Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA.

Кіріспе

Энтомология (грек. entomа - жәндіктер және logos - ілім) - жәндіктерді зерттейтін ғылым, зоологияның бір саласы.

Энтомология жер бетінде, топырақ арасында, суда, ауада таралған жәндіктердің тіршілігін зерттейді. Жәндіктерді ғыл. түрде зерттеу 17 ғ-да басталды. Энтомологияның негізін салушылар италян биологы М. Мальпиги (1628 - 94), голланд натуралисі Я. Сваммердам (1637 - 80) және француз табиғат зерттеушісі Р. Реомюр (1683 - 1757) болды. 18 ғ-дың бас кезінде француз энтомологы Ж. Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында жәндіктерді салыстырмалы анатомия тұрғысынан зерттеу жақсы дамыды. 18 ғ-дың 2-жартысында орыс ғалымы П. С. Паллас Энтомологияға көп еңбек сіңірді. 19 ғ-дың ортасында Энтомология зоологияның жеке саласы болып шықты. Қазіргі кезде Энтомологиялық зерттеулер негізінен екі бағытта жүргізіледі. Жалпы Энтомология жәндіктердің құрылысы мен тіршілігін, олардың жекелей дамуы мен эволюциясын; ал қолданбалы Энтомология (а. ш., орман, мед., мал дәрігерлік болып бөлінеді) а. ш. дақылдары мен өнімдерінің, орман ағаштарының зиянкестерін, паразиттерді, қансорғыштарды, ауру тарататын жәндіктерді зерттейді. Бұдан басқа Энтомологияның ішінде колеоптерология (қаттықанаттыларды зерттейді), лепидоптерология (қабыршаққанаттыларды), мирмекология (құмырсқаларды), т. б. салалары бар. Қазақстан жәндіктерін алғаш 19 ғ-да П. П. Семенов-Тянь-Шаньский, Н. А. Северцов, А. П. Федченко, А. П. Семенов-Тянь-Шаньский, В. Ф. Ошанин экспедициялары зерттеді. Энтомология саласындағы жүйелі зерттеулер КСРОҒА-ның Қазақстандық базасының Зоология секторында 1932 ж. басталып, осы күні Зоология ин-тында жалғастырылуда. Республиканың әр өңіріне тән жәндіктер фаунасы жөніндегі мағлұматтар “Қазақстан соналары”, “Қазақстанның қан сорғыш масалары”, “Қазақстан цикадалары”, “Қазақстан ағашжегі қо-ңыздары”, “Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия қазғыш аралары”, “Жетісу шөліндегі құмырсқалар”, “Қазақстанның қансорғыш шыбындары”, “Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары”, “Қазақстан мен Орта Азия жайпақ мұртты қоңыздары”, т. б. ғыл. еңбектерде басылды. Қазақстан жәндіктерінің жүйеленімі, фаунасы, экологиясы, географиясы үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады. Қазақстанда Энтомология ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ғалымдар: акад. И. Г. Галузо, Т. Н. Досжанов, ғыл. докторлары Б. Шайкенов, И. Д. Митяев, В. Л. Казенас, Д. Жатқанбаева, т. б.

Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera), тобының жіктелуі мен морфо-биологиялық ерекшеліктері.

Қабыршаққанатылар немесе көбелектер тобы - LEPIDOTERA.

Өте ұсақ күйе көбелектерден бастап едәуір ірі көбелекке дейін үлкендігі алуан түрлі. Қанат өрісі 3 - 8 мм шамасынан 200 - 300 мм шамасына дейін жетеді, үстін ұнтақ қабыршықтар басқан, біртекті 2 жұп қанаты бар бөжектер. Ауыз аппараты сорғыш спираль түрінде иілген ұзын тұмсықтан тұрады. Кейде тұмсығы шала дамыған немесе мүлде болмайды. Көбелектің дәрнәсілдерін жұлдызқұрт деп атайды. Олардың жақсы дамыған кеуде аяқтарынан басқа құрсағында 2-5 жұп аяқтары болады. Қуыршақтары көбінесе жабық және жабылған(піллә) болып келеді.

Картинки по запросу внешнее строение бабочки

Картинки по запросу строение крыла бабочки

Қабыршақ қанаттылардың қанатының құрылысы

Көбелектер отряды түрлерінің саны жағынан қоңыздардан кейінгі, екінші орында, жер бетінде - 150 мыңнан аса түрлері бар, соның ішінде 3 мыңнан астамы біздің елде кездеседі. Көпшілік көбелектердің жұлдызқұрттары фитофагтар(өсімдік қоректі), олардың ішінде көптеген түрлері ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің аса қауіпті зиянкестері, кейбіреулері теріден және жүннен жасалған бұйымдарды жеп бүлдіреді, басқалары ара ұясына зақым келтіреді. Тамақ өнеркәсібіне де зиянын тигізеді. Бұлардан басқа көбелектердің бірнеше түрлерінің жұлдызқұрттары пайдалы - табиғи жібек береді. Қабыршақ қанаттылар мына төменгідей 3 отряд тармағына бөлінеді: жақты көбелектер, тең қанаттылар немесе жоғарғы сатылы сорғыш көбелектер, әр түрлі қанаттылар, немесе жоғары сатылы сорғыш көбелектер.

Жақты және тең қанатты көбелектер топ тармағы - Laciniata. Бұл отряд тармаққа күйе көбелектері тұқымдасының (Micropterygidae) өкілдері жатады. Олар кеміргіш ауыз аппаратарының белгілерін сақтап қалған. Жұлдызқұрттары мүк және қына өсімдіктерімен қоректенеді, шаруашылық маңызы жоқ.

Тең қанатты көбелектер топ тармағы - Jugata. Тең қанатты көбелектер де көне заманнан келе жатқан түрлер. Бұл топқа жұқа тоқығыш көбелектер туыстастарының өкілдері жатады. Оның жұлдызқұрттары көп қоректі, топырақ арасында тіршілік етіп, құлмақтың, сәбіздің, қымыздықтың және басқа өсімдіктердің тамырын зақымдайды.

Әр түрлі қанатты ұсақ көбелектер топ тармағы - Frenata . Көбелектердің 70 шамасындай түрлерін біріктіретін негізгі топ тармағы. Ауыз аппараты нағыз сорғыш типіне жатады. Алдыңғы қанаттары артқыларынан үлкендеу. Отряд тармағы түрлі қанатты ұсақ және түрлі қанатты ірі көбелектер болып 2 тармаққа бөлінеді.

Бірінші топтың құрамына қанаттарының өрісі 20-25 мм аспайтын ұсақ көбелектер кіреді. Жұлдызқұрттары көбінесе жасырын тіршілік етеді. Бұл топқа қаракүйе көбелектерінің бірнеше туыстасы, ала көбелек пен бұрғы көбелек тұқымдастары және тағы басқалары жатады. өсімдік зиянкестері әсіресе жапырақ ширатқыштар мен қаракүйе және қан көбелегі туыстастарында кездеседі.

Жапырақ ширатқыштар туыстасы - Tortricidae . Қысқа шашақты қанаттарының өрісі 14-25мм шағын көбелектер. Мұртшалары жіп, қылшық, кейде тарақ тәрізді, алдыңғы қанаттарынан қысқа болады. Тұмсығы жақсы жетілген. Жұлдызқұрттары ұсақ.

Жұлдызқұрттары жылдам келеді, сыртқы әсерден шошынғадары тез қимылдап, ирелеңдейді де, өрмек жібінің көмегімен төмен қарай салбырап түсе бастайды. Көбелектер ымырт кезінде ұшады. Олар жұмыртқаларын өсімдіктің әр түрлі мүшелеріне бір-бірлеп немесе тоқтап салады да, үстін қосалқы бездерінен бөлінетін сұйықтықтан пайда болатын қалқаншамен бүркейді. Бұл тұқымдастың құрамына 5000-нан астма түр кіреді, соның ішінде бір жүздей түрлері біздің елде кездеседі. Өте қауіпті зиянкестер қатарына алма жегірі (Laspeyresia pomenella L. ), раушан жапырақ ширатқышы (Cacoecla rosona L. ) және басқа көптеген түрлер жатады.

Картинки по запросу Laspeyresia pomonella L

Алма жегірі (Laspeyresia pomenella L. )

Аққіс тәрізділер туыстасы - Yyponomeutidae . Алдыңғы қанаттары ұзын, ал артқы қанаттары дөңгелектеніп келген ұсақ көбелектер. Қанаттарының шетінде ұзын шашақтар болады. Жұлдыз құрттарының басы, алдыңғы кеудесінің қалқаны және денесіндегі қылшықтары қара немесе қарақоңыр түсті болады.

Похожее изображение

Алма күйесі (Yyponomeuta malinellus Zell. )

Ұрғашы көбелектер жұмыртқаларының «черепица» тәрізді етіп 20-30 данадан бұтақтың қабығына салады да үстін қалқаншамен жабады. Жұлдызқұрттары көбінесе ағаштар мен бұталарда колония құрып тіршілік етеді. Кейбір түрлері жемістің ішіне еніп, сонда тіршілік етеді. Осы туыстасқа жататын түрлерінің бірқатары мысалы алма күйесі (Yyponomeuta malinellus Zell. ), жеміс күйесі (Y. padella L. ) жеміс ағаштары мен өсімдіктердің басты зиянкестері болып саналады.

Қан көбелектер туыстасы - Pуralididae. Аяқтары біршама ұзын немесе орташа, қанаттарының өрісі 11-50 мм көбелектер. Алдыңғы қанаттары үшбұрышты енсіз, артқы қанаттарының қысқа шашақтары бар, алдыңғыларына қарағанда енді келеді. Жұлдызқұрттарының қылшықтары қоңыр немесе ақшыл -қоңыр түсті болады.

Картинки по запросу Ostrinia nubilalis Hв

сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hв. )

Көпшілік түрлерінің жұлдызқұрттары өсімдіктерімен, кейбіреулерінікі қоймадағы өсімдік текті азық-түлікпен қоректенеді. Аздаған түрлерінің жұлдызқұрттары судағы өсімдіктерде дамиды да трахея желбезектерімен тыныстанады. Аса қауіпті зиянкестерге жататындар: сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hв. ), (Pyrausta sticticalis L. ) т. б.

Әр түрлі қанатты ірі көбелектер тобы - MACROFRENATA .

Қанаттарының өрісі 30 мм асатын ірі немесе орта денелі көбелектер. Артқы қанаттары шашақсыз. Жұлдызқұрттары жер бетінде өсімдіктің әр түрлі мүшелерінде тіршілік етеді.

Көбелектердің бұл тобы шоқпар тәрізді және әртүрлі мұртшалы көбелектер болып 2 топ тармағына бөлінеді. Зиянкес көбелектердің көпшілігі әр түрлі мұртшалардың 10-нан астам туыстасына жатады. Ал шоқпар мұртшалы көбелектердің ішінде ауыл шаруашылығы дақылдарына көбінесе ақ көбелектер тұқымдасының өкілдері зиян келтіреді.

Ақ көбелектер туыстасы - Pieridae . Мұртшалары шоқпар тәрізді, тек күндіз ғана ұшады. Қанаттарында көбінесе әр түрлі суреттер, таңбалар және дақтар бар, ақ, сары, және сарғыш қызыл түсті көбелектер. Жұлдызқұрттарының үстін біркелкі қысқы қылшықтар басқан, денелерінің ұзындығы 40-70 мм. Қуыршақтары қара-қоңыр дақтары бар сұрғылт немесе ашық түсті болады. Әртүрлі өсімдік сабқтарында т. б. денелерге қуыршақтарын жібек тәрізді белдікпен орап жабысырып қояды.

Картинки по запросу Aporia crataegi L.

долана көбелегі (Aporia crataegi L. )

Ақ көбелектер туыстасының құрамында 100-шақты түрлер бар, біздің елде 70 түрі кездеседі. Солардың ішінде кең тараған зиянды түрлері долана көбелегі (Aporia crataegi L. ) қырыққабат ақ көбелегі (Pieris brassica L. ) және басқалары.

Піллә иіргіштер туыстасы - Lasiocampidae . Үстін қалың түк басқан жуан денелі көбелектер. Мұртшалары еркектерінде қауырсын тәрізді, ұрғашыларында тарақ тәрізді. Көбелек (имаго) сатысында қоректенбейді, тұмсығы дамыған. Жұлдызқұрттары да ірі болады (ұзындығы 60-120 мм), денесін ұзынды-қысқалы түктер басқан. Қуыршақтарының үстін қысқа түктер басқан.

Картинки по запросу Dendrolimus pini L

қарағай көбелегі (Dendrolimus pini L. )

Көбелектің еркектері күндіз жақсы ұшады, ал ұрғашылары ұшпайды немесе өте нашар ұшады. Жұмыртқаларын ағаштың бұтағына, қылқан жапырағына, не шөп тектес өсімдіктердің сабағына салады.

Бұл тұқымдастың құрамына қарағай көбелегі (Dendrolimus pini L. ), сібір көбелегі (D. sibiricus Tschtv. ) сияқты орман ағаштарын зақымдайтын түрлер жатады.

Қарыстаушылар туыстасы - Geometridae . Сымбат денелі, шамасы орташа немесе ұсақ көбелектер. Қонып отырған көбелектің қанаты арқасында жайылып, кейде үшбұрыштана жиналып жатады немесе жоғары көтеріліп тұрады. Кейбір түрлерінің ұрғашыларында қанат болмайды немесе олар зорға көрінеді. Мұртшалары жіп тәрізді, еркектерінде қауырсын тәрізділері де жиі кездеседі. Жұлдызқұрт қозғалып жүрген кезде денесі жоғары көтеріліп доғаша иіледі, сонда оның артқы бөлімі жиырлып алға қарай жылжиды.

Қарыс көбелектердің құрамында 15 мыңдай түрлері бар ең ірі тұқымдастарының бірі. Біздің елде 200 ден аса түрлері кездеседі. Көпшілік түрлерінің жұлдызқұрттары ағаш және бұта өсімдіктерінің жапырақтарымен (аздаған түрлері ғана шөп тектес өсімдіктермен) қоректенеді. Аса қауіпті зиянкестердің қатарына қарағай қарыс көбелегі (Bupalus piniarius L. ) және басқалары жатады.

Похожее изображение

қарағай қарыс көбелегі (Bupalus piniarius L. )

Бұйралар туыстасы - Orgyidae. Жалпақ денесін түгелдей түк басқан ірі және орташа келген жуан денелі көбелектер. Артқы қанаттары ақшылдау және оларда бірде бір суреттер, таңбалар және дақтар болмайды. Кейбір түрлерінің ұрғашыларының қанаттары нашар дамыған немесе мүлде болмайды.

Картинки по запросу Ocneria dispar L

жұпсыз көбелек (Ocneria dispar L. )

Тұмсығы жетілмеген. Жұлдызқұрттарының денесінің жотасында жұлдыз тәрізді орналасқан қылшықты сүйелдер бар. Сүйелдер әдетте қызыл, жасыл, көк түске боялған. Қуыршақтары қоңыр немесе қара қоңыр, кейде үстін түк басқан. Ұрғашы көбелектер жұмыртқаларын әдетте ағаш қабығына немесе жапырағына топтап салады да, үстін түктермен немесе қабыршақтармен бүркейді. Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар алғашында бір жерде шоғырланып тұрады, одан соң ағаштың бойымен өрмелеп тарала бастайды. Егер адамның денесіне жанасатын болса, онда олар теріні жарақаттап тітіркендіреді, тіпті тері ауруларына ұшыратуы мүмкін.

Бұйра көбелек тұқымдасының құрамында жұпсыз көбелек (Ocneria dispar L. ) сияқты ағаш және бұта өсімдіктерінің қауіпті зиянкестері көп кездеседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қабыршақ қанаттылардың қанатының құрылысы
Күздік көбелектердің құрылысы
Жалпы энтомология пәні
Бөжектердің сыртқы құрылысы
Бунақденелілердің сыртқы құрылысы
Күнбағыстың түрлері
Қабыршақ қанаттылар немесе көбелектер отряды
Қабыршақ қанаттылар отряды саналуандылығы және Қазақстанда кездесетін түрлері
Зиянды жәндіктер (зиянкестер)
Шарын МҰТП жерінің экспликациясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz