ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ


КІРІСПЕ . . . 3
- ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 5
- ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАРЫ . . . 8Зерттеу әдістері . . . 8Қараторғайлар тұқымдасына сипаттама . . . 16
- ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ . . . 39Қараторғайлардың тіршілік ортасын талдау . . . 39Қараторғайлардың морфологиясын талдау . . . 40Қараторғайлардың қорегін талдау . . . 41Қараторғайлардың көбею ерекшеліктерін талдау . . . 42
- ҚАРАТОРҒАЙЛАРДЫҢ БИОЦЕНОЗДАҒЫ АЛАТЫН ОРНЫ . . . 43
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 45
ҰСЫНЫС . . . 47
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 48
КІРІСПЕ
Құстар - қауырсындармен жабылған, алдыңғы аяқтары қанатқа айналған, жылы қанды, жұмыртқалаушы, қағанақты, ұрпақтарына қамқорлық жасайтын және сыртқы ортамен күрделі байланыстағы омыртқалы жануарлар.
Орнитология (гр. оrnitos - құс, logos - ғылым) - зоология ғылымы ішінде құстрадың морфологиясын, физиологиясын, экологиясын және олардың жекеше және тарихи дамуын, жер бетінде таралуын зерттейтін ғылым. «Орнитология» терминін ғылымға алғаш рет италян ғалымы У. Альдрованди енгізген. Орнитология ғылымының алдына қойған мақсаты негізінен - құстар жайлы білімдерін толықтыру, құстарды практикалық мақсаттарға пайдаланып, құстардың мекен ететін орындарын қорғау және мінез - құлықтарын анықтау болып табылады.
Табиғатта да, адам өмірінде де құстардың мәні өте зор. Құстар қу-нақылығымен, әуезді әсем сайрағыштығымен, сымбатты да, алуан түрлі сыртқы көрінісімен, ормандарды, тынымбақтарды, шалғындарды және суқоймаларды жандандырып, табиғаттың сәнін келтіру арқылы адамдарды эстетикалық ләззатқа бөлейді. Шағын денелі құстар бунақденелі жәндіктерді жеп табиғаттағы таралу мөлшерін реттейді. Көптеген құстар өсімдікпен қоректеніп, олардың жемістерін, тұқымдарын таратады. Құстар - тірі ағзалардың қоректік тізбегіндегі негізгі буын, өйткені оларды басқа жануарлар қорегіне пайдаланады.
Құстар елімізде болу мәртебесі бойынша бірнеше топқа бөлінеді:
- омыртқалы, жергілікті құстар - өзінің бүкіл өмірін бір жерде өткізетін құстар;
- көшпенді құстар - көбею кезеңінен басқа кезде сол аумақта көшіп жүретін құстар;
- жыл құстары - көктемде біздің елімізге ұя салуға ұшып келетін, күзде қысқа қарай жылы елдерге ұшып кететін құстар;
- ұшып өтетін құстар - біздің еліміздің аумағынан көктемде солтүстік жаққа, ал күзде жылы жаққа ұшып өтетін құстар;
- ұялауға ұшып келетін кейде қыстайтын құстар - көктемде ұялауға ұшып келетін, кейбірі біздің оңтүстік аудандарымызда қыстайтын құстар;
- кездейсоқ құстар - біздің елімізге кездейсоқ ұшып келетін құстар;
М. Фюрбрингердің пікірінше құстар класы 2 класс тармағынан, 8 отрядтан, 7 аралық отрядтан және 13 отряд тармағынан тұрады деп есептелінген. Қазіргі кезде дүниежүзіндегі құстардың 27 отрядқа жататын, 8600 - ден аса түрі тіршілік ететіні белгілі. Ал Қазақстанда құстардың 20 отрядқа, 62 тұқымдасқа жататын 489 түрі кездеседі. Оларды мекен ететін тіршілік орталарына байланысты орман, батпақты - шалшықты, ашық дала және су құстары деп бөледі.
Торғайтәрізділер отряды әлем бойынша 4 отрядтармағына, 72 тұқымдасқа жататын 5100 түрі бар. Қазақстанда 23 тұқымдасы, 32 туысы, 220 түрі кездеседі. Қараторғайлар тұқымдасының дүниежүзі бойынша 110 түрі кездеседі.
Қазақстанда 3 түрі: кәдімгі қараторғай, алақараторғай және саржағалқараторғай.
Зeрттeу өзектілігі. Қараторғайлардың алуантүрлілігі, тіршілік ету ортасы, кездесу жиілігі және морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері туралы ақпараттар 1970 жылғы Қазақстан құстары кітабында көрсетілген және бұл мәліметтер ескі. БҚО кездесетін қараторғайлардың алуантүрлілігі туралы ғылыми зерттеулер аз. Сондықтан осы тақырып аясында зерттеулер жүргізу менің жұмысымның өзектілігі болып табылады.
Зeрттeу мaқсaты. Қараторғайлардың зерттелу тарихымен танысу, олардың тіршілік ортасын, кездесу жиілігін және морфобиологиясын жан-жақты зерттеу.
Зeрттeудiң мiндeттeрi.
- Әдебиеттерге шолу;
- Қараторғайлардың зерттелу тарихымен және түрлерімен танысу;
- БҚО дала зонасында кездесетін қараторғайлардың тіршілік ортасын талдау;
- БҚО дала зонасында кездесетін қараторғайлардың морфологиясын талдау;
- Қараторғайлардың қорегін талдау;
- Қараторғайлардың биоценоздағы алатын орнын анықтау.
Зерттеу обьектісі . қараторғайлар тұқымдасының морфобиологиялық ерекшеліктері.
Зерттеу әдістері. Маршруттық әдіс, нүктелік әдіс, жазықта тұрып бақылау, зертханалық әдіс, ұяны зерттеу әдістері.
Ғылыми жаңалығы: БҚО территориясында кездесетін қараторғайлар тұқымдасы өкілдерінің тіршілік ортасы мен таралуында және олардың ұя салуда түрлі ерекшеліктері бар екендігі анықталды. Жүргізілген морфологиялық көрсеткіштерге негізделе, жұмыртқа салу мен оны басу мерзімдерінінің ұзақтығы, қоректенудегі ерекшеліктері зерттелді. Қараторғайлардың табиғаттағы практикалық маңызы қарастырылды.
Жұмыстың практикалық маңызы: дипломдық жұмысымның материалдарын осы аймақта кездесетін қаратамақторғайлар тұқымдасының түрлерінің санын болжауда қолдануға болады. Жұмыс материалдары ЖОО мен ЖОББМ-де зоология және экология курстарын оқытуда пайдалануға болады, сонымен қатар "БҚО-ның құстар фаунасы" немесе тағы да басқа арнайы курстар, үйірмелер мен сыныптан тыс шараларды әзірлеуде қажетті пайдалы материал бола алады.
Жұмыстың апробациясы:
Жұмыстың құрылымы:
- ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
Құстар туралы зерттеулер сонау Аристотель (б. з. д. 384-322 ж) заманынан бастау алады. Ол өзінің әйгілі «Жануарлар тарихы» атты еңбегінде өзіне таныс құстардың 160 - тан аса түрлерінің анатомиясын және тіршілік ортасына бейімделуі жайында көптеген деректер келтірген болатын.
Орта ғасыр орнитологтарынің құстарға деген қызығушылықтары жоғары болатын. Соның ішінде Ф. Гогенштауфен (1194 - 1250жж) «Құстармен саятшылық жасау өнері туралы» еңбегінде ең алғаш рет құстардың көптеген анатомиялық ерекшеліктерін сипаттаған болатын.
Ал француз ғалымы Пьер Белон (1517 - 1564 жж) құстардың анатомиясын, соның ішінде қаңқасын аса зер қойып зерттеуге көңіл бөлді. Ол сол арқылы құстармен басқа да омрытқалы жануарлардың қаңқаларын зерттеп, олардың ұқсастықтарын анықтауға көп назар аударды. Ол құстардың тіршілік ету жағдайына байланысты құстардың «биологиялық» классификациясын ұсынған болатын.
Табиғат зерттеушісі әйгілі Карл Линней құстардың ұшып - келуі мен кетуін зерттеу барысында орнитофенология әдісін енгізуші болып табылады. Негізнен К. Линейдің құстар ғылымна қосқан үлесі құстардың систематикасын құрастыру болатын. Ол өзінің еңбегінде және сол құрастырған систематикасында құстардың 6 отряд, 78 туысқа жататын 554 түр бар екенін анықтады. Осы К. Линней заманында құстар туралы деректердің көптігі байқалды. Әйгілі жазушы әрі орнитологиялық зерттеулердің авторы Ж. Бюффонның құстар жайында 10 томдық «Құстар тарихы» атты кітабына деректердің сыймай қалғаны жайында айтылып кетті.
ХVIII ғасырдың бас жағында Карл Линнейдің құрасытарған құстар систематикасы мен Ж. Бюфонның жасаған еңбектерінен соң орнитология ғылымының одан әрі қарай да дамығанын көруге болады. Және де сол құрастырылған систематикадан соң құстар жайлы зерттеулерге мүмкіндік берілді. Одан соң ХІХ ғасырда құстар жайлы жазылған еңбектер көптеп жарық көре бастады. Соларды атап кететін болсақ: 1827 жылы Еуропада Х. Л. Брэмнің нұсқаулықтары, 1839 жылы Ф. Дегланның «Еуропа құстарының жинағы, 1871 - 1896 жылдары Г. Дрессердің «Еуропа құстарының тарихы» атты улкен еңбектері жарық көрді.
1811 жылы ең алғаш болып Азияның солтүстік аймағында мекен ететін құстар жайлы монографияны П. С. Паллас жариялаған болатын.
Орнитологтар құстардың бейімдеушіліктерін ХХ ғасырдың бас жағында қолға ала бастады. К. Лоренц құстардың мінез - құлқындағы белгісіз ерекше құбылыстарды ашып, мәлімдеген болатын. Осы зерттелген жұмысына оған Нобель сыйлығы берілді.
ХІХ ғасырдың басынан бастап орнитолог - ғалымдар Н. А. Сверцов, Г. Гэтке, И. Пальмен және тағы асқа ғалымдар да құстардың миграциясы жайлы зерттеп, ғылыми жұмыстар жүргізе бастады.
ХХ ғасырдың орта шамасында ғылыми - техникалық прогрестің дамуына қарай халық шаруашылығына қолдануға болатын құстардың биоакустикасын зерттеу қолға алына бастады. Бұл бағыттың дамуына өз үлестерін қосқан ғалымдар Г. Н. Симкин, А. С. Мльчевский, П. Марлер, және тағы да басқалары болды.
Кеңес Одағы кезіндегі орнитология ғылымының дауы. Кеңес Одағы кезіндегі орнитология ғылымының дамуы XVIII ғасырдың екінші жартысынан бастап жүргізіле бастаған академик П. С. Палластың атымен тікелей басланысты. П. С. Палластың басқаруымен Сібір, Урал, Камчатка, Қиыр Шығыс жіне тағы да басқа аймақтар зерттелді. Бұл зерттеулердің нәтижесі «Ресей - Азиат зоогеографиясы» атты өзінің монографиялық еңбегінде жарық көрді. Бұл еңбек М. М. Мензбирдің 1895 жылы жарық көрген «Ресей құстары» атты еңбегіне дейін орнитологтар үшін нұсқаулық болып келді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысынан бастап көптеген аймақтардың орнитофаунасы белсенді түрде зертте бастады. Орталық Ресейдің орнитофаунасын Мәскеу университетінің профессоры И. А. Двигубский зерттей бастады. Түркістан өлкесін Н. А. Северцов, ал Орынбор өлкесінің құстар фаунасын Э. А. Эверсман зерттеген болатын. Осы зерттелген жұмыстарының қорытынды «Естественно история Оренбусркого края» атты еңбектерінде жарияланды.
КСРО - да құстар жайлы жүргізілген зерттеулерде М. А. Мензбирдің еңбегі зор болды. Ол дүниежүзінде ең алғаш болып фаунистикалық зерттеулерді жүргізіп, соның нәтижесінде 15 томдық көптеген еңбектер жазып, жарыққа шығарды.
Құстардың миграциясын зерттеуде кеңестік орнитологтар көптеген жұмыстар атқарды. Кандалакша, Астрахань қорықтарында, Арал теңізінің Оңтүстік жағалауы, Шатпақ, Алакөлде орнитологиялық станциялар жұмыс жасады. Ол жерлерде Э. В. Кумари, А. В. Михеев, В. П. Теплов және тағыда басқа ғалымдар жұмыс атқарды. Құстардың миграциясын зерттеу барысында В. Р. Дольниковтың басшылығымен экологиялық, физиологиялық зерттеулер жүргізілген болатын.
Қазақстанда орнитология ғылымының дамуы. Республикамызда құстар туралы зерттеулердің 200 жылдан аса тарихы бар. Ол негізгі басын П. С. Паллас жасаған академиялық энцеклопидиядан алады. Қазак жеріндегі орнитологиялық зерттеулер орыстың атақты ғалымдарының Н. А. Северцов, М. А. Мензбир, П. П. Сушкин еңбектерінің нәтижесінде әлемндік деңгейге көтерілген болатын. Сол кездері Қазақстан территоряисының фаунасын зерттеуде көрнекіті жиһанкездер - П. К. Козлов, М. В. Певцов, Г. Н. Потанин болатын, және бұл ғалымдардың құстар жайлы зерттеген зерттеулерін систематик - ғалымдар Ф. Д. Плеске, Ф. Ф. Бранд және тағы басқалары бір жүйеге келтірді.
Қазақстан мен Орта Азияның аудандарының орнитофаунасын зерттеген Д. Н. Кашкаров, М. К. Лаптев, В. А. Хохлов, М. Д. Зверев болды.
Орнитолог - ғалымдар Қазақстан мен Орта Азия елдерінің шекараларына жасалған зерттеу жұмыстары 3 кезеңге бөліп қарастырады.
Бірінші кезең - 1900 - 1932 жылдары аралығындағы кезең. Бұл кезеңде орнитолог - ғалымдар құстардың тіршілік ету ерекшеліктерін зерттеді. Сонымен қатар көптеген зерттелген территорияларда фаунистикалық жұмыстар жүргізді. Республикамызда ғылыми орталықтардың жоқтығына байланысты көптеген экспедициялық - маршруттық зерттеулерді ресейлік ғалымдар жүргізді. Солардың ішінен Каспий сырты және Арал теңізін, далалық аймақтарды зерттеу барысында Н. А. Зарудный мен П. С. Сушкиннің еңбектері мол екенін айтуға болады.
Екінші кезеңде - 1933 - 1965 жылдары республикамызда орнитологиялық ұжымдар құрылып, жинақталған фаунистикалық материалдар қорытындылап, ғылыми еңбектер, мысалы «Птицы Казакстан», 1960 - 1971 жылдары, аралығында, сол сияқты табиғи жеке аудандар бойынша монографиялар және тағы басқалары жазылды. Бұл кезеңнің ерекшелігі - қорықтар жүйесі құрылып, оларда орнитологтар жұмыс жасай бастады. Олар құстардың бтологиясы, әсіресе, көбею мәселелері мен санының ауытқу себептерін зерттеді.
Үшінші кезеңде - 1966 - 2010 жылдары аралығы. Орнитологиялық зерттеулерде экологиялық бағыт басым болды және бүтіндей орнитологиялық ұжымдардың жұмыстары тұрақты сипатты иеленді.
ХХ ғасырдың 60 - жылдарында республикамызда орнитофаунистикалық зерттеулер өзінің шарықтау шегіне жетті. Бұл кезеңде Тянь - Шань тау сілемдері, Бетпақдала, Маңғыстау, Бозашы аудандарында орнитологтар болмаған жерлер қалмады деуге болады.
ХХ ғасырдың 70 - 80 жылдары республикамызда орнитологиялық зерттеулерде құстардың миграциясы жайында жұмыстар көптеп шыға бастады. Бұл зерттеулер барысында Э. И. Гаврилов, Ю. Н. Грачев және тағы да басқа ғалымдар көптеп еңбек сіңірді.
Құстар жайында дүниежүзінде 200 - дей зерттеулер зерттеліп, мақалалар мен журналдар шықты. Солардың біразы табиғат қорғау мәселелеріне арналса, қалғандары - тазы ғылыми басылымдар болып шықты.
Орнитолог - мамандарды дайындауда Михеевтің «Биология птиц», 1974 жылғы Карташевтің «Систематика птиц», Жұмалиев, Есжановтың «Жануарлар әлемінің биоалуантүрлілігі. Құстар. 3 - бөлім», 2007 жылғы Қайруллаевтың «Қазақстан құстары», Э. И. Гавриловтың «Фауна и распространение птиц Казакстана» еңбектері жарық көрді.
Жалпы бұл тұқымдас жайлы деректер негізінен орыс әдебиеттерінде көптеп кездеседі. Жан-жақты зерттеу жұмыстарын Долгушин И. А., Корелов М. Н., Кузьмина М. А., Гаврилов Э. И., Гаврин В. Ф., Ковшарь А. Ф., Бородихин И. Ф., Родионов Э. Ф. (1970) жазған «Птицы Казахстана» атты еңбектен кездестіруге болады.
- ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАР
2. 1. Зерттеу әдістері
Орнитологиялық зерттеулерді жүргізу үшін, құстардың үлкен саны, олардың белгілі бір сандарын анықтайтынарнайы шоттар жүргізіледі. Қазіргі уақытта олар әзірленіп жатыр, жалпы алғанда барлық құстарға, сондай-ақ нақты топтар мен түрлерге бекітіледі(жыртқыш құстар, үйірмелер, ансори-формалар, бөренелер және т. б) .
Сауалнамаларды жүргізу кезінде аймақтың құстарын жақсы ажырата білу керек сонымен қатар, олардың келбетін және дауысын анықтап білу керек. Құстардың далалық түрлерін анықтау мақсатындадүрбі пайдалану қажет. Құстарды зерттеу таңмен ерте немесе кеш түсер уақытта жүргізілуі тиіс. Себебі бұл құстардың тәуліктік тіршілігіндегі ең белсенді уақыты. Ориентологиялық зерттеуде маршруттық, нүктелік және аумақтық әдістерді қолдануға болады. Құстардың мекендейтін жерлерін маршруттық әдіс арқылы анықтауға болады. Зерттеу жүргізілетін ортаны белгілеп алып, қажетті құрал-жабдықтар: күнделік, қарындаш, диктафон, фотоаппарат және дүрбімен қамданып, таң сәріде сапарға шыққан жөн. Маршрут жолын, бақылау нәтижелерін міндетті түрде күнделікке жазып отыру керек. Лабораториялық жағдайда алынған мәліметтер, яғни күнделікте жазылған түрдің кездесу жиілігі, түсірілген фотосуреттер мен диктафонға жазылған құстардың дауысын ажырату арқылы кездестірілген түрді анықтау жұмыстары жүзеге асырылады. Бір биотопқа бірнеше қайта әртүрлі ауа-райы мен жыл мезгілдерінде барып, зерттеуді жүргізсе жұмыс нәтижесінің тазалығы артады. Алынған мәліметтерді лабораториялық өңдеуде жұмыстың жүргізу орны (облыс, аудан, елді-мекен), күні, ауа-райының жағдайы (бұлттылық, температура, желдің болуы, қар жамылғысының қалыңдығы және т. с. с. ) міндетті түрде ескеріледі. Құстарды бақылау аса шыдамдылықты қажет ететінін ұмытпаған жөн. Маршруттарды анықтап алу үшін жергілікті картаға маршруттық нүктелер қойылады. Бұл жүргізілген жұмыстың көлемін анықтауға көмектеседі. Бақылау барысындағы жаяу жүріс жылдамдығы 2-2, 5 км/сағ. құрайды. Зерттеу жұмысы таңғы сағат 8-ден 12-ге дейін, ашық ауа-райында жүргізілді. Бақылау барысында құстар мекендейтін орындарды жүріп отырып, жүрген жерлерімізді электр бағандары мен қадамдар арқылы және интернет навигарторлары арқылы есептеуге болады. Жұмыстың жүргізілу уақыты да есепке алынды. Жүріп өткен жол бойында кездескен құстардың қалдықтарын, мысалы қауырсындарын жинап, алып сызғышты пайдаланып өлшемдерін алған жөн.
Көптеген құстардың қалдықтары нәзік және оны тез бүлдіріп алу қаупі бар. Сондықтан үлкейткіш әйнек пен пинцетті далалық сараман кезінде өзімізбен бірге алып жүру керек. Құстарды зерттеуде жасырыну маңызды, себебі, құстар кез келген қозғалысты тез байқап қалады. Сондықтан жасырынуға орын керек немесе жылжымайтын обьектілердің қасына орналасып, ұзақ уақыттық бақылау жүргізіледі. Ескеретін жағдай, құстарды бақылау кезінде оларды мазалауға болмайды, сондай-ақ суретке түсірген кезде (балапандарымен жүрген құстарды) абай болу қажет.
Далалық зерттеу жұмыстарын жасауға қолайлы болу үшін өсімдігі мол және адам үшін 1 км 2 аумақта жүргізіледі. Бұл кең аудандарда құстарды маршруттау және нүкте санақ қажеттілігіне байланысты. Бұл зерттеу жұмысын негізінен күз мезгілінде жүргізген қолайлы. Осы арқылы құстарды қашықтықтан бақылау және олардың жүріс-тұрысын, сыртқы сипаттамасын, даусы арқылы анықтау. Құстардың сыртқы түріне қарап анықтау өте қиын, сондықтан практикалық тұрғыдан алдын ала дайындалу керек.
Құстардың қоныс аударуын зерттейтін тәсілдер. Құстардың ұзақ сапар шегіп ұшуларына байланысты туатын сұрақтарды зерттеп білетін бірнеше тәсілдер бар. Соның бірі ертеден дамыған, осы кезге дейін негізгі мағлұматтар беретін тәсіл - жазықта тұрып бақылау. Бұл тәсіл жыл маусымына қарай кездесіп тұратын құстардың түрлері мен мөлшерін білуге толық мүмкіндік жасайды.
Мұндай бақылаудан алынған мағлұматтар жүйелі және дұрыс жасалынған жоспар бойынша жазылып отыруы керек. Қай кезде болса да бұл тәсілді қолданып бақылаған адам қоныс аударған құстардың түрлерін, олардың қанша екенін, ұшып бара жатқан бағыттары мен ұшу биіктіктерін және сол күндегі ауа-райын бақылау күнделігіне жазуы тиіс. Содан соң алынған мағлұматтар бойынша әр түрлі құсқа арналған күнтізбе жасалып, бұдан кейінгі жылдарда да олардың қоныс аударулары жөнінде орташа көрсеткіштерді табуға болады. Жазықта тұрып бақылау тәсілін қолданып, барлық құстардың көктемде ұшып келіп, күзде ұшып кеткендерін біле беру оңай емес. Дегелек, ақтұмсық, қарға, қараторғай, қарлығаш сияқты адамға жақын жүріп тіршілік ететін құстар көзге оңай түсіп, тез бақыланады. Далада, орманда, шөп пен бұталардың арасында жасырын тіршілік ететін су құстарының ұшып келгендерін біле қою қиындау. Мұндай көзге түсе қоймайтын құстарды тәжірибелі де төзімді адам ғана зерттей алады.
Келесі нүктелік әдіс бұл әр түрге жататын құстар санының өзгерістерін тұрақты түрде бақылау. Бұл әдіс орнитолог мамандар мен әуесқой бақылаушылардың күшімен жүргізіледі.
Артықшылықтары: қарапайым есепке алу әдістемесі, қарапайым көлік құралдарын пайдалану мүмкіндігі. Кемшіліктері: есепке алу кезінде көптеген стандарттарды міндетті түрде сақтау, құстардың орналасу тығыздығы жайлы деректердің төмен болуы.
Маршруттық әдіс - әртүрлі биотопта көп қоныстанған тығыздығы анықтауға аз бақылаушылардың көмегімен жүргізіледі. Есеп жүргізуде көп мәлімет алу үшін, құстардың қоныстанған аймағына алдымен маршруттық әдіс арқылы картамен жоспарлау керек. Мақсаттың бақылауға тәуелділігіне байланысты маршруттық есеп кезінде барлық биотопты (орман, батпақ, жайлымдар) қосып, олардың аймағына байланысты біріктіріп немесе жеке бірнеше биотоптарға бөліп есеп жүргізеді.
Әдістің маршруттық есебін жазу, бірінші кезекте, бақылау жүргізетін алаң территориясының аумағы 1 кв. км шамасында болады. Бақылау жүргізілетін жерге маршруттық есеп жүргізу тікелей (мысалы, орман телімі) немесе бақылауға оңай жолдар (мысалы, орман ішіндегі жолдар) . Бұған сонымен қатар, сақиналық маршрутты кірістіруге болады, бірақ бақыланатын аумақ 1, 5-2 км шаршы жерде болуы қажет.
Егер бақылауды аумағы шағын жерге жүргізу керек болса, 0, 5 кв. км аумақтан төмен болмауы керек.
Орманды жерлерде маршрутты орман телімі мен жолдарына жоспарлаған ыңғайлы, егер олар үлкен, құсты бақылауға ыңғайлы болуы керек. Сонымен қатар, көлік жоладынан алшақ орнадасқан, тыныш жерде жүргізген дұрыс.
Маршруттық әдіс арқылы құстарға есеп жүргізу үшін, маршруттық есеп жүргізгенде отар және көпотарлы түрлердің ұясынан алшақ болуы керек. Есепті басқа жұмыстармен бір уақытта жүргізуге болмайды (мысалы, жасанды ұяларды бақылау) - бұл үлкен қателікке әкелуі мүмкін.
Мониторингтік бақылаудың маршруты үнемі және жыл сайын жүргізілуі керек, барынша сол бақылаушының жүргізуімен.
Есеп жүргізудің жылдамдығы. Маршрут арқылы есеп жай және үнемі тоқтап, құстарды тыңдап және жазып алу қажет. Егер бақылау өте тез немесе жай болса, нәтижесі бірдей болмайды. Есеп жүргізу жылдамдығы 1-1, 5 км/сағаттан (ұялау кезінде) 2-5 км/сағатқа дейін - құстардың тығыздығына байланысты.
Аймақты картаға түсіру тәсілі - нақты бір аумақта мекен ететін түрлі құстардың дәл санын анықтау үшін қолданылады. Бұл тәсілдің артықшылығы: құстардың орналасу тығыздығы жайлы нақты деректер және аймақты зерттеу мүмкіндігі. Кемшілік тұстары: зерттеуге алынған аймақ көлемінің кіші болуы, уақыттың шектеулігі (әсіресе ұя салу кезеңінде) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz