Коммерциялық банктердің факторингтік қызметін талдау


Мазмұны
3. 1
3. 2
Факторингтік операциялар және қазақстан нарығында қолданудың экономикалық тетіктері
Қазақстандағы шағын және орта бизнестің ілгерілеуіне факторингтің ықпал етуі
Қорытынды . . .
Кіріспе
Қазақстан Республикасының қаржы секторын одан әрі дамыту, оның құрамдас бөліктерінің тиімділігін арттыру жаңа қаржылық құралдар мен операцияларды енгізуді көздейді, олардың қатарына факторингті де жатқызу керек.
Қазақстанда факторингтің қаржы тәуекелдерін басқару, факторингтік операцияларды реттеу, факторингтік операцияларды жүргізудің дұрыс және уақтылы процедуралары жүзеге асырылатын жеткілікті дәрежеде орнықты рыногының әзірше қалыптаса қоймағанын ескерсек, осы үдерістердің барлығын жүйелі түрде зерттеу барынша өзекті болып табылады.
Қазіргі таңда факторингтің халықаралық және ұлттық рыноктарының жағдайын теориялық талдау, факторинг түріндегі қаржылық инновацияларды тәжірибеде қолдануды дәйектеу, факторингтік операцияларды жүзеге асыру барысында қаржы тәуекелдерін басқару, факторингті сақтандыру үдерісін қолдану айрықша өзектілікке ие болып отыр. Бұл жағдайда ғылыми ізденіс және ғылыми зерттеу орталығына қазақстандық факторинг рыногының дамуының басым бағыттарының дәйектемелері ұсынылады.
Сонымен бірге осы көп қырлы мәселе әлі де жан-жақты зерттеуді қажет етеді. Маңызды және шешілмеген мәселелердің бірі «факторинг және факторингтік операциялар рыногы» ұғымын теориялық және тәжірибелік дәйектеу, факторингтік операциялардың түрлерін нақты ажырату болып табылады, факторинг жүргізу процедураларын реттеу проблемалары да толығымен әзірленген жоқ, Қазақстан Республикасында өзінің қызметі тұрғысынан екінші деңгейлі банктерді толық құқықпен алмастыруы қажет, факторинг компанияларын қалыптастырудың және дамытудың жаңа мүмкіндіктері аз зерделенген, факторингті сақтандыру проблемасы шешілмеген.
Зерттеліп отырған проблеманың күрделілігі мен көп жоспарлылығы, шешілмеген және таласты мәселелердің көптігі, олардың мәнін ғылыми тұрғыдан түсіндіру қажеттігі курстық жұмыстың өзектілігін анықтады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты факторингтік операциялардың қазақстандық рыногын қалыптастыру мен дамытуға қатысты теориялық тәсілдемелер дайындауда және оны дамытудың басым бағыттарын халықаралық факторинг рыногының әлемдік даму тәжірибесін және тенденциясын ескере отырып әзірлеуде болып табылады.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай зерттеу міндеттері қойылды:
- факторинг және факторингтік операциялар ұғымын анықтау және дәйектеу бойынша теориялық сипаттағы ғылыми әзірлемелерге талдау жасау;
- факторингтік операциялар түрлеріне жаңа жіктелім әзірлеу;
- қаржы ағымдарын реттеу үдерісіндегі факторингтік компаниялардың қызметтерінің экономикалық ерекшеліктерін ашу;
- қазақстандық факторинг және факторингтік операциялар рыногының қалыптасуына, олардың одан әрі дамуының негізгі заңдылықтары мен тенденцияларын айқындай отырып, сатылы талдау жүргізу;
- қазақстандық факторинг рыногының институционалдық құрылымын жетілдірудің қажеттігін дәйектеу;
- қазақстандық факторинг рыногында факторингтік операциялар жүргізу процедураларын әзірлеу және факторингтің несиелік операциялардан айырым ерекшеліктерін анықтау;
- Қазақстан Республикасы қаржы рыногының даму Тұжырымдамасын ескере отырып, Қазақстан Республикасы факторинг рыногының басым даму жолдарын ұсыну.
Қазіргі таңда банктік операциялар және қызметтер күннен күнге артуда. Олардың ішінде көп тараған түрлері несиелік операциялар мен депозиттік операцияларды жатқызуға болады. Сонымен қатар, банктің жаңа операциялары да кең өріс алуда. Олардың ішінде лизинг, траст, форфейтингтік және факторингтік операциялар жатады. Бірақ бұл операциялар Қазақстанда өте дамымаған. Негізінен, факторинг - банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.
Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. . Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы -форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді
Қазақстандағы банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың жүзеге асу процессі өтпелі нарықтық кезеңдегі күрделі экономикалық реформалар мен ұзаққа созылатын мемлекеттік бағдарламалар ауқымында жүзеге асырылуда. Сонымен қатар банктік қызмет аясын реттеуге бағытталған заңдардың тек осы саланы ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің қаржы, валюта, ақша-несие, жалпы экономиканың кез-келген саласына қатысты болатындығын естен шығармаған дұрыс.
Әрбір елде жал индустриясы өзіндік ерекше әдіспен дамығанына байланыссыз, жылдық пайда болу стадиясынан бастап ұлттық экономикасының дамыған саласы стадиясына дейінгі дамуына тән ортақ заңдылықтар бар. Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет Еуропа елдерінде пайда болған.
Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды.
Өнеркәсібі дамыған елдерде қаржы активтерінің көбеюімен коммерциялық банктер сенім операцияларын ұлғайта түседі. Банктердің бұл қызмет көрсету түрлері сенім хаттар бойынша жасалатын қатынастармен байланысты болады.
Лизингтік қатынастардың қалыптасуы туралы жазылған экономикалық әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде әлемдік нарықтағы лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен дамуын олардың сипаттарындағы сапалық өзгерістерге және лизингтік келісімдердің санының өсуіне байланысты шартты түрде кезеңдерге бөліп қарастырылған.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспе, екі бөлім, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қорытындыдан тұрады. Бірінші бөлімде Коммерциялық банктердің қаржылық қызметіндегі операциялардың (траст, лизинг, факторинг, форфейтинг) пайда болуы мен дамуы туралы айтылса, екінші бөлімінде коммерциялық банктердің қаржылық қызметіндегі операциялардың (траст, лизинг, факторинг, форфейтинг) негізгі түрлері мен қызметтері туралы айтылған.
- Факторинг және форфейтинг операцияларының теориялық негіздеріФакторинг және форфейтинг операцияларының пайда болуы мен әлемдік нарықтағы рөлі және түрлері
Форфейтинг пен факторинг операциялары өзара ұқсас болып келеді. Бірақ форфейтингтің факторингтен айырмашылығы - форфейтинг сатқан тауарлар мен қызметтерге деген құқықтарды қайта сату арқылы ақшалай қаражаттарды қарызға алумен байланысты бір рет жасалатын операцияны білдіреді. Сондай-ақ экспортердің форфейтингтік қызметі орта мерзімді немесе ұзақ мерзімді несиелеумен байланысты болса, ал факторингте несие беру мерзімі небары 6 айды құрайды.
«Форфейтинг» сөзі француз тілінде «а forfait», аударғанда «құқықтан бас тарту» дегенді білдіреді. Форфейтинг -тауарларды жабдықтау немесе қызметтерді көрсету барысында пайда болатын және алдағы уақыттарда өтелуге тиісті міндеттемелерді сатып алуды білдіру үшін пайдаланылатын термин.
Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.
Форфейтинг - бұл форфейтордың, яғни коммерциялық банктің немесе арнайы компанияның экспортерға импортердің төлеуге тиісті төлем талабын сатып алуы.
Форфейтинг мәмілесі бойынша, алдымен экспортер өзінің тауарын несиеге алушыны-импортерды іздейді. Ал импортер болса, оған жай немесе аударма векселін, яғни қарыздық міндеттемесін жазып беруге тиіс. Егер вексель берушінің беделі немесе қаржылық жағдайы жақсы болса, онда вексельге кепіл беру талап етілмеуі мүмкін, дегенмен де импортер аудармалы векселі бойынша авальшыны (төлеуге кепіл беруші тұлғаны) табады. Осы жерде басты мән берілетін мыналар: банк несиесінің сомасы мен мерзімі, сатып алушының төлем қабілеттілігі.
Форфейтинг мәмілесінде үш қатысушы болады:
- Экспортер, яғни тауарды орта мерзімді несиеге беруші.
- Импортер, яғни тауарды несиеге алушы.
- Форфейтор, яғни мәмілені қаржыландырушы банк немесе арнайы ұйым.
Форфейтинг мәмілесі бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде мәміле дайындалады. Бұл кезеңде экспортер, экспортер банкі немесе импортер мәмілені бастаушылар болады. Экспортер үшін кепілдемеге қатысты форфейтордың талабын білу маңызды. Сонымен бірге, осы кезеңде форфейтор экспортердің өтінішін қарайды. Екінші кезеңде, болатын мәміле туралы ақпараттар жинастырады. Содан кейін барып, форфейтор - банк несиелік талдау жүргізеді. Келесі кезеңде экспортер вексельді алады және оған авальдің берілуін, яғни үшінші бір тұлғаның кепіл беруін талап етеді.
Форфейтинг механизмін мынадай екі мәміле түрінде пайдаланады:
1. Қаржы мәмілесінде - орта мерзімді қаржы міндеттемесін тез арада іске асыру мақсатында.
- Экспорттық мәміле бойынша - шетелдік сатып алушыға несиеге тауар бергені үшін экпортерға қолма-қол ақшамен түсім түсуге ықпал ету мақсатында.
Форфейтинг мәмілесінің мерзімі 180 күннен 5 жылға дейінгі аралықты құрайды, кей жағдайларда - 7 жыл.
Экспортер үшін форфейтингтің мынадай артықшылықтары бар:
- векселін форфейтор - банк сатып алғаннан кейін, экпортер валюта бойынша тәуекелге бармайды, яғни бұл тәуекелді банктің өзі кешеді;
- уақытын кешіктіріп төлеуге берілген операцияның қолма-қол ақшамен жасалатын операцияға айналуына орай, экспортердің өтімділігі тез арада жақсарады, яғни экспортер тауарын жөнелткеннен кейін бірден банктен қаражат алады;
- пайыз мөлшерлемесіне байланысты да тәуекел болмайды, себебі форфейтингтік қаржыландыру тұрақты пайыз мөлшерлемесі негізінде жүзеге асырылады;
- құжаттаудың қарапайымдылығы және оны рәсімдеудің жылдамдығы;
- форфейтор - банк несиелеу операцияларына қарағанда өте жоғары табыс табады.
Форфейтинг екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш Еуропа елдерінде пайда болған. Қазіргі кезде форфейтинг операциясы бойынша бірінші орында Швейцария алады және ол осы операцияны бастаушылардың бірегейі болып табылады. Ал біздің елімізде бұл операция түрі маңызды болғанымен, дамымай отыр оның себебі вексель айналысының дұрыс жолға қойылмауымен Форфейтингтеуге әдетте сауда тратталары (аударма вексель) немесе жай вексельдер қабылданады.
Форфейтингтегі дисконт мөлшерлемесінің құрамдас элементтеріне мыналар жатады:
- еуровалюталар нарығындағы несиенің құны (ЛИБОР-Лондондық банкаралық пайыз мөлшерлемесі)
- импортер елінің тәуекел құны және валютаны аударуға байланысты тәуекел құны 0, 5-тен 6%-ға дейін жылдық мөлшерде ауытқиды;
- несиені басқаруға қатысты форфейтордың шығындары (0, 5%-ға дейін жылдық)
- міндеттеме үшін алынатын комиссия (1-1, 5%жылдық)
Факторинг АҚШ-та шамамен 1890 жылы пайда болды. Экономикалық тұрғыда бұл борышты саудалау, есептік операциялардың бір түрі.
Факторинг - банктің тауарлар жеткізуден және қызмет көрсетуден, берілген несиені қайтаруды талап ету құқығын қоса алғанда басқа шарттардан туындайтын төлем талаптарын сатып алуы.
Мұндай мәміленің нәтижесінде банк өз клиентінің талабын қайта қаржыландырып қана қоймай, сонымен қатар төлемеу ықтималы тәуекелін өзіне қабылдайды. Өндіруші осының арқасында айналым капиталын алады. Факторингпен айналысатын адам фактор деп аталады. Ақысы төленетін (төлеу сатып алушының ақшасын алуына қарай жүргізіледі) факторинг және төленетін және қаржыландырылатын (соманың 90 пайызын бір уақытта төлеу тауарды өндіруші жеткізгеннен кейін және келесі ақы төлеу - барлық ақша алынғаннан кейін жүргізіледі) факторинг деп бөлінеді. Соңғы түрі қымбаттау, себебі үлкен тәуекелділік бар. Бірақ борышкерді таңдау құқығы факторға: банк немесе сауда үйіне қалдырылады. Ұлыбританияда факторинг нарығының 60 пайызынан артығы факторинг фирмалары арқылы жұмыс істейтін коммерциялық банктерге жатады.
«Факторинг» термині ағылшын тілінен алынған - делдал, агент. Факторинг - коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға - олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор - фирма немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор - фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған. Банктердің факторинг операциялары мыналар: ішкі операциялары, мұнда жабдықтаушы және клиент (сатып алу, сату шарты бойынша тараптар), сонымен қатар факторинг компаниясы белгілі бір елде болады немесе халықаралық, ашық операциялар, борышкер факторинг компаниясының мәмілесіне қатысу туралы хабардар етілсе немесе жабық (жасырын) операциялар. Борышкер факторинг компаниясы не банк пайда болатын борыш бойынша құқықтық мирасқор болып табылатынын және төлеу оның пайдасына жүзеге асырылуы тиіс екендігін; жабдықтаушыға регресс құқығымен - кері талап құқығымен немесе құқықсыз төленген соманы; немесе белгілі бір күнге алдын ала ақы төлеу немесе талаптарға ақы төлеу нысанында жабдықтаушыға несие беру талабымен өтелетінін растайтын шотта фактураға тиісті жазу жазылу жолымен хабардар етіледі.
Қазақстанда факторинг операцияларымен банктер, шарттық және ақылы негізде тауарлар және қызмет көрсету үшін есеп-қисаптарды тезірек аяқтаумен байланысты несие-есеп айырысу операцияларын жүзеге асырып, 1988-1989 жылдары айналыса бастады. КСРО Мемлекеттік банкінің келді 1989 жылғы 12 желтоқсандағы «Жабдықтаушылардың банкке жеткізілген тауарлар, орындалған жұмыстар және көрсетілген қызметтер үшін төлем талаптары бойынша төлем алуға құқықты беру бойынша операцияларды жүзеге асырудың тәртібі туралы» нұсқаулық хаты құқықтық негіз болады. Факторинг үшін ақы төлеу сатып алушыға қатысты құжаттар картотекаға енгізілсе төлемдер кезінде жасалмайтын кездері несие қаражатының сомасымен және оларды пайдалану мерзімдерімен және тұрақсыздық айыппұлмен анықталады. Факторинг ерекшелігі сол: ол тек қана мәміленің негізінде іске асады; қаржыландыру талап құқығымен; мәміленің ақылы болуы; ақшалай және кәсіпкерлік сипаты ғана бар және болашақта талап құқығы мүмкіншілігі болады. Сондықтан факторинг міндеттемелердің дербес түрі болып табылады.
«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 30 бабына сәйкес қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы бар кезде банктердің факторинг операцияларын жүзеге асыруға: тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алушыдан төлемсіз тәуекел етіп қабылдай отырып, төлем төлеуді талап ету құқығына ие болуға құқылы екенін көздейді.
Қазіргі таңда ақшалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 729-738 баптарымен реттеледі. Факторинг бойынша қаржы агенті ақшаны клиент билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің осы үшінші тұлғамен (борышкермен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді не борышкерге ақшалай талабын клиент қаржы агентіне сонымен бірге клиенттің қаржы агенті алдындағы міндеттемелерін атқаруын қамтамасыз ету мақсатында беруі мүмкін. Бұл ретте факторинг шарты бойынша қаржы агентінің міндеттемелері клиент үшін бухгалтерлік есеп жүргізуді және берудің нысанасы болып табылатын ақшалай талаптарға (ақшалай талаптар бойынша шоттар ашу) қатысты құжаттар ұсынуды, сондай-ақ клиентке осы талаптарға байланысты өзге де қаржылық қызмет көрсетуді қамтуы мүмкін.
Бұл ретте факторинг операциялары банк операциялары болып табылмайды, бірақ олар халықаралық саудада кең қолданылады. Халықаралық қатынастарда банктер 1988 жылы «Халықаралық факторинг туралы» Оттава УНИДРУА конвенциясын басшылыққа алады.
Ақшалай талапты беріп қаржыландыру азаматтық-құқықтық міндеттеменің жаңа түрі, оның құқықтық реттелуі Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексіне алғашқы рет енгізілген. Ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты (факторинг), жалпы ереже бойынша, ақылы және өзара шарт болып табылады, нақты шарттың талаптарына қарай ол нақты, келісімді шарт болуы мүмкін.
Коммерциялық кәсіпорындардың мамандандырылған банк ұйымдарын несиесіне негізделген ақшалай талапты беріп қаржыландыру шарты сауда несиесін өзгертеді.
Ақша қаражатының қайтарымдылық, мерзімділік және төлемділік талаптарымен берілуі тән банктік заем шартынан айырмашылығы сол, талап құқығын беріп қаржыландыру шартына банктің алушының талабы құқығын, үшінші тұлғамен (борышкермен) қандай да болмасын шарт бойынша қаражатты беруі талабымен беруі тән ақшаларды осылайша беру, әдеттегідей, мерзімділігі және қайтарымдылығымен сипатталмайды. Талапты құқығын беріп қаржыландыру шартының өзара байланысқан талаптары болып табылады. Талапты беру шартта, әдеттегідей, талап құқығын ақылы беру, ал ақшалай талап құқығы тек қана объектісі (нысанасы) болып келеді.
Факторинг қаржы нарығының пайдалы құралы болып табылады және несие тәуекелдерін сақтандырудың дамығандығын және дебиторлық берешек әкімшілігін жүргізуді болжайды. Осы талаптарда осы қызметтегі банктер үшін клиенттерді және пайданы көбейтуге және тәуекелдікті азайтуға мүмкіндік беретін қорландыратын институттарды тарту бойынша агенттің рөлі анықтаушы бағытқа айналады.
Форфейтинг қызметі халықаралық сауданы орта мерзімде қаржыландырудың балама тәсілдеріне жатады.
Факторинг қызметінің мақсаты - төлеушінің төлем қабілетіне байланыссыз факторингтік келісім-шартта көрсетілген мерзімде тез арада қаражатты алу болып табылады.
Нарық экономикасы дамыған елдердегі факторингтік компаниялардың көбіне еншілес фирмалары ірі банктермен бірігіп жұмыс жасайды.
Факторинг операцияларына үш тарап қатысады:
1. Факторингтік компания - өздерінің клиенттерінен шот-фактураны сатып алатын арнайы мекеме.
- Клиент (тауарларды жабдықтаушы, несие беруші) - факторинг
компаниялармен келісім-шарт жасасушы өнеркәсіптік немесе сауда фирмасы.
- Кәспорын (қарыз алушы) - тауарларды сатып алушы фирма.
Факторинг мәмілесін жүзеге асырудан бұрын талдау жұмысы жүргізіледі. Кәсіпорыннан тапсырыс алғаннан соң факторинг компания немесе банктің фактор бөлімі 1-2 апта ішінде клиенттің экономикалық және қаржылық жағдайын зерттейді.
Факторинг операцияларының жүзеге асырылу негізінде факторинг туралы келісім-шарт жатады. Онда факторинг операцияларының мынадай жасалу шарттары көзделеді: төлем талабының мәліметтері факторинг операциясы бойынша сомадан төлейтін сома, өтеу сыйақысының мөлшері, факторинг келісім-шартын бұзу және тараптардың ойлары бойынша басқа да шарттар.
Факторингтің 2 түрі болады:
-Ауқымды (конвенционды) ;
-Шектеулі (конфиденциалды) .
Қазіргі жағдайда бұл - бухгалтерлік есеп жабдықтаулар және сатып алушылармен есеп айырысу, несиені сақтандыру және т. б. қамтитын клиенттерге қаржылық қызмет көрсетушіліктің әмбебап жүйесін сипаттайды.
Соңғы жылдары шектеулі факторинг те біршама дамып келеді. Шектеулі факторинг бірнеше операциялардың орындалуымен байланысты: ақша алуға құқығын беру, қарызды төлеу және т. б.
Факторинг операциясы бүгінгі таңда отындық ақша нарығында дами алмай отыр. Факторингті енгізу сынағы негізінен 1988 жылы КСРО өнеркәсіп құрылыс банкімен жүзеге асырылып, кейіннен өзге де коммерциялық банктер факторинг операцияларын орындай бастады. Сөйтіп, 1990ж басындағы төлем дағдарысы факторинг қызметінің банктер үшін тиімсіздігін айқындап нәтижесінде отандық банктеріміз күні бүгінге дейін бұл операцияға салғырттық танытуда.
Факторингтің бірегей құқықтық негізін құру үшін 1988 ж халықаралық факторинг туралы кез келген келісім-шарт төменде берілгендердің кемінде екеуін қамтуға тиіс:
- Аванс және несие беру жолымен жабдықтаушыны қаржыландыру;
- Төлем талаптарына жататын жабдықтаушының шоттарын бухгалтерлік
жағынан өңдеу;
- Борышқорлардан ақшалай қаражат алу;
- Жабдықтаушыларды олардың борышқорларының төлем қабілетсіздігі
жағдайынан қорғау.
Факторинг операциялары банктер және арнайы ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Ол үшін банктерде арнайы бөлімдер ашылуы тиіс.
Факторингтік операциялардың мыналар бойынша жасалмайтынын ескеру қажет:
- Жеке тұлғалардың қарыздық міндеттері бойынша;
- Бюджеттік мекемелердің қоятын талаптары бойынша;
- Банктердің несиеден алынып тастаған немесе төлем қабілетінсіз деп танылған кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері бойынша;
- Кәсіпорындардың филиалдары немесе бөлімшелердің міндеттемелері бойынша;
Факторингтің ашық және жабық түрлері болады.
Әлемдік тәжірибеде факторинг қызметінің мұны мынадай екі элементтен тұрады: оған берілген құжаттарды мерзімінен бұрын төлеу барысында алынатын комиссия және пайыз. Комиссия шот-фактура сомасынан белгілі мөлшерде (әдетте, 1, 5- 2, 5 /о) деңгейінде белгіленеді. Мәміленің көлеміне қарай комиссия сомасы да өсіп отырады. Факторинг ережесі бойынша несие үшін төленетін пайыз мөлшерлемесі ақша нарығындағы (қысқа мерзімді несиелер нарығындағы) мөлшерлемеден 1-2 %-дай жоғары болып келеді.
Айналым капиталының жетіспеуі
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz