Жоғары деңгейдегі сезімдер
Мазмұны
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
1 - Тарау. Сезім мен эмоцияның ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
... ... ... ... ... ... ... ..
1.2. Сезім мен эмоцияның сапалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Сезім
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
2 - Тарау. Жоғары деңгейдегі
сезімдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Адамның сезім күйлерін меңгеруі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Стресс және дистресс. Фрустрация

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам
өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай
қазіргі заман адамға: өз іс-әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер
жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу, және т.с.с.
жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасы дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылу
мақсатында, қазіргі жасөспірімдердің саналы азамат болып, тұлға ретінде
дамуына барлық жағдайларды жасайды. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына –
жеке тұлға, оның даму, қалыптасуы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы
қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды.
Адам қабылдағанына, істеген ісіне, ойлағанына, арманына немқұрайлы
қарамайды. Заттардың, адамдардың, әрекеттердің, оқиғалардың біреулері бізді
қуантса, екінші бірі мұңайтады, ал үшінші бірі ашу шақырып, зығырданыңды
қайнайтын жағдайға жеткізеді. Қатерлі жағдайда тұрып қорқынышты сезінеміз,
жауды мұқатып жеңіске жету не қиын қыстау жағдайдан өту қуаныш пен шаттыққа
кеңелтеді. Алға қойған мақсатқа жету жолында әр адам өмір сүре, еңбек ете,
көре отырып осындай және тағы басқа да көптеген әсерлерді бастан кешіреді.
Өзінің танып-білгеніне және істеген ісіне адам қатынасының әсерлерін -
сезім немесе эмоция деп атайды.
Адам сезімінің қайнар бұлағы - бізді қоршаған болмыс, объективті шындық.
Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы не
қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады. Қазіргі кезде психологиялық
әдебиеттер мен күнделікті өмір тәжірибесінде сезім мен эмоция ұғымдары бір
мағынада қолданылады. Егер бұл ұғымдардың мәнін жекелеп талдап көретін
болсақ онда екуінің арасында елеулі айырмашылық бар екенін аңғарамыз.
Сонымен, сезім дегеніміз не? Сезім-адамның өзіне, өзге адамдарға,
айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін
және оларды бейнелейтін психикалық процесс.
Сезімнің психикалық процесс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі-оның
адам көңіл-күйіне байланысты әрбір процеске белгілі бір түрде рең беріп
тұратындығы. Көніл-күйіне қарай адам бір затты әр түрлі қабылдайды. Мысалы,
жыртқыш аңдардар туралы әңгімелерден шошынған бала, ешнәрседен үрейленбей
жүріп өтетін жерден, қараңғы түссе шоғыр бұтаны қасқырға немесе сол жыртқыш
аңға ұқсатуы мүмкін. Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы
әлеуметтік - қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани - мәдени
қажеттілікдерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты.
І-Тарау. Сезім мен эмоцияның ерекшеліктері
1. Сезім мен эмоцияның физиологиялық негіздері
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да
бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап – қуантса,
екіншісі – қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан-алуан.
Төңіректегі нысандардың жеке қасиеттері мен сапаларының өзі де адамның
белгілі сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз,
дәмі татымсыз ж.т.с. Өмір жайғдайлары мен түрмыс оқиғалары күрделірек
сезімдерге сеғбепші келеді. Сезім ауқымы өте кең: өкініш пен қанағаттану,
қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жеркену – мұндай сезім түрлерін шексіз
келтіруге болады. Сезім – бұл адамның қоршаған болмыс заттары және
құбылыстармен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін
толғаныс, күйзелістері.
Сезім ұғымының кең мағынада қолданылуы жалпы көңіл-күйді, ал эмоция
сол көңіл-күйдің белгілі бір жағдайға қатты әсерленуін білдіретін қысқа
мерзімді уақытша көрініс. Эмоция ұғымының төркіні - емовера латын
сөзінен, эмоцион дейтін француз сөзінен шыққан. Қазақша мәні - тітіркену,
толқу. Эмоция - жан дүниесінің сыртқы және ішкі салдарынан ызалану,
қаhарлану, қорқу мен шаттану сияқты жағдайларының көрініс беруі. Бұл -
адамдар мен жануарлар дүниесінде көрініс беретін кейіп. Эмоциялық күй
адамды іс-әрекеттерге шабыттандырып, тиісті нәтижелерге жеткізеді немесе
көңіл-күйін жабырқатып, іс-әрекетін бейбірекетсіздікке ұшыратады. Эмоция
адам есімен де тығыз байланысты. Біздің алған барлық әсерлеріміз яғни
белгілі бір сезіммен қабылдасақ, есімізде жақсы қалса, онда өткендерді еске
алудың өзі де бізде қандайда бір сезім туғызады. Сезіммен эмоцияның адам іс-
әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық – күшті сезім тудырса,
ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады.
Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім
жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Сөйтіп, адамның
сезім күйі және оның қысқа мерзімді айқын көрінісі – эмоция жандүниесінің
жандануы мен тіршілік ағымында айтарлықтай маңызы бар психикалық процесс.
Сонымен, эмоция дегеніміз - адамның органикалық мұқтаждықтарын
қанағаттандыру не қанағаттандырмауға байланысты туатын психикалық туатын
күйлер.
Адам реалдық дүниені тек танып қана қоймайды, оған өзінің қатынасын
да білдіріп отырады, ол бір нәрсені ұнатады, біреуді жақсы көреді, екінші
біреуге салқын қарайды. Бір сөзбен айтқанда, өз қажеттеріне қарай
айналасына түрлі көңіл күйін білдіріп отырады.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес
келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін
сезім деп атайды. Қажеттердің түрлі жағдайларға байланысты түрліше өтелуі
адамда. Көптеген ұнамды және ұнамсыз сезімдерді туғызып жек көрушілік,
шошыну, абыржу, наздану, іш пысу, зерігу т.б. осындай сезімдер мен
эмоциялардың сан алуан түрлері.
Сезімдер – өте күрделі психикалық процестердің бірі. Сезімдер
адамның тіршілік қажетіне, өзара қарым-қатынасына байланысты сан алуан
формаларда көрінеді. Адам сезімдері тарихи-әлеуметтік сипатта болады.
Демек, адамның өмірі қоғамға байланысты, оның әрекеті де қоғадық саналы
әрекет. Олай болса, адамның сезімдері де қоғамдық сипатта болып, сезімнің
мазмұнын қоғамдық болмыс белгілеп отырады. Сезімдерден эмоцияларды айыра
білу қажет.
Сезімдерді эмоциялардан дұрыс айыра білмеушілік, бұл екеуінің мәнін
бірдей деп ұғу, кейде қате түсініктерге де соқтырады. Мәселен, осындай
түсінік жануарлар мен адам психикасының арасындағы айырмашылықтарды
бүркемелеу мүмкін. Жануарлар эмоциясы түгелдей биологиялық сипаттағы
құбылыс, бұл жануарлардың сыртқы ортаға бейімделу көрінісінен, әр түрлі
шартсыз рефлекстердің тізбегінен немесе инстиктерінен байқалады.
Сезімдер мен эмоциялардың бірнеше сапалық ерекшеліктері бар. Олардың
сапасын көрсететін осындай ерекшеліктерінің бірін – қарама-қарсы, полярлық
сапалықтар деп атайды. Мәселен, сүйсіну, сүйсінбей, көңілдену, қажу,
шаттық, уайым т.б. осы секілді сапалар өз ара екі полюске ажырасып, біріне-
бірі қарама-қарсы мағынада болады.
Сезімдердің екінші ерекшелігі – олардың актив (қажырлы) және пасив
(солғын) болып бөлінуінен көрінеді. Адамға күш беріп, әрекетке ұмтылдырып,
көтеріңкі сезімдер мен эмоцияларды стеникалық, ал бұлардың баяу, солғын
түрлерін астеникалық деп атайды. Біріншісіне: жауапкершілік, жолдастық,
достық, айбаттылық т.б. жатса, екіншісіне: уайым, енжарлық, көңілсіздік
т.б. сезімдер жатады. Бұл жерде мынандай бір жағдай есте болсын. Түрлі
нақтылы жағдайлырдың ретіне қарай адамдарда бір сезімнің өзі бірде қуатты,
бірде әлсіз болып көрінуі мүмкін. Мәселен, қорқыныш сезімі кейде бір
адамның буынын босатып, пәрменсіз етсе, енді бірде қауіп-қатерге қарсы
тұрғызатын айбаттылыққа (күшті сезім) ауысуы мүмкін.
Сезімдердің үшінші бір ерекшелігі – жігерлену және кернеуден босану
немесе шешілу. Бұл да сезімдердің қарама-қарсы сапаларының бірі. Мәселен,
студенттердің емтиханнан өтуі, спортпен айналысатын адамның мәреге жетуі
шешуші кезеңдер болып табылады. Мәреге тақалғанда адам барлық күш-жігерін
жұмылдырады. Осы кезең өткен соң басқа бір күйге түседі. Мұны кернеуден
босану (шешілу) сезімі дейді.
Шамадан тыс күшті тітінгендіргіштер адамда көбінесе қолайсыз
эмоциялар туғызады. Кісі ұдайы қинала беретін болса, оның діңкесі құрып
берекесі кетеді. Адамның осылайша шамадан тыс зорлануын психологияда стресс
деген термин белгілейді.
Сезімнің жоғарыда айтылатын ерекшеліктерінің барлығы да нақтылы
әрекет үстінде, кездесетін қиыншылықтарды қарсы алу кезінде айқын көрініп
отырады. Сезім адамның бүкіл өмірімен, оның жеке басының ерекшеліктерімен
тығыз байланысты. Адамның әр түрлі эмоциялары мен сезімдері оның қажеті мен
қызығу ерекшеліктеріне дүниеге көзқарасы мен сеніміне, мінез-құлқы мен
білім көлеміне, санасы мен ерік сапаларына байланысты қалыптасып отырады.
Сезімдер мен эмоциялардың адамның практикалық әрекетінде алатын орны
зор. Алдағы мақсатты орындау жолында, өмір үшін күресте күшті сезімдерсіз
табысқа жету қиынға соғады.
Сезімнің қораш, солғын, селсоқ болуы іске кедергі келтіреді. Адам не
үшін күрессе, соны жан-тәнімен жақсы көріп отыруы керек.
Эмоцияларды бірнеше топқа жіктеу болады. Олардың бір тобы жағдымды
не ұнамды эмоциялар деп аталады. Бұлар адамның тіршілік қажетіне орайлас,
оның ішкі өмірінің шарықтап, жан-жақты өсу шарттарының бірі болып табылады.
Мәселен, қуаныш, сүйіспеншілік, көңіл қоштық т.б. – осындай эмоциялардың
енді бір тобы жағымсыз не ұнамсыз эмоциялар делінеді. Бұлар – белсенді
әрекетке азды-көпті нұқсан келтіретін қораш сезімдер. Мұндай эмоцияларға
қорқыныш, қайғы, абыржу, налу, үрейлену, үмітсіздену т.б. жатады. Осы
айтылғандармен қатар, қарапайым және күрделі эмоциялар болып та бөлінеді.
Қарапайым эмоциялар адамның органикалық қажеттерінің өтелу-өтелмеуіне
байланысты туып отырады. Мысалы, күрделі түрлеріне: көңіл, аффект, құмарлық
эмоциялары кіреді.
Осы айтылған эмоциялардың барлығына ортақ басты бір ерекшелік: олар
сан алуан мәнерлі қозғалыстардың болып отыратындығы. Ч. Дарвин осы күнгі
адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстардың біразы біздің ерте кездегі ата-
бабаларымыздың тіршілігінде елеулі орын алған әрекеттің қалдығы екендігін
айтады. Мәселен, қатты ашу кернеген адам кейде жұдырығын түйіп тістенеді,
қабағын түйіп булығады, демін әзер алып, танауы делдиіп кетеді, жүрегі тарс-
тарс етіп соғады. Осындай мәнерлі қозғалыстардың әрқайсысының өзінше шығу
тарихы бар. Жоғарыда келтірілген мысалдан жауымен (жабайы аңдармен) айқасқа
түйіп деп тұрған адамның келбетін, даярлық белгісін байқауға болады.
Ертедегі адамдар жабайы аңдармен арпалысқа түсердің алдында денесін соған
бейімдеп алып, сонан кейін айқасатын болған. Қазіргі адамдар үшін мұндай
көріністер дөрекі, ебдейсіз қимылдар болып табылады. Мұндай ебедейсіз
қимылдар мәдениетті адамның қылығына ешбір сиымсыз сипат. Бұған көбінесе
сотқар, ызақор, кекшіл адамдар бір табан жақын тұрады. Адамдардың сана-
сезімі өскен сайын оның қимыл-қозғалыстары да мәдениеттене түседі.
Эмоциялық жағдайлар адамның дем алу, қан айналу органдарына өзгерістер
түсіретінін, бет әлпеті мен (мимика) бүкіл дене қимылдарына (пантомимика),
сөздің интонациясы мен тембрде, дикция мен паузасына да өзгерістер кезінде
адамда байқалатын мәнерлі қозғалыстарды алайық. Қорыққан адамның қасы
тартылып, түсі бозарады, қозғалыстарды баяулап не мүлде тоқтайды, денесі
дірілдеп қалшылдайды, шашы үрпейіп, көзі шарасына шығып, дауысы қарлығып,
үні кібірктейді, аузы кебірсіп, тынысы өзгереді, беті шіміркеніп, бүкіл
денесі қалтырап, салқын тер шып-шып шығады. Тіпті орнынан қозғала, сөйлей
алмай, дауысы шықпай қалатын кездері болады. Қорқыныштың жеңіл түрі
тынышсыздану, ауыры – үрейі ұшу т.б. Эмоциялық жағдай кезінде адамның
денесінен байқалатын әр түрлі мәнерлі қозғалыстарды Абай өлеңдерінен көптеп
кездестіруге болады.
Өзге психикалық процестер сияқты сезімдердің де табиғаты сырттан
және іштен келетін тітіркендіргіштерге жауап беретін рефлекторлық әрекетпен
байланысты. Сезімдердің физиологиялық негізі басқа психикалық процестермен
салыстырғанда әлдеқайда күрделі. Сезімнің сыртқа тебуінде мидың жоғарғы
қабатында туып жататын процестер жетекші болғанымен, сезімдер мен
эмоциялардың физиологиялық негізі бұл процестермен шектелмейді. Ми қабынан
да бұрын пайда болған оның астыңғы қабатының орталықтарында және
вегетативтік жүйке жүйесіндегі процестер де бұл қызметке қатысады. Ми жарты
шарларының қабында сыртқы және ішкі әсерлерге байланысты жүйкелік қозулар
иррадиация заңы бойынша ми қабының астыңғы қабат орталықтары мен
вегетативтік жүйке жүйесіне жайыла бастайды және оларды қоздырады. Соның
әсерінен қан тамырларының қимыл реакциясы күшейеді, беті қызарып, бозарады,
қаны сыртқа тебеді, ішкі секреция бездерінің продуктысын бөліп шығарады. Ми
қабығының астыңғы қабаты мен вегетативтік жүйке жүйесінде өтіп жататын
физиологиялық процестер шартсыз рефлекстердің жүйкелік механизміне жатады.
Организмнің эмоциялық реакциялары үшін ми қабының астыңғы қабаттары мен
көру, төменгі және вегетативтік жүйке жүйесінің орталықтары ерекше қызмет
атқарады.
Ішкі, сыртқы рецепторлардан келетін қозулардың барлығы көру
төмпегінен өтіп, афферентік нейрондар арқалы мидың проекцияларына жетіп
жатады. Ал организмде жоғарғы сезімдер болмай, төменгі, қарапайым қорқу,
долдану, қарын ашу, төнген қауіптен қорғану сезімдері болса, олардың
рефлекстік доғасы миға жетпей-ақ, оның астыңғы қабатында түйісіп ұштасады.
Эмоцияның мұндай физиологиялық негізі жүйке жүйсінің арнайы қызметі, ең
алдымен, ретикулярлық формация (оның өрлеуші және төмендеуші екі түрі бар)
байланысты болып, мидың қызметін жандандырады. Ал екіншіден, ми төмпегінде
(таламуста), әсіресе көру төмпегінің астындағы гипоталамуста және мидың өте
ерте дәуірлерде қалыптасқан қабығы лябикалық жүйесінде орналасқан
орталықтар арқылы белсенді түрде қызмет атқарады. Сондай-ақ, сезім мен
эмоцияның дамуына елеулі әсер ететін фактор – екінші сигналдық жүйе. Екінші
сигнал жүйесі арқылы сезімдер мен эмоциялар жануарлар тіршілігіндегі
биологиялық қалыптан шығып, адамның санасымен байланысады. Сөйтіп, адам
сезімдерінің өрісі кеңіп, оның жануарлар дүниесінен ерекше ақыл-ой,
адамгершілік, эстетикалық сезімдері жетіледі, олар қоғамдық-
әлеуметтіксипатқа ие болады. Сөйлеудің арқасында эмоциялық тәжірибені
мақсатты түрде басқаларға беруге мүмкіндік туып, сезім мен эмоцияларды
тәрбиелеп отыруға кең жол ашады.
Адам эмоциясы , негізінен, тіршілік ортасы мен әлеуметтік
жағдайларға байланысты және ол тарихи даму жағдайына тәуелді. Ал,
хайуанаттар дүниесінің эмоциясы биологиялық сипатта тіршілік ету жағдайына
ғана бейімделеді. Дегенімен, эмоцияның адам мен хайуанаттар дүниесіне тән –
ызалану, қорқу, жыныстық еліктеу, таңдау, қуану, мұңаю сияқты түрлері
бірдей болады. Ч. Дарвин осы орайда, хайуанаттар дүниесіндегі сезім мен
эмоция түрлерінің пайда болуын эволюциялық даму тұрғысынан дәйектей отырып,
сезімнің тек ақыл иесі – адамдарға тән ар мен ұят, ождан сияқты түрлерін
әлеуметтік өмір тіршілігімен ұштастыра зерттейді.
2. Сезім мен эмоцияның сапалары

Психикалық эмоциялық жақтарындағы айырмашылықтардың адам
психологиясын сипаттау үшін зор маңызы бар. Адамды толық білу үшін тек оның
қалай әрекет ететіндігін ғана білу жеткіліксіз, оның қалай сезетіндігін де
білуіміз керек.
Сезімнің бағыттылығы. Сезім саласындағы ең басты айырмашылықтар –
адам сезімдерінің қандай нәрсеге бағытталғандығына, осы сезімдердегі
мазмұнына байланысты болады. Лермонтов Ой деген өлеңінде былай деп жазды:
Біздің жек көруіміз де, сүюіміз де кездесоқ. Егер сезімдер кездесоқ
объектілерге паршаланып, кездесоқ себептерден пайда болса, онда олар
адамның шығармашылық жұмысында да, тіршілік күресінде де мықты қозғаушы күш
бола алмайды. Қайта ондай сезімдер адамды өмірінің негізгі міндетін басқа
жаққа аударып, таңдап алған тура жолынан адастырып жіберетін кедергі болуы
мүмкін.
Адамның эмоциялық өмірін талдай білу үшін, ең алдымен, оның
өмірінде ең үлкен роль атқаратын сезімдердің оның дүниеге көзқарасымен және
алдына қойған негізгі мақсаттарымен қаншалықты байланысты екенің ұғыну
керек. Оның бір нәрсені көруі немесе жек көруі, рухтануы, қуануы, қамығуы
кездейсоқ па, жоқ принципиальды ма, соны білу қажет. Оның сезімдері жеке
басының бағытталуын көрсететін сенімінен туа ма, осыларды жақсы ұғыну
керек.
Мәселен, өшпенділік сезімі бағытталған нәрсесіне қарай жоғары
немесе төмен болуы мүмкін. Отан жауларына деген өшпенділік – адамды ерлікке
рухтандыратын және батырлықты тудыратын ең жоғарғы сезімі. Жарыста өзінен
ең озып кеткен адамды жек көріп, оны күндеу сезімі – бұл ұсақтық, төмен
сезімдер өсек туғызады, жаман қылықтар істеуге бастайды.
Сезімнің тереңдігі. Адамның эмоциялық өмірін сипаттауда оның
сезімдері зор орын алады. Терең сезім деп әр адамның тіршілігінің ең
маңызды жақтарын қозғайтын сезімді айтады; ол адамның ойы, талаптары,
тілектерімен жан-жақты байланыста болып, барлық рухани тұрмысына әсер
тигізеді.
Тез өтетін және сыртқы көрінуі ашық күшті сезімдердің, барлығы
бірдей терең сезім бола бермейді. Әуестену күшті сезім болғанымен, терең
сезім емес. Шын сүйіспеншіліктің әуестенуден өзгешелігі – ең алдымен оның
тереңдігінде. Адамның сенімінен туатын және оның өмірлік күресінің жолын
айқындайтын приципиальды жек көру терең сезім болады.
Сезімнің тереңдігі көңіл күйдің қызу, тез болуымен, ондай көңіл
күйінің сыртқа тез шығуымен қажетті түрде байланысты емес. Адамның
эмоциялық өмірінің байлығы мен мазмұндылығы, оның сезімнің күшіне
байланысты.

қалай ойлайтығын , қалай әрекет ететіндігін ғана білу жеткіліксіз, оның
қалай сезетіндігін ғана білу жеткіліксіз, оның қалай сезетіндігін де
білуіміз керек.
Сезім – адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын
және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық,
адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция
болса, адамның түрлі органикалық қажеттеліктеріне байланысты оқтын-оқтын
туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен,
адам қуанғаннан немесе қамыққаннан көзіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге
мәз болып ішек сілесі қатқанша күледі, әрине, мұндай жағдайдың ұзаққа
созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі,
сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жөнді байқалмайды,
тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі,
ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұнда адам өзін тек
организм тұрғысынан көрсете алады.
Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы
динамикалық стериотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Ал эмоцияға келсек,
физиологиялық негізі ретикулярлық формацияның лимби жүйесінің, сондай-ақ,
ондағы гипоталамус бөлігінің (дененің зат алмасуын, температурасын
реттестіріп жүйке) орталығымен ұштастырамыз. Мәселен, осы жүйке қызметінің
орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін, немесе шөлі қанбайтын
жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінен
айырмашылығы байқалады. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта
болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастық, борыш,
жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамдағы өзгелерге байланысты
өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, нарық экономикасына көшкенде, жастардың
сезімдерінде әртүрлі көріністерді байқаймыз.
Сезім – адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен
құбылыстарға көңіл күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін
психикалық үдеріс екендігін білдіретін тағыбір ерекшелігі – оның адам көңіл
күйіне байланысты әрбір үдеріске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы.
Сезімнің сан алуан көріністері мен олардың пайда болу әлеуметтік-қоғамдық
жағдайларға, әсіресе, маиериалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді
қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты.
Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл күйіне ұнамды әсер етуі
стеникалық, - күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі
астеникалық - әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке
жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап,
адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Адамның сезімінің қайнар бұлағы – бізді
қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім – адамның табиғи және әлеуметтік
қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан
туындап отырады.
3. Сезім түрлері
Адам сезімінің көріністері әрқилы: қарқынды да ұзаққа созылған,
созылыңқы, бірақ әлсіз (қайғы); күшті, бірақ қысқа мерзімді (қуаныш) –
болуы мүмкін. Сонымен бірге, сезімдер тереңдігі, саналылығы, тектілігі
(генетически), пайда болу және сөну шарттары, денеге әсері, даму желісі,
бағыты, көріну тәсілі ж.т.б. жағынан әрқилы сипатты келеді. Сезімнің ішкі
жайылу аймағы мен сыртқы әрекеті де бірдей емес.
Субъектив толғаныстарға байланысты сезімдер екі топқа бөлінеді:
тіршілік қажеттіктері қанағаттандырып, рахатқа бөлеуші ұнамды сезімдер;
тіршілік қажеттіктердің орындалмауынан қанағаттанбау кейпіне түсіретін
жағымсыз сезімдер. Орындалып жатқан адам қажеттіктерінің деңгейіне орай
сезімдер қарапайым және күрделі келеді. Қарапайымдары – ашу, қорқыныш,
уайым, қызғаныш, күндеушілік және т.б.; күрделілері – моральдық,
эстетикалық және отан сүйгіштік.
Көріну әлпетіне орай барша эмоционалдық қалыптар келесідей
түрлерге жіктеледі: көңіл-күй, кейіп, эмоция, аффект, стресс, фрустрация,
құмарлық, жоғары сезімдер.
Көңіл (чувствительный тон) – субъектке қандай да эмоционалды
реңкті сақтап қалуға не жоюға ықпал жасаушы психикалық процестің ерекше
сигналдық түрі: кейбір түр-түс, дыбыстар, иістер өздерінің негізгі мәніне
байланыссыз біздің есімізге түсуден жағымды не жағымсыз сезімдер тудырады.
Мысалы, жақсы ән, тәтті тағамның өзі де ұнамай қалуы мүмкін. Мұның бәрі
біздің сол сәттегі көңілімізге байланысты. Егер көңіл тұрақты
жиіркенушілікпен ұштасса, бұл идиосинкразия сырқатының белгісі.
Көңілде қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстардың жиі кездесетін
пайдалы не зиянды тараптарының жалпыланған бейнесі қалыптасады. Осының
арқасында көңіл күтілген әсер жөнінде оны бұрынғы естегі ақпараттармен
салыстырып отырмастан, күні ілгері шалт шешім қабылдауға көмегін тигізеді.
Көңіл көбіне субъектив сипатқа ие: қызықты кітап, сыпайы сұхбаттас және
т.б. бір адамда жақсы сезім тудырса, екінші тұлғаға тіпті жақпай қалуы
әдеттегі құбылыс. Көңіл сипаты іс-әрекеттің желісіне де байланысты.
Қажетті, бастауында ұнаған іс, бірақ өзінің ұзаққа созылғандығынан адамды
жалықтырып, көңілсіз күйге түсіретіні белгілі. Сырттай байқала бермейтін
адам көңілін танып, оны орнымен пайдаланса, жеке не қоғамдық еңбек, оқу
жемісті нәтижесін береді.
Көңіл-күй (настроение) – біраз уақыт бойы адамның көңілін билеп,
мінез-құлыққа әсер ететін жалпы эмоциялық күй. Өмір тіршілігінде адамның
сезімі бір объектіге бағытталып, оған қуанады не күйзеледі, біреуді сүйеді,
бір нәрседен шошиды. Адам кейпінің көрінісі белгілі сезімге, себептерге
байланысты. Мысалы, ұнамсыз хабар естіген адамның көңілі түсіңкі болып,
оның бойын қобалжу, уайым билейді. Жұмысы сәтті болып, реттеле бастаса,
оның көңілі тасиды, шаттық лебі ұзаққа созылады.
Адам көңіл-күйі тіршілік жағдайына байланысты құбылмалы болып
отырады. Егер адам шаршап-шалдығып, ауырып жүрсе, оның кейпі солғын болады.
Ал дені сау, ұйқысы қанық, көңілі көтеріңкі болса, адам мәз болып, жадырай
түседі. Адамның көңіл-күйіне табиғат көрінісі, жыл маусымдары, ауа райы
сияқты құбылыстар да айтарлықтай әсер етеді. Рухани байлығы мол, мақсат-
міндеті айқын адам ауыр жағдайларға да мойын ұсынбай, өмір сүріп, жұмыс
істей алады, өзінің көңіл-күйін меңгеріп, оған иелік етеді (Ә.Алдамұратов).
Эмоция (сезім шарпуы) – сезімнің тікелей қатынастағы уақытша
көрінісі. Мысалы, сахнадағы айтыскер ақындардың бір ауыз тапқыр сөзіне
бола, көрермендердің бір мезет дүрілдете қол соғып, қошемет айқай салуы.
Іс-әрекетке ықпал жасау тұрғысынан эмоциялар стеникалық және
астеникалық болып бөлінеді. Стеникалық эмоциялар адамға қуат беріп, іс-
әрекетке ынталандырады. Бұл жағдайда адам тау қопаруға дайын тұрады.
Керісінше, кейде толғаныстан адамның аяқ алысы байланады, енжарлық басады –
бұл астеникалық эмоция көрінісі. Осыдан, жағдайға, дара ерекшеліктерге орай
эмоция адам қылығына әртүрлі ықпал жасауы мүмкін. Мысалы, қорқыныш
сезімінің саналы болуынан адам өзін жинақтап, қатерге қарсы шабуылға
шығады. Ал сол қорқыныш адамды шідерлеп, тізесі қалтырайтын дәрежеге де
келтіреді.
Қуаныш – орындалуы күмәнді болып тұрған қажеттіліктің толық
қанағаттандырылуына байланысты туындайтын ұнамды эмоционалды күй.
Таңдану – күтілмеген оқиғаға байланысты пайда болатын эмоциялық
белгі. Таңдану бұрыннан бар сезімдерді тежейді. Осыдан зейін толығымен
таңдануға себеп болған нысанға ауысады, кейін ол қызығушылық ниетке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz