Жер кадастрының принциптері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Жер кадастрының түрлері.
Жер кадастрының принциптері.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

КІРІСПЕ
Қазіргі кезде ауыл шаруашылық өндірісін дамытуда еліміздің жер ресурстарын ұтымды және интенсивті пайдалану ең негізгі мәселе болып саналады. Осыған орай жер ресурстарын пайдалануды жақсарту қоғамдық өндірістің тиімділігін арттыруға бағытталған жалпы шаралар жүйесінде ең алдыңғы жоспар ретінде ұсынылады. Еліміздегі экономикалық түрлену және нарықтық экономикаға беталу жер қатынастарына әсер етпеуі мүмкін емес екені күмәнсіз және оларды реформалау жер реформасын жүргізу арқылы жүзеге асырылды. Қазастанда жер реформасы 1991 жылдың маусым айындағы Жер реформасы туралы Заң қабылданған соң жүзеге асырыла бастады. Бұл Заң бойынша, жер реформасы республика экономикасының нарықтық қатынастарға ену кезеңінде жер иеленудің сапалық жаңа құрылымы мен жерді пайдаланудың құқықтық және ұйымдық-технологиялық шаралары ретінде айқындалды. Қазіргі кезде жер реформасы жер қатынастарын одан әрі жетілдіру, құқықтық, экономикалық және жерде шаруашылық жүргізудің әртүрлі ұтымды формаларын қалыптастыру, қорғау және оның тиімділін қамтамасыз етуде әлеуметтік жаңа сатыға көтерілді. Жер реформасының негізгі мақсаты, әу бастан-ақ жер иесін жаңаша қалыптастыру, оған деген иесіздікті жойып, жанашырлықты таныту, ауылдың жердегі өнім өндірушілердің таңдауына ерік беру, өндірісті қазіргі кездегі орын алған тығырықтан шығаруға жол ашу, жерге меншік иесінің құқығына керілдік беру болса, алда да солай блып қала бермек. Реформа, жер пайдалану құқы мен жер нарығын калыптастыру үшін шаруашылық жүргізудің барлық түрлерін тең дәрежеде дамыта отырып, экономикалық, құқықтық және әлеуметтік жағдайларды, сонымен бірге жер қатынастарын жаңаша құруға бағытталғаны белгілі. Сондықтан да оның басты бағыты - жерде шаруашылық жүргізудің жаңа нысанын, жер пайдалану мен жерге меншіктің жаңа жүйесін енгізіп, қалыптастыру, сөйтіп, жаңа жер құрылысына көшу болып табылады. Еліміздің жер қорын басқару, оны қорғау, тиімді пайдалануын ұйымдастыру оларды жер кадастры жүйесінде жан-жақты зерттеуін талап етеді. Сондықтан жер кадастрының халық шаруашылығында рөлі өте жоғары және мемлекеттік шара болып саналады. Мемлекеттік жер кадастры Казахстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналаскан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық кұны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады. Жер кадастры келесі құрамдас бөліктерден тұрады: жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларды мемлекеттік тіркеу; жер алқаптарын сандық және сапалық есепке алу; топырақты бонитеттеу; жерлерді экономикалық тұрғыдан бағалау. Жер кадастрын оқу көптеген ғылыми пәндердің теорияларына сүйенеді, олар: ауыл шаруашылығы экономикасы, жер құқығы, жерге орналастыру, топырақтану, егіншілік, агроэкология, ауыл шаруашылық мелиорациясы, табиғатты қорғау және т.б. Ұсынылған оқулықта жер кадастры туралы ілім агрономиялық көзқарастан баяндалған және жер кадастрының теориялық негіздеріне, оның негізгі құрамдық бөліктері топырақты бонитеттеу мен жерді экономикалық тұрғыдан бағалауға ерекше көңіл бөлінген. Пәнді оқыту мақсаты - студенттерге мемлекеттік жер кадастры туралы теориялық білім беру, негізгі кадастр жұмыстарының әдістемесін үйрету, жер кадастрын жүргізу жөнінде практикалық дағды беру болып табылады, әсіресе топырақты бонитеттеу мен жерді бағалау, сонымен қатар жер кадастры материалдарын жер ресурстарын басқару және ауыл шаруашылық өндірісін жоспарлау саласында. Пәннің міндеті - жер кадастры ақпараттарын пайдалана отырып жер ресурстарын ұтымды пайдалану үшін қажетті белгілі бір білім, дағдылар және машықтар жиынтығын қалыптастыру.
ЖЕР КАДАСТРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жер кадастры жүргізілетін жұмыс ретіне және мазмұнына қарай екі түрге бөлінеді: негізгі (бірінші, алғашқы) және ағымдағы немесе күнделікті (келесі).
Негізгі кадастрдың міндеті - кадастрленетін жер учаскесі, аудан, облыс жерлерінің табиғи, құқықтық және шаруашылық жағдайы туралы алғашқы мәліметтерді алу немесе анықтау және жер-кадастрлық құжаттарға енгізу.
Негізгі жер кадастры мерзімді немесе оқтын-оқтын жүргізіледі және қайта түсіру, тексеру, жер-бағалау жұмыстарын орындау, жаңа жер пайдаланушылар немесе оларды қайта құрудан кейін жүргізіледі. Сонымен қатар қайтадан бекітілген құжаттарды толтырған кейін жүргізіледі. Негізгі жер кадастры жекеленген жер пайдалану, аудандар және үлкен, жалпы мемлекет аумағын қоса, әкімшілік-аумақтар бірлігінде жүргізілуі мүмкін.
Негізгі жер кадастры кезінде жалпы жер пайдалану ауданы, алқаптар құрамы, жердің сапалық жай-күйі, топырақты бонитеттеу және экономикалық тұрғыдан бағалау туралы мәліметтер мен құжаттарды жинайды, талдайды және жіктейді. Жиналған мәліметтерді мұқиятты талдайды және дұрыстығы мен объективтілігін тексереді. Қажетті жағдайда мәліметтерді реттейді немесе жетіспейтін мәліметтерді алу үшін қосымша жұмыстар жүргізіледі. Содан кейін оларды жүйелейді, қайтадан қарап шығады да белгіленген тәртіп бойынша бекітіледі де бастапқы мәліметтер ретінде жер-кадастрлық құжаттарға енгізіледі.
Олай болса негізгі жер кадастры жер қорының жай-күйі жайында толық ақпарат береді. Жер қоры жайында толық мәліметтердің болуы келешекте жерлерді тиімді және дұрыс пайдалану үшін әртүрлі шараларды жоспарлауға мүмкіншілік береді. Сондықтан жер кадастры жүйесінде құнарлығы шамалы алқаптар соңынан қарқынды пайдалануға айналдыруға болатындар есепке алынады. Мысалы, тыңайған жерлер, шабындықтар мен жайылымдар көлемінен жыртуға болатын жерлер бөлінеді. Бұталардан егістікке, шабындық пен жайылымдарға тазалауға болатын учаскелерді бөледі. Бұл жер кадастрының алқаптарды өзгермейді немесе тұрақты деп қарамайтынын және оларды бір түрден екінші бір түрге ауыстыру жағдайын немесе құнарлығы шамалы жерлерді құнарлығын арттыруды жоспарлайтынын көрсетеді.
Жердің сапалы жай-күйінің өзгеруі оларды мелиорациялау, химияландыру, топырақтың эрозиясымен күресу және басқа да шараларды жүргізгенде жақсы байқалады. Жерді тиімді пайдалану ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін, жалпы өнім шығымдылығын, таза табыс, шығындар қайтымдылығын және басқа да экономикалық бағалау негізіндегі көрсеткіштер мөлшерін арттырады.
Жер-кадастрлық мәліметтер шындыққа сәйкесті болуы үшін көрсетілген өзгерістер жер кадастрында көрсетілуі тиіс. Олай болса жер кадастры мемлекеттік жер қорына санаттары, жер пайдаланушылар, алқаптар құрамы және олардың сапалық жай-күйі туралы мәліметтерді алғашқы есепке алу кезіне және жер пайдаланудағы өзгерістерді уақытымен жер-кадастрлық құжаттарға енгізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Бұл міндетті ағымдағы немесе келесі жер кадастры атқарады. Ағымдағы кадастр жер пайдалануда бастапқы кадастрды жүргізгеннен кейінгі өзгерістерді айқындау және жер-кадастрлық құжаттарға енгізу жұмыстарымен айналысады.
Сонымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерді пайдалануды есепке алу
Аягөз ауданында жер кадастрының жүргізілу тәртібі
Жер кадастрының теориялық негізі
Жер кадастрлық мәліметтердің мазмұнын
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ЕҢБЕКШІ ҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ШАРУА ФЕРМЕР ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕР ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ БАҒАЛАУ ЖОЛЫ
Жер кадастры жайлы мәліметтер
ЖЕР УЧАСКЕЛЕРІН МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ЖӘНЕ КАДАСТРЛЫҚ ЕСЕПКЕ АЛУ
Жер кадастрының құқықтық мағынасы
Жерлерді кадастрлық бағалау
Тіркеу мен есепке алу жұмыстарының жүргізу негіздері
Пәндер