Иммунды жүйе туралы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Иммунды жүйе - барлық лимфоидты организмдер мен организмдегі торшалар жинағы. Ерекше иммундық қорғаныс механизмдеріне жауапты.

Иммунды жүйе сүйектік қызыл кемігі, лимфа безі, айыршық безі (тимус), кұстардық фабрицнев қапшығы, көкбауыр, сондай-ақ тыныс алу және ас қорыту жолдарындағы топталған лимфоидты тканьдар кіреді. Иммунды жүйе ең басты мүшесінің қызметін әртүрлі лимфоциттердің субпоппуляциялары және лимфоциттердің кейбір тармақтары атқарады, олар макрофагтарменқосылып, иммунологиялық жауаптың негізі - антиденелер түзу және сезімталдығы күшейтілген лимфоциттердің жиналуын қамтамасыз етеді, ал бұлар бөтен антигендерді таниды, қорытады және жояды.

Кемік майы қабырғаларда, омыртқаларда, жіліктердің шеміршекті ұштарында және т. б. сүйектерде кездеседі. Ол организмде өмір бойы сақталады да, одан үнемі қан жасушалары түзіліп отырады. Ересек адамның сүйектерінде кемік майының мөлшері шамамен 2, 5-3 кг. Кемік майы екі түрлі. Оның біріншісі - қысқа және жалпақ сүйектердің кемікті қуыстарындағы қызыл түсті кемік майы. Екіншісі - түтік пішінді сүйектердің (жіліктердің) ішкі қуысындағы сарытүсті жілік майы.

Иммундық жүйенің шеткі мушелері не - бадамша бездер, лимфа түйіндері, көкбауыр, соқырішек және т. б. жатады. Жұтқыншақтың сілемейлі қабығында 6 бадамша без шоғырланған. Оларды жұтқыншақ лимфа сақинасы деп те атайды. Ол арада жұп таңдай, жұп түтікті, сыңар жұтқыншақ және сыңар тіл, бадамша бездері орналаскан. Бұл бадамша бездер организмге тамақпен түскен зиянды микробтарды жоюға қатысады. Лимфа түйіндері көбіне ірі қантамырлардың маңында болады. Адам организмінде 460-қа жуық лимфа түйіндері бар. Олар шоғырланып жатады.

Көкбауыр - құрсақ куысының жоғары бөлігінің сол жағындағы 9-11 қабырғалардың тұсында орналасқан сыңар мүше. Оның ұзындығы шамамен 10-14 см, ені 6-10 см, қалыңдығы 3-4 см, салмағы 150- 200 г. Көкбауырда қан жасушалары түзіледі әрі уақытша сақталады. Сонымен бірге көкбауырда тіршілігін жойған эритроциттер жиналады. Иммундық мүшелер организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын және генетикалық тұтастығын қамтамасыз етеді.

Иммундық жүйе организмнің жұқпалы ауруларға және табиғи жай заттардың зиянды әсеріне қарсы тұру қабілеттілігін қамтамасыз етеді, қызметті қалпынан өзгергенде адам ауруларға тез ұшырайды.

Иммунитет - организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру, бөтен заттарды, вирустарды, бактерияларды танып зиянсыздандыру қасиеті.

Адамда екі түрлі иммунитеті болады:

  1. іштен туа біткен иммунитет
  2. жүре пайда болған иммунитет

Іштен туа біткен иммунитет - бөтен бөлшектерге қарсы организмде ең бірінші қорғаныш реакциялары қалыптасады. Іштен туа біткен иммунитет бөтен заттың немесе бөлшектің түріне ерекшелігін көрсетпейді.

  1. Іштен туа біткен иммунитеттің негізгі жасушалары:
  2. макрофагтар,
  3. моноциттер
  4. нейтрофилдер.

Организмге бөтен зат түскенде аталған жасушалар мембраналардың сыртқы жағында орналасқан рецепторлармен оларды байланыстырып жұтып алады да ыдыратады.

Іштен туа біткен иммунитеттің реакцияларын қалыптастырады:

  1. сулы ортада еритін факторлар, цитокиндер, мысалы, интерферондар, интерлейкиндер т. б. қосылыстар.
  2. комплемент жүйені активтендіретін қосылыстар.

Иммундық жүйенің қызметі:

  • организмнің бөгде заттар мен бөлшектерге қарсы тұру қабілеттілігін күшейтеді;
  • организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтайды;
  • организмді жұқпа аурулардан қорғайды, қатерлі ісіктердің түзілуін бақылайды;
  • ауыстырып отырғызған мүшеге қарсы организмнің жауабын қалыптастырады;
  • басқа қызметтер атқарады.

Иммундық жүйенің мүшелері басқа мүшелермен өзара әрекеттеседі.

Иммундық жүйенің қасиеттері:

  1. жоғары ерекшелігі, бөгде қосылыстар мен бөтен микроорганизмдерге қарсы ерекше реакцияларды қалыптастырады.
  2. организмнің өзінің қосылысын танып, бөтен заттан айыру қабілеттілігі.

Өте сирек кездесетін құбылыс - иммундық жүйенің әсері организмнің өзінің қалыпты ұлпаларының жасушаларына қарсы бағытталады, нәтижесінде адамда аутоиммундық аурулар дамиды.

Иммундық жүйенің жауабы есте сақталады, Антигенмен организм қайта кездескенде иммундық жүйенің реакцияларының жылдамдығы және тиімділігі жоғары болады, антиденелердің деңгейі тез жоғарылайды.

Антигендердің ең бірінші акцепторлары ретінде лимфоциттер қызмет атқарады. Лимфоциттер лимфалық түйіндерінде орналасады.

Иммундық жүйе мүшелері :

  1. орталық иммундық жүйе мүшелері: тимус (айырша без), сүйек кемігі.
  2. перифериялық иммундық жүйе мүшелері:
  • лимфа түйіндері
  • көкбауырәр түрлі ішкі мүшелердегі лимфоидті ұлпа жиынтықтары.

Тимуста - Т-лимфоцитер дамиды, жіктеледі және жетіледі.

Сүйек кемігі - бағана жасушалар түзілетін мүше. Бағана жасушалар иммундық жүйе жасушаларының, оның ішінде лимфоциттердің негізгі көзі.

Көкбауыр - қанағымына түскен бөгет ақуыздар, бұзылған формалық элементтер, микроорганизмдер үшін күшті фильтр ретінде қызмет атқарады.

Лимфа түйіндері - лимфоциттер түзілетін шеткі қантүзу мүшесі. Лимфа түйіндерінде фагоцитоздың көмегімен бөгде заттар залалсызданады, Т- және В-лимфоциттер, антиденелер түзіледі. Лимфа түйіндері қорғаныш және қантүзу қызметтерін атқарады.

Иммундық жүйенің жасушалары:

  • лимфоциттер,
  • фагоциттер,
  • базофилдер,
  • бағана жасушалар,
  • тромбоциттер,
  • басқа жасушалары, мысалы ұлпа жасушалары.

Барлық жасушаларының тегі - плюропотентті бағана жасушалары.

Иммундық жүйе ағзаны генетикасыз жасушалардан немесе сыртқы өсерден, немесе ағзада пайда болатын зиянды заттардан сақтап тұратын ұлпалар мен мүшелер болып табылады. Иммундық жүйенің мүшелері лимфойдты ұлпадан түзіліп, өмір бойы адам агзасының ішкі ортасын бір қалыпты сақтайды. Ол мүшелер иммундық қасиеті (түрлі ауруға қарсы тұра алады) бар лимфоциттер мен плазмоциттерді жасап, қорғаныш қызметіне қатыстырады. Мұны орындауға Т және В - лимфоциттері қатысады.

Иммунды жүйе мүшелеріне жілік кемігі (майы), айырша без (тимус), түйінбездер, талақ, аскорыту мен тыныс жүйелерінің қуысында болатын түйінбез шоғырлары, сокыр ішек пен мықын ішектегі түйінбездер, бадамшалар жатады. Олар иммуногендік қызметіне карай орталық жөне шеткі иммундық мүшелер деп бөлінеді. Орталық мүшелерге айырша без, жілік майы, соқыр ішек пен мықын ішектердегі мүйінбездер, ал шеткісіне - бадамшалар, асқорыту мен тыныс жүйесінің қуысындағы түйінбездер және талақ жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлардың бруцеллезі
Иммунология
Иммуниттет анықтамасы
Иммунопатология. Постинфекционды иммунодефициттер
Иммунитет және иммуногенді жүйелер
Иммунитет теорияларының дамуы
Қан түзу. Эмбрионалді қан түзу
Иммундық жүйенің орталық және шеткі мүшелері
Вакциналардың классификациясы
Медицина жетістіктеріндегі медициналық микробиологияның қосқан үлесі. тарихи даму барысында микробиология, вирусология және иммунологияның мақсаттары және міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz