Корпорацияның өнімді сатуда және өндірудегі шығыны


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   

Білім және Ғылым министрлігі

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды Мемлекеттік университеті

Экономика факультеті

Қаржы кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Корпорацияның өнімді сатуда және өндірудегі шығыны

Орындағын: Э-31к тобының студенті

Жакупова А.

Тексерген: Э. ғ. м аға оқутышы

Тиштыкбаева А. Ж.

Қарағанды 2017 ж

Корпорацияның өнімді сатуда және өндірудегі шығыны

Шығын - белгілі бір уақыт кезеңіндегі өнімді өндіру және сатуға кеткен материалдың, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурс түрінің құндылығының ақшалай бағасы. Осы аңықтамадан көрініп тұрғандай шығындар былайша сипатталады:

  1. Әртүрлі ресурстарды өлшеу принципін қамтамасыз ететін ресурстың ақшалай бағасын;
  2. Мақсатты қойылымы ( жалпы өнімнің өндірісі мен оны сатумен немесе осы процестің қандай - да бір кезеңімен байланысты) ;
  3. Белгілі бір уақыт кезеңімен, яғни белгілі бір уақыт кезеңіндегі өнімге бөлінген кезең. Шығынның тағы да бір негізгі қасиеті: егерде шығын өндіріске қатыстырылмаса және сол өнімге жұмсалмаса, онда шығын шикізат, материал және басқа да қорға, аяқталмаған өндіріс қорына, дайын өнім және т. б. қорына айналады.

Ұйым (кәсіпорын) шаруашылық қызмет процесінде ақшамен бағалануы мүмкін ақшалай және өзге де шығын мен шығыс кешенін іске асырады.

Шығынды өтеу (мысалы, өндіріс шығындары) қарастырылады, ал шығысты өтеуді қарастырылмайды (мысалы, негізгі қорды қайта бағалауға жұмсалатын шығыс) .

Шығын мен шығыс айқын (сандық көрсеткіште көрсетілген) және күнгүрт (мысалы, кәсіпорынның меншік иесінің еңбек шығының мөлшері аңықталмаған) . Айқын шығын - бухгалтерлік, ал күнгүрт шығын - экономикалық деп аталады.

Шығын мен шығыс экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша төмендегі бірнеше топқа біріктіріледі:

  1. Негізгі және айналым капиталын ұдайы жаңғыртуға жұмсалатын. Бұл шығын негізгі және айналым капиталын құрумен, қайта жаңартумен және кеңейтумен байланысты және кәсіпорынның меншікті қаражаты мен пайдасының есебінен жүзеге асырылады;
  2. Өнім (жұмыс, қызмет) өндірісіне және сатуға жұмсалатын. Бұл шығын негізгі және айналым капиталын, сондай - ақ еңбек ресурсын тиісті мақсатта пайдаланумен байланысты; ол өнімді, жұмысты, қызметті саттудан түсетін түсіммен өтеледі;
  3. Әлеуметтік - мәдени бағдарламаларға жұмсалатын. Оған мысалы, қызметкерлердің біліктілігін арртыру, кадр даярлау, қызметкерлерге тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалатын шығын енгізіледі және ол кәсіпорынның меншікті қаражатын немесе пайдадан өтеледі;
  4. Біржолғы шығыс.

Шығын орнын толтыру көзі бойынша келесілердің есебінен бөлінеді:

  • Меншікті және сырттан тартылған көз;
  • Бюджеттің және бюджеттен тыс қордың қаражаты;
  • Кредит (қарыз) ресурс.

Шығын қабылданатын шешімге орай мына түрлерге бөлінеді: жүктемелі (міндетті) және баламалы (оңтайлық көзқарасатан алып қарағанда ықтимал) ; өндірістік және сауда .

Сонымен бірге барлық шығасы:

  • Шартты тұрақты (өндірістің және өнім, жұмыс, қызмет сатудың мөлшерінен дербес) және шартты - ауыспалы (осы мөлшерге тәуелді) ;
  • Тікелей (өнімге тікелей әдіспен бөлінетін) және жанама (жанама әдіспен бөлінетін) ;
  • Ағымдағы және күрделі;
  • Негізгі және қосалқы (үстелме) ;
  • Бір элементтік және кешенді;
  • Нормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді.

Ұйымның барлық шығысы өзіндік құнға кіретін мынадай шығын элементтеріне бөлінеді:

  • Материалдық шығын
  • Еңбекақы төлеу шығыны
  • Әлеуметтік қажетке аударылатын аударымның («Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2003 жылғы 25 сәуірдегі ҚР заңына және 2003 жылғы 29 желтоқсанда өзгерістер енгізілген ҚР Салық кодексіне сәйкес) әлеуметтік салықты және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру аударымды қоса алғанда, аударым;
  • Амортизациялық аударым;
  • Өзге шығын.

Осылай бөлу қанша шығын жұмсалғанын көрсетеді. Сонымен бірге шығысы кәсіпорын дербес немесе әдістемелік ұсынымның негзінде белгілейтін шығын баптары бойынша бөлінеді және осы шығын өнімнің, жұмыстың, қызметтің қай түріне жататынын көрсетеді.

Экономикалық мағынасы мен тағайындалуы бойынша өндіріске және өнім сатуға жатқызылатын шығын мен шығыс шығасы (өзіндік құн) деп аталады.

Өнімнің өзіндік құны - кәсіпорынның нақты өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен және сатумен байланысты барлық шығынын көрсететін экономикалық санат.

Өзіндік құн былайша бөлінеді:

  • Цехтық, оған жауапкершілік орталықтарының шығыны кіреді;
  • Өндірістік, оған өнім (жұмыс, қызмет) шығарумен байланысты барлық шығынның жиынтығы кіреді;
  • Сауда, ол өнім (жұмыс, қызмет) өткізу жөніндегі шығынды біріктіреді;
  • Толық, оған өнім (жұмыс, қызмет) өндірісі мен оны сатуға жұмсалатын барлық шығын кіреді.

Өзіндік құнды есептегенде шығын екі белгі бойынша, яғни өндіріс процесінде тағайындауы және шығынды өзіндік құнға жатқызу тәсілі бойынша жіктеледі. Сондықтан өзіндік құн шығын баптары бойынша тікелей және жанама шығынға бөлініп есептеледі.

Алдымен өндіріспен және нақты өнімді сатумен тікелей байланысты шығын анықталады. Бұл ретте тікелей шот әдісі пайдаланылады.

Өндіріске қызмет көрсетумен және басқарумен байланысты шығын өзіндік құнда тура ескерілуі мүмкін емес және аталмыш шығын өзіндік құнға жанама енгізіледі.

Өзіндік құн кәсіпорында бірнеше сатыда есептеледі. Бірінше сатыда өнімнің белгіленген мөлшерін өндірумен байланысты шығын ғана анықталады. Екінші кезеңде - жалпы өнімнің өзіндік құны өндірілген өнімнің өзіндік құнын алдағы кезеңдегі шығыстың қалдығының өзгеруіне нақтылау арқылы анықталады.

Алдағы кезеңнің шығысына: жаңа өндірісті, құрылғыны, агрегатты игерумен байланысты шығыс; кейінгі кезеңнің жалға алу төлемінің жарнасы және есепті айда жұмсалған, алайда кейінгі айларда немесе жылдарда өнімнің өзіндік құнына енгізілуі тиіс өзге шығын жатады. Осы шығын қалдығының ұлғаюы өндіріс шығынының мөлшерінен шегеріледі, ал кемуі - осы мөлшерге қосылады.

Қалдық 10 млн теңгеге кеміді деп қарастырайық. Бұл осы шығынды өндірілген өнімнің өзіндік құнына енгізетін уақыттың келгенін көрсетеді. Егер өндірілген өнімнің өзіндік құнын 12498 мле теңге мөлшерінде қабылдасақ, онда жалы өнімнің өзіндік құны 124999 мле теңгені құрайды.

Үшінші кезеңде тауарлық өнімнің өзіндік құны анықталады. Бұл ретте жалпы өнімнің өзіндік құны аяқталмаған өндіріс қалдығының өсуі өзіндік құнды төмендетеді.

Жыл соңындағы қалдық жыл басындағы қалдықтан 20 млн теңгеге жоғары деп шартты түрде алайық. Демек, тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны 12479 млн теңгеге (12499-20) тең болды.

Өндірістік шығыннан басқа тауарлық өнімнің толық өзіндік құнына өндірістен тыс шығын - өнімді сатумен байланысты шығын, мысалы, жарнамаға өнімді жөнелту станциясына (айлағына) жеткізуге жұмсалатын шығын, делдалдың қызметі төлеу, кәсіпорын орналасқан жерден тысқары орналасқан база мен қоймада ұстауға жұмсалатын шығын енгізіледі. Егер өндірістен тыс шығын 20, 7 млн теңге мөлшерінде деп қабылдасақ, онда тауарлық өнімнің толық өзіндік құны 12500 млн теңгеге тең болады. Өнім өндірісінің мөлшерін біліп (шартты түрде 1 млн бірлік), тауарлық өнім бірлігінің кәсіпорынның көтерме сауда бағасын қалыптастыру үшін база болып табылатын толық өзіндік құнын анықтаймыз.

2. Өнім өндірісіне және сатуға жұмсалатын шығын.

Бухгалтерлік есепте шығынды есептеу әдісі (жөнелту) бойынша көрсетіледі. Қаржы (салық) есептерінде шығынды кассалық әдіс (төлем бойынша ) көрсетіледі.

Төмендегі талаптар сақталған жағдайда, бухгалтерлік есепте мыналар шығыс ретінде танылады:

  1. Шығыс нақты шартқа, заңнамамен нормативтік актінің талаптарына, іскерлік қатынас дәстүріне сәйкес жұмсалса;
  2. Шығыстың сомасы анықталуы мүмкін болса;
  3. Ұйым актив берген немесе активті беру қатынасында белгісіздік болмаған жағдайда, нақты операцияның нәтижесінде ұйымның экономикалық пайдасының кемиттініне шүбә келтірмесе.

Егер ұйым жұмсайтын кез келген шығыс қатысында аталған талаптың бірі болса да орындалмаса, онда ұйымның бухгалтерлік есебінде дебиоторлық берешек пайда болды деп танылады.

Амортизацияның амортизациялық аударым мөлшеріне негізделген шығыс деп танылады. Ол амортизацияланатын активтің құнының, пайдалы пайдалану мерзімінің және ұйымда қабылданған амортизация есептеу тәслінің негізінде анықталады.

Ұйымның шығысы деп активтің (ақшалай қаражаттың, өзге мүліктің) істен шығу нәтижесінде экономикалық пайданың кемуі және (немесе) қатысушылардың (мүлік иелерінің) шешімі бойынша салымның кемуін қопағанда, осы ұйымның капиталының кемуіне әкеп соқтыратын міндеттемелердің пайда болуы танылады.

Бухгалтерлiк есепте мыналар шығыс ретiнде танылмайды:

  • айналътмнан тыс активтi (негiзгi құрал - жабдықты, аяқталмаган құрылысты, материалдық емес активтi және т. б. ) сатып алумен (құрумен) байланысты шығыс;
  • баска ұйымның жарғылық (қалыптасу) капиталына салынатын салым;
  • акционерлiк қоғамның акциясын және өзге де бағалы қағаздарды қайта сату (сату) мақсатында емес сатып алу;
  • Комиссия шарттары, агенттік және комитетнттің принципалдың жіне т. б. Пайдасына өзге ысындай шарт бойынша жұмсалатын шығыс;
  • Материалдық - өндiрiстiк запасты және өзге де құндылықты, жұмысты, қызметтіалдын ала төлеу;
  • Материалдық - өндiрiстiк запасты және өзге де құндылықты, жұмысты, кызметтi төлеу есебiне кепілдікті кардар;
  • Ұйым алған кредитті, қарызды өтеу;

Қызметтің кәдімгі түрі бойынша өнім жасаумен және оны сатумен, тауар сатып алумен және сатуымен байланысты шығын танылады. Жұмыс орындаумен, қызмет көрсетумен байланысты жүзеге асырылатын шығасы да осындай шығын болып саналады. Негізгі құрал - жабдықтың, материалдық емес активтердің және амортизациялық аударым түрінде жүзеге асырлатын өзге де амортизцияланатын активтің құнын өтеу де шығыс болып саналады. Қызметтің кәдімгі түрі бойынша жұмсалатын шығыс бухгалтерлік есепте ақшаға шағылған, ақшалай немесе өзге нысандағы төлем мөлшеріне немесе кредиторлық берешектің мөлшеріне тең сомада қабылданады.

Егер төлем танылған шығыс бөлігінің ғана орнын толтырса, онда бухгалтерлік есепке қабылданатын шығыс төлемнің және кредиторлық берешектің сомасы ретінде ғана анықталады (төлемнің орны толтырылмаған бөлігінде) .

Қызметтің кәдімгі түрі бойынша шығыс мынадан қалыптасады:

  • Шикізат, материал, тауар мен өзге де материалдық - өндірістік запас сатып алумен байланысты жұмсалатын шығыстан;
  • Өнім өндірісі, жұмыс орындау, қызмет көрсету және оларда сату мақсатында материалдық - өндірістік запасты қайта өңдеу (пысықтау) процесінде пайда болатын шығыстан;
  • Тауар сату (қайта сату) процесінде пайда болатын шығыстан (негізгі құрал - жабдықты және өзге де айналым активін ұстау және пайдалану, сондай - ақ оларды түзік жағдайда ұстауға жұмсалатын шығыс) ;
  • Коммерциялық шығыстан;
  • Басқарушылық шығыстан.

Қызметтің кәдімгі түрлері бойынша шығысты қалыптастырғанда оны шығын мен шығыстың мына элементтері бойынша топтау қажет:

  • Материалдық шығын;
  • Еңбекақыға жұмсалатын шығын;
  • Әлеуметтік қажетке жұмсалатын шығын;
  • Амортизация;
  • Өзге шығын.

Бухгалтерлік есепте басқару мақсатында шығын баптары бойынша есеп ұйымдастырылады. Ұйым шығын баптарының тізбесін дербес белгілейді.

Ұйым қызметтің кәдімгі түрінің қаржысының нәтижесін қалыптастыру мақсатында сатылған тауардың, өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнын аңықтайды. Өзіндік құн есептi жылы да, өткен есепті жылы да шығын ретiнде танылған шығыстың, сондай-ақ кейiнгi есептi жылы кiрiс алуға қатысты ауысқан шығыстың негiзiнде өнім өндірісінің ерекшелiктерiне, жұмысты орындау мен қызмет көрсетудiң және оны сату, сондай-ак тауарды сату (қайта сату) ерекшелiктерiне байланысты нақтыланып қалыптастырылады. Мұның өзiнде кезең шығысы есептi жылы толықтай сатылған өнімнiң (тауардың, жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құнында болуы мүмкін.

Кезең шығысына:

1) тауар (жұмыс, қызмет) сатуга жұмсалатын шығыс,

2) жалпы және әкімшілік шығыс,

З) пайызга жұмсалатын шығыс (банк кредитi, жөткізүшінiң кредитi, мүлiктi жалға алу бойынша пайыз төлеу және т. б. ) жатады.

Тауар (жұмыс, қызмет) сату шығысына:

1) өткізу (сату) бөлімі қызметкерлерінің еңбекақысы;

2) өткізу (сату) бөлімі қызметкерлерінің еңбекақысынан заңнамада белгiленген норма бойынша - әлеуметтік және медициналы сақтандыру органдарына аударылатын аударым;

3) тауарды өткізу процесiне және тауардың өзiне қызмет көрсететiн кәсіпорынның мүлкін сақтандыруға жұмсалатын шығыс;

4) өткізу (сату) бөлiмi қызметкерлерінің iссапарларына жұмсалатын шығыс;

5) тауар сату процесiне қызмет көрсететін негiзгi құрал-жабдықтың амортизациясы;

6) сату процесiне қызмет көрсететін негiзгi құрал-жабдықты ұстауға жұмсалатын шығыс;

7) жүкті шартта белгіленген пунктке дейін тасымалдау.

8) өткізу нарығын зерттеу және нарықта тауарды жылытуға жұмсалатын шығыс;

9) жарнамаға жұмсалған шығыс;

10) өнiмнiң ыдысы мен қаптамасына жұмсалған шығын (шарт ережесiнде өнiмдi ыдыссыз және қаптамасыз босату немесе ыдыстың құны қойма кiрiсiне алынған өнімнің өзiндiк құнының құрамына алынатыны қарастыралатын жағдайды қоспағанда) ;

11) өнім өткізетін ұйым белгіленген шарт бойынша өнім сату үшін төлейтін комиссиялық жиын немесе аударым;

12) өнімді сақтау және тасымалдау кезінде жыл ішінде сатылған өнімге жатқызылатын табиғи кему норма шектеріндегі биологиялық ысырып;

13) тауар өткізумен байланысты жұмсалатын өзге шығын жатады.

Жалпы және әкімшілік шығысқа:

1) әкімшілік қызметкерлерге жатқызылатын қызметкерлерге еңбекақы төлеу;

2) қызмет көрсететін өндіріс пен шаруашылықта жұмыс iстейтiн қызметкерлерге еңбекақы төлеу;

3) әкімшілік қызметкерлерінің және қызмет көрсетуші шаруашылықта жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбекақысынан заңнамада белгіленген норма бойынша аударылатын аударым;

4) әкімшілік басқару аппаратын, субъектінің құрылымдық бөлімшілеріне, материалдық - техникалық және көлік қызметін көрсететін қызметкерлерді ұстауға, оның ішінде қызметтік жеңіл автокөлікті және жеңіл автокөлікті қызмет бабында пайдалану үшін төленетін өтемақыға жұмсалатын шығыс;

5) техникалық басқару құрал - жабдығын, байланыс торабын, сигнализация құралын, есептеу орталығын және өндіріске (жалпы шаруашылық тағайындалыстағы негізгі құрал - жабдықтың тозуы) жатпайтын басқа да техникалық басқару құрал - жабдығын ұстауға және қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыс. Жалпы шаруашылық тағайындалыстағы ғимаратты, құрылыс пен құрал - сайманды ұстауға және ағымдағы жөндеуге жұмсалатын шығын;

6) тау-кен өндіру саласындагы дайындау жұмысына жұмсалатын шығыс, егер олар күрделі шығынга жатқызылмаса (яғни негiзгi қор ретiнде капиталданбаса) ;

7) салынып жатқан субъектінің дирекциясын, егер ол болмаса - техникалық қадағалау тобының дирекциясын ұстауға жұмсалатын, сондай -ақ жаңа ұйым мен объектіні пайдалануға қабылдауменбайланысты шығын ;

8) жобалау және құрылыс - монтаж жұмысындағы кемшілікті, запасты объектінің жанындағы қоймаға тасымлдаған кезде оның зақымдануын және түрінің өзгеруін жоюға жұмсалатын шығыс, ақау себебінен тексеруге (жабдықты бөлшектеуге) жұмсалатын және басқа да осындай шығыс ;

9) әкімшілік басқару жүйесі мен құралын құру және оны жетілдіруге жұмсалатын шығыс;

10) банкiнiң қызметiн төлеу;

11) субъектiнiң штат кестесiнде сол немесе басқа функционалдық қызмет қарастырылмаған жағдайда, бөгде ұйым жалпы шаруашылық басқару жөнiнде жүзеге асыратын кызметті төлеу;

12) әкімшілік басқару қызметкерлерінің iссапар шығысына жұмсалатын шығыс;

13) әкімшілік басқару аппараты қызметкерлерiн ауыстырған кезде төленетiн көтерме ақы;

14) кеңсе, баспахана, пошта-телеграф және телефон шығысы. Өкілдік шығыс;

15) қызмет көрсетушi өндіріс пен шаруашылықты ұстауға (үй-жайды тегiн беру, қоғамдық тамактану ұйымына коммуналдық қызмет құнын төлеу және т. б. ) жұмсалатын шығыс;

16) жұмыс күшін ұйымдастырып жинақтауға, мамандарды оқытуға жұмсалатын шығыс, қызметкер жұмыстан босатылған кезде төленетiн өтемақы, комиссиялық шығыс;

17) жалпы тағайындалыстағы негiзгi құрал-жабдықты жалға алуға жұмсалатын шығыс;

18) коммуналдық қызметке, қызметкерлердің еңбегін қорғауға, субъектіні күзеті, өртке қарсы қорғауға жұмсалатын шығыс ; сауықтыру іс - шараларын өткізуге, директорлар кеңесін ұстауға жұмсалатын шығыс және басқа да жалпы шаруашылық сипаттағы басқа да шығыс ;

19) нормативтіктен тыс ысырап, қоймадағы тауарлық - материалдық запастың бүлінуі мен жетіспеуі және басқа да өндірістік емес шығыс пен ысырап ;

20) еңбекке қабілеттілікті уақытша жоғалтқан жағдайда нақты еңбекақыға дейін қосымша ақы төлеу ;

21) өндірістік емес қызметкерге жұмыс істеген жылдары үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес біржолғы сыйақы төлеу ;

22) консультациялық (аудиторлық) және ақпараттық өызметті төлеу ;

23) абаттандыру жөніндегі жұмысты орындауға жұмсалатын шығыс;

24) қосымша берілген демалысты төлеу, қызметкердің отбасы мүшелерінің демалыста пайдаланылатын жерге барып - қайту жолын төлеу ;

25) қызметкердi жұмыс орнына барып-қайтуын төлеу;

26) қайта ұйымдастыруга, штат санын қысқартуға байланысты ұйымнан босатылатын қызметкерлерге төлем төлеу;

27) сот шығасысы;

28) тағайындалған немесе мойындалған айыппұл, өсім, тұрақсыздық айыбы және шаруашылық шарттың ережесін бұзу үшін белгіленген басқа да санкция түрі;

29) кiрiстi жасыру үшiн салынған айыппұл, өсiм;

30) кінәлі анықталмаған ұрлықтан немесе қажет соманы кінәлі тараптың есебінен өтеу мүмкін болмаған жағдайда шегілген залал жатады.

Негiзгi емес қызметтің шығысына манылар жатқызылады:

  • Ұйым активiн төлем үшiн уақытша пайдалануға (уакытша иелену мен пайдалану) берумен байланысты шығыс;
  • өнертабысқа, өнеркәсіптік үлгіге және интеллектуалдьқ меншiктің басқа түріне берiлген патенпен туындайтын құқықты төлем үшін берумен байланысты шығыс;
  • басқа ұйымның жарғылық капиталына қатысумен байланысты шығыс;
  • негiзгi құрал-жабдықты жене ақшалай қаражаттан өзгеше басқа активтi, тауарды, өнімдi сатумен, iстен шығарумен және өзгедей есептен шығарумен (шетел валютасын қоспағанда) байланысты шығыс;
  • бухгалтерлік есеп ережесіне сәйкес құрылатын бағалау резервiне (күмәнді борыш бойынша, құнды қағазға салынған салымның ықтимал құнсыздануына) аударылатын аударым;
  • өзге шығыс.

Төтенше шығыс құрамында шаруашылық қызметтің төтенше жағдайдың салдарынан (дүлей апат, өрт, авария, мүлікті мемлекет меншігіне айналдыру және т. б. ) пайда болатын шығыс көрсетіледі.

Бухгалтерлiк есептi жүргiзу ережесiнс сәйкес материалды, шығынға мына актив жатқызылады: сатуға (жұмыс орындауға, кызмет көрсетуге) арналған өнiм өндiрiсiнде шикiзат, материал ретiнде пайдаланылатын;

  • сатуға арналған;
  • ұйымның басқарушылық қажстi үшiн пайдаланылатын. Материалдық-өндiрiстiк запасты сатып алуға арналған нақты шығынға мыналар жатқызылады:
  • жеткiзушiге (сатушыға) шартқа сәйкес төленетiн сома;
  • материалдық-өндiрiстiк запас сатып алумен байланысты акпараттық және консультациялық қызмет үшiн ұйымға төленетiн сома;
  • кеден бажы
  • материалдық өндiрiстiк запастың бiрлiгiн сатып алумен байланысты төленетiн өтелмейтiн салық;
  • сол арқылы материалдық-техникалық запас сатып алынатын делдалдық ұымға төленетiн сыйақы;
  • материалдық-өндiрiстiк запасты дайындау және оны пайдаланатын жерге дейiн жеткiзуге жұмсалатын шы ғын, сонымен бiрге сақтандыруға жұмсалатын шығыс.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпорацияның айналым капиталы туралы
Баға белгілеу және бағалар жүйесі
Мұнай сферасындағы маркетинг
Баға және баға жасау
Кәсіпкерлік нарықтық экономика дамуының негізі ретінде
Кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау
Өнімді жүзеге асырғаннан кеткен шығынға факторлық талдау жасау
Өндіріс шығыны
Кәсіпорындағы шығындар құрылымын ұйымдастыру мен басқарудың теориялық негіздері
Бизнес жоспарды жақсарту жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz