Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе . . . 5

1. Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы рөлі . … . . . 7

1. 1. Шетел инвестицияаларын тартудың негізгі нысандары және механизмдері . . . 7

1. 2. Қазақстанға шетел инвестицияларын тартуды мемлекет тарапынан реттеу . . . 10

2. Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тартуды талдау . . . 22

2. 1. "Химфарм" АҚ-ның Қазақстан Республикасында алатын орны . . . 22

2. 2. "Химфарм" АҚ-на қаржылық жағдайына талдау . . . 34

3. Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартудың болашағы . . . 44

3. 1. Шетел инвестицияларын тартудың негізгі мәселелері . . . 44

3. 2. Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру . . . 53

Қорытынды . . . 58

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 61

Қосымшалар . . .

Кіріспе

Қазақстан мемлекет экономикасына инвестицияны тарту жөнінде басқа елдер арасында алдынғы қатарда келеді. Қазақстан тек маңызды өнімдер түрінің экспортері ғана емес сонымен бipгe инвестицияны icкe асыруға қажетті құқықтың негізі бар және оған қолайлы жағдай жасалған мемлекет.

Қазақстан Республикасының экономикасының тұрақты өcyi, оның барлық ресурстарының барлық құраушылары, жоғары технологияны пайдалана отырып және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету инвестициялық мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы бай пайдалы қазбасы бар, ауылшаруашылық кеңістігі кең, жоғары білімді кадырлары бар және оларды тиімді қолдану үшін инвестиция жеткіліксіз.

Қазақстан экономикасын дамытуға тек өкімет қана емес, iшкі инвесторлар қабылетсіз, ceбeбi мемлекеттің экономикасын көтеруге жеткілікті қаржыны табуға қабілетсіз. Сондықтан инвестицияны басқа жақтан іздеу қажеттігі туады, әcipece мынадай аймақтарда, минеральды шикізат немесе отын-энергетикалық.

Қазақстан экономикасын жандандырудың жылдам жолдарының бipi бүгінгі күні ол халықаралық қорды импорттан яғни сырттан алу. Біздің Республикаға инвестицияны тиімді шақыру үшін Республикада инвестициялық климат яғни қажетті барлық жағдай жасалу қажет.

Инвестициялық ағынды басқаруды мемлекеттік денгейде жетілдіру жолдары төмендегідей шаралар жүйесінде қорытындыланады: бюджетке түсетін нақты салықтардың өcyi, жеке инвесторларды шақыру, ұлттық валютаны тұрақтандыру, мемлекеттен қаржының ағылуын тоқтату және оң саудалық теңдікті орнату.

Инвестициялық жағдайды жақсарту шет елдік және отандық қаржы мен техналогияны шақыру негізінен қамтамасыз етіледі.

Облыс ресурстарының жоғары мүмкіндігін ескерсек, пайдалы қазбалардың орнын дұрыс бағалау және камунальдық меншіктің бағасы облыс несие- қоры болып табылады, бұл iшкі және шетелдік инвесторларды тартудың негізі.

Курстық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Шетел инвестицияларының мәнін және мазмұнын оның халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлін, даму тенденциаларын және Қазақстандағы шетел инвестициясының құқықтық аспектілерін зерттеуге жұмыстың бірінші тарауында қол жеткізілмек.

Екінші тарауда "Химфарм" АҚ-ның қаржылық-шаруашылық жағдайына талдау жасадым.

Үшінші тарауда Қазақстан Республикасына шетел инвестициясын тартудағы негізгі мәселелерді айқындау және оны жетілдіру жолдарын қарастырдым.

1. Шетел инвестициясын ұлттық экономикаға тартудың теориялық мәселесі.

1. 1 Шетел инвестициясының экономикалық мәні, түрлері және тартудың негізгі нысандары.

Шетел инвестициясы - шетел капиталын тарту және оны пайдаланудың тиімділігін көтеру, мемлекеттің ұлттық мүдделері мен шетел инвесторлары мүдделерінің келісімді болуын қамтамасыз ету мақсатында алынған шетел қаржысы.

Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары, шетел мемлекеттері, халықаралық ұйымдар, шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар Қазақстан Республикасының азаматтары, егер олар шаруашылық қызметін жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде тіркелген жағдайда.

Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан Эксимбанкі, сырттан қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал қалыптасты.

Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер - мұнай-газ және мұнай - химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де Қазақстан дәнді-дақылдар, жүн, мақта т. б. ірі өндіруші болу себепті, агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ өндіріп, экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ құбырларын салуға жұмсалады.

Инвестиция классификациясының өзге негізі ретінде инвестициялау объектісін басқаруда инвестордың қатысуы мен қатыспауын санауға болады.

Сондықтан, инвестиция негіздемесін қоржынды инвестициялар деп аталатын тікелей және жанама инвестицияларға бөлуге болады. Тікелей инвестициялар шетелдік, болмаса отандық болып табылатын жүз пайыз инвесторға тәуелді біріккен кәсіпорындар мен кәсіпорындар құруда жүзеге асырылады. Инвестицициялаудың мұндай формасында инвесторлар кәсіпорынды (компанияны) басқаруға тікелей қатысады.

Тікелей шетелдік инвестициялар (foriegn direct investment) - бір елдің кәсіпорын-резидентінде (тікелей инвестицияларға ие кәсіпорындар) өзге елдің резиденттік қызығушылығына ұзақ мерзімді ие болуы (тікелей инвестор ретінде) .

Жоғарыда көрсетілген ХВҚ және БҰҰ-ның ұлттық есебі жүйесінде қабылданған анықтамаларға сәйкес тікелей шетелдік инвестицияларға инвестордың өз иелігін шетелден бастапқы алуы сияқты инвесторлар мен кәсіпорындар аралығындағы олардың капиталы салынған келесі мәмілелердің барлығы да қатысты. Тікелей инвестиция құрамына мыналар кіреді:

  • компаниялардың өз капиталдарын шетелге салуы - қауымдасқан және еншілес компаниялардағы акциялар үлесі мен филиалдар капиталы;
  • табысты қайта инвестициялау - девиденд ретінде жіктелмеген және тікелей инвесторға аударылмаған, шетелдік инвестициялармен бірлескен өнеркәсіп табысындағы тікелей инвестордың үлесі;
  • тікелей инвесторлар аралығында заемдар мен несиелер формасында капиталдың корпарация ішілік аударымдары, бір жағынан еншілес компаниялармен, қауымдасқан компаниялар және филиалдармен - екінші жағынан.

Дегенмен, кез-келген ел тікелей инвестицияларын өз статистикасында жоғарыда көрсетілген анықтамаға сәйкестендіре бермейді. Мысалы, Жапония қайта инвестицияланған табысты тікелей инвестиция ретінде қарастырмайды. Тікелей шетелдік инвестиция белгісі болып олардың негізінде қалыптасатын кәсіпорындар аралығында ұзақ мерзімді іскери байланыстар табылады, инвестор өз құралдары салынған кәсіпорындардың қабылдаған шешімдеріне жеткілікті дәрежеде ықпал ету мүмкіндігіне ие бола алады.

Тікелей шетелдік инвестициялар мемлекеттің экономикасын дамытады. Инвестициялар - елдің экономикалық өсуі мен өндірісінің жаңаруының негізі, олар өнеркәсіптік өндірістің жаңаруына, экспорттың өсуіне, жаңа технологиялардың тартылуына және жұмыс орындарының көбеюіне әсер етеді. Инвестицияның басқа түрлеріне қарағанда тікелей инвестицияның маңызды артықшылығы ол қарыз алушы елдің экономикасына қарыз жүктемесін өсірмейді, ұзақ мерзімге салынады, экономиканың нақты бір саласына бағытталады, жергілікті өндірістің қарқынын өсіріп және кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашады.

Тікелей инвестициялар - инвестродың капитал орналасқан объектіге бақылау жасауды қамтамасыз ететін капитал салынған елдегі ұзақ мерзімді экономикалық қызығушылықты иемдену мақсатындағы капитал салымдары.

Мемлекеттік фирмалар бойынша қатысты емес шетелдік инвестициялардың көлемін санамағанда, олар толығымен жеке кәсіпкерлік капиталды шетке шығарумен байланысты.

Портфельді инвестициялар - бұл инвесторға инвестицияланған объектіге нақты бақылау жасау құқығын беретін шетелдік бағалау қағаздарына капитал салымдары.

Халықаралық капитал қозғалысының нысандары әр белгілі бір елмен мойындалады, әдетте ол өзінің инвестициялық және банктік заңдылықтары мен орналастырылады.

Тікелей шетел инвестицияларына қатысты:

  • капитал шығарудың субъектілері;
  • тікелей шетел инвестициялаудың себептері;
  • тікелей инвестицияларының экономикалық эффекттері;
  • тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау.

Қазіргі таңда әр түрлі сфераларға салынатын тікелей шетел инвестицияларының тез өсу тенденциясы айқындала түсті. Капиталды шетке шығарудың алғашқы кезеңінде капиталдар көп жағдайда дамыған елдерден алынып, тәуелді елдерге шығарылды.

Шетелдік инвестициялар негізіндегі кәсіпорындар (direct investment enter prise) - өзге елдің инвестор-резидентіне әдеттегі акцияның және дауыстардың (акционерлік кәсіпорындарда) немесе теңдеуішінің (акционерлік емес кәсіпорындарда) 10%-ынан көп бөлігі тікелей тәуелді акционерлік немесе акционерлік емес кәсіпорын.

Шетелдік инвесторға тәуелді капиталдың 10% бойынша шетелдік инвестициялар негізіндегі кәсіпорындарға шек халықаралық ұйымдармен тікелей инвестициялар қозғалысының салғастырмалы есебін қамтамасыз ету мақсатында қалыптастырылған.

Қоржынды инвестициялар кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысуды көздемейді, шетелдік инвесторлар арқылы акция мен құнды қағаздарға, яғни бұл кәсіпорындарға ақшалай салынған капиталға девидендтер алуды болжайды.

Қоржынды инвестициялар - бұл шетелдік кәсіпорын әрекетіне тікелей бақылау мүмкіндігін бермейтін капитал салымының акция, облигация сияқты өзге формалары. Инвесторлар тек құнды қағаздар жөніндегі бекітілген ережелерге сәйкес табыс ала алады.

Қоржынды инвестициялар - ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және жеке меншік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыруға арналған шетелдік капиталды тартудың маңызды көзі. Шетелдік қоржынды инвестицияның жүзеге асырылуында делдал ретінде, әдеттегідей, ірі инвестициялық банктер бой көрсетеді.

Қоржынды инвестициялардың қозғалысына жекелеген елдерде төленетін пайыздық мөлшерлеме нормасындағы айырмашылық мәнді әсерін тигізеді.

Тікелей инвестициялаудың қоржынды инвестициялаудан фундаменталды айырмашылығы қоржынды инвестордың өзі инвестициялайтын кәсіпорын басқармасына ие болуға ұмтылмауында жатыр. Халықаралық компаниялардың бірқатар жарғылары бойынша, оларға көбінесе басқаруға қатысуға және құралдары салынған компаниялар кеңесінде таңдалынуға да тиым салынады. Бұл инвестицияланған компаниялар басшылығы мен басқаруына қатысу мамандардың жаңа штатын қажет ететіндігімен түсіндіріледі, ерекше көңіл аударушылық бас компанияның инвестициялық саясатының жүзеге асырылуындағы икемділікті де азайтар еді.

Шетел инвестицияларын тарқан кезеңде келесі маңызды мәселеге ерекше көңіл бөлу керек :

Біріншіден, халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды; сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;

Екіншіден, өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің иенвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ, өндірістің әлеуметтік - экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес. Сондай - ақ, болашақтағы ғылыми негізделген құрылымдық өзгерістердің қажеттілігі - әсіресе экономиканы басқарудың жоғарғы деңгейінде инвестициялық шешімдер қабылдауға қатысты сипатта болады.

Қазақстан Республикасында экономикалық өсу және оны тұрақтандыру үшін шетел капиталын әкелу және игеру басты бағыттардың бірі, халық шаруашылығы объектілері және салаларының өмір сүруіне қолайлы болуы үшін шетел капиталының экономикалық қаржылық және ұйымдастырушылық регламентациясы инвестициялаудың қауіпсіздігін табыстылығын нормативті-құқықтық қамтамасыз ету және қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Әлеуметтік-экономикалық жағдай да Қазақстанның даму жолы ұзақ мерзімді перспективада әлеуметтік және саяси тұрақтылықты сақтау, тиімді басқару, жағымды ұстап тұруды қажет етеді. Елдің ұлттық артықшылығы иілгіш және балансталған экономиканы құруға бағыттау керек, ол халықаралық деңгейде бәсекелесе алуы тиіс, бұл жеделдетілген экономикалық өсуге елдің тұрмысының қолайлы жағдайда болуына себебін тигізеді.

Инвестициялық преференциялар. Инвестицияны реттеудің және қолдаудың әдістері инвестициялық преференцияның көрінісі ретінде ел заңында көрсетіледі, яғни нақтылық сипатқа ие - инвестициялық, салықтық преференция. Инвестициялық преференция берудің негізгі шарттары - инвестицияны экономиканың приоритеті секторларына салу, олардың тізімін ел үкіметі бекітеді.

1. 2 Экономиканы құрылымдық түрлендіру кезеңінде шетелдік инвестицияларды тартудың қажеттілігі

Қазақстан өркениетке, экономикалық дербестікке аяқ басқан 10 жылдан астам уақыт ішінде өзінің табиғи ресурстар қорымен көптеген мемлекеттердің экономикалық сұранысын арттырып отыр.

Инвестиция - кәсіпорынға, өндіріс орнына немесе жеке адамға көп жылға қайтарымсыз берілетін капитал. Ал, капитал құюшы тұлға немесе компания ішкі есебін мүлт жібермеуге тырысатыны белгілі. Қазақстанда инвестициялық климат қалыптасты мa? Инвесторларға қойылатын талаптар қандай ? Инвестициялық саясатта неге ұлттық мүдде кем? Осы сауалдар төңірегінде және Қазақстанның экономикалық потенциалы хақында әңгіме өрбітіп көрсек.

Экономикалық реформаларды ойдағыдай жүргізуде шетелдік инвестицияны тікелей өндіріске жұмылдыру мен оны ұтымды пайдалану кез келген мемлекет үшін маңызды. Әлемдік тәжірибе бұл мәселеде екі тарапқа да ортақ :халықаралық бірлескен реформалар тікелей шетелдік инвестицияның тиімділігіне мән берсе, инвестицияның көлемі өндірісіне күш сала тын мемлекеттің экономикалық жағдайына тәуелді болып келеді. Сондықтан да Қазақстан бұл процестен бейтарап қала алмайды. Экономикалық қайта құру мен стратегиялық даму жоспарын шетелдік инвестициялар арқылы іске асырғанын жөн санайды. Инвестициялық климат қалыптастыру үшін инвесторлар «барымтасына қарай қарымтасы» деген саясатты берік ұстануға тырысады. Өйткені, ешқандай инвестор өзі пайда табатын саланың болашағы жоқ болса, екі жеп биге шықпақ түгілі, есі барда елін табуға әрекет қылатыны даусыз.

Стратегиялық жоспарлау агенттігі мен республикалық қоғамдық пікірді анықтау орталығының зерттеуіне сүйенсек, шетелдік инвестицияны құлдыратуға заңның солқылдақтығы мен оның қайта - қайта өзгеруі әкеп соғады екен. Шетелдік инвесторлардың айтуынша, басқа елдерге қарағанда, олар үшін Қазақстан нарығы оңтайлы көрінеді. Өйткені, Қазақстан пайдалы қазбалар қоры мен ауыл шаруашылығына жарайтын жерлерге бай, сондай-ақ, ірі өндірістік потенциал мен білікті жұмыс күшіне ие. Алайда, бұлардың шашауын шығармай пайдалану үшін инвестиция ауадай қажет. Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін жағымды факторлар қатарына мыналар жатады:

Біріншіден, табиғи ресурстардың болуы. Бұл әсіресе, жер қойнауында пайдаға молынан кенелтетін мұнай мен газ, түрлі- түсті және сирек кездесетін металдардың ұшырасуымен құнды. Шетелдік сарапшылар бұл байлықты әзірше 9 трлн. АҚШ долларына бағалап отыр. Мамандардың болжауынша, Қазақстанның мұнай қоры Ирак пен Иранның» «қара алтын» қорынан да асып түседі екен. Алдағы жүзжылдықта Қазақстан жылына 100 млн. тонна мұнай экспорттайтын алып мұнай державасына айналуына мүмкіндігі мол.

Екіншіден, Орталық Азия көліктік құрылымындағы ұтымды геостратегиялық құрлықта орналасуы және 2 миллиардтан астам халқы бар елдердің нарығына шыға алуы. Бұл-мұнай экспортынан мұрты майланғалы тұрған Қазақстан үшін табыстың алғышарты болып табылады.

Үшіншіден, қоғамның дамуы мен экономикалық гүлденуі жөнінен Қазақстан достастық елдері арасында көшбасшылық тізгінге ие.

Еліміздің инвестициялық ахуал анықтайтын жайттар :

  • инвестиция жұмылдыру процесі;
  • инвестиция үшін жағымды жағдай;
  • инвестицияландырудағы тәуекелшілдік .

Қазақстанның инвестициялық тәуекелшілдікке бас тігетін кәсіпкерлік климаты ел ішіндегі саяси- экономикалық, әлеуметтік жағдайларға тығыз климат туғызудағы ең басты назар аударатын жайттың бірі - елімізде шетелдік инвесторларға салынатын салық пен берілетін жеңілдіктердің заңдық тұрғыдан өзара үйлесімді болуында. Ел президентінің Жарлығымен «Бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі инвестициялық климаттың құқықтық базасын жетілдіруге жәрдемдесті. 1997 жылы «Нарықтағы құнды қағаздар туралы» заңның шығуы қор биржасының белсенділігін арттырды. Қазақстанда шетелдік инвестицияны тарту механизмі жоғары либералдық режим бойынша былайша жүргізіледі:

  • Жер және мүлік, сондай-ақ, кіріс салығынан толықтай босату;
  • Сыртқа шығарылатын тауардан алынатын мемлекеттік баж салығынан жартылай немесе толықтай босату;
  • Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы қаржылық немесе қауіпсіздік шараларына кепілдік беру.

Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдер шетелдік инвесторларды тұрақты және өзара тиімді инвестициялық режимдерден, сондай-ақ, әр түрлі салымдар мен төлемдерден босату арқылы қызықтырудың қауіптілігін ескертеді. Әсіресе, Африка елдерінің инвестиция саласындағы жоғары либералдық режим қалыптастыру саясаты салық және сауда - валюталық жеңілдік жасаудың тұрақты шетелдік инвестициялық ағымға мүмкіндік туғызбайтынын көрсетті. Қайта керісінше, қуатты инвесторлардан сақтануға шақырады.

Инвесторлар капиталын пайдаланушы, яғни реципиент мемлекет ретінде Қазақстан мен шетелдің қаржы алпауытттарының мүддесі бір жерден шығуы қиындау . Мәселен, жеке компаниялар өздерінің жұмысына мемлекеттің дем беруін қалайды. Алайда, шешуші фактор инвестицияландырудың жалпы шартының табиғатына сай болып қалады. Қазақстан өз кезегінде шетелдік инвесторларды басқару саласындағы тәжірибе алу технологиясы мен қаржылық қорының қосымша көзі ретінде қарастырады. Қазақстан шетел инвесторларының алдында өзінің ұлттық мүддесін әрдайым жоғары қойғанда ғана беделді болмақ .

2000 - 2013 жылдар аралығында Қазақстанның инвестиция жөніндегі комитеті еліміздің ең басты экономикалық салаларында инвестициялық белсенділікті арттыру мақсатында шетелдік компаниялармен 345 келісім - шартқа отырған. Осы кезеңде өңдеуші өнеркәсіп саласында айтарлықтай үлесті металлургия өндірісі ( 45 пайыз) , азық - түлік өнімдерін шығару ( 19. 8 пайыз) және химия өндірісі (11. 1 пайыз) алады екен. Бір ғана химия өнеркәсібі бойынша, 2001 жылы жалпы сомасы 95. 6 млн . АҚШ долларына бағаланған 13 келісім - шартқа қол қойғызылып, негізгі капитал 82. 4 млн. Ақш долларына жетіп жығылды. Тұрғын үй, әлеумет және туризм салаларында инвестицияның жалпы көлемінің 12. 8 пайызын құрайтын, 299 млн. АҚШ долларына бағаланған шетел инвестициясы бойынша 35 келісім - шарт дүниеге келген. Және осы инвестиция негізінде 8. 8 мың жұмыс орны ашылған .

Бүгінгі таңда өндірістік инфрақұрылым саласында 27 келісім - шарт негізінде шетел инвесторларды жұмыс істеп жатыр. Олар бюджетімізге 689 млн . АҚШ доллары көлемінде « көк қағазын» сала отырып, 3. 1 мың жаңа жұмыс орындарының 60 пайызын шетелдіктер иемденеді екен .

Үкіметіміз шетелдік инвесторлармен ауылшаруашылығы саласына қатысты жалпы саны 14 келісім - шартқа отырып, 27 млн . АҚШ долларын қолма - қол иемденіп, 1. 6 мың жұмыс орнының ашылуына мүмкіндік жасады.

Президент соңғы жылдары Астананың әлеуметтік - экономикалық жағынан гүлденуіне баса назар аударып жүр. Сондықтан болар, Астананың құрылыс - сәулет және өзге де экономикалық салаларында 20млн. АҚШ доллары көлемінде инвестиция тартылып, 2012 жылдың өзінде - ақ 291 жұмыс орнын ашты.

Еліміздегі негізгі капитал көздерінің ең қомақты инвестициялық жобалары деп мыналарды айтуға болады :

Нидерланды - 580 млн. АҚШ доллары («Испат Кармет» ААҚ) ; Корея - 25. 1 млн. АҚШ доллары («LG ELECTRONICS»компаниясының ірі жобасы) ;

Түркия - 39 млн. АҚШ доллары («Эфес - Қарағанды сыра жасау зауытының» ірі жобасы) ;

Лихтенштейн - 17 млн . АҚШ доллары («АБС орталығы» ААҚ) ;

Ұлыбритания - 11. 7 млн . АҚШ доллары («Лосан - Мардон» ЖШС-нің ірі жобасы) .

Әлемдік экономикада инвестиция нарығының пайда болуының өзіндік табиғи негіздері бар. Бұл ұлттық экономикалардың өз қызметін толықтыра түсуге ұмтылысының негізінде пайда болады. Инвестиция нарығының дамуы халықаралық қатынастарды жаңа сапаға, жақсартылған деңгейге көтерді, ұлттық экономикалардың араласуын күшейтті. Бұл салада ТШИ төмендегідей рөлін бөліп көрсетуге болады:

1. Тікелей шетелдік ирнвестициялар ұлттық экономикалардың ықпал етеді. Қаражаттың халықаралық ағынына байланысты әр түрлі елдердің экономикасы бір-бірімен бұрынғыға қарағанда тығыз байланысқа түсті. Экономиканың маңызды бөлігін шетелге ауыстырып, онда тауар өндіру мен қызмет көрсетудің тұтас жүйесін құрған көптеген филиалдар осының айғағы.

Әлем бойынша ТНК кәсіпорындары саны қарқынды өсуде. Бүгінгі күнде 64 000 трансұлттық компаниялардың иелігіндегі шамамен 870 000 шетелдік филиалдардың үлесіне ТШИ әлемдік ағынының 99% келеді. Бұның 270 мың филиалы дамыған елдерде, 360 мыңы дамушы және 170 мыңы өтпелі экономикалы елдерде орналасқан.

Бүгінгі күнде көптеген елдердің алдында әлемдік нарықтық шаруашылыққа ғаламдық интеграциялану мәселесі тұр. Бұл тек қана елдер арасындағы экономикалық алмасуды ғана емес, сонымен қатар мемлекеттердің экономикалық жүйесінің өзгеруін де білдіреді.

2. Тікелей шетелдік инвестициялар әлемдік экономикадағы халықаралық өндірістің қарқынын өсіреді. 1980 жылдан бастап әлемдік тауар сату мен қызмет көрсетуге қарағанда шетелдік инвестициялардың әлемдік ағыны үлкен қарқынмен өсті.

3. Тікелей шетелдік инвестициялар мемлекеттің экономикасын дамытады. Инвестициялар - елдің экономикалық өсуі мен өндірісінің жаңаруының негізі, олар өнеркәсіптік өндірістің жаңаруына, экспорттың өсуіне, жаңа технологиялардың тартылуына және жұмыс орындарының көбеюіне әсер етеді. Инвестицияның басқа түрлеріне қарағанда тікелей инвестицияның маңызды артықшылығы ол қарыз алушы елдің экономикасына қарыз жүктемесін өсірмейді, ұзақ мерзімге салынады, экономиканың нақты бір саласына бағытталады, жергілікті өндірістің қарқынын өсіріп және кеңейтіп, жаңа жұмыс орындарын ашады.

4. ТШИ қабылдаған мемлекет экономикасының бәсекеге қабілеттілігі артады. ТШИ шикізат тауарларын өндіруге бағытталған ел экономикасының құрылысының диверсификациялануына, басқарудың қазіргі заманғы технологиясы мен әдістерін енгізуге, нарықтық институттар қалыптастыру және өндірісті қарқынды ұйымдастырудың тәжірибесін енгізуге, жергілікті мамандардың біліктілік деңгейін жоғарылатып, сол арқылы жергілікті экономиканың бәсекеге қабілеттілігін тудыруға жағдай жасайды.

ТШИ ағынының өзгеруінің себебі - өндіріс көлемінің көп өсуі негізінде бәсекелі күрестің күшеюі болып табылады. Ол қызметіне жақсы жағдай жасау мақсатында бизнесті өзінің ұлттық шекарасынан «шығарады».

ТШИ ағынының өзгеруінің негізгі себептері - өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатындағы шетел инвесторларының қызығушылықтары мен тілектері.

1. Өз капиталын салу арқылы шетелдік инвесторлар төмендегідей артықшылықтарға қол жеткізуді көздейді:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шетел инвестицияларының ұлттық экономиканың дамуындағы ролі
Қазақстан экономикасында шетел инвестициясын қолдану тиімділігі
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларын тарту: мәселелері және шешілу жолдары
Шетел инвестицияларын тартудың жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында шетелдік инвестицияларды тарту мәселесі
Қазақстан экономикасының дамуына шетел инвестицияларын тарту және пайдалану мәселелері
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Қазақстан Республикасының инвестициялары
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz