Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық мәні мен маңызы, бағалау
мен мортизациясы
1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ...6
2. Негізгі қорлардың тозуы мен
амортизациясы ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 13
3. Негізгі өндірістік қорлардың тиімділігін көрсететін көрсеткіштер ... ..20

2 Негізгі қорлардың пайдаланылу тиімділігін талдау және бағалау
2.1 ҚР негізгі қорлардың жағдайын, оны жақсартуға жұмсалған
инвестицияларды жұмсалуы мен және жаңаруын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ...23
2.2 Ландфил ЖШС- ның жалпы сипаттамасы, құрылу тарихы ... ... ...
... ..29
2.3 Ландфил ЖШС негізгі өндірістік қорлардың пайдаланылу тиімділігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

3 Кәсіпорының негізгі қорлары тиімділігін жоғарлату жолдары
3.1 Кәсіпорынында негізгі қорларды пайдалану және жақсартудың негізгі
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44
3.2 Ландфил ЖШС кәсіпорынның техникалық жабдықталуының экономикалық
стратегиясын
құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
7

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 52

КІРІСПЕ

Нарық жағдайында шаруашылық субъектілерінің табысты жұмыс істеуі үшін
осы заманғы ғылыми теория мен тәжірибені бірге ала отырып, әдістері
мен тәсілдерін қолдана білудің маңызы зор, сондықтан нарықтық экономика
пәндерінің арасында кәсіпорын экономикасы, оның ішінде негізгі өндірістік
қорларды тиімді пайдалану жолдары елеулі орын алады.
Қазақстанның нарықтық экономикаға өту нәтижесінде кәсіпорындар үшін
жаңа экономикалық мүмкіндіктер ашыла бастады [1].
Нарықтық баға белгілеу жүйесі кәсіпорындарды неғұрлым мол пайда
әкелетін бағыт-бағдарын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кәсіпорындардың
өздерінің өндірістік потенциалын толығымен пайдалану жолдарын іздеуді
ұйғарды.
Өндірістік процестің негізгі элементтерін пайдалануды жақсартуға
бағытталған шешімдер қаншалықты тиімді болса, кәсіпорынның жағдайының
соншалықты тұрақты болуы да сөзсіз.
Нарықтық қатынастарда экономикалық тұрақтылығын сақтау үшін кез
келген кәсіпорын өнім өндіруге немесе қызмет көрсетуге кететін шығындарды
максималды түрде азайтуды көздейді. Өндіріске кететін шығындарды
минимизациялау нұсқаларының бірнеше түрлерін көрсетуге болады. Солардың
ішінде ең негізгісі болып табылады: кәсіпорынның негізгі қорлары, құрамы
мен құрылымы, тозуы мен амортизациясы және пайдалану мен талдау жасау.
Кәсіпорын өндірісінің тиімділігін жоғарылатудың маңызды факторының
бірі – негізгі қорларды қажетті санымен, ассортиментімен қамтамасыз ету
және жалпы көлемде пайдалану болып табылады.
Әр кәсіпорын үшін негізгі қорлардың тым ескіруіне жол бермеу,
кәсіпорынға мөлшерден жоғары шығындардың асып кетуін болдырмайтын
нұсқаларының тиімдісін таңдау – негізгі қағидалардың бірі болып
есептеледі.
Талдау жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен жағдайын,
тозу деңгейін, негізгі қорлар мен құралдарын пайдаланудың тиімділігін
қарастыру қажет.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі – кәсіпорынның негізгі
қорларын пайдалануды талдау, амортизацияның ерекшеліктерін ашып көрсету
және оларды пайдалану жолдарын жақсарту мәселелерін зерттеуді талап
етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
және пайдалану жолдарын зерделеу, теориялық танымды негізге ала
отырып, негізгі қорларды тиімді пайдалану туралы білімдерді жүйелеу, ашып
қарастыру және жетілдіруді көздейді.
Дипломдық жұмыстың міндеті:
1. Кәсіпорынның негізгі қорлардың құрылымдық бөлімдерімен қамтамасыз
етілуі мен жалпы және жеке көрсеткіштері бойынша пайдалану
деңгейін анықтау, негізгі қорларды пайдаланудың қызмет көрсету
көлеміне әсер етуін есептеу, кәсіпорынның негізгі қорларын
пайдалану деңгейін зерделеу және негізгі қорларды тиімді
пайдалану резервтерін ашып қарастыру.
2. Кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалану жолдарын жақсарту
ерекшеліктерін анықтау.
3. Негізгі қорларды тиімді пайдалану жолдарын іздеу және оларды
рационалды түрде және үнемдеп пайдалану.
4. Берілген мәселелерге байланысты арнайы әдебиеттерде кездесетін
ғылыми әдістер жинақтамасын жүйелеу және ортақ мақсатқа келістіру.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларының экономикалық маңызы,
бағалау мен амортизациясы қарастырылған.
Екінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын пайдалануды К & К -
TALDYKORGAN мысалында талдауы қарастырылды.
Үшінші бөлімінде кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалану ,
жеделдетілген амортизацияның және негізгі қорлардың ұдайы өндірісінің
ерекшеліктері көрсетілген.
Бұл жұмыстың теориялық негізін отандық ғалымдардың еңбектерінен
және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен алынған.
Зерттеу объектісі ретінде К & К - TALDYKORGAN негізгі қорларды,
құрылымын, құрамын, техникалық жағдайын, оларды тиімді пайдалануды
жақсарту жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге, компанияның болашақтағы
дамуын, нарықта алатын орнының ерекшелігін қарастырылады.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ, БАҒАЛАУ МЕН
АМОРТИЗАЦИЯСЫ

1. Негізгі қорлардың экономикалық мәні мен маңызы
Кәсіпорынның бірқалыпты функционалды жұмыс істеуі, ең алдымен, қолда
бар керекті еңбек құралдары мен көздерінің болуымен тығыз байланысты.
Осындай құралдардың көзі ретінде негізгі қорларды жатқызуға болады.
Өнеркәсіптік кәсіпорынның өндірістік үрдісінің үзіліссіз жүзеге асырылуы
тек қана негізгі қорлардың іс жүзінде ықпалыменен болады.
Негізгі қорлар – өндіріс процесіне бірнеше рет қатысатын, өзінің
бастапқы құнын сақтай отырып, дайын өнімге біртіндеп ауыстыратын өндірістік
қорлардың бір бөлігі [2, 91б].
Экономикалық әдебиеттерде негізгі өндірістік қорлардың анықтамаларының
бірнеше түрлері көрсетіледі. Соның ішінде кеңінен таралған нұсқаларын
ұсынуға болады:
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – еңбек құралдарының құндылық
белгісі. Негізгі қорларды басты белгісі сыртқы нысанын өзгертпейді және
өнімге өзінің құнын біртіндеп ауыстырады: өндірістік циклдардың қатарының
өтуімен немесе бөліктермен, тозу мөлшеріне қарай ауыстырады.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары – бұл еңбек құралдары болып
табылады, олар көптеген өндірістік циклдарда қатысады, өздерінің
натуралды нысанын сақтай отырып, тозу көлеміне қарай дайын өнімге құнын
біртіндеп ауыстырады[3, 142б].
Негізгі қорлар – еңбек құралдарының құндылық сипаты болып табылады.
Негізгі құралдардың басты белгісі оның өз құнын дайын өнімге
біртіндеп көшіру, яғни өндірістік циклдардың қатарлы ағымы мен тозу
көлеміне байланысты[4, 66б].
Негізгі қорлар – кәсіпорынның өндірістік материалдық-техникалық базасы
болып табылады. Олардың көлемі кәсіпорынның өндірістік қуаты
мен еңбектік техникамен қарулану деңгейіне байланысты болады[5,
100б].
Өндірістік үдеріске қатысу дәрежесіне, қолданылып жүрген топтастыруына
қарай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес
объектілер кіреді.
Өндірістік бағыттағы негізгі қорларға:
− Өнеркәсіп,
− Құрылыс,
− Ауыл шаруашылығы,
− Автомобиль көлігі,
− Байланыс,
− Сауда,
− Ғимараттар,
− Құрылыстар,
− Машиналар,
− Жабдықтар мен басқа да еңбек құралдары жатады.
Олар өндіріс процесіне ұзақ уақыт қатысады.
Өндірістік емес қорларға:
− Тұрғын-үй,
− Коммуналдық шаруашылық,
− Денсаулық сақтау,
− Білім беру,
− Мәдениет,
− Спорт салаларына бөлінеді.
Олар өндірістік процеске тікелей қатыспайды, бірақ олар жұмысшы
күшін ұдайы өндіруге қажетті жағдай жасай отырып, оның нәтижесіне жанама
әсер етеді[6, 43б].
Өндіріс процесіне қатысу дәрежесінде негізгі қорлар активтік және
пассивтік болып бөлінеді.
Актив бөлігі (машиналар, құрал-жабдықтар) тікелей өндіріске, өнімнің
(қызмет, жұмыс) мөлшері мен сапасына ықпал етеді.
Пассив бөлігі негізгі қордың ғимарат, құрылыс және өндірістік процеске
қажетті жақтарын құрап, жағдай жасайды[7, 25б].
Негізгі қорлар алдына қойған мақсаты мен атқаратын қызметіне қарай мына
топтардан тұрады:
− Үйлер;
− Ғимараттар;
− Өткізбелік тетіктер;
− Күш машиналары;
− Жұмыс машиналары мен жабдықтар;
− Есептеуіш техникалары және олардың бағдарламалық құралдары;
− Тасымалдау құралдары;
− Құрал-саймандар мен жабдықтар;
− Өндірістік және шаруашылық құрал-жабдықтары;
− Өнім және жұмыс малдары;
− Көпжылдық өсімдіктер мен көшеттер;
− Кәсіпорындардың, мекемелердің меншігіндегі жер телімдері және
басқа да негізгі қорлар деп бөлінеді. [7, 25б]
Басқа негізгі қорлардың құрамына техникалық кітапханалар, өрт
сөндіретін шаруашылық құралдары және т.б. кіреді[8, 64б].
Негізгі қорлар топтарының аталғандардың барлығы өндірістегі және
тиімділігін көтеру маңызы әрқалай болады. Негізгі қорлардың белсенді
бөлігі өндірістегі еңбектің техникалық қарулану деңгейіне тікелей
байланысы бар, яғни олар жұмыс машиналары, құрал-жабдықтар, көліктік
құралдар және құрал-саймандарды пайдалану өнімділік пен тиімділіктің сапасы
және көлеміне үлкен әсерін тигізеді.
Өндірістік қорлардың басқа бөліктері өндіріс үрдісінде жанама қатысады
(өткізбелік тетіктер), олар машиналар мен құрал-жабдықтарды пайдалануда
қажетті жағдайлар ұйымдастырады, себебі, машиналар өндіріс процесінің
тірегі болып табылады. Кәсіпорынның материалдық-техникалық базаның деңгейі
негізгі қорлардың белсенді бөліктерінің саны мен сапасына қарай
анықталынады.
Меншіктік қатынасына қарай қорлар өзіндік және уақытша жалға алынған
болып бөлінеді. Өзіндік қорлар кәсіпорынның меншігіндегі қорлары болып
табылады, ал жалға алынған қорлар басқа кәсіпорындардың меншігіндегі қорлар
болып есептелінеді және нақты кәсіпорын келісімшартқа сәйкес пайдаланады[9,
4б].
Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын
жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады:
− Негізгі қордың тозуы;
− Амортизация;
− Негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған
қаражаттар;
− Капитал салымдарын жүзеге асыру жолдары.
Кәсіпорынның және басқа да әр түрлі салалардың негізгі қор құрылымы
мынадай факторлармен анықталады:
− Өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
− Өндірістің техникалық деңгейі,
− Мамандыру және т.б.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын олардың көмегімен өндірілетін
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер есебінен біртіндеп толтыру. Негізгі
қорлар өндірістік процесте:
− Натуралды;
− Ақшалай нысанда зерделенеді.
Натуралды нысандағы құралдардың есебі:
− Негізгі қорлардың техникалық құрамын;
− Кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын;
− Құрал-жабдықтарды пайдалану дәрежесін;
− Басқа да мақсаттарды анықтау үшін қажеттілік.
Негізгі қордың ақшалай нысандағы есебі:
− Негізгі қордың жалпы мөлшерін, динамикасын, құрылымын;
− Амортизациялық аударымдардың есебін;
− Дайын өнімді тасымалдау құнын;
− Капитал салымдарының және инвестицияның экономикалық тиімділігін
анықтайтын қажеттілік[10, 156б].
Негізгі қорларға жататын негізгі құралдар пайдалану дәрежесіне
қарай келесі негіздемелерге бөлінеді:
− Пайдалану түріне;
− Запасты (резервті) құру түріне;
− Құрастыру, құрылу кезеңдеріне, қайта құрастыру, модернизация
және бөлшекті ликвидация кезеңдеріне қарай бөлінеді.
Объектілерге құқықтық иемдену тәуелділігіне қарай негізгі құралдар
былайша жіктеледі:
− Меншіктік құқығы негізінде ұйымға жататын негізгі құралдар объектілері
(соның ішінде жалға өткізілгендер);
− Шаруашылық жүргізу немесе басқарудың меншіктік құқығы негізінде
ұйымның қарамағындағы негізгі құралдар объектілері;
− Ұйымнан жалға алынған негізгі құралдар объектілері[11, 137б].
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігі нарықтық экономиканың негізгі
категорияларының бірі болып табылады. Өндірістің экономикалық тиімділігі –
бұл екі өлшемнің жалпы түрдегі өндірістің сандық көрсеткіштердің қарым-
қатынасы, яғни шаруашылық өндіріс нәтижелері және өндіріс шығындары.
Өндіріс тиімділігін есептеп шығару үшін кәсіпорын экономикасында келесі
формулалады қолданады:
Негізгі капитал рентабелділігі:
П
Р нк = х 100%
(1)
К н
Мұнда:
П – таза пайда;
К н – негізгі капитал.
Рентабелділікті реттеудің экономикалық әдісмтемелерге капитал
рентабелділігі, өнімі рентабелділігі, активтердің рентабелділігі (қор
қайтарымы) жатады.
Өзіндік капитал рентабелділігі:
П
Р өк = х 100%
(2)
К ө
Мұнда:
К ө – өзіндік капитал.
Жалпы рентабелділік пайданың негізгі өндірістік және айналым қорларының
орта жылдық құнына қатынасын есептеледі:
Жалпы рентабелділік:
П б
Р ж =
(3)
НӨҚ +АӨҚ
Мұнда:
П б − баланстық пайда, яғни қызмет түрлері бойынша кәсіпорын
байлансындағы пайданың жалпы сомасы;
НӨҚ және АӨҚ − негізгі өндірістік және айналым қорларының орта жылдық
құны[12, 149б.].
Кәсіпорынның негізгі қорларының тиімділігін көтеру барысында қорлардың
қорқайтарымы көрсеткіштерін есептейді.
Қор қайтарымы:
Q
Ф қ = –––––––
(4)
Ф орт
Мұнда:
Q – өндірілген өнім көлемі (ақшалай түрінде);
Ф орт. – негізгі өндірістік қордың орташа жылдық құны.
Бұл формула негізгі өндірістік қорларды пайдалану деңгейін талдау
үшін пайдаланылады. Ол өндірім мен еңбек қордың жарақтанғандығының
арасындағы өзара байланысты көрсетеді. Егер де еңбек қор жарақтағанға
қарағанда өндірімнің қарқыны өте жоғары өсетін болса, онда бұл
өте оңды нұсқа болып есептеледі. Өйткені, осы жағдайда ғана
өндірістің тиімділігі ең жоғары дәрежеге жетеді. Қор қайтарымның қарсы
көрсеткіші – өнімнің қор сыйымдылығы (Ф с). Бұл өнімнің өлшеміне
шаққандағы негізгі қордың құнын сипаттайды (теңге).
Қор сыйымдылығы:
Ф орт.
Ф с = ––––––
(5)
Q
Қор қайтарымы көрсеткішінің артуы және өнімнің қор сыйымдылығының
төмендеуі негізгі қорларды пайдалануды жақсартатынын немесе керісінше
көрсетеді. Негізгі қорларды пайдаланудың тиімділігін арттыру үшін олардың
жүктеме деңгейлерін, әсіресе олардың активтік бөлігін арттыру, қорларды
жаңарту, үдемелі жабдықтарды, қазіргі технологияны, билікті қызметкерлерді
пайдалану қажет. Сонымен бірге, негізгі қорлардың қандай деңгейде
пайдаланатынын, жалпы және жеке көрсеткіштер арқылы есептеп шығаруға,
өзгерістердің пайда болу себептерін зерделеуге, өнім өндірісінің көлеміне,
басқа көрсеткіштерге негізгі қорлардың қаншалықты ықпал ететінін есептеуге,
кәсіпорынның және құрал-жабдықтардың өндірістік қуаттылығының пайдалану
дәрежесін зерттеуге, негізгі құралдардың тиімді пайдалану резервтерін
шығаруға экономикалық талдаулардың тиімділігі зор.
Талдау жасау әдетте негізгі қорлардың көлемін, олардың
динамикасы мен құрылымын зерттеуден басталады. Біз айтып кеткендей, қорлар
өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Кәсіпорындардағы өндіріс тиімділігін жоғарылатудың маңызды
факторларының бірі – негізгі қорлармен қамтамасыз етілуі, олардың
керекті мөлшерде, ассортиментте және толықтай пайдалануы күтіледі.
Кәсіпорынның өндірістік қуатын өндірістік қорлар анықтайды,
әсіресе, белсенді бөлігін (жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар) және енжар
бөлігін де ерекшелеу керек. Сонымен бірге, бөлек топтарды өзіндік қызметі
бойынша (өндірістік бағыттағы ғимарат, қоймалар, жұмыс машиналары мен күш
машиналары, жабдықтар, өлшеуіш приборлар мен құралдар, көлік құралдары және
т.б.) бөліп көрсетеді. Мұндай детализация құрылымды оптимизациялау
негізінде пайдалану тиімділігін жоғарылату резервтерін шығарып көрсетуге
қажет болады.
Келесі талдау жасаудың қадамы – кәсіпорынның негізгі өндірістік
қорлармен қамтамасыз етілуі зерттеледі. Машиналардың кейбір түрлерімен,
механизмдерімен, құрал-жабдықтармен, ғимараттармен қамтамасыз етілуі
өнім өндірісінің нақты көрсеткішінің және жоспарлы көрсеткішінің
салыстыру қажеттілігімен орындалады.
Келесі формуларда кәсіпорынның қормен қамтылуын есептеуге болады.
Қормен қамтылу:
Ф орт
Ф қамт = --------------
(6)
S өнд
Мұнда:
S өнд – өндірістік алаң ауданы, га
Қормен қарулануы және техникалық қарулануы кәсіпорынның негізгі
өндірістік қорларының деңгейін, жалпы өнімі көрсеткіштерін қамтамасыз
етілуі еңбектің қормен қарулануы мен техникалық қарулануы болып табылады.
Жалпы еңбектің қормен қарулануы орташа жылдық өндірістік қорлардың
құндылығының ең көп ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санына қатынасы
болып есептелінеді.
Еңбектің техникалық қарулану деңгейі өндірістік жабдықтардың ең көп
ауысымдағы ортатізімдік жұмысшылар санының қатынасымен анықталынады. Оның
өсу қадамы еңбектің өнімділігінің жоғарылауымен сәйкес болады. Еңбек
өнімділігінің өсімі еңбектің техникалық қаруланумен салыстырғанда
ілгерілеу қозғалуы кәсіпорын үшін тиімді болып есептелінеді.
Қормен қарулануы:
Ф орт.
Ф қ.қ. = –––––––
(7)
Ж өөп
Мұнда:
Ж өөп – өнеркәсіптік-өндірістік персоналдардың саны.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігін жоғарылатуға
бағытталған нақты жобаларды жасап шығаруды ұйымдастыру үшін соңғы жылдарда
қандай деңгейде пайдаланғаны туралы толық талдаулар жасалуы
қажеттілігін туғызады. Осы үрдіс кезеңінде өндірістік қорларды
пайдаланудағы кемшіліктерді тауып, оларды шешу жолдарын анықтау қажеттілігі
пайда болады. Келесі формулада кәсіпорындардың негізгі қорларды тиімді
пайдалану барысында инстенсивті коэффициентін есептеп шығарады.
Интенсивті коэффициент:
Ө ф
К инт. = ––––––
(8)
Ө м
Мұнда:
Ө ф және Ө м – құрал-жабдықтың фактілі және мөлшерлі өнімділігі.
Келесі формуламызға қарап, кәсіпорынның негізгі қорларды пайдалануда
өндірілетін өнімнің санына, көлеміне байланысты экстенсивті коэффициентті
қолданады.
Экстенсивті коэффициент:
Т ф
К экс = ––––––;
(9)
Т к
Т ф
К экст = ––––––.
(10)
Т п
Мұнда:
Т ф – құрал-жабдықтың фактілі жұмыс істеу уақытының қоры;
Т к және Т п – құрал-жабдықтың календарлы және жоспарлы (тиімді) жұмыс
істеу уақытының қоры.
Кәсіпорынның интенсивті және экстенсивті коэффициенттерімен есептелген
нәтижелерін келесі формуланы пайдаланып, интегралды коэффициентті шығара
аламыз.
Интегралды коэффициент:

К и = К экст. х К инт.
(11)

Талдау жасау барысында негізгі қорлардың құрамы мен құрылымы анықталып,
олардың тозу деңгейін, пайдалану тиімділігін ашып көрсетіледі.
Негізгі өндірістік қорлардың нәтижелілігін арттырудың аса маңызды
факторларының бірі – жабдықтардың пайдалануын жақсарту. Ол үшін олардың
жұмыссыз тұрып қалуын азайту, ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен
қол жетеді[12, 197б].
Негізгі қорларды пайдалану мерзімі (қызмет ету мерзімі) өндірістік
процесс барысында техникалық прогресс жағынан да, негізгі қорлардың
жаңа түрлерін жасауға кететін тиімділігі жоғары капитал салымдарын
пайдалану жағынан да маңызы зор болады.
Негізгі қорларды және айналым қорларды үнемді, әрі рационалды пайдалану
әрбір кәсіпорынның басты міндеттердің біріне жатады. Әрине, кез
келген кәсіпорынның қалыпты жағдайда қызметі үшін негізгі құралдармен
бірге айналым құралдары қажет болады, олар ақша құралдары ретінде
қолданылып, негізгі қорларды және айналым қорларды сатып алуға кетеді.
Кез келген кәсіпорынның басты міндеттердің бірі – жалпы қоғамдық өндірістің
сапасы мен тиімділігін жоғарылату және капитал алымдары мен негізгі
қорларды қайтарымын үлкен көлемде ұлғайту, себебі, олар елдің
өндірістік күштердің құрама бөлігі, материалдық базасы болып
табылады.
Негізгі құралдарының сандық өсімі мен сапалық жақсару ғылыми-техникалық
прогрестің негізінде құралған болса, онда ол еңбек өнімділігінің жоғары
қарай өсуінің шешуші қадамы ретінде есептеуге болады.
Негізгі құралдардың құрылымы бойынша барлық негізгі қорлардың
жалпы құндылығының үлес салмағы ретінде анықталынады[13, 103б].
Негізгі қорлардың сыныптамасы, құрамы мен құрылымы бойынша талдап,
олардың жұмыс істеуге жарайтын қалыпта сақтау және тиімді пайдалануын
қарастырамыз.

2. Негізгі қорлардың тозуы мен амортизациясы
Негізгі қорлар кәсіпорын қызметіне бірнеше ұзақ жылдар бойы қызмет
етеді де, физикалық және моральдық тозу процесіне ұшырайды.
Негізгі қорлар адам күшімен, жылдар мерзімдерінің әсерімен, техникалық
және экономикалық факторлардың ықпалы арқылы олар өзіндік ерекшелігін,
үлгісін бірте-бірте жояды, жарамсыздыққа әкеледі, сөйтіп алдағы
кезде өз бернелерін орындауға мүмкіндіктері болмайды.
Негізгі қорлардың тозуы –құндылықтарының пайдалану кейпінде не болмаса
жұмыс істемейтін күйінде негізгі қорлардың тұтынушылық ерекшеліктері мен
бөліктік немесе толық ысырапқа ұшырауы.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлары өндірістік ауыспалы айналымын
жасайды. Ол мынадай сатылардын тұрады:
− Негізгі қорлардың тозуы;
− Амортизация;
− Негізгі қорларды толық қалпына келтіру үшін қаражаттың қорлануы;
− Негізгі қорларды күрделі қаржы жұмсау арқылы ауыстыру.
Өндіріс процесіне қатысуымен негізгі қорлардың кез келген
объектілері:
− Табиғи;
− Сапалық тозуға ұшырайды.
Негізгі қорлардың табиғи немесе физикалық тозуы олардың өндіріс
процесіне қатысу нәтижесіне және негізгі қорлардың пайдалануға тікелей
қатыспай-ақ түрлі сыртқы факторлар әсерінен: ылғалдан, атмосфералық
құбылыстар нәтижесінде, металдардың тот басуымен, ескіруінен пайда болады.
Негізгі қордың табиғи тозуы – олардың өндірістік тұтыну барысында және
табиғат күшінің әсерінен тұтыну құнын бірте-бірте жоюы. Табиғи тозған
негізгі қорларды біртіндеп жөндеу, қайта құру немесе жаңалау жұмыстары
арқылы бұрыңғы қалпына келтіруге болады.
Табиғи тозу жөндеу, қайта құру және негізгі қорларды жаңғырту арқылы
ішінара қалпына келеді. Экономикалық әдебиеттердің көрсетуі бойынша
физикалық тозудың мына формуласын пайдалана аламыз.
Физикалық тозу:
Т фэ
И ф = –––––
(12)
Т н
Мұнда:
Т ф және Т н – НҚ-дың актілі және нормативті қызмет көрсету мерзімі.
Негізгі қордың сапалық тозуы – қор түрлерінің конструкциясы,
өнімділігі, үнемділігі, сапалы өнімдер шығаруы жағынан жаңа үлгіден
кейін қалуы. Демек, экономикасы дамыған елдерде негізгі қорды
ауыстыруда сапалық тозу қажеттілік ретінде басты айқындаушы фактор
болып табылады.
Негізгі қорлардың сапалық немесе моральдық тозуы техникалық прогреске
өндіріс әдістерін жетілдіруге және жаңартуға байланысты болып келеді.
Техника мен технологияны жетілдіру жұмыс істеп тұрған негізгі қорлардың
арзандауына ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланудағы негізгі қорлардың
өздерінің құнының бөлігін жоғалтып құнсызданғаны байқалады.
Келесі формула арқылы біз моральдық тозудың есептелеулерімен
танысамыз.
Бірінші ретті моральді тозу:
Ф баст – Ф қалпына келтіру
U u 1 = –––––––––––––––––––––
(13)
Ф баст.
Мұнда:
Ф қалпына келтіру – НҚ қайта қалпына келтіру құны.

Екінші ретті моральді тозу:
N 2 – N 1
U u 2 = ––––––––––––– х 100%
(14)
N 2
Мұнда:
N 1 , N 2 – жаңа және ескі құрал-жабдықтар өнімділігі.
Сапалық тозудың екі нысанын көрсетеді.
Бірінші нысаны бойынша, негізгі қорларды дайындайтын салалардағы еңбек
құралдарының өнімділігінің жоғарылауы нәтижесінде олардың құндылығының
жоғалтуы байқалады. Жаңа машиналар арзандай түсіп, ал жұмыс істеп тұрған
қорлар экономикалық тұрғыда сапалық жағынан ескіреді.
Сапалық тозудың екінші нысаны бойынша, өнімділігі жоғары, жаңа техника-
экономикалық өлшемдерімен ең керемет негізгі қорлардың пайда болуы еңбек
құралдарының құндылығының жоғалтуларына себепші болады.
Сапалық тозу – экономикалық категория болып табылады. Табиғи және
физикалық тозу заңдылығын зеттеу негізінде берілген еңбек құралдарының
экономикалық ескіру мерзімі анықталады. Еңбек құралдары өз ретінде негізгі
қорлардың бекітілетін нормативті мерзімнің негізінде жатады.
Машиналардың, жабдықтардың, үйлер мен ғимараттардың барынша жаңа
неғұрлым жетілдірілген және үнемді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктермен
сұрыптарын өндіріске енгізуге байланысты пайдаланып жүрген негізгі
қорларды бұдан әрі пайдалану экономикалық жағынан тиімсіз болып
қалады.
Негізгі қорлардың сапалық тозуын мынандай факторлар арқылы анықтайды:
өндірісте және жабдықтарды жаңартудағы жаңалықтар; технологиялық
процестерді жетілдіру – жаңа технологияны қолданған кезде
пайдаланудағы машиналар мен жабдықтар жарамайды; шығарылатын өнімдердің
номенклатураларын өзгерткенде және жаңартқанда; жұмысшылардың күштерінің
еңбекке қамтылуындағы, жұмысшылар біліктілігінде, өндірісте орналастыру
географиясындағы өзгерістер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен
жабдықтар санының азайтылуын талап етуі мүмкін.
Сапалық тозу ескірген негізгі қорлар өзінің конструкциялық,
өнімділік, үнемділік, шығарылған өнімнің сапасы жөнінен жаңа үлгіден қалып
қоятынын білдіреді. Сондықтан, негізгі қорларды әсіресе, олардың
активтік бөлігінен дүркін-дүркін ауыстырып отырудың қажеттілігі туады.

Осыған байланысты қазіргі экономикада айырбастудың анықтаушылық
қажеттіліктің басты факторы – сапалық тозу болып табылады[19, 69б].
Негізгі қорларды пайдалану процесінде табиғи және моральдық жағынан
тозады. Олардың жекелеген бюджеттері негізгі бөлшектер мен детальдардың
құрылымының элементтері негізгі қорларды тұтастай алғандағымен
салыстырғанда неғұрлым қысқа мерзімде тозады.
Кәсіпорынның негізгі міндеті болып саналатыны – ол негізгі өндірістік
қордың шамадан тыс ескіріп қалмауына жол бермеу (әсіресе, активтік
бөлігі), себебі, олардың жеке және сапалық тозуының деңгейі және
кәсіпорынның жұмысының нәтижесі осыған байланысты болады. Сонымен
бірге, негізгі қорлар уақытынан бұрын тозып кетпеу үшін оларды
мезгіл сайын жөндеп тұру қажет. Ұйымдастыру техникалық белгілеріне қарап
жөндеуді күрделі және жай етіп бөледі.
Күрделі жөндеуде негізгі қорлардың объектісін тұтастай алғандағыны
салыстырғанда тозу мерзімі азырақ жекелеген бөліктерін қалпына келтіруді
айтады.
Машиналардың, жабдықтардың және көлік құралдарының күрделі жөндеуі де
бір жылдан астам мерзімде агрегатты толық бөлшектен барлық тозған
детальдары мен бөлшектерін ауыстыратын немесе қалпына келтіріп
агрегатты қайта жинауды және сынақтан өткізуді, жүйелі түрде жүргізіліп
отыратын жөндеуді айтады.
Негізгі қорлардың тозу ысырабын азайту оларды жақсылап пайдалану
жолымен, негізгі көрсеткішінің деңгейлерін қор қайтарымы, ауысымдылық
коэффициенті, жабдықтау жіктемесінің коэффициентін арттыруы мүмкін.
Бұл көрсеткіштерді жақсарту ғылыми-техникалық прогресс, негізгі
қорлардың құрылымын жетілдіру, жабдықтардың әр түрлі бос тұрып қалуын
қысқарту, өндірісті және еңбекті жетілдіру, шаруашылықты жүргізудің
жаңа нысанын дамыту есебінен мүмкін болады.
Амортизация – негізгі қорлардың құнын сол арқылы өндірілетін өнімдер
мен қызметтерге бірте-бірте көшіру: ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру
және тозған негізгі қорлардың орнын толтыру, пайдалану процесінде олар
тозады, өзінің тұтыну құнын жоғалтады.
Нарықтық қатынастар жағдайында амортизациялық аударымның мөлшері
кәсіпорынның экономикасына елеулі қосылысын білдіреді. Бірінші жағына,
амортизациялық аударымның тым жоғары деңгейі өндіріс шығындарының мөлшерін
көбейтеді, осыған орай өнімнің бәсекеге жарамдылығы төмендейді, алатын
пайдасының мөлшері де азаяды. Сол себепті кәсіпорынның экономикалық
дамуының ауқымды деңгейі қысқарады.
Екінші жағынан, амортизациялық аударымның кемітілген үлесі негізгі
қорды сатып алуға құралған қаржының айналым мерзімін ұзартады, ал
бұл олардың ескіріп қалуына әкеп соғады. Міне, осының салдарынан, бәсекеге
жарамдылығы төмендеп, өздерінің рыноктағы жайғасымы ысырап
болады.
Амортизациялық аударымды өтелім мөлшеріне және өзінің балансында
тұрған негізгі құрал-жабдықтардың баланстық құнына сәйкес
кәсіпорын ай сайын жасап отырады. Өтелім мөлшері мемлекет белгілеген
негізгі қорлардың құнын өтеудің жылдық проценті болып табылады және
өтелім мөлшерінің жылдық сомасын анықтайды. Басқаша айтқанда, өтелім
мөлшері – бұл жылдық амортизациялық аударымның негізгі өндірістік қорлардың
құнына процент есебіндегі қатынасы.
Амортизациялық аударымның мөлшері олардың қызмет есепке алғанда
бастапқы (баланстық) негізгі қорлардың құны амортизацияның мөлшерімен
анықталады.
Осыған байланысты амортизацияның мөлшері мына төмендегі формуламен
есептеледі:

Қ бқ - Қ ж
М А = −−−−−−−−− х 100 %
(15)
Қ бқ х М қ
Мұнда:
М А − негізгі қорлардың жыл ішіндегі амортизация мөлшері, %
Қ бқ − негізгі қорлардың бастапқы (баланстық) құны,
Қ ж − жойылу құны,
М қ – негізгі қорлардың қызмет мерзімі.
Амортизация мөлшері негізгі қорлардың құнын өтеудегі жылдық проценті
болып есептелінеді. Ол экономикалық тұрғыдан негізделіп, негізгі қорлардың
өз уақытында орнын толтырып тұруы қажет. Оларды есептегенде мақсатқа сәйкес
негізгі қорлардың қызмет мерзімдерін мына төмендегі факторларға сай дұрыс
анықтау өте қажет:
− Негізгі қорлардың төзімділігі;
− Сапалық тозу (бірінші және екінші түрлері);
− Техникамен қайта жарақтандырудағы келешекке арналған жоспар;
− Жабдықтау балансы;
− Жаңғырту және күрделі жөндеу мүмкіндігі.
Кәсіпорын негізгі қорлар жөнінде пайдаланатын есептеу техникаларын,
жаңа үдемелі материалдар, аспаптар мен жабдықтарды шығаруды ұлғайту үшін
тездетілген төлемді қолдауы мүмкін, ал ескірген техникаларды жалпылама
өзгертетін жағдайда өнімдерді экспорттауды кеңейту.
Амортизациялық қор – негізгі қорлардың жұмыс істеу үшін арналған ерекше
ақшалай резерв болып табылады. Ол капиталдық салымдардың қаржылық ресурсы
ретінде есептеледі. Амортизациялық қор негізгі қорладың қарапайым жұмыс
істеуіне арналған, ескі негізгі қорларды жаңа құралдармен ауыстыру,
әрине, құнына тең болатын құралдармен ауыстырады. Алайда, ғылыми-техникалық
прогрестің жылдам өзгеруіне байланысты амортизация негізгі қорлардың
жұмыс істеуін кеңейтілген қайнар көзі ретінде қабылданады.
Жылдам техникалық прогрестің шарттарында әрдайым жаңа техникалардың
жаңартулары болып жатады, жаңа және жоғары өндірістік механизмдер мен
аппараттардың түрлері ескі техникаларды ауыстырып тұрады.
Негізгі құралдар, айтып өтелік, өндірістік үрдісте саны көп өндірістік
циклдарға қатысып, ұзақ уақыт бойы қызмет етеді, уақытысымен тозу процесіне
ұшырап, табиғи нысанын сақтай отырып, бөліктермен өз құндылығын
дайындалатын өнімге ауыстырады. Осындай негізгі қорлардың ерекшелігі
оларды неғұрлым қажетті және пайдалануға тиімді етіп жасалынады.
Негізгі қорларды өндірістік процесінде жұмыс істеуі мен қарапайым
кеңейтілуі гармониялық түрде бірігеді және өзіндік ерекшелігі бар шартты
түрде сипаттамасы болады. Келесі формулаларды пайдалана отырып, біз
негізгі қорлардың амортизациялық мөлшерін, шығындарын, жылдық сомасын
есептей аламыз.
Толық қалпына келтіру амортизациясы:
Ф баст. + Ф ж А х
100
Н қк = ––––––––––––– х 100% = ––––––––––.
(16)
Т н х Ф баст. Ф баст.
мұнда,
Т н – НҚ-дың мөлшерлі қызмет жасау мерзімі.
Негізгі қорлардың тозуына қарай күрделі жөндеуге, модернизациялауға
кететін амортизация мөлшерін осы формула арқылы есептеп таба
аламыз.
Амортизациямен басқарудың маңызды тетігі – амортизациялық қорды
пайдаланудағы бекітілген тәртіпті ұстанумен сипатталады. Қазіргі уақытта
кәсіпорындар өз еркімен амортизациялық қорды пайдалалану туралы сұрақтарды
шеше алады.
Амортизациялық қорды бейберекет пайдалану кәсіпорынның негізгі
қорларының ары қарай жүргізілуіне, жұмыс істеуіне теріс әсерін тигізуі
мүмкін. Сондықтан да бұл мәселені шешу барысында, мемлекет өндірісті
тұрақтандырып, қаржылық ресурстардың өсуіне жол беруі абзал. Тек
сонда ғана кәсіпорындарды негізгі капиталы өсіп, жоғары тиімділікке
апаруы мүмкін.
Негізгі құралдар ұзақ уақыттық кезеңі ішінде шаруашылық қызмет
процесінде бола отырып, бірте-бірте тозады. Тозу- бұл физикалық және
моральдық мінездемелерінен айырылу.
Физикалық тозу негізгі құралдарды пайдалану және сыртқы факторлардың
әсер ету нәтижесі болып саналады.
Моральдық тозу соның нәтижесінде активтер ғылым мен техниканың қазіргі
даму талаптарына сәйкес келмеу нәтижесіндегі процесті білдіреді.
Негізгі құралдарды моральды тоздыратын факторлар:
1.Өндірістегі жабдықтар мен жабдықтардың жаңаруы (ескі машиналарды
жаңа, неғұрлым өнімділеуіне ауыстыру);
2.Технологиялық процестің жетілуі (жаңа технология кезінде қолданыстағы
машиналар мен жабдықтарды пайдалану мүмкін емес);
3. Шығарылған өнім номенклатурасының жаңаруы мен өзгеруі (бұл орайда
ескі машиналар мен жабдықтар жаңа өнім шығаруға жарамсыз);
4. Тауар өндіруге арналған машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға
субъектіден талап ететін, кейбір тауалар сұраныстың азаюы;
5. Жұмыс күшінің, білікті қызметкерлердің еңбекпен қамтылуындағы,
өндірістің географиялық орналасуындағы өзгерістер.Олар өндіріс көлемін,
пайдаланылатын машиналар мен жабдықтардың санын азайтуға талап етуі мүмкін;
6. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларындағы шикізат құрамының жиынтығындағы
өзгеріс, өнімнің жекелеген түрлерін өндіру қажеттілігі. Бұлар өнеркәсіптің
өндіруші салаларындағы өндіріс көлемінің қысқаруына әкеп соқтыруы мүмкін.
Моральды тозудың нәтижесінде физикалық тозу басталғанға дейін негізгі құрал
объектілерін жаңасына, неғұрлым үнемдісіне ауыстырады. Моральды тозуды
болдырмас үшін негізгі құрал объектілерін қайта құрады және жаңғыртады.
Мұражай және қылқалам құндылықтарынан кітаптардан, фундаментальді
кітапханалардан, фильмдер қорынан, сәулет пен өнердің ескерткіші болып
табылатын үйлер мен ғимараттардан басқа негізгі құралдардың барлығы
моральды тозуға бейім.
Амортизация – бұл қызмет мерзімі ішінде активтің амортизацияланатын
құнын жүйелі бөлу түрінде тозудың құнмен көрсетілуі, басқалай айтсақ,
есептелген амортизация сомасы белгілі бір кезең ішінде пайдаланған немесе
тұтынған негізгі құралдардың құнын көрсетеді. Амортизацияланатын құн
пайдалы қызмет мерзімі аяқталғаннан кейін сыныққа, қалдықтарға айналатын
қосалқы бөлшектердің болжанатын құны ретінде негізгі құралдардың түсуі
кезінде анықталатын бастапқы құн мен жою құны арасындағы айырманы
білдіреді. Амортизациялық жарналар (аударымдар) әрбір есепті кезең үшін
өнімдердің тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің элементі және шығысы
ретінде танылады.
Амортизациялық аударымдар амортизация нормалары бойынша жасалынады.
Амортизация нормасы- бұл амортизациялық аударымдардың жылдық сомасының
негізгі құралдардың жылдық орташа құнына қатынасы.
Негізгі құралдарға амортизация (тозуын) есептеудің басты мақсаты
олардың құнын өтеу көзін таба білуден тұрады. Бұл көз амортизацияны
шығыстарға, шығындарға қосу есебінен жасалады. Амортизациялық жарналардың
сомасын көбейту немесе азайту шығыстарды бұрмалауға алып келеді, мұнан
жиынтық жылдық кірістің көлемін, кірістерді бұрмалау орын алады, демек,
салық салудағы дәлсіздіктерге әкеліп соғады.
Жұмыс істеген бүкіл кезең ішіндегі амортизациялық жарналардың жалпы
мөлшері амортизацияланатын құнға немесе бастапқы және тарату құндары
арасындағы айырмаға теңестірілуі тиіс.
Амортизацияның әдістері
Амортизация кәсіпорында ай басында бар негізгі құралдарға есептеледі.
Кіріске алынған негізгі құралдар келесі айдың бірінен басталып есептеледі,
ал шығысқа шығарылған негізгі құралдар келесі айдан бастап есептеуі
тоқтатылады.
Ол бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2420 Негізгі
құралдардың құнсыздануы мен амортизациясы шотында жүргізіледі.
№ 16 ХҚЕС талаптарына сәйкес амортизацияның 4 әдісі бар:
• құнды біркелкі есептеп шығару әдісі;
• өндірістік әдіс;
• кумулятивтік әдіс;
• кемімелі-қалдық әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі.
Құнды біркелкі есептеп шығару әдісі неғұрлым қарапайым әдіс болып
саналады. Осы әдіс бойынша объектінің амортизацияланатын құны негізгі
құралдардың жұмыс істейтін мерзімінің ішінде шаруашылық субъектісінің
шығындарына бір қалыпты қосылып отырады. Бұл әдіс бойынша амортизациялық
аударым мөлшері тек қана объектінің жұмыс істеу мерзімінің ұзақтығына
байланысты деген болжамға негізделген. Бұл әдіс бойынша әр есепті жылда
негізгі құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомасы осы негізгі
құралдарының барлық пайдалану мерзімінде амортизацияланатын сомасын, яғни
бастапқы құн мен қалдық құнының айырмасын объектінің пайдалану кезеңіндегі
есеп беретін жылдардың санына бөлу арқылы есептеліп шығарылады. Бұл әдіс
бойынша, яғни құнды біркелкі есептен шығару әдісі қолданылғанда негізгі
құралдарға есептелетін амортизациялық аударым сомалары жыл сайын тұрақты
мөлшерде жүргізіледі.

1.3 Негізгі өндірістік қорлардың тиімділігін көрсететін көрсеткіштер

Негізгі өндірістік қорлардың пайдалану деңгейін көрсететін
көрсеткіштерді үш топқа бөлуге болады:
НӨҚ пайдалану деңгейін уақыты жағынан көрсететін экстенсивті
коэффициент. Ол Құрал-жабдық жұмысының нақты санының , оның жоспар бойынша
сағат санына қатынасы арқылы анықтайды.

Кэкс = Тжабд.нТжабд.ж.
(1)

Мұндағы, Тжабд.н-жабдықтың жұмысының нақты уақыты,сағ.;
Тжабд.ж.-мөлшер бойынша жабдықтың жұмыс уақыты,сағ.

Жабдықтың экстенсивті пайдаланылуы сондай-ақ сменалық коэффициент
арқылы да сипатталады, ол жабдықтың смена ағымында атқарған жалпы санының
сол сменадағы станоктар санына қатынасы арқылы анықталады. Бұл коэффициент
жабдықтың әрбір бірлігі жыл сайын орташа қанша сменадан жұмыс істейтінін
көрсетеді.
Уақыты жағынан көрсететін коэффициенттің бірі жабдықтың жүктелу
коэффициенті.Ол берілген жабдық түрінде дайындалған барлық бұйымның
еңбексиымдылығының, оның жұмысының уақыт қорына қатынасы арқылы анықталады.
Бұл коэффициент бұйымның еңбексиымдылығын да ескереді. Жоғарыда аталған
көрсеткіштерді екінші топ көрсеткіштері толықтырады.
Негізгі қорлардың интенсивті пайдаланылу деңгейі, олардың пайдаланылуын
қуаты жағынан көрсетеді.
Жабдықтың интенсивті пайдаланылу коэффициенті – негізгі технологиялық
жабдықтың нақты өнімділігінің, оның нормативті өнімілігіне қатынасы арқылы
анықталады.

Кинт.= ВнВж
(2)

Мұндағы Вн-уақыт бірлігінде жабдықтың нақты өнімділігі;
Вж-жабдықтың уақыт бірлігіндегі техникалық негізделген
өнімділігі

НӨҚ пайдалану көрсеткішінің үшінші тобына жабдықтың интегралды
пайдалану коэффициенті, өндірістік қуатты пайдалану коэффициенті,
қорсиымдылық, қорқайтарымдылық көрсеткіштері жатады. Негізгі қорларды
пайдалану тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін кесте 1,2 көруге болады.

1- кесте Негізгі қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштер жүйесі
Көрсеткіштер
жалпылама құндық салыстырмалы натуралды
-капитал өнімнің шығарылуы экстенсивті пайдалану-машина
рентабельділігі сатылу көлемі -сменалық коэффициентқұрылысында
-қорқайтарымы -қордың белсенді -уақытты: өңдеуді
-қорсиымдылығы бөлігінің құнына -күнтізбектік, жылдамдату
тенгемен -режимдік, металлургияда
-машина және -машиналық -пештің
жабдықтың құнына -жұмыс істемейтін пайдалы көлемінің
теңгемен машинаның үлесі, % пайдаланылу
-1м2 алаңға жоспарлы уақыт коэффициенті
құнның теңгесіне қорына:
пайда тәуліктік
-қордың белсенді смендік
бөлігінің смена ішілік
-жабдықтар мен -тәуліктегі жабдық
машиналардың жұмысының сағатының
орташа саны
2.Интенсивті
пайдалану
-жабдықты интенсивті
жүктеу коэффициенті
-қуатты пайдалану
коэффициенті

Жабдықты интегралды пайдалану коэффициенті интенсивті және экстенсивті
коэффициенттердің көбейтіндісі арқылы анықталады. Ол кешенді түрде
жабдықтың пайдаланылуын уақыты және өнімділігі жағынан көрсетеді.
Негізгі қорларды пайдаланудың тиімді нәтижесі өндіріс көлемінің артуы.
Сондықтан негізгі қорлардың тиімділігінің жалпылама көрсеткіші –
қорқайтарымы болып табылады. Ол негізгі қорлардың бір теңгесіне түсетін
өнім көлемін көрсетеді.

Ққ = QНорт.
(3)

Мұндағы Q-Тауарлы немесе жалпы, немесе сатылған өнім көлемі, тенге;
Норт.-НӨҚ орташа жылдық қоры, тенге.

Қорқайтарымы- негізгі қорларды пайдаланудың маңызды көрсеткіші.
Қорсиымдылығы-қорқайтарымының кері шамасы.Ол өндірілетін
өнімнің әрбір тенгесіне келетін негізгі қорлар құнының үлесін
көрсетеді[5,6].
Кәсіпорынның тиімді жұмысы көбнесе еңбектің қормен жабдықталу
деңгейімен анықталады. Ол негізгі өндірістік қорлар құнының жұмысшылар
санына қатынасы арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш үздіксіз өсуі тиіс,
өйткені одан техникалық жабдықталу және еңбек өнімділігі тәуелді болады.
Негізгі өндірістік қорлар құрылымына әсер ететін маңызды факторлар:
шығарылатын өнім сипаты, автоматтандыру және механикаландыру деңгейі,
мамандану деңгейі, кәсіпорынның орналасуының географиялық шарты.

2- кесте Негізгі қорлар көрсеткішінің қозғалысын есептеу көрсеткішері
Көрсеткіш Есептелу әдістемесі
1.Негізгі қорлардың енгізілу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі қорлардың тозуы
«Экономикалық талдау» пәні бойынша теориялық материал
Кәсіпорынның негізгі өндірістік қоры
«Жартас» ЖШС туралы
Қор қайтарымы
Кәсiпорынның өндiрiстiк қорларының теориялық негiздерi
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Материалдық қорлардың қозғалысын құжаттау
КӘСІПОРЫННЫҢ НЕГІЗГІ ҚОРЛАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТИІМДІЛІГІН КӨТЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері
Пәндер