Біріңғай бюджеттік сыныптама
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2Негізгі бөлім
І. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, қызметі, рөлі ... ... ... ... ... ... 3-4
І. 1.Қазақстан Республикасының бюджет заңдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-6
І. 2.Бюджеттің құрылымы,принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-12
ІІ.Біріңғай бюджеттік сыныптама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13-14
ІІ.1. Бюджеттің түсімдері мен шығыстарына әсер ететін нормативтік құқықтық актілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15-16
ІІІ. Мемлекеттік басқару органдарының бюджеттік қатынастары реттеу саласындағы құзырет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17-22
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Кіріспе
Жалпы бюджет термині (budget) деген - ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал мемлекеттік дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған.
Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі түсініктемесі бар;
1) мемлекеттік бюджет - экономикалық категория ретінде қарастырылады.
2) мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде.
3) мемлекеттік бюджет-қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы.
Айта кетететін жайт, қаржылық системаның орталықтандырылған звеносы және мемлекеттің негізгі қаржылық жоспары ретінде мемлекеттік бюджет өз кезегінде экономикалық категория болып табылады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін материалдық - заттық түрінде болады; бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жұмылдыратын және пайдаланатын ақша қаражаттарының ағымында өзінің көрінісін табады.
Мемлекеттік бюджетте қоғамдағы барлық экономикалық процесстер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары- салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік несие, мемлекеттік қарыздар тағы сол секілді өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, әдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерінің, шығыстарының, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджеттің негізгі жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлінедегі маңызды орнын, жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдайын, сондай ақ қоғамдық ұдайы айрықша рөлін анықтайды.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ.
І. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні, қызметі, рөлі
Қаржылық байланыстардың орасаң зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен мемлекеттің шаруашылық жүргізушісі субьектілерімен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қлғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы мелекеттік бюджет ұғымының экономикалық мазмұнан құрайды.
Экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетін обьективті сипаты бар. Бөлудің дербес сферасы ретіндегі обьективті қажеттігі ұлғаймалы ұдай өндірістің қажетіліктерімен, мелекеттің табиғатымен және функциясымен байланысты. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Ақаша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы әкономиканың жұмыс етуін қамтамасыз ету үшін қажет.
Экономика дамуының қазіргі кезеңінде орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен үлесін қамтамасыз етуге, оның салық және аумақтық құрылымын жетілдіруге, экономиканың салдарын дамытудың бірінші кезекті бағдарламасы үшін қажетті көлемде қаражаттарды қалыптастыруға, әрі әлеуметтік өзгерістерді жүргізуге мүмкіндік береді. Қаржыны орталандырудың арқасында ақша қаражаттары мемлекеттің экономикалық және әлуметтік саясатын табысты іске асыру үшін жағдайларды дайындай отырып, экономикалық және әлеуметтік дамудың шешуші учаскелеріне шоғырландырылды.
Сөйтіп обьективті обьективті бөлгіштік қатынастырдың экономикалық нысаны бола отырып, құндық бөліністің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет айрықшылықты қоғамдық арналымды орындайды-жалпы мемелекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыруға қызмет етеді, экономикалық категория ретінде көрінеді. Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше бегілер тән; бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылды, мақсаты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Құндық бөліністің айрықшылықыты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:
а) мемлекеттен жалпы қоғамдық өнімнің бір бөлігін оқушылармен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады.
б) құнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сферасы қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында құнды қайта бөлуге арналған.
в) қоғамдық өнімнің тауар нысандағы қозғалысымен тікелей байланысты емес құндық бөліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылды, ал қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар - ақша қатынастарымен тығыз тойқаласып жатады.
Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық заттық түрінде болады; бюджет қатанастары мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорында-бюжеттік қорында затталынды.
Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизімдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жыйынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің құралы ретіндегі бюджеттің рөлі осында көрінеді. Экономика реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен әдістерін реттеу, бюджеттің атқарылуы процесінде қаржы ресурстарын қайта бөлу жолымен жүзеге асырады. Ақырында мемлекеттік бюджет мемлекеттік заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заң).
Сөйтіп, бюджеттің сан қырлы маңызынан ескере отырып, оны осы жоғарыда айтылғандардың жиынтығы ретінде қараған жөн. (Қосымша 1)
Мемлекеттік бюджет-ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлудің негізгі құралы. Мемлекеттік бюджет (шығыс бөлігінің) көмегімен ұлттық табыстың 30 пайыз жалпы ішкі өнімнің 20 пайыз жалпы қоғамдық 10 пайыз бөлінеді. Бюджет Қазақстанның бүкіл аумағында өндірістік күштерді неғұрлым ұтымды орналастырудың, экономика мен мәдениетті көтерудің талаптарын ескере отырып сала аралық аумақтық қайта бөлу үшін пайдаланып келеді. Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды кешенді мақсаты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми техникалық әлеуетті арттыруға, әлеуметтік дамытуды тездетуге және халықтың ең аз қамтыған жігін әлеуметтік қорғауға бағыталуы тиіс.
Шығыстар мен салықтар арқылы бюджет экономика мен инвестицияларды реттеудің және ынталандырудың, өндіріс тиімділігін арттырудың маңызды құралы болып табылады.
Бюджет қаражаттарының әлеуметтік бағыттылығының зор маңызы бар. әлеуметтік саясаттағы басымдықтар- халықтың табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған от басыларын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау бөлімі, білім беру және мәдениет мекемелерінің жұмыс істеп тұруы.
І. 1.Қазақстан Республикасының бюджет заңдары
Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді.Қазақстан Республикасы бюджет заңдары қолданылуы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және барлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы актілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ережелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жояды. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.Заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады.
Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларының орындалуы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, Заң шығарушы билік, басқару аппаратын ұстауды және басқа да шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмсалуды қамтамасыз ететін бюджеттік тармақтарының желісі құралады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды процесінде заңмен отыратын белгілі қаржылық өзара - қатынастар пайда болады. Осы элеметтердің барлығы-бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағидаттарры, оның буындарының өзара қатынастары мен байланыстарының ұйымдық нысандары бюджет құқықтарының жиынтығы-бюджет құрылысын қарайды. Дүние жүзінің әр түрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бірлігіне, экономиканың даму денгейіне байланысты өзгешеліктерімен ерекшеледі. Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқытық нормаларға негізделген түрлі деңгейлерді бюджеттердің жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен оның аумақтық бөлінісіне байланысты болады.
Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық - мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін. Федеративті мемлекеттерде бюджет үш буынан тұрады; мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет орталық мемлекеттің бюджеті, федерация мүшелерінің (АҚШ-та штаттардың , ГФР да жерлердің (ландраттардың) Канада провинциялардың Ресейде федерация субьектілердің бюджеттері);
Жергілікті бюджеттер:
Унитарлық (бірліктер) мемлекеттерде екі буынды жүйесі қолданылады; орталық бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшалануы мен дербестігін түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ әдеттегідей, әлеуметтік - экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төмендегі бюджеттерге қатысы бойынша белгілі бір реттеуші роль орталық бюджетке сақталады.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюжет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан-федералдық есем, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға тиісті құқытық нормаларға негізделген әр түрлі деңгейлерді бюджетті қамтиды. Қазақстанда жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын республикалық бюджеттер дербес жұмыс істейді. 1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге ұшырады. Бұған дейін Қазақстанның мемлекеттік бюджеті, басқа одақтас республикаларының мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кіреді, онда ел аумағының барлық бюжеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттерде қамтылып көрсетіледі. Ол одақтық бюджеттен 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрады. Одақты бюджетке 1970-1990 жылы мелекеттік бюжет ресурыстарының жалпы ауқымының 52-50 пайыз тийді, оның 35 пайызы республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15 пайыз жергілікті қарамағында болады. (Қосымша 2)
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеттің басты республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет-бұл түсімдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профециті пайдалану) есебінен қалыптастырылатын және өзіне Қазақстан Республикасының Конситетуциясы мен заңнамалық актілерге жүктелген міндеттерді жүзеге асыру Үкімет анықтайтын республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған Қазақстан Республикасының заңмен бекітілген орталықтандылырған ақша қоры.
Жергілікті бюджеттер (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) - облыстық бюджттер, қалаларрдың (аудандық маңызы бар қалалардан басқасы), аудандардың (қаладағы аудандардың қоспағанда) бюджеттері. Қаржы жылына арналған республикалық бюжет Қазақстан Республикасының заңмен, жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Бюджет жүйесінің жұмыс істеу бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді.
І.2 Бюджеттің құрылымы,принциптері
Бюджеттің түсімдері мен шығыстары
Кірістер, бюджет кредиттерін өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің түсімдері болып табылады.Шығындар, бюджет кредиттері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюджеттің шығыстары болып табылады.
Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) кірістер:
салықтық түсімдер;
салықтық емес түсімдер;
негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
ресми трансферттер түсімдері;
2) шығындар;
3) операциялық сальдо;
4) таза бюджеттік кредит беру:
бюджеттік кредиттер;
бюджеттік кредиттерді өтеу;
5) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо:
қаржы активтерін сатып алу;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;
6) бюджет тапшылығы (профициті);
7) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):
қарыздар түсімі;
қарыздарды өтеу;
бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджет кірістері Салық және басқа да міндетті төлемдер, ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатуға байланысты емес, осы Кодекске және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілеріне сәйкес бюджетке есептелуге тиісті ақша бюджет кірістері болып табылады.
Салықтық түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.
Салықтық емес түсімдер - Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген, негізгі капиталды, гранттарды сатудан түсетін түсімдерге жатпайтындардан басқа, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінде белгіленген бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ, ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.
Мынадай ақшалар негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер болып табылады:
1) мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін ақша;
2) мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды сатудан түсетін ақша;
3) мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды т+-раќты немесе уаќытша жер пайдалануға беруден не Ќазаќстан Республикасыныњ зањдарында немесе халыќаралыќ шарттарда кuзделген жаѓдайларда жер учаскелерін uзге ќ+-ќыќтыќ нысандарда өткізуден түсетін ақша;
4) мемлекетке тиесілі материалдық емес активтерді сатудан түсетін ақша.
Ресми трансферттер түсімдері - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке түсетін трансферттер түсімдері. Кірістердің жаңа түрлерін енгізу, қолданылып жүргендерінің күшін жою немесе оларды өзгерту осы Кодекске міндетті түрде өзгерістер немесе толықтырулар енгізіле отырып жүзеге асырылады. Нысаналы ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды.
Бюджет шығындары қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаты бюджет шығындары болып табылады.Бюджет шығындары мынадай түрлерге бөлінеді:
1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шыѓындар;
2) тұрақты сипаты жоқ іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге байланысты шыѓындар;
3) мемлекеттік тапсырысќа арналѓан шыѓындар - мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің тұтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;
4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер - қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының зањ актілеріне сєйкес жеке тұлғаларға ақшалай нысандағы төлемдермен байланысты шығындар;
5) заңды тұлғаларға субсидиялар - мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңды тұлғаларды өтеусіз және қайтарылмайтын негізде қаржыландыру;
6) ресми трансферттер - бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына трансферттер төлеу;
7) мемлекеттіњ міндеттемелерін орындауѓа арналѓан шыѓындардыњ uзге де т%.рлері.
Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын әлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғұрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады. Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтері республикалық және жергілікті бюджеттерді әзірлеу кезінде оларды болжауға болмағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында құрылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:
1) төтенше резервті;
2) шұғыл шығындарға арналған резервті:
3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті қамтиды.
Төтенше резерв Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою мақсатында ғана пайдаланылады.
Шұғыл шығындарға арналған резерв Қазақстан Республикасының немесе оның әкімшілік-аумақтық бірлігінің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер төндіретін жағдайларды жою, соттардың шешімдері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің, орталық мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың міндеттемелерін орындау мақсатында ғана пайдаланылады.
Облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда облыс бюджетіне, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетіне кредит беру үшін тиісті ќаржы жылына арналѓан республикалық бюджетте көзделеді.
Аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резерв оларда кассалық алшақтық пайда болған жағдайда аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетіне кредит беру үшін облыстық бюджетте көзделеді.
Кассалық алшақтықты жабуға қарыз беру қаржы жылы шегінде алты айға дейінгі мерзімге жүзеге асырылады және республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауды талап етпейді.Қазақстан Республикасы Үкіметі резервінің және жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі процентінен аспауға тиіс.Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерінен ақша бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың ағымдағы қаржы жылы аяќталѓаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгерістер мен толыќтырулар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы ұсыныстар енгізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаѓан немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының әкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюджетке қайтаруды қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо болып табылады.Бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.Бюджет шығындарында бюджеттік даму бағдарламалары болған жағдайда теріс операциялық сальдоға жол беріледі.
Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің көлемінен асып түспеуге тиіс. Теріс операциялық сальдоның жол берілетін шекті мөлшері орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.
Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:
1) қаржы активтерін сатып алуды;
2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді қамтиды.
Қаржы активтерін сатып алу - заңды тұлғалардың, соныњ ішінде халықаралық ұйымдардыњ қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары. Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - мемлекеттік меншіктегі заңды тұлғалардың, соныњ ішінде халықаралық ұйымдардыњ, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындардың жедел басқаруындағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі uзге де мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер. Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заң актілеріне және әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
Бюджет жүйесі мынадай принциптерге негізделеді: 1) бірлік принципі - Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасының бірыңғай бюджеттік заңдарының қолданылуын, соның ішінде бірыңғай бюджеттік сыныптауды, бюджет процесін жүзеге асырудың бірыңғай рәсімдерін пайдалануды қамтамасыз ету;
2) толықтық принципі - Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген барлық түсімдер мен шығыстарды бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында көрсету, бюджет қаражатын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алуға, сол сияқты бюджет қаражаты бойынша талаптар құқықтарынан шегінуге жол бермеу;
3) реалистік принципі - бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджет көрсеткіштерінің орта мерзімді фискалдық саясатқа және Қазақстан Республикасы мен аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарының бекітілген (түзетілген) өлшемдері мен бағыттарына сәйкес келуі;
4) транспаренттілік принципі - мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңдары саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа да ақпаратты міндетті түрде жариялау; бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржы бақылауын жүргізу;
5) дәйектілік принципі - бюджеттік қатынастар аясында бұрын қабылданған шешімдерді мемлекеттік басқару органдарының сақтауы;
6) тиімділік және нәтижелілік принципі - бюджеттерді бюджеттік бағдарламалар паспорттарымен көзделген белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу қажеттілігін негізге алып, бюджет қаражатының осы нәтижелерге қол жеткізу үшін қажетті оңтайлы көлемін пайдалана отырып әзірлеу және атқару немесе бюджеттік қаражаттың бекітілген көлемін пайдалана отырып ең үздік нәтижені қамтамасыз ету;
7) басымдық принципі - бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарына сәйкес жүзеге асыру;
8) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz