ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖЕТКІНШЕК ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ
ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРЛЕРІ.

Балалық шақтан өткен, бірақ ересектікке әлі жетпеген 11-15
жас аралығындағы, балаларды психологияда жеткіншек жас кезеңіндегілер деп
атайды. Бұл жас кезеңі өтпелі кезең, қиын жас, проблемалы т.б.
көптеген қосымша белгілерге бай. Оның барлығы осы жас кезеңінде жүретін
психофизиологиялық процестермен байланысты. Бұл жас аралығында бала
ағзасы дамуының бір сатысынан екінші сатысына өтіп, ал әлеуметтік статусы
бойынша олар әлі балалык шақта жүрген кезең.
Ең алғаш осы мәселе бойынша зерттеу жүргізген П.П.Бельский (1917 ж.,
1924 ж.) болды, ол өз мінез-қүлқы шамасынан ауытқыған, кәмелетке жасы
толмаған балаларды қарастырады. П.П.Бельский өзінің 30 жыл уақытын заң
бұзушы балалар мен жасөспірімдердің ішкі әлемін зерттеуге арнады. Бірақ та
оның теориялық позициясы жеткіліксіз болды. Ол
Л.И.Петражицскийдің теориясына сүйенеді (1908), З.Фрейд пен К.Левиннен
бірталай мағлұматтар алды.
Жүйке аурулары (невроз) отбасындағы және басқа да әр түрлі қиын
жағдайлардың салдарынан болуы мүмкін. Мәселен, кей оқушылар ата-ана
тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей өсіп, осыған мектептегі өз
сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері көзқарасы қосылып, ұзаққа
созылған қайғыру, ренжулер болса, осындай жағдайлар ауруларына шалдықтырып,
баланы ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсіреді. Ата-ана тарапынан, мектеп
қабырғасынан жылылық сезінбеген оқушы өмірде өзін ешкімге қажетсізбін деп
есептеп, уайымға шалдығады, кей оқушылардың ұйқысы бұзылып, түнде
қорқынышты түстер көріп, иммунитеті төмендейді.
Қиын оқушылардың өскен ортасын, яғни отбасының жай-күйін талдағанда,
кейде отбасының өзі бала тәрбиесіне кері әсер беретіні анықталып отыр. Тағы
да бір қолайсыз жағдай: бала тәрбиесіне ата-аналардың әртүрлі көзқарасы
немесе біреуінің бала тәрбиесінен шет қалуы, яғни, баланың толық емес
отбасында тәрбиеленуі.
Ата-анасының мейірімін көрмеген бала көбінесе мейірімсіз, ызалы,
құрбыларымен дұрыс қарым-қатынас жасай алмайды, кейде тұйық, шектен тыс
мейірімінде өскен бала өзімшіл, нәзік, тым төзімсіз, екі жүзді болуы
мүмкін, яғни отбасы тәрбиесі адам өмірінде өте маңызды.
Жеткеншек жастаға оқушылардың мінез-құлқындағы қиындықтардың пайда болу
себептерін психологтар отбасында дұрыс тәрбие бермеудің салдарынан
болатындығын анықтап, оларды бірнеше түрге бөліп қарастырады: отбасының
әлеуметтік, экономикалық жағдайы; баланың рухани дамуына ата-ананың
немқұрайлы қарауы; қараусыз бала, қамқорлықтың жеткіліксіздігі; шектен тыс
қамқорлық т.б. Мадақтау мен шектен тыс мәпелеуде өскен оқушы ешқандай күш
жұмсамай көзге түскісі келіп тұрады. Олар өздігінен ешнәрсеге қол жеткізе
алмайды (отбасының еркесі). Үлкендердің эмоциялық қақпайлауы салдарынан
кінәмшілдік, өзін қажетсіз санау сезімдері қалыптасады (золушка - өгей
қыз). Адамгершілік, жауапкершіліктің шектен тыс жоғары болуы баланы
балалық қуанышынан айырып, бойында уайымшылдықтың тууына әкеледі.
Балалардың мінез-құлқында қиындықтардың пайда болу себебі, біріншіден,
отбасы тәрбиесі десек, екіншіден, мектептегі оқу тәрбие жүмысындағы
кемшіліктермен сипатталады.
Мұғалім мен бала арасындағы қарым-қатынас баланың ата-анасына және
баланың құрбыларына қарым-қатынасын анықтай бастайды. Б.Г.Божович,
И.С.Славина бұны эксперименттік түрде зерттеп көрсеткен.
Д.Б.Эльконин мұғалім мен балалардың арасындағы қарым-қатынаста оқушылар
өте байқампаз болып келетінін айтады. Егер оқушы мұғалімнің сыныпта
басқаларға қарағанда өзіне жақын тартатын оқушысы бар екенін байқаса, онда
мұғалімнің оқушы алдында беделі жоғалады. Алғашқы кезеңде оқушылар
мүғалімнің айтқанымен жүреді, яғни мүғалімнің айтқаны олар үшін - заң. Егер
де мұғалім оқушылардың бәріне бірдей көзқараста болмаса, баланың мұғалімге
деген оң пікірі іштей бұзыла бастайды. Мұғалімнің өзгелерден өзіне жақын
тартатын оқушысы басқалардан өзін жоғары ұстайды да, соның нәтижесінде сөз
тасығыш балалар пайда болады. Бала мектепте өзін жақсы сезінсе, онда үйде
де, құрбыларымен де қарым-қатынасы ойдағыдай болады.
Көбінесе баланың мінез-кұлқының дұрыс қалыптаспауы отбасына байланысты.
Отбасында дұрыс тәрбие бермеуден баланың мінезі қиындай түседі. Бұл -
отбасы кемшілігі.
Көптеген ғалымдардың пікірінше бала мінез-құлқының қиындығы 6-8
сыныптарда, әсіресе ұл балаларда байқалады делінген. Мінез-құлқы қиын
оқушылар арасында жүргізілген көптеген зерттеулер қорытындысы бойынша
үлгермеушілер қатарын жеткіншек жастағы сынып оқушылары толықтырып отыратын
көрінеді. Мінез-құлықтың мұндай белгілерінің пайда болуының өзі болашақта
әлеуметтік-психологиялық дезадантацияның тұрақты түрлерінің қалыптасуына
мінез-құлық бұзылуының клиникалық және кримонологиялық белгілерінің пайда
болуына әкеп соқтырады.
Қиын балалардың психологиялық ерекшеліктері теориялық тұрғыда Выготский
Л.С. (1928ж) еңбектерінде талқыланды, сондай –ақ макаренко а.с.
тәжірибелерінен де ұлкен орын алды. Бұл мәсленің ары қарай талқылануына
үлес қосқан зерттеушілер қатары да біршама.
Баланың жеке қасиеттерінің психикасының дұрыс дамып жетілуі үшін
педагогтік ұжымдардың кәсіптік білгірлігі, ата-аналардың саналы көзқарасы
және осы принциптерге негізделген мектеп пен отбасы арасындағы тығыз одақ,
нәтижелі жұмыс қажет.
Мысалы, бұл тұрғыда Әль-Фарабидің айтқан пікірі бар. Баланың жасы өскен
сайын, оның ақылы да, яғни тәнімен бірге жаны да өсіп отырады. Мұның бәрі
оның тіршілік қажетінен туындайды. Мәселен, бала да ең алдымен өсіп өну
қуаты пайда болады. Бұл оның дене бітімінің қалыптасуында үлкен роль
атқарады. Ана құрсағында-ақ тән сүйегі, біртіндеп дән, иіс айыратын
түйсіктер, заттың түрін, түсін, пішінін түйсіне алу қабілеті қалыптасады.
Жан қуаттары өмір барысында, оқу-тәрбие үстінде дамиды. Бұл үшін адамның өз
бетінше әрекеттенуі, өзіндік белсенділігі ерекше маңызды. Адамның
адамгершілік, имандылық қасиеттері де оның өмірден алатын тәжірибесінен,
үлкендердің жақсы өнегесінен туындайды. Адам дүниеге ақылды, не ақылсыз,
зұлы не ақ ниетті болып келмейді, мұның бәрі де жүре пайда болады.
В. Кваде, В.П. Трусов жеткіншектердің өзіндік бағалау ерекшеліктерін
өз тараптарынан сипаттауға тырысты. Олардың пікірінше, адекватты өзіндік
бағалау – жеткіншектің болашақ мамандыққа деген бағыттылығымен байланысты.
Жоғарғы бағалау - жеткіншектің құрбыларымен өзін  салыстырғанда өз мінез-
құлқын төменгі деңгейде бағалауымен байланысты болса, өзіндік бағалаудың
төменгі деңгейін төменгі деңгейдегі психологиялық тұрақтылық туындатады.
Кейбір зерттеушілердің пікірінше,  тұлғаның өзіндік бағалауының
адекваттылығы жеткіншектік кезеңде арта түседі. Е.Р. Берне бұл жағдай
жеткіншектер үшін өте маңызды болып табылатын көрсеткіштер бойынша өзін
төменгі деңгейде бағалаумен байланысты деп түсіндіреді.
Ғылыми әдебиеттерге жүгінсек, ұлдар мен қыздардың өзін-өзі адекватты
бағалауының айтарлықтай айырмашылығы жоқ. Алайда, басқа адамдарды адекватты
бағалау қабілеті ұлдармен салыстырғанда қыздарда басымырақ, бұл олардың
басқа адамдарға деген үлкен қызығушылықтарымен түсіндіріледі. Жеткіншектік
кезеңнен бастап қыздардың өзін-өзі бағалауы төмендей түседі. Бұл сыртқы
келбетін бағалауымен тікелей байланысты. Зерттеулер бойынша  жеткіншектік
кезеңде тән сұлулығы қыздар үшін ерекше мәнге ие. Ал, ұлдарда өзін-өзі
бағалаудың негізгі критерилерінің бірі -  тәнінің табыстылығы.   Бұл
тәуелділік әйел мен еркектің әлеуметтік-рөлдік қызметтерімен
байланыстырылады. 
Жеткіншектік кезеңде өзін-өзі бағалаудың мазмұндық жағы айтарлықтай
өзгерістерге ұшырайды. Бұл Мен концепциясының мазмұндық тұрғыдан толыға
түсуімен байланысты. Жеткіншектің бұл кезеңде игерген сапалары кіші мектеп
кезімен салыстырғанда анағұрлым көп. Жоғары сынып оқушылары өзін-өзі
бағалау кезінде өзіндік тұлғасының барлық қырын қамтуға тырысады. Сонымен
қатар, өз кемшіліктері туралы да ой-пікірлері қалыптаса бастайды. Өзі
туралы жеткіншектің өзіндік пірікі оның көңіл-күйін, тұрмыстың қуанышын
сезінуін білдіреді. Жеткіншектер өзін оның оқу іс-әрекетін,  қызықты
істерін, қызығушылықтарын сипаттайтын категориялардың негізінде ашады. Олар
шынайы өзіндік бағалауға бағытталады. Көптеген зерттеулерде көрсетілгендей,
жеткіншектің өзін-өзі бағалау мазмұнында қайырымдылық, адалдық, әділдік
секілді моральдық сапалар басымдылық етеді. Жеткіншектердің өзін жоғары
деңгейде сынай білуі өзіндегі көптеген түрлі жағымсыз сапаларды тануға және
олардан құтылуға мүмкіндік жасайды.
Жеткіншектік кезеңде бала өзінің ішкі жан-дүниесіне мұқият талдау
жасап, оның ерекшеліктерін зерттей бастайды. Осы кезеңде өзіндік танымның
пайда болуы жүзеге асады, нәтижесінде бала дербестілікке, сенімділікке
ұмтылады. Бұдан ары жасөспірімдік кезеңге қарай жеткіншек өзінің өмірлік
жоспарын құрып, атқаруға тиісті мақсаты мен міндеттерін нақтылай бастайды.
Қазіргі психология ғылымында жеткіншектердің өзіндік бағалауы 2 бағыт
аясында қарастырылады:
1.                 Өзіндік бағалауды, оның қалыптасуын іздестірумен
байланыстыратын бағыт;
2.                 Өзіндік бағалаудың құрылымын және олардың өзара
байланысын қарастыратын бағыт;
Жеткіншектердің тұлғалық дамуы өзіндік сана-сезімдердің өзгерісімен
байланысты болады, яғни баланың басқаларға деген қатынасы, қызығушылықтары,
идеалдары өзгеріске ұшырайды. Ерте жеткіншектік кезеңде (10-11 жас) мінез-
құлықтың жағымсыз сапаларын бағалау жүзеге асады. Екінші кезеңде (12-13
жас) өзіне және басқаларға деген теріс қатынас сақталады, сыртқы орта
бағалауына тәуелді болады. Осы жастың соңғы кезеңінде (14-15) оперативтік
өзін-өзі бағалау жүзеге асады.
Жеткіншектік кезеңде өзіндік бағалау ішкі жаңа құрылымдардың бірі
болып табылады және агрессиялық мінез-құлықты өзгертеді. Осы кезеңдегі
өзіндік бағалау төмендегідей құрылымдық компоненттерден тұрады:
·                   Өзін құрметтеу;
·                   Өзіне деген эмоциялық қатынас;
·                   Өз жетістіктерін сезіну;
·                   Өзін оперативті бағалау;
Жеткіншектік кезеңдегі өзіндік бағалаудың мазмұны іс-әрекеттің
жетістігімен ғана емес, осы іс-әрекетті орындау механизмдерімен де
байланысты.
     Жеткіншектің тұлғалық дамуында мынандай айтарлықтай жылжулар,
яғни өзіндік сана дамуында өзіндік бағалауының қалыптасуындағы сапалы
өзгерістер өтеді: құндылықтарды бағалау мұраты, норманы меңгеру
қабылдағыштығы, қарым-қатынасқа тырысу, достық қарым-қатынасқа қажеттілік,
досқа және дос іздеуге қажеттілік, белсенді және әртүрлі қоғамдық іс-
әрекеттерге қажеттілік және сәтсіздіктерге жоғары эмоциялық өткір
аффективтілік. Жеткіншектік кезеңде тұлғаның қарқынды мінез-құлықтылық сана
қалыптасады, моральды-этикалық мінез-құлық нормаларын игереді. Сонымен
бірге ол өзінің мінез-құлқында пайда болған бағалық пайымдау жүйесіне
жетекшілік ете бастайды.
Жеткіншек жас кезеңіндегі оқушының жеке басына тән қасиеттерді тек
мен деген қасиет тұрғысынан ғана бағалап қоймай, тиісті мөлшерлерге
қалайша бағынады, мінезі, ерік-жігері қандай, ашуланғыш, не сабырлы келе
ме, әсемдікті ажыратудағы талғамы және өзгелермен қатынасы қандай – осы
жөнінен де алып қарауға болады. Мінез құлқы қиын оқушылар көбінесе
ашуланшақ болып келеді. Баланы үй іші көп еркелетсе, онда ол болмашы
нәрсеге тез ашуланып, күйіп пісетіні кездеседі. Керісінше, күтпеген
жағдайда жақсы, өте жақсы деген баға алса, жұрттың көзінше соған қатты
қуанғанын жасыра алмайды.
Жеткіншек жас кезеңінде баланың бойында бұрын қалыптасқан қасиеттерге
жаңа сапалар немесе жаңа құрылымдар қосылады. Бүл құрылымдар бұрынғы
психологиялық және физиологиялық көріністерге жаңа сапа беріп, олардың бір-
бірімен бітісуі әлі аяқталмаған кез болғандықтан, көптеген екі жақтылык
орын алады. Сондықтан бала көптеген қиналыстарга ұшырайды: болашақта кім
болатынын, омірде орындайтын әлеуметтік рөлін, қарым-қатынас ерекшеліктерін
анықтау қажеттілігі туғанынан бала уайым шегіп, өз орнын іздейді.
Үлкендер баланы барлық уақытта түсіне бермейді. Қарым- қатынас
барысында жеткіншектерді өздеріне бағындыру, үстемдік көрсету, тіл алуды
талап ету орын алады да, мүндай көзқарас баланың қырсықтығын туғызып,
нәтижесінде үлкендер мен баланың арасында текетірестік орын алуы
мүмкін.
Жеткіншектердің дене мүшелердің дамуында да үлкен үйлеспеушілік орын
алады. Мәселен олардың аяқ-қолдары, бет-мойыны тез ұзарады да, кеудесінің
өсуі, бұлшық еттерінін ұзаруы кешеуілдейді. Дене мүшелерінің бір келкі
дамымауы салдарынан жсткіншекте өзін жарым-жан сезінуі деп аталатын
комплекс пайда болады. Ол денесін тік ұстауға қиналып, көбінесе бүкшейіп,
немесе бір жағына қисайып жүреді.
Жеткіншек жас кезеңіндс балалардың эндокриналық жүйесі де
өзгеріске ұшырайды. Гипофиздік гармондар жыныс безінің жұмысын
әсерлендіріп, күшейтіп, жеткіншекті жыныстық өмірге дайындайды. Ми
қабығының жасушалары жыныс гармондарының тітіркендіруіне
әсерленгіш. (Сондықтан жеткіншектер көп мәселелердің байыбына
үңіліп жатпайды, сөзді аяғына дейін тыңдап болмастан, морт кететін
қылықтары осының салдарынан туады.
Жеткіншек жас кезеңіндегі мінездің кейбір көрсеткіштерінің шамадан тыс
дамып кетуін акцентуация деп атайды. Акцентуацияның байқалу ерекшеліктерін
Леонгард жан-жақты зерттеп, оның типологиясын жасаған. Сонымен қатар:осы
жас кезеңінде мазасыздану да бала өмірінде едәуір орын алады.
Осы жас кезеңінің ерекшеліктерін ата-аналар, мектеп
мүғалімдері, сынып жетекшісі, басқа да жеткінішектің, айналасындағылар
жақсы түсінетін болса, барынша төзімдік көрсетіп, түсінушілік
білдірсе, балалар жас қиындығын оңайырақ көтереді. .
Жеткіншек жастың ерекшеліктері: барлық нәрсені өз бетімен орындап,
үлкендердің қамқорлығы мен ақыл-кеңесінен құтылғысы келуі; үйге берілген
тапсырмаларды жаттап алмастан өз сөзімен түсінікті етіп айтуға
тырысуы; үлкендерге сын көзбен қарап, олардың айтқанын сынап-
мінеп, кей кезде өрескел мінез көрсетуі; жеткіншек істі игеру жағынан әлі
бала болса, ал талап қою жағынан ересек, өз мүмкіндігін жоғары бағалап,
бәрін өзі істей алатындай сезінуі.
Жеткіншектердің қырсық мінез көрсетуіне, ересектер талабын оңай
орындамауына негіз болатын бірнеше себептер бар. (Олар: Балалардың оқудан
баска айналысатын шаруасының болмауы. Радио, теледидар, басқа да
ақпарат көздерінен ересектерге арналған хабарларды көріп, соған
еліктейтіндігі.
Мінез-құлықтағы қиындық және қиын балалар ұғымы 1920-30 жылдары пайда
бола бастады (Блонский П.П.). Бастапқыда ғылым саласында емес, күнделікті
өмірде қолданылып жүрді. Біраз уақыт ұмытылып, 1950-60 жылдардың басында
қайтадан қолданысқа енді. Қазірде бұл терминдер ғылыми сөздіктерге нақты
орын алып отыр.
Сөз етіп отырған бұл мәселе әрдайым социолог, психолог, юрист, дәрігер,
педагог мамандарының зейінін өзіне аударып, оларды алаңдатып отыратын үлкен
мәселе екенін айтып өту керек.
Жеткіншек - бұл сананың өзіне бағытталу кезеңі, өзін тану
психологиялық құнды құрылым ретінде өзіндік жетілуге жағдай жасайды. "Қиын"
балалықты біршама диагностикалаудың құнды ойларын Л.С.Выготский жасаған
болатын. Ол баланьң дамуындағы сапалы жылжулар идеясын, жаңа құрылымның
пайда болуын және даму кезеңінде функция аралық қатынастардың өзгеру
идеясын көрсетті.
Жеткіншек жастағы оқушылардың жеке басын қалыптастыруда үлкен
орынды эмоция иеленеді. Оларда жарқын, күшті көңіл күйлер
басым болады. Бірақ та кейбір жағдайларда, өзіне маңызды болып
саналатын іс-әрекеттер қанағаттандырылмаса, онда балаларда жан-күйзелісті
қайғырулар болуы мүмкін.
Мінез-құлқында қиындығы бар балалар үшін жоғары
деңгейдегі эмоционалды қозғыштық тән екендігін байқауға
болады. Мінез-қүлқында айтырлықтай ауытқуы бар оқушылардың көпшілігінде,
өзінің талаптану, тілек-ықыласы, сезіміне деген төзімділігі нашар дамыған,
сол себепті көп жағдайларда олар ата-аналарының, мүғалімдерінің,
үлкендердің қоятын талаптарына қарсы шығып, дау-жанжал тудырып жатады. Бүл
жастағы балалардың жеке басының дамуына ерекше көңіл бөлу қажет. Оларға
айқайлау, белдікпен үру, желкеге үру сияқты көріністер керек емес, оларға
жан-жақты көмек, адамдық сезімнің жылылығы, шын көңілмен сүю, үғу
қажеттірек. Тіпті жай ғана бір мысалды алып көрейікші: егер де гүлді
күтсең, суарсаң, жақсы қарасаң, онда жайқалып өседі. Адамдарға өзінің
әсемдігін, түсін береді, ал егер оны қарамасаң, оны күтпесең, таптасаң, ол
сарғайып, солып қалады. Міне, бүл қарапайым шындық. Бірақ та осы шындықты
сырт көзбен бақылап қарасаңыз көп отбасында үмытылып жатады немесе бұл
туралы олардың ойлағысы келмейді. Әрине, мүндай отбасында тәрбиеленіп
жатқан баланың психикасы бұзылады яғни мінез-қүлқы бұзыла бастайды.
Мәсслен, кей оқушылар ата-ана. тарапынан ешқандай жүрек жылуын көрмей
өссе, осыған мектептегі өз сыныбындағы оқушылардың, мұғалімдердің кері
көзқарасы қосылып, үзаққа созылған қайғыру, ренжу үстінде болса, ол жүйке
ауруларына шалдықтырып, баланың ашуланшақ, ызалы қалыпқа түсуіне әсер
етеді. Екіншіден, сау балалардың адамгершілік қасиеттеріне қандай
факторлар жағымды, ал қандай факторлар жағымсыз әсер стетінін анықтап
үшін әңгімелер, бақылау, сауалнама жүргізу т.б. әдістер қолданылады.
Қазақстанда отбасы тәрбиесі мәселесімен шүғылданып жүрген ғалымдар:
Г.А.Уманов,Ж.Қоянбаев бұл авторлар отбасы тәрбие проблемасын әр қырынан
қарастырған. Ата-ананың міндеттері, мектеп пен жүртшылық байланыс
мәселелері және отбасы тәрбиесіне нұқсан келтірген.
Оның сапасы бірнеше деңгейлер, салалар арқылы
анықталады.Әлеуметтік -мәдени деңгейі ата-аналардың мәдени
деңгейі мен қоғам оміріне қатысуына, әлеуметтік экономикалық
деңгейі түрмыстық жағдайға, ата-аналардың жүмыс бастылығына;
техникалық-гигенакалық деңгейі үйінің жабдықталуына, омірсүру
ерекшеліктеріне; демократиялық деңгейі отбасы құрылымына
байланысты. Бала дамуының қай бағыты, қай жағынан алсақ та, ең
басты ролді отбасы атқаратын анық.
Отбасылық тәрбиенің басты міндеттері:
-бала денсаулығына қамқорлық -оқуына көмек, жетекшілік;
-еңбек тәрбиесі, мамандық тандауға көмек;
-жеке түлғаны әлеуметтендірудегі көмек;
-адамгершілікке тәрбиелеу;
-ақыл-ойына және жалпы мәдени дамуына ықпал;
-шығармашылық икемділіктері мен қызығуын дамыту.
Қазіргі отбасылар әрі сапасы жаңа әрі қарама-қайшы қоғамдық жағдайда
дамып келеді. Бір жағынан қоғамдық отбасының келелі мәселелері мен
қажеттіліктеріне бетбұрыс байқалады. Бала тәрбиесіндегі отбасы маңыздылығын
бекіту мен жоғарылату бағытында жаңа кешенді бағдарламалар жүзеге асырылып
жатыр. Екінші жағынан, қоғамда отбасындағы келеңсіз жағдайлардың күщеюіне
әкеліп соқтыратын құбылыстар да байқалады. Отбасылардың көпшілігінің
әртүрлі себептен тұрмыс жағдайларының төмендеуі, ата-аналардың айырылысуы,
толық емес, яғни , әкесі не шешесі жоқ отбасылардың көбеюі, отбасындағы
балаға қамқорлық пен мейірімнің жетіспеушілігі, т.б. Осының бәрі бала
тәрбиесінде жағымсыз мінез-құлықтардың қалыптасуына әкеліп соғып отырған
жағдайлары бар.
Оқушылар алдымен, өз ата-аналарына үқсағысы келеді.
Дегенмен , балалардың бәрі бірдей отбасында өзін жақсы
сезінбейді. Отбасындағы келіспеушілік, ата-аналардың көпшілігі
балалармен қатаң әңгіме жүргізеді. Сондықтан да отбасындағы
жағдайды танып-білу, бала тәрбиесінде ата-анаға теориялық көмек беру ете
маңызды.
Ата-ана мен педагогтың мақсаты, ұйымдасқан, бірлескен іс -әрекеттің
белгілі бір кезеңдері бойынша жүзеге асады. Дұрыс үйымдастырылған жүмыс
жасырын үйретушілік сипатқа ие. Педагог отбасылық тәрбиенің жағымды
жақтарына сүйенеді. Оны жан-жақты тартып, жағымсыз жағын жоюды қолданады.
Ата-ана мен педагог арасындағы бір-біріне деген сенімділік
бірінші және шешуші шарт. Арадағы қарым-қатынас ата-ананың тәрбие ісіне
қызығуын оятып, табысқа ұмтылдыратындай, өз күшіне сенімділік тудыратындай
болып құрылуы тиіс.
Педагогтың екінші бір маңызды міндеті-отбасын
педагогикалық білік-дағдылармен қаруландыру, оларды
теориялық және практикалық түрде меңгерту.
Дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынастың аяғы ата-
аналардың өз балаларының ғана емес, жалпы сынып тәрбие жүмысына қатысуына
әкеледі.Мүғалімдер мен ата-аналар әріптес ретінде тәрбие жұмысында бірін-
бірі толықтырып отырады.
Оқушының отбасын зерттеу оның өзін жақын тануға
мүмкіндік береді. Отбасының өзіне тән өмір сүру ерекшеліктеріның
қалыптасуы, дәстүрлі, рухани байлықтары, тәрбиелік мүмкіндіктері
оқушының үйдегі ата-анасымен қарым-қатынасы, осының бәрін
түсіну үшін мұғалім психологиялық педагогикалық
диагностикалаудың кешенді, дәстүрлі әдістерін алады: бақылау,
әңгімелесу,тест,сауалдама жүргізу, рөлдік ойындар т.б.
Қазіргі кезде мектептің қойып отырған талабы оқушыларды— негізгі
пәндермен терең де берік қаруландыру, ал білімдерін күнделікті
өмірде өз деңгейіндегі іскерлік пен қолдана білу. Осы
жетістіктерге жету үшін мүғалім оқушының мінез-қүлқын, сана
ссзімінің жетілу дәрежесін, таным процестерінің (түйсіну, қабылдау, ес,
ойлау сөйлеу, қиял) дұрыс қалыптасуын қадағалап әрі дамытып отыруы қажет.
Мүғалім психологиялық танымдық процестерді
калыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп
ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.
Мүғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынаста мүғалімнің негізгі жүмыс
бағыттары:
1. Окушының жеке дамуын бақылау оның еркін дамып, қабілеттерінің
ашылуына, мінез-қүлқының қалыптасуына тиімді жағдай жасау
2. Оқушының ынтасын, қабілетін зерттеу, бағдар беру.
3. Оқушыларды қоғамдық құндық қатынастарға жетелейтін әрекеттің барлық
түрлерін (жеке-дара, топтық, үжымдық) ұйымдастыру.
4. Оқушылардың еркіндіктері мен қүқықтарын сақтауға
мүмкіндік жасау
5. Сыныпта оқу-тәрбие жүмысын үйымдастыру.
Алдымен мінез-құлқында қиындығы бар оқушылардың дара ерекшеліктерін
жан-жақты қарастыруымыз керек. Мысалы, белгілі психолог К.К.Платоновтың
көзқарасы бойынша жеке адамның психологиялық құрылымы төрт
бөліктен түрады:
Біріншіден, оның темперамент, жыныс, жас өзгешеліктері, яғни
биологиялық қасиеттері;
Екіншіден, оның даму барысының дербес ерекшеліктері, яғни ес ерлікк,
түйсіну, эмоция, қабылдау және ойлау т.б. қасиеттері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншек жастағылардың психологиялық ерекшеліктері
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Бастауыш мектеп жасындағы балалардың қарым – қатынас сферасы
Жасөспірімдердің девиантты мінез - құлқын психологиялық және педагогикалық түзету
Әрбір қиын баланы
Девиантты мінез - құлық туралы түсінік және оның туындау себептері
Мінез құлқы ауытқыған жеткіншек балалар туралы түсінік және ‐ мінез құлықтың ауытқу себептері
Жеткіншектер қылмысының алдын алудың теориялық негіздері
Қиын балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастыру мәселесін теориялық негіздеу
Мінез құлықты көтермелеу әдістері
Пәндер