Өндірісті ұйымдастыру түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Өндірісті ұйымдастырудың теориялық негіздері
1Өндіріс ұғымы және өндірістік құрылым

Өндіріс- бұл қоғамның өмір сүруі мен дамуына қажетті материалдық игіліктерді жасау үдерісі. Өндіріс мазмұнын анықтайтын еңбек әрекеті келесі үш кезеңнен тұрады:
* мақсатқа сәйкес жұмыс немесе еңбектің өзі;
* еңбек заты, яғни адамның тиімді іс-әрекетіне бағытталған нәрсенің барлығы;
* адам еңбек заттарын өңдеп, оларды өз қажетін қанағаттандыруға бейімдейтін еңбек құралдары (машиналар, жабдықтар, құралдар)
Материалдық өндіріс өнімі - табиғат пен еңбек заттарының бірігуінен түзілетін материалдық игілік.
Кәсіпорын - экономиканың даму сатысының негізгі бір бөлігі болып табылады. Өйткені кәсіпорындарда қоғамға қажетті өнім шығарылады және қызметкерлер мен жұмыс құралдарының арасында байланыс орнатылады. Еркін өнеркәсіп кәсіпорны дегеніміз өндірістік-техникалық, ұйымдастыру -әкімшілік және шаруашылық еркіндігі бар өндіріс бірлігі. Кәсіпорындар белгілі бір өндіріс өнімін шығару үшін, не болмаса жұмыс атқару үшін, әртүрлі қызметтерді көрсету арқылы қоғамның қажеттілігін қанағаттандыру және пайда табу мақсатында құрылады.
Өндірістік жүйе ретінде кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасы болады.
Сыртқы ортаға - экономикалық саясат, құқықтық жағдай, экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және технологиялық жағдайлар жатады.
Ішкі ортаға - еңбек ресурстары, техника және технология, бәсекелестік, маркетинг және т.б. жатады.
Кәсіпорынның нарықтық экономикадағы негізгі мақсаты - бәсекелесуге кабілетті өнім шығару арқылы неғұрлым көп пайда табу және ең аз шығынмен барынша көп пайда табу негізінде сұранысқа ие және бәсекелесуге қабілеті бар өнім шығару.
Өнеркәсіптік кәсіпорнының функциялары мыналар:
- өндірісте және жекелей тұтынылатын өнім шығару;
- тұтынушыға өнімді жеткізу және сату;
- өнімді сатып болғаннан кейін қызметті жалғастыру;
- кәсіпорындардағы өндірісті материалдық-техникалық жабдықтау;
- кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру және басқару;
-кәсіпорындағы өндіріс көлемін жан-жақты дамытып, ұлғайту;
-кәсіпкерлік;
-салықтарды төлеу, мемлекеттік бюджеттің және басқада қаржы ұйымдарының міндетті және міндетті емес төлемдерін өтеу;
-мемлекеттік заңдарды, нормативтер мен стандарттарды орындау.
Қазіргі заманғы өндірістің басты мазмұны өндірісті автоматтандыру арқылы ғылыми- техникалық өзгерістер жағдайында даму .
Әрбір өнеркәсіптік мекеме өзінің қызметкерлерінің және оның отбасы мүшелерінің қажеттерін қанағаттандыруға арналған өндірістік бөлімшелерден: шаруашылықтарға қызмет ету цехтары мен телімдерінен, басқару, ұйымдастыру органдарынан тұрады.
Өндіріс бөлімшелері, кәсіпорынды басқару және қызметкерлерге қызмет көрсету ұйымдарының кешені, олардың саны, өзара байланыс шамасы және орналасқан ауданы, жұмыскерлер саны және өндіріп шығару қабілеті бойынша өзара қатынастары кәсіпорынның (бірлестіктің) жалпы құрылымын құрайды.
Кәсіпорынның өндірістік бөлімшелері - цехтар, телімдер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер (өндірістік үдеріске тікелей немесе жанама түрде қатысатын), олардың арасындағы өзара байланыстардың барлығы оның өндірістік құрылымын құрайды. Ол еңбек өнімділігінің деңгейін, өндіріс шығындарын, берілген материалдық өндірістің техника-экономикалық және экономика - географиялық деректері негізінде техника мен табиғи байлықтарды пайдалану тиімділігін анықтайды.
Ұтымды өндірістік құрылымды құру келесі тәртіппен жүзеге асырылады:
кәсіпорын цехтарының құрамы, қуаты берілген өнім көлемін дайындауды қамтамасыз ететін мөлшерде белгіленеді;
әрбір цех және қойма үшін аудан көлемі есептеліп, олардың кәсіпорынның бас жоспарында кеңістіктік бойынша орналасуы анықталады;
кәсіпорын ішіндегі барлық көліктік байланыстары, олардың жалпы мемлекеттік (кәсіпорыннан тыс) жолдарман өзара қатынасы жоспарланады;
өндірістік үдеріс барысында еңбек заттарының цехаралық қозғалысының ең қысқа маршруттары белгіленеді.
Өндіріс бөлімшелеріне цехтар, телімдер мен зертханалар жатады, оларда негізгі өнім (кәсіпорын шығаратын), жабдықтаушы өнімдер (сырттан әкелінетін), материалдар мен жартылай фабрикаттар, пайдалану үдерісінде өнімге қызмет көрсету және жөндеуге қажетті көмекші бөлшектер, бақылау- тексерулерден, сынақтардан өтеді, технологиялық мақсатқа әр түрлі энергияны пайдаланады.
Жұмыскерлерге қызмет көрсетуші бөлімшелеріне тұрғын үй-коммуналдық бөлімдер, олардың қызметтері, фабрика-асхана, буфеттер, бала-бақша (ясли), санаторий, пансионаттар, демалыс үйлері, профилакторий, медициналық санитарлық бөлімшелер, еркін спорттық қоғамдар, техникалық оқыту бөлімдері және жұмыскер, инженер-техникалық қызметкерлер, қызметкерлердің біліктілігін, мәдени деңгейін жоғарылатумен шұғылданатын оқу орындары кіреді.
Кәсіпорын ішінде негізгі өндірістік құрылымдық бірлігі болып цех саналады (цехсыз басқару құрылымды кәсіпорындарынан бөлек). Цех- жалпы өндірістік үдерістің белгілі бір бөлігін (өндіріс кезеңін) орындайтын, әкімшілік қатынастағы жеке буын.
Цехтар толық құқылы бөлімше болып табылады, олар өз қызметін шаруашылық есеп қағидалары негізінде жүзеге асырады.
Цехтар, әдетте, төрт топқа бөлінеді: негізгі, қосымша, көмекші, қосалқы.
Негізгі цехта сатуға және өндіріс ішінде тұтынуға арналған өнім дайындау операциялары өтеді. Негізгі цехтар дайындаушы, өңдеуші және құрастырушы болып бөлінеді.
Дайындау цехына құйма, ұсталық- штамптаушы, ұсталық-престеу, кейде конструкцияларды дәнекерлеу цехтары жатады;
Өңдеу цехына - механикалық өңдеу, ағаш өңдеу, қыздыру арқылы өңдеу, гальваникалық, бояулау және бөлшекті мәнерлеп жасау цехтары; құрастыру цехына - өнімді агрегаттық және соңғы жинау, бояу, қосалқы бөлшектер мен алмалы жабдықпен жабдықтау цехтары кіреді.
Көмекші цехтар негізгі цехтардың өнімін дайындауға қатыспайды, бірақ өнім өндіруге, қызмет көрсетуге, жұмыс жасауға тікелей ықпал етеді, оларға сайман жасайтын, стандартсыз жабдықтар, модельдік, жөндеу, энергетикалық, көліктік цехтар жатады.
Қосымша цехтар (мақта қалдықтарынан тазартылған мақта өндіру жөніндегі цехтар) негізгі цехтардың өндірістік қалдықтарын кәдеге жаратуға септігін тигізеді.
Қосалқы цехтар негізгі материалдардан емес, бірақ негізгі және көмекші цехтарда пайдаланатын материалдардан өнім өндіреді, оларға жататындар - метал қалдықтарын, құйма және үгінділерді пайдаланып, қажетті өнім шығаратын цехтар.
Аталғандардан бөлек әрбір зауытта өнеркәсіптік емес шаруашылықтарға қызметін көрсететін (коммуналдық, мәдени-тұрмыстық, тұрғын үй және т.б.) бөлімдері мен өндірістік цехтары бар.
Барлық зауыттардың құрылымдарында қойма шаруашылығы, санитарлы- техникалық құрылғылар мен қатынасу жүйелері (электр желілері, газ және ауа өткізіштер, жылу беру, желдету, рельсті және рельссіз көлік жолдарын көріктендіру) белгілі бір орынды иемденеді.
Бірлестіктің (кәсіпорынның) өндірістік құрылымында конструкторлық, технологиялық бөлімшелер, ғылыми - зерттеу институттары мен зертханалар маңызды рөлге ие. Онда сызулар, технологиялық үдерістер құрастырылып, зерттеу жұмыстары жүргізіледі, өнім конструкцияларын мемлекеттік стандарттар, техникалық шарттар талаптарына толығымен сәйторндіреді, зерттеу және тәжірибе - конструкторлық жұмыстар орындалады. Бұл бөлімшелерде ғылымның өндіріспен бірігуі айқын көрініс табады.
Цехтар құрамына негізгі және қосымша өндірістік телімдер кіреді.
Негізгі өндіріс телімдері технологиялық немесе заттық (өнімдік) қағида бойынша құрылады. Технологиялық мамандану қағидасына сай ұйымдастырылған телімдерде белгілі бір түрдегі технологиялық операциялар орындалады. Құйма цехында, мысалы үшін, келесі бағыттар бойынша телімдер ұйымдастырылуы мүмкін: орын даярлау, бұрандалар жасау, құйма қалып дайындау, дайын құйманы өңдеу және т.б., ұсталық цехта - балғалар мен пресстерде соғылған дайындамалар жасау, жоғары температурада өңдеу жүргізетін телімдер және т.б., механикалық цехта - токарлық, револьверлі, фрезерлі, тегістеуші, слесарлық және басқа да телімдер, құрастыру телімінде - өнімді бөлшектеп және соңғы құрастыру, оның бөліктері мен тораптарын сынау, бақылау - сынақ стансалар, бояу телімдері және т.б.
Заттық мамандану қағидасы бойынша ұйымдастырылған телімдерде жеке операция түрлерін емес, тұтас технологиялық үдеріс жүреді, нәтижесінде осы телім үшін дайын, аяқталған өнім алынады.
Қосымша телімдерге механикалық өңдеу және энергетикалық жабдықтарды жөндеу және қызмет көрсету жөніндегі бас механик пен бас энергетик бөлімдері жатады; сонымен қатар қайрау (жану, егеу) шеберханасымен бірге құрал үлестіру қоймасы, көлік қызметі, технологиялық жабдықтарды жөндеу және ақаусыз күйде ұстау шеберханасы да кіреді. Орталықтандырылған жүйедегі цехтарда кәсіпорынға қызмет көрсету және ағымдық жөндеу үшін көмекші телімдер құрылмайды.
Қосымша цехтар мен телімдер негізгі өндіріс телімдері қандай нысанмен ұйымдастырылса, оларда сондай нысан бойынша ұйымдастырылады.

2Өндірісті ұйымдастыру түрлері

Өндірісті ұйымдастыру түрі деп өнеркәсіптік кәсіпорынның ұйымдастырушылық және техникалық деңгей ерекшеліктерінің кешенді сипаттамасымен түсіндіріледі. Өндірісті ұйымдастыру түріне бірқатар факторлар ықпал етеді: мамандану деңгейі, өндіріс ауқымы; дайындау көлемі мен қайталануына байланысты өндірілетін көп өнім атауларының күрделілігі мен тұрақтылығы. Өндірістің үш негізгі түрін ажыратуға болады: жеке-дара (жекеленген), топтамалы (сериялы), жаппай.
Жеке-дара (жекеленген) өндіріс - өнім жекеленген немесе қайталанып отыратын шағын тапсырыстарымен айналысатын өндіріс. Бұл ауыр машина жасауға, кеме жасауға, бірегей станоктар мен турбиналарды өндіруге тән.
Бұл түрдегі өндірістің маңызды ерекшеліктері:
көбінесе қайталанбайтын өнімнің көп атаулығы;
технологиялық мамандану бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыру;
бөлшектер мен агрегаттардың тұрақты атаулысын, белгілі бір жұмыскерлерге құрастыру және құрастыру операцияларын бекіту мүмкіндігінің болмауы;
әмбебап құрал-жабдық пен технологиялық жасақтауды пайдалану;
қолдан құрастыру мен аяқтау операцияларының үлкен көлемінің болуы;
өндірістік үдерісте қамтылған жоғары білікті әмбебап - жұмыскерлер санының басым болуы;
өндірістік циклдің ұзақтығы;
аяқталмаған өндірістік өнімнің көлемі едәуір болуы;
ағымды (оралымдык) - өндірістік жоспарлау мен өндірісті басқаруды орталықсыздандыру;
өнім сапасын бақылау үдерістерін автоматтандырудың қажетсіздігі;
өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді пайдалану мүмкіндігінің болмауы;
еңбек үшін төленетін еңбекақының салыстырмалы көп болуы.
Топтамалық өндіріс - бірыңғай өнімнің кең атауларын (номенклатурасын) ұзақ уақыт бойы қайталанып отыратын жағдайда топтамамен дайындауды білдіреді.
Топтама (серия) деп өндірісте партиялап, бір мезгілде немесе бір ізділіктімен үздіксіз жоспарлы мезгілде қайталанып отыратын құрылысы бірдей өнімдер қатарын шығарумен түсіндіріледі.
Топтамалы өндіріс үдерісін ұйымдастырудың негізгі ерекшеліктері:
едәуір көлемде дайындалатын, қайталанып отыратын өнімнің салыстырмалы үлкен атауларының тұрақтылығы;
бірнеше бекітілген операцияларды орындау үшін жұмыс орнын мамандандыру;
өнімдерді топтамамен дайындау, бөлшектерді партиямен өндіру кезеңділігі;
технологиялық жабдықтау, арнайы және маманданған құрал-жабдықтардың басымдылығы;
қолдан құрастыру және аяқтау операцияларының көлемінің аздығы;
орта білікті жұмыскерлер санының басым болуы;
өндірістік цикл ұзақтығының аздығы;
оралымдык - өндірістік жоспарлау және өндірісті басқарудың орталықтануы;
дайындалатын өнім сапасын бақылауды автоматтандыру; өнім сапасын басқаруда статистикалық әдістерді қолдану;
бөлшек пен өнімдердің конструкцияларын бірыңғайландыру;
технологиялық үдерістер мен жабдықтануды бір түрге келтіру.
Топтамалық өндіріске ұшақ және мотор құрастыру зауыттары мысал бола алады.
Бір кезде дайындалатын өнімнің санына байланысты топтамалық өндірісті ұсақ, орташа және ірі топтамалы деп атайды.
Жаппай өндіріс - бірдей өнім түрінің шектеулі атауларын көп көлемде дайындаудың үздіксіздігі және салыстырмалы түрде ұзақ кезеңімен сипатталады. Жаппай өндіріс мекемелеріне автомобиль, трактор зауыттарын, ауылшаруашылық машина жасау зауыттарын жатқызуға болады. Жаппай өндіріс - кәсіпорындарында біратаулы өнімнің бір немесе бірнеше түрлерін шоғырландыруға мүмкіндік беретін, өндіріс мамандануының жоғары түрі. Өндірісті ұйымдастырудың бұл түрінде әр түрлі өнімдер бір мезгілде және үздіксіз шығарылып отырады. Жаппай өндірістің басты шарты - бөлшектер, тораптар мен агрегаттар құрастыру кезінде олардың сапасын стандарттау мен үйлестірудің жоғары деңгейінде болуы керек.
Жаппай өндірісті ұйымдастыруға келесі ерекшеліктер тән:
* өнімнің аз номенклатурасын қомақты көлемде қатаң бекітілген тәртіппен өндіру;
* жұмыс орындарының, әдетте, бір белгіленген операцияны орындауға мамандануы; жұмыс орындарын операцияларды орындау кезегіне қарай орналастыру;
* арнайы және мамандандырылған құрал-жабдықтардың және технологиялық жабдықтардың үлкен меншікті үлесі;
* кешенді - механикаландырылған, автоматтандырылған технологиялық үдерістердің жоғары пайызы;
* операцияға даярлану - қорытынды уақытының аз мөлшері;
* қолдан құрастыру және аяқтау жұмыстар көлемінің күрт қысқаруы; жұмыс орындарын жұмыспен қамтудың жоғары деңгейі;
* әрқайсысы өзіне бекітілген бір операцияны орындайтын біліктілігі жоғары емес жұмыскерлер еңбегін қолдану;
* топтамалы өндіріспен салыстырғанда өндіріс циклының ұзақтығының аздығы;
* өндірісті басқару мен жоспарлауды орталықтандыру;
* өндірісті үздіксіз алыс жерден бақылап отыру;
* кәсіпорынға автоматты басқару жүйесін ендіру (КАБЖ);
* өнімнің сапасын бақылауды автоматтандырудың жоғары деңгейі;
* өнім сапасын басқарудың статистикалық әдістерін кеңінен қолдану.
Өндірістің түрі кәсіпорын құрылымына, өндірісті тиімді ұйымдастыру деңгейлері, шарттары мен талаптарына үлкен ықпал етеді.
Мысалы, жеке-дара өндірісте кәсіпорын құрылымында ұсталық және құйма цехтары, стандартсыз жабдықтар мен технологиялық жабдықтандыруды даярлайтын дербес цехтары, дайындаушы телімдері болмайды.
Топтамалы өндірісте, керісінше, кәсіпорын құрылымында әрқашан дерлік, ұста және құйма цехтары, стандартсыз жабдықтар, технологиялық жабдықтандыру, металл өңдеу цехтары; өлшеу, химиялық, қыздыру, металтану зертханалары; орталықтан жоспарлау, диспетчерлік қызмет және басқа да бөлімшелер болады.
Жаппай өндірісте кең мөлшерде мамандырылған негізгі және көмекші өндірістер, қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қызметтер болуы тән. Бөлшектер, әдетте орталықтанған түрде дайындалатын ұтымды дайындамалардан жасалады. Стандартсыз жабдықтар және технологиялық жабдықтар өндірісі де осы тәсілмен жүзеге асады. Оларды дербес құрылымдық бірлік болып табылатын цехтар өз тұтынушыларына жеткізеді. Кәсіпорын бөлімдеріне бас конструктор, бас технолог, бас дәнекерлеуші, бас металлург, бас энергетик, бас механиктің, сондай - ақ өнімді стандарттау және үлестіру бөлімдерінің дербес қызметтері кіреді.

26
3 Өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері

Өндіріс тиімділігін анықтау үшін оның өлшемін, яғни мәнін ашып көрсететін бағалаудың басты белгісін анықтаудан басталады. Өндірістің экономикалық тиімділік өлшемінің мағынасы кәсіпорынның алдына қойылған даму мақсаттарына сәйкес алынатын нәтижелерді барынша көбейту немесе жұмсалған шығындарды мүмкіншілігіне қарай аз жұмсау қажеттілігінен шығады. Мұндай мақсаттар ретінде өмір сүруді және тұрақты өсуді қамтамасыз ету, құрылымдықты қайта құру, әлеуметтік стратегия және т.с.с. түрлері болуы мүмкін. Осы мақсаттардың алуан түрлілігіне қарамастан ең жақсы экономикалық нәтижелерге жету, ұзақ мерзімді даму болашағын ескере отырып пайданың мол көлемін табуға ұмтылу мақсаттары үстем болып табылады.
Осыдан өндіріс тиімділігінің негізгі сандық өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың жылдық мөлшері болып табылады:

Е = П100К = (Б-ӨҚ) 100К

мұндағы Е - жұмсалған капиталға шаққандағы пайда мөлшері,%;
П - жылдық пайда, теңге;
К - пайда алуды қамтамасыз ететін күрделі қаржылар, теңге;
Б - өнім өндірісінің жылдық көлемі, теңге;
ӨҚ - бір жылда шығарылған өнімнің толық өзіндік құны, теңге.
Пайда мөлшерінің есептеп тапқан сандық мәндері капиталдың құрылымына, бағалардың деңгейіне, сұраныс көлеміне және басқа да факкестелерге байланысты өзгеріп отыруы мүмкін. Өндіріс тиімділігінің өлшемі ретінде жұмсалған капиталға шаққандағы пайданың мөлшері кәсіпорынның дамуының әр түрлі нұсқаларын салыстыру үшін және нарықпен жалғыз ғана нұсқаны таңдау үшін де қолданылады. Қабылданған өлшеммен шығындар және нәтижелердің негізгі сипаттамаларын көрсететін өндіріс тиімділігінің нақты көрсеткіштері анықталады.
Экономикалық тиімділікті санмен өлшеудің қажеттілігі нәтиженің шамасын және оған қол жеткізуге кететін шығындарды анықтауға көмектесетін көрсеткіштер жүйесін құруды талап етеді.
Шаруашылықты жүргізудің тиімділігінің қажетті деңгейін, сонымен қатар еңбектік, материалдық ресурстар мен негізгі өндірістік қорларды пайдалану тиімділігіндегі өзгерістердің қорытынды бағасын беруге мүмкіндік беретін өндірістің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштер жүйесін жасау қажет.
Кәсіпорынның қол жеткізген тиімділік деңгейін, сонымен бірге өндіріс нәтижелерінің өсу қарқындарын оған кеткен шығындардың өсу қарқындарымен салыстыруын, қарқынды факторларының есебінен нақты және өткен уақыттағы еңбектің тұтас шығындарының жалпы үнемделуін, осындай үнемдеудің есебінен өнімнің және пайданың өсімін анықтауға мүмкіндік беретін өндірістің экономикалық тиімділігінің қорытынды көрсеткіштер тобын негіздеп алу керек.
Әртүрлі нұсқалардың экономикалық тиімділігі мен жалпы тиімділік туралы ең дұрыс түсінікті өнімнің белгілі түрінің шығаруына кеткен еңбек шығындары, яғни құн, бере алады.
Өндірістің экономикалық тиімділігін анықтау үшін әр түрлі құндық көрсеткіштер қолданылады. Олардың жиынтығы шығындар шамасымен қатар мүмкін болатын нәтижені көрсетеді.
Өндірістік үдеріске қатысудың сипаты мен өтеу көздері бойынша барлық шығындар ағымдағы және бір мезгілді болып бөлінеді.
Ағымдағы шығындар өз қозғалысын әрбір өндірістік циклда бастап, сол циклда аяқтайды, тұрақты түрде қайта жаңарып тұрады және өндіріс шығындарын құрайды (өзіндік құн). Олар шикізатқа, материалдарға, отынға, электр энергиясына, жұмыскерлердің еңбекақысына, негізгі қорлардың амортизациясына кеткен шығындарды қамтиды және тұтынылған ресурстар түрін қабылдайды.
Ағымдағы шығындармен салыстырғанда бір мезгілді шығындар әрқашан негізгі және айналмалы қорларды толықтыру үшін сатып алынатын және күрделі салымдар түрінде алдын ала қолданылған ресурстар түрінде болады. Бір мезгілді шығындар негізгі қорларды іске қосудан көп бұрын жұмсалады, ұзақ уақыт мерзімге қаржылық айналымынан алынып тасталынады және осы уақыт кезінде нақты нәтиже бермейді. Оларға кіретіндер: пайдаланылып жатқан еңбек құралдары түріндегі негізгі өндірістік қорлар, кәсіпорын қоймаларындағы өндірістік қорлар түріндегі айналмалы қорлар, материалдық резервтер және құрылыста келешекте керек болатын материалдар жатады. Демек, өндіріс тиімділігінің өсуіне ағымдағы шығындарды (тұтынылып жатқан ресурстарды) үнемдеу есебінен басқа қызмет істеп жатқан капиталды және капиталға (қолданылған ресурстар) жұмсалған жаңа салымдарды неғурлым жақсы пайдалану арқылы қол да жеткізуге болады.
Жұмсалған капиталдан ең көп пайда алу кәсіпорынның ұзақ мерзімді даму болашағын қамтамасыз ететін нарықтық іс-әрекетінің маңызды экономикалық нәтижесі болып табылады. Пайда мен бір мезгілді шығындардың ара қатынасы өндірістің тиімділігін шын мәнінде арттырудың бастапқы негізі болып табылады. Бірақ нарық заңдарына сәйкес өндіріс тиімділігін еңбек өнімділігімен бірдей деп қарастыруға болмайды.
Ақырында экономикалық тиімділігін еңбек өнімділігінің өсу арқасында көруге болады. Демек, еңбек өнімділігінің деңгейі өндірістің экономикалық тиімділігінің өлшемі болып табылады. Еңбек өнімділігі жоғары болған сайын өндіріс шығындары төмен, ал еңбек шығындарының экономикалық тиімділігі жоғары болады.
Еңбек өнімділігі - нақты еңбек шығындарының көрсеткіші. Оны өндірілген өнім көлемін өнерәсіптік-өндірістік персоналдың бір жұмыскеріне (бір жұмысшыға емес) бөлу арқылы анықталады. Экономикалық тиімділікті күндік немесе айлық еңбек өнімділігі емес, сағаттық еңбек өнімділігі арқылы сипаттаған дұрыс, себебі еңбек уақытының пайдаланылуына себептердің әсері әр түрлі болғандықтан, бұл уақытта оны дәлірек анықтауға мүмкіндік туады. Өнімді бағалаған кезде пайда болатын еңбек өнімділік деңгейінің қателіктертерін болдырмау үшін өнімді табиғи немесе шартты-еңбектік көрсеткіштермен өлшеген дұрыс.
Материалдық өндірістің нақты салаларында еңбек өнімділігі тауарлық өнімнің көлемі бойынша есептелінеді. Қоғамдық еңбек өнімділігінің өсу қарқындарын салыстыру кезінде көрсеткіштердің салыстырмалы болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл жағдайда ұлттық табысты салыстырмалы бағалармен өлшеген дұрыс.
Қоғамдық еңбек өнімділігінің деңгейі қоғамдық өндірістің алдыңғы кезеңдерінде жұмсалған еңбек шығыны және шикізатта, материалдарда, отында, энергияда, еңбек құралдарында затқа айналған еңбектің экономикалық тиімділігінің қорытынды өлшемі болып табылады.
Өнімнің еңбек сыйымдылығы - нақты еңбек өнімділігінің көрсеткішіне кері шама, ол материалдық өндіріс саласында шығындалған еңбек шығынының өндірілген өнімнің жалпы көлеміне қатынасы арқылы анықталады:

ЕС = ЕQ

мұндағы ЕС ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Негізгі өндірісті ұйымдастыру
Кәсіпорынға қызмет көрсетуші шаруашылықтар мен қосымша цехтары ұйымдастыруды қарастыру
Кәсіпорында өндірісті ұйымдастыру
Өндірістік құрылымды жетілдіру жолдары
Өндірісті ұйымдастыру принциптері
Нарық жағдайында кәсіпорынның өндірістік қызметін ұйымдастыру және оның тиімділігі
Өндірістің экономикалық мәні
Өндірісті ұйымдастыру процесстері
Негізгі өндірісті ұйымдастыру жайлы мәлімет
Кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жолдары
Пәндер