдың тірілей салмағы мен сүттілігі арасында өзара байланыс бар екендігі анықталған. Егер сиырдың сүтті малға тән дене бітімі, тұлғасы сақталса, тірілей салмағы өскен сайын оның сүттілігі де көтеріле түседі.

Профессор С. А. Рузский сиырдың тірілей салмағымен мен сүттілігінің арасында айнымалы байланыс бар екендігін де анықтады. Сиырдың салмағы артқан сайын, белгілі бір шамаға дейін сүттілік көтеріледі де, одан әрі тірілей салмақ қанша артқанмен сүттілік мөлшері өспейді.

Оқымыстылардың айтуынша, сиырдың сауын маусымындағы сүттілігі өзінің тірілей салмағынан 8-10 есе артық болғаны дұрыс.

Ірі қараны үйрету және сынауға арналған практика кезінде, арнайы шаруашылықтарда студенттер үшін жылқы заводтары мен ипподромдарға қосымша экскурсия ұйымдастырылады. Оқу барысында студенттер ірі қараны үйрету мен сынаудың жүйесін және тәсілдерін үйренеді, жұмыс табелімен және атқорадағы күн тәртібімен, үйрету сынағына қажет жабдық заттарымен, инвентарлармен, ипподродағы жүргізу жолдарының құрылысымен, мінгі және желісті тұқымдық жылқыларды сынаудың ережелерімен танысады.

Лабороториялық - тәжірибелік сабақтарда студенттер ірі қараның сынаудың есебімен және анықтамаларымен танысады, жеке тапсырмалар орындайды.

Жаратудың биологиялық мәні - пайдалы жүйкелі рефлекстеріне дағдыландыру, тыныс пен қозғалыстың синхрондылығына үйрету, бұлшық ет, тыныс алу және жүрек - тамыр жүйелерін белгілі бір дене ауырлығы түскенде қажетті функцияларды орындауға бейімдеуде.

Ірі қараны бастықтыру - оны пайдалану тәсілдеріне үйрету мен дамытудың барлық түрін қамтиды.

Бастықтырудың негізгі мақсаты әр түрлі жұмыстарды бірте -бірте жүйелі түрде алмастыру арқылы, жүктің салмағын көбейте отырып, ірі қараны болдыртпайтындай дұрыс және басқарылатын қимылдарға үйрету және жұмыскерлігін төмендететін зиянды рефлекстері жоқ, адамға толық және дұрыс бағынып, оның барлық талабын орындайтын жылқы етіп үйрету.

Құлындарда бас үйрету. Дүниеге келген құлынды адамға бірте - бірте үйретеді. Оны құлынның үстін есілген сабанмен және щеткамен тазалаудан бастайды, тұқай тазалау үшін аяғын көтеруді және ноқтамен жетекке жүруді үйретеді.

Ірі қараның жұмыс қабілетін анықта үшін арнайы сынаулар өткізіледі. Сынау кезінде қабілеттілігіне және алдыңғы көрсеткен қимыл - қозғалысының нәтижесіне байланысты ірі қараларды жүйесімен жазады. Жүлде сапасын баллмен көрсетеді. Жүлделер топты, топсыз, шектелген, ашық, иесі аталған және дәстүрлі деп бөлінеді. Еліміздің 1600 м қашықтық бойынша желіс бәйгесінің рекорды 1 мин 58, 7 сек-қа тең.

Тобымен тренинг өткен тұқымдық мінгі жылқылардың бас үйретуін 1-1, 5 жасында тамыздың ортасынан бастап1-2 ай бойына өткізеді. Құлынды жүгенге, терлікке, ерге, салт мінуге, тізгінмен меңгеруге және түрлі желіс қозғалыстарын енгізеді.

  1. Малдың тұқымдық және асылдандыру кезінде қасиеттерін бағалау

Ірі қара шаруашылығындағы тұқымды асылдандыру жұмыстары- бұл мал шаруашылығы өнімдерін молайту ғана емес, сонымен бірге қыруар мал өнімдерін үнемдеудің, ауыл шаруашылығында еңбек және материалдық шығындарды қысқартудың нақты тиімді жолы. Асыл тұқымды мал шаруашылығының негізгі мақсаты-ірі қараны әбден толық жетілдіру, халық шаруашылығына және ірі қара спортына қажетті тұқымды жаңадан өсіріп шығару.

Малды асылдандыру жұмыстарына мал өсіру әдістері, сұрыптау, жұп таңдау, бағып- күту технологиясы, азықтандыру, жарату, сынау және ірі қараны бағалау жатады.

Ірі қараны бағып- күту әдістері, оны өсіру бағыты колхоздар мен совхоздардың, ірі қара заводтарының технологиялық дәрежесіне байланысты таңдалып алынады.

Ірі қара шаруашылығымен айналысатын колхоздар мен совхоздардың негізгі мақсаты: жұмысқа қабілетті және тұқымдық жылқыларды асылдандыру және өндірістік, тікелей және ауыспалы шағылыстыру жолымен жақсарта отырып пайдалану.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аталық малды ұрпағының сапасы бойынша сұрыптау
Түйе шаруашылығындағы асыл тұқымды жұмыс
Әр түрлі түлікті асыл тұқымды малдарды бонитировкалау ерекшеліктерімен танысу
Ауыл шаруашылық малдарын бағалау және сұрыптау жұмыстарын ұйымдастыру
Жылқы шаруашылығындағы асылдандыру жұмысын ұйымдастыру жайында
Мал қораларын желдету
Әр түрлі аталық іздерден туған абердин-ангус тұқымының өсіп дамуы
Мал тұқымын жіктеу
Алатау сиыры - сүтті, етті сиыр тұқымы
Тұқымдық бұқаларды азықтандыру ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz