Интонацияның маңызы
Жоспар:
1 Интонацияның зерттелуі
2. Интонацияның маңызы
3. Интонацияның зерттеу әдістері
4.Интонацияның компоненттері
5.Интонацияның бірліктері
6. Интонацияның қызметтері
1. Интонацияның зерттелуі.
Интонация (латынның "intonare" "қатты сөйлеу") - өзара байланысты сөйлеу элементтерінің жиынтығы: сөйлеу әуені, интенсивтілігі, созылыңқылығы және сөйлеу қарқыны мен тембрі.Интонация - сөзді, сөз тіркесін, сөйлемді айтудағы дауыс мәнері, дауыс ырғағы, сөйлеудің ритм-мелодикалық бейнесі. Сонымен, интонация - көп функциялы күрделі құбылыс. Тілдің басқа элементтерімен салыстырғанда интонацияның өзіне ғана тән қасиеттері мен ерекшеліктері бар[1,148].
А.Байтұрсынов "Тіл әуезділігі" атты мақаласында, Қ.Жұбанов 1937 жылғы "Сөйлем сазы" мақаласында, І.Кеңесбаев 1962 жылғы "Қазіргі қазақ тілі.Фонетика" атты еңбегінде, К.А. Бейсенбаева 1973 жылғы"Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы" еңбегінде, Ж.А.Аралбаев 1988 жылғы "Қазақ просодикасының мәселелері" атты мақаласында, З.М.Базарбаева "Қазіргі қазақ тілі интонациясының негіздері " еңбегінде толығымен интонацияның зерттелу тарихы, қызметіне компоненттеріне тоқталып өтеді.
А.Байтұрсынов "Тіл әуезділігі" атты мақаласында: Әуезділік деп сөз турасында айтсақ, сөз ішіндегі дыбыстардың үндері құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз. Сөйлеу турасында айтсақ сөйлем ішіндегі сөйлемдерінің құлаққа жағымды болып естілуін айтамыз. Сөздің үні құлаққа жағымды болуы - дыбыстардың тізілу түрінен, сөйлеудің үні құлаққа жағымды болуы сөйлемдердің тізілуі түрінен. Сондықтан сөз әуезділігі де, сөйлеу әуезділігі де болады, - дейді [2, 51б].
Қ.Жұбанов 1937 жылғы "Сөйлем сазы" мақаласында сөз мағынасын түрлендірудегі интонацияның маңызын айтып кеткен болатын. "Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер" еңбегіндегі "Ән" атты тақырыбында адам бір нәрсені сұрағанда дауыс 5 тонға жоғарылайды деді.[3, 152б] Қ.Жұбанов өзінің еңбегінде интонация ұғымы сөздің әні, дауыс сазы деп атап, оның сөйлеу тіліндегі маңызын терең түсінгенін байқауға болады. Интонацияны сөйлеушінің өз ойын тыңдаушыға жеткізудегі мақсатына қарай қалай құбылатыны және айтатын ойына байланысты қалай түрлі рең беретіні туралы пікір білдіреді. Сонымен бірге айтылып отырған ойға қатысты сөйлеушінің өзінің көңіл-күйін білдірудегі бірден-бір амал интонция екенін атап кеткен.
Н.Сауранбаев 1953 жылғы "Қазақ тілі" еңбегінде сөйлемдер бір-бірімен интонация арқылы байланысып, ерекшеленіп тұрады деген болатын. Сөйлемнің мазмұны мен салмағы, оның айқындылығы интонацияға байланысты. [12,54].
М.Балақаев та өзінің еңбегінде интонацияның функциясына едәуір көңіл бөлген. Ол былай дейді; "Айтайын деген ойымыз түсінікті болу үшін, әр сөйлемді, сөйлемдегі жеке сөздерді, сөздер түйдегін, сөздер тізбегін тиісті әуенмен ырғақты үнмен мәнерлі айтып сазына келтіріп сөйлеуіміз керек. Олай етпегенде сөйлемдегі сөздер, тұтас сөйлемдер... басы бір жерге қосылмай өзара байланыспай тұрады".Б.Балақаев интонацияны: хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің интонациясына кең тоқталған[11,222].
Р.Қордабаев құрмалас сөйлемнің интонациясын тиянақты, тиянақсыз деп екі бөліп қарайды. Сөйлем жеке сөзден де, сөз тіркесінен де құрылымдық үлгісі жағынан ажыратылады. Жеке сөздер немесе сөз тіркестері кейде сөйлем түрінде жұмсалуы үшін міндетті түрде сөйлемге тән интонациямен айтылуы шарт [11.222]
І.Кеңесбаев 1962 жылғы "Қазіргі қазақ тілі" атты еңбегінде интонацияны оның элементі болып табылатын фразалық екпінге көңіл бөле отырып қарастырады. Сөйлем ішіндегі сөздердің бәрі бірдей үнемі дербес екпінге ие болуы шарт емес. Сөйлем мүшелерінің грамматикалық қызметіне қарай, олардың акцентуациялық өзгешелітері де айқындалып тұрады [13,281].
К.А. Бейсенбаева 1973 жылғы"Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы" еңбегіндегі "Дауыс ырғағы"бөлімінде суперсегментік элементтер туралы Адам сөйлеп тұрғанда, әр түрлі грамматикалық көрсеткіштермен қатар әдетте құбылмалы дауыс ырғағы да (интонация) қолданылады- деген болатын. [4, 58].
Ж.А.Аралбаев 1988 жылғы "Қазақ просодикасының мәселелері" атты мақаласында просодияны ритмика және мелодия деп екіге бөліп қарап, интонацияның тілдегі қызметіне тоқталған болатын. [6, 107]
Ә.Жүнісбеков 1987 жылғы "Просодика слова в казахском языке" еңбегінде сөйлемдегі кідірістің орнына байланысты сөздердің өзара қарым-қатынасы мен қызметі өзгеріп отыратынын дәлелдеген. Ол ритмалық топтар аралығындағы кідіріс ритмалық топтар ішіндегі кідірістер 1,5 және 2 есе артық болатынын эксперимент түрінде дәлелдеді.
Интонация туралы көлемді еңбек жазғандардың бірі З.М.Базарбаева "Қазіргі қазақ тілі интонациясының негіздері " еңбегінде толығымен интонацияның зерттелу тарихы, қызметіне тоқталып өтеді. Б.Қалиев "Қазақ тілінің фонетикасы " еңбегінде просодия мен интонацияның айтарлықтай айырмашылығы жоқ екенін дәлелдейді[8, 12].
Ә.Нұрмаханова - қазақ тіл білімінде интонация проблемасын зерттеуді мақсат еткен бірінші ғалым. Ол өзінің шетел тілдері инстуты студенттеріне арналған оқулығында: "Интонацияның құрамына екпін, ырғақ, әуен, іркіліс, қарқын т.б физикалық элементтер кіреді" деп келеді де, оның ағылшын, неміс, француз тілдеріндегі ролін қысқаша атап келіп: "Осыған байланысты барлық тілдерде хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті сөйлемдердің өзіне тән интонациясы болады", - дейді.[10, 12б]
С.Мырзабеков "Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы" еңбегінде қара сөз бен өлеңнің айтылуында ерекшелік болатынын, өзіндік ырғағы болатындығын айтып өткен болатын. Қазақ тілінде бунақтарды жұбын жазбай, араларында қатар келген дыбыстарды үндестіріп, екпін, ырғақпен айтудың маңыздылығын атап көрсетті. [7,133].
2. Интонацияның маңызы. Кез келген тілдің фонетикалық жүйесі оның сегменттік бөлшектерінен, яғни сөздердің дыбыстарынан ғана (дауысты, дауыссыз) тұрмайды, ол тілдің күрделі суперсегменттік деңгейін, сөйлемдердің, мәтіннің жалпы интонациялық сипатын да қамтиды.
Интонация мен сөйлеу дыбыстарының қайсысы бұрын пайда болғаны жайында әр қилы деректер бар. Интонация мен сөйлеу дыбыстарының адамдардың бір-бірімен қатынас жасауында атқаратын рөлі ерекше. Интонация дыбыстан бұрын пайда болған деп есептелінеді. Бұған дәлел ретінде дамуы жоғары саналатын үйірлі хайуанаттардың өзара қатынастарында олардың дауыс интонациясының құбылуының мәні зор екенін айтуға болады. Олар сол дауыс интонациясының өзгерістерін аңдап, өзара қатынастарына, тіршіліктеріне сигнал қабылдайды.
Интонация тонының тональность адамдардың қарым-қатынасында үлкен орын алатыны мәлім. Бір сөздің айтылу интонациясына қарап, ол сөздің қандай сезіммен айтылып тұрғанын білу адамға қиын емес. Сондықтан интонацияның сөйлеуден, сөзден бұрын пайда болғанын мойындай отырып, оның кейінгі сөйлеу тіліндегі мәнінің зор екенін де баса айту керек. [4, 58]
Сөйлеу тіліндегі интонацияның жазба мәтінде көрініс табуы табиғи нәрсе және жазылған мәтінді мазмұнына қарай дұрыстап, мәнерлеп оқу да оның стилистикалық реңкі ғана емес, сөздерінің грамматикалық мағынасы да өзгеріп кетуі мүмкін. Демек, интонациялық құбылыстар мен грамматикалық құбылыстардың арасындағы өте күрделі және құбылмалы болып келеді. Күрделі мәтіндердегі интонацияның компоненттерін, оның көріністерін оған мейлінше үңіліп, экспериментті зерттеу арқылы ғана анықтауға болады. Қазақ тілі жүйесіндегі сан алуан синтаксистіктік - коммуникативтік құрылымдарда интонация және оның единицалары мен компоненттері өзара әр қилы күрделі қатынастарға түсіп отырады. Түрлі синтаксистік құрылымдарда интонациялық компоненттердің алатын орны ерекше. Оның сөйлемдегі сөздерді семантикалық-құрылымдық топтарға бөлуде, оларды бір-бірімен байланыстарда мәні зор. Күрделі мәтіндердегі сөйлемдердің түрлеріне қарай интонация әр түрлі коммуникативтік, эмоциялық мазмұнға ие болып, өзара түрлі қарым-қатынастарға түсіп, мәтіннің жалпы мазмұны мен эмоциялық реңкін түрлендіруде айрықша қызмет атқарады[7,134].
Жалпы тіл білімінде интонация сөйлемді сомдайтын ең маңызды универсалды факторлардың бірі саналады, оның компоненттерінің сөйлемнің әр алуан түрлерін түзіп, дифференциялауда және бір-бірінен айырып ажыратуда орны ерекше.Интонацияға ертеден, көне замандардан көңіл аударылған. Байырғы замандарда интонацияның ерекшеліктеріне мән берген зерттеушілер оны сахна өнерімен, шешендер сөзімен және өлең оқу өнерімен байланысты қарастырған. Интонацияның логикалық және эмоциялық қасиеттерін зерттеудегі ең көне деректер ежелгі Греция мен Римде кездеседі. Онда сөйлеу тіліндегі әуен, пауза, ырғақ туралы алғашқы түсініктер берілген.
Интонация деген ұғымның жалпы тіл білімінде әр түрлі түсіндірілуі оған ғалымдардың әр қырынан қарауына байланыста болса керек. Басқа сөзбен айтқанда, зерттеушінің оның сыртқы формалық жағына, не мазмұнға, не функциясына ғана көңіл аударғанынан болар. Басқа фонеткалық құбылыстармен салыстырғанда интонация жалпы мазмұнмен өте тығыз байланысты және синтаксистік тұрақты құрылымдарға қарағанда, онда абстрактілік сипат айқынырақ.Соңғы кезде интонацияны жалпы тіл жүйесіндегі дербес бір құбылыс ретінде танып, оны өз алдына жеке алып зерттейтін білім саласын интонология деп жүр. Интонологияның өзіне тән зерттеу объектісі мен зерттеу әдістері бар. Қайткенде де кейін пайда болған лингвистикалық теорияның интонацияның жаңа қырларын ашып, оның аясын кеңейтіп, жалпы сөйлеу тілін жан-жақты зерттеуде маңызы зор.Белгілі француз ғалымы Б.Мальмберг просодияның, яғни интонацияның орны - қандай тілдің болсын құрылымының нағыз өзегінде, оны аңғармау, оның маңызын дұрыс түсінбеу - тілдің жалпы табиғатын түсінбеумен барабар дейді[1, 35].
3. Интонацияны зерттеу әдістері
Тіл білімінде интонацияны зерттеуде үш түрлі:
* синтаксистік
* фонетикалық
* фонологиялық бағыт бар.
Синтаксистік бағыттағылар интонацияны синтаксис көлемінде ғана қарастыру керек деп санайды. Себебі, олардың пікірінше, интонация - синтаксистік мағынаны; синтакистік қатынастар мен байланыстарды қамтиды.
Фонетикалық бағытты ұстағандар интонацияны сөйлеу тілінің жалпы ағысын қамтып, оның сөйлемдерін, синтагма, фразаларын басқа да фонетикалық майда бөлшектерін қалыпқа түсіріп, тиянақтап, оның үстіне олардың бәрінің басын қосып, бөлшектерден тұратын әуенін шашыратпай бір күрделі байламға келтіретін құбылыс деп есептейді.
Фонологиялық бағыттың өкілдері интонацияны қарама-қарсы, яғнт бір-бірінен айырмашылығы бар бөлек жүйелер ретінде алып қарайды. Егер сегменттік фонологияда фонемалардың "қарама-қарсылығы" оларда белгілі бір сипатты белгінің бар не жоқ болуына негізделсе, суперсегменттік фонологияда қарама-қарсылықтың яғни айырмашылықтың механизмі басқаша: жоғарылау-төмендеу, жылдамдық-баяулық, болымды-болымсыз, тағы сондайларды болып келеді.
4.Интонацияның компоненттері
Әуен, қарқын, ұзақтылық, пауза, интенсивтілік, тембр интонацияның негізгі компоненттері болып табылады. Интонацияның компоненттері кейде просодикалық тәсілдер деп аталады.Барлық тілдердегі интонацияның ең басты да универсалды компоненті әуен. Себебі біріншіден, сөйлеу тілінің ағысын бөлшектерге мүшелеп жіктейтін де, олардың басын қосатын да әуен және онымен қоса пауза. Екіншіден, сөйлемдердің коммуникативтік түрлерін анықтауда,яғни олардың айтылу мақсатына қарай (хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті) бөлінуінде үлкен қызмет атқарады. Үшіншіден, грамматикалық және лексикалық тәсілдермен қосылып сөйлемдердің жалпы мағынасын беруге, оның стильдік ерекшеліктерін анықтауға қатысады.
Аккустикалық жағынан қарағанда, әуен сипаты уақытта өзгеріп тұратын негізгі тон жиілігіне (частота овновного тона) сәйкес болады. Жалпы, инотонацияның интервалды болымды және болымсыз болып екіге бөлінеді. Егер салыстырмалы өлшемнің біріншісінің интервалы оның екіншісінің интервалынан кем болса, онда тоналды интервал болымды боп есептелінеді.
Тоналды диапазон - негізгі тон жиілігінің ең үлкен және ең кішкентай мөлшерінің арасындағы айырмашылығы арқылы белгіленеді. Олардың үш түрі бар: көлемді, көлемсіз, орташа.
Ұзақтылық интонацияның уақытқа байланысты сипаты. Сөйлемнің не сөйлеу тіліндегі басқа да синтаксистік сегменттердің іске асуы үшін олардың уақытпен байланысты болуы ақиқат, яғнт олардың тілде орын алуы және тыңдаушының құлағына жетіп, оған түсінікті болуы үшін біршама уақыт қажет. Синтаксистік сегменттің физикалық ұзақтылығы оның құрамына кіретін дыбыстардың артикуляциялық ерекшеліктермен байланысты екені дәлелденген.
Сөздегі, сингтагмадағы, сөйлемдегі, яғни синтаксистік сегменттегі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz