Қазақстандағы баға саясаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Кәсіпорын қызметінің ең негізгі мәселелерінің бірі - олардың өз тауарлары мен қызметтеріне баға белгілеу. Бағалар қызметтермен тығыз байланыста болады. Нарықтық экономика шарттарында кәсіпорынның және кәсіпкердің табысты болуы, олардың өздерінің тауарлары мен қызметтеріне бағаны дұрыс белгілеуіне байланысты. Бірақ оны жасау оңайға соқпайды, себебі бағаға саяси, экономикалық, психологиялық және әлеуметтік факторлар әсер етеді. Баға басында тауарды өндіруге кеткен шығынмен анықталады, ал кейіннен оның деңгейі сатып алушының жағдайына қарай өзгеруі мүмкін.Бүгінгі экономика өзінің негізгі үш субъектісінің: өндірушінің, тұтынушының және үкіметтің өзара іс-қимылымен сипатталады. Қандай да болсын кәсіпорын өзінің серіктестерімен нарықтық қарым-қатынаста іс-әрекет етеді. Ал бұл жағдайда тек заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығаратын кәсіпорын ғана жетістікке жете алады. Сөйтіп, кәсіпкер тауарға баға белгілеген кезде, оған (яғни бағаға) әсер етеін бүкіл факторларға көңіл бөлуі тиіс, және бағаны пайда табатындай етіп белгілеу керек.
Жалпы бағаның екі негізгі теориясы бар:
- бірінші теория бойынша - тауар бағасы оның құнын көрсетеді - өндіруші жағынан.
- екінші теория бойынша - тауар бағасы дегеніміз сатып алушының тауар үшін төлеуге дайын ақшасының соммасы - тұтынушы жағынан.
Экономикалық санаттарға байланысты бағаның бірнеше анықтамалары бар:
- фундаменталдық санат, ол тауар бірлігі үшін сатушының сатуға, ал сатып алушының сатып алу үшін беруге келісетін ақша саны;
- тауар құнын ақшалай белгілеу;
- сұраныс пен ұсыныстың сандық қатынасы.
Баға белгілеу - бұл тауарлар мен қызметтерге баға құру (жасау) үрдісі. Баға белгілеудің екі негізгі моделдері:
Нарықтық баға белгілеу, ол нарықта қандайда бір тауарға сатып алушылардың сұранысының және сатушының ұсыныстырының ара қатынастарының негізінде іске асады;
Мемлекеттік баға белгілеу (орталықтандырылған мемлекеттік баға белгілеу), мұнда шығындық баға белгілеу шекарасында баға негізіне өндіріс шығындары мен айналымдар енеді(кіреді).
Кәсіпорынның баға саясатының мәні бұл бағаның ұтымды деңгейін және құрылымын қалыптастыру, қолдау, және нарық жағдайында мүмкін болатын мол табысқа қол жеткізу мақсатында, белгілі бір уақытта тауарлар және нарықтар бойынша баға деңгейін өзгерту болып табылады.
Баға нарықтық экономика жағдайында - кәсіпорынның қызметін сипаттайтын маңызды экономикалық параметр. Баға өндірістің құрылымына, материалдардың толассыз қозғалысына, тауар массасының бөлінуіне, кәсіпорынның табыстылық деңгейіне шешуші ықпал етеді.
Меншік формасына қатыссыз нарыққа қызмет көрсететін дербес тауар өндірушілер үшін баға мәселесі - бұл олардың тіршілік және жақсы тұрмыс халінің көзі. Нарықтық қатынастардың қатаң шарттары жағдайында, баға белгілеудің дұрыс әдістемесін, орынды баға тактикасын, терең негізделген баға стратегиясын біртіндеп жүзеге асыру - кез келген сауда кәсіпорынының қажетті құрамдас бөліктері болып саналады. Баға кәсіпорынның табыстылығын, тиімділігін, пайдалылығын анықтайды, сондықтан да ол кәсіпорынның өміршеңдігін көрсете отырып, кәсіпорынның қаржы-қаражат тұрақтылығын сипаттайтын маңызды элемент болып саналады. Баға құрылуы - фирманың мақсаттарына жеткізетін құрал.
Бағалар және баға белгілеу бірігіп баға механизмін құрайды. Ол екі бөліктен тұрады: баға, оның түрлері, құрылымы, өлшемі өзгеріс динамикасы; және баға белгілеу, белгілеу ережелері, жаңа бағалар құру және қатысушыларын өзгерту әдістері.
Курстық жұмыстың өзектілігі: бүгінгі экономика өзінің негізгі үш субъектісінің: өндірушінің, тұтынушының және үкіметтің өзара іс-қимылымен сипатталады. Қандай да болсын кәсіпорын өзінің серіктестерімен нарықтық қарым-қатынаста іс-әрекет етеді. Ал бұл жағдайда тек заманға сай, бәсекелестік қабілеті жоғары өнім шығаратын кәсіпорын ғана жетістікке жете алады.
Жұмыстың негізгі мақсаты: Қазақстан кәсіпорындарының баға саясатымен шетел кәсіпорындарының баға саясатын салыстыра отырып, Қазақстан экономикасының дамуына септігін тигізетінін анықтап, ұсыну.
Жұмыстың негізгі міндеттері: қызмет көрсету мен тауарларды алға жылжытуды қамтамасыз етуші мәселерді ашып көрсету, баға саясатының дамуына кері фактордарды анықтау және баға саясатын дамытудың жолдарын анықтау.

Негізгі бөлім
І. Кәсіпорынның баға саясатының теорияық негіздері
Сауда кәсіпорынның жағдайында өзекті мәселенің бірі бағаның экономикалық базасын дұрыстап анықтау, себебі бағаның деңгейімен кәсіпорын тиімділігі байланысты.Көтерме баға деңгейімен кәсіпорын тиімділігі байланысты, бөлшек баға деңгейімен жұмыскердің нақты жалақысы байланысты. Баға тарихи категория болып табылады. Баға деңгейі ғана емес, сондай-ақ экономикалық мазмұны уақыт талабына сай өзгереді.
Мемлекеттің бағаны реттегенде әлеуметтік факторларға айналымдағы қағаз ақша санына, сондай-ақ инфляция деңгейіне, өндірушінің нарықтағы монополиялық жағдайына, пайдалылыққа, экономикалық тұрақсыздыққа байланысты болуы керек.
Баға саясаты дегеніміз, өз өнімдеріне қалыптасқан бағалар көмегімен, жүзеге асырылатын кәсіпорынның мақсаттары. Баға саясатын таңдау барысында фирма, оның ғаламдық мақсаты пайда екенін біле тұра, өз мүддесін қорғау, бәсекелестерді басу, жаңа нарықтарды жаулап алу, нарыққа жаңа тауармен шығу, шығындарды тез өтеу, табыстарды тұрақтандыру сияқты аралық мақсаттар ұсынылуы мүмкін екендігін ескергендігі жөн. Бұл мақсаттарға қол жеткізу қысқа мерзімде, орташа мерзімде, ұзақ мерзімде болуы мүмкін. Жалпы белгілі бір мерзімде қалыптасқан баға деңгейі кәсіпорынның қандай да бір мақсатының нәтижесіне әр түрлі әсер етеді, мысалы: пайда шамасына, айналым көлеміне және т.б.. Төтенше жағдайларда ғана кәсіпкерлік қызметтің бір мақсаты басым болады. Жалпы күнделікті шаруашылық әрекетте баға саясатының көмегімен көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.
Бағаның құралуы тауар өндіруші мен тұтынушының өзара қарым-қатынасына, олардың мүдделерінің бір арнаға тоғысуына байланысты болады. Нарықтық экономиканың басты бөлу тетігі болғандықтан Баға экономика теориясындағы маңызды категория ретінде жан-жақты қарастырылып келеді. Алайда Баға туралы экономика ғылымында әлі күнге дейін ортақ тұжырым жасалмаған.
Баға саясатының қалыптасуы және оның іске асырылуы кәсіпорынның жалпы саясатымен байланысты, себебі әрбір кәсіпорынның негізгі мақсаты - тұтынушылардың басым көпшілігіне өнімдерді табысты сатып өткізу мақсатын көздейді. Баға саясатын қалыптастыру және табысты іске асыру үшін белгілі бір кәсіпорындарда өнімдерге баға белгілеу мәселелерін шешетін тұрақты қызмет етуші құрылымдық бөлімшелер, яғни баға бөлімшелері әрекет етеді. Бұл бөлімшелердің қызметі кәсіпорынның маркетингтік және сатып өткізу қызметтерімен тығыз байланысты болады. Бұл қызметтерге ақпарат жинау, сатып өткізу көлемін жоспарлау, жарнама кампанияларын жүргізу, тауар маркасының имджін қалыптастыру, ақпарат тарату жатады.[1]
- паритет бағаларын белгілеу жағдайында бәсекелестерімен жасырын келісім-шартқа отыру немесе көшбасшыға бағыт алу қарастырылады. Белгілі бір жаңа өнім нарықта орнықты орын алғаннан кейін, баға белгілеудің міндеттері өзгереді. Инновациялық салада бәсеке пайда болысымен, жаңашыл фирма және оған еліктеушілер, нарықта өздеріне позицияларды иелене бастайды және оны қорғауға әзірленеді. Аталған кезеңде олардың әрқайсысы бір-біріне қарама қарсы келесі екі стратегия аралығында орналасқан өткізу концепциясын іріктеп таңдап алады.
Олар: өнім оригиалынан толығымен өзгешеленетін стратегия және өндірістік шығындар бойынша озат болу стратегиясы. Бірінші стратегия бойынша, фирма өз тауары үшін бірден-бір өте сирек белгілерді істеуді көздейді. Ол өнімнің өсу сатысында қалыптасатын ғылыми-зерттеу жұмыстарында, өндірісте, сатып алушылардың көнілдерін аудару мәселелерінде өз жағдайын жедел нығайта отырып, өнім арқылы іске асатын оригиналды идеялармен басым жабдықтаушы болуы қажет. Соңынан, бәсекенің біртіндеп ұлғаюына байланысты, оның өте сирек белгілері тауардың құндылығының нәтижесі ретінде көрініп, бәсекелестердің санының көбеюіне қарамастан, фирма үшін тиімді баға белгілеуге мүмкіндік жасайды. Ерекше өнім стратегиясы сатып алушылардың белгілі бір сегментіне әлде бір сала жүйесіне бағытталады. Мұнда, баға белгілеудің ролі, сатып алушылар қасиеттері өте сирек деп есептейтін, тауарды өндіруден пайда алу ретінде қарастырылады. Баға белгілеуде нарықтыңқаймағын қалқу саясаты, бейтарап баға белгілеу стратегиясы, нарыққа дендей ену стратегияларына тән әдістер қолданылады.
Өндірістік шығындар бойынша озат болу стратегиясына байланысты фирма өзінің күш жігерін шығындарды ең төменгі деңгейге жеткізуге бағыттайды. Өйткені, нарықтағы баға бәсекелестігіне қарамастан, тауардың өзіндік құнының төмен болуы пайда алуға мүмкіндік туғызады деп болжайды. Көптеген нарықтарда өткізімнің негізгі үлесі және өндірістік шығындар бойынша озат болу, өнімнің тізбесін ұлғайту арқылы, жарнама және жаңа өткізу нарықтарын жаулап алу арқылы жүзеге асады. Өндірістік шығындар бойынша озат болуға бағдарланғанда, нарыққа дендей ену бағасын, көптеген жағдайларда пайдаланбаған дұрыс. Егер, шығындардың төмен деңгейі бойынша артықшылық, мол көлемдегі тапсырыстарға қызмет көрсетуде қолданылмайтын болса, егер, сатып алушыларды өнімнің бағасына қарағанда, оның сапасы және сенімділігі мен беріктігі қызықтыратын болса, баға белгілеуде бейтарап стратегия қолданылады.
Ал, тапсырыс өте шұғыл орындалуды талап еткенде, және сатып алушы басқалай мердігерді іздейтін уақыты тар жағдайда, осы өндіруші өндірістік шығындар бойынша артықшылығы бола тұра, баға белгілеуде нарықтың қаймағын қалқу баға саясатына тән әдістерді қолданады, болса тәжірибе жинақтау мақсаттарын қояды.
Стратегиларды таңдау, баға белгілеудің мақсатын анықтау фирманың өз іс-әрекетін жоспарлауына тікелей байланысты.
Кәсіпорынның баға саясаты баға құрылу стратегиясын қалыптастырудың негізі болып саналады. Баға стратегиялары кәсіпорын дамуының жалпы стратегиясының бір бөлігі болып табылады. [3]
Баға құрылуы стратегиясы - бұл кәсіпорын өндіретін өнімдердің нақтылы түрлеріне нарықтық баға белгілеу жағдайында негізге алынатын факторлар мен әдістер жиынтығы.
Бағаға әсер ететін фактордардың негізгілері мыналар:
1.Өндіріс шығындары. Өндіріс шығындары көбінесе мемлекеттің экономикалық жағдайына және орта салалық өзіндік құнды бейнелейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.
Бағаның негізгі элементі - өзіндік құн, ал оның құрылымының маңызды бөлігін материалды шығындар құрайды. Мысалы, кондитерлік өнімнің өзіндік құнының үлес салмағы өсу тенденциясы бар шикізат пен материалдық шығындар алады.
2.Сұраныс. Нарықтық экономика жағдайында сұраныс - нарықтық бағаның өзгеруіне әсер ететін негізгі фактор.
Баға мен нарықтық сұраныс арасында тығыз тәуелділік бар, олар бір-бірімен кері пропорционал байланыста болады. Бұл өзара байланыс сұраныс заңы мен баға икемділігі арқылы түсіндіріледі, оны нарықтық сұраныс қисығы түрінде крсетуге болады.
3. Тұрғындардың сатып алу қабілеті - олардың ақшалай табысына байланысты. Қазақстанда соңғы жылдары орташа жалақы өсіп келеді.
4. Ақша өрісінің жағдайы, бұған кіретіндер: тұтынушыларда бар ақша көлемі, инфляция деңгейі, оның серпіні, ұлттық ақша бірліктерінің, валюталық бағамадырдың қозғалысы және тағы басқалары.
5.Бәсеке. Ол бағалық және бағасыз болады. Бағалық бәсеке - тауардың бағасын өзгерту арқылы бәсекелестік күрес жүргізу. Бағалық бәсекенің тетігі мынада, кәсіпорын өз туарына нарықтық бағадан төмен бағаны белгілейді, сол кезде бағаларды төмендетуге мүмкіндігі жоқ бәсекелестер нарықтан кетуге мәжбүр болады. Бағасыз бәсеке - тауар сапасын, оның ерекше қасиеттерін, қауіпсіздігін,сервисін, әсемділігі мен дизайнын және тағы да басқа сипаттамаларын жақсарту арқылы жүргізетін бәсекелестік күрес.
6. Бағаларды мемлекеттік реттеу. Шаруашылық субъектілердің баға саясаты көбінесе мемлекеттің бағаларды реттеу саясатына байланысты болады. Бұл реттеу тікелей және жанама түрде жүргізілуі мүмкін.[9]
Баға саясаты мен кәсіпорын стратегиясын қалыптастыру көптеген іс-шаралар мен есептеулерді қамтиды: кәсіпорын өнімдерін өндіру және өткізу шығындарының оңтайлы шамасы анықталынады; әлеуетті тұтынушылар үшін кәсіпорын өнімінің пайдалылығы және тауарға белгіленетін баға деңгейінің оның тұтынушылық қасиетіне сай болуы шаралары негізделеді; Кәсіпорын үшін өндірістің неғұрлым тиімділігін қамтамасыз ететін өнімді өткізу көлемі және нарық үлесі шамасы анықталынады .
Баға саясатын және кәсіпорын стратегиясын әзірлеу келесі үш кезеңнен тұрады: түпнегіздік ақпарат жинақтау, стратегиялық талдау, стратегияны тұжырымдау.
1. Түпнегіздік ақпарат жинақтау кезеңін орындау барысында келесі негізгі мәселелер орындалады:
-шығындарды бағалау;
-тұтынушылар туралы ақпарат;
-әлеуеттік бәсекелестер туралы деректер;
-кәсіпорынның қаржы мақсаттарын нақтылау.
2. Стратегиялық талдау кезеңін орындау барысында алдын ала жинақталған ақпарат талапқа сай талдауға түседі:
-қаржылық талдау;
-нарық сегментін талдау;
-бәсекелестерді талдау;
-мемлекеттік реттеудің ықпалын бағалау.
Экономикасы дамыған елдерде көтерме және бөлшек бағалар кеңінен қолданылады. Оларға деген қолданыс сұраным мен ұсынымның өзара қатынасымен жүргізіледі.

1.1 Бағаның экономикалық мәні мен оның түрлері
Баға- тауар өлшемінің ақшалай түріндегі құны. Нарықтық экономикада бағаның мынадай түрлері қалыптасқан:
Өндіріс бағасы- өндіріс шығындары жиынтығы және барлық авансталған капиталдың орташа шығынынан құралады.
Ұсыным бағасы- сатушының еш нәрсе қоспаған арнайы ұсталымы
Базистік баға - сатушы мен сатып алушы арасындағы алдын ала келісілген баға.
Сатып алу, сату бағасы -сатушы бағасы немесе шартта тауарды жеткізуді көрсету.
Көтерме баға- ірі тауарларды сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарына жеткізуде қолданылады.
Бөлшек баға- тауарды сатып алушыға бөлшектеп сатқан кезде қолданылады.
Монопольді баға- монополиялар бекіткен жоғарғы немесе төменгі өндіріс бағасы.
Номиналды баға- арнайы прескурантта, анықтамаларда жарияланады.
Анықтамалық баға- жасалған істің сандық нәтижесін көрсеттеді және базистік бағаның қалыптасуында қолданылады.
Қатты баға сату, сатып алу шартында көрсетіледі және өзгертуге болмайды.
Әлемдік баға- халықаралық сауда бағасы;[11]
Өтімді баға- сұранымы жоғары ерекше тауар бағасы.Тауарға бағаны есептеу ретті түрде бірқатар кезеңдердің орындалуымен тығыз байланысты:
1. Бағақалыптастыру мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
Кәсіпорын үшін тауар бағасы тауар мен қызметтерден пайда алу функциясын атқарады. Сондықтанда, фирма бағаны есептей отырып, өзі үшін бекітілетін баға арқалы қандай мақсатқа жететінін нақты айқындау керек.
2. Сұранысты анықтау.
Кәсіпорынмен тағайындалған кез-келген баға сұраныс деңгейіне қалайда болса әсерін тигізеді. Әдетте сұраныс бен баға кері пропорционалдық тәуелдікте болады, яғни баға жоғары болған сайын сұраныс төмендейді, сәйкесінше баға төмен болған сайын сұраныс ұлғайады.
3. Өндіріс шығындарын бағалау.
Әр кәсіпорын алдын-ала ойластырған баға саясатын жүзеге асыру үшін шығындар құрылымын өндірістің жоспарланған көлемімен салыстырып, өнім бірлігіне қысқа мерзімді шығындарды есептеу керек.
4. Бәсекелестер тауар бағасы мен сапасын талдау.
Қалыптасқан сұраныстың жоғарғы деңгейі мен қалыптасқан шығындардың төменгі шегі арасындағы айырмашылық баға бекіту үшін диапазонды көрсетеді. Осы диапазонда фирма бәсеклестер тауар бағасы мен сапасын зерделейді. Кәсіпорынға өзінің бәсекелестерінің тауар бағасы мен сапасын білу өте қажет.
5. Баға қалыптастыру әдісін таңдау.
Сұраныс функциясын, шығындар құрылымын және де бәсекелестер бағасын талдаудан кейін, осы аталған шектеулерді максималды түрде ескеретін бағақалыптастыру әдісін таңдау керек. Бағаны әр түрлі амалдармен анықтауға болады, олардың әр қайсысы баға деңгейіне әр түрлі жағдайда ықпал етеді.
6. Бастапқы бағаны есептеу.
Таңдалған әдіс негізінде бағаның мүмкін деңгейі есептелінеді.
7. Қосымша факторларды есептеу.
Бағаның соңғы деңгейін анықтамас бұрын, фирма баға деңгейіне әсер ететін бірқатар қосымша факторларды ескеру қажет, баға саясатының мақсатының сақталуын бақылау, сатып алушылар, делдалдар, мемлекет тарапынан баға деңгейіне көзқарастарын ескеру.
8. Соңғы бағаны бекіту.
Бұл кезеңде бағаның соңғы деңгейі бекітіліп, сәйкесінше құжаттар рәсімделінеді.[8]
Маркетинг кешенін құрайтын бір тәсіл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Коммерциялық фирма әрекетнің түпкі нәтижесі бағаға байланысты болады. Бағаға тұтынушылар, тауар құны, сұраныс, ұсыныс зор әсерлерін тигізеді.
Бағаның атқаратын қызметтері оның ішкі мәнін сипаттайды. Бағаның атқаратын бес қызметі бар. Олар:
1. Есеп жүргізу қызметі белгілі қажеттілікті тауардың қанағаттандыруы қоғамға қанша шығын керек екендігін көрсетеді. Тауарды өндіру үшін қанша еңбек, шикізат, материалдар, басқа да өндіріс құрал-жабдықтары жұмсалғанын баға арқылы анықталады.
2.Ынталандыру қызметінің мәні әр түрлі тауарларды өндіруге және тұтынуға бағаның тигізетін әсерімен анықталады. Өндірушінің табысқа жету әрекеті баға арқылы ынталандырылады. Бағаның осы қызметі шығынды кемітіп, пайданы көбейту үшін ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, ресурстарды тиімді үнемдеуге, өнімнің сапасын жақсартуға ынтадандырады. Сапалы және жаңа тауар жоғары бағамен сатылса, пайда көбейеді.
3.Бөлу қызметін баға тауардың құнынан төмен немесе жоғары ауытқуы арқылы орындайды. Ұлттық табыс экономика салалары арасында, мемлекет аймақтары арасында, қорлану және тұтыну қорлары арасында, тұрғындардың әр түрлі әлеуметтік топтары арасында бөлінеді және қайта бөлінеді.
4.Сұраныс пен ұсынысты тепе-теңдік қызметінде тұтыну және өндіру, ұсыныс пен сұраныс араларындағы ара қатынасына баға күшті ықпал тигізеді. Баға сұраныс пен ұсыныстың сәйкестігін орнатуда икемді құрал болып табылады.
5.Өндірісті ұтымды орналастыру қызметінде баға механизмі арқылы экономиканың салалар арасындағы капиталдың құйылуы жүргізіледі
Баға саясаты дегеніміз - тауардың ақша саласын білдіретін экономикалық санат. Баға саясатының айқындығы оның мәнімен сипатталады. Экономикалық теориядағыдай баға құнның ақшалай мәнімен түсіндіріледі. Оның мөлшері қоғамның қажетті еңбек шығынымен анықталады. Өндірісте жасалған құн тауарды сатып алу, сату процесінде белгілі бір бағамен өткізіледі. Баға саясаты өте қозғалмалы, көптеген факторлардың әсеріне бейімделген. Олар: сұраным мен ұсыным, өндіріс шығындары, бәсекенің күші және т.б. Баға саясатының құрылуына қатысты көзқарасты қалыптастыру барысында тұтынушылар ортасының көңіл күйімен қоғамдық ақуалға мемлекеттік тауар саясатына нарықтағы бағаның жағдайына өте мән берген дұрыс. Бағаның құрылуы күрделі және көп факторлы процесс болып табылады.
Кәсіпорындарда белсенді және пассивті баға саясатын бөлінеді. Белсенді баға саясаты, өндірісте орташа шығындар деңгейін, өндіріс операцияларының мақсатты деңгейдегі табысын және неғұрлым пайдалы өткізу көлемін қамтамасыз ету мақсатында, тауарды өткізуді басқару саясаты шеңберінде баға белгілеу болып табылады. Белсенді баға саясаты, баға көмегімен нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып өндірістің тиімділігін арттырады. Ол бәсекелестердегі баға өзгерісіне икемді болады. Сондықтан, бағаның көмегімен, кәсіпорын бәсекелестердің нарықтағы белгілі бір үлесін жаулап алу негізінде, табыс мөлшерін ұлғайта алады. Пассивті баға саясатын ұстанған кәсіпорындар, нарықтағы үлесіне ұзақ мерзімде келіседі және баға деңгейін көшбасшы бағасына сай қалыптастырады. Пассивті баға белгілеу - бұл баға деңгейін дәлме - дәл шығынға негізделген әдістер негізінде әлде бәсекелестердің баға шешімі негізінде қалыптастыру.
Көптеген сөздіктерде баға - тауар өлшемінің ақшалай түріндегі құны деп түсіндіріледі. Баға - ақша сомасы.Осы үшін сатып алушы тауарларды сатып алуға, ал өндіруші сатуға дайын деген ұғымды білдіреді. Нарықтық қатынастар жағдайында бағаның ролі кез - келген коммерциялық ұйымдар үшін кенет артады. Мұндай жағдай көптеген себептерге себепші болады. Бағаның деңгейіне тәуелді болатындар:
1.Коммерциялық ұйымдардың пайда мөлшері
2.Ұйымдардың бәсеке жарамдылығы, оның өнімдері
3.Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығы
Баға өзінің макро - микро экономикалық мағынасында обьекті фактормен өндірістің белгілі бір шарттарымен нарықта тауарларды өткізу жағдайымен анықталады және мемлекеттің экономикалық саясатын белгілейді.Баға белгілеудің маңызды қызметі барлық шығаратын шығындарды жаба отырып пайда табу.
Баға нарық реттеушісі. Ол тауардың нақты түрлерін өндіруге мүмкіндік береді немесе тежейді, сұранысты шектейді немесе ұлғайтады. Осылайша белгілі бір өнімнің өндіруі немесе тұтынуына тікелей немесе жанама әсер етеді.
Өндірістің бәсекеге қабілеттілігі, сату көлемі, рентабельділік тағы басқа экономикалық көрсеткіштер бойынша дұрыс шешім қабылдауға байланысты. Өткізу бағасын белгілеу және өзгерту кәсіпорынның баға саясатын зерттей отырып жасайтын маркетингтік бөлімдердің маңызды міндеті.
Нарықтық экономикада тауарларда бағалар үнемі ауытқып отырады. Тауардың нақтылы түрлері және нақтылы кезеңдері үшін бағаны өзгерту бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен Қазақстан экономикасының жалпы дамуына және шаруашылық жүргізушінің әрбір субъектісінде баға ерекше роль атқарады. Осыдан барып баға құрылымы жөніндегі саясатының мәндері туындайды. Кәсіпорын шығаратын өнімнің бағасы оны анықтайтын пайдасының маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар тауарды ойдағыдай өткізудің жағдайына байланысты. Баға бұл жағдайда тәжірибелік құрал ретінде кәсіпорынға бірқатар артықышылықтар әкеледі. Олар
-біріншіден, сұранысты ынталандырудағы көптеген әдістерден өзгешелігі бағаны пайдалануда қосымша қаражаттарды қажет етпейді, жарнама шараларын жүргізуде орын алатын өндірісті дағдыландыру, жылжыту және тағы басқа қызметтерін атқарады.
-екіншіден, тұтынушылар белгілеген бағаны жарнама ретінде қарағанда оңай өнімді дараландыру сияқты өздеріне тауардың тартымдылығын табады.
-үшіншіден, соңында басқада ынталандыру әдісі атап айтқандай дербес сату және жарнаманы ұйымдастыру ең бастысы болып табылады. Баға оларды қолдауда ең қуатты құрал болып табылады.
Белгіленетін бағаның деңгейі сатып алушының артықшылығына оларды сол немесе басқа да өнімді сатудан алатын болжамды пайданы көрсетеді. Егер де баға тауарларға тым жоғары белгіленсе, онда мұндай тауарлар сатып алынбайды. Ал сатып алынған күнде ол аз мөлшерде өтеді. Тәжірибеде баға стратегиясының тұтас бөлігі болады.
Әуелі өндіріс шығындарынан әлдеқайда жоғары сатады, ал содан соң бағаны төмендетеді.Төменгі баға стратегиясы.Бұл сұранысты ынталандыру мақсатында жасалады. Өткізудің көп мөлшерінің нарықтағы тиімділігі және сұраныстың жоғары икемділігін сатып алушыларға бағаның төмендеуін қашан шұғыл сезінеді және сұраныста сол уақытта көбейеді. Кәсіпорын жаппай өндірудегі есебінен бағаның төмен деңгейін ұстап тұрады.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субъектінің баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Отандық кәсіпорынның көпшілігінде бағаның маркетингтік саясатымен маркетингтік бөлімдерінің менеджерлері айналысады. Кез-келген ашық акционерлік қоғамда баға саясатын марктингті басқару бөлімінің мамандары іске асырады. Бұл жалпы алғанда бағаның дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Көптеген кәсіпорында баға саясатымен экономика немесе басқа бөлімдерінің қызметкерлері айналысатындықтан тұтынушымен байланыс жасалмайды. Бұл баға бойынша әрқашан дұрыс шешім қабылдауға келе бермейді. Жоғары бағалар тауар өткізуді тежейді. Ал төмен бағалар бәсекелестердің назарын аудартады, сондықтан нарықтық жағдайды үнемі талдап отыру керек. Нарық жағдайында баға өзін құрастыратын факторларының тығыз байланысының нәтижесі болып табылады бұл фактор есепке алынбайынша бағалар деңгейін анықтау мүмкін емес. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар: өндіріс шығындары, көбіне мемлекеттің экономикалық жағдайын және орташа салалық өзіндік құнды бейнелейтін өндірістің қоғамдық шығындарына байланысты.

1.2 Баға саясатының мақсаттары, міндеттері
Баға саясатының негізгі келесі мақсаттары бар:
Фирманың әрі қарай өмір сүруі. Мұндай мақсат нарықтың өткір бәсекелестік жағдайында пайда болады, өндірушілер өте көп, ал кәсіпорынның тауары (қызметі) ешқандай айрықшылықпен сипатталмайды.
Пайда максимизациясы. Бұл мақсат келесі шарттарда қалыптасады:
-кәсіпорын бәсекелестерде жоқ, ерекше тауарларды ұсынады;
-тауарға сұраныс ұсыныстан жоғарғы деңгейде болады.
Өткізуді максималды түрде ұлғайту. Осы мақсатты ұстанушы фирмалар, шығынды төмендету есебіне пайданы ұлғайтуға тырысады.
Сападағы лидерлік. Фирма бұйымның сапалы сипаттамаларын максималды түрде жоғарлату жолымен бәсекелестерден алға шығуға ұмтылады. Тауар сапасының жоғарлауы оларға деген, бағаның көтерілуін білдіреді.
Жаңа нарықтарға шығу кәсіпорындарды тұтынушыларға қатты ықпал беретін бағаны қолдануға мәжбүр етеді, олар өз кезегінде тұтынушылар көңілін аударады және нарыққа енуге мүмкіншілік береді.
Инвестициядан қажеттіқайтарылымдыққа бағытталған бағаны бекіту.
Мұнда кәсіпорын инвестицияның қажетті қайтарымдылығын қамтамасыз ететін бағаны анықтауы қажет, мысалы инвестициядан 15%-ық қайтарымдылық. Бұл нәтиже егерде, сату көлемі мен шығындар алдын-ала күтілген деңгеймен сай болған жағдайда іске асады. Ал, бұл мәнді дәрежеде тауардың бекітілген бағасына сатып алушылардың байқататын әсеріне, көзқарасына тәуелді.
Нарықтық баға өндірушілердің және тұтынушылардың өз арасындағы бәсеке нәтижесінде қалыптасады. Бұған бәсекеден басқа да көптеген факторлар әсер етеді. Жалпы нарық бағасына нарыққа қатысушылардың бәрі де әр түрлі деңгейде тәуелді болады, әсіресе сұраныс пен ұсыныс нарықтық баға әсерінен қалыпты жағдайдан тез ауытқиды. Сондықтан да нарықтық бағаның құрылуын, қалыптасуын және оның ауытқу заңдылықтарын біліп отыру, әр кәсіпорынның табысты тұрақты алуына және өндіріс бағытын жетілдіруге негіз бола алады. Міне, әр салада, әр сферада және әр тауар түрі бойынша бағаның құрылуының маңызы мен маңыздылығы осында десек, артық айтқандық емес. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері өзі қатарлы ТМД мемлекеттері арасында экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени салаларында көш басшы атанып келеді. Бұл еліміздің қай саласын алып қарасақ та халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалынып жатқан игі істер мен экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар жасалынып жатқандығын көрсетеді.
Нарық кешенін құрайтын бір тәсіл бола тұра баға өте маңызды қызметтер атқарады. Сайып келгенде коммерциялық фирма әрекетінің түпкі нәтижесі көбінесе бағаға байланысты. Дұрыс таңдалып алынған баға стратегиясы тауардың бәсекелестік қабілетіне және кәсіпорынның өндіру-өткізу жұмысына ұзақ мерзім әсерін тигізеді. Бұған қоса тұтынушыларға (тауарды сатып алушыларға) тигізетін бағаның әсері де аса зор. Баға дегеніміз тауар құнының ақшалай белгісі. Ол еңбек өнімінің натуралдық-заттық нысанынан ақша нысанына көшуін және сатып алу-сату актілерінің негізінде оның бір иеден басқасына қозғалысын ортақтастыра отырып құндық бөліністің бастапқы категориясы ретінде керінеді. Ұлттық табыс бөлінгенге дейін және қайта бөлінгенге дейін тауар сатылуы тиіс. Баға өнім иесіне оны өткізуден түсетін ақшаның мөлшерін алдын ала анықтайды және одан әрі бөлінетін процестің алғашқы негізі болып саналады.
Баға құрудың негізгі міндеттері: өндіріс, тауарды өткізу, құнның қалыптасуы, жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың өндірілуі, оның бөлінуі және пайдаланылуы, баға түрлері, олардың негізгі принциптері мен есептеу жолдарын анықтау. Жалпы баға - күрделі экономикалық категория. Сондықтан да баға теориясын түсіну және оны нақты практикада іс жүзінде қолдана білу болашақ мамандар үшін аса қажет. Өйткені, Қазақстан Республикасы жағдайында бағаның құрылуының өзіндік ерекшеліктері бар. Атап айтсақ, бағаның құрылуы өндіріс және айналым шығындары негізінде және бағаның нарықтағы сұраным мен ұсынымның өзара әрекеті негізінде құрылуы, бағаның нарықтық қатынастардағы орны, баға құрылымының механизмі және оның өзіндік сипаты тұрғысындағы өзекті мәселелер бәсекелестік ортаға тікелей әсер етеді. Сондай-ақ экспорт және импорт тауарлары мен қызмет көрсету түрлерінің сыртқы сауда бағасы және ұлттық баға жүйесі, сыртқы сауда бағасының жіктелуі, экспорт және импорт тауарларының ішкі бағасы және оның қалыптасу тәсілдері мен принциптері, сонымен қатар экспорттық және импорттық қосымша, сараланған валюта коэффициенті, оның мәні және есептеу тәсілдері, Қазақстан Республикасына ТМД елдерінен әкелінген тауарлар бағасын есептеу әдістемесі де экономикадан өзіндік орын алады.
Нарық типтеріне байланысты сатушы баға қалыптастырғанда әр түрлі деңгейдегі еркіндікте болады. Экономистер нарықтың түрін бөліп көрсетеді және әрқайсысы баға қалыптастыру бойынша өз шарттарын ұсынады.
1.Таза бәсекелестік нарығы ұқсас тауар өнімінің, мысалға, бидайдың, мыстың, бағалы қағаздардың көптеген сатушыларынан және сатып алушыларынан құралады. Бірде -- бір жеке сатып алушы не сатушы нарықтағы күнделікті тауардың баға деңгейіне үлкен ықпалын тигізе алмайды. Сатушы нарық бағасынан жоғары баға да сұрамайды, себебі сатып алушылар қажетті тауар көлемін керегінше осы нарықтан ешқандай кедергісіз нарық бағасымен сатып ала алады. Сатушылар нарық бағасынан төмен баға да сұрамайды, өйткені барлық тауарын нарықтағы бағамен сата алады. Бұл нарықта маркетингтік зерттеу, тауарды дайындау, баға қалыптастыру, жарнама және өткізуді ынталандыру минималды болады, бірақ та мүлдем нөлге жеткізбейді.
2.Монополиялық бәсекелестік нарығы келісімді біркелкі нарықтық бағамен емес кең диапазонды бағалармен жасайтын сатып алушылармен, сатушылардан құралады. Баға диапазонының болуы сатушылардың, сатып алушыларға тауарлардың әр түрлі варианттарын ұсыну мүмкіншілігінде. Реальды бұйымдар бір-бірінен сапа, қасиеті, сырт безендіруі бойынша айырмашылықта болады. Айырмашылық тауарға қосымша атқарылатын қызметтерде де болуы мүмкін. Сатып алушылар ұсыныстардың айырмашылығын көретіндіктен әр түрлі тауарға әр түрлі баға төлеуге дайын. Бағадан басқа кейбір айырмашылықта болу үшін сатушылар әр түрлі тұтынушылар сегменттеріне түрлі ұсыныстар дайындауға тырысады және тауарларға маркалық атау беру тәжірибесін, жарнаманы және жеке сату әдістерін кеңінен пайдаланады.
3.Олигополистикалық нарық баға белгілеу саясатына және бір-бірінің маркетингілік стратегиясына өте сезімтал біршама сатушылардан құралады. Тауарлар бір-біріне ұқсас та (болат, алюминий), ұқсас емес те болуы мүмкін (автомобильдер, компьютерлер). Жаңа талапкерлердің нарыққа енуі өте қиын болғандықтан сатушылардың саны көп болмайтын. Әр сатушы бәсекелестің стратегиясына және қимылына дереу қарсы әрекет көрсетеді. Егер қайсы бір болат қорыту компаниясы өз бағасын 10 % төмендетсе, сатып алушылар дереу осы компанияға ауыса бастайды. Басқа болат өндірушілер бұл жағдайды ескеріп не бағаны төмендетуі, не атқаратын кызмет санын, не көлемін өсіруге тиіс. Олигополистер бағаны төмендету арқылы ұзақ уақытқа созылатын нәтижеге жететініне ылғи сенімде бола алмайды. Екінші жағынан олигополист бағаны жоғарылатса, оның бәсекелестері оған ермеуі мүмкін. Мұндай жағдайда ол бағаны не бұрынғы қалпына келтіруі керек, не өз клиенттерінің бәсекелестер жағына ауысуына дайын болуы керек.
Мемлекеттік монополия баға саясаты көмегімен әр түрлі мақсатты көздеуі мүмкін. Ол тауар сатып алушылар үшін өте маңызды болып, бірақ олар оны толық бағасына сатып ала алмайтын жағдайда, оның бағасын өзіндік құнынан төмен белгілеуі мүмкін. Баға тек шығындарды қайтару, не жақсы табыс табуды көздеуі мүмкін. Тұтынысты жалпы қысқарту мақсатында өте жоғары баға белгіленуі де мүмкін. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға нарық категориясы ретінде
Ақша инфляциясы
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Инфляцияның теориялық негіздері туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы инфляция жағдайы
Туристік индустрия кәсіпорындарында баға қалыптастыру саясаты
Қазақстанның Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының даму ерекшелігі, және оны талдау
Қазақстандағы инфляциялық процестерді басқару және болжау
ҚР инфляцияға қарсы мемлекеттік саясаты
Инфляцияның экономикалық - әлеуметтік салдарлары және антиинфляциялық саясат туралы
Пәндер