Айша тігін фабрикасын басқарудың экономикалық формаларын талдау және бағалау
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1 Кәсіпорынды басқарудың экономикалық формаларының теориялық негіздері
1.1 Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Экономикалық басқарудың әдістері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ...9
1.3 Кәсіпорынды басқарудың формаларының мақсаты мен міндеті ... ... ... ...12
2 Айша тігін фабрикасын басқарудың экономикалық формаларын талдау және бағалау
2.1 Айша тігін фабрикасының экономикалық сипаттамасы ... ... ... ... ... ... .15
2.2 Тігін фабрикасының басқару функциясын талдау және бағалау ... ... ... ...17
2.3 Айша тігін фабрикасының экономикалық көрсеткіштерін талдау ... ...20
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
Кіріспе
Курстық жоба тақырыбының өзектілігі кәсіпорын басқару қызметін экономикалық жағдайда зерттеу болып табылады.
Нарықтық экономикаға қадам басу басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды алға қояды. Кәсіпорының биікте қызмет етуі негізінен басқару шараларымен тығыз байланысты. Сондықтан басқаруды ұйымдастырудың маңыздылығы сондай әрбір ұйым, әрбір қор, әрбір кәсіпорын үшін өте маңызы зор. Себебі кәсіпорын аз мөлшерде шығын мен көп мөлшерде пайда табу үшін тиімді басқару, жоспарлау, ұйымдастыру, жігерлендіру, бақылауды жақсы ұйымдастыра білу керек. Мұның барлығы кәсіпорынды нарықта өз орнын ұстап тұруына, басқа кәсіпорындармен бәсекелестікке түсуге, жоғары сапалы өнім шығаруға, кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасымен дұрыс қарым-қатынас жүргізуіне жұмысшыларды еңбекке ынталандыруға, жаңа технологияларды өндірісте қолдануға, нарықтық экономиканың ағымына байланысты жылдам, тиімді шешімдер қабылдауына мүмкіндік тудырады. Сонымен бірге осы шаруашылық шараларының барлығын белгілі бір жүйеге біріктіріліп, бақылау жасауға әсер етеді. Басқаруды ұйымдастырудың қажеттілігін сұраныс пен ұсынысын толықтырып отырады.
Кез келген кәсіпорын нарықта өз орнын таба білуіне бірден бір ықпал ететін фактор - басқаруды ұйымдастыру екендігіне көз жеткізу осы тақырыптағы курстық жобаға негіз болды.
Курстық жобаның мақсаты: Айша тігін фабрикасын басқарудың экономикалық формаларын зерттеу болып келеді. Курстық жобаның міндеті:
1. Айша тігін фабрикасының экономикалық сипаттамасы
2. Тігін фабрикасының басқару функциясын талдау және бағалау
3. Айша тігін фабрикасының экономикалық көрсеткіштерін талдау
Тігін фабрикасының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету олардың жұмысына экономикалық тұрғыдан дұрыс басқаруды міндет етеді, бұл көбінесе оны дұрыс талдай білумен анықталады. Комплексті түрде талдаудың көмегімен даму үрдісі зерттеледі, қызмет нәтижелерінің өзгеру факторлары нақты және жүйелі түрде зерттеледі, өндіріс тиімділігін көтеру резервтері анықталады, кәсіпорынның қызмет нәтижелері бағаланады, оны дамытудың экономикалық жоспары дайындалады.
Курстық жобаның зерттеу нысаны: Айша тігін фабрикасы. Ол 2012 жылы құрылған. Меншік түрі - жеке. Негізгі қызмет түрі - ұлттық киімдер тігу. Айша тігін фабрикасының өзінің банкте есеп айырысу және озге де шоттары, мөрі, эмблемасы, және сауда белгісі бар.
Экономикалық тұрақсыздық таза пайданың жасақталуын құртады, табыстың ең бастысы бағаны көтеру нәтижесінде алуға, тырысуға әкеледі. Баға инфляциясы көмегімен таза пайда табуды жөнге келтіру экономиканың қаржылық суығуына, баға белгілеудің нарықтық игерістерінің дамуына, салықтар жүйесін онтайластыруға мүмкіндік тудырады. Осы міндеттерді экономикалық реформаны іске асыру барысында мемлекет іске асыруға міндетті.
Нарықтық экономика жағдайында ұйым ең жоғарғы таза пайда алуға тырыспағанмен, ең болмағанда өзінің нарықтағы бағытын сақтап, бәсекелестік жағдайында өз ұйымының дамуының динамикасын қамтамасыз етуі міндетті. Бұл ақырында пайда жасақтаудың көздерін жақсы білуді және оларды жақсы пайдалану әдістерін табуды зерттейді. Экономикалық тұрақсыздық таза пайданың жасақталуын іске асырмайды, табыстың ең бастысы бағаны көтеру нәтижесінде қол жеткізуге, тырысуға әкеледі. Инфляция көмегімен таза пайда табуды жөнге келтіру экономиканың қаржылық суығуына, баға белгілеудің нарықтық игерістерінің іске асуына, салықтар жүйесін онтайластыруға мүмкіндік тудырады.

1.1 Кәсіпорынды басқарудың экономикалық мәні
Басқару -- ол бағыныштыларды өздеріне арналған тапсырмалар мен міндеттерді орындауға мәжбүр ететін ой және дене процесі болып табылса, ал лидерлік керісінше бір адамның басқаларға ықпалы, әсер ету процесі болып табылады.
Басшы ұйымның басшылығына алдын-ала қарстырылған ресми әрекет-өкілеттіліктерді беру арқылы жұмысқа келеді. Ал лидер болса ресми емес әрекеттердің нәтижесінде, өз еңбегімен, абыройымен келеді. [5, 29-32 бет]
Ұйымның басшысы -- ол лидер, сонымен қатар өз бағыныштыларын тиімді басқаратын тұлға. Оның мақсаты-ұйымға берілетін жұмысты, тапсырманы орындауға басқаларды бағыттау, оларға ықпал, әсер ете білу болып табылады.
Лидерлік -- бұл ұйымның мақсатына жету жолын бағыттау арқылы жекелеген адамдар мен топтарға ықпал және әсер ету қабілеті болып табылады. [1, 9-13 бет]
Әсер (ықпал)және билік ету.
Ықпал ету -- ол жеке адамның келесі бір адамның мінезіне, қатынасына, сезіміне және т.б. өзгерісіне енгізетін қандай да бір мінез-құлық әрекеті болып табылады. Мұндай ықпал ету құралдары ретінде өтініш, құлаққа сыбырлау, немесе ең соңғы саты , яғни қорқыту жатады. Ал бір адам басқаларға тек қана иедяларының көмегімен ықпал ете алады. Басқарушы, өзінің лидерлігі мен ықпал әсерін тиімді ету үшін билігін пайдаланады және оны дамытады.
Қоғамда билікке теріс сезім әрекеттері қалыптасқаны анық. Лорд Эктон бұл туралы былай деген: Биліктің аздыру үрдісі бар, ал шексіз билік шексіз аздырады. [3, 21-22 бет]
Ал көптеген адамдар билік ұғымын зорлық, күш көрсету және агрессиямен тығыз байланыстырады. Ал біздің нұсқамыз бойынша: "Билік -- басқарушылардың мінез-құлқына әсер ету мүмкіндігі" Басқарушыда билік болмаса ұйымның жұмысы алға баспайды, тәртіп нашарлай түседі.
Билік тепе-теңділігі.
Ұйымдағы билік тек ішінара негізгі иерархиямен анықталады. Ал белгілі бір жағдайдағы бір адамның билігінің мөлшері оның ресми өкілеттіктерінің деңгейімен емес оның басқа адамға тәуелділік дәрежесімен айқындалады. Басқа адамның тәуелділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым адамның билігі үлкен екендігі анық. [2, 17-19 бет]
Бағыныштылар билігі.
Басшылардың өз бағыныштыларына билік жүргізетін себебі, бағыныштылар еңбекақы, қызметте өсу, әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және тағы да басқа мәселелерге келгенде басшыға тәуелді болады.
Бірақ, кей жағдайларда бағыныштылар басшышарға билік жүргізуі де мүмкін.
Мысалы, шешім қабылдауға қажетті мәліметтер мен ақпараттарды жинақтауды басшы бағыныштының көмегі мен ақылына жүгіне отырып жүзеге асырады. Бағыныштылардың басшыға билік жүргізуінің анық мысалы ретінде артист немесе атақты спортсменнің жақсы келісім - шартқа отыруын келтіруге болады. Олардың басшылары өз жалақысынан артық жалақыны артиске бергісі келмейді, бірақ оның келісімін алу үшін, еріксіз кішіреюге мәжбүрлі болады.
Сондықтан да тиімді басшы әрқашанда билік балансының сақталуына әсер етуі керек. Себебі ұйымның мақсатына жетуі бағыныштыларға тікелей байланысты болады. [4, 35-36 бет]
Расында басқару - өте күрделі, кешенді жүйе болып табылады. Басқару мақсаттарды, принциптерді, басқару әдістері жүйесін құруды нақты алға қоя біледі. Құрылымдық жағынан ол басқару органдарын, басқару кадрлерін, басқару техникасын біріктіреді. Іс-әрекет барысында басқару әр түрлі кезеңнен өтеді. Олар: жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру және бақылау болып табылады. Басқару органдары мен процесстері әр түрлі деңгейде әр түрлі жағдайда болады және әр түрлі әлеуметтік ұйымдарда бірдей емес келеді. Басқаруда сан алуан саяси, экономикалық, ұйымдастыру-техникалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелерді ескере отырып, үйлестіру қажет. Басқару процессінде ұйым қызметінің барлық тараптары мен аспектілері оған қатысушылармен бір тұтас бірігеді, интеграцияланады. Барлық элементтердің біртұтас бірігуі процесстерін зерделеу, басқаруды біртұтас, кешенді және нақты әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеп-білу басқаруды зерттеу тақырыбы болады. [7, 60-63 бет]
Басқару теориясында логикалық әдіс қолданылып, логикалық заңдар тұжырымдалынады. Экономикада басқару шешімдерін қабылдау логикасы айтарлықтай дәрежеде формализациялауға көнуі керек. Осыған орай басқару мәселелерін зерттеп-білуде экономикалық-математикалық әдістердің алатын орны айрықша болады.
Басқару күрделі субъектілік-объектілік ара қатынаста болады. Басқару ісі басқару теориясының дамуы арқасында барған сайын ғылами негізделде, алайда сонымен қатар ол шығармашылық, өнер саласы болып қалады. Басқару жүйесінің тиімділігі басшылардың нақты жайттарда басқарудың ғылыми принциптерін жасампаз қолдану өнерін меңгере білуімен қамтамасыз етіледі. [9, 24-26 бет]
1.2 Экономикалық басқарудың әдістері мен ерекшеліктері
Басқару әдістері дегеніміз бұл басқарудың мақсатқа жетудегі іс-әрекеттік жолдары болып табылады. Басқару субъектісінің басқару объектісіне ықпал жасау әдістері басқару әдістері деп түсіндірілетіні анық. Басқару әдістері ұжымдар қызметінің жоғары тиімділігін, олардың ынтымақты жұмысын қамтамасыз етуге тиісті болады. Мұның өзі басқару әдістерін өндірістік-шаруашылық міндеттерді шешу процесінде қолданылатын басқа да техникалық және технологиялық әдістерден ерекшеленетіні анық. Басқару әдістері басқару процесін мүлтіксіз ұйымдастыру, осы замаңғы техниканы пайдалану, еңбек пен өндірісті прогресті жолмен ұйымдастыру үшін жағдайлар жасайды, олардың барынша тиімді болуын қамтамасыздандырады. Сонымен қатар, әдістер-басқару қызметінің мәні және негізгі мазмұны болып табылады, өйткені басқару міндеттері солар арқылы іске асады. [8, 9-11 бет]
Басқару ілімінде бірнеше әдістер болады:
1.Әкімшілік әдістер
2.Экономикалық әдістер
3.Әлеуметтік-психологиялық әдіс
Басқарудың шеберлігі осы әдістерді толық, пайдаланып, алға қойған нақты мақсатқа байланысты олардың ара-салмағын дұрыс ұстайды.
Ең негізгі әдіс -- әкімшілік әдіс болып табылады.
1. Әкімшілік әдістің негізі -- жеке меншік кәсіпорынның мақсатқа жетудегі ұйымдастырудың (әрекеттері) ықпалы, әсері болып табылады. Әрқашанда басқару аппаратындағы жұмыстарды бөлуді қажет етеді. Бұл өндіріс органдарының басқару құрамын жасаудан басталады қанша бөлім қажет, олар бір-бірімен қандай қатынастарда болуы қажет.
Басқару аппаратын мынадай:
1) Линиялық алдынғы саптағы басшыларға:
а) Жалпы басшылық ететін басшылар -- директор -- ол жоғарғы саптағы басшы болып тбылады.
б) Цех бастығы -- орта деңгейдегі басшы болып табылады.
в) Мастер, бригадир -- төменгі деңгейдегі басшылар санатына жатады. [6, 41-43 бет]
2) Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері ұжымдарға және солар арқылы өндіріс процестері мен кәсіпорынның шаруашылық қызметіне ықпал еуге үлкен ролде іске асырады. Басқарудың ұйымдық-әкімшілік әдістері дегеніміз өндіріс процесінде қызметкерлер арасында қалыптасатын ұйымдық қатынастарға тікелей басқарушылық ықпал жасау тәсілдері мен жолдары құралдарының жиынтығы болып саналады.
3) Халық шаруашылығы дамуының қазіргі кезеңінде басқарудың экономикалық әдістері зор маңызды орын алып отыр. Басқарудың экономикалық әдістерінің мазмұны еңбек және материал шығындарын мейлінше аз жұмсап, мейлінше жақсы өндірістік нәтижелерге жету мақсатында қызметкерлердің экономикалық мүдделеріне нысаналы ықпал етуде. [10, 30-32 бет]
2. Экономикалық әдістер орындаушыларға олардың экономикалық мүдделері арқылы жанама ықпал етудің пайдаланылуын іске асырады.
Басқарудың экономикалық әдістерінің негізгі мақсаты-кәсіпорынның коллективтік, жекелеген қызметкерлерді барынша белсенділік көрсетуге ұмтылатындай экономикалық жағдайлар жасау. Мұның негізінде материалдық қызықтыру мен ынталандыру, ақшамен мадақтау және жазалау жатыр.
3. Әлеуметтік-экономикалық жүйеде басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің атқаратын роліне баға жеткіліксіз. Бұл жүйелерде негізгі элемент - тұлға болып саналады. Еңбек ұжымын басқаруда басшының жақсы маман екендігі әлеуметтік-психологиялық факторларды пайдалана білуімен анықтайды. Еңбек коллективінде әлеуметтік-психологиялық процестер мен құрылымдардың жүйесі іске асады, олар еңбек өнімділігін арттырудың, шаруашылық есеп принциптерін нығайтудың, ұжымның қоғамдық өмірін демократиялаудың орасан резерві болып табылады.
Сондықтан осы шартты іске асыру үшін басшылық:
-өндіріс пен еңбекті ұйымдастыру шарттарын;
-материалдық және моральдық ынталандыру жүйесін жоспарлау;
-идеялық тәрбие жұмысын жолға қоюдың жоспарын;
-өндірісте демократиялық негіздрдің дамытылуын;
-өзінің қызметтік және қоғамдық функцияларын орындау жөнінде жеке үлгі көрсетуді біліп, пайдалану керек. [12, 25-26 бет]
Бұл әдістің негізі -- адамдардың мұқтаждығын, қажеттілігін ескере отырып, басшылардың өздерінің қол астындағы қызметкерлеріне әртүрлі (әлеуметтік-психологиялық) ықпал жасауы болып табылады.
Адамдардың мінез-құлқын, жан дүниесін, зерттей келіп, олардың рухани көз-қарасын бақылап, ұжым жайлы орташа мәләмет жасап, тәртіпті нығайтып, қызметкерлердің жұмысқа деген шығармашылық ынтасын көтеретін шаралар жасау жолдары болу керек. [11, 50-52 бет]
1.3 Кәсіпорынды басқарудың формаларының мақсаты мен міндеті
Басшылық жасау үшін ықпал ете білу керек, ал ықпал ету үшін биліктің негізі болуы керек. Белгілі бір билікке ие болу үшін сіз орындаушыға аса қажетті бір нәрсені өз қолыңызға алу арқылы өзіңізге бағынуға мәжбүр ете аласыз. Мұндай нәрсе бәрімізде де бар екені анық.
Маслоудың тұжырымынша негізгі қажеттіліктер мыналар болып саналады:
-- физиологиялық қажеттілік
-- қорғаныстық қажеттілік
-- әлеуметтік қажеттілік
-- сыйластықтық қажеттілік
-- құрметке ие болу қажеттілігі
Ықпалдың барлық формалары басқа адамның талаптарын орындауға талпындыратыны анық. Соның салдарынан басшы және орындаушы болашақтағы ұқсас немесе ұқсас емес мәнерлерін қалыптастыра алады. Басшы бағыныштыларға әсер етеді. [13, 28-30 бет]
Биліктің әртүрлі формалары болады. Оларға мыналар жатады:
1. Мәжбүр етуге негізделген билік формасы. Орындаушы ықпал етушінің әрекеттерінен тартынады. Аса үлкен қажеттіліктерді қанағаттандырмауы мүмкін деп ойлайды.
2. Марапаттауға негізделген билік формасы. Орындаушы ықпал етушіге өз еңбегінің жемісі үшін жақсы сыйақы аламын деп сенеді. Ол одан жақсылық күтеді.
3. Сараптау билігі формасы. Орындаушы ықпал етушінің белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруға мүмкіндік беретін билігі бар деп сенеді.
4. Эталондық (үлгі билігі) формасы. Орындаушы үшін ықпалдың сипаты мен қасиеттері өте жақсы, сондықтан ол ықпал етушіге еліктейді.
5. Заңды билік формасы. Орындаушы ықпал етушінің бұйрық беруге құқығы бар, ал оны орындау өзінің парызы екендігін біледі. Орындаушы бағынған кезде қажеттіліктері қанағаттандырылатынын түсінеді де, дәстүр бойынша ықпал етушіге бағынады. Сондықтан заңды билікті көбінесе дәстүрлі билік дейді. Бағынышты басшының бұйрығын ұйымдық иерархияның төменгі сатысында тұрғандықтан іске асырады. Себебі басшыға басқа адамдарды басқаруға болатын өкілеттілік берілген болғандықтан.
[12, 39-41 бет]
Билік ықпал ету арқылы іске асырылады. Енді осы ықпал түрлерін қарастырайық.
а) Мәжбүр етуге негізделген билік түрі. Қорқыту арқылы ықпал ету.
Тұлға өзінің қауіпсіздігіне нұқсан келетін кезде қорқады. Жұмыс орнында қорқыту арқылы үлкен билікке қол жеткізуге болады. Себебі, біз сол жұмыс орнында қажеттілікті қанағаттандырамыз.
ә) Марапаттауға негізделген билік түрі, оң дұрыс әсерді күшейту арқылы ықпал ету болып табылады.
Бұл басқа адамдарға ықпал етудің ең көне және ұтымды түрі. Марапаттауға негізделген билік -- өз ықпалын дұрыс қолдану арқылы әсер етеді. Бірақ адамдар әртүрлі болғандықтан .оларға марапаттау мен мақтаудың да әрқилы түрлері қолданылуы керек. Міне, осы жағынан басшыға қиындық түсуі мүмкін.
б) Сараптау билігі түрі. Салихалы сенім арқылы ықпал ету болып табылады. [15, 16-18 бет]
Бағынышты адам өз басшысының белгілі бір проблема бойынша сарапшылық билігі бар екендігіне сенеді. Басқарушыға сенім арта отырып, олар оның көмегіне сенім артады.
Мысал ретінде адамдар емдеуші дәрігерге деген сенімін келтіруге болады.
в) Заңды билік түрі. Дәстүрлер арқылы ықпал ету болып табылады.
Дәстүр -- бұл ықпал етудің ең көп тараған түрлерінің бірі болып табылады. Басқарушы бағынушының қорғануға деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін ықпал етудің осы түріне жүгінеді. Бірақ, бұл тек бағыныштының белгілі бір құндылықтарды игеру кезінде ғана жүзеге асырылады. Яғни, бағыныштылар өздерінің бағынуға тиіс екенін ұғынып, мәдениет пен қалыптасқан дәстүрді сыйлаған кезде ғана дәстүрлі билікке орын табылады.
Дәстүр -- ол ұйым үшін де басшы үшін де, өте тартымды құрал болып табылады. Ол тұлғаға емес, лауазымға ықпал етуге үйретеді. Бұл жағдайда тұрақтылықты көтереді. Себебі, ұйым тұлғаның қабілттілігі мен өміріне тәулді емес. [14, 52-53 бет]
г) Эталондық билік (үлгі билігі) түрі. Харизма арқылы әсер ету болып табылады.
Харизма -- бұл логика немесе дәстүрге байланысты билік емес, лидердің (басшы жетекшінің) жеке қасиеттері мен қабілеттігіне байланысты құрылған билік болып табылады.
Харизматикалық ықпал түрі орындаушының өз басшысына деген сүйіспеншілігі мен құрметіне негізделген. Орындаушы өз басшы қызметкерімен өзін салыстырып, көз алдына көптеген ұқсастықтарын келтіре ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz