Қазақстанның климаттық зоналары


Қазақстан Республикасының Ғылым және Білім министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
География және табиғатты пайдалану факультеті
Метеорология және гидрология кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның климаттық зоналары
Орындаған: Досаналиева А
Тексерген: Мусралинова Г. Т.
Алматы, 2018
КІРІСПЕ
Қазақстан климаты қуаң континентті: қысы өте суық, ал жазы ыстық.
Қазақстанның кең байтақ аумағына байланысты, мемлекеттің түрлі аймақтарында ауа райы айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін. Мысалға, оңтүстікте егін егу басталып жатқан кезде, солтүстік жерінде әлі қар жатып, боран соғып тұруы ғажап емес. Бүкіл мемлекетке температураның күрт ауытқулары тән, бұл тәуліктік ауытқуларға да, жылдық ауытқуларға да қатысты. Қазақстан жерінде оның географиялық орнына (яғни атмосф. ылғалдықтың негізгі көзі - мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Басқа кез-келген аумақты аймақтар сияқты республика климатына да радиациялық және циркуляциялық факторлар кешені ерекше әсер етеді.
Солтүстікте қысқы орташа температура қаңтар айында -18, 7°С, ал оңтүстікте -1, 5°С. Ауаның құрғақ болуынан және күннің шуақтылығынан -15°С температура кейде ылғалды ауадағы -5° - 0°С тәрізді сезіледі. Қазақстанның қысы тауларда, мысалы, шаңғы базаларында қысқы спорт түрлерімен айналысуға ыңғайлы.
Жазда мемлекеттің солтүстігінде шілде айының орташа температурасы +18, 8°С, оңтүстікте +28, 8°С. Ыстық жаздың күні қазақстандықтар теңіз-көлдергебарып жағажайда, демалыс базаларында демалғанды ұнатады.
Қазақстанның климаты шұғыл континентті. Климаттың континенттігі оның өзіндік ерекшеліктерінен көрінеді. Оларға: қыс пен жаз температурасының үлкен айырмашылық жасауы. Ауаның құрғақтығы, республиканың көп жерінде атмосфералық жауын-шашынның әркелкі түсуі, қыстың солтүстікте ұзақ әрі аязды, оңтүстікте қысқа әрі жұмсақ болуы жатады.
Қазақстан өзі орналасқан географиялық ендігі бойынша климаты ылғалды субтропиктік Жерорта теңізі елдеріне және қоңыржай континентті орталық Еуропаға сәйкес келеді. Бірақ еліміз орасан зор Еуразия құрлығының ортасында орналасұандықтан климатының шұғыл континенттігімен ерекшеленеді. Өйткені Дүние жүзілік мұхиттардан мыңдаған км қашық жатқандықтанолардың климат жұмсартарлық әсері өте аз.
Ауа райының көп жылдар бойы қайталанып отыратыны белгілі бір типтерін климат деп атайды. Климаттың пайда болуы оның себептеріне байланысты. Оларды климат құрушы факторлар деп атайды. Қазақстанның климаты үш фактормен анықталады: күн радиаатциясы, атмосфералық циркуляция және жердің төсеніш беті.
Климаттық зоналарды ең негізгі сыртқы факторлар қалыптастырады. Олар көп жағдайда күн жылуының таралуына (яғни географиялық ендікке) тәуелді. Тағы бір фактор - аумақтың ылғалдылығының әртүрлілігі. Жылу мен ылғалдың арақатынасы нәтижесінде әр түрлі табиғи зоналар пайда болады. Мәселен, аумаққа күн жылуы көп түссе, оның біраз ылғалдылығы жеткіліксіз (К=0, 3) болса, онда шөлді аймақтар пайда болады. Әрбір зона өзіне тән климатымен, топырағымен, өсімдік және жануарлар дүниесімен ерекшеленеді. Кейде бір зонаның ішінде басқа зоналарға ұқсас жеке үлескілер де кездеседі.
Қазақстанның жазық бөлігінде солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте орманды дала, дала, шөлейт және шөл зоналары ауысып отырады. Сонымен бірге бұл зоналарда топырақ және өсімдік жамылғысы батыстан шығысқа қарай да өзгереді. Оның себебі осы бағытта климаттың континенттігі артады. Республиканың биік таулы аудандарында зоналар биіктікке байланысты (зоналар немесе биіктік белдеулер) ауысып отырады.
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт, шөл) қамтиды.
Орманды дала климаттық белдемі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлш. 242 - 315 мм-ге дейін, оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. 10°С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 160 - 170 тәулік. Ең қысқа жыл маусымы - көктем, ұзақт. 1, 5 ай, жазы 3 айға созылады. Қысы ұзақ, қазаннан сәуірдің соңына дейін. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 37 күн, кейбір жылдары 110 - 113 күнге дейін созылады.
Қазақстан жеріне орманды дала зонасының тек солтүстік шеті сүйірленіп кіреді. Жазық далада шоқ-шоқ болып ормандар өседі. Қазақстанның орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының аз ғана бөлігін алып жатыр. Жалпы көлемі 1 млн га Қазақстан аумағының 0, 4%. Орманды дала зонасының жер беті тегіс. Онда шағын ойпаттар кездеседі, бұлардың кейбіреулерін көл алып жатыр. Зонада 6 мыңнан астам көл бар. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға карағанда біршама қолайлы. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлшері 300-350 мм, оның көбі жазда жауады. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орташа температурасы 18°-20°С. Қысы едәуір суық, кей күндері қатты аяз болып, ауаның температурасы -51°-53°С-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы -17°-19°С.
Зонаның солтүстік бөлігінде қара топырақты қабаттың қалыңдығы 75 см-ге жетеді, оның құрамының 9%-ына жуығы шірінді болады. Зонаның оңтүстігіне таман қара топырақтың қалыңдығы кеми түседі, шіріндінің мөлшері де 6%-ға дейін азаяды. Қазакстандағы орманды дала топырағының Шығыс Еуропа жазығындағы орманды дала топырағынан айырмасы - ойпаң жерлері сортаң болып келеді. Зонада көбінесе дала және шалғынды дала өсімдіктері өседі. Солтүстігінде, солтүстік-батысында шоқ-шоқ ормандар кездеседі.
Өсімдік жамылғысы жыртылмаған үлескілерді жауып тұратын қалың және әр түрлі шөптер, дәнді дақылды өсімдіктерден тұрады. Мұнда қызғылт сабақты боз, шоқ түпті бетеге, бұралған жер бидайық өте көп. Біраз жерді қарабас шалғын мен қылқансыз арпабасалып жатыр. Астық тұқымдас өсімдіктерге сәбізшөп, жұпар иісті алтын түстес гүлдері өседі. Бұршақ тұқымдастардан сары гүлді беде, көк түсті бұршақ бар. Батыс Сібір жазығының ормандарында шоқ-шоқ қайың мен көктеректер өседі. Жалпы Сырт қыраты ормандарында жалпақ жапырақты ағаштар - емен, жөке, қандыағаш басым болады. Шоқ-шоқ болып біткен қайыңды, көктеректі ормандар арасында өсетін бұталарға: тал, долана, итмұрын, қара қарақат жатады. Сабағы жіңішке, шырынды, қызыл күрең түсті жемісі бар тошала жиі кездеседі. Орман шетінде аңқыған иісі бар, қызыл күрең түсті бүлдірген көздің жауын алады. Ағаш тұқымдастарының құрамы жағынан батыстың орманды даласы Шығыс Еуропа даласына ұқсайды. Орман өсімдіктері өзен аңғарларын бойлай оңтүстікке де таралады. Мәселен, дала зонасындағы Жайық өзенінің аңғарында шоқ-шок ормандар, Ертіс жағасын бойлай құм шағылдары үстінде жіңішке алқапта карағайлы ормандар, Сарыарқаның Көкшетау, Қаркаралы, Баянауыл және т. б. тауларының гранитті массивтерінде карағайлы ормандар таралған. Олар тау шоқтары мен беткейлеріндегі көлдерді қоршап жатқан далада ерекше көркем табиғат көріністерін бейнелейді. Бұл әдемі табиғатты аудандарда сауықтыру және демалыс үйлері орналасқан. Орман байлықтары - шоқ қайыңдар мен шоқ қарағайлар және бұталар 10 млн гектардан астам ауданды алып жатыр. Дуброва, Мамлют қорықшаларындағы ормандар мемлекет тарапынан қорғауға алынған.
Орманды даланың өзіне ғана тән ерекше жануарлары болмайды. Мұнда да көршілес зоналардың жануарларындай: сарышұнақтар, сұртышқандар, қосаяқтар, аққіс, қояндар (ақ қоян, ор қоян, сусар, түлкі, қасқыр, т. б. кездеседі, шоқ карағай ормандарында - тиіндер бар. Соңғы жылдарда мұнда солтүстік ормандардан бұландар мен сібір еліктері мекен ауыстырған. Басқа жақтан адамдар алып келген, кәсіптік маңызы бар ондатр кездеседі. Бауырымен жорғалаушылардан кесірткенің екі түрі (жорғалауыш және тірі туатын), сары бас және улы сұр жыландар кездеседі. Орманды далада құстар өте көп және әр түрлі. Шоқ қайыңды ормандарда ақ құр, ақ тұмсық қарға, сауысқан, тоқылдақ, көкек, сұңқар, күйкентай ұялайды. Ашық жерлер мен орман шеттерінде бұлдырық, бөдене, бозторғай, шәуілдек жүреді. Көл жағасындағы нулы қамыс, қамыс құрағы, қоғалар мен басқа да өсімдіктер арасында әр түрлі суда жүзетін құстар көп-ақ. Мұнда көптеген қаздар мен үйректер, сондай-ақ шағалалар да байқалады. Үлкен көлдерде - аққулар, ал төмпешікті және қияқты батпақтарда - кезқүйрыққа ұқсас сұр тырналар мен қамыс құладыны болады.
Орманды дала зонасы - Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі. Онда дала үлескілерінің көп бөлігі жыртылған. Бұл жерлерде дәнді дақылдардан - бидай, жүгері, т. б. дақылдар егіледі. Мұнда көптеген жаңа елді мекендер бой түзеді. Зонаның жыртылмаған бөлігі - шүйгін шабындық, көк балаусалы жайылым, сондықтан мұнда етті-сүтті бағыттағы мал шаруашылығы басым дамыған.
Далалық климаттық белдем республиканың солт-ндегі біраз аймақты қамтиды. Жылдық жауын-шашын мөлш. 200 - 300 мм, оның 70 - 80%-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140 - 160 күнге созылады, қардың орташа қалыңд. 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлш. 2100 - 2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 - 180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлш. 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзақ, күзі 1 айға жуық (қыркүйектен басталады) .
Дала зонасы 77 млн га жерге тараған Қазақстанның біраз аумағын, дәлірек айтқанда, 27%-ынан астамын алып жатыр. Дала зонасы орманды дала зонасының оңтүстігінен басталып, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты камтиды, шамамен 54°-50° с. е. аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы түгелдей дерлік, Жалпы Сырт сілемдері, Каспий маңы ойпатының солтүстік жартысы, Орал етегі, Жем үстірті, Сарыарқаның солтүстігі мен орталық аудандары жатады. Дала климаты континентті, жазы ыстык әрі құрғак, жиі-жиі аңызак желі соғып тұрады. Ал қысы қатаң, қары жұқа болады. Қаңтардың орташа температурасы -16°-18°С, шілде айында солтүстігінде 18°С-тан, оңтүстігінде 23°С-қа дейін жетеді. Жылына 220-310 мм-ге дейін жауын-шашын жауады, бірақ мұның мөлшері солтүстіктен оңтүстікке қарай азая түседі. Климат жағдайлары егін шаруашылығымен шұғылдануға толық мүмкіндік береді. Дала зонасы өзендерінің деңгейі төмен. Зонаны Ертіс, Есіл, Тобыл, Жайық, Нұра, Торғай, Шар, Ырғыз және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Олардың жылдық ағысының 80 %-ы көктемгі су тасу кезеңіне келеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған бұл аудандарда, су әлі де болса жеткіліксіз. Сондықтан да бөгендерде су жинап, оны су құбырлары мен каналдар (Ертіс-Қарағанды) арқылы пайдаланады.
Дала зонасының топырағы қара және қызыл қоңыр топырақ типіне жатады. Зонаның солтүстігінің топырақ қабатында жоғары өнім жинауға жеткілікті 6%-ға жуық шірінді бар. Оңтүстікке қарай топырақтағы шірінді кеми түседі де, бірте-бірте куаң далаға тән қызғылт күрең топырақка айналады. Бұл арада сортаң топырақты жерлер көбірек кездеседі, олар арнаулы тыңайтқыштар мен ерекше күтімді кажет етеді. Қызғылт күрең топырақтың құнарлы жерлері егін шаруашылығы үшін жарамды.
1-сурет. Дала зонасының көрінісі
Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Мұнда боз, бетеге, атқонақ, еркекиіөп, кермек, қаңбақ басым өседі. Ойпаң және ылғалды жерлерде, әсіресе өзен жайылымдарында шалғынды өсімдіктер тараған. Шалғынды өсімдіктерден бидайық, қылқансыз арпабас, шалғынды қоңырбас басым, аса ылғалды жерлерде қияқ пен құрақ өседі. Бидайық шалғындарынан мол пішен алынады. Даланың оңтүстік бөлігінде негізгі өсімдіктермен қатар жусанның кейбір түрлері өседі. Кей жерлерде бұлар тұтас үлескілерді алып жатады. Дала өсімдіктерінің арасында дәрі-дәрмектік өсімдіктер де бар. Мысалы, жанаргүл, шайшөп, итмурын, дәрілік валериан кездеседі. Жаз бойы даланың түрі үнемі өзгеріп отырады. Дала көктемде ғана қысқа мерзімде алуан түрге бөленіп құлпырады. Шілдеде шөп қурап, сарғайып кетеді. Ашық дала кеңістігінде тіршілік етуге бейімделген көптеген түрлі жануарлар кездеседі. Қоршаған ортасының түсіне ұқсас келетін, жылдам жүгіретін әрі тез ұшатын, жылдың колайсыз мезгілдерінде де ұзақ ұйқыға кететін жануарлардың да түрлері бар. Дала сүткоректілеріне саршұнақ, қосаяқ, дала тышқандары, дала алақоржыныжатады. Бұлар егінге көп зиян келтіреді. Мұнда саршұнақ тұқымдасынан ірі суырлар (салмағы 10 кг-ға дейін) болады. Суырлар мен саршұнақтар ін қазып, топырағын сыртқа шығарып, үйіп тастайды. Қосаяқтар, саршұнақтар, дала тышқандары тіршілік ететін жерлерде жыртқыштардан күзен, аққіс, түлкі кездеседі. Олар терісі бағалы кәсіптік жануарлар қатарына жатады. Даланың оңтүстік аудандарында түлкі тұқымдасынан қарсақ кездеседі. Ол інінен тек түнде ғана шығып, жортады. Даланың барлық жерінде осы зонаның негізгі жануары қасқыр көп болады. Далада ақбөкендер кездеседі. Бөкеннің басы үлкен, қошкар тұмсық, денесі ықшам, аяғы жіңішке келеді. Бөкеннің жүгіргеніне көз ілеспейді. Қазан төңкерісіне дейін дала зонасы ғасырлар бойы көшпелі мал жайылымы ретінде пайдаланылып келді. Тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарында (1954-59 ж. ) дала зонасының 28 млн га жері жыртылды.
Шөлейтті климаттық белдем немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Жылдық жауын-шашын мөлш. оңт-ке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді, оның 43 - 27%-ы жылдың суық маусымында түседі. Тұрақты қар жамылғысы 120 күндей сақталады. Қар жамылғысының қалыңдығы батыстан шығысқа қарай 20 см-ден 60 см-ге дейін артады. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25°С-тан жоғары күндер саны 30 - 45, 35°С-тан жоғарғысы - 10 - 20 күн. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақт. 170 - 200 тәулік. Қысы қатал, ауа райы құбылмалы келеді, жазы ыстық, радиацияның жиынтық мөлшері тым жоғары. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27 - 29 күнге созылады.
Шөлейттің климаты құрғақ, тым континентті. Жауын-шашын аз, жылдық жауын-шашынның мөлшері 180-300 мм аралығында. Көктемнің аяғы мен жаздың басында жауын-шашын мол түседі, кыста және жазда аз жауады. Жаз барлық жерде ыстық. Шілденің орташа температурасы 22°-24°С, кейде ыстық 40°С-қа дейін жетеді. Қысы суық, ашық аязды күндер басым болады. Қаңтардың орташа температурасы -15°-17°С, ең төменгі температура зонаның шығысында (-50°С) байқалады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz