Жеткіншектердің құрдастарымен қарым- қатынас мәселелерінің теориялық аспектілері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2- 3
I тарау. Жеткіншек шақ
1.1 Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу
ерекшелігі ... ... ... ... ... 4-9
1.2. Жеткіншектердің жеке бас қасиеттер ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .9-
11
II тарау. Жеткіншектердің құрдастарымен қарым- қатынас мәселелерінің
теориялық аспектілері
2.1 Жеткіншектердің құрдастарымен қарым- қатынасының мінездемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ..11-13
2.2. Жеткіншектің жолдастарымен қарым-қатынасына қойылатын
талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13- 18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..20
Кіріспе
Зерттеудің көкейкестігі. Қазақстанның қазіргі даму кезеңі қоғам
өмірінің барлық саласындағы терең өзгерістермен сипатталады. Осыған орай
қазіргі заман адамға: өз іс - әрекетіне жауапты болу, әлеуметтік өзгерістер
жағдайына тез бейімделе отырып, байыпты шешім қабылдай білу және т.с.с.
жаңа талаптар қоюымен ерекшеленеді.
Қазақстан Републикасының дамып келе жатқан елдердің қатарына қосылу
мақсатында, қазіргі жасөспірімдердің саналы азамат болып, тұлға ретінде
дамуына барлық жағдайларды жасайды. Өркениетті қоғам үшін қымбат қазына –
жеке тұлға, оның даму, қалыптасуы мен өмірі десек, бүгінгі жас ұрпақтың осы
қымбат қазынаны бағалай білуі аса маңызды.
Сол себептен жасөспірімдердің тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың
маңыздылығы да осыдан басталады. Жасөспірім - сөзінің мағынасы ішкі
дүниенің негізгі тенденциясының дамуын көрсетеді. Жасөспірім шаққа аяқ
басқан баланың қалыптасуындағы түбегейлі өзгерістер сана – сезімнің
дамуындағы сапалық өзгеріспен анықталады, осының арқасында бала мен ортаның
арасындағы қатынас бұзылады. Жасөспірімнің жеке басындағы басты және діни
тән жаңа құрылымын оның өзі туралы енді бала емеспін дейтін түсініктің
пайда болуы орын алады. Ол өзін ересекпін деп сезіне бастайды, ересек
болуға және өзіне жұрттың осылай деп қарауына ұмтылады.
Осы жастағы өзгешелік психолог А.Г. Ковалев биологиялық әсері туралы
сұрақты ашып тастамай, соның ішінде психикалық сферадағы жыныстық жетілу
жасөспірімнің эмоциялық қалпына беттесуін біз тұтас деп айтсақ, онда оның
психикалық кескінін биологиялық фактормен анықтаймыз.
В.Г. Асеева бойынша мектеп жасындағы жетілу немесе басқа сөзбен
айтқанда ерте жетілу - адамның туғаннан бастап физиологиялық, психологиялық
және азаматтық ересектік жетілу кезеңі.
Мектеп оқушыларының өміріндегі ересектену (14 –15 жастан бастап 17–18
жас аралығында) өте құнды кезең. Осы жаста жасөспірімдердің мектептен оқу
процесі аяқталады. Физиологиялық жетілуі баяулап, жыныстық оқдасы ерте
жетіледі. Осының арқасында физиологиялық қызметі реттеледі және қан
айналымы жақсарады т.с.с. Жасөспірімдердің даму кезеңінде қан тамырларының
қан айналу жүйесі күшейіп, сол кезде жүрек ауруы, бас айналуы, қан
қысымының көтерілуі жойылады.
Жасөспірім – барлық қатынас жағынан ересек адам деп қарастырады М.Ю.
Красовицкий. Бірақ оларды толығымен жетілген адам деп айта алмаймыз, сондай
ақ нақты осы жасөспірім шақта тұлғаның әлеуметтік бейімделуі белсенді
жүреді. Мектеп пен ата – аналардың жасөспірімдерді, жұмысқа, оқу – танымдық
және қоғамдық – саяси іс - әрекеттерге, жанұя жағдайына, азаматтық борышты
өтеуге тәрбиелеуде үлкен маңызды мәні жатыр.
Рувинский Л.И., Хохлова С.И. еңбектерінде жасөспірім шақ - бұл қоғамдық
жүйедегі көз – қарасқа байланысты дүниетанымның бірінші элементі байқала
бастайды, бірақ та әлемге деген көз – қарасын толығымен пайымдай алмайды.
Тек жасөспірімдерде философиялық ойлау әрекетінің қанағаттануы мүмкін
болса, пайда болады. Бұған арқау болатын түрткі - оқудағы білім, тәртіп пен
информация, әдеби оқулықтар және сыртқы ортадан алатын көріністер мен
үлкендермен қарым – қатынас.
Ш. Бюллер жасөспірімдік кезеңді фаза бойынша бөліп қарастырады.
Негативті фаза пубертодты кезеңде басталады. Негативті кезеңге
жасөспірімдердің дамуын қоюға болады. Ал, позитивті фазада өмірге деген
қызығушылықтың пайда болуы, адамға деген ыстық сезім, табиғатты түйсіну
т.с.с болады. Бұл фазаны жасөспірімдерге қатысты деуге болады.
М.И. Шардаков бойынша жасөспірімдік кезең адамның тұрмыстық
құндылықтары ретіндегі заттық дүниеге психологиялық тұрғыда тәуелді болып
қалады. Жасөспірім осы өмірге ой жүгірте бастайды. Соның арқасында ол
жасөспірімдік ортаға кіреді. Әр затпен дүниеге таңдау жасау арқылы
жасөспірім тұтынушыға айналады. Өз иелігіне заттарды жинай отырып әр –
түрлі құндылықтарды жинайды. Олар ақыл – ой, адамгершілік әлеуметтік
жағынан есейеді.
Жасөспірімдердің әлеуметтік есейуін дамыту болашақ өмірге даярлау үшін
қоғамдық тұрғыдан қажет. Мұның өзі күрделі процесс, уақытты талап етеді
және жасөспірім ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір
сүре бастаса мүмкін болады. Ал бұл дербестік қажетті әр міндетті түрде
міндеттер мен құқықтарды ұлғайтумен байланысты. Тек осындай жағдайда ғана
жасөспірімдер ересектерге іс - әрекет етуге, ойлауға алуан түрлі міндетті
орындауға, адаммен қарым-қатынас жасауға үйрене алады Отбасы тәрбиесінде
баланың жас және дербес ерекшеліктерін ескере отырып тәрбиелеу.
I тарау. Жеткіншек шақ
1.1 Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі
Бала дүние есігін шыр етіп ашқан күннен бастап – ақ, жаңа ортаға келіп
қосылады. Сол ортадан ол да тиесілі еншісін алады. Ол оның – отбасы. Баланы
үлкен ортаға, қоғамға бейімдеп даярлайтын да отбасы.
Баланың жан – дүниесі айнадай тап – таза мөлдір, сол айнадан баланы
көру үшін оның жүрегіне үңіліп қарау қажет. Себебі, әр баланың өзіндік
психологиялық жеке ерекшеліктері бар. Ата – ана балаға жақсы тәрбие беру
үшін, баласының мінез – құлқындағы әр мінез бітістерін байқап білуге
қабілеті болуы керек. Педагогтар секілді кез – келген ата – анаға
педагогикалық такт қажет. Барлық ата – ана отбасында Мен балама дұрыс
тәрбие бермей жатырмын - деп, еш ойламайды. Себебі, әр ата – ана, әр
отбасы қабілет-қарымына қарай тәрбие береді. Ал баланың жан дүниесі- өте
нәзік. Балаға ойланбастан айтылған сөздің өзі оны күйзеліске әкеп соқтырары
анық. Отбасындағы бала тәрбиесі түбегейлі жүйелі түрде қадағаланып,
жаңаланып, заман талабына сай өзгеріп, дамып отырса тәрбиенің құндылығы
арта түседі.
Бала дүниеге келген күннен бастап психо – физиологиялық дағдарыс
кезеңдерінен өтеді. Үш жас дағдарысы кезенінде - баланың таным сферасының
ұлғайып, өзіндік мінез бітістерімен яғни ашулану, жылау, еркелік, өз
дегенің іске асыруға талпыну және ересектерге өз дегенің іске асыру
әрекеттері байқалады. Бұл кезеңде ата-ана тарапынан балаға қамқорлық, көңіл
бөлу, балаға қарсылық тудырмай ақылмен түсіндіру, баланың көңілін аулау
мақсатында балаға неғұрлым қызықты жағдайлар туғызу қажет. Мәселен, түрлі-
түсті бояулары қанық жануарлар, өсімдіктер жайлы суреттер мен кітапшалар
көрсету, мультфильмдер ұсыну, жиі серуенге шығару, өзге балалармен ойнату
және баламен бір уақыт бала болып ойнау балаға аса жағымды әсер сыйлайды.
Балаға ең ауыр, қиын кезеңдердің бірі баланың мектеп табалдырығын
аттаған Жеті жас дағдарысы кезеңі де. Бастауыш мектептің негізгі міндеті
– баланың бастапқы жеке басын қалыптастыруды қамтамасыз ету, қабілеттерін
анықтау және дамыту. Баланың бастапқы жеке басын қалыптастыру үшін біз ең
алдымен балаларды мектепке бейімделуге қолдау танытамыз. Бала осы кезеңде
мектеп өміріне және әлеуметтік – психологиялық қатынастарға бейімделе
түседі. Алайда баланың барлығы өмірлік әрекеттің жаңа жағдайына табысты
түрде бейімделмейді. Міне осы жерде мынадай сұрақ туындайды: Мүмкін
бастауыш сыныптың алғашқы кезеңінде балаларды мектепке дайындауда,
әлеуметтік микроортада қандай факторлар позитивті роль атқарады? Ең жағымды
фактордың қатарына өз жағдайында өзін – өзі бағалауы жоғары, жанұясында
тәрбие әдісі дұрыс жолға қойылған отбасында конфликтілік жағдайлардың
болмайтың, құрбы – құрдастарының арасында жағымды белгілі орны бар блалар
жанұясы жатады.
Жанұя жағдайына бала тәрбиесін, баланың өзіндік жеке тұлға ретінде
дамуына кері ықпалын тигізетін жағымсыз факторлар. Тәрбие әдісінің дұрыс
жолға қойылмауы , үлкендермен қарым – қатынастың болмауы, ата – ананың
өзіндік қабілеттерінің төмендігі, құрбы – құрдастарының арасында өзін
теңдей сезінбеуі, толық емес жанұядан шығуы, отбасындағы үнемі конфликтілік
жағдайлардың орын алуы және көптеген кері әсерлер байқалған балалар
жанұясы. Ата-ана баланың жас ерекшелігін ескермей талап қоюы, балаға
физиологиялық жағынан кері ықпалын тигізеді. Мүмкін, күнделікті өмірде
кездесетін тұрмыс қажеттіліктері, яғни мектеп жасына немесе кіші мектеп
жасындағы балаларға ауыр жұмыстарды тапсыру, тапсырылған жұмысты
түсіндіріп, оған шектен асып жаза қолданаты ата-аналарда аз емес і Ал
балаға тәртіп ерекшеліктерін түсіндіріп, тәрбиелемей шектен тыс кетіп
жататын ата – аналарда аз емес. Бала өз әрекетін әрқашан мойындай алады. Ол
үшін жаза қолдану балаға психологиялық жағынан көп әсер етеді. Баланың жасы
ұлғайған сайын, баланың ішкі жан дүниесі күйзеліске ұшрайды.
Кіші мектеп оқушысы орта буынға өткен шағы, яғни 5- сыныпқа бейімделу
кезеңі. Бұл кезеңде балада дағдарыс кезеңі байқалады. 5- сыныпта жаңа таныс
емес пәндер еніп, оқу жүктемесі көбееді, күнделікті жоспары ауысады, кейбір
оқушыларда физиологиялық өзгерістер де байқалып жатады. Бұл кезеңде
психологиялық жағынан – агрессия, сенімсіздік, өз ортасын мойындамау,
өшпенділік, қарым – қатынаста енжарлық таныту, эмоционалды қызбалық,
мазасыздану, беймазалық, жалған сөйлеу, ұшқалақтық байқалады. Жеткіншектік
кезеңнен – жасөсіпірімдік кезеңге өткен шақта әр бала тұлғалық дамуында
өздігінше ерекшеленіп отырады. Бірі өтпелі кезеңді ұзақ уақыт бойы өткерсе,
бірі белгілі бір уақыт арасында көзге түседі. Жеткіншектік және
жасөспірімдік кезең ата-ананың баласымен досыңдай болып қарым-қатынас
қажет ететін кезеңі. Себебі, ата-анасы баласымен сенімді қатынас жасай
отыра, баласын толық танып біле алады. Бала бойындағы мінез-құлық
қиындықтары пайда болуының себептерінің бірі- оның тәрбиеленіп отырған
ортасына, отбасының әлеуметтік тұрмысына, жеке тұлғалық дамуында
психологиялық бірізді жүйенің болмауынан да туындалып жатады. Баланың
дамуына әсер ететін факторлар және оның мәні. Жеке адамның бір-бірінен
ажырағысыз және оған пәрменді түрде ықпал ететін биологиялық белгілері мен
ерекшеліктері бір- бірімен байланысты. Анықтауыш қасиеттер - жеке адамның
әлеуметтік сипаттамасы, оның себептері, мүдделері, мақсаттары. Жеке адам
болу үшін психикалық дамудың белгілі бір дәрежесіне өтіп, басқа адамдарға
қарағанда ерекшелігі бар екенін білетіндей біртұтас тұлға болуы тиіс. Өмір
бойы даму мен тәрбиенің нәтижесінде жеке адамның орнығып, жетілуін
қалыптасу деп атайды.
Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы
әсерлерді, мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты
процесс.Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек
және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу
кезеңіне жетеді. Сондай-ақ жеке адамның дамуы деген ұғымды анықталық. Даму
ұғымына ағзаның өсуі мен пісіп жетілу процесін жатқызады. Бұл процестер
психикалық дамумен өзара тығыз байланыста өтеді, оған ықпал жасайды, бірақ
адамның жеке адам ретінде қалыптасуын белгілеп бере алмайды. Жеке адамның
дамуы - бұл оның рухани өсуінің, жетілуінің процесі жеке адам үшін елеулі
болып табылатын барлық сфераларды іс-әрекетте, өзін қоршаған құбылыстарға,
адамдарға деген қарым-қатынасқа, танымдық процестерінде болатын сапалық
өзгерістер процесі. Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында
дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ
тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму
заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен
дамудықң арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму
заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн. Адам баласы материалдық және
рухани өмірдің ортасында тіршілік етеді де, өзі өмір сүріп отырған
қоғамның, ұжымның, ұлттың, рудық мүшесі ретінде өзіндік ақыл-парасатымен,
жеке бастың өзіне тән ақыл-ой, ерік-жігер, мінез-құлық ерекшелігімен
көрінуге тырысады. Қоғам мүшелерінің бәріне ортақ біркелкі мінез-құлықтың,
қасиеттің болуы мүмкін емес. Әр адам өзінше жеке тұлға.
Жеке тұлғаның ерекшелігі дегеніміз — оның өзіне тән мінез-құлғындағы, іс-
әрекетіндегі, көзқарасындағы ерекшелігімен даралануы. Қоғамдық тұлғаларға
ортақ этикалың бірыңғай талаптардың болуына қарамастан, қоршаған орта
жөнінде әр адамның қалыптасқан өзіндік ой-пікірінің, көзқарасының болуы,
олардың өзі өсіріп-білген құбылысқа деген көзқарасын, ой-пікірін білдіруі
заңды құбылыс. Мәселен, біреулер - айналасындағы құбылысқа таңдана,
тамашалай қараса, енді біреулер - сын көзімен қарап, ой-қорытуы, сын
пікірлер айтуы мүмкін. Адамдардың қоршаған ортадағы құбылыстарды түсініп
қабылдауы да әр түрлі. Ол әр адамның жеке басына тән физиологиялық,
психологиялық, биологиялың ерекшеліктеріне байланысты. Жеке тұлғаның ой-
санасының, білім көлемінің толысуына байланысты оның өмірге көзқарасы,
белгілі құбылыстарға баға беруінде де өзгерістердің болуы, толысып жаңарып
отыруы заңды құбылыс. Өмірде бір анадан туған егіз балалардың түр жағынан
бір-біріне ұқсас болғанымен, мінез-құлқы, іс-әрекеті, өмірге деген
икемділігі, қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан әр адамды өзінше
даралаған жеке тұлға деп қараймыз. Адамның саналық, мінездемелік
қасиеттерін анықтайтын оның санасы болып табылады. Сана ақыл-ойдан
туындайды. Адамның ақыл-ойы біркелкі дамымайды. Адамдар бір-бірін бағалауда
қателіктер жіберуі де мүмкін. Кейбір адамдар өзінің жеке басын басқалардан
артық бағалауға тырысады.
Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім
өлшемімен қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу -
миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады.
Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардың тәжірибесін жинақтауға да
негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оқығанын, естігенін, көргенін
өз ойына тоқып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын,
сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де,
басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны
педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-
әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы.
Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі
жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының
нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз - адамның өзіне тән қасиеттерін
іске асыруы. Адам ойына келген іс-әрекетті іске асыруда ерікке жол береді.
Бірақ адам бір нерсені істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып,
оны іске асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға қалады.
Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен қарап,
осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз толғанып" іске
кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын апыр-топыр іске асырып, кейін
опық жеп жатады. Осының бәрі адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты.
Тұлға дегеніміз - сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға
жинақталған көрінісі. Алайда, әр тұлғаның эмоциялық сезім дүниесі әр басқа.
Біреу жауыздықты көргенде айғайлап, бақырып, ішкі сезімінің сыртқа шығуына
еркіндік берсе, екінші біреу іштей булығып, көгеріп-сазарып, тас-түйін
болып қатып қалады. Бұл әр тұлғаның эмоциялық сезімі өзін-өзі ұстай алу
еркіне байланысты құбылыс.
Даму - жеке адамды жетілдірудің өте күрделі және диалектикалық
процесі. Балада анадан туа біткен белгілі идеялар мен түсініктер және өжет,
жұмсақ немесе байсалды мінез болмайды. Адамның адамгершілік, әуестік,
белсенділік және батылдық сияқты қасиеттері даму процесінде қалыптасады.
Өйткені, оның өсіп жетілуіне белгілі әлеуметтік тәрбие мен орта әсер етеді.
Адаманың дамуы және оның дүниені тануы түрлі әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Сондықтан оның мінезінде әр түрлі ерекшеліктер мен процестер
пайда болады. Баланың дамуына ықпал ететін факторларға тұқым қуалаушылық,
әлеуметтік орта, тәрбие, т.б. жатады.
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтың ата-ананың биологиялық ұқсастығын елестетуі.
Кейбіреулері баланың сыртқы пішініне қарап, бірден қалай әкесіне не
шешесіне ұқсап қалған деп таңданады. Әрине бұл кездейсоқ нерсе емес.
Өйткені, баланың шашы мен көзінің бояуы, терісінің пигменті, бет келбеті
мен басының формасы, жүрісі мен өзін ұстау қалпы тұқым қуалаушылық арқылы
берілетін биологиялық ұңсастықты еске түсіреді. Бала қозғалыс мүшелерін,
нерв жүйесінің функциялық қасиеттерін, ал кейде дауыс тембрі, музыкаға,
биге, математикаға қабілеттілігі сияқты өте нәзік ерекшеліктерді тұқым
қуалау арқылы алады. Бірақ, өте нәзік ерекшеліктердің тұқым қуалау жолымен
берілуі өте сирек кездесетін жағдай. Мысалы: әйгілі ұлы компо-зитор Иоганн
Себастьян Бахтың ұрпақтарында 300 жыл ішінде тек қана 20 адамдай
музыканттар болған. Мұны бір жағынан отбасы мүшелерінің табиғи
мүмкіншіліктердің (нышанның) болуына, екінші жағынан отбасындағы музыкалық
дәстүрге, музыкалық тәрбиеге байланысты деп қарастырған жөн.
Орта - адам дамуына табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды.
Табиғи орта - бұл түрлі табиғат жағдайының адам тұрмысына қызметіне ықпал
жасауы. Жылы және суық климат жағдайы халықтардың тұрмысына әрекетіне
елеулі ықпал етеді. Климаты ыстық жерлерде егін шаруашылығымен шұғылданады.
Ал солтүстіктегі жерде балық, бұғы шаруашылығымен айналысады. Табиғат
жағдайына байланысты олардың мінез-құлықтары да ерекшеліктер байқалады.
Әлеуметтік орта - жеке адамның мінез-құлқының дамуына ықпал жасайтын
әлеуметтік қатынас, олардың көп қырлы іс-әрекеттері. Әлеуметтік ортаға
мектептің ықпал жасауы нәтижесінде баланың дүниеге көзқарасы, құлықтық,
эстетикалық және осы сияқты болымды қасиеттері дамып қалыптасады. Егер
адамдардың қалыптасуына ортаның қатысы шамалы болса, онда орта адамдардың
талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан адам өзінің дамуы үшін қажетті
материалдарды осы әлеуметтік ортадан жинайды. Егер бала әлеуметтік ортадан
тыс қалса, онда оның даму дәрежесі жануарлардан жоғары болмайды.
Адам жеке тұлға болып қалыпты өсуі және дамуы үшін тек қана адамдар
арасында өмір сүруі қажет. Жеке адамды дамытудағы басты факторлардың бірі -
тәрбие. Тәрбие балалардың жеке және дербес ерекшеліктеріне, дайындығы мен
дәрежесіне лайық іске асырылып, тәрбие адамдардық іс-әрекеттерін
ұйымдастырады. Ол үшін тәрбиеші алдын ала жасалған арнаулы жоспар бойынша
тәрбие жұмысын мақсатқа бағыттап ұйымдастырып, тәрбиенің құралдары мен
әдістерін және формаларын іздестіреді, оларды тиімді етіп пайдаланады.
Тәрбиенің рөлін педагогика тарихында, аса артық бағалаушылар да болды.
Д.Локк (1632-1704) "тәрбие адамның көзқарастары мен адамгершілік
қасиеттерін жасайтын негізгі құрал, адам тәрбие арқылы жақсы болады" - деп
сыңаржақ пікір айтты. Бала өмірге келгенде, оның жаны сүттей ақ, судан
таза, соңдықтан тәрбиеші өзіне керек адамды жасап алады деп, тәрбиенің
рөлін аса дәріптеп, тұқым қуалау мен әлеуметтік ортаның баланың
қалыптасуындағы рөлін онша бағаламады.
Тәрбиеші тәрбие арқылы баланың түрлі іс-әрекеттерін тиімді етіп, оның жақсы
дамуына қажетті материалдарды іріктеп алады, айналадағы табиғи және
әлеуметтік ортаға көзқарасын дамытады. Тәрбие жұмыстарының сара жолдарын
табу нәтижесінде баланың ой-өрісі кеңейеді, эстетикалық сезімі мен талғамы
артып, адамгершілік сапасы қалыптасады. Мектеп мемлекет қолындағы ақпарат
құралдардың (баспа-сөз, радио, теледидар) көмегімен оқушыларға тәрбие
береді, сондай-ақ, мемлекеттің саясатын жүргізеді. Баланың жеке басының
дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін үш фактордың ішінен тәрбие адамның
дамуына орасан күшті ықпал етіп, тұқым қуалаушылық пен ортаның ықпалына
белсенді әсер етіп, баланың дамуын қоғам талаптарына сәйкес бағыттап,
белгілі бағытта баланың өмірі мен іс-әрекеттерін ұйымдастырады, ортадағы
жағдайлардан тұлға дамуына қажетті материалдарды іріктейді, жеке бастың
дамуына теріс, зиянды әсер қалдыратын жағымсыз ықпалдардан аластайды. Осы
тұрғыдан келгенде тәрбие аға ұрпақтың жаңа ұрпаққа қоғамдық тарихи
тәжірибені беру процесі, жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы
қоғамның алға қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс.
Сонымен, тәрбие бала дамуын бағыттайды, басқарады, сондықтан да ол — баланы
қалыптастырудағы негізгі күш. Тәрбие негізгі күш болғандықтан, оның
жетімсіздігі, әлсіздігі баланың қалыптасуына кері әсер етеді.
Абай Құнанбайұлының он тоғызыншы қара сөзінде Адам- атадан туғанда
есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды
таниды дағды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады.
Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір
естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы
нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам
десе болады делінген. Ата- бабаларымыз тәрбие тал бесіктен деген. Олай
болса бала үшін ата-ана игілік жасаушы, үлгі-өнеге көрсетуші және ақыл
кеңес айтушысы болған жағдайда ғана баланы танып біле алады.
1.2. Жеткіншектердің жеке бас қасиеттері
Жеткіншектік кезеңнің шектері шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына
сәйкес келеді де, 11-12 жастан 14-15 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.
Жеткіншектік кезеңнің баланың дамуындағы ерекше орны оның "өтпелі",
"бетбұрыс", "қиын", "сыналатын" кезең деген атауларында бейнеленген. Бұл -
ең тынымсыз, ең қиын, ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса
маңызды факторы -оның өзінің ауқымды әлеуметтік белсенділігі, ол белгілі
бір үлгілер мен игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен қарым-
қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы адамның
жеке басының моральдық, әлеуметтік негіздерін қолданып, қалыптасуының жалпы
бағытының белгіленуі. Бұл кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік
жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты ғасырдан астам уақыттан бері
болып келеді.
Жеткіншектер дамуындағы ерекшеліктер әр түрлі теорияларға негіз болды.
Жеткіншектік шақтың басында балалардың сырт пішіні, мінез-құлқы ересектерге
ұқсамайды. Олар көп ойнап, көп жүгіреді, алысып-жұлысып тентектіктер
жасайды, әлі де бала бола жүріп, елеусіз есейеді. Жеткіншектің жеке
басындағы басты жаңа құрылым өзі туралы "енді бала емеспін, ересекпін " -
деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың осы-лай деп қарауын тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үлкен орын алады. Оқу
қызметіндегі ол қылықтардың сырттай көріну дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін.
Жеткіншектер білімді, әділ, мейірімді, сабақтағы жұмысты ұйымдастыра
білетін мұғалімдерді бағалайды. Мұғалім міндеті - оқу материалдарын
қайталау арқылы мағынаны есте сақтауға үйрету болып табылады.
Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардық орнына өзінің
мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану
басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға ұмтылатын кезең екендігін
үнемі қаперде ұстауымыз қажет.
Сананың дамуы баланың өз бетімен тәуелсіз талаптануын тудырады. Олар
үйелменде, мектепте еңбек процесіне араласады, күнделікті өмірді бақылайды,
ой-өрісі кеңиді. Бұл жастағы бала намысқор келеді, үлкендер бақылауын
әкімшілік шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жасайды деп ойлайды.
Кейде түсініспеушілік осындайдан да туады. Үлкендерге байланып олардың
мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер мен балалар арасында
түсініспеушілік туғызады. Үлкендердің ойланбай асығыс шешім қабылдауы
балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар өнегелі адамдардық
істерімен масаттанады. Осы тұрғыдан баланың мінезін тәрбиелеу, ықыласы мен
қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін қамтамасызыз ету дұрыс
педагогикалық ойларға негізделуі керек. Осы ерекшеліктерді есепке ала
отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдастыру керек. Жеткіншіктер қоғамға
пайдалы істерге ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге бай, кітап
оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, спортты ұнатады.
Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қатынасының мәнін, сезімдерін ашып,
өз сенімдерінің дұрыстығына жауап іздеуге үйретеді. Саз әуені - адам
сезімінің әміршісі, толқу үстіндегі адамға түсінікті, сондықтан сазға баса
көңіл бөлу жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншектермен жұмыстағы
негізгі педагогикалық идеал - баланың іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай
жасау. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, педагогикалық
шыдамдылық, ұстамдылық көрсету жеткіншектің қалыптасуына тікелей ықпал
етеді.
Педагогикалық тәжірибеде баланың жан-жақты дамуы мен мінез-құлқы
жағынан қалыптасуының жеткіншек шағы 10-15 жас ең қиын кез болып
есептеледі. Балалардың тәртібі нашарлап, сабаққа үлгірімі төмендейді,
қыздар мен ұлдар арасындағы қарым-қатынас та қалыпты болмайды. Кейбір
балаларда тіпті қоғамды жатсыну әдеті пайда болады.
Жеткіншектердің мінезіндегі мұңдай қылықтардың негізі осы жастағы
соматикалық және психикалық дамуда жатыр. Бұл кезде баланың бойы тез өседі.
Жеткіншек шақтағы бойдың өсуі бұрынғыға қарағанда бір жылда екі есе
шапшаңдықпен өсетін болады. Баланың бойының шапшаң өсуіне әртүрлі жағдайлар
әсер етеді, мысалы, баланың ішетін тағамы, еңбек, спорт. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz