Ежелгі грек мәдениетінің тарихы


Жоспар
Кіріспе
1. Ежелгі грек мәдениетінің географиясы.
2. Ежелгі грек мәдениетінің тарихы.
3. Ежелгі Спарта.
4. Грек тарихшылары мен философтары.
5. Грекиялық мерекелер мен ойындар.
6. Діни нанымдары мен мифтері.
7. Гомер дәуірінің мәдениеті.
8. Гомер кезеңі.
Кіріспе
Ежелгі Грекия немесе Эллада гр. Ελλάδα) - б. з. б. III мыңжылдықтан б. з. б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Грек отаршылдығы дәуірінде (б. з. б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.
Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде, батыс философияның, архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші, Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
1. Ежелгі грек мәдениетінің географиясы .
Солтүстік-батыс жағында Ежелгі Грекия Иллириямен, солтүстік-шығысында Ежелгі Македониямен, батысында Ион (Сицилия) теңізімен, шығысында - Эгей және Фракий теңіздерінің суларымен жуылған.
Негізгі үш аймаққа бөлінген:
1) Солтүстік Грекия
2) Орта Грекия
3) Пелопоннес.
Солтүстік Грекия Пинд тау жотасымен екіге бөлінген: батыс жағында Эпир және шығыс жағында - Фессалияға. Орта Грекия Солтүстік Грекиядан Тимфрест және Эта тауларымен бөлініп, 10 аймақтан құралған: Акарнания, Этолия, Локрида Озольская, Дорида, Фокида, Локрида Эпикнемид, Локрида Опунт, Беотия, Мегарида және Аттика. Пелопоннес қалған Грекиямен енсіз (6 км) . Пелопоннестың орталығы Аркадия болған. Ежелгі Грекияда үш үлкен архипелагқа ( Киклада, Спорада және Ион аралдары) құралған бірнеше жүз аралдар болған, ең ірілері - Крит және Эвбея. Балкан жартыаралындағы Грекия көбіне таулы жер, көптеген шығанақтарымен жағалауы кесінділенген ел болған.
2. Ежелгі грек мәдениетінің тарихы .
Археологиялық қазба деректеріне қарағанда, Македониядан Элидаға дейінгі Ежелгі Грекия жерін адам орта палеолит дәуірінде (100-40 мыңыншы ж. ш. ) мекендей бастаған. Неолит дәуірінде (7 мыңжылдықтың орта кез шамасы - 2800 ж. ш. ) Грекияның халқы егіншілікті игеріп, мал шаруашылығымен айналысқан, отырықшы өмір сүрген. Орта палеолит дәуірінде қалыптасқан ру құрылысы неолит дәуірінде әбден кемеліне келді. Грекияның солтүстігінде Сескло, Димини және Лариса мәдениеті дамыды. 5-4 мың жылдықтарды құрлықтағы Грекияда Эгей теңізінің аралдарында, әсіресе Критте неолит мәдениетінің жергілікті нұсқалары қалыптаса бастады.
Ежелгі Грекия тарихында тарихшылар келесі кезеңдерді белгілейді::
1. Эгей мәдениеті (б. з. б. III мыңжылдықтың соңы - II мыңжылдық) . Миной және Микен өркениеті.
1. Миной өркениеті (Крит) :
- Ерте миной кезеңі (б. з. б. XXX-XXIII ғғ. ) .
- Орта неминой кезеңі (б. з. б. XXII-XVIII ғғ. ) .
- Кейінгі миной кезеңі (б. з. б. XVII-XII ғғ. ) .
2 . Эллада өркениеті (Балкан Грекиясы) :
- Ерте эллада кезеңі ( б. з. б. XXX-XXI ғғ. ) .
- Орта эллада кезеңі (б. з. б. XX-XVII ғғ. ) .
- Кейінгі эллада кезеңі (б. з. б. XVI-XII ғғ. ) немесе Микен өркениеті.
2. Полистер кезеңі (б. з. б. XI-IV ғғ. ) .
- Гомер кезеңі немесе «қараңғы ғасырлар» (б. з. б. XI-IX ғғ. ) .
- Көне Грекия (б. з. б. VIII-VI ғғ. ) .
3. Эллинистік Грекия (б. з. б. IV-I ғғ . ) .
- Бірінші эллинистік кезеңі (б. з. б. 334-281 ж. ) .
- Екінші эллинистік кезеңі (б. з. б. 281-150 ж. ) .
- Үшінші эллинистік кезеңі (б. з. б. 150-30 ж. ) .
3 . Ежелгі Спарта .
Спа́рта (көне грекше: Σπάρτη, лат. Sparta) немесе Лакедемон (көне грекше: Λακεδαίμων, лат. Lacedaemon) - ежелгі грек қала-мемлекеті (полис), алғашында Эврот өзенінің алабында (Лаконика аймағы) орналасқан, кейін б. з. б. 6 - 1 ғасырларда Пелопоннестің оңтүстік бөлігін қамтыған. Гомердің “Илиада” шығармасына қарағанда, Спарта Лакониканың ахейялық 12 қауымының бірі. Б. з. б. 12 ғасыр шамасында дорийліктер Пелопоннеске басып кіріп, Спарта қоныстарын қиратты. Археологиялыұ мәліметтер бойынша жаңа дорий қонысы Спарта деген атпен б. з. б. 10 - 9 ғасырларда басқа жерде - Эврот өзеннің жағасында пайда болған. Б. з. б. 8 - 6 ғасырларда Спарта көрші аймақтар: батыста Мессанияны, шығыста Клаурияны жаулап алды. Спартаның барлық жері мемлекеттік меншігіне алынды. Бұл жерлер Спартаның толық құқылы азаматтары - спарталықтарға мұра ретінде пайдалануға берілді. Жерді басыбайлы құлдар - илоттар өң- деді.
Ал Спартаның бұрынғы жергілікті халқы - периэктер (жеке басы ерікті, бірақ саяси құқы жоқ) қолөнермен және саудамен айналысты.
Спарталықтардың өздері жеті жасынан әскери қызметке тартылды. Спартаның саяси құрылысы рулық-тайпалық сипатта болды. Халық жиналысы (апелла) жоғарғы орган саналды. Мемлекетті екі әулеттен (Еврипоний және Ашад) шыққан екі патша басқарды. Олар әскери жасақтарға жетекшілік етіп, бірқатар діни міндеттерді жүзеге асырып отырды, ал ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды мәселелерін ақсақалдар кеңесі (герусия) шешті.
Экономикаалық жағынан Спарта қолөнер мен саудасы нашар дамыған, рулық қатынастар сақталған аграрлық қауым болды. Сәулет өнері мен өнерге мән берілмеді. Заңдар өте қатал болып, тәуелді халықты аяусыз қанады. Б. з. б. 6 ғасырдың аяғында Спарта Пелопоннес одағын басқарып, бүкіл Грекияда билік жүргізу үшін Афинымен Пелопоннес соғысын (б. з. б. 431 - 404) жүргізді. Спарта жеңіске жетіп, біраз уақыт Грекияда үстемдік құрды. Бірақ билеушілердің ішкі дағдарысы Спартаның соғыс күшін әлсіретті. Ол б. з. б. 371 - 362 жылы болған соғыстарда өз қарсыластарынан күйрей жеңілді. Б. з. б. 338 жылы Спарта Македонияға, ал 146 жылы Римге бағынып, мемлекет ретінде жойылып кетті.
4 . Грек тарихшылары мен философтары .
Б. з. б. 5 ғасырда тарих саласындағы еңбектер пайда бола бастады. Мұндай еңбектердің негізін ежелгі грек тарихшысы Геродот қалаған. Геродоттың "Тарих" атты кітабы ежелгі Грекия мен Азия, Египет халықтарының тарихын зерттеуге үлкен үлес қосты. Осы кітаптың алғысөзін мынандай сөздермен бастаған: "Геродот көптеген халықтардың ұлы жəне даңқты істері ұмытылып қалмауы үшін осы мəліметтерді жинады жəне жазып шықты". Осы еңбегінде көптеген географиялық, этнографиялық жəне тарихи материалдар да жинақталған.
Философия ғылымының негізін салушылардың бірі Аристотель болды. Ол б. з. б. 384-322 жылдары өмір сүрген ғұлама ғалым. Көптеген ғылымдардың негізін қалаушы, жан-жақты білімді адам ретінде даңқы шыққан. Ол философия, тарих, математика, жаратылыстану жəне тағы басқа ғылыми білімдердің қалыптасуына зор үлес қосқан. Аристотель сол кездегі барлық жинақталған ғылыми білімдерді жеке-жеке салаларға бөлген. Бұл дүниежүзілік ғылымның дамуындағы үлкен қадам болды. Оның "Саясат" деген еңбегі мемлекет жəне мемлекеттің құрылымына, түрлеріне айналды.
Ежелгі грек философы Демокрит атом ілімінің алғашқы өкілдерінің бірі саналады. Ол 300-ге жуық шығарма жазған. Сонымен қатар физика, математика, музыка жəне поэзиямен де шұғылданған. Табиғатты терең зерттеп, көптеген халықтардың ғылыми білімдерімен танысқан. Демокрит тұңғыш рет дүние өте ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұрады, атомдар мəңгілік жəне қозғалыста болады деген пікір айтқан.
5. Грекиялық мерекелер мен ойындар.
Олардың мерекелері мен ойындары бүкілхалықтық сипат алды. Бұл мерекелер грекиялықтардың негізгі кәсібі мен әдет-ғұрыптарына байланысты болған. Олар Дионис, Деметра, Зевс құдайларының құрметіне және ынтымақ пен бірлікке арналған. Грекиядағы басты мереке ынтымақ мерекесі болды. Ол жаңа жылдың алғашқы айында өткізілді. Мереке қатарынан алты күнге созлды. Бұл мереке халықты бірігуге, бір орталыққа бағынуға, бірлесіп кәсіп жасауға, ынтымақтасып өмір сүруге шақырды. Мереке түн ішінде қолға шамшырақ ұстап жүгіруден басталды. Одан кейін халықтық шеру болды. мереке күндері ақындардың, әншілердің, музыканттардың жарыстары өткізілді. сонымен бірге әр түрлі спорт жарыстары да ұйымдастырылды. Дионис құдайдың құрметіне жасалған мерекенің маңызы зор болды. Бұл егіншілердің мерекесі болды. Мереке күндері ауқатты отбасылар құрбандыққа мал сойды. Дионис мейрамында егіншілер ауыл мен қала көшелерінде салтанатты шеру тартқан. Олар хормен дионис туралы мифті әнге қосқан. Егіншілер сыбызғы мен сылдырмақ үніне қосылып би билеген.
6 . Діни нанымдары мен мифтері.
Гректерде діни нанымдар б. з. б XI-IX ғасырларда пайда болған. Халық ауа райының тосын және ауыр жағдайларын құдайлардың ісі деп есептеген. Құдайлар бірдей мейірімсіз, мейірімді бола алады деп сенген-мыс. Олар 46 - ға жуық құдайларға сенген. Халық оларды Олимп тауының шыңында, өз сарайларында тұрады деп сенген. Гректер құдайларға құрбандық шалған, храмдар тұрғызған, олар жайлы аңыздар шығарған. Табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз әңгімелерді мифтер деп атаған. Грек мифтері түрлі ғажайып құбылыстарды, батырлардың қаһармандығы туралы болды. ежелгі мифтерді жыршы ақындар ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған. Ежелгі Гректердің танымал мифі "Аргоновтар туралы миф".
7. Гомерлік дәуірінің мәдениеті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz