Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті туралы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрлігі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Агрономия кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті

Кіріспе

I. Егіншілік түсінігі
II. Егіншілік жүйесі
III. Егіншілік мәдениеті
IV. Егіншіліктің ғылыми негіздері
V. Пайдаланылған әдебиеттер

Егіншілік - 1) ауыл шаруашылық дақылдарынан тұрақты, сапалы, мол өнім алу үшін жерді өңдеп баптау тәсілдерінің жүйесі. Ежелгі арийлердің (біздің заманымыздан бұрынғы 2 - 1 мыңжылдықтар), сақтардың (біздің заманымыздан бұрынғы 9 - 2 ғасырлар), үйсін, қаңлы мемлекеттері тұрғындарының, ғұндардың, түркілердің мал шаруашылығымен бірге өзен аңғарларында, тау бөктерлерінде суармалы егіншілік - диқаншылықпен де айналысқаны белгілі. 20 ғасырдың басында Қазақстандағы егіс көлемі күрт көбейіп, 4,1 миллион гектарға жетті. Егістіктің басым көпшілігі (96%) дәнді дақыл болатын. Оның жартысынан көбі Ақмола, Торғай аймақтарында, қалғаны Қостанай, Ақтөбе, Жайық, Павлодар, Семей өңірінде егілді. Сырдария өзенінің төменгі жағында күріш, Жетісуда мақта егілді. Қазақстанда егін шаруашылығын одан әрі дамыту жолында, әсіресе, соғыс жылдары, одан кейін де көптеген жұмыстар атқарылды. Машина-трактор стансалары құрылып, егістікті күтіп-баптау жұмыстарын барынша механикаландыруға мүмкіншілік туды. Егістіктің 96,5%-ы тұқым сепкішпен себіліп, 97%-ы комбайнмен жиналды. Үш дақыл бойынша Қазақстанда өнімділіктің дүниежүзілік рекорды тіркелді. Шығанақ Берсиев басқарған звено тарының әр гектарынан (тәжірибелік телімде) 125 ц өнім алды. Ыбырай Жақаевтың звеносында күріш өнімділігі бір гектарынан 174 ц-ге жетті. Ольга Гонаженко звеносы қызылшаның бір гектарынан 1515 ц-ден өнім алды. 1954 ж. тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру басталды. Алғашқы бес - алты жыл ішінде-ақ республика бойынша 25 млн. гектар тың жер игерілді. Оның 17 млн. гектары еліміздің солтүстігінде (Қостанай, Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар) орналасқан. Егіншіліктің экстенсивті және интенсивті түрлері бар. Экстенсивті түрінде егіншіліктен өнім алу үшін қосымша қаражат көп жұмсалмайды. Жалпы түсімнің артуы, көбінесе, топырақ құнарлылығына және егін егетін жер көлемінің жаңадан кеңейтілуіне байланысты. Өндірістік күштердің және ғылымның дамуына байланысты егіншілік экстенсивті түрден интенсивті түрге ауысты. Егіншіліктің интенсивті түрінде пайдаланылып жүрген жерге қосымша еңбек, қаржы (механикаландыру, суландыру, тыңайту, агротехникалық шаралар жүйесін көтеру, т.б.) жұмсап, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімін арттырады. Қазақстанда егіншіліктің құрғақ, суармалы, тәлімі және таудағы түрлері қалыптасқан. Құрғақ егіншілік жауыны аз, желді, құрғақ далалы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде құрғақшылыққа төзімді дақылдар өсіріліп, топырақта ылғал сақтаудың агротехникалық шаралар жүйесі (қар тоқтату, топырақты аудармай жырту, егісті қысқа мерзімде себу, т.б.) қолданылады. Суармалы егіншілікте, көбінесе, мақта, қант қызылшасы, дәнді дақылдар, көп жылдық жемшөптер, күріш өсіріледі. Тәлімі егіншілікте астық, жемдік дақылдар өсіріліп, құрғақ егіншілікке тән агротехникалық шаралар қолданылады. Таудағы егіншілік тау баурайын, тау аралығындағы ойпаң жерлерді қамтиды. Мұндағы агротехникалық шаралар топырақты су эрозиясынан қорғау мақсатында жүргізіледі; 2) ауыл шаруашылық дақылдарын егіп-өсірудің және топырақ құнарлылығын жоғарылатудың жалпы тәсілдерін зерттейтін агрономия ғылымының саласы. Егіншілік ғылым ретінде топырақ құнарлығын арттыру, оны эрозиядан қорғау, топырақ пен өсімдіктің өзара әсерін, топыраққа механикалық, биологиялық және химиялық әдістермен әсер ете отырып жоғары әрі тұрақты өнім алу, егістікті зиянкестер мен арамшөптерден, қолайсыз жағдайлардан (құрғақшылық, аңызақ, үсік) қорғау мәселелерін зерттейді. Егіншілік агрономияның басқа салаларымен (агрохимия, агрофизика, селекция, т.б.) тығыз байланысты.
Егіншілік жүйесі - жерді дұрыс пайдалануға, топырақ құнарлылығын қалпына келтіріп, одан әрі арттыруға, сақтауға, егілетін дақылдардан тұрақты мол өнім алуға бағытталған өзара байланысты агротех. мелиоративтік және ұйымдастырушылық шараларының жиынтығы. Егіншілік жүйесіне жер жағдайына, ауа райының ерекшеліктерін еске ала отырып, ауыспалы егіс жүйесін қолдану, дақылды жақсы жерге егу және сапалы тұқым себу, жерді органик., минералдық тыңайтқыштарментыңайту, суғармалы жерге егілген дақылдарды дер кезінде қандыра суғару, қол еңбегін көп қажет ететін жұмыстарды механикаландыру, арамшөппен, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен күресу, т.б. жатады. Ғылым негізде дұрыс құрылған ауыспалы егіс жүйесі жердің құнарлылығын арттыра түседі, барлық дақылдардың өнімділігін көтеріп, оның сапасын жақсартумен қатар, ауыл шаруашылыгы машиналарын, техникалык, материалдық ресурстарды, қарқынды технологияны тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Дақылдардың құрамына, олардың үлес салмағына қарай ауыспалы егіс жүйесі әр түрлі аталады. Республиканың топырақ-климат жағдайына байланысты Қазақстанда аймақтық Егіншілік жүйесі енгізілуде. Белгілі бір аймақтың ерекшеліктеріне қарай осы жүйенің өзі топырақ қорғау жүйесі, суғармалы жүйе және тау жүйесі, т.б. болып бөлінеді. Топырақ қорғау жүйесі Қазақстанның солтүстік, батыс және орталық аудандарындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жыртылады, оған көбіне жаздық дақылдар егіледі. Суғармалы жүйе республиканың оңт.-шығысындағы егіс танаптарына енгізілген. Мұнда арнайы ауыспалы егіс игерілген, көкөніс, бақша және мал азықтық дақылдар алмастырылып отырылады. Тау Егіншілік жүйесін Алматы облысының шаруашылықтары пайдаланады. Мұнда дәнді дақылдардан кейін пар жырту ауыспалы егістігі игерілген. Дәнді дақылдар мен мал азықтық дақылдар егіледі.
Егіншілік мәдениеті - Отырар аймағындағы ежелден қалыптасқан егіншілік-шаруа-шылық саласы. Ақышев басқарған археологиялық экспедициялар жүргізген зерттеулер жерді қолдан суару әдісі Сырдарияның жағасында ерте темір дәуірінде-ақ қолданғанын аңғартады. К.Байпақов, В.Грошев сияқты ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда, суармалы егіншілік Отырар алқабында ерте кезден-ақ (1 -- 6 ғ-лар) дамыған. Ғалымдардың айтуынша, Отырар қаласына таяу жердегі Арыс өзенінің Сырдарияға құяр түсында егіншіліктің тарихын бейнелейтін су жүйелері бар. Бұлар кейіннен магистральды каналдар жүргізуге негіз болған.
7 -- 9 ғ-ларда қала мәдениетінің өрістеуіне байланысты және Қазақстанның оңтүстігінде қалыптаса бастаған алғашкы феодалдық мемлекеттердің мүддесіне сай, егінді ызаға егу өдісі бірте-бірте тоғандап байлап, керегінде ағызып ала беруге болатын тасқын суды пайдалану өдісіне ауыса бастайды. Арыс өзені тарамдарының негізінде алғашқы магистральды каналдар қазыла бастаған. Мұнын өзі Отырар алқабындағы елдің кәсібінде егіншілік рөлінің артуьша ықпал еткен ( Ежелгі суармалы жер; Ежелгі суару орындары; Екінші реттегі жер суландыру каналы). Бұрынғы кішігірім арықтар бір-бірімен жалғасып, енді су тікелей Арыс ө-нен ұзындығы 30 -- 40 км магистральды каналдар арқылы алынып, оның өң бойына шығырлар орнатылатын болған. Оның өгіз немесе түйе шығыр және су шығыры деген екі түрі болған. Алдыңғы түрі ағысы жай өзендер мен каналдарда, көлдерде пайдаланылған.
Су шығыры тікелей ағын судың өзіне орнатылған. Түйе шығыр диам. 1,5 м келетін жетекші тісті дөңгелектен -- үстіңгі тоғыннан, диам. 1 м келетін жетекші тісті дөңгелектен -- астыңғы тоғыннан жоне диаметірі 5 м келетін су көтеру немесе су төгу дөңгелектерінен -- тоғыннан тұрады. Тоғын жоне астыңғы тоғын ұзындығы 4,5 -- 5 м келетін бөрененің екі басына бекітіліп қойылады. Бұл айналыс қызметін атқарды. Тоғынға кемінде 10 -- 12 шығыр орнатылған. Мұндай шығырлар Балтакөл, Ақтөбе, Шөуілдір ауылдарының территорияларынан, ескі кал тоғындарының жиегі мен канал-арықтардың бойынан табыл-ған. Олар қазір Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің қорында сақгаулы. Қазіргі Шәуілдір ауылының оңтүстік-шығыс жағындағы ұзындығы 40 км, сек. 5 -- V су жіберетін Темірарық осы кезенде қазылса керек. Қазақ хандығының қалыптасу тарихында аса маңызды рөл атқарған Отырардағы суландыру жүйелері 18 ғ-дың басында жойьша бастаған. мұның себебі, біріншіден, Жоңғар шапқыншылығы мен Орта Азия билеп-төстеушілерінің Сыр бойы үшін толастамаған шабуылдарының зардабы, екіншіден, өзара феодаддық қырғи-кабақ соғыс өсері. Сайып келгенде, Отырар алқабындағы Егіншілік мәдениеті көнеден келе жатқан Саңғыл-арық, Темірарық, т.б. магистральды каналдарға негізделген. Мұндагы қала мәдениеті дала өркениетімен ұштасқан.
ЕГІНШІЛІКТІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ
Өсімдік тіршілігінің факторлары және егіншілік заңдары
Ауылшаруашылық дақылдарының - өсімдік тіршілігі факторларымен қамтамасыз етілуі - жоғары өнім алудың кепілі. Өсімдіктердің осы факторларға қоятын талаптары.
Өсімдік тіршілігінің ғарыштық және жер бетіндегі факторлары. Өсімдік тіршілігі факторларын оптималдау. Топырақ құнарлылығын арттырудың және оны егіншілкте қолданудың теориялық негізі.
Егіншілік заңдары: өсімдік тіршілік факторларының физиологиялық жағынан тепе-теңдігі және бір-бірімен алмастыруға болмайтындығы, минимум, оптимум, максимум, өсімдік тіршілігі факторларының бір мезгілде және бірлесіп әрекет ету, қайтарым заңдары. Оларды Қазақстанның аймақтары бойынша жоғары және сапалы өнім алу үшін пайдалану.
Топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру жолдары
Топырақ құнарлылығы мен оны құнарландыру - мол өнімнің негізі көзі. Топырақ құнарлылығының түрлері. Құнарлылықты ұлғаймалы ұдайы және қарапайым ұдайы жоғарылату.
Топырақ құнарлылығының биологиялық факторлары. Топырақтың органикалық заттары, топырақ биотасы, фитосанитарлық жағдайы. Топырақты құнарландырудағы мәдени өсімдіктер мен ауыспалы егістердің, тыңайтқыштардың атқаратын рөлі.
Топырақ құнарлылығының агрофизикалық көрсеткіштері. Топырақтың - гранулометриялық құрамы, құрылымы, құрылысы, тығыздығы, қуыстылығы. Олардың өсімдіктер тобы мен топырақ түрлері үшін қолайлы көрсеткіштері. Топырақтың гумустық қабатының қалыңдығы және оның маңызы туралы агрономиялық түсініктер. Егіншілікте агрономиялық жағынан бағалы топырақ құрылымының пайда болуы. Топырақ құрылымының оның агрофизикалық қасиеттерімен байланысы, оны жақсарту жолдары.
Топырақ құнарлылығының агрохимиялық көрсеткіштері. Топырақтағы қоректік заттардың құрамы мен мөлшері. Олардың топырақтың гранулометриялық құрамына, қарашіріндісіне, орта реакциясына, ылғалдылығына және басқа жағдайларға байланыстылығы.
Топырақ режимдері және оларды оңтайландыру жолдары
Топырақ режимдері және оларды егіншілікте оңтайландыру. Топырақтағы су түрлері, өсімдіктерге сіңімділігі. Өндіріс жағдайындағы судың ысырап болу жолдары. Топырақтың су теңгерімі. Суды пайдаланудың жиынтық мөлшері және коэффициенті. Суарудың топырақта жүретін процестерге және микроклиматқа әсері. Суармалы егіншіліктегі топырақтың ылғалдық режимінің ерекшеліктері. Топырақтың ылғал режімін реттеу жолдары.
Топырақтың ауа режимі және оны реттеу. Топырақ пен атмосфера арасындағы газ алмасудың агротехникалық маңызы. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Егіншілік түсінігі, жүйесі, мәдениеті
XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер
Орталық Азия халықтарының өзара байланыстары және түркі жеріндегі Ислам дініне дейінгі діндер
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы
Сақтар жайлы
Ертедегі көшпенділер өркениеті
Көшпелілер өркениетін зерттеу мәселелері
Сақтардың пайда болуы
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Мәдениет құрылымы
Пәндер