Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының қаржылық қызметіне талдау жасау
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 4
1 Нарық жағдайында ұлттық инвестициялық қордың инновациялық
қызметін арттырудың теориялық негіздері
1.1 Ұлттық инвестициялық қор туралы жалпы түсінік 6
1.2 Ұлттық инвестициялық қордың негізделетін қағидаттар 9
1.3 Ұлттық инвестициялық қордың инновациялық қызметі, қор 11
қызметінің негізгі мақсаты
2 Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының қаржылық қызметіне
талдау жасау
2.1 Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының даму тарихы және 18
ұйымдастыру құрылымы
2.2 Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қорының 2015 - 2014 жж актив, 21
пассив бөлімдерін талдау
3 Қазақстан Республикасы инвестициялық қордың инновациялық 30
қызметін жетілдіру жолдары
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 34
Қосымшалар
Кіріспе
Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі, президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа жолдауында айтылғандай елдің дамуын бәсеке қабілетті экономика құру арқылы жүргізу керек, сондай-ақ Қазақстанның әлемдегі бесекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы болып табылады.
Экономикалық дамуға көптеген факторлар әсер етеді, олар табиғи ресурстардың саны мен сапасы, қолдану мүмкіншілігі, негізгі капиталдың көлемі мен сапасы, технологияның дәрежесі, жаңа техниканы қабылдау жүйесі, еңбек ресурстарынның кәсіптілік дәрежесі, оның ғылыми және мамандану сипаттамасы, өндірілген өнімге сұранысты арттыру және қолдана білу, ұлттық басқаруда бар ресурстарды тиімді қолданып өте көп мөлшерде сапалы өнім өндіре білу.
Әлемдiк тәжiрибенiң дәлелдеуi бойынша, инвестициялар кез-келген елдiң өркендеуiнiң маңызды факторы ретiнде қарас - тыры - лады. Қазақстан халқына ел Президентiнiң жолдаған "Қазақстан-2050" Жолдауында республика экономикасына инвестицияларды тарту маңызды стра - тегиялық мәселе ретiнде қарастырылған. Инвестицияларды экономикаға тарту iшкi жинақтардың және қаражаттардың жетiспушiлiгiнен құтылуға, өндiрiстiң өсуiне, экспорттың жоғарылауына, импорттың төмендеуiне, тауарлық тапшылықтың қысқаруына және өндiрiстi ұйымдастырудың тиiмдiлiгiн жоғарылатуға көмектеседi.
Жалпы қазiргi кезде адамдар экономикаға салынған инвести - циялардың нақ - ты тиiмiдiлiгiн көруi тиiс, ол жұмыс орындарының көбеюiнен, жаңа өндiрiс - - тердiң пайда болуынан, еңбек өнiмдiлiгi артуы үшiн жағдайдың жақса - руы - нан танылады. Осыған орай Қазақстанда инвестиция саласын одан әрi жетiлдiру мәселесiнiң маңызы артуда.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы өз аймағы бойынша саяси-экономикалық маңызды мәселелерді шешуде жетекші орынға ие болып отыр.
Саяси тұрақтылық, әлеуметтік-экономикалық рекформалардағы жетістіктер, табиғи және қоғамдық мүмкіншіліктеріміз біздің еліміздің іргетасы болып табылады. Егеменді ел болып жарияланғаннан кейін, шетелдік инвесторлар елдің экономикасына тарту стратегиялық мақсаттардың бірі болған еді. Нарықтық экономиканы тапқырлықпен жүзеге асырған өркенниетті елдердің тәжірибесі көрсеткендей, шетелдік инвестицияның экономиканы дамытуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге үлкен септігін тигізетінін айғақтайды. Шетелдік инвестиция тарту жөнінде Қазақстан ТМД мемлекеттері арасында алдыңғы орында тұр. Өзіндік жинақтаған тәжірибесі бар және тәжірибе негізінде бағыт-бағдарын айқындауда. Қазіргі таңда шетелдік инвестициялар
елдің экономикасына жаңа әдіс-тәсілмен тарту мәселесі алға шығуда. Ол-дегеніміз көлемнен сапаға өту саясатын ұстану болып табылады.
Қазақстанның қазіргі кездегі экономикасы үшін инвестиция өте маңызды рөл атқарады десек те болады,яғни казіргі уақыттағы өнеркәсіптік-экономикалық дағдарыстан шығуға көмектеседі деп білеміз. Өнімділіктің негізгі құралы ретінде инвестициялық әрекет экономикалық ортаға жаңа элементтер енгізетін әрекетке ие. Бұл кәсіпорын шеңберінде өнім өндіруде ұтымдылықты қамтамасыз етуге, ресурстарды тиімді пайдалануға және әрине өзіміз айтып өткендей экономикалық дамуға әкеледі. Қазақстанда дәл қазір бұған қолымыз жетпей отыр, өйткені нарық жағдайында қайшылықтар мәселесі шешімдер кезегін күтуде. Бір жағынан еркін кәсіпкерлік ортаны құру жене тұтынушылардың сұранысын ақтау өз бетінше әрекеттер жасауға әкеліп тірейді, яғни технологиялық жаңалықтарды енізіп, іске қосу керек.
Екінші жағынан терең экономикалық дағдарыс, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі, ҒЗТКЖ-ге жұмсалатын қаржының азаюын атап өтуге болады. Жоғарыда айтылып кеткен факторлардың әсері болу үшін, инновацияны енгізудегі ғылыми-техникалық қол жеткізушіліктерді қабылдап алу міндетті, өйткені олар жаңа жаңалықтарды енгізушілікті бақылайды және оның іс жүзінде жаңа өнім ретінде сатылуын, қаржының жұмсалуы, техника мен технологияның жаңарып ауысуы, осы жаңа енгізулерді тиімді түрде пайдаланып экономикалық даму септілігіне ие болады
ҚР Президентінің халыққа жолдауында былай делінген: Біз индустриалды - инновация стратегиясын жүзеге асыруды бастадық, бұл экономиканың әртараптануы, яғни болашаққа арналған бағдарлама.
Біз бәсекеге қабілетті және осы бәсекелестікті әлдеқайда жоғарлататын экономикалық әлеуетке ие басымдықты саланы таңдадық, мұнымен біз Қазақстандық кластерлікті дамыту жүйесінің бастамасын құраймыз деп білеміз.
Қазіргі кезде индустриалды-инновациялық инфрақұрылымның дамуы қалыптастырыла бастады. Мемлекеттік институттардың даму капитализация лары 2014 жылдың басында 730 АҚШ долларын құрады, ал инвестициялық болжамалар 1 млд.200 млн АҚШ долларын құрайды.
2015 жылы 204 инвестициялық жобалар іске асырылған, соның ішінде тең жартысы- даму институтының көмегімен жүзеге асқан.
Біздің стратегиялық алға қойған мақсатымыз - бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосылу. Сондықтан мемлекет пен жеке секторлар бір-бірімен екі жақты сенімділік пен табысқа негізделген жақсы қатынаста болу керек.
Курстық жұмыстың мақсаты - ұлттық инвестициялық қорды теориялық және әдістемелік негiздерiн зерттеу, инвестициялық тиiмдiлiгiн талдау және инвестициялық саясатты жетiлдiру жолдарын қарастыру болып табылады.
Курстық жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1 Нарық жағдайында ұлттық инвестициялық қордың инновациялық қызметін арттырудың теориялық негіздері
1.1 Ұлттық инвестициялық қор туралы жалпы түсінік
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің қорланымдарын қалыптастыру, сонымен бірге әлемдік бағалардың жағдаятына республика және жергіліктібюджеттердің тәуелділігін төмендету мақсатында жасалына- ды. Ол мемлекеттің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етуге, қаржылық активтерді және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүліктерді жинақтауға, экономиканың мұнай секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қор жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырады.
Жинақтау функциясы материалдық емес активтерді қоспағанда қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған. Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі кепілденілген трансфертті қамтамасыз етуге қажетті мөлшерде айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану әлемдік, ішкі тарау және қаржы рыноктарының конъюнктурасы, мемлекеттегі және шет елдердегі экономика- лық жағдай, бұл ретте макроэкономикалықжәне фискалдық тұрақтылық сақтала отырып және Ұлттық қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері сақталынып, Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтары ескеріле отырып айқындалады.
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы ұлттық және шетелдік валюталар мен жүргізіледі, ал оның операциялары бойынша есепке алу мен есептеме ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасасылатын сенімгерлік басқару туралы келісімшарттың негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады. Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастырукөздері болып табылады. Бұл түсімдер:
* мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан (жергілікті бюджеттерге есептелетін салықтарды қоспағанда) тұрады, оларға:корпоратив тік табыс салығы, үстеме пайда салығы; бонустар, пайдалы қазбаларды өндіру салығы; өнімді бөлу бойынша үлестер; экспортқа рента салығы және өнімді бөлу туралы келісімшарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі жатады;
* мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін
* түсімдерді қоспағанда) соның ішінде мұнайлық келісімшарттар талаптарының бұзылғаны үшін түсетін түсімдерден (жергілікті бюджеттерге есептелетін түсімдерді қоспағанда)
* республикалық меншіктегі және тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдерден;
* ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдерден тұрады.
Ұлттық қордың қаражаттары:
1) Ұлттық қордан түсетін республикалық бюджетке кепілденілген трансферт түрінде;
2) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын мақсаттарға Ұлттық қордан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер түрінде;
3) Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты шығыстарды жабуға жұмсалады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
* Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының сақталуын;
* Ұлттық қордың жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұруды;
* тәуекел деңгейі қалыпты болған кезде ұзақ мерзімді перспективада ұлттық қор табыстылығының жоғары деңгейін;
* ұзақ мерзімді перспективада инвестициялық табыстар алуды қамтамасыз ету мақсатында материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдарға орналастырылады.
Материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларды кредиттеуге және міндеттеме- лердің орындалуын қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды. Активтерді Ұлттық қорға есептеу және Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ұлттық қорға түсетін немесе бұл қордан алынатын активтер Ұлттық банк белгілеген тәртіппен айырбастауға немесе қайта айырбастауға жатады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке түсетін кайтарусыз түсімдер осы қордан кепілденілген трансферт болып табылады.
Ұлттық қордан үш жылдық кезеңге арналған кепілденілген трансферт мөлшері республикалық бюджет әзірленетін жыл алдындағы қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша Ұлттық қор активтерінің үштен бір бөлігінен аспауға тиіс, ол Үкімет белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
Есепті қаржы жылы ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілденілген трансферт сомасын Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы бойынша және Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес Үкіметтің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетте Ұлттық қордан аударылмаған кепілденілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттеме лердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржылық құралдарға орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультация - кеңесші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары:
1. Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
2. Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу;
3. Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Президенттін бекітуіне ұсынады.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсынады.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
1.2 Ұлттық инвестициялық қордың инновациялық қызметі, негізделетін қағидаттар
Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді.
Осы тұрғыдан алғанда Қазақстан Республикасында аталған бағыттарда көптеген жұмыстар атқарылып келеді. Атап көрсетер болсақ, 2003 жылы елдің инновациялық - индустриялық дамуын қалыптастыру және экономика
нақты, түпкі өнім өндіру секторын өркендету әрі әртараптандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы, 2005 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық инновациялық жүйесінің қалыптасуы мен дамуының 2005-2015 жылдарға арналған бағдарламасы, ел экономикасының инновациялық белсенділігін көтеру мақсатында 2006 жылы ҚР Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы Заңы қабылданды. Осылардың негізінде 2003 жылдан бастап отандық инновациялық әзірлемелерді қолдау мен оны өндіріске ендіруге, сонымен бірге Қазақстан Республикасын болашағы зор шетелдік технологияларды трансферттеу алаңы ретінде дамытуға бағытталған инфрақұрылым жүйесін құру үрдісі басталып кетті
Индустриялық-инновациялық дамуды қалыптастыру аясында мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан саясаттың алғашқы нәтижелері де көрініс бере бастады. Мәселен, еліміздің индустриялық-инновациялық стратегиясының алғашқы кезеңі аяқталып нәтижесінде даму институттары және инновациялық инфрақұрылым элементтері, яғни, инновациялық қызметті жүзеге асыруға қажетті алғышарттар қалыптасты.
Міне мұның барлығы да отандық инновациялық инфрақұрылымды дамытудың тиімді тетіктерін қалыптастыруды қажет етеді. Өйткені, тек дамыған инновациялық инфрақұрылымы қалыптасқан ел ғана инновациялық ортаның толыққанды қатысушысы бола алады. Бұған қоса, инновациялық әлеуеті дамыған елдер болашақтың бағдарын елдегі табиғи ресурстарға қарап емес, адам капиталының, оның интеллектуалдық қуатының шамасына, инновациялық өнім, қызмет, сапалы жұмыс жасай алатын өнеркәсіптік, өндірістік инфрақұрылымның мүмкіндіктеріне, ғылыми-зерттеу, ғылыми-ізденушілік орталықтарының шамасына қарап айқындайды.
Самұрық-Қазына АҚ мақсаты Қазақстанды дүниежүзілік экономикалық өсім мен ұлттық компаниялардың қарқынды инновациялық дамуы тұрғысынан зияткерлік тартымдылық орталығына айналдыру.
Экспорттың шикізаттық бағыты Қазақстанның экономикалық мүдделеріне үйлеспейді. Бұл ұлттық экономиканың сыртқы факторлардан тәуелділіктің жоғары дәрежесін алдын ала анықтайды, атап айтқанда - дүниежүзілік шикізат, әсіресе көмірсутегі нарықтарының конъюнктурасы динамикасынан.
Мемлекеттегі ең маңызды мәселелердің бірі экономикалық өсудің экспорттық-шикізаттық үлгіден инновациялық үлгіге көшудің қажеттілігі, ал бұл жағдайды өзгерту адекваттық шараларды жедел түрде қабылдауды талап етеді. Мәселені шешу инновацияға бағдарланған экономикалық жүйелерді қалыптастыру шеңберінде ғана мүмкін. Сол үшін Самұрық-Қазына АҚ қызметінің негізгі екпіні экономиканың әр түрлі салаларына инновацияларды енгізуге бағытталған.
Самұрық-Қазына АҚ компаниялар тобын қойылған мақсаттарға жету үшін белсенді жұмысты басталды.
Самұрық-Қазына АҚ инновациялық қызметке негізделген Қор компанияларының инновациялық дамудың басты басымдықтары белгіленді:
- Қорды үнемдеу
- Экологияға бейімдік
- Қауіпсіздік
- Қазақстандық тауарлардың көптігі
Бұл құндылықтар Қордың тұтынушылар, жабдықтаушылар мен серіктестермен қатынасының негізі болып табылады.
Ағымдағы жылда Самұрық-Қазына АҚ еншілес компанилардың ғана ғылыми зерттеу бойынша қаржыландыру көлемі 8 млрд. теңгені құрады, ал бұл еліміздің ғылымға бөлінетін қаражаттың төрттен бір бөлігін құрайды.
Келесі жылдан Самұрық-Қазына АҚ бір топ компаниялардың инновациялық қызметтерін бақылау жүйесі жөнделеді. Инновациялық дамудың бақылау жүйесі Қор мен оның еншілес компанияларына бірыңғай болады, және олардың инновациялық дамытуды бақылау барлық кезеңдерде жүзеге асады: жоспарлау, қаржыландыру, орындау және бақылау.
Осы бағдарлама шеңберінде Қор компанияларының инновациялық ПӘК тізіміне біз ұйымдардан алынған патенттер саны мен ресми тіркелген халықаралық ғылыми жорналдарда жарияланған қызметкерлердің мақалалары енеді. Демек, Қор өз компаниялары шығаратын өнім сапасына және қызметкерлердің дүниежүзілік стандарттарға сай дәрежелеуіне зор назар аударуда.
Самұрық-Қазына АҚ басшылығымен келесі жылдан бастап таза табыстан 10% инновацияға бөлінеді. Самұрық-Қазына АҚ бақылауында қазір ірі компаниялардың 19 жобасы бар.Самұрық-Қазына АҚ 3 жобасы құны 28 млрд. теңгені құрайтын Алатау Инновациялық технологиялар паркі Арнайы экономикалық аймақты дамытудың флагманы болып келеді:
- Қазақстан-Британдық Техникалық Университеті саябақта мұнай, газ және IT мамандар бойынша 2 мың студенттерді оқытатын Информациялық технологиялар мен мұнай-газ инжиниринг институттарын орналастыруды көздейді.
- Қазақстандық мұнай және газ институты мұнай-газ индустриясында зерттеу оралығы болатын Ғылыми-Зерттеу орталықтың құрылысын жоспарлауда.
- Қазақтелеком АҚ VAS - қызметтерін дамыту және көрсетуде Инновациялық технологиялар паркін құруды жоспарлауда.
1.3 Ұлттық инвестициялық қордың инновациялық қызметі, қор қызметінің негізгі мақсаты
Инвестициялық қордың мақсаты қайта құрылған және күшіндегі ұйымдардың жарғы капиталына қатысу жолымен экономиканың шикізаттық емес секторында бәсекеге қабілетті өндіріс ашу туралы жеке сектор ынтасына қаржылай қолдау көрсету болып табылады. Қор қызметінің концептуалдық жағдайы.
Қор тура инвестор жобасына 49% акцияны иелене отырып шыға алады. Инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатының неғұрлым тиімдірек жолы жобаның технико-технологиялық жағын және 50 проценттік акцияны бақылауды жүзеге асыру үшін жеткілікті маркетингтік және технологиялық тәжірибесі бар жобаны орындаушы ұйымдардың сәйкес деңгейін қамтамасыз ететін стратегиялық инвестор болуы тиіс кәсіпорындардың жарғы капиталына қатысу болып табылады.
Кәсіпорынның жарғы капиталына қатыса отырып, Қор инвестор сияқты жобаны іске асырумен байланысты тәуекел мен түсімдерді бөледі. Қор стратегиялық инвесторларға локальды қауіптерді азайту мен мемлекеттік мекемелермен және сол аймақтағы инвестициялық индустрияның басқа да қатысушыларымен қарым-қатынасты үйлестіруді қамтиды.
Инвестициялық жобалар
:: Қаржыландырушы жобалар
:: Перспективалық жобалар
Жоба инициаторына қарауына инвестициялық жоба бойынша ұсынысты қабылдау үшін бірінші кезекті міндетті түрде бекітілген формада өтініш толтырып беруі тиіс.
Бүгінгі күні Қор қызметінің акценті құрылымтудырушы маңызы бар ірі перспективалық жобалардың кезеңдік қаржылануына ауыстырылған және ол жаңа әрі жималық экономикалық кластерді толтыруға әсер ететін болады.
Қазақстанның инвестициялық Қоры АҚ
Қазақстанның инвестициялық Қоры АҚ Қазақстанның даму институты ретінде Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің №501 қаулысымен 2003 жылдың 30 мамырында құрылған.
Қазақстанның инвестициялық Қоры АҚ ның Жалғыз акционері - Самрук-Қазына Ұлттық Әл-ауқат Қоры АҚ.
Қордың мақсаты - перспективалы ұйымдардың жобаларына инвестиция
лар жүзеге асыру және тарту арқылы Қазақстан Республикасының индустриялық - инновациялық саясатын іске асыруға ықпал ету, экономика ның шикізаттық емес секторындағы жеке секторының бастамасына қаржылық көмек көрсету.
Қордың мәселелері:
1. Шикізат пен материалдарды толығымен қайта өндіретін, жаңа технологияларды пайдаланып, бәсекеге қабілетті өнімдерді шығаратын, сонымен бірге келешегі бар ұйымдарға өндірістік қызмет көрсететін, өздерінің іс әрекеттерін өнеркәсіпте жүзеге асыратын жаңадан құрылған, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру;
2. Инвестициялық жобаларды Қормен қаржыландыру арқылы экономика шикізат емес секторына жеке инвестицияларды ынталандыру (ұйымдардың жарғылық капиталдарына инвестицияларды жүзеге асыру) және осы жобаларды басқаруға қатысу;
3. Қосымша, аралас өндірістерді дамытатын, отандық және шетелдік ұйымдар арасында өндірістік кооперацияны қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасынан тыс жердегі инвестициялық жобаларды бірлескен қаржыландыру арқылы шетелдегі қазақстандық ұйымдардың инвестициялық белсенділігін көтеруге ықпал ету;
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры акционерлік қоғамы Ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі кейбір шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 13 қазандағы № 669 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 17 қазандағы № 962 қ аулысы на сәйкес Қазына орнықты даму қоры акционерлік қоғамы мен Самұрық мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі акционерлік қоғамын біріктіру жолымен құрылды.
Самұрық-Қазына ұлттық әл ауқат қоры ұ лттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі мен тұрақтылығын арттыру және әлемдік нарықтағы өзгерістер дің елдегі экономикалық өсуге ықтимал жайсыз әсер етуі факторларынан сақтандыру үшін құрылды.
Қор қызметінің негізгі мақсаттары:
* ел экономикасының орнықты дамуын қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
* экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға жәрдемдесу;
* компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру болып табылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларын, Қазақстан Республикасының Индустриялық - инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы н, Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы бағдарламасын, компаниялардың алдына қойылған мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде жаңғырту мен әртараптандыру Қордың және компаниялар қызметінің негізгі бағыты болып табылады.
Қор экономиканың шынайы секторына инвестициялар тарту, өңірлерде жұмыстарды жандандыру, салааралық және өңіраралық байланыстарды нығайту жөніндегі мәселелерді жылдам әрі шұғыл шеше отырып және бар басымдықтар мен мүмкіндіктерді барынша қолдана отырып Қазақстан Республикасының Үкіметіне барынша жәрдемдесу үшін танылған.
Ұлттық экономиканы тиімді әртараптандыру және жаңғырту, әсіресе, мынадай экономиканың басым секторларында белсенді инвестициялық қызметті іске асыру арқылы жүзеге асырылады:
* мұнай- газ секторы ;
* электр энергетикасы ;
* металлургия;
* химия,
* мұнай- химия;
* инфра құрылым .
Қор қызметінің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады :
1. Қордың жалғыз акционері ретінде мемлекеттің мүдделерін сақтау ;
2. Қордың және оның компаниялары қызметінің ашықтығы, тиімділігі және икемділігі ;
3. шешімдер қабылдауда және оларды іске асыруда кезінде жүйелілік және шұғылдық;
4. жауаптылық және есептілікте болу .
Қор қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып табылады :
* ұлттық экономиканы жаңғыртуға және әртараптандыруға жәрдемдесу
* елдің экономикасын тұрақтандыруға жәрдемдесу ;
* компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру .
Қордың міндеттері:
1. өңірлік, ұлттық және халықаралық ауқымдағы инвестициялық жобаларды әзірлеу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету ;
2. Қордың компаниялары топтарының қолданыстағы активтерін қолдау және жаңғырту ;
3. өңірлерді дамытуға және әлеуметтік жобаларды іске асыруға жәрдемдесу ;
4. отандық тауар өндірушілерді, отандық тауарлар мен қызметтерді қолдау .
Бюджеттен тыс қорлар дегеніміз мемлекеттік органдардың қол астындағы және мақсатты түрде қолданылатын ақшалай ресурстардың жиынтығы. Бұл қорлардың дұрыс құрылуы, пайдаланылуы қарастырылған құқықпен реттеледі. Бюджеттен тыс қорлар мақсатты қолданылуына байланысты экономикалық және әлеуметтік, ал басқару деңгейіне байланыс-
ты мемлекеттік және аймақтық болып бөлінеді. Экономикалық, қорларға экономикалық даму мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады. Әлеуметтік қорларға коғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге арналған қорлар жатады. Мемлекеттік қорларға мемлекеттік деңгейде құрылған қорлар, ал аймақтық қорларға аймақтық деңгейде құрылған қорлар жатады. Бюджеттен тыс қорлардың көздері бірқалыпты және уақытша болуы мүмкін.Бюджеттен тыс қорлардың ақшалай қаражаттары мынадай негізгі бағыттарға жұмсалады:
* жарғылық қызметі;
* артық ақшаның белгілі бір үлесінің қаржылық активтерге инвестиция- лануы;
* коммерциялық қызметі.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекеттік қаржылардың бір буыны болып табылады. Бюджеттен тыс қорлар өзінің, мәні бойынша мемлекеттің кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қар жыландыру үшін тартатын және жедел түрде кешенді жұмса латын каржылық ресурстарды пайдалану және қайта бөлу нысаны болып табылады.
Тағайындау - қаражаттардың аударымдары есебінен мақсатты шаралар қаржыландырылуы:
а) арнайы мақсатты салықтар есебінен;
б) зайымдар мен ақшалай-заттай лотереялар есебінен;
в) бюджеттен алынған субсидия есебінен;
г) қосымша табылған кірістер мен үнемделген қаржылық ресурстардың есебінен;
д) заңды және жеке тұлғалардың ерікті жарналарынан.
Бюджеттен тыс қорлардың көмегімен мыналар асырылады:
* отандық кәсіпорындарды қаржыландыру, несиелеу арқылы өндірістік процеске әсер ету;
* қоршаған ортаны ластағаны үшін алынған айыппұл мен арнайы белгі-
ленген көздер есебінен табиғатты қорғау шараларын жүргізу;
* әлеуметтік инфрақұрылымды қаржыландыру, субсидиялау, зейнетақы, жәрдемақы төлеу арқылы халыққа әлеуметтік қызмет көрсету;
* зайымдар беру.
Бюджеттен тыс қорлардың кызмет етуі орталық, реслубликалық және жергілікті мемлекеттік билік органдарының басшылығымен ұйымдастырыла
ды. Бюджеттен тыс қорлар белгілі бір жеңілдіктерге ие бола алады:
а) салық төлеуден босатылуы;
б) кеден баждарын төлеуден босатылуы (коммерциялық кызметтегі жеңілдік терден басқа).
Бюджеттен тыс қорлар арқылы қаржылық ресурстардың едәуір көлемі қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасында қайта бөлудің ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімінің 16%-ына, 2009 жылдың басында 18%-ына жетті (Ұлттық қор мен дамудың мемлекеттік институттарын есепке ала отырып).
Өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың жалпы проблемасы төлеушілердің қаржылық жайсыз жағдайынан жобаланған көлемдегі олар дың қаржысын қалыптастырудың қиындықтары: олардың көбісінің залал дығы өзара берешектер, төлем қабілетсіздігі болып табылады. Нәтижесінде қордың бюджеттері теңгерімсіз болды және шұғыл әлеуметтік-экономикалық мұқтаждарды максатты қаржыландыру жөніндегі көптеген шаралар қамтамасыз етілмеді. Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйёсі реформалауға жиі ұшырады: біраз уақыт олар өзін өзі биледі, мемлекеттік бюджеттің құрамында Мақсатты қаржыландыру қоры бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді.
Қазақстанда мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар 1998 жылдан бастап мемлекеттін қаржылық ресурстарын орталықтандыру саясатын жүргізуге байланысты максатқа сәйкес емес деп танылды: қорлардың қаражаттары Республикалық бюджетке шоғырландырылды. Алайда әлемдік практика қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына бақылауды қамтамасыз еткенде мемлекеттің қаржылық ресурстарын оперативті басқару мақсатымен оларды дербес қалыптастыруды орталықсыздандырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды. Жалпы мемлекеттік (аумақтық) көлемде республика және жергілікті бюджеттер қаржылық ресурстарды ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады.
Бірақ ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz