Нағыз күйелер - (Tineidae)


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық Министірлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

« Өсімдік қорғау және карантин » кафедрасы

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Нағыз күйелер - (Tineidae)

Алматы 2018

Жоспары:

I. Кіріспе . . . 3

а) Нағыз күйелер (Tineidae) тұқымдасының жіктелу жүйесі . . . 4

б) Нағыз күйелер (Tineidae) тұқымдасының морфологиясы . . . 7

II. Негізгі бөлім . . . 10

а) Нағыз күйелердің (Tineidae) биологиясы . . . 10

б) Нағыз күйелердің (Tineidae) өсімдікті зақымдау белгісі, зақымдалатын өсімдіктің мүшелері . . . 14

в) Нағыз күйелердің (Tineidae) табиғи жаулары мен аурулары . . . 15

III. Қорытынды . . . 16

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 17

Кіріспе

Күйе тәрізділер (Tineoidea) Күйе көбелектер - қарапайым көбелектердің көптеген тұқымдастарының жалпы аты. Қанаттары шашақталған ұсақ көбелектер. Нағыз күйе көбелектердің 2000 түрі бар. Жұлдыз құрттары жібек түтікшесінде, өсімдік және жануарлар қалдықтарынан жасалған құндақтарында, саңырауқұлақтарда, қыналарда өмір сүреді. Көпшілігі зиянкестер, азық-түлікті бүлдіріп, жүн, тері, қауырсынды құртады. Жұлдызқұрттары ағаш-бұталарда өрмек тәрізді ұялап тіршілік жасап, жапырақтарды жапсырып, өсімдік сабақтары мен жемісте ұя салады. Бұлардан басқа да табиғатта толып жатқан тұқымдастары тіршілік етеді.

Image result for настаящие моли

Күйе көбелектің жалпы көрінісі

Нағыз күйелер (Tineidae) тұқымдасының жіктелу жүйесі

Нағыз күйелер (Tineidae) -350 -ден астам туыс пен 3000-ға жуық түрді қамтиды, оның 200 түрі Ресейде кездеседі. Олар әдетте ұсақ және орта көлемді, қанаттарының ауқымы 7-30мм, 34-46мм. Қанатының ұзындығы енімен тең болып келеді. Негізінен Палеарктикада көп тараған. Түнгі уақытта ұрықтану кезеңі қарқынды жүреді. Қорегінің негізгі көзі- саңырауқұлақ, қына, құс қауырсыны, жүн-маталар, өсімдіктер мен өлі сүтқоректілер қалдықтары болып табылады . Бұл туыстың көптеген түрлері көптеген зиян келтіреді.

Домен:
Эукариоттар
Домен:: Патшалық (Kingdom) :
Эукариоттар: Жануарлар (Animalia)
Домен:: Патшалық тармағы:
Эукариоттар: Эуметазои (Eumetazoi)
Домен:: Дәрежесі белгісіз:
Эукариоттар: Екі жақты-симметриялы
Домен:: Дәрежесі белгісіз:
Эукариоттар: Алғашқыауыздылар
Домен:: Дәрежесі белгісіз:
Эукариоттар: Түлеушілер
Домен:: Дәрежесі белгісіз:
Эукариоттар: Panarthropoda
Домен:: Тек (Phylum) :
Эукариоттар: Буынаяқтылар (Arthropoda)
Домен:: Тек тармағы:
Эукариоттар: Кеңірдектыныстылар (Tracheata)
Домен:: Таптастар:
Эукариоттар: Алтыаяқтылар (Hexapoda)
Домен:: Тап (Class) :
Эукариоттар: Бөжектер (Insecta)
Домен:: Тап тармағы:
Эукариоттар: Қанатты бөжектер (Pterygota)
Домен:: Инфратап:
Эукариоттар: Жаңа қанаттылар (Neoptera)
Домен:: Топтастар:
Эукариоттар: Толық түрленіп дамитын бөжектер (Metabola)
Домен:: Топ:
Эукариоттар: Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera)
Домен:: Топ тармағы (Suborder)
Эукариоттар: Тұмсықтылар (Glossata)
Домен:: Тұқымдас (Superfamily)
Эукариоттар: Күйе тәрізділер (Tineoidea)
Домен:: Туыс (Family)
Эукариоттар: Нағыз күйелер (Tineidae)
Домен:: Халықаралық ғылыми атауы - Lepidoptera Linnaeus, 1758

Нағыз күйелер (Tineidae) тұқымдасының түрлері:

Қырықжапырақ күйесі (Plutella maculipennis Curt)

Қойма күйесі (Nemopogon grannellus L. )

Жеміс күйесі (Hyponomeuta padella L. )

Алма күйесі (Hyponomeuta malinella L. )

б) Нағыз күйелер (Tineidae) тұқымдасының морфологиясы

Картинки по запросу Tineoidea Картинки по запросу Tineoidea

Күйе тәрізділердің жалпы көрінісі

Бас. Бөжектердің басының денеге орналасуы жағынан әртүрлі болады.

Бастың денеге орналасуы типтері: прогнатикалық, гипогнатикалық, опистагнатикалық болып бөлінеді. Соның ішінде нағыз күйелердікі - опистагнатикалық типке жатады. Яғни ауыз аппараптыартқа қарайкөлбеу орналасқан. Бұлар өсімдік шырынымен қоректенуге бейімделген. Басы -зара бітіскен 5 бөлімнен тұрады:

  1. Маңдай - Frons
  2. Төбе - Vertex
  3. Самай - Tempora
  4. Бет - Genae
  5. Шүйде - Occuput

Ауыз апараты. Cорғыш типіне жатын, иілген ұзын тұмсықтан тұрады. Тұмсығы жақсы жетілген. Жоғары еріні әлсізденген. Араларында кеңірдек орналасқан.

Мұртшалары. Бөжектердің мұртшалары түрлі бөліктерден тұрады: бірінші бөлігі - тұғырдан немесе скапус, келесі қылбұрау тұғыры немесе педицелл, үшінші бөлігі - қылбұрау деп аталады.

Қылбұрау азды - көпті бір - біріне ұқсас тізбектерден тұрады. Бөжектердің мұртшалары он бес типке бөлінеді. Нағыз күйелердің мұртшалары - жіп, қылшық, кейде тарақ тәрізді. Қысқа түктермен қапталған. Алдыңғы қанаттың 2/3-3/4 бөлігін құрайды.

Көзі. Бөжектердің көру мүшесі күрделі және қарапайым көздер ретінде кездеседі. Күрделі немесе фассетті көз әрқашанда тек бір жұп қана болады. Олар басының екі қырында орналасқан, кейде дамығаны соншалық, бүкіл бас көлеміне орналасады. Әрбір фассетті көз көптеген көру бірліктері - омматидтерден тұрады. Сыртынан әрбір омматид көз үстінде фасет ұяшығын құрайды, осыған байланысты күрделі көздер деп аталған. Пішіні бойынша фассеттер дөңгелек немесе көбінесе алтықырлы болады, ал олардың бір көзегі саны жүз және мыңға дейін жетуі мүмкін. Нағыз көбелекте бір жұпфасетті көзі болады. Ол үлкен алтықырлы болып келеді.

Image result for Tineidae morphology Image result for Tineidae morphology

Көбелектің көзінің суреті

Кеудесі. Бөжектердің кеудесі 3 бөліктен тұрады:

  1. Алдыңғы кеуде - prothorax;
  2. Ортаңғы кеуде - mezothorax;
  3. Артқы кеуде - metathorax;

Кеуденің тергиті, арқа немесе нотум, төс - стернит немесе стернум деп аталады. Әр кеуденің төс жағында бір жұптан аяқ, ал ортаңғы кеуде мен артқы кеуденің арқа жағында бір жұптан қанат орналасады. Қанаттары орналасқан кеуде бөліктерін птероторакс деп атайды. Нағыз күйелердің кеуде бөлігі 3 кеуде бөлігіне бөлінген. Артқы кеудесі жақсы дамыған.

Қанаттары. Қара түктермен қапталған. Олар әдетте ұсақ және орта көлемді, қанаттарының ауқымы 7-30мм, 34-46 мм. Ланцетті. Қанатының ұзындығы енімен тең болып келеді.

Картинки по запросу tineidae Картинки по запросу tineidae

Қанатының құрылысы

Аяқтары. Күйелердің аяқтары жамбас, сирақ және табаннан тұрады. Алдыңғы аяғы қысқа, ортаңғы, артқы аяқтары ұзарған.

Құрсағы. Бөжектердің құрсақ бөлімі 2-11 сегменттен тұрады. Соңғы сегментінде жыныс мүшелері, жұмыртқа салғыш қынап, церкі, грифелкі орналасады. Құрсағының 2-7 дейінгі сегменті прогенетальді, 8-9 дейінгі сегменті генетальді және 10-11 дейінгі сегменті постгенетальді деп аталады. Нағыз күйелердің құрсағы 10 сегменттен тұрады. 9 дамып, 10-сы жетілмеген. Сондықтан құрсақтары генетальді деп аталған. Көбелектің личинкасын жұлдызқұрт деп атайды. Қуыршақтары көбінесе жабық келеді. Көпшілік көбелектердің жұлдызқұрттары фитофагтар, олардың ішінде көптеген түрлері ауыл шаруашылық өсімдіктердің аса қауіпті зиянкестері, кейбіреулері теріден және жүннен жасалған бұйымдарды жеп бүлдіреді, басқалары ара ұясына зақым келтіреді.

Нағыз күйелердің (Tineidae) биологиясы

Күйе көбелектер толық түрленіп дамиды. Яғни, жұмыртқа - дернәсіл -қуыршақ - имаго сатысынан өтеді. Күйе көбелектің бір жылда беретін ұрпақтарының саны мекендеген жерінің ауа райы жағдайларына байланысты. Көбелектердің дамуы аяқталған жұлдызқұрт фазасында топырақтың тығыздығы мен жұмсақтығына қарай 5-25 см тереңдікте қыстайды.

https://apest.ru/wp-content/uploads/2017/01/lichinki-i-yaytsa-moli.jpg

Көктемде орташа температура 10◦C жоғары көтерілген жұлдызқұрттар 5-6 см тереңдікте жер бесік жасап, сонда қуыршаққа айналады. Қуыршақтың дамуы ауа райы жағдайына байланысты 2-4 жетіге дейін созылады. Бұл түрдің жеке фазаларының даму ұзақтығы мына төмендегі температуралық көрсеткіштер бойынша анықталады.

Температураға байланысты күйе көбелектің даму ұзақтығы

Даму фазалары
Көрсетілген температурадағы даму ұзақтығы (күн)
Тиімді температураның жиынтығы (◦С)
Тиімді температураның жиынтығының құбылуы(◦С)
10◦
20◦
25◦
30◦
Даму фазалары:

Жұмырқа

Жұлдызқұрт

Қуыршақ

Толық генерация

Көрсетілген температурадағы даму ұзақтығы (күн):

13

64

36

113

Тиімді температураның жиынтығы (◦С):

8

40

21

69

Тиімді температураның жиынтығының құбылуы(◦С):

4

28

14

46

3

25

12

40

70

423

219

712

64-75

384-490

210-240

675-794

Көктемде көбелектердің ұшуы, яғни қуыршақтан шығуы, орташа тәулік температурасы 15-17◦C, болғанда байқала бастайды. Олардың ұшуы ымырт жабылған кезде басталады. Ең қарқынды ұшуы 10 - 12 арасында. Көбелектер күндіз әр түрлі заттың астында немесе жер жарықтарын паналап жатады. Олар әр түрлі өсімдіктің гүл нектарымен қоректенеді. Бұл олардың өсімталдығын арттырады. Әрбір ұрғашы көбелек өз өмірінде 200- ден 2000-ға дейін жұмыртқа салады. Жұмыртқаларын бір - бірлеп немесе 3-5 топтап, жапырақ бетіне, қурап қалған сабаққа немесе топырақ кесектерінің үстіне орналастырады. Әсіресе егін шырмауығы сияқты төселме сабақты өсімдіктердің жапырақтарына салуды ұнатады. Қоршаған орта температурасына байланысты 25-35 күннен кейін жұлдызқұрттар топырақ арасына еніп, қуыршаққа айналады. Одан соң 15-18 күннен кейін II - генерацияның көбелектері ұшып шығады.

Бұл ұрпақтың көбелектері мен жұлдызқұрттарының тіршілік әрекеті 1 - генерациянікіндей көбелектерінің қарқынды түрде ұшуы Қазақстанның оңтүстік - шығысында шілденің III - онкүндігі мен тамыздың I - онкүндігінен басталып, қыркүйектің басына дейін созылады. Жұлдызқұрттардың дамуы өте созылыңқы болады да олар қыстауға тек қазанның аяғында ғана кетеді.

Қойма күйесі (Nemopogon grannellus L. ) - нағыз күйелер тұқымдасына жататын көбелек. Барлық жерлерге тегіс таралған. Гусеницалары бидай, қара бидай, арпа және сұлы дәндерін, кептірілген нандарды, жемістерді, беде тұқымын және басқа өнімдерді зақымдайды. Қатты зақымданған астық дәндері не тамаққа, не тұқымға тіпті малға азық ретінде де пайдалануға жарамайды. Гусеницалар ылғалы мол өнімдерді ұнатады. Сондықтан олар нашар желдетілген, көк исі шығып тұратын қоймаларда көп болады.

Image result for Nemopogon grannellus L Image result for Nemopogon grannellus L

Қойма күйесі

Image result for Plutella maculipennis Curt Капуста күйесі (Plutella maculipennis Curt) - капустаның негізгі зинкестерінің бірі. Қанаттарының өрісі 15 - 18 мм, кішкене сұр көбелек. Қазақстанның солтүстік және орталық облыстарында жылына 3-5, ал оңтүстігінде 6-8 ұрпақ береді. Қуыршақ күйінде арам шөптерде және жиын - теріннен кейінгі қалдықтарда қыстайды. Бірінші ұрпақтың көбелектері Қазақстанның оңтүстігінде - апрельдің аяғы мен майдың басында, ал солтүстігінде - майдың аяғы мен июньнің басында шығады. Олар ымырт кезінде және түнде ұшады. Жұмыртқаларын әдетте капуста жапырағының астыңғы бетіндегі жүйке бойына орналастырады. Гусеницалары ұршық пішінді ашық жасыл түсті болады. Алғашында жапырақтың эпидермис қабатын тесіп, жұмсақ тканіне енеді де сонда қоректеніп ұсақ қуыстар жасайды. Бір рет түлегеннен соң қуыстардан шығып, ашық түрде түрде тіршілік ете бастайды. Олар қоректенгенде жапырақтың эпидермис қабатына тимей ортасындағы жұмсақ тканін ғана ойып жейді.

Жеміс күйесі (Hyponomeuta padella L. ) - Күйелер тұқымдасына жататын кішкене көбелек. Қазақстанның оңтүстік және солтүстік шығысында таралған. Гусеницалары алма, алхоры, долана, кейде өрік, шомыр ағаштарының жапырақтарын зақымдайды.

Image result for Hyponomeuta padella L

Жеміс күйесі

Алма күйесі (Hyponomeuta malinella L. ) - күйелер тұқымдасына жататын көбелектер. Қазақстанның солтүстігінен басқа аймақтардың барлығына тегіс таралған. Алматы, Жамбыл кейбір жылдары Шымкент облысының таулы аудандарында алма ағаштарын қатты зақымдайды. Қанаттырының өрісі 18 - 20 мм кішкене ақ көбелек алдыңғы қанаттарының үстіңгі беті күмістей ақ түсті және онда үш қатар болып орналасқан қара нүктелері болады. Алма күйесі тек алма ағашын ғана зақымдайды. Даму циклы бір жылдық. Зиянкестін гусеницалары бір - екі жылдық жас бұтақшаларда қыстайды. Көктемде алма ағаштары бүршік атар кезде, гусеницалар қалқаншадан шығып, тобымен жапырақ тақтасының арасында кеулеп енеді де, мина жасап сонымен қоректенеді. Бір жетіден кейін гусеницалар «минадан» шығып, ашық түрде тіршілік етуге көшеді - жапырақтың жұмсақ ткандерін кеміріп жеп, тек жүйкелерін ғана қалдырады.

Нағыз күйелердің (Tineidae) өсімдікті зақымдау белгісі, зақымдалатын өсімдіктің мүшелері

Күйе көбелектердің дамуы арам шөптермен тығыз байланысты. Көпшілік жағдайда көбелектер жұмыртқаларын арам шөптерге салады және жұлдызқұрттар алғашында солармен қоректеніп, соңынан дақылдарға көшеді. Өсімдіктер неғұрлым жас болса, жұлдызқұрттар оларды соғұрлым қатты зақымдайды. . Сонымен қатар көбелектер алма, алхоры, долана, кейде өрік, шомыр ағаштарының жапырақтарын зақымдайды.

Алма күйесі (Hyponomeuta malinella L. ) - Алма күйесі жылына бір рет көбейеді. Жұлдызқұрттары алма ағашы бұтағы қабығының астында қыстайды. Көктемде олар тобымен жапырақ тақтасының арасына кеулеп еніп, жас тіндерін кеміріп жеп, тек жапырақ жүйкесін ғана қалдырады. Олар жіпшелерімен жапырақтарды, бұтақтарды шырмап, өрмекұя жасайды. Алма күйесінен қатты зақымданған ағаштардың жеміс түйіндері төгіліп, өрт шалғандай болып көрінеді. Жетілген жұлдызқұрттар ақ пілләға оранып қуыршаққа айналады, ол кезең 15 - 20 күнге созылады. Алма күйесінің жұлдызқұрттарын жою үшін жеміс ағашы бүршік жармай тұрып немесе гүлдегеннен кейін инсектицидтер шашады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кеңірдектыныстылар тип тармағы. Көбелектер
Күйе көбелектер
Бунақденелердің және кеміргіштердің бактериялды аурулары
Жеміс ағаштары зиянкестерінің систематикасы
Күйе өндіру технологиясы
ДӘНДІ ДАҚЫЛДАРДЫҢ АУРУЛАРЫ БИДАЙДЫҢ ҮНДІ ҚАРА КҮЙЕСІ
Техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері
Жұмсақ бидайды өсірудің технологиялық картасы
Майлы дақылдар
Картоп дақылының, мақта дақылының, техникалық дақылдардың карантинді зиянкестері және таралған аймақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz