Бактериялар және актиномициттер туғызатын ауыл шаруашылық дақылдарының ауруы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Реферат
Тақырыбы: Бактериялар және актиномициттер туғызатын ауыл шаруашылық дақылдарының ауруы

КІРІСПЕ
Фитопатология (грекше phyton - өсімдік, pathos - ауру, logos - оқыту) - өсімдік ауруы туралы ғылым, оның негізгі міндеті - фитопатогенді организмдерден ауыл шаруашылығы дақылдарының шегетін зардабын бәсеңдету жолын іздестіру. Ол ауру өсімдікті, аурудың туу себептерін және оның дамуына қоршаған орта жағдайының әсерін зерттейді.
Фитопатология бірнеше пәнге бөлінеді: жалпы фитопатология, ауылшаруашылық фитопатологиясы, орман фитопатологиясы, өсімдік иммунитеті, аурудың дамуын болжау.
Фитопатология пәнінің мақсаты - өсімдік пен патоген арасындағы қатынасты химиялық, молекулалық, генетикалық деңгейде зерттеп, өсімдік ауруларының пайда болып, таралуын алдын ала болжау, ауруға төзімді сорттар шығару, химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да әдістерді қолданып, аурулардың алдын алып, олардан келетін шығынды мейлінше төмендету.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің қарқындауына байланысты өсімдікті аурулардан тұрақты қорғау, ауыл шаруашылығы дақылдарынан жоғары да сапалы өнім алумен қамтамасыз етудің негізгі бір қажетті элементі болып табылады.
Бактериялар мен актиномицеттер - инфекциялық ауруларға жататын фитопатогенді микроорганизмдер. Бактериялар, актиномицеттер, микоплазма организмдері жалпы қасиеттері бойынша прокариот тобына топтастырылған. Оларда ядроның орнында нуклеопротеидтер болады. Прокариоттар клетка қабығының құрылысы бойынша нағыз ядролы эукариоттардан айырмашылығы бар. Өсімдік пен саңырауқұлақтың клетка қабығының құрамында болатын хитин мен целлюлоза прокариоттарда болмайды. Соңғылардың клетка қабығын гликопептидтер, муренндер және амин қышқылдары құрып, клеткаға пішін береді.

Бактериялар өсімдік ауруының қоздырғыштары
Табиғатта 1600 жуық бактерия түрлері бар. Олардың көптеген түрлері қалдықтарды шірітіп, ыдыратып пайда келтіреді. Кейбіреулері адамдар (тиф, туберкулез т.б.) мен жануарлардың (бруцеллез, туберкулез т.б.), басқалары өсімдік ауруларын қоздырады. Бактерия әсерінен туатын ауруды бактериоз дейді.
Өсімдіктердің 200-ден аса бактериоздары белгілі. Фитопатогенді бактериялар өсімдікті егістікте және қоймада залалдап, ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіреді. Мысалы, қара мойнақ, сақиналы шірік ауруларынан қоймада картоп түйнегінің 40-50 шіріп жойылады. Бактериялардың көкөніс, жеміс-жидек, техникалық дақылдарға зияндылығы жоғары. Сондай-ақ бактериялар орман ағаштарын да жиі залалдайды.
Фитопатогенді бактериялар басқа бактериялар сияқты бір клеткалы прокариот организмдер. Олардың нағыз ядросы болмайды.
Бактериялы клетканың ұзындығы - 1-3 мкм, ал көлденеңі - 0,3-0,6 мкм. Фитопатогенді бактериялардың --көпшілігі қысқа таяқша пішіді болып келеді.
Бактериялардың көбеюі қарапайым, яғни аналық клетканың екіге бөлінуі арқылы өтеді. Қолайлы жағдайда бактерия әр 20 минут сайын бөлініп, жаңа бактерия клеткалары түзіледі.
Фитопатогенді бактеиялардың қозғалмайтын және қозғалмалы түрлері болады. Көпшілі қозғалмалы болып келеді. Қозғалыс бактерия үстінде орналасқан талшықтары (өскіндері) арқылы іске асырылады. Талшықтарының орналасуына байланысты бактерияларды үш топқа бөледі: монотрихтар - талшық бактерия клеткасының бір ұшында; лофотрихтар - талшықтары бактерияның қарама-қарсы ұшында жеке немесе топтасып орналасқан; перитрихтар - талшықтар бактерия клеткасының бетін түгел қамтып орналасқан.

а - монотрихтар; б - лофотрихтар; в - перитрихтар;
Кейбір фитопатогенді бактериялар өсімдіктің заладанған бөлігінде шырыш (экссудат) түзеді. Оның түзілу себебі, кейбір фитопатогенді бактериялар клеткасының сыртында шырыштанған (капсула) қабат пайда болады. Ол қабат бактерияны шашыраңқы және тік түскен күн сәулесінің әсерінен сақтайды.
Бактериялар өздерінің белгілері және ДНҚ-ның морфологиялық-биологиялық ерекшеліктері бойынша жіктеледі (гомология).
М.В. Горленко бойынша (1966) бактериялар 4-5 қатарға бөлінеді. Олардың ішінде маңыздысы (ауыл шаруашылығында) Eubacteriales қатары. Бұл қатардағы бактериялардың пішіні шар, бұралған (спираль), таяқша тәрізді болып, бірнеше тұқымдасқа бөлінеді.
1. Микобактериялар - Mycobacteriaceae - қозғалмайтын, талшығы жоқ (Corynebacterium. Aplanobacterium туыстары).
2. Псевдомонадий - Pseudomonadiaceae - талшықтары қарама-қарсы орналасқан (Pseudomonas, Xanthomonas туыстары).
3. Түйнекті - Rhyzobiaceae - таяқша тәрізді, талшықты перитрихиалды орналасқан (Rhyzobium, Agrobacterium туыстары).
4. Кәдімгі бактериялар - Bacteriaceae - спора түзбейтін, талшықтары перитрихиалды орналасқан (Erwinia, Pectobacterium, Chromobacterium туыстары).
5. Бацилла - Bacillaceae - спора түзетін, жылжымалы, таяқша тәрізді (Bacillus, Clostridium туыстары).
Фитопатогенді бактериялардың көпшілігі спора түзбейді. Спора түзетін бактериядан Baccillus mesentericus белгілі. Ол асқабақ, өрік, картоп, жүгері және басқа дақылдардың шірік ауруын туғызады.
Басқа бактериялар сияқты фитопатогенді бактериялар трифенилметан (үш фенилметан) қатарындағы бояуыштармен әртүрлі қатынаста болады. Бұл әдіс бактерияларды Грам бойынша бояу деп аталады. (Грам ғалым, бактериолог). Фитопатогенді бактериялардың көпшілігі Грам бойынша боялмайды - оларды грам теріс (-) деп атайды.
Бактериоз қоздырғыштарының Грам + боййынша боялатын 30 түрлері белгілі - оларды грам оң + бактериялар дейді. Бұл топқа көбінесе Clavibacter туысының бактериялары жатады.
Фитопатогенді бактериялардың көпшілігі спора түзбейді. Спора түзетін бактериядан Baccillus mesentericus белгілі. Ол асқабақ, өрік, картоп, жүгері және басқа да дақылдардың шірік ауруын туғызады.
Бактериоздардың сыртқы белгісі әртүрлі
oo Өсімдіктің паренхималық ұлпасының заладануы - дақтар;
oo Өсімдік түктерінің залалдануы (трахеобактериоз) - солу;
oo Ісіктердің түзілуі;
oo Аралас белгілер.

Фитопатогенді бактериялардың жиі таралған түрлері

Бактериоз ауруларында өсімдік жүйелі немесе жергілікті заладанады. Аурудың жалпы түрінде түтік жүйесі залалданған өсімдік солып, кейін оның тіршілігі жойылады. Ал жергілікті заладануда өсімдіктің жеке бөлігі немесе мүшесі ауруға шалдығады.
Өсімдіктің паренхималық бөлігі заладанғанда шіріктер немесе түрлі некрозды дақтар түзіледі. Тамыржемістер, түйнектер, тамырлар заладанғанда шіріктер (көбінесе суы шіріктер) дамиды да, бактерияның әсерінен осы мүшелер түгел шіріп (жалпы), жағымсыз иісті қойыртпаққа айналады. Жергілікті шірікте өсімдік мүшесінің жеке бөлігі немесе ұлпа тобы шіриді. Мысалы, өрік жемісінің шірігі - Bacillus mesentericus.
Некроздар өсімдік мүшелерінде, көбінесе жапырақ пен жемісінде түрлі дақтар немесе күйік түрінде білінеді. Күйікте заладанған өсімдіктің жапырақ, гүл бүршіктері немесе жас жапырақтары, гүлдері қарайып, жансызданады (жеміс дақылдарының бактериялы күйігі - Erwinia amylovora, қиярдың бұрышты бактериозы - Pseudomonas lachrymans).

жеміс дақылдарының бактериялы күйігі - Erwinia amylovora

қиярдың бұрышты бактериозы - Pseudomonas lachrymans

Өсімдік түтіктері заладанған жағдайда бактериялар мен немесе олардың тіршілігінде олардың пайда болған заттар мен өсімдіктің түтік жүйесі тығындалып өсімдік түгел немесе оның жеке мүшелері солып қалады (картоптың сақиналы шірігі - Clavibacter sepedonicum).

картоптың сақиналы шірігі - Clavibacter sepedonicum

Кейбір бактериоздарда өсімдіктің жер асты және жер үсті бөліктерінде ісіктер түзіледі. Ісіктер түзілуіне байланысты әртүрлі (рак және туберкулез ісіктері) болады.
Рак ісіктері бактерия әсерінен қсімдік клеткасының қарқынды бөлінуінен түзіледі (тамыр рагі - Agrobacterium tumefaciens). Ісік ішінде түзілген қуыс бактериялы шырышпен толы болады ( қызылша туберкулезі - Pseudomonas beticola).

тамыр рагі - Agrobacterium tumefaciens

қызылша туберкулезі - Pseudomonas beticola

Фитопатогенді бактериялар көбінесе аурудың аралас сыртқы белгісін көрсетеді, яғни бір қоздырғышпен залалданған өсімдікте ауру әртүрлі білінеді. Мысалы, қызанақтың бактериялы рагында (Clavibacter michiganense) сабақ, жапырақ, жемісте дақтылық пайда болып өсімдік солады. Бұл ауруда өсімдіктің түтік жүйесі және паренхималық мүшелері залалданады.

қызанақтың бактериялы рагы (Clavibacter michiganense)

Ауру қоздырғыштарының заладайтын өсімдіктері
(сызбанұсқа)

Туыстары
Түрлері
Аурулары
Сыртқы
белгілері
1
Pseudomonas

Ps. syringae
Сүйекті жемістілер - некроз
дақтылық

Ps. lachrymans
Қияр - бактериоз

дақтылық

Ps. phaseolicola
Үрме бұршақ - бұрышты бактериоз
дақтылық

Ps. glycinea
Май бұршақ - бактериоз
дақтылық

Ps. tabacum
Шұбар бактериоз
дақтылық
2
Xanthomonas
X. campestris
Капуста - түтікті бактериоз
солу

X. malvacearum
Мақта - гоммоз
дақтылық

X. vesicatoris
Бактериялы қара дақ
дақтылық

X. beticola
Туберкулез
ісіктер

X. translucens
Бидай - қара бактериоз
дақтылық
3
Erwinia
E. amylovora
Бактериялы күйік (карантинді ауру)
ұлпа некрозы және солу

E. carotova
Көкөніс, картоп - сулы шірік
сулы шірік

E. aroidae

4
Clavi bacter
C. sepedonicum
Картоп - сақиналы шірік
солу, шірік

C. michiganese
Қызанақ - бактериялы шірік
солу, дақтылық
5
Agrobacterium
A. tumefaciens
Жеміс - жидектер - тамыр ісігі
ісіктер
6
Bacillus
B. mesentericus
Асқабақ тұқымдас - бактериялы шірік
шірік
Өсімдік ауруын қоздырушы актиномицеттер

Соңғы жүйелеу (Берджи, 1974 ж.) бойынша актиномицеттер бактерияларға топтастырылған. Бірақ, өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері бойынша актиномицеттер саңырауқұлақтар мен бактериялар арасындағы аралық топ болып саналады.
Бактериялар сияқты актиномицеттер прокариотты организмдер және сілтілі ортада жақсы дамиды (актиномицеттер мен бактерияларға қолайлы орта рН - 6,8-8,0).
Актиномицеттердің (көпшілігінің) вегетативті денесі саңырауқұлақ сияқты жіпшумақ (мицелий) деп аталады. Ол жан-жаққа сәуле тәрізді таралған, диаметрі 0,2-2,0 мкм жіңішке жіпшелерден тұрады. Актиномицеттер жіпшумақ үзіндісімен немесе оның жеке бөліктерге бөлінуі арқылы (оидиялар түзу) немесе негізгі жіпшумақтан таралған спора тасуша жіпшелереде түзілген споралар арқылы көбейеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микроорганизмдер және қоршаған орта
Өсімдік ауруларының белгілері
Табиғатта және адамның іс-әрекетінде өсімдік ауру қоздырғыштарының (фитопатогендердің) маңызы
«Жалпы фитопатология» пәнінен оқу – әдістемелік кешені
Микроб ферменттері, классификациясы
Топырақтың қасиеттері
Топырақ қоры және оның құнарлылығы
Топырақтың маңызды бөлігі - органикалық заттар
Топырақтардың құрамы
Рекомбинантты ДНК технологиясы негізіндегі жаңа буынды вакциналар
Пәндер