Қара зере өсімдігінің протопластарын өсірудің қолайлы әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Қара зере өсімдігінің протопластарын өсірудің қолайлы әдістері

Астана қаласы, 2017 жыл

МАЗМҰНЫ

1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Әдебиетке шолу
2.2. Қара зере өсімдігіне жалпы сипаттама
2.3. Протопластқа жалпы сипаттама
3. ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
3.1. Зерттеу материалдары мен құрал-жабдықтар
3.2. Тіршілікке қабілетті қара зере өсімдігінің протопластын алу
3.3. Қара зере өсімдігінің протопластын In vitro өсіру
3.4. Қара зере өсімдігінің протопластынан регенерант өсімдік алу
4. ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ
4.1. Әдістердің тиімділігін салыстыру және талдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1.К І Р І С П Е

Тақырыптың өзектілігі: Қара зере өсімдігінің протопластарын өсірудің қолайлы әдістері.Еліміздің ауылшаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыруда және медицина саласында қара зере өсімдігін өсірудің маңызы өте зор. Жергілікті жағдайға бейімделген жоғары өнімді сұрыптар мен будандарды протопластты алу әдісімен өсірудің нәтижесінде өндіретін өсімдіктердің өнімділігін 40-50 және одан да жоғары пайызға көтеруге болады.Сондықтан қара зере өсімдігіне протопластты өсірудің қай әдісі ең қолайлы екенін анықтау өзекті мәселе болып келеді.
Қара зеренің, негізінен, дәнектері мен майы емге пайдаланылады. Мәселен, қара зере майы аллергияны, қышыма мен псориазды бәсеңдетуге, демікпеге қарсы ағзаның иммунитетін арттыруға, асқорыту қиындағанда, жоғарғы қан қысымы байқалғанда емге пайдаланылады. Түрлі витаминдер, минералды тұздар, микроэлементтермен қатар, қара зере майының құрамында көмірсулар, белоктар мен майлар да бар. Өсімдік майы негізгі маймен қатар майлы қышқылдардан да түзіледі. Зерттеуші медицина мамандарының айтуынша, қара зере майының химиялық құрамын фосфат, темір, фосфор, кальций, карбогидраттар, Е және В витаминдері, линолей қышқылы, олеин қышқылы, пальмитин қышқылы, эйкозен қышқылы, стеарин қышқылы, альфа-линолен қышқылы құрайды. Бұл қасиеттер өсімдіктің өте пайдалы екенін көрсететіні анық[4].
Өсімдік клеткаларының дақылдары клеткалық деңгейде өсімдіктің өсуі мен дамуын анықтайтын механизмдерді зерттеу қызықты модельді жүйелердің бірі болып табылады. Бұл зерттеулерге in vitro жағдайында стресс факторларға төзімді генотиптерді зерттеуге және таңдауға мүмкіндік береді. Өсімдік генотипін дұрыс таңдау биотехнологиялық зерттеулерге қажетті болып табылады, себебі: генотип каллус түзу жиілігіне және регенерациялану процестеріне және алынатын регенеранттар санына әсер етеді. Генетикалық факторлардың көрсетуі бойынша, каллус түзу қарқындылығы және каллустан алынған регенерация өсімдігі бір-бірімен байланысады.
Жұмыстың мақсаты:
Қара зере өсімдігінің медициналық шипалы және пайдалы қасиеттерін толығымен көрсету.Протопласт алудың барлық жолдарын толықтай қарасатыру.Жүргізілген зерттеу әдістері толықтай сараптама жасау.Қара зере өсімдігінің ерекше қаситтерін ескере отырып нәтижелерді талдау. Қара зере өсімдігінің протопластын өсірудің ең қолайлы әдісі қайсысы екенін анықтау.

Осы мақсатқа сәйкес зерттеулердің міндеттері төмендегідей:
1. Қара зере өсімдігінің пайдалы қасиеттерін анықтау;
2. Протопласттарды өсірудің әдістерін қарастыру;
3. Аталған әдістердің ішінде қара зере өсімдігінің протопластын алуға ең тиімдісін анықтап қорытынды жасау.
2.НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
Клеткаларды өсіру деген ұғымға өсімдіктен бөлініп алынған клеткаларды, ұлпаларды, мүшелерді қоректік ортада заласыздандырылған жағдайда өсіру енеді. Өсімдік клеткаларын іn vitro жағдайында нәтижелі өсіру жұмыстарын ХХ ғасырдың 30-шы жылдары Ф. Уайт пен Р.Готре бастап еді. Өсімдіктің тірі клеткасы лайықты коректік ортада өзіне тән тотипатенттік қасиетін көрсетеді, яғни бүтін регенерант өсімдігін түзеді. Іn vitro жағдайында пайда болған өркені мен тамыры жетілген өсімдікті регенерант деп атайды[4].
Тотипатенттілік деген - клетканың өзіне тән генетикалық потенциялын толық жүзеге асыру қасиеті. Тотипатенттілік қасиет туралы гипотеза белгілі ғалым Г.Габерландтың есімімен байланысты[4].
Өсімдіктің жеке клеткасы жасанды ортада өздігінене дами алады. Мұндай тәжірибені алғашқы рет 1902 жылы Габерлант жүргізді, ал 1930 жылы Уайт оқшауланған тамырларды жасанды ортада өсіріп, олардың дамуын байқады. Осы әдіспен сәбіз тамырынан бөліп алған бөліктерді жасанды стирильді ортада жетілдіру арқылы каллус ұлпасы өсірілді. Каллус тек біріңғай паренхима клеткаларынан тұрады. Бұл факторлардың әсерімен каллус дифференциацияланып, одан әрі түрлі тканьдер пайда болады. Каллусты өсіру арқылы клеткалардың өсуіне, дамуына қажетті қоректік заттар, витаминдер мен гармондардың әсерлері зерттеледі[5].
Іn vitro жағдайында өсірілетін ұлпа - каллус. Каллус деп клеткалардың ретсіз бөлінуі салдарынан пайда болған диференцияланбаған клеткалардан тұратын ұлпаны айтады. Клеткаларды агары бар қатты немесе сұйық қоректік ортада өсіреді. Жеке клеткаларды немесе кішігірім клеткалар топтарын арнаулы апараттарды қолданып, олардың аэрациясы мен араластыруын қамтамасыз ете отырып сұйық ортада өсіруді клеткалық суспензия деп атайды[1].
Клеткалардан ферменттердің әсерімен протопластарды бөліп алу және оларды өсіру әдісі елеулі бір тарихи кезең болады. Себебі протопластарды өсіру өсімдктер биотехнологиясының клеткалық және гендік инженериясы деген маңызды бағыттардың негізін қалады. Биотехнология биологиялық процестер мен обьектілерді пайдалануға негізделген, экономикалық жағынан тиімді де маңызды заттарды өндіру және жоғары өнімділігі бар организмдерді шығаратын ғылыммен өндірістің жаңа бағыты. Өсімдік биотехнологиясы жалпы биотехнологияның күрделі бір саласы. Оның негізінде өсімдік клеткаларын жасанды қоректік ортада өсіру әдістері жатады[13].
2.2. Қара зере өсімдігіне жалпы сипаттама
Зере, тмин (лат. Carum) - шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі немесе көп жылдық шөптесін өсімдік.Еуразияда кездесетін 30-ға жуық түрі белгілі. Зире республикамыздың өзен, бұлақ жағалары мен шалғынды жерлерінде және қалың бұталардың арасында өседі.
Қазақстанда Торғайда, Жетісу Алатауының, Алтайдың, Тарбағатайдың тау етектерінен бастап, субальпілік белдеулеріне дейін кең таралған кәдімгі Зире (C. carvі) және күңгірт Зире (C. atrosanguіneum) түрлері кездеседі. Олардың биіктігі 40 - 60 см. Сабағы көп қырлы. Жапырақтары жылтыр, түксіз. Сабағының түбіне жақын орналасқандары қысқа сағақты келеді де, ұшына қарай жалпайып мөлдір жарғақты қынапты болады. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді терең ойықталып салаланған. Ақ, қызғылт, қара қошқыл түсті гүлдері 5 тостағанша, 5 күлте, 5 аталық және жатыны 2 ұялы бір аналықтан құралған. Мамыр - маусым айларында гүлдеп, шілдеде жемістенеді. Жемісі - екі бөлшекті (әр бөлшегінде бір тұқым болады) құрғақ тұқымша. Зиренің тұқымының құрамында 5 - 75% май болады, ол медицинада, ветеринарияда кеңінен пайдаланылады. Тұқымынан, сондай-ақ сабын қайнатады, тамаққа қосады. Жемісінің сығындысынан (күнжарасынан) мал азығын дайындайды[5].
Қандай ауруларға ем: Қандағы холестеринді азайтады;ағзаны улы заттардан тазартады;иммунитет жүйесін күшейтеді;инсультқа (миға қан кету) қарсы тұрады;артрит (буын ауруы) пен бауыр ауруынан айықтырады; құрамындағы тимохинон арқылы қандағы глюкозаны азайтады;құрамындағы эфир майлар арқылы бактерияларды өлтіріп, олардың көбеюін тоқтатады; бронхит пен астмаға (тыныс жолдарының қабынуы) ем; ішектердегі қажетті бактерияларды қалпына келтіру арқылы іш-құрылыстың жүйесін реттейді; тері ауруларына пайдалы (қотыр, қышыма, бөртпе т.б.);өт пен бүйректе жиналған майда тастарды уатады; несеп жолдарын тазалайды;ішті жүргізеді; ішек құрттарын жоюға көмек береді;бала емізетін әйелдердің сүтін молайтады; сүйелді кетіреді;жөтел мен сарыауруға таптырмайтын ем; белсіздікке ем;семіздіктен арылуға көмектеседі;тәбетті арттырады; асқазанның ойық жарасын (язва) жазады,етеккiр циклын қалпына келтіреді т.б .
Қара зере өсімдігіне жүргізілген ғылыми зерттеулер
Соңғы жарты ғасырдан бастап қара зеренің емдік қасиетіне байланысты көптеген ғылыми тәжірибелік зерттеулер жүргізілді. Нәтижесі таңғаларлық. Мұны клиникалық зерттеулер де дәлелдеп отыр[2].

Жылы
Жүргізілген зерттеулер
1960 жылы
профессор Дахақна қара зеренің майымен артритті емдеуге болатындығын дәлелдеген.

1991 жылы
үнді онкология институтының ғалымдары өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін Ethno pharmacology атты журналда жариялады. Онда қара зеренің қатерлі ісікке қарсы да емдік қасиеті бары да жазылған.

1992 жылы
Дакка (Бангладеш) университетінде жүргізілген зерттеуде қара зеренің бактерияға қарсы тұра алатын қасиеті анықталды.

1993-1995 жылдары
АҚШ-тағы зерттеулерде қара зеренің улы заттарға қарсы ересен емдік күші бар екендігі дәлелденді.

АҚШ-та фармокологиялық фирмалар қара зеренің негізінде жаңа емдік препараттар жасайтын арнайы зертхана құрды.

Мюнхендік иммунолог доктор Питер Шлейкер (Германия) Құрама штаттардағы медициналық мекемелермен бірлесе зерттеулер жүргізіп, соның нәтижесінде қара зеренің негізінде түрлі ауруларға ем рецептерін түзіп шықты.

2.3. Протопластқа жалпы сипаттама
Протопласт көне грекше: PIρῶτος -- алғаш + PIλαστός -- өсімдік клеткасы (қабыгынан басқа) ішіндегі заттарының жалпы атауы. Протопластқа клетканың структуралық жүйесі -- цитоплазма, клетканың зат алмасу процесіне қатысты маңызды құрамы -- ядро, ақуыздық заттар -- пластидтер, митохондрилер жатады. Цитоплазмада бұл органеллалардан басқа физиологиялық маңызы зор ұсақ органеллалар да болады[3]. Бұған Голъджи аппараты, эндоплазмалық тор, рибосома, сферосома т. б. органеллалар жатады. Жалпы алғанда Протопласт кілегейге үқсас, химиялық құрамы органикалық және органик. емес заттар ңосылысы, бүнда клетканың тірі компоненттері орналасады, зат алмасу процесі өтеді. Протопласт элементтерін екі топқа бөлуге болады. Бұның бірі -- ядро, цитоплазма және оның құрамдары, екіншісі -- цитоплазма емес немесе эргастикалық (метоболит) заттар. Ядро мен ңитоплазма және бұлардың құрамдары клетканың тірі бөлігін, ал эргастикалық заттар тірі емес бөлігін құрайды. Сондықтан да, протопласт тірі клетканың ұйымдасқан негізгі құрылымы ретінде қарастыру қажет [1].
Протопласт физикалық-химиялық жағынан алып қарағанда, ертіндіде макромолекулалық қасиеттері мен белгілері бар күрделі коллоидты жүйе. Протопластың (цитоплазманың) химиялық құрамы, оның мынандай қасиеттерін анықтайды: тұтқырлығын, коллоидтылығын, созылмалдылығын, серпімділігін, түсін және т.б.Клетканың физиологиялық активтілігі, оның химиялық құрамына және жоғарыда көрсетілген физикалық қасиеттеріне тікелей байланысты[6].
Протопластың физикалық-химиялық қасиетттерінің өзгеріске түсуі, клетка тіршілігін қамтамасыз ететін көптеген физиологиялық процестердің өзгеруін туғызады. Осыған байланысты протопласт қасиеттерін зерттеу, клетка дкеңгейінде тіршілікті қамтамасыз ететін әртүрлі құбылыстарды танып білуге, талдауға бағыт береді[1].
Протопласт бөтен ДНК- ны қабылдай алатын өте ыңғайлы жүйе. ДНК клеткаға енгізіп және оның эксперсиясын қамтамасыз ету арқылы генетикалық өзгертілген өсімдіктерді алуға болады. Сөйтіп протопластарды бөліп алу, өсіру, қосу және оларға клеткалық оргоноиттарды және хромосомаларды, тіпті ДНК енгізу генетиктер мен селекционерлерге будан өсімдіктердің алуан түрлілігін арттыруға мүмкндік береді. Протопласт деген ферменттердің әсерімен немесе механикалық әдістермен қабығы түгелдей жойылған өсімдік клеткасы.
3.ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ

3.1.Зерттеу материалдары мен құрал-жабдықтар

Клеткалық инженерия - клеткаларды өсіру,оларды будандастыру және қайта құрастыру арқылы клетканың мүлдем жаңа типін жасау әдістерін негізінде қалыптасқан биотехнологияның саласы.Клеткаларды жасанды жолдармен будандастырғ,анда,сомалық(жыныстық емес) клеткаларды бір-біріне қосқанда будан геном түзіледі[10].Будандастырудың бұл тәсілінің мәні мынада:аталық және аналық клеткалар ретінде жыныстық клеткалар (гаметалар) емес өсімдіктің дене (сомалық)клеткалары қосылады.Олардың алдын - ала протопластарын бөліп алады,белгілі жағдайда олар бір-бірімен қиылысады.Пайда болған сомалық будан клеткалардан кейін регенерация арқылы будан өсімдіктер өсіп шығады.
Клетканы қайта құрастыру (реконструкция)-клетканың құрамына кіретін ядроны,цитоплазманы,митохондриялард ы,хлоропластарды,хромосоларды бір клеткадан басқа клеткаға көшіру негізінде мүлдем жаңа клетканы жасау.Осындай әрекеттер нәтижесінде ядролық және цитоплазмалық гендер тіркестігі әдеттегідей емес,тіпті өзгеше клеткалар пайда болуы мүмкін.Одан да артық ғалымдарды қызықтыратыны,ол жеке хромосомаларды тасымалдау арқылы анеуплойдтық линияларды алу мүмкіншілігі [3].
Қазіргі уақытта протопластарды бөліп алу үшін ферменттердің қоспасын пайдаланады.Бұл қоспаның құрамында ферменттердің үш түрі болады:олар пектиназа,целлюлоза,гемицеллюлаза.О лар клетка қабығының негізгі компо-ненттерін ыдыратады.Бұл ферменттерді кейбір бактериялар мен саңырауқұлақтар өздерін өсірген сұйық ортаға бөліп шығарады,сонымен қатар оларды ұлудың ас қорыту сөлінен бөліп алады. Қазіргі уақытта пептиназалық және целлюлазалық әсері бар бірталай стандарттық бірнеше ферменттер бар.Олардың фирмалық аттары әртүрлі,атап айтқанда мыналар:
Целлюллюлаза:
Гемицеллюлаза:
Пектиназа:
Ферменттік ерітінділерді арнайы сүзгіден өткізу арқылы залалсыздандыра-ды. Клетка түрінде құрылымы мен құрамы жағынан айырмашылық болғандық-тан,қолданылатын ферменттердің комбинациялары мен мөлшерінің ара қатынасы бірдей болмайды.Әр-бір ұлпа үшін ферменттердің құрамы,концентрациясы мен ара қатынасы және өңдеу уақыты бөлек іріктеліп алынады.Бөлініп алынған протпластар ферменттік ерітіндіде мейлінше аз уақыт болуы керек,одан кейін ұқыпты түрде жуылуы қажет.

Қара зере өсімдігінің протопластарды бөлу кезеңінде осмостық стабилизатор маңызды қызмет атқарады. Протопластар бүтін болуы үшін ферменттік ерітінділер изотониялық немесе гипертониялық күйде болуы керек.Кейде материалды алдын - ала плазмолиздік ерітіндісінде біраз ұстайды.Осмостық зат ретінде көбінесе қанттар (глюкоза,сахароза,сорбит, маннит) пайдаланылады. Осмостық қысымның дәл концентрациясы өсімдіктің нақты түрінен және оның физиологиялық күйіне байланысты жеке іріктеліп алынады.Көбінесе ферменттер кейін қара зере өсімдігінің протопластарын өсіруге қолданылатын қоректік ортада ерітіліп дайындалады.Ферменттік ерітіндінің РН көрсеткішіндегі бір деңгейде (5,4-6,2 ) ұстау үшін буфер қосады[3].
Қара зере өсімдігінің протопластарды бөлу кезеңінде аэрацияның маңызы зор. Сондықтан ортаны араластыратын жабдықтар қолданылады немесе ферменттік ерітіндінің түбіне ғана құйылған Петри табақшасында бөліп шығарады.Протопластарды ала көлеңкеде немесе қараңғыда бөліп алады.Ферменттік ерітіндіде инкубация уақыты ферменттердің үйлесуіне,РН және температураға байланыста,1-2 сағаттан 15-16 сағатқа дейін барады.Әрбір нақтылы ұлпа үшін ең тиімді температурамен өңдеу уақытын жеке іріктеп алу қажет.Температура әр деңгейде болады,мысалы бидайда 14 градус С болса,томатқа ең қолайлысы 27 градус С.
Қара зере өсімдігінің протопластар бөлініп алынған соң,олар ұлпаның қалдықтары мен ферменттерден тазалануы керек. Ол үшін оларды центрифугалайды немесе сүзіп алады.Инкубациялық қоспаның тесіктері 50-100 мкм електен сүзеді,одан кейін протоплас суспензиясын центрифугалайды.Центрифугалау тәртібі осмостық затқа байланысты.Егер ферменттік ерітіндісі 0,4-0,5 м сахарозада дайындалса,100-200гр 2-3 минут бойы центрифугалайды. Қара зере өсімдігінің протопластар үстіне қалқып шығады,оларды Пастер пипеткасымен сорып алып,2 рет тұздың ерітіндісімен шаяды.Тығыздығы төмен басқа осмостық заттарды (маннит,сорбит) қолданған кезде , өсімдік протопластары центрифугалау кезінде тұнба болып шөгеді.Оларды 2 рет жуады.Одан кейін протопластарды тұздың ерітіндісінде немесе 0.4м маннит,сорбит,глюкоза ерітіндісіне немесе өсіретін қоректік ортаға салып,суспензиясын алады [4].
3.2.Тіршілікке қабілетті қара зере өсімдігінің протопластын алу
Қара зере өсімдігінің протопластарын нәтижелі бөліп алу көптеген факторларға байланысты.Олар атап айтқанда:ұлпаның шығу тегі (жапырақ,тұқым жапырақ,тамыр,тозаң түйірі,каллус ұлпасы,суспензиядағы клеткалар),өсімдіктің түрі мен сорты,өсімдіктің физиологиялық күйі,ферменттердің құрамы,олардфың сапасы,ортаның Рн және осмостық заттың түрі.
Қара зере өсімдігінің протопластардың тіршілікке икемділігін ,яғни олардың метоболиттік активті-лігін анықтайтын арнайы әдіс бар .Ол протопластардың флуоресцеиндиацетатпен (ФДА) боялуы. ФДА бұл флуоресценциясы жоқ қосылыс,протопластар мембранасы арқылы жеңіл өтеді,тірі қара зере өсімдігінің протопластардың ішінде эстеразалардың әсерімен ыдырайды.Соның нәтижесінде флуоресцеин босайды,оны прото-пластардың бүтін мембраналары ұмтап қалады.Сондықтан метоболиттік активтілігі бар (тіршілікке қабілетті) протопластар ультра күлгін сәулесінде көзге көрінеді,себебі жинақталған флуоресцеин ультро күлгін сәулесімен қоз-дырылып,жасыл сәулені тарата бастайды [5].
Қара зере өсімдігінің протопластар суспензиясының сапасы тіршілікке икемді протопластардың саны мен (процент мөлшерінде) белгіленеді.Протопластардың саны Фукс-Резонталь камерасында есептеледі.Протоплдастардың тығыздығы (суспензияның 1 мл-дегі саны) суспензияның маңызды сипаттамасы.Егер ұлпаның немесе өсірген клеткалардың ылғалды массасының 1 гр-нан 1 х 103 тен 1 х104 ке дейін тіршілікке икемді протопластар шықса,онда протопластар жақсы бөлініп алынды деп есептеледі.
Жоғарыда айтылып кеткендей,протопластардың бөлініп алынатын мөлшері және олардың өміршеңдігі сімдіктің түріне,жасына және физиологиялық күйі-не,яғни генетикалық және эпигенетикалық ерекшеліктеріне байланысты[5].
Протопластарды көп мөлшерде тұрақты алып отыру үшін қара зере өсімдіктерді белгілі бір жағдайда өсіру керек және олардың ең қолайды өсу кезеңін нақтылы бір мүшесін анықтап таңдап алуы қажет.
In vitro өскен клеткалар мен ұлпалардан протопластарды бөліп алудың мынадай артықшылықтары бар:стирильдік, In vitro жағдайларында өсіруге бейімділік. Бірақ клетка қабықшасының химиялық құрамының күрделі болып өзгеруі және оның қалыңдауы ферменттік гидролизді қиындатады. Бүтін протопластардың бөлініп алынуы өсірген клеткалардың ішінде меристемалық клеткаларының сан жағынан үйлесіне сай болады,ал ол үшін суспенциядағы клеткаларды жиі-жиі жаңа коректік ортаға көшіріп отыруы керек.
Суспензияда өсірген клеткалардан протопластарды алу үшін ең қолайлы мерзім,ол клеткалардың өсу кезеңінің лагарифмдік фазасының соңында.Осы мезгілде клетка қабықшалары ферменттердің әсерімен оңай ыдырап,өміршең протопластарды береді. Қара зере өсімдігінің протопластарның тіршілікке икемділігі оларды бөліп алу жағдайлары мен тәсілдеріне байланысты.Клетканың плазмолиз кезінде сусыздандырылуы және қабығының бұзылуы оны шок күйіне (күйзеліске) душар етеді.Бұл жағдайда цитоплазмангың вокуольденуі артады,көптеген липид тамыршалары пайда болады,полисомалардың саны азаяды,ядромен хлоропластар қоюланады.
Фермент препаратының сапасы протлпластардың бөліп алынған санына,мөлшеріне ғана емес,олардың кейбір қасиеттерінеде әсер етеді.Пектиндер мен целлюлозаларды гидролиздейтін саудалық фермент препаратына қоспа ретінде протезалар,липазалар,нуклеазалар және басқа ферменттер,фенолдық қосылыстар,тұздар кіреді.Олар плазмалемманың қасиеттерін өзгертуі мүмкін. Осы токсикалық заттардан құтылуы үшін және протопластардың шығуын арттыру үшін ферменттерді тазалауға болады. Бірақ айта кететін мәселе өте жақсы тазартылған ферменттер протопластарды көп мөлшерде алуға тиімсіз келеді. Кейде ферменттік ерітіндісі қорғаушы заттар (протекторлар) қосы-лады,мысалы:калий сульфатының 0,5 процент ерітінділері.Олар протеин-дермен әрекеттесіп,ферменттердің зиянды әсерін төмендетеді[6].
Инкубациялық ортада иондардың,әсіресе кальций мен магнийдің болуы плазмалемманың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жасушалық инженерия жайлы
Қара зере майы негізінде косметологиялық спрей алу
Клеткалық инженерия. Протопластарды бөліп алу және инвитро жағдайында өсіру
Клеткалық инженерия әдістері
Сомалық будандастырудың негіздері
Темекі өсімдігін модель есебінде IN VITRO және IN VIVO микроэлементтерді жағдайында өсіргенде қолдану технологиясы және оның экологиялық маңызы
Өсімдіктердің өсу және дамуына дубильді заттардың әсерін зерттеу
Қант қызылшасының маңыздылығы
Дәндік жүгері өсіру технологиясы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
Пәндер